Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері


І бөлім. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі
1. Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері.
1. 1. Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесіндегі алатын орны мен ролі
Қазіргі уақытта «қоғамды информатикаландыру», «білім беруді информатикаландыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп келеді. Қоғамды информатикаландыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объхективті процесс.
Информатикаландыру оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.
Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу-әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыратын курс болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің енгізілгендігіне 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың, программалау элементтерінің орта мектепке енгізілуінің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең, бұрынғы Одақтағы 50-жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ-дың пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызметінің жаңа саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар мен әдістер жеткіліксіз болды. Соған қарамастан оқушылардың программалауды түсініп, игеруіне ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.
Алғашқы ЖЕМ-лар пайда болғаннан кейін көп кешікпей ғылыми-зерттеу мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында программалауды және ЭЕМ-де жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады. 50-жалдардың аяғына қарай, А:П:Ершовтың басқаруымен Новосибирск қаласының кейбір мектептерінде тәжірибе жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірибе сондағы ғылыми қалашықтағы есептегіш техника негізінде жүргізілді. Басталған жұмысқа университеттер мен ғылыми зерттеу инфтитуттарының көптеген ғалымдары қатысып, араласты. Бірақ, мұндай алғашқы қадамдардың жалпы білім беретін орта мектеп үшін міндетті курстың қалыптасуына қатысы жоқ еді.
Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер негізінде программалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды 1959 жылдан бастап басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласаның №444 мектебінде С. И. Шварцбурд жоғарғы класс оқушыларына ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталған эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес, С. И. Шварцбурдтың жүргізген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.
Программалау саласында мамандандырылған мектептер жүйесінің дамуы тағы бір маңызды роль атқарды. Оқушыларды программалауға үйретуге арналған мақалалар мен әдістемелік талдамалар көптеп шыға бастады.
Бұл жалдары математикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу құралдары кең таралды және бұл құралдар белгілі бір программалау жүйесі негізінде жасалды Осы жинақталған материалдар программалау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуына маңызды роль атқарды.
Келесі кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына байланысты. Факультативтік курстың мақсаты - оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылды. Олжөнгінде КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы «Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарту шаралары» туралы қаулысында көрсетілді. Математика және оның қолданылулары бойынша жүргізілген факультативтерде арнаулы үш курс әртүрлі деңгейде ЭЕМ-ның қолданылуын қажет етті. «Программалау», «Есептеу математикасы», «Векторлық кеңістіктер және сызықтық программалау». Осы факультативтік курстардың енгізілуіне байланысты программалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.
Кейінірек, сол кездегі математикалық орта білімнің қайта құрылуына байланысты программалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.
Кейінірек, сол кездегі математикалық орта білімнің қайта құрылуына байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылды. «Санау жүйелері және ЭЕМ-нің арифметикалық құрылғылары (8 класс) », «Алгоритмдеу және программалау» (9-класс), «Кибернетика негіздері» (10-11 кластар), «Программалау тілдері» (11 класс) .
Дәл осы кезеңде арнаулы факультатив курстар бойынша оқыту мазмұны мен әдістерін жасау мәселелеріне байланысты әдістемелік мәселелер В. М. Монаховтың және т. б. көптеген ғалымдардың еңбектерінде өз шешімін тапты. Мектептер мен есептегіш техникасы бар өндіріс орындары арасындағы байланысты қалыптастыру тәжірибесі жинақталды. Бұл тәжірибе кейін оқу-өндірістік комбинаттары арқылы мектептегі оқыту ісіне есептегіш техниканы енгізуге негіз болды.
Соынмен келесі кезең, оқу-өндірістік комбинаттары негізінде мамандандыруға байланысты. Оқу-өндірістік комбинаттары негізінде оқушыларды есептегіш техниканы меңгеру және пайдалануға байланысты көптеген мамандықтарға дайындау мүмкін болды. Атап айтқанда, ЭЕМ операторы, ЭЕМ үшін мәліметтерді дайындау құрылғыларын жөндеу және күту бойынша электромеханик, электронды аппаратураны реттеуші, программалаушы лаборант, есептеу жұмыстарының операторы дайындалды.
Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен сипатталады. Математикаға бейімделген мектептерде, әсіресе, ОӨК-ның оқу программаларында оқушыларға программалауды оқытудың арнаулы кәсіби бағдардағы мүдделері қарастырылады. Сонымен қатар, программалаудың жалпы білімдік әсері және алгоритмдеудің мектептегі дәстүрлі пәндерге пәнаралық әсерінің мазмұндық-әдістемелік мәселелері зерттелді. Алдыңғы кезекте математикаға әсері қарастырылды.
Мектептегі компьютерлендіру саласында нақты ұйымдастыру-әдістемелік шаралардың жасалуына КОКП сәуір (1984) Пленумында және КСРО Жоғарғы Кеңесі сессиясында бекітілген «Жалпы білім беретін орта және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары» атты қаулысы себеп болды. Мектеп реформасының негізгі міндеттерінің бірі информатиканы оқу-тәрбие процесіне енгізу және жастардың компьютерлік сауаттылығын камтамасыз етуге бағытталды. 1984 жылдың соңында КСРО ПҒА оқыту мазмұны және әдістері ҒЗИ мен КСРО ҒА-ның Есептеу Орталығының басқаруымен жалпыға мәндетті пән «Информатика және есептегіш техника негіздерінің» бағдарламасын жасау жұмысы басталды. Бұл жұмыс 1985 жылдың ортасында аяқталып, КСРО оқу министрлігінде мақұлданды.
Үкіметтің келесі шешімдерінде жастардың компьютерлік сауаттылығын тез қалыптастыру мәселесі қойылды. Ол үшін жалпы білім беретін орта мектепке «Информатика және есептегіш техника негіздері» міндетті пән ретінде енгізілді, яғни 1985 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап «Информатика және есептегіш техника негіздері (ИЕТН) » курсы оқытыла бастады. Мектепті компьютерлендіру мәселесіне мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлудің нәтижесінде 1986-1987 оқу жылының басында «Информатика и образование» журналының 1-нөмірі шықты. Сонымен қатар, біздің Республикамызда да «Қазақстан мектебі» журналының қосымшасы ретінде «Информатика Физика Математика» жураналы шыға бастады.
Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде.
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен,
психологиямен және информатика ғылымымен байланысы.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғатағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролін мойындау болып табылады.
Өткен ғасырда әлемнің ғылыми бейнесі ертеректе екі негізгі ұғым төңірегінде құрылғары белгілі: зат және энергия. Сөйтіп, ғылыми көзқарасты қалыптастыруда негізгі ролді осы ұғымдарды сипаттайтын ғылымдар атқарады: физика, химия, математика. Мысалы, заттар мен энергияныңсақталу заңы тек физика мен химияның ғана заңы емес, универсал ғылыми принципке айналды: “жоқтан ешнәрсе пайда болмайды”.
Бұл жағдай біздің ғасырдың басында әлемнің бейнесін жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. . Мұндағы негізгі мәселе ұйымдастырушылық немесе қазіргі айтылып жүргеніндей информациялық факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ,, алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесі қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталады.
Сонымен, информатика - ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ -да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар - оның материялдық базасы.
“Информатика” термині біздің еліміздегі әдебиеттерде пайдаланылғанына аз ғана уақыт болды. Оның шығу тарихына көз жүгіртсек, ол ЭЕМ-ның пайда болуынан басталады. Екінші дүниежүзлік соғыстан кейін кибернетика қарқынды даму жолына түсті. Ол жасанды, биологиялық, әлеуметтік және т. б. әртүрлі жүйелердегі басқару мен байланыс туралы жалпы ғылым ретінде дамыды. Кибернетиканың дамуын 1948 жылы американ математигі Норберт Винердің «Кибернетика: жануарлар әлемінде және машинадағы басқару мен байланыс» деген атақты кітабының шығуымен байланыстырады. Бұл жұмыста басқарудың жалпы теориясының жасалу жолдары мен әртүрлі жүйелерге арналған басқару және байланыс проблемаларын зерттейтін әдістердің негізі қаланды.
Кибернетика ЭЕМ-мен қатар дами отырып, уақыт өте жалпы ғылымға - информацияны өңдеу туралы ғылымға айнала бастады. Кибернетикада информацияның төмендегідей анықтамасы қабылданған: информация дегеніміз қайсыбір жүйенің қоршаған ортадан қабылдайтын (енгізілетін информация), керісінше қоршаған ортаға беретін және өзінде сақтайтын сигналдардың, әсерлердің немесе мәлеметтің кез келген жиынтығы.
Кибернетиканы қолданудың қызықты перспективалары халық шаруашылығында математикалық әдістер мен ЭЕМ-дерді жоспарлау мен басқару мақсатында кеңінен қолданудың ұсынысын тудырды.
Сонымен, кибернетика термині пайда болғаннан кейін дүние жүзілік ғылымда ағылшын сөзі «computer science» қолданыла бастады, ал одан кейінірек, 60-70 жылдар деңгейінде француздар «informatigue» терминін енгізді. Орсы тілінде информатика терминінің ең алғашқы қолданылуы ғылыми техникалық информация мен документалистиканың пайдаланылу саласына байланысты болды. Сондай-ақ, 1976 жылы А. П. Ершовтың басқаруымен неміс тілінен аударылған жоғарғы оқу орындарына арналған информатика курсының оқулығы мен есептер жинағының шығуынан бастап «информатика» термині басқа мағынада пайдаланыла бастады.
Үшінші рет бұл термин орыс тіліне кең мағынада - информацияның өңделуін және берілу процестерін зерттейтін іргелі ғылымның атауы түрінде кірді. Мұндай анықтаманың арқасында информатика философиялық және жалпы ғылыми категориялармен тікелей байланысып, оның «дәстүрлі» акакдемиялық ғылым пәндер арасындағы орны анықталды.
Информатиканың маңызды ерекшелігі - оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрлеріне қолданылуы. Информатика көптеген нақты информациялық процестердің, технологиялардың барлығына ортақ мәселелерді зерттейді. Осы технологиялар информатиканың объектісі болып табылады.
«Ғылымның объектісі» және оның тақырыбы ұғымдарының айырмашылықтары туралы дәл түсінік кез келген ғылымның мағынасын ашу үшін өте маңызды. Объект дегеніміз, зерттеушінің іс әрекеті бағытталған шын өмірдегі бір облыс, ал тақырып оны зерттеу субъектісімен байланыстыратын буын. Сондықтан «ғылымның тақырыбы» ұғымы «ғылымның объектісі» ұғымымен бірдей емес, ол танымның объективті және субъективті ғылымның өкілдері бір объектіні әр қырынан көреді, әртүрлі міндеттер тұрғысынан қарады. Оқыту әдіскердің де, дидакттың да, психолог және кибернетиктің де зерттеу объектісі бола алады. Олардың әрқайсысы бұл объектіден өзіне тән нәрсені ғана ажыратады, зерттеудің әртүрлі мақсаттарын қойып зерттеу нәтижелерін өздерінше түсіндіреді.
1. 3. «Информатика және есептегіш техника негіздері» курсын оқытудың әдістемелік жүйесі және мектепте білім берудің дамуы кезеңіндегі информатиканы оқытудың міндеттері.
Жалпы білім беретін орта мектепке «Информатика және есептегіш техника негіздері» курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде, жоғарғы мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т. с. с. Осы аталған буындардың бәрі қазіргі уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда.
Информатиканы оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды: Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну; Информатика мен есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (Оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т. б. ), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрақтар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.
- Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз) .
- Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз)
- Оқытудың әдісі (Қалай оқытамыз)
- Оқыту туралы (Неден оқытамыз)
- Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз) .
Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар 1) кімді оқытамыз?, 2) кім оқытады? Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сұрақта; қай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектептің кеңейтілген практикалық тәжірибесін басшылыққа алады.
Информатика әдістемесіне біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.
2. Мектептегі «Информатика» курсының мазмұны мен мақсаттары
2. 1. Жалпы білім беретін орта және кәсіптік мектептердегі
информатиканы оқытудың мақсаттары.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.
Баланы дамыту сөзін кең мағынада алғанда оның организміндегі психикалық және физиологиялық өзгерісі, кез келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғарғы сатыға көшу деп түсінеді. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда дамыту деп, әдетте, ақыл-ойды дамытуды түсінеміз.
Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дәрежеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелділігімен қорытындыланады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдіснамалық мәселесі болып табылады.
Информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты оқушыларда сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Алайда шетелдік және Отандық тәжірибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Өйткені, компьютерлік сауаттылық (арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару) басқа пәндерді оқу барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады.
Орта білім берудің басты мақсаты - жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:
- білім беру;
- тәрбиелік;
- практикалық.
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін елеулі әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың блім беру - дамытушылық мақсаты - оушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты - оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
2. 2. Орта мектептегі информатика курсының мазмұны
Мектептегі информатика курсының мазмұнын таңдауға бір-бірімен белгілі қарама-қайшылықта болатын екі негізгі факторлар тобы әсер етеді. 1) Ғылыми және практикалық факторлар. 2) Түсініктілік және жалпы білімділік факторлар.
Информатика және есептегіш техника курсының мазмұны қазіргі заман ғылымының үш іргелі ұғымына негізделеді:
Информация - алгоритм - ЭЕМ.
Оқушылардың меңгеруіне міндетті болатын теориялық дайындықтың көлемі осы ұғымдар жүйесі арқылы анықталады.
Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың компьютерлік сауаттылығының компоненттерінен құралады. Информатика курсының мазмұнын анықтаудағы тағы бір маңызды мәселе - курсты оқыту реті. Мектептегі информатика мазмұнын, көлемін және көп жағдайда оқытудың ретін анықтайтын негізгі құжат-ресми түрде белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады. Ал, оқу бағдарламасы сол курсы оқыту тұжырымдамасының негізгі түйіні.
1998 жылы мектепте оқытылатын информатика курсы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оқу процесіне енгізілді.
Орта мектептің сатылары бойынша информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөліп қарастырады.
І кезең (7-9 сыныптар) - негізгі курс деп аталады, ол информатика пәні бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, компьютер архитектурасы және ақпараттық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене отырып, оқу процесінде компьютерді жан-жақты, тиімді пайдалана отырып, өзіндік танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары, программалау тілдерімен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептерді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері туралы мағлұмат алады.
ІІ кезең (10-11 сыныптар) - бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабілетіне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп, оларға кәсіптік мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі.
Жалпы, негізгі мектепте курсты оқытуға 68 сағат бөлінсе, ал 10-11- сыныптарда базистік оқу жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөліктің есебінен тағы да 68 сағат бөлінген, сонда бағдарлы курсты 136 сағатқа дейін арттырылып, мамандыққа сәйкес куәліктер беру мүмкіндгі туады.
Сондай-ақ, Қазақстан Ресупбликасының «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер енгізілген:
- сыныптар бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;
- әрбір сыныптардағы оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
- стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
- білімді бағалау үлгілері.
Жалпы информатика курсының мазмұны мынадай екі үлкен дидактикалық мәселені шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер-оқыту объектісі; 2) компьютер-универсал таным құралы.
Информатика курсының негізгі мектептегі мазмұны мынадай үш кешенді мәселелердің төңірегінде шоғырланған: біріншісі - компьютерлік техникамен танысу, оның негізгі элементтері және жалпы жұмыс істеу принциптерімен танысу; екіншісі - алгоритмдеу және программалау негіздерін оқып үйрену; үшіншісі - информатиканың қолдану шеңберін анықтау.
Мұнда оқыту моделі оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған: мақсат - мотив - қызмет - рефлексия - теориялық білім өрнегімен анықталатын түрі таңдалынып алынады.
2. 3. Мектептегі оқу жоспарындағы информатика курсының алатын орны
Қазіргі уақытта қалыптасқан информатиканы оқытудың практикасы төмендегідей негізгі факторлармен сипатталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz