Грамматикалық анықтамалардан кейін қолданылатын жаттығулар
Жоспар
I. Кіріспе:
а) Бастауыш мектепте жаттығуға қойылатын талаптар
ә) Грамматикалық анықтамалардан кейін қолданылатын жаттығулар
II. Негізгі бөлім:
а) Жаттығу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері
ә) Бастауыш сыныптағы жаттығу жұмыстарының түрлері, қолдану
орындары
б) Фонетикалық жаттығулар
в) Морфологиялық жаттығулар
г) Синтаксистік жаттығулар
III. Қорытынды:
а) Жаттығулардың пайдасы оның негізінде грамматикалық анықтамасының
бекуі
ә) Әр сыныпта берілетін жаттығулар
I
б) II Cыныптардағы жаттығу жұмыстары
III
Практикалық бөлім.
Пайдаланылған әдебиеттер
-2-
Грамматика мен жазудың методикасы
Грамматика мен жазудың методикасының ғылыми негіздері.
Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз.Тілдің
әр түрлі жағы тіл ғылымының әр саласында қарастырылады.Мысалы,
тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы – лексикология саласында,тілдің
дыбыстық жүйесі фонетика саласында,сөздердің формалары морфология, ал сөз
тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Ал қазақ тілі
методикасы қазақ тілін зерттейтін ғылымының деректеріне сүйенеді. Тілдің
методикасы тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты.
Оқушылар бастауыш класта грамматика жөнінде қарапайым ғана
мағлұмат-
тар алады.Ал бұл мағлұматтар ғылыми жағынан дәлелденген болады.
Оқушыларды сауатты жазуға үйрету (графика,орфография,пунктуация)
ғылыми грамматикаға негізделеді.Бірақ жазудың методикада ескерілетін
өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Жазуға үйрету методикасы ең алдымен
орфогра-
фияны, оның заңдарын басшылыққа алады, соған сүйенеді.Қазақ орфография-
сының құрамы өте күрделі. Қазақ орфографиясының негізгі принципі – мор-
фологиялық принцип. Дегенмен, сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуын
сақтап жазуды басшылыққа алатын фонетикалық принципке сүйеніп жазатын
сөздер де (қыстыгүні,ашудас т.б) кездеседі. Бірге, бөлек, сызықша,
дефиспен жазылатын сөздер; бас әріптердің қолданылатын ережелері; тасы-
мал ережелері ескерілуі тиіс. Нақты айтқанда, жазуға үйрету методикасы
тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына
сүйенеді.
Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар әлде де
болса құбылыстар-
ды тұтас зат күйінде жөндеп қабылдай алмайды, оларда заттарды
талдап, жан -жақты қабылдау жағы жетіспейді. Егер объектіні қабылдау
қиынға соқса, бала оған қынжылмайды,екіншісіне ауыса қояды; заттардың
жеке бөліктері мен белгілерін тізбектеп айтып алғанымен, онда жүйе
болмай
ды, олардың ішінен негізгілерін ажырата алмайды; бастауыш сынып оқу-
шылары алғаш рет грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі.
Қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды. Бұл жұмыстарды ұйым-
дастыру барысында осы жастағы балалардың дүние таным ерекшеліктерін
естен шығаруға болмайды.Мысалы, грамматикада берілетін түсініктер бала-
лар ұғымына сай келе қоймайды. Зат, сын, қимыл деген сөздер олар
үшін
абстракты болады, бұл ұғымдарды балалар бірте-бірте ғана меңгере
бастай-
ды. Бастауыш сынып оқушыларына ұйықтау,қайғыру,жүру,ойлау сөздері
бірдей дәрежеде қимылды білдіреді, яғни бұл сөздерді етістіктер деп
түсін-
діру оңай емес. Тіпті қимыл деген ұғымының өзін игеру оларға
оңайға түспейтінін жоғарыда айттық . Бастауыш сынып балалары сөздердің
тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да,
грамматикалық
мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматика-
лық мағынасы ескерілді. Грамматикалық мағына белгілі бір
грамматикалық
формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грам-
матикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады.Мысалы
жақсылық ,адамгершілік деген сөздер заттың сапасын , соған тән
белгіні білдіреді, ал грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл
сөздер
-6-
абстракты ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты,
сөздер-
дің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін
қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап ай-
қындай түсетіндей әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет . Мұндай әдіс-
тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грам-
матиканың методикасы белгілейді; мұнда грамматиканың методикасы пси-
хология ғылымының деректеріне сүйенеді.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері
оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық
құ-
былысты екіншісімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу ар-
қылы анықтай отырып, балаларды ақыл-ой әрекетіне үйрету қажеттігі жө-
нінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әрекеті балаларға бір құбылыстан
екінші
құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмктеседі . Осыған
орай қазіргі кезде методика балаларға сауатты жазуды меңгерудің
анағұр-
лым тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдарын зерттеуде, яғни ережені
білуден
сол ережеге сай, баланың бойында дағды жасалатындай жаттығу система-
сын бегілеп отыр.
Грамматика мен жазу методикасы тіл білімі және психология
ғылым-
дарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылық-
қа алады. Совет дидактикасының негізгі принциптері бойынша ,оқу материа-
лы балалардың ұғымына сай болуы керек . Тілді жүйелі түрде оқуға
енді
ғана кірісе бастаған 7 – 9 жастағы бастауыш сынып оқушыларына нақты
ойлау тән екендігін еске алсақ , бұларды тілге үйрету барсында
көрнекі
құралдарды көбірек пайдалану қажеттігі туады.
Дидактика талабының бірі оқытудың саналылығы , яғни оқушылардың
оқуға саналы түрде қарап , оқылатын нәрсені саналы меңгеруі болып
табы-
лады . Бұл үшін мұғалім балаларды өзінің айтқанын тыңдап, өз ойының
барысын байқауға , бақылауға ,салыстыруға , бірі мен екіншісінің
арасында-
ғы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға , қорытынды жасауға , жал-
пылауға үйретуі тиіс.
Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіруді қамтамасыз етіп қою
ғана емес , сонымен қатар негізгі фактілерді, анықтамаларды,
ережелерді ба-
лалардың есінде берік сақтап , тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру бо-
лып саналады .Егер оқушы тілдің қандай да болмасын бір құбылысына
не-
месе жазу заңдылығына түсінбесе , онда ол сол мәселеге арналған
анықта-
маны не ережені ( тіпті болмаса терминді) жаттап алуға мәжбүр
болады.
Түсінбей , ұғынбай құр жаттап алған нәрсе есте ұзақ сақталмайды
және оны оқушы тәжірибесінде қолдана да алмайды. Ендеше ол іске
аспайтын
білім болып қалады.
Дидактика талабы тұрғысынан алғанда оқушыларға тіл үйретуде олардың
зейін қою, ойлау, есте сақтау белсенділігін тудыратын методикалық әдіс-
тәсілдердің тиіміділігі көрсетіледі.Оқушы тек мұғалімнің айтқанын немесе
оқулықтағы дайын материалды ғана меңгеріп қоймауы керек, сонымен қатар өз
күшімен, өздігінен бақылау арқылы қорытынды ереже шығара алатындай,
берілген тапсырмаларды өз бетімен орындайтындай болуға тиіс.
Мектепте дидактиканың күрделі бір шарты-оқытудың жүйелілігі мен
сабақтастығы.Заттар мен құбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттармен
-7-
байланыстырып зерттеу керек, оны бөлектеп қарамай, басқа заттар мен
құбылыстардың системасында қарау керек.
Бастауыш мектептердегі оқытудың жүйелілігі туралы айтқанда
оқушылардың әр класта алған білімі келесі класқа дайындық
болатындай, яғни оқуды онан әрі жалғастырудың берік негізі
болатындай дәрежеге жетуі қажет.Сонда ғана балада алдыңғы класта
берілген білім мен қалыптасқан дағды бұзылмай, жетіле беруіне
мүмкіндік жасалады.
Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге
балаларды жан-жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен
қаруландыра түсу болып саналады.Грамматика мен жазу сабақтары үшін
іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да
тиіс.Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын методикалық әдіс-
тәсілдер тақырыпты оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қоймай,
соған орай балалардың жан-жақты дамуына да әсер ететіндей болғаны
жөн.Шеберлік пен дағды әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап
етеді,мұғалім балалардың алдына белгілі бір мақсат қойып, оған
жетудің жолдарын қарастырады; күрделі жұмыстарды бөлшектей отырып,
қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың тәсілдерін
көрсетеді.Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында оның
айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді,
дағдылғана түседі.
Грамматика мен жазудың методикасында қазіргі кезде мектепте
сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердін шеберлікпен қолданған әдіс-
тәсілдері де ескеріледі.Мектептерде үлгірмеушілікке қарсы күрес
барысында көптеген мұғалімдер тиімді методикалық жүйе
жасады.Бірқатар мұғалімдер қазақ
тілін ойдағыдай үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді . Міне ,
осындай жұмыс нәтижелері методиканы дамытуға қосылған үлес болып
табылады да, грамматика мен жазу методикасын сапалы ете түседі .
Грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен мақсаты.
Бастауыш мектептерде оқытылатын ана тілі пәнінің басты
бөлімінің бірі-грамматика.Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің
грамматикалық құрылысын меңгерту ,грамматикалық заңдарды білгізу
мүддесіне бағындырылады.Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін,
сауаттылығын
тіл мәдениеттілігін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы
ерекше болып табылады.Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі
грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты -оқушыларға ана
тілінің заңдарын ,грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білгізу,оның
байлықтарын меңгерту болып табылады.Әрине ,бұл мақсат толығымен
бастауыш мектепте орындала қалмайды.Өйткені грамматика бастауыш
мектептерде ғана оқытылып қоймайды ,оның өрісі кең;ол жоғары сыныптарда
да, тіпті жоғары оқу орындарының арнулы факультеттерінде де
оқытылады.Ал бастауыш мектепте балаларға грамматикадан берілетін білім
оларды жоғары сыныптарда грамматиканың жүйелі курсын оқуға дайындайды,бұл
дайындық курсы болып есептеледі.Бірақ бастауыш мектептерде берілетін
грамматикалық мағлұматтар өзінің қарапайымдығына
қарамастан ғылыми негізде құрылады.
Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын
-8-
меңгереді.Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай
алуға,талдауға,салыстыруға,топтауға ,жүйелеуге,қорытынды жасауға,дәлелдеуге
дағдыландырады.
Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық
мағлұмат алады:фонетика саласынан дыбыс пен
әріпті,дауысты,дауыссыздарды,жуан,ж іңішке дауыстыларды,қатаң,ұяң,үнді
дауыссыздарды,буынды,тасымалды ажыратады және дұрыс жаза
алады.Морфология саласынан сөздердің морфологиялық құрылысын,сөз
таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады.Синтаксистен
сөздердің арасындағы байланысты,жай сөйлемдерді (қарапайым түрлерін)
ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.
Грамматика- ойлаудың, ұзақ абстракциялық жұмыстың нәтижесі
болғандықтан, онда дерексіз,жалпы ұғымдар көбірек кездеседі.Ондай
дерексіз ұғымдар оқушылар санасына бірден қона қоймайды.Оқушылар
оның анықтамасын жаттап білгендерімен, мәніне жете түсіне
бермейді.Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға
,дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық мән беру мәселесі
грамматика сабақтарының басты міндеті болып саналады.Бұл міндет
сабақтың көрнекілік жағын арттыру арқылы іске асады.
Программадағы Түсінік хатта грамматика мен жазу
сабақтарының міндеті мен жалпы методикалық принциптері
белгіленеді.Сондықтан мұғалім тек программаны ғана біліп қоймай,
сонымен қоса Түсінік хатпенде таныс болуға тиіс.
Программаны талдап қарағанда бастауыш сыныптардағы қазақ
тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалығына, қарапайымдылығына
қарамастан, келесі сыныптарда грамматиканың жүйелі курсын меңгеруге
қажетті грамматикалық мағлұматтар мен сөйлеу дағдыларын, орфография
және пунктуация бойынша дағдыларды толық қамтитындығы анықталады.
Сөйлеу мен жазуға дағдыландыру процесі және грамматиканы оқыту
әдістері.
Алғашқыда сананың қатысымен орындауды қажет етіп,бірте-бірте
қайталап жаттығудың нәтижесінде сананың қатысын онша қажет ете
қоймайтын ,бара-бара тіпті автоматтанып кететін іс-әрекеттерді дағды
деп атайды.Мысалы, жазуға алғаш үйрене бастағанда балада әріптерді
жазу дағдысы болмайды.Олар әріптің әр элементін (таяқша,дөңгелек,қосу
сызықтары т.б) мұқият жүргізеді. Жоғары, төмен сан қилы сызықтарды
сызуда әр қимылды саналы орындайды.Бірақ көп ұзамай, мұғалімнің
ұйымдастырған тиісті жаттығуларының арқасында бірте-бірте бастапқы
қозғалыстарын байқамай, бірнеше әріпті қосып жаза береді.Онан әрі
тұтас сөздерді де кідіріссіз жазатын болады.
Алайда жазу дағдысы балаларда өте тез қалыптасады деуге
болмайды.Олардың кейбіреулерінде жыл бойына, тіпті екі жылға дейін
әріп қалдырып кету, сөздің соңғы әріптерін жазбау, бір әріптің
орнына екінші әріп жазып қою т.б қателер кездеседі
Жазу қимылдары автоматтанғаннан кейін жаңа міндет- сауатты
жазу міндеті туады.Әрбір орфографиялық қатені саналы түрде түсіне
отырып, оған сананың қатысымен ереже қолданып жазу арқылы оқушылар
бірте-
-9-
бірте білімдерін дағдыға айналдырады.Бір орфографиялық амал
автоматтанғаннан кейін екіншісі үйретіледі;осылайша, орфографиялық
құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.Жазу барысында
грамматикалық білімдерін сананы қатыстыра қолдану арқылы оқушылар
ережені дәл, шебер пайдалану мүмкіндігіне ие болады.Теориялық
білімнен жаттығу арқылы және білімдерін практикада қолдану арқылы
балалар ақырында дағдыға ие болады.
Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі дәрежеде
өтеді:фонетикалық жазу дыбыстық- әріптік талдауды шебер жүргізуді,
дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра
алуды талап етеді; морфологиялық жазуда сөздердің грамматикалық
мағыналарын түсініп, ережелерді үйрену басым болады.Ал орыс тілінен
енген (армия,октябрят,монтер,шофер,тракто р,шкаф т.б) және жазылуы
қалыптасып кеткен бірқатар сөздердің (қарындаш,картоп,бәтеңке,шайнек
т.б) жазылуын оқушылар есте ұстауға тиіс, ол сөздерді сөздіктен қарап
тауып жазуға үйренулері керек немесе жаттығу арқылы өздері дұрыс
жаза алатындай болулары қажет.
Орфографиялық дағдыға төселуіне қарай ереженің оқушы үшін
мәні өзгереді.Мысалы,алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса, бірте-
бірте сауатты жазуға жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла
бастайды.Оқушы жазуға дағдыланған кезде оған ереженің мүлде қажеті
болмайды.Алайда оқушының ұғынған ережесі автоматтанып, дағдыға айналу
үшін арнаулы жаттығулар керек.
Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да
қатысты.Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән
ерекшеліктері бар.Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.Дегенмен
ол ережелер сөздің фонетикалық немесе морфологиялық құрамына
байланысты емес, сөйлем құрылысына байланысты болады.Ал сөйлемдер
тілде дайын күйінде берілмейді,сөйлеу барысында құрылады, сондықтан
тыныс белгілерін қою дағдылары,орфографиялық дағдыға үйренумен бірдей
деуге болмайды.
Сөйлеу дағдылары (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық)
тілдің теориясын білмей-ақ, адамдармен қарым-қатынас барысында
қалыптасатыны бізге мәлім.Ал грамматиканы оқумен байланысты оқушылар
ауызша және жазбаша тіл дамытуға арналған грамматикалық жаттығуларды
орындайды.
Балаларды дағдыландыру, оларға білім беру- екі жақты
процесс.Бұл мұғалім мен балалардың бірігіп жұмыс жасауы нәтижесінде
іске асады.Оқушыларға терең де саналы білім, берік дағды беретін
және алған білімі мен дағдысын тәжірибеде еркінше қолдануға
мүмкіндік жасайтын педагогиканың өзіндік әдістері бар.Олар:
1.Мұғалімнің оқу материалдарын ауызша мазмұндау әдісі.
2.Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу әдісі.
3.Оқуыларға өздігінен жазба жұмыстарын орындау әдісі.
4.Оқу шеберханасында, кабинет пен лабораторияларда оқыту әдісі.
Қазіргі кезде мектептерде негізінен мынадай әдістер
қолданылады:
-10-
1)мұғалімнің хабарлауы;
2)оқушылармен әңгімелесу;
3)оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы.
Хабарлау әдісінде грамматика сабақтарында керекті
мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді.Мұнда оқушылардың
зейінін аударып, айтылғандарды оқушылардың жақсы ұғынуларын қамтамасыз
ететін түрлі құралдар қолданылады.
Материалды түсіндіруде мұғалм өтіліп отырған құбылыстың
мәнді белгілерін анық, жүйелі ашып көрсетуге тырысады.Мысалы, түбірлес
сөздердің белгілері, зат есімнің септелуі т.б.Дайын материалдар
(мысалы жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне
басшылық ете отырып, бірте-бірте қорытындыны балалардың өздері
шығаруына жағдай жасайды.Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін
қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т.с.с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа
материалға белсенді араластырып отырады.
Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3-5 минуттан артық
болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш
болғандықтан, олар грамматикалық тақырыпты түсіндіруді ұзақ тыңдап
отыра алмайды.Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш
сыныптарда өте сирек қолданылады.
Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматика мен жазуға
үйретуде кеңінен қолданылатын әдіс әңгіме әдісі болып табылады.
Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде
эвристикалық (грек сөзі-эврика-таптым) әдіс деп те аталады.Мұғалім
сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша
жауап қайтарады.Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір
айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін
сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.
Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен де
ұштасады.Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе
проблема қойылады;оны оқушылар өздері шешуге тиіс.Мысалы, оларға
бақылауға бірнеше сөйлем беріледі; соның ішінен мағынасы жағынан бір
сұраққа(мысалы,қайда?)жауап беретін , әр түрлі септікте тұрған зат
есімдерді (мысалы, қаладан,қаламен,қалада) табу керек.Міндет:сол зат
есімнің қай септікте тұрғанын шешу және өз шешімінің дұрыстығын
дәлелдеу.Бірақ бастауыш мектептерде мұндай проблемалық ситуациялар
мүмкіндік болған жағдайларда ғана (балалардың білімі, тәжірибесі,
дайындығы, программалық талаптар, уақыттың болуы) қойылады.
Оқушылардың өздерінен істейтін жұмысы- олардың түрлі
тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары.Мысалы,
мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе текст
береді;әуелі ауызша, сонан кейін жазбаша жоспар жасатады.Мұндай
жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай
орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары
жүргізіледі.Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол
жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге
айтады.Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш
-11-
сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға
тиіс.I сыныпта 5-10 минут, II сыныпта 10-15 минут, III сыныпта 15-20
минуттық тапсырмалар беріледі.Кейбір жағдайларда тапсырмалар
бөліктерге бөлінеді: әуелі сөз табына қарай талданады, сонан соң
септік жалғаулары анықталады.
Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істеу тек білімді бекіту
үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де
қолданылады.Мысалы,мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не
айтылғанын , қалай қорытуға болатынын ойлануды тапсырады немесе
белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені
қолдануды тапсырады.
Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы
да оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді.Алайда жаттығудың
ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек.
Жаттығу- мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың
алған білімдерін бекітуді көздейтін бүкіл практикалық жұмыс;
жаттығуда уақытқа шек қойылмайды.Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін
жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.
Көрсетілген әдістердің қайсысы болмасын, балалардың ақыл-
ойын дамыту мақсатын көздейді.Бір жағдайда оқушылар анализ жасаса,
екінші жағдайда оны синтездейді.Мысалы,грамматикалық талдауда
фонетикалық немесе фонетико- графикалық (дыбыстық- әріптік),
морфологиялық,синтаксистік, орфографиялық, пунктуациялық анализ жасайды.
Сонымен қатар берілген әріптерден сөз, сөздерден сөйлем,
сөйлемдерден текст құрастырып, синтез жасайды.Синтез балалардың алған
білімдерін байланыстырып жинақтауда да іске асады.Мысалы, зат
есімнің белгілерінің қандай екенін (заттың атын білдіреді,кім?не?
сұрақтарына жауап береді, септеледі, жіктеледі, тәуелденеді) санамалап
айтып шыққаннан кейін, зат есім дегеннің не екені жөнінде анықтама
құрастырады.
Әдетте, анализ немесе синтез бөлек
қолданылмайды.Мысалы,оқушы зат есімді талдайды, тұлғаларын көрсетеді,
анықтамасын айтып, мысалдар келтіріп,айтқандарын дәлелдейді ,сөздерден
сөйлем құрастырады, бір сөзді (зат есім) екіншісімен салыстырады, сын
есіммен, етістікпе салыстырады.Міне, мұнда анализ де , синтез де
қолданылады.Жұмыстың мұндай тәсілдері аналитико-синтетикалық әдіс деп
аталады.
Анализ бен синтезде әсіресе, оқылып отырған құбылыстың
ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу, оларды топтау, жүйелеу сияқты
жұмыстардың маңызы зор.
Грамматика мен жазу сабақтарында өтіліп отырған
материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай, индуктивтік
немесе дедуктивтік әдістер қолданылады.Мұғалім бірде, индуктивтік
жағдайда, тіл құбылыстарын жеке- жеке түсіндіріп, сонан жалпы
қорытынды шығартады, бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп
аталады, ал екінші жағдайда,дедуктивтік әдісте анықтаманы немесе
ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды ,берілген
сөздерді, сөйлемдерді немесе тексті талдауды ұсынады, өздеріне
мысалдар келтіртеді.Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын
әдіс дедуктивті әдіс деп
-12-
аталады.Мысалы, Үстеу тақырыбын индуктивті әдіспен түсіндіргенде,
балалар ішінде үстеу бар сөйлемді талдайды, үстеу сөзді өзгертуге
тырысады, оның өзгермейтініне көздері жетеді.Сонан соң үстеу- сөз
табының өзгермейтін түрі деген қорытынды шығарады.Онан әрі үстеудің
сөйлемде негізінен сын есіммен, етістікпен байланысып келетінін
айтады.Ал осы тақырыпты дедуктивті әдіспен түсіндіргенде: әуелі
үстеудің белгілері немесе анықтамасы айтылады.Сонан соң дайын
текстен үстеуді табу немесе мысалдар келтіру ұсынылады.
Сөйтіп, балаларды грамматика мен жазуға үйретуде индукция
мен дедукция әдістері де қолданылады.
Қандай әдіс болмасын әр түрлі құралдар арқылы іске
асады.Мұндай құралдар: оқулық, сөздік, схема, картина, таблица, кинофильм,
диафильм, радио, магнитофон.Бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына
қарай ,кез келген әдісте қолданыла береді.Мысалы,сөз тұлғасын
анализдеуде схемалар,сөз табы мен оның жазылуын үйреткенде
таблицалар.Бұлардың ішінде негізгі құрал оқулық болып есептеледі.
Грамматикадағы материалдарды пайдалану жайында
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында
балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына
алатындай болуы керек.Ол үшін алдымен тақырыпқа көңіл
аударылады.Мысалы, сөз таптары тақырыбы зат есім, сын есім ал зат
есімнің өзі жалқы есім, жалпы есім және жекеше,көпше болып
бөлінеді.Бұл тақырып,тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай
аталуының мәні, себебі бар.Оқушылар әрбір тақырыптағы тақырыпшалардың
мәнін, тақырыпшалардағы әрбір абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір
абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр
тақырыпшалардың барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып
тұрғанын айыра алатындай болуы керек.Олай болса, әрбір материалды
пайдалануда соның басты белгілерін,яғни беріліп отырған ұғымның
мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың
табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді-
осылар ашып көрсетілуге тиіс (Мысалы, зат есімұымының мазмұнын ашу
үшін есімдеген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген заттың
атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. Зат есім, Сын
есім, Сан есім деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына
жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөз таптарынан
айырмашылығы балаларға ұғындырылады).
Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтарда анықтама
ретінде беріледі (Заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім
дейміз, Сөздің өзгермейтін бөлшегін түбір дейміз).
Оқушыларға осы сияқты анықтамалардың әрқайсысының қандай
бөліктерден тұратынын көрсеткен жөн:
1)Әрбір анықтаманың міндетті түрде термині болады (Мысалы,жоғарыдағы
анықтамаларда сын есім, түбір терминдері).
2)Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі
көрсетіледі.Бұл басты негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа
ұғымдардан ерекшеленеді (Мысалы, сынын, сөздің өзгермейтін бөлшегін)
-13-
3)Кейбір анықтамаларда түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны
көрсетіледі (мысалы: сынын білдіретін сөз табын сын есім, жұмсалатын
қосымшаны жалғау дейміз тағы сол сияқты).
4)Анықтамаларда әрбір категорияның негізгі мағыналарынан басқа
формалық белгілері де көрсетіледі (Мысалы, зат есімнің көпше түрін
жасау үшін оның түбіріне -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер жалғаулары
жалғанады Мұндай формалық белгілерін көрсететін түсіндірмелер
анықтамалардан кейін беріледі.Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған
оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты
белгілері ретінде көрсетіледі).Формалық белгілерді жинақтап, топтап
(синтездеп) сол категорияның басқалардан семантикалық, морфологиялық
және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек.Кейде
тіпті анықтамада айтылмаған белгілердің өзін жаттығу барысында
байқатуға тура келеді.Мысалы: кітапта Аяқталған ойды білдіретін сөздер
тобын сөйлем дейміз деген анықтама берілген.Бұл- сөйлемнің мағыналық
қана белгісі.Ал басқа белгілері (Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен
байланысты болады.Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға
болады.) анықтамада көрсетілмейді.Бірақ оқушылар сөйлемдермен
танысу,оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған)
белгілерін де меңгереді.Олар сөйлемдегі сөздердің бастауыш пен
баяндауыштың маңына топталатынын сондай- ақ сұраулы, хабарлы, лепті
сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі.
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында
оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып
қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған
мағлұматтарын толық жинақтап, нақтылау бала ұғымының айқындала
түсуіне мүмкіндік береді.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін, мұғалім:
1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен
қанағаттанбай, өз ойынан немесе Ана тілінен ,оқыған кітаптарынан
ойланып мысал айтуын талап етеді.
2. Анықтама өтілгеннен кейін дайын текст береді де ,соның ішінен
анықтама бойынша қажетті сөзді немесе сөз тіркестерін тапқызады;
кейде өздері ойлап тапқан мысалдарды талдатқызу арқылы пікірлерін
дәлелдеуді талап етуге болады.
3. Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белгілерін санап беруді
ұсынады.
4. Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді
(мысалы: III сыныпта заттың атын білдіретін сөздерді зат есім
дейміз демей, заттың атын білдіретін сөз табын зат есім
дейміздеп , зат есімнің сөз табы екендігіне назар
аудартады).Сонымен, қорыта келгенде, балалардың терминдерді (бастауыш,
баяндауыш,зат есім т.б) дұрыс айтып, анықтамаларды дәл,анық, толық
(жоғарыдағы талап бойынша) тұжырымдауларымен де қанағаттанып қоюға
болмайды.Әрбір анықтама бойынша, оқушылар өз беттерімен мысал
келтіре алумен қатар грамматикалық тапсырмамен берілген
мазмұндама,шығарма жаза
-14-
алатындай мүмкіндікке жете алғанда ғана оны меңгерді деп есептеуге
болады.Бірақ, сөз жоқ, бұл талаптың барлығы бірді- екілі сабақта
орындалуы керек деген ұғым тумасқа тиіс, бұл ұзақ жаттығудың,
бірнеше сабақ бойына өткізілетін жүйелі жұмыстардың нәтижесінде
қалыптасады.
Грамматикалық жаттығулар.
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор.Оқушылар
грамматикалық материалды оқулық пен программаға сай білгендерімен
(терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте
қалдырады) ,жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды,
ұмытылып қалады.Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы
да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру
жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдыларын қалыптастыратын және
қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да кездескен құбылыстарына
тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын ) жаттығу
әдістерін білуге тиіс.Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық
білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие
болады.Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып,
нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға,
ойлау қызметіне дағдыланады;өйткені оқушылар жаттығу процесінде
үздіксіз анализ- синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен
салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды;жаттығу арқылы білім жүйеленеді.
Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тілдік
материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық,
синтаксистік, лексикалық болып бөлінеді.
Фонетикалық жаттығулардың міндеті- балалардың айтылған
буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар
дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.
Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың тілін
тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсыбір дыбысты қалдырып кетіп
сөйлеу немесе с мен ш , р мен л,- ж мен з дыбыстарын
шатастырып айту сияқты кемшіліктері жойылады.Мұндай кемшіліктер дұрыс
оқуға да ,жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз.
Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлұматтар мен
фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланылып
қоймайды, сонымен қатар балалардың әдеби тіліміздің нормасын сақтап
оқуға үйренулері (орфография) үшін де пайдаланылады.Оқу сабақтарында,
балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық
қателер,теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз
шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады.Сонымен қатар
тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да
практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты-ана тілінің сорфологиялық
құрлысын оқушыарға саналы түрде меңгерту.Мазмұны жағынан морфологиялық
жаттығулар екі түрлі болады:1)сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар;2)
сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
-15-
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің
морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін – морфемаларды саналы түрде
меңгеріп алу үшін мәні зор.Сөздің морфологиялық құрамын талдау,
көбінесе, сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің
мағыналы әрбір элементі- түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы
өзінше сөзге мән береді, ал осы жеке мәндердің жинағы бірігіп,
сөздің жалпы мағынасын тудырады.Морфемаларды, соның ішінде жұрнақты
айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні
бар.Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды
жерлерде қолдана білуге мүмкіндік береді.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай
талаптар қойылады:
1)алдымен , мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, онан әрі туынды
түбірлерді, ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай
жасалады;
2)белгілі бір сөздің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол
негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы
ескеріледі;
3) туынды сөздермен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына
назар аударылады.
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар
сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйретеді.Бұл жөнінде
К.Д.Ушинский: Баланың тілі шығып, сана- сезімі өсе келе ол сөйлеуге
(сөздерді қолдануға) үйренеді; оның ақыл- ойында түрлі грамматикалық
формалар, сөздер күнделікті тәжірибе, үлгі арқасында өздігінен-ақ
грамматикалық топтарға бөлініп қалыптаса бастайды; грамматиканың
міндеті- сол тәжірибе нәтижесін қорытып, тілдегі құбылыс заңдарын
жүйемен беру,- деген болатын.Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар
әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік,
жіктік, тәуелдік, көптік жалғауларын меңгереді, оларды жазбаша, ауызша,
сөйлегенде дұрыс орынды қолдана алады.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:
1) текстен керекті сөздерді тапқызу;
2) керекті сөздерді қосып өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме
құрастыру;
3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату;
4) сөздердің лексикалық жағынан болсын, грамматикалық жағынан
болсын, қалай өзгеретіндігін, не арқылы өзгеретінін аңғарту;
5) мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық барын
салыстыру арқылы анықтату;
6) ұқсас сөздерді топтату;
7) байқаған құбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару
сияқты жұмыстарды қамтиды.
Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар
да қосылады: текстегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған
тыныс белгілерін қою, өздері құрастырған сөйлемдер мен текстерге
қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.
-16-
Қорыта келгенде, оқушылардың алған білімін бекіту
мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар
қойылады:
1.Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды
орындарлық білімі болуы шарт.
2.Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы
барлығына түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп
орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады.
3.Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс.Ол
үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарынды
жатттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.
4.Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындатылып
отырылуы шарт.
5.Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға
негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.
6.Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауға тиіс.Әсіресе , балалардың
жасы неғұрлым кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа
мөлшерленеді де , үнемі жиі-жиі қайталауға негізделеді.
7.Творчестволық жаттығулар көбірек болуы қажет.
8.Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
9.Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитико-
синтетикалық болғаны жөн: яғни грамматикалық талдау, сөздер, сөз
тіркестері, сөйлемдер мен текстер құрастыру; салыстыру арқылы
ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, топтау;өз пікірлерін дәлелдей
алып, білгендерінен жалпы қорытынды шығара білу.
10.Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған
білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады
(яғни зейін қойып тыңдай білу, жатқа жаза білу, белгілі бір жоспар
бойынша сөздерді құрамына, сөз табына, сөйлем мүшелерін талдау,
сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен қарап таба
алу).
Грамматикалық талдау.
Грамматика жаттығуларының ішінде кең тарағаны
грамматикалық талдау болып табылады.Грамматикалық талдау сипаты
жағынан аналитикалық болады, бірақ оған синтетикалық белгілер де
тән.
Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір
тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша, жазбаша түрде де
жүргізіледі.Ауызша талдауда балалар бұрын оқылғандарға тоқталады,
сөйлемдегі грамматикалық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрақтарына
жауап береді, өз беттерімен мысалдар келтіреді.
Жазбаша талдауда балалар жазылған текстен грамматикалық
формалардың астын сызады немесе оларды айырып жазады, тиісті
формаларын көрсетеді, сұраулар қояды.
-17-
Мазмұны жағынан грамматикалық талдау фонетикалық, морфологиялық,
синтаксисттік немесе аралас талдау болып бөлінеді.Көлемі жағынан
толдық немесе ішінара талдау болады.
Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды
ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің
астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін , дыбыс
құрамын ажыратады.Сөздердегі жеке-жеке дыбюыстарды мүлтіксіз айыра
білу арқылы әріп қалдырмай жазуға төселеді.
Морфологиялық талдауда ауызша сөйлемдердегі затты, заттың
белгісін, қимылын көрсететін сөздері тапқызу,жазуша текстен сондай
сөздердің астын сызғызу,олардың сұрауларын ауызша, жазбаша, қойғызу
сияқты жұмыстар жүргізіледі.Оқушылар сөйлем мүшелерінің қай сөз тбы
екендігін және олардың формасын (жекеше,көпше, септік,тәуелдік ;
жағы,шағы) айырады.
Морфологиялық жазбаша талдату жұмысын түрліше жүргізуге
болады:1.Сөздің бір формасын теріп жазады,не астын сызып қояды,немесе
қандай сөз табы,қай форма екенін әр сөздің үстіне қысқартып жазып
қоюға да болады (зат есімнің астын бір, сын есімнің астын ирек
сызықпен, етістіктің астын екі сызып көрсетеді.Ал осындай
белгілермен сөйлем мүшелері де көрсетілуге тиіс болса, түсті
қарындаш қолданған дұрыс).
2.Берілген текстен ең әуелі зат есімдерді, сонан кейін
сын есімдерді т.б. теріп жазады.
3.Белгілі бір грамматикалық категорияға жататын
сөздерді дайын таблица бойынша айырып жазады.Мысалы,Балалар
өзеннің жағасына келді сөйлемінен зат есімге жататын сөздеріді
тапқызсақ:
Зат Сөйлем Жекеше,
есімдер Мүшесі Сұраулы көпше Септік
Балалар бастауыш кімдер? көпше атау септік
өзеннің анықтауыш ненің? жекеше ілік септік
жағасына толықтауыш қайда? жекеше барыс септік
4. Талдауды толық жүргізгенде сөздерді бағанға жазады да,
әрқай-
сысының тұсына формасын жазады немесе сөйлемдегі сөздерді схема
бойынша жазады: Біздер қалаға машинамен тез жеттік деген сөйлем-
ді балалар былайша жазады: Біздер – жіктеу есімдігі , I жақ ,көпше
,бастауыш .Қалаға – зат есім , жалпы есім , жекеше , барыс септік ,
толықтауыш . Машинамен – зат есім , жалпы есім , жекеше , көмектес
септік , толықтауыш . Тез – үстеу , пысықтауыш .
Жеттік – етістік ,өткен шақ , I жақ , көпше , баяндауыш . Схема
бойынша:
-18-
Сөздер Сөйлем Сөз табы Сұрауы Жекше, Септік Шағы Жағы
мүшесі көпше
Біздер бастауыш есімдік кімдер? көпше атау ----- -----
қалаға толықтауышзат есім қайда? жекеше барыс
Машина- немен? көмектеc----- ------
мен
тез пысықтауышүстеу қалай? ----- ----- -----
Жеттік баяндауыш не көпше ----- өткен I жақ
етістік істедік? шақ
Сөздердің морфологиялық құрамы жай бөлшекпен көрсетілуі де мүм-
кін . Мысалы : Біз-дер , қала-ға т.б немесе схемамен көрсетілуі де
мүм-
кін .
Сөз Түбір Жалғау Жұрнақ
Біздер біз дер ------
қалаға қала ға ------
Синтаксистік талдау да балалар оқу-жазуға үйренгеннен кейін-ақ
басталады . Белгілі бір тексте неше сөйлем бар екені , сөйлемде кім
я не жөнінде айтылып тұрғаны , сөйлемдердің түрі ( хабарлы , сұраулы
, лепті ) анықталады . Тиісті сұраулар бойынша бастауыш пен баяндау-
ыш , тұрлаусыз мүшелер ажыратылады .
Жазбаша талдауда оқушылар бастауыштың астын бір,баяндауыштың
астын екі сызып қояды .Өз ара байланысып тұрған сөздерді теріп жа-
зады , берілген бастауыш я баяндауыш бойынша сөйлемдер құрастыра-
ды және дәптерлеріне жазады ; текстен хабарлы , сұраулы , лепті
сөйлемдерді теріп жазады ; сөйлемнің бір түрін басқа түрге айналдыра -
ды . Бірыңғай мүшелі сөйлемдерді схемамен көрсетеді . Мысалы , өрік,
алма , жидек пісті . Райхан үйді жинады , сыпырды .
Өрік Алма жидек
(баст.) (баст.) (баст.)
пісті
-19-
жинады (баянд.)
Райхан
сыпырды(баянд.)
Талдау үнемі тек таза фонетикалық , морфологиялық , синтаксистік
түрде жүргізіл- мейді . Қажетіне , мақсатына қарай , тақырыптың
сипатына сай талдау аралас та қолданыла береді . Талдау әсіресе
балалардың білімін есепке алғанда жиі жүргізіледі . Бастауыш
кластарда сөздер құрамы жағынан талданғанда әуелі түбір , сонан соң
қосымша
оның ішінде жұрнақтары мен жалғаулары анықталады . Ал сөз тобы
жағынан сөйлемдегі сөздер бірінші сөзден бастап соңғы сөзге дейін
ретімен талданады . Сөйлем мүшелеріне қарай талданғанда әуелі
тұрлаулы мүшелер (бастауыш , баяндауыш) , олардың сұраулары , сонан
кейін бастауышпен байланысатын тұрлаусыз мүшелер ажыратылады .
Сөйлемдегі сөздерді топтау барысында бастауыш пен баяндауыштың
сөйлем құрайтынын ескертіп отырған жөн . Мысалы, Құстар жылы жаққа
ұшып кетті дегенде , құстар ұшып кетті - сөйлем , ал жылы жаққа -
сөз тіркесі болады .
Талдауға берілетін сөйлемдер , текстер құрылысы жағынан да ,
мүшелерінің (сөздерінің ) формасы жағынан да әр класта программаға
сай болуы қажет .
7. Грамматика мен жазу сабақтарының түрлері .
Ана тілінен класта білім мен дағды беру жолында іске -
асырылатын оқу жұмыстарының ең негізгі түрі сабақ болып есептеледі
.
Совет педагогикасының үйретуі бойынша және көрікті педагогтардың
зерттеуінше , сабақтың алуан түрлері бары аян . Қазақ тілінен
оқушыларға берілетін білім мен дағды да совет педагогикасы бойынша
, совет педагогтары қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі
. Солардың ішінде қазақ тілі грамматикасы мен жазу сабақтарына
байланысты басты - басты түрлері қысқаша мынандай : 1) жаңа
материалды түсіндіру сабағы ; 2) оқушылардың білімін бекіту саба ғы
; 3) оқылған материалды , қайталау және жүйелеу сабағы ; 4)
оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу ( бақылау жұмыстары )
сабағы ; 5) жазу жұмыстарын талдау сабағы .
Мектеп практикасында сабақтың таза бір түрі сирек
кездесетіні есте болғаны жөн . Қазақ тілі сабағының қайсысында
болмасын үй тапсырмасын тексеру , бұрын оқылған материалды қайталау
, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту және жаңа материалды
түсіндіру алуан түрлі жаттығу жұмыстары , оқушылардың өз беттерімен
орындайтын жаттығулары , үйге тапсырма беру , сабақты қорыту сияқты
жұмыстар орындалатыны мәлім . Сабақтың бұл түрі біріккен сабақ деп
аталады .
Егер сабақтың , әсіресе , кең тараған түрі біріккен сабақ
болса , оған қойылатын талаптарға тоқталған жөн : 1) біріккен
сабақтың әр бөлігі өз ара жымдасып , қабысып жүйелі бір тұтас
сабақ болып өтуі қажет ; 2) мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы
мен мақсатын анық түсіндіретін
-20-
болсын ; 3) сабаққа қажетті материалды алдын ала іріктеп алып , жан
– жақты , толық дайындалып келген жөн ; 4) сабақтың жоспары жасалуға
тиіс .
Біріккен сабақ бірде өткен материалды жаңа материалмен
байланыстырудан басталса , бірде жаңа материалды түсіндіруден , ал
кейде жаттығу жұмыстарнан басталады . Біріккен сабақта оқушылардың
білімі бүкіл сабақ бойы орындалған істердің негізінде бағаланады
. Сабақтың бұл түрінде барлық әдіс (байқау , түсіндіру , әңгіме ,
жаттығу , кітапты пайдалаыну , грамматикалық талдау т.б.)
қолданылады . Әрине , бұл әдістердің барлығы бірдей сабақ сайын
қолданыла бермейді . Материалмен сабақтың мақсатына тиімді деп
табылғандарды , ретіне қарай , әр сабаққа пайдаланылады .
Сабақтың үй тапсырмасын тексеру бөлігінде оқушылар(мұғалімнің
сұрауы бойынша ) тапсырманы қалай орындағандарын , не білгендерін
айтады және класта үйде істеген жұмыстарының нәтижесін (қалай
меңгергендерін) көрсетеді.Жаттығуларын талдайды , қателер түзетіледі .
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде мұғалім тақырыпты
тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады.Ал сабақтың
мақсатын ауызша түсіндіреді.Мысалы, тақырып: Бір буынды және көп
буынды сөздерді буынға бөлу.Мақсаты:Бір буынды және көп буынды
сөздерді ажырата білуге үйрету.
Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар мұғалімнің көмегімен
тақтаға немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді, сөздерді оқиды, олардың
арасындағы байланыстарды анықтайды.Мысалы, I сыныпта әліппедегі
суреттерді көрсетіп , жемістердің атын ататады. Қарақат сөзін буынға
бөлгізеді, онда үш буын бар екені анықталған соң, әр буын сұралады;
әр буынды кірістіріп, сөз құрайды, қарақаттың қайда өсетіні, түрлері
сұралып, буынға бөлінеді. Соңында Біздің бақта тексі құрастырылады.
(Біздің бақта түрлі қарақат өседі. Онда қызыл қарақат та бар.
Қарақат өте тәтті. Біз қарақат тереміз).
Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі жолдармен
ұйымдастырылады. Оқушыларға жаттығу орындату , жатқа жазу жұмыстары,
карточкалар арқылы т.с.с. жүргізілуі мүмкін.
Үйге тапсырманы балалар дәптерлеріне жазып алуға тиіс. (Оқушы
сөзін септеу).
Сабақтың қорытындысында мұғалім (мысалы, Заттың атын
білдіретін сөздер тақырыбы бойынша: 1) сөйлемде бір сөз бірнеше
сөзге енеді; 2) мұнда оған бірнеше сұрақ қойылады; 3) ол сөздер
түрлі формада болғанда да заттық қасиетінен айырылмайды; 4) олар
заттың атын білдіреді; 5) ол сөздерге кім? кімдер? нелер?) деген
сұраулар қойылады деген тұрғыда тұжырым жасайды.
Сабақтың әр бөлімі әр түрлі дәрежеде ұйымдастырылады. Мысалы,
үй тапсырмасын мұғалім толық және ішінара тексеруі мүмкін. Егер
оқушылар үйге берген жаттығуды түгел оқып, қалай орындағандарына
түсінік беріп шықса, толық тексеру, ал кейбір маңызды сөздерді
немесе сөйлемдерді ғана іріктеп оқытып, талдатса, ішінара тексеру
іске асады. Сонымен қатар тексеру жеке және жалпы да болады.
Алғашқысында
-21-
оқушылардан түгел сұралады. Ал жеке тексеруде оқушы мұғалімге
дәптерінбереді. Мұғалім оның ішінен бір сөзді немесе сөйлемді
таңдап алады да, оқушыға жаздырады, талдатады т.б.
Жаңа материал мұғалімнің түсіндіру әдісі арқылы да , әңгіме
әдісі арқылы да өткізіле береді. Бастауыш мектеп жасындағы балалар
үшін әсіресе әңгіме әдісі пайдалырақ. Әңгімелесу барысында сұрақ-
жауап қолданылады. Қойылған сұрақтарға қарай , балалар кітаптағы
ережені оқымас бұрын олардың өздеріне қорытынды шығарту жағы
көзделеді. Мысалы, Заттың сынын білдіретін сөздер өтпес бұрын
оқушылар өздері заттың атын білдіретін бірнеше сөз ойлап тауып
жазады: үй, класс, тақта, қарт.б. Соан кейін қандай? сұрағына жауап
беретін қосымша сөздер ойлап табады: Класс қандай? Класс жарық
т.с.с.
Үйге берілетін тапсырмада балалардың белсенділігін, өздіктерінен
орындай алу қабілетін жетілдіру мақсаты көзделуге тиіс. Мысалы,
оқушыларға оқулықтан жаттығу берілетін болса, балалар әуелі оның
шартын оқиды, сонан соң мұғалім: Ал сонымен жаттығудағы басты нәрсе
не болды? деген сияқты сұрау қояды. Мұнда оқушылардан сол
жаттығуды қалай орындайтындықтарын сұрауға да болады.
Сөйтіп сабақтың әр бөлімі немесе әр кезеңі әр түрлі
ұйымдастырылады. Бұл мұғалімнің қабілеттілігі мен шеберлігіне
байланысты. Оның үстіне, жоғарыда көрсетілген бөлімнің барлығы
бірдей бір сабақта міндетті түрде іске аса бермеуі де мүмкін.
Мысалы, кейбір сабақтарда жаңа материал түсіндірілмесе, кейбіреуінде
үй тапсырмасы тексерілмеуі де мүмкін.
Сирек болғанымен, сабақ кейде түгелдей жаңа матеиалды түсіндіруге
арналатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай сабақ жаңа материалды
түсіндіру сабағы болады.
Сабақтың бұл түрінде мұғалімнің назары негізінен материалды
оқушылар санасына жеткізуге аударылады да, уақыттың дені осыған
арналады. Жаңа материалдың өткен материалмен байланысы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz