Таңдамалы шығармалар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ыбырай Алтынсарин мұраларын зерттеу тарихынан

Жоспары:
І. Ыбырай Алтынсаринге және еңбектеріне кезінде берілген ресми
мақалалар мен есеп-баяндамаларда берілген әділ бағалар.
ІІ. Ыбырай Алтынсарин туралы жазба мінездеме мен естелік жазғандар.
ІІІ. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен өмірін зерттеуші
ғалымдар.

Әдебиеттер:
1. Деріпсалин Ә. Ыбырай Алтынсарин. Алматы, 1965ж.
2. Ильминский Н.И. Воспоминание об Ибрае Алтынсарине. Казань, 1891г.
(Алматы, 1991)
3. Әуезов М. Шығармалар 12 томдық. 12-том 57-58 б.
4. Неопубликованные материалы по абаеведению.
5. 5. Эфиров А.Ф. Ибрай Алтьтынсарин (жизнь и педагогическая
деятельность). Алма-Ата, 1949г.

Ыбырайдың оқу-ағарту жұмысына, әдеби-этнографиялық, публицистикалық
және басқа шығармаларына кезінде салиқалы баға беріп, ықыласпен
насихаттаған, 1876-1906 жылдары шығып тұрған Оренбургский листок деп
аталатын бұқаралық әдеби газет болды. Оның редакторы Иван Ильич Евфимовский-
Мировицкиймен (1839-1905) Ыбырай Алтынсарин жақсы таныс еді. Ыбырай өзінің
белгілі Қазақ хрестоматиясын Орынбор қаласындағы баспада дайындағанда
одан баспаханалық түзетулер жөнінде кеңес алып отырған. И.И.Евфимовский-
Мировицкий қазақ даласы оның ішінде Торғай облысын зерттеп, көптеген
бағалы мақалалар жазған, сөйтіп, қазақ қоғамын орыс жұртшылығына таныту
барысында едәуір еңбек еткен адам көрінеді. Ол редактор-шығарушы ретінде
қазақ халқының тамаша ұлтының ағартушылық және әлеуметтік еңбектерін
кезінде лайықты бағалай да, бар болмысымен түгел түсіне де білген.
Ыбырай Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясы жарық көргеннен кейін-ақ
оқулық Қазан, Москва, Петербург қалаларына тез жетті. Оны Орынборда
В.В.Катаринский мен И.И.Евфимовский-Мировицкий, Қазанда профессор, белгілі
шығыс зерттеушісі Н.И.Ильминский, Петербургте дүние жүзіне аты белгілі
шығыс зерттеушісі, профессор В.В.Григорьев прогресшіл орыс зиялыларына
таныстырды. 1880 жылы шілде айының 7-жұлдызында
А.С.Пушкинге ескерткіш ашуға байланысты өткізілген Москва дворяндарының
салтанатты мәжілісінде сөйлеген Орынбор интеллегенциясының өкілі П.Распопов
өз сөзінде Ы.Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясы жарық көргендігін, Пушкин
шығармаларының қазақша аударылғандығын айтқан. Міне, кезінде осы тәріздес
ресми мақалалар мен есеп-баяндамалардағы ой-пікірлерде Ыбырай Алтынсарин
еңбектеріне берілген әділ бағалар аз болған жоқ.
Ыбырай Алтынсарин туралы тұңғыш пікір-мінездеме жазғандар Орынбор
Шекара комиссиясы жанынан ашылған қазақ мектебінің басшылары
(надзирательдері) Куляшев пен Дынков болды. Олар Ибраһимге оқуға ынталы,
аса тәртіпті, оқып білуге үнемі тырысатын, өте жақсы оқитын сабырлы
тәрбиеленуші деп мінездеме жазған еді. Осы сияқты пікірлерді кезінде оның
оқытушылары М.Бекчурин мен Кострамитинов те айтқан болатын.
Ыбырай Алтынсарин туралы ауызекі де, жазбаша да пікір айтқан Орынбор
Шекара комиссиясы (кейін Торғай облысы әскери басқарма) председателі,
генерал Василий Васильевич Григорьев (1816-1881) еді. Ол Ыбырай
Алтынсаринді өз қарамағына 1859 жылы жұмысқа алдырып, бай кітапханасын
пайдалануға рұқсат берді. Қазан оқытушылар семинариясының директоры,
профессор Н.И.Ильминскийдің Воспоминание об И.Алтынсарина деп аталатын
естелігінде мынадай жолдар бар: Сонымен Алтынсарин мен В.В.Григорьев мені
онымен таныстырды да, Алтынсарин туралы көңілге қонарлық көп жақсы сөздер
айтты.
Болашақ қазақ педагогі туралы, оның оқуға, өнер-білімге құштарлығы
туралы алғашқы ресми пікірлер осылай туған болатын. В.В.Григорьевтің 1862
жылы сәуір айының 25-жұлдызында Қазанға, Н.И.Ильминскийге жазған хатында:
Сенің Алтынсаринге ауған ықыласың, ақ пейіл көңілің сияқты мен де сені дәл
солай жақсы көре бастадым, - деген жолдар бар.
Ыбырай Алтынсаринмен жақсы таныс, оны жақын білетін Торғай облысындағы
орыс интеллегенциясының өкілдері 1889 жылы ол дүние салғаннан кейінде,
біраз жазба материалдар қалдырды, олардың басым көпшілігі ресми
телеграммалар мен хаттар еді.
Ыбырай Алтынсариннің абыройлы да білімді алғыр қызметкер ретінде ресми
өкілдер алдында қаншалықты салмағы мен беделі болғанын, олардың ұлы
педагогке ықылас- ниеттерінің деңгейін көрсету. Осының бәрі ресми
документтер ретінде жазылса да, Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер
топтамасына кіреді. Оған дау айтуға болмаса керек.
1889 жылдың шілде айының 30-жұлдызында Орынборгский листок (31-саны)
газеті Ыбырай Алтынсарин туралы Некролог жариялады, оның аудармасын Дала
уәлаяты газеті (1889 жылғы 33-саны) басты. Оның әдеби шығармалар жинағы,
қазақ-жазба әдебиетінің төл басы Қазақ хрестоматиясы алғаш рет 1879 жылы
Орынбордан жарыққа шыққан. Бүкіл кітап патша әкімшілігінің тергеп-тексеруге
қойған сан-салалы сатыларынан сүрінбей өтті. Ақыры патшаның халық ағарту
министрі Д.А.Толстой: Баспаға ұсынамын, - деп қол қойды. Бұл тұңғыш кітап
сол кездегі дала тұрмысы үшін ең үлкен тиражбен – 2000 дана болып, орыс
альфавиті негізінде басылып шықты. Оның бар шығынын оқу министрлігі өз
мойнына алып, сатылатын орындары туралы Оренбургский листок газетінде
арнайы хабарлама жасады. Ыбырай Алтынсарин жазып шығарған оқулық тек Бөкей
ордасы, Орал және Торғай облыстары мектептері үшін ғана емес, Түркістан
өлкесі мен Батыс Сібір қазақтарына арналған. Олар да оқу-білімге талпынып
отыр ғой.
Қазақ хрестоматиясы кейін 1896,1899 жылдары Махтубат деген
(Хаттар - деген мағынада) атпен біраз қысқартылған күйде араб алфавиті
негізінде жарияланды.
Ыбырай Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясына енген шығармалары ресми
баспасөз беттерінде көп болғанмен, ортасында жарияланып отырғанын атап
өтуіміз керек. Кел, балалар, оқылық!, Өнер-білім бар жұрттар өлеңдері
Оренбургский листок газетінің 1879 жылғы желтоқсан айының 2-жұлдызында,
И.А.Крыловтың Қарға мен түлкі мысалының Ыбырай аударған нұсқасы Дала
уәлаяты газетінің 1892 жылғы қазан айының 24-жұлдызында жарияланды. Ысқақ
Шүленбаев дегеннің түсініктемесімен Ыбырайдың Қазақ хрестоматиясына енген
Лұқпан хакім аңызының бір нұсқасы Дала уәлаяты газетінің 1894 жылғы 3-
санында басылып шықты. Ағартушының Жаз өлеңі тұтас күйінде Әсір Алқаш
Орынбай бин Құрымбай қыпшақ дегеннің Насихат ел қазақия деген өлеңдер
жинағында (Қазан, 1900ж.), ал, үзінді күйінде И.Лаптевтің Қазақ-қырғыз
тілінің материалдары (Москва, 1900 жыл, 148 бет), Д.Львовичтің Қазақ
даласында (СПБ, 1914 жыл, 45-бет) кітаптарында басылды.
Ыбырай Алтынсариннің бірінші ғұмырнамасы атанған Н.И.Ильминскийдің
Воспоминания об И.Алтынсарине (Казань, 1891 декабрь, типография
В.М.Ключковского) атты естелік-еңбегінің Ыбырай Алтынсаринді тануда алатын
орны тіптен ерекше. Н.И.Ильминскийдің миссионерлігіне қарамастан оның
Алтынсаринді дұрыс түсініп, қазақ педагогінің идеяларын, тындырған істерін
барынша қолдап, қажетті кездерде ақыл-кеңесін беріп, рухани жетекші
болғанын атап өтуіміз керек. Ыбырай Алтынсарин қандай мәселе болмасын оқу-
ағарту мәселелерін шешу үшін Орынбор оқу округі алдына қойып отырған
ұсыныстары мен ойларын Н.И.Ильминскийден еш жасырмаған, қайта оған хат
арқылы хабарлап, жазып отырған. Біз осы орайда архивтерден сақталған
(Орынбор, Қазан, Петербург, Алматы тағы басқалардан) материалдарды қанша
ақтарсақ та, Н.И.Ильминскийдің Ыбырай ұсынысын қолдамаған, не оны сынаған,
не ұрыса жазған еш бір документ кездестірмедік. Н.И.Ильминскийдің Ыбырай
Алтынсаринге деген адал сүйіспеншілігі мен шын беріле жақсы көргенін сол
тұстағы да, одан кейінгі де белгілі орыс шығыстанушылары өз еңбектерінде
арнайы атап өткенін көреміз. Н.И.Ильминскийдің тұңғыш биографы
В.Н.Витевский (Н.И.Ильминский, Казань, 1892) Н.И.Ильминский қатты сырқатына
(рак) қарамастан Алтынсарин туралы естеліктерін өткен жылдың қазан айының
28-29 жұлдызында оқытушылар семинариясының мұғалімі К.К.Кондратьевке ауызша
айтып (диктовка) жаздырған еді... өлеңдерінің өзі-ақ алдында о дүниеге
кеткен, өзі сыйлаған дос-жарандарының аттарын атады – олардың ішінде 1888
жылы дүние салған әрі досы, әрі көмекшісі С.Медведовскийді, 1889 жылдың
шілде айының 17-жұлдызында өз қыстағында қайтыс болған, 30 жыл бойы таныс-
біліс болып, аса сыйласқан бауыры, адал, ақылды, білімге ерекше құштар
қазақ халқының өкілі Ибраһим Алтынсаринді атады. Енді мен осы сияқты
достарымның ортасына барамын дегендей ишарат білдірді, - деп жазған.
Еділ-Жайық өзендерінің жоғарғы жағын жайлаған аз халықтардың мәдени
өмірін зерттеген София Васильева Чичерина (1867-1918) Н.И.Ильминский
педагогика әлеміне кезінде аса қажетті болған қазақ Ибраһим Алтынсаринді
тәрбиелеп шығарды, кейін ол мұғалім, Торғай облысы қазақ мектептерінің
инспекторы болып қыруар жұмыс атқарды. Ильминский нағыз дос адамы ретінде
онымен үзбей хат жазысып тұрды, барлық уақытта да оны душа моя Ибраш, деп
ізеттілікпен атап өткен, - дейді.
Россия халық ағарту министрлігі чиновнигі А.С.Будиловичтің 1904 жылы
Орынбор оқу округінің жұмысын тексергеннен кейінгі есебінде мынадай жолдар
бар: Белгілі ориенталист алдын болжай білетін әкім В.В.Григорьевтің
қолдауымен қазақтар арасында іс қағаздары өз тілінде орыс алфавиті
негізінде жүргізіле бастаған... бұл сияқты болашағы мол бастаманы Орынборда
жұмыста болған кездерінде Н.И.Ильминский дамыта түскен, кейін оның досы,
әрі ізбасары болған дарынды Алтынсарин жалғастырып әкетті. Орынбор әкімдері
мен интеллегенция әкімдерін былай қойғанда Қазандағы мұғалімдер
семинариясының мұғалімдері К.К.Кондратьев, В.Н.Витевский, А.П.Сердольский,
С.В.Смолевский, Қазандағы діни академияның профессорлары П.В.Знаменский мен
И.Я.Порферьев, Қазан оқу округінің басшысы П.Н.Масленников,
Н.И.Ильминскийдің көмекшісі П.Д.Шестаков Ыбырай Алтынсаринді жақсы білген,
бірқатары естеліктерінде қазақ педагогінің тындырған істеріне аса жоғары
баға берген, қадірлі Н.И.Ильминскийдің жанашыр досы еді, - деп құрмет
тұтқан.
Н.И.Ильминский Ыбырай Алтынсариннің өлімі туралы хабар алғаннан кейін-
ақ оның қасиетті есімін есте қалдыру мақсатында біраз шаралар жасады.
Олардың ішінен іске асқаны осы Естелік ... болды. Н.И.Ильминский Ыбырай
Алтынсариннің қолжазбалары мен хаттарын, соңында қалған пайдаға асатын
мұраларын жинастыруды сұрап, В.В.Катаринскийге, Ырғыз мектебіндегі Арсений
Мазохинге, Торғай облысы мектептерінің уақытша инспекторы Ф.Д.Соколовқа
хаттар жазды. В.В.Катаринский мұндай игі іске үлкен мән беріп, Ф.Д.Соколов
арқылы Ыбырай Алтынсариннің жесірі – Айғаныстан ағартушының барлық іс
қағаздары мен хаттарын жинастырып, оларды жариялауға Айғаныстың қарсы
еместігіне қолқат алып, өзіне Ыбырайдың хаттарын тіркеп, 1891 жылдың маусым
айының 1-жұлдызында Қазандағы Н.И.Ильминскийге жібереді. Оған қазақ
педагогі туралы өз пікірлерін жазып, қыркүйек айының 28-жұлдызында
А.Мазохин, тамыз айының 9-жұлдызында Ф.Д.Соколов хат жолдайды. Аталған
деректердің бірқатары Н.И.Ильминскийдің Воспоминание об И.А.Алтынсарине
аталатын естелігіне енеді. Естеліктің... жалпы көлемі 444 бет (оның
тікелей естелігі 48 бетте, қосымшалары – ресми документтер, хаттар 396
бет). Қосымшалардың ішінде Ыбырай Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге жазған 28,
В.В.Катаринскийге жазған 30 хаты бар. Бұл Естелікті... тек Ыбырай
Алтынсариннің өмірбаяны ретінде қарау аз, ол - әрісі Орынбор қазақтары
арасында 1860-1890 жылдардағы оқу ісінің ұйымдастыру, қалыптастыру тарихы
туралы ресми документтер жинағы.
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен оқу ісін ұйымдастыру саласындағы
тындырған істерін көрсететін тамаша тарихи еңбек – Александр Васильевтің
(1861-1943) Исторический очерк русского образования в Торгайской области и
современное его состояние (Оренбург, 1896, издание Торгайского областного
статистического комитета, типография П.Н.Жаринова) деп аталатын кітабы.
А.В.Васильев Ыбырай Алтынсариннің тура ізбасары еді, 1889-1894 жылдарда
Торғай мектептерінің инспекторы, өзін қазақ педагогінің ісін
жалғастырушымын, - деп санаған. Бұл тамаша еңбек 298 бет, оның ішінде оқу
ісінің жайын баяндайтын бөлімі 226 бет те, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғали Ормановтың 1941-1945-жылдардағы көпшілік шығармалары
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
Ө.Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолымен ақын даралығы
ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВТЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Ы. Алтынсариннің өмір жолы
Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық –саяси қызметі
Ақындар шығармалары
Балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
Тұрмағамбет ақын шығармасындағы пайғамбарлардың жырлануы
Пәндер