Монғолдардың өзара қырқысуы және Темучиннің жоғарлануы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
К і р і с п е

Орталық азия халықтары өздерінің
Сан ғасырлық ұзақ тарихында
Көптеген жойқын сілікіністерді
Басынан кешірді, солардың бірі
Темучин есімді адамның
Іс-әрекетттері тікелей байланысты.
Осыдан сегіз ғасырдан астам бұрын
Жұрт үрейін ұшырып, дүниені дүр
Сілкіндірген есім еді ол.
Темучиннің ғұмыр жолы ұзақ та
Күрделі болды. Біз де сол жолды
Шолып өтіп, оқиғалардың
Қисынынан пайымдау мақстымен
Оның өмірбаяның негізгі
Кезендеріне тоқталмақпыз.

Монғолдың қият руынан шыққан борз бала Есугей баһадүр (баатүр, осыдан
барып орыстың богатырь сөзі шыққан) бірде Онон өзенінің (Солтүстік-Шығыс
Монғолияда) бойында құс салып жүріп, монғол меркіт руының ақсүйегі Эке-
Чиледуге кезігеді; ол олхонут тайпасының қызына үйленіп, қалыңдығын арбамен
алып келе жатқан беті еді. Есугей күйме пердесін түріп, ішіне үңіліп
қарайды. Күлімдеген көздері от шашып-ақ тұр екен, жүрек шіркін тулап қоя
береді. Бір көргеннен ғашық болу деген осы еді. Батыл да жылпос есугей қас
сұлуды қалайда қолға түсуруді ойлап, аға-інілерін көмекке шақыру үшін тұра
шабады.
Жақындап қалған үш жігіттен үрейленген Чиледу қалындығын тастап
тұлпарымен қашып құтылмақ болады. Бірақ Есугей баһадүр мен оның туыстарынан
құтыла алмасын біліп, күймеге қайта оралады. Сонда зерек те зерделі Ұлұн
(күймеден қыздың аты солай болатын) тұрып:
- Бұл адамдардың ниетін аңғармап па едің? Олардың сені өлтіргісі
келетіндігі түрлерінен де көрініп тұр емес пе. Сен өзің аман-сау болсаң
қызды кез келген күймеден табасың, кез келген үйден әйел тауып алуға
болады. Өзің аман-сау қалсаң, қыз табылар. Сондықтан да, маған, сірә, енді
Ұлұн деп басқа қызды атауға тура келеді-ау. Құтыл, мені сүй де, жөнел!
Сол сөзді айтып ол көйлегін шешті, Чиледу оны ат үстінен еңкейтіп
қолына алды. Бұл кезде түбекті айнала шапқан үшеу таяп қалып еді. Атын
тебініп қалып, чиледу өзенді бойлай көзден ғайып боды.
Ағайынды үшеуі оны қуып берді де, жете алмасын біліп, күймеге қайтып
оралды. Есугей Ұлұн атының шылбырынан ұстады, ағасы алдына түсіп, інісі
күймемен қатарласып, жылыған қызды жұбатады.
Ағайындылар олжа қалындықты қотонға алып келді, сөйтіп Ұлұн Есугей
баһаддүрге әйел болды, ал меркіт руы қият руының, әсіресе ақсүйек меркіт
Чиледу әулеті Есугейдің қас дұшпанына айналды.
Темучин он –он екі жасқа келгенде әлі де жап-жас әкесі Есугей өзіне у
берген қас жаулары – бұйырнұр татарларының қолынан қаза табады.
Туысқандары мен руластары Есугей баһадүр отбасынан сырт айналып кетеді.
Темучин, оның анасы Ұлұн және бауырлары құс атып, балық аулап күн көруге
мәжбір болады. Сатқындық, талау, зорлық пен өлімді көріп өскен бала өз
жақындарына да қатыгездікпен қарайды.
Алайда өз отбасы, руластарының ғана емес, бүкіл монғол халқының
даңқын әлемге паш етіп, ұлан-ғасыр жерді жаулап алу арқылы дүниені аяғына
бас игізу тек қана сол қандықол Темучиннің маңдайына жазылған еді.
Есугей (Есуғай) сөзі монғол тілінде тоғыз дегенді білдіреді.
Сондықтан да Есугей монғолдың қият руынан тарайтын бартан баһадүрдің
тоғызыншы баласы делінеді. Ол құрметті баһадүр (ержүрек, батыр) атағын
иеленген монғол билеушілерінің бірі боды.
Болашақ Шыңғыс хан 1155 жылдың бір күнінде, әкесі татарға кезекті
жорығында бірнеше татар басшыларын, оның ішінде Темучин-Уге бар, тұтқындап,
жеңіспен оралған кезде туыпты. Аңыз бойынша, Есугей мен Ұлұнның тұңғышы оң
қолынмен бір кесек қатқан бауырға ұқсас ұйыған қанды уыстай туған екен.
Есугей мұны баласының атақты адам боларының көктен келген белгісі деп
білді. Әрі өзі дәл жауды жеңген сәтте туған екен, ендеше оның болашақ
тағдыры – жауынгер, жаулап алушы тағдыры болмақ. Сондықтан да нәрестеге
жеңіліп қолға түскен дұшпан – Темучиннің аты беріледі. Көне монғол тілінде
ол ұста деген сөз болатын.
Ұлұн хатун Есугей баһадүрден тағы да үш ұл – Хасар, Хачиун, Темуге-
Отчигүин (Отчигин) және Темулүн есімді бір қыз табады. Есугей баһадүрдің
екінші әйелінен Бектер, Билүтай дейтін екі ұл туады.

Монғолдардың өзара қырқысуы және
Темучиннің жоғарлануы

Есугей баһадүрдің өлімінен соң іле-шала, 1167 жыл шамасында оның қол
астындағы тайпалар бірлестігі ыдырап кетті. Темучиннің әкесіне оның қол
астындағы тайпалар бірлестігі ыдырап кетті. Темучиннің әкесіне қарап келген
олардың үлкен бір бөлігі сол кезгі манғол тайпаларының ең күштісі тайшұт
тайпасы көсемінің туы астына ауысты.
Жетімдіктің жүгі ауыр. Қият тайпасының жаулары тайшұттар, меркіттер
және басқалары Есугей отбасының қонысына жиі-жиі шабуыл жасап, малын айдап
алып, Ұлұн, Темучин және оның бауыр-қарындастары орманға паналауға мәжбүр
боды. Шешелері кек алуды ғана ойлап, ұлдарына тайшұттардың бұларға қас
дұшпан екенін үнемі ескертіп отырды.
ХІІ ғасырдың соңғы он жылы Монғолия үшін қырқысқа толы жылдар болды.
Жекелеген нояндар мен тайпалар арасындағы сансыз соғыстар, әулетті
тайпалардың әлсіздерге қырғидай тиюі, барымта, тонау, тұтқынға айдап әкету
күнделікті дағдыға айналды. Ол ол ма, Монғол империясы заманында, ХIII
ғасырда Монғолияда үш рет болған парсы тарихшысы Жувейнидің сөзіне
қарағанда, көптеген монғолдар ол кезде талау мен тонауды, азғындық пен
маскүнемдікті ерлік пен артықшылық деп білген.
Айналасына бірнеше тайпаларды біріктірген Темучин тайшұттарға
қарсы жорық бастап,өзінің бағы жануына маңызды баспалдақ болған айта
қаларлықтай жеңіске жетеді. 1185 жылы Темучин монғолдың өзге екі көсемімен
одақтасып, меркіттерге қарсы жорық жасайды да, аса күшті меркіт
тайпаларының одағының тас-талқан етеді. Осы жеңіс Темучинді монғол
даласындағы үстем билік үшін таласып жүрген тайпаларда да қосыла бастайды.
1189 жылы өз қол астындағы тайпалар Темучинді хан сайлайды. Бірақ, шын
мәнінде ол әлі де болса Монғолияның шығыс бөлігіндегі билеушілердің бірі
ғана еді, оған бүкіл Монғолия бағынатын күн әлі алыс болатын.
Темучиннің аты керей ханының найман, меркіт және татарлармен соғысына
қатысуы арқылы дүрілдеп шықты. Әлемнің болашақ билеушісі сол керей ханының
бағыныштысы (вассалы) ретінде соғысты. Алайда бағыныштылық қатынас ұзаққа
созылған жоқ. Темучин өз ұлына әйелдікке керей ханының қызын сұрады, ал
керей ханы өз ұлын Темучиннің қызына үйлендіруді ойлайтын. Бірақ бұл қарсы
құдалық жүзеге аспады да, оның зардабы керей ханы мен Темучин арасының
жауығуына әкеліп соқты.
Темучин өз күш-қуатын арттыра отырып, 1203 жылы керейлерді тас-талқан
етіп жеңдіде де, келесі жылы оның 45 мыңдық әскері наймандармен меркіттерге
қарсы жорыққа шықты.
Меркіт пен найманның бір бөлігі Темучинге бағынды, қалғандары Ертістен
өтіп, батысқа, Дешті-қыпшақ (қыпшақ даласы-ХІ ғасырдан бастап шығыста Ертіс
батыста Днестр аралығындағы кең дала осылай аталған) жеріне қашты.

1206 жылғы Ұлы құрылтай

1204-1205 жылдардағы жорықтарда бұйырнұр татарларымен өзінің ең басты
жаулары – керей, меркіт, наймандарды тізе бүктіру арқылы Темучин жалпы
алғанда Монғолияның басты-басты тайпаларын өз қоластына біріктіруді
аяқтаған еді.
Сөйтіп, 1206 жылға қарай Монғолия бұрынғы толып жатқан тектіде тексіз
көсемдердің орнына тумысынан тегеурінді әміршіге, ақылды да айлакер,
деректердің айтуынша, мәселе найзаның ұшына тірелгенде, әмісе жеңіп
шығатын билеушіге ие болды. Оған қоса Монғол даласындағы Бұлғақ кезеңде
аяқталды.
Жеңістердің бәрін бекемдеп, Монғолиядағы ең басты тайпалардың
бірігуін заңдастыру қажет болды. Осы мақсатпен 1206 жылы Темучинді
жақтайтын Монғол ақсүйектерінің ұлы құрылтайы шақырылып, сол жиында ол
салтанатты түрде барлық монғолдың жоғары әміршісі болып жарияланды, сол
жиында оның өкіметінің сыртқы рәміздерінің бәрі түпкілікті белгіленіп,
мемлекетінің тәртібі тиянақталды.
Монғол мемлекетінің саяси өмірінде құрылтай үлкен роль атқарды; ол
ежелгі монғолдағы руластар бас қосатын отырыстан көшпелі монғол
ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысына айналған еді. Ғылыми әдебиетте
қалыптасқан құрылтай термині-монғолдың хурилтай, хурилта сөзінің аздыкем
өзгерген түрі.
Құрылтай ресми тұрғыда ірі соғыс жорықтарымен байланысты мәселелерді,
ішкі саясат мәселелерін шешетін өкімет билігінің ең жоғарғы органы болды.
Құрылтайда хан сайлау оның таққа отыру салтанаты өтетін. Хандық билік
дәстүрде халық игілігінің, қоғамдағы орнықтылықпен тәртіптің кепілі деп
қаралды. Хандық жоғарғы биліктің мәні орта ғасырлық деректемелерде жалпы
тұрғыдан сипатталды: хан қол астындағылар мен әскерге баласының қамын
ойлаған анасындай қамқорлықпен қарайды, ал олар билеушіге өздерінің
әкесі ретінде бағынып қалтқысыз қызмет етіп, оның өкіметін қолдау жолында
өмірлерін құрбан етуі тиіс.
Әрбір жек билеушінің билігі әдетте оның кісілік қасиеттері мен айбарлы
үкімінің қол астындағыларға әсер етуі арқылы айбарлы үкімінің қол
астындағыларға әсер етуі арқылы бағаланатын. Егер әмірші қаһарлы тұлға
болса, онда ол төнірегіндегілердің пікірімен санаспастан, соңғы кесімді
сөзді өзі айтатын.
Шын мәнінде, құрылтай қаған (хан) мен соның төнірегін топтасқандардың
бұрын қабылданған шешімдерін басшылыққа алуға және орындауға арналған
Шыңғыс ұрпағынңың, әскербасылардың және азаматтық әкімшілік
қайраткерлерінің жиналысы болып саналды және ол империя билеушісінің
билігін шектемейтін. 1259 жылдан бастап Мөнке қаған (Шыңғыс ханның төртінші
мұрагері) қайтыс болған соң жалпы моңғолдық құрылтай шақырылмады.
Шыңғыс ұрпақтарымен әскери-көшпенді ақсүйектердің съездері ұлыстарда
да шақырылды. Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай ұлысында, Орта Азияда
мұндай жиналысын түрікше той (той-томалақ, мейрам) деп аталатын және жыл
сайын өткізілетін. Ханның той (құрылтай) шақырудан бас тартуы қалыптасқан
дәстүрді бұзу деп есептелді және оған қарсы көтерілісті ақтайтындай негіз
болуы мүмкін еді. Тойға Шыңғыс ханның ұрпақтары, әскербасылар, облыстардың
билеушілері мен ақсүйек әйелдер жиналатын. Темучинге шаман Көкешу (Тәп-
Тәңірі берген Шыңғыс хан лауазымы оның бұрынғы есімін мүлде сызып
тастады. Лауазымға енген Шыңғыс (Ченгиз, Чингис) сөзінің мәніәлі күнге
анықталған жоқ. Ол түрік-монғолдың теңіз, мұхит сөзінен шыққан секңлді және
де Шыңғыс хан деген құрам Мұхит хан - Мұхитттың әміршісі, Әлемдік
хан ұғымын білдіреді.
Осы алғашқы жалпымонғолдық құрылтайда өкіметтің сыртқы рәміздері,
Шыңғыс хан мемлекетіндегі тәртіп, оның атауы бегіленді.
Жоғарғы билеушінің хан (патша) және (монғол тілінде – каан) деп атады.
Бастапқыда бұл терминдердің арсында айырмашылық болмады, тіпті кейін ол
сақтала бермеді. Сондықтан деректемелерде бір адам хан да, қаған да болып
аталады.
Шыңғыс хан монол сөзі мемлекеттің өміріне ресми тұрғыда енгізді.
өйткені ХІІ ғасырдың 60-70 жылдары қытай билеушілерінің дем беруінен
бұйырнұр татарлары монғолдарды тас-талқан етіп ж еңіп татар атауына
бағындырып монғол сөзі Монғолияның өзінеде жойылудың аз-ақ қалғанды.
Шыңғыс хан заманынан бастап монғол сөзі мемлекеттің (Еке монғол улус-
Ұлы Монғол мемлекеті) және әулеттің аталымында жаңама тіркес ретінде, ал
кейінірек тұтас халықтың аты ретінде қолданыла бастады. Алайда ол тек
Монғолияның өзінде және Орта Азияның (мұсылман деректемелерінде – н әрпі
қолданылмай моғол түрінде жазылады) бір бөлігінде ғана солай бекіді. Монғол
империясының батыс бөліктерінде Алтын Ордада немесе Жошы ұлысында монғол
сөзі қабылданбады, Алтын Орда халқы Еуропа пен орыс кітаби дәстүрінде
татарлар деп аталды.
Орыс деректемелерінде XV ғасырдан кейінде Алтын Орданың көшпелі
халқын татарлар деп атау одан әрі жалғасты, сондықтан орыстар үшін өздері
XV-XVI ғасырларда тікелей байланыста болған монғол аулетінің барлық түркі
мемлекеттері – Қазан, Астрахан, Қырым хандықтары және Сібір хандығы
(Ертісте осы күнгі Тобольск төнірегі) Еділ бойындағы (Қазаннан Астраханға
дейін), Қырыммен Батыс Сібірдің бір бөлігіндегі түркі тілдес халықтың өз
атауына айнала бастайды. Қырым, Еділ боымен Батыс Сібір татарларының
этностық негізін осы аумақта ежелден тұратан түркі тайпалары мен
қауымдастықтары құрады. Ресей Федерациясында тұратын осы күндегі
татарлардың шығу тегі Орталық Азияның ертедегі татарларының этностық
тарихымен айқындалмайды және олар мен тікелей байланыста емес. Мұны есте
сақтау және айыра білу қажет.
Шыңғыс хан өкіметінің айырым белгісінің бірі тоғыс шоқтықты үлкен
тұқтас ақ ту еді Шыңғыс ханның шығыстағы императорлық билігінің рәмізі-
қызыл немесе сары шатыры болды. Шыңғыс ханның ер-тоқымы мен ат әбзелдері
алтыннан жасалған айдарһарлардың шиыршықталған бейнелері мен әшекейленетін.
Шыңғыс хан мемлекетті құрудың бұрынғы дәстүрлеріне сәйкес армия мен
елді басқаруды бөліктерге – он қанатқа, сол қанатқа және орталыққа бөлді.
Монғолия 95 әскери-әкімшілік ауданға бөлінді,олар мыңбасы-ноян бастаған мың
сарбаздан шығаруға міндетті болды.Хан ордасында қызмет атқаратын және
империяда жеңілдікті әскери ақсүйектер жағдайындағы жеке ұлан (саны 10000
адамға дейін ) құрылған еді.Бұл ұланның құрамында ханның жеке басына
тікелей байланысты және әскердің ішінде ханның өзі жүргенде ғана жорыққа
шығатын арнайы полк (1000 адамға жуық )енетін.
Көне дәстүрлерге сәйкес,монғолдардың бүкіл әскері ( ондықтарға,
жүздіктерге, мыңдықтарға,он мыңдықтарға ),яғни түмендерге(қарақұрым
)бөлінетін.Қару ұстауға қабілетті еркек атаулының бәрі осы бөлімшелерде
қызмет атқаруға міндетті еді.
Шыңғыс хан әрбір іс-қимыл мен әрекеттерді ойланып істеуді нұсқай
отырып,армиядағы тәртіптің бұлжытпай сақталуын талап етті.
Сарбаздар халық арасында жүргенде,бейбіт уақытта бұзаудай жуас әрі
момын болуы керек,ал соғыста аш қырғи өз жемтігіне қалай шүйліксе,жауын
солай бүруі тиіс дейтін еді ол.
Шыңғыс хан арқылы мен күш-қуаты ғана емес, сондай-ақ өктем мінез-құлқы
және айрықша мақсаткерлікпен де ерекшеленетін. Алға қойған әлдебір
мақсаттың орындалуы оны тоқтата алмайтын, ол үнемі басқада биік мақсатқа
ұмтылатын. 1206 жылы хан тағына отырып Монғолияны біріктіріп іргесі берік
мемлекет құрған соң ол өзінің әскери талантын сыртқы жауларға қарсы
пайдаланды. Оған тағдыр бұл жолдада оң көзімен қарады. Шыңғыс хан өз
ғұмырында ірілі ұсақты көптеген жорықтармен шапқыншылықтар жасады.
Монғол дәстүрі бойынша жоғарыдан төменге дейін әрбір адам олжасы
қанша болса да оның оннан бірін ханға тарту ету үшін қалдыратын.
Осыдан 20-жылдан астам уақыттан соң Шыңғысхан өз өміріндегі соң,ы
жорыққа аттанды. Тағдырдың бұйрығымен бұл да Таңғұттандаға қарсы жорық
болды. Бұл жолы Шыңғыс хан сол жақта өз ажалына тап болды. Шындығында да,
тағдыр жебесіне қарсы тұрар қалқам болмайды екен.
Шыңғыс ханның оңтүстіктегі, оңтүстік-шығытағы және оңтістік-батыстағы
мәдениетті көршілеріне қарсы соғысы ұзаққа созылды. Монғолдардың Си Ся
(таңғұт) мемлекетін басып алуына 22 жыл, Цзинь әулетінің Чжурчжэн
мемлекетін алуға (солтүстік Қытай) – 23 жыл, оңтүстік Сунды (яғни бүкіл
Қытайды) басып алуына-44 жыл қажет болыпты. Шыңғыс хан Цзинь мемлекетімен
соғысуға мұқият дайындалды, қолындағы барлық әскери күшті жұмылдырды. 1211
жылығы наурызды Монғол әскері Шыңғыс хзанның өзінің басқаруымен Си Ся
таңғұт мемлекеті жағынан чжурчжэндер империясына батысынан басып кірді.
Монғол қолбасшысы Жебе басқарған қол шекаралық қамалдарды басып алып,
ел ішіне қарай сұғына ілгеріледі. Сол кезде Шыңғыс ханның ұлдары – Жошы,
Шағатай мен Үгедей Шаньси провинсиясындағы Ұлы қытай қорғанынан солтүстікке
қарайғы алты цзинь округін басып алды.
Чжурчжэндер шегінді де, үш-төрт жүз мың адамдық орасан көп әскерін
Ехулин жотасының баурайына шоғырландырылды. Монғолдар жетіп келісімен,
қырғын шайқас басталды. Жер қайысқан Цзинь армиясы талқандалды. Монғолдар
талқандалған арммияның ізінше Цзинь мемлекетінің ішкі аудандарына, ең
алдымен оның астанасына ұмтылды. 1211 жылғы күздің басында монғолдар Цзинь
әскеріне тағы бір елулі соққы берді. Бұл жеңіс Шыңғыс ханға Пекинге жол
ашты. 1211 жылғы қазан-қарашада монғол атты әскерінің алдыңғы шеріктері
чжур-чжэн императоры тұрған қазіргі Пекиннің іргесінде болды.
Алайда монғолдар жақсы бекінген қаланы қоршамай, Цзинь өңірінен кетті.

1211-1212 жылғы қысты Шыңғыс хан Монғолияда, дегенмен чжур-чжен
мемлекетінің солтүстік шекарасына жақын маңда өткізеді.
1212 жылғы көктемде монғол әскері шабуылды қайта бастап, Шыңғыс хан
ханның өзі және оның үш ұлы – Жошы, Шағатай мен Үгедей басқарған үш саппен
Цзинь еліне аттанды. 1212 және 1213 жылдары монғолдар бірқатар жеңістерге
жеткенімен, соғыс аяқталмады.
1214 жылдың басында Шыңғыс ханның өзі Пекин қабырғасының түбіне таяп
келді. Монғолдың барлық қолбасылары қаланы шабуылмен алуды өтінгенімен, хан
келіспей, шабуылдан бас тартты да, Цзинь императорына оның мемлекетінің
аумағын тастап шығатындығын және онымен бітім туралы келіссөз жүргізуге
қарсы еместігін хабарлады.
Шыңғыс ханың әскері қайтадан Солтүстік Қытайға аттанды. Монғолдар
дуалдармен қоршалған жүздеген Цзинь қаласын басып алды. 1215 жылы Пекин
алынып, Солтүстік Қытаймен астанасына айналды және Ханбалық атына ие боды,
бұл Ханның қаласы дегенді білдіретін.
1216 жылғы көктемде Шыңғыс хан Монғолияға Керуленнің жағалауында
(Монғолияның солтүстік-шығысындағы өзен) өзінің ордасына оралды. Олар
аттанып кеткен соң моңғолдар күйреткен Солтүстік Қытайдың үлкен бөлігіндегі
чжурчжэндер өз әкімшілігін қалпына келтіріп алды.
Бес жыл монғолдармен соғыстан соң солтүстік Қытай қандай күй кешті?
Шыңғыс ханға жіберілген Мәуераннахрдың (Сырдария мен Әмудария өзендерінің
аралығы) және іргелес облыстардың иесі хорезмшах Мұхаммед елшілігінің
басшысы бұл жайлы мәліметтер қалдырыпты. Елші Шыңғыс әлі Цзинь империясының
өңірінде жүрген кезде келген.
Жантүршігерлік күйреудіің ізі сайрап жатты; өлгендердің сүйектері
үйілген тауға ұқсайды, адам майынан топырақ былжырап кетіпті; шіріген
мүрделерден ауру тарауда... пекин қақпасы алдында сүйектердің үйіндісі
жатты.
Цзинь мемлекетінен жаулап алудың бюірінщі кезеңгі осымен аяқталды.
1216 жылдан бастап Шыңғыс ханның аңсары көбіне батысқа, Түркістанға ауа
бастағанын көреміз.
Цзинь империясымен соғысты жалғастыру қолбасшы Мұқалыға тапсырылды.
1217 жылы Шыңғыс хан оған го вон (князь лауазымы) атағын, Солтүстік Қытайға
соғыс жүргізу мен оны басқару құқығының грамотасы алтын мөрмен қоса
тапсырды; оған сондай-ақ салтанатты жеңіл күйме, тоғыз құйрықты ту, күміс
тақ берілді.
Мұқалы 1217-1220 жылдары Солтүстік Қытайда бірқатьар табысты ұрыстар
жүргізді. Алайда бардық жеңілістерге қарамастан, Цзинь империясы өмір
сүруін жалғастарды.
1222 жылы елу төрт жасында, Шыңғыс ханның Солтүстік Қытайды бағындыру
жөніндегі аманатын орындай алмай Мұқалы қайтыс болды.
Өлер адында інісі Дайсунге ол былай деді:
Мен мемлекетті құруға көмекші бодым. Ұлы істер атқардым. Сауыт-сайман
асынып, қырық жыл қолыма қару ұстадым. Шығысқа жорық жасадым, батаысты
бағындырдым. Бір нәрседен басқа ештеңеге өкінбеймін: Бяньцзинді
бағындырмадым. Осыны енді сен орында.
Алайда бұл міндетті ол да орындай алмады.
Цзинь империясының солтүстік бөлігінде монғолдардың билігі тек 1227
жылы жазда ғана орнықты, ал бүкіл империяныц бағындыруға Шыңғыс ханның
мұрагенрлері ғана қол жеткізді.
Қытайда жасалған жорықтардың бүкіл Монғол мемлекеті үшін орасан зор
маңызы болды. Соғыстан түскен олжаның көлемін мынадай фактілер сипаттайды:
цзиньдік қалалардың бірін алғаны үшін Шыңғыс хан қолбасшы Сүбедейге арба
толы алтын мен жібек сыйлаған екен. Алайда бұл жорықтардың негізгі нәтижесі
ол емес еді.
Монғолдар Қытайға сол кез үшін озық саналатын техникамен, әсіресе
соғыс техникасымен танысты.
Сонымен қатар Шыңғыс хан мен оның жорықтастары Қытайдан орасан көп
қару-жарақ, қорған бұзар машиналарын тасып әкетті, соғыс техникасын қолдана
да білетін, оны жасай да алатын, басқаларды осы кәсіпке үйрететін
инженерлерді тұтқынға алды. Шыңғыс хан – ақылды адам әрі алысты болжайтын
саясаткер болғандықтан, қолөнершілерді, суретшілер мен ғалымдарды бағалай
білді.
Қидандар мен қытайлықтардың монғол нәтижесі боды. Монғол жағына өткен
ұлтты әрқилы Цзинь жауынгерлері мен әскербасылардан қырық алты әскери
құрама құрылған екен. Осыдан соң Шыңғыс ханның армиясы көп ұлтты, көп
тайпалы басқыншылар мен тонаушылар ордасына айнала бастаған.
Түркістан, жалпы Түркі және стан – Түркілер елі дегенді білдіретін
парсы сөзі. Ол тарихқа жаңа дәуірдің VI ғасырдан алғаш рет енген халық аты
– түрік сөзінен шыққан. Түркістан сөзінің ең ерте аталуы 639 жылғы қағазға
жазылған құжатта көрінеді; ол – самарқандық қызды күңдікке сату жөніндегі
жиырма бес жолдан тұратын соғды тіліндегі хат. Құжат 628 жылғы қытай
құжатымен бірге 1969 жылы табылған. Екі мәтін де Тұрпанның (қазіргі Шыңжаң)
маңында орналасқан зират молаларының біріндегі адам жерленетін кешенінің
құрамына кіретін көмілген мүсіншінің ішінде болыпты.
Түркістан ұғымына әрқилы тарихи кезеңдерде әр түрлі географиялық
мағына берілді. Бастапқыда Түркілер елі, Түркістан Әмудария бойындағы
парсылар облысымен ьшектесетін жерлерді алып жатты.
ІХ –Х ғасырлардағы араб географтары Түркістанды Мәуереннахрдың
солтүстігі мен шығысындағы, аңырақ айтсақ, Әмудария мен Сырдария өзендері
аралығындағы мәдениетті облыстардан бастап солтүстік пен шығысқа қарай
Қытайға дейінгі дала деп қарастырды. Х ғасырдың соңынан Әмудария мен
Сырдария өзендерінің аралығына қайтадан түркілер мемлекетінің құрамына енді
де, арабтардың Мәуереннахры бірте-бірте Түркістанға айналды, с өйтіп
Әмудария қайтадан Түркістан мен Иран шекарасына айналды.
XVI-XVII ғасырларда шибанилер мен Жанирлер (аштархандықтар) билеген
тұста түркілер Әмударияның оңтүстігіне қарайғы – Балхтағы және одан шығысқа
және батысқа қарайғы облыстардағы халықтың көпшілігі болды. Соның
нәтижесінде Мұрғабтан Бадахшан шекарасындағы ел де Түркістан атанды.
Осылайша, жаңа заманда этностық парсылар мен ауғындықтар үшін Түркістан
батысында Каспий теңізінен, шығысында - Алтай мен Хамиға, Солтүстігінде –
Орал тауларының оңтістік сілемдері мен Тобылдан Оңтүстігінде – Копетдагқа
және Гиндикушқа, Куэнь-Лунға дейн негізінен түркі тілдерінде сөйлейтін
халықтар жайлаған елдер болды.
Еуропалықтар арасында Түркістан сөзін парсылар мен ауғандықтар бірінші
болып ағылшында меңгерді де, XVIII-XIX жүз жылдықтар тоғысында бұл сөз
тіркесін бұрын Батыс Еуропалықтар мен орыстар қолданып келген Ұлы Бұхария
және Кіші Бұқария атауларының орнына ғылыми географиялық терминология
енгізді.
Ұлы Бұхария терминінің шығуы Өзбек хандығының астанасы Бұхара атауымен
байланысты еді. Бұхараның саудамен атағы шыққан және XVI ғасырдан Шибан
әулеті билеген кезде (1501-1598) бастап Ресей мен Батыс еуропаға мәлім
болды. XVII-XVII ғасырларда орыстар және солардың үлгісімен Батыс
еуропалықтар Мәуереннахрдан шыққан барлық қалалықтарды, көпестермен қоныс
аударушыларды бұхаралықтар деп атады. Бұл термин Өзбек хандықтарының
аумағын қамтыған Ұлы Бұхарияға кері мағынасында Қашқарияға да телініп, оны
кіші Бұқария деп атай бастайды.
XIX ғасырдың екінші жартысында орыс Түркістан және Ауған Түркістаны
ұғымдары пайда болды. Орта Азияның бір бөлігі Ресей Империясына қосылғаннан
кейін патша өкіметі 1867 жылы құрған, орталығы Ташкентте Түркістан генерал-
губернаторлығын орыс Түркістан деп атай бастады. Саяси жағдайларға
байланысты орыс Түркістанның шекарасы біресе кеңейді біресе тарылды. XIX
ғасырдың екінші жартысында ауған мемлекетінің провинциясын құрған Мургаптан
Гиндукушқа дейінгі аумақ Ауған Түркістаны деп атала бастады. Екі терминнің
– ОрысТүркістаны мен Ауған Түркістанының тек әкімшілік қана мәні болды.
XIII ғасырдың басында қазіргі солтүстік Қазақстаннның кең жазирасында,
Ертістен батысқа қарай созылған өңірде, Дешті Қыпшақта көшпелі Қыпшақтар
қоныстанды. Қарақытайлар Гурханы империясы шығыс Түркістандағы ұйғырлар
облысынан Арал теңізіне дейінгі жерді алып жатты. ХІІІ ғасырдың 10-жылдары
осы аумақтың бір бөлігін монғолдың найман тайпасын билеген Күшілік билеп
алды, ал Жетісудың солтүстік бөлігі түрік – Қарлұқтардың билеушісі Арслан
ханға бағынды. Талас, Шу аралығы мен Ыстықкөл маңын қаңлылыр иемдеді.
Сырдария аңғарының қамал – қалаларымен оларға шектес аудандары, сондай – ақ
Мауреннахр және Иранның едәуір бөлігі Хорезм шах Алладин Мұхамедке қарады.
Монғолдардың шапқыншылығынан соң біз жаңа көріністі, жаңа саяси
құрылымдарды көреміз. Байқалдың төңірегінен, бұдан соң Ертістің
жағалауыннан Шыңғысхан ығыстырып шығыарған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғысханның билік басына келуі
Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық - саяси жағдайы
ХІІІ ғасырдың әлемдік деңгейдегі тұлғасы-Шыңғыс хан және оның заманы
Моңғолстанның құрылуы
Шыңғыс Хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері
Монғол империясының құрылуы
Қыпшақ дәуіріндегі Қазақстан
Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда
Қыпшақ мемлекетінің саяси-әкімшілік орталығы
Шыңғыс хан империясының хандық дәуірі
Пәндер