Оқытудың жаңа технологиялары


Жоспар:
Кіріспе 3
І Негізгі бөлім
1. 1. Оқытудың жаңа технологиялары. 5
1. 1. 1. Педагогикалық технологияның деңгейлері. 7
1. 1. 2. Педагогикалық технолгияның құрылымы. 8
І. ІІ. Даму көздері мен құрамдас бөліктері. 9
1. 2. 1. Педагогикалық технологияның топтамасы мен классификациясы. - 10
1. 2. 2. Жаңа технолгияны енгізу кезінде . . . 13
І. ІІІ. Модульдік оқыту технологиясы. 15
1. 3. 1. Модульдік оқытудың мақсаты мен идеялары. 16
1. 3. 2. Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің жүйесі. 17
1. 3. 3. Модульді құрастырудағы мұғалім іс-әрекетінің жүйесі. 19
1. 3. 4. Модульдік оқытудың құрылымы. 20
1. 3. 5. Мұғалім жұмысының алғашқы қадамдары. 23
І. ІV. Оқу модулінің кіріспе бөлімі. 24
1. 4. 1. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі. 28
1. 4. 2. Сөйлесу бөлімін құру қағидалары. 30
1. 4. 3. Сөйлесу бөліміндегі пікірталас түрлері. 34
1. 4. 4. Оқу модулінде оқушы қызметін бағалау. 35
ІІ. Эксперимент бөлім
ІІ. І. Өз тәжірибиемнен… 36
2. 1. 1. Модульдік оқыту технологиясының оқушы тұлғасына
және оны дамытуға ықпалын көрсететін кесте37
2. 1. 2. Модульдік технология бойынша сабақтың құрылымы. 39
2. 1. 3. Модулдік технология сабақта. 40
2. 1. 4. Тіл дамытудың тиімді әдістері. 49
Қорытынды бөлім 5
Қолданылған әдебиеттер
І Негізгі бөлім
І. 1. Оқытудың жаңа технологиялары
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте «Технология-бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б. Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісінде белгілі бір мақсат көздей отырып, әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта «бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым» дейді.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша педагогикалық технология дегеніміз - бүкіл оқыту үрдісі және бір-біріне өзара әсерін, білім берудің формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М. Кларин «Педагогикалық технология - бұл технологиялық мақсатқа қол жеткізу жолдағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазады№
Біздің пікірімізше, педагогикалық үрдіс технологиясы - мақсат мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің өазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұны, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талап секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушының тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімнің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжәрибесінің нәтижелігіне, жинақылығына ұтыиды әсер ететінде оқу-тәрбие үрдісінің басты күре тамырының рөлін атқарады.
Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылық пен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімді және оқыту мен тәрбиенің тиімділігін өамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ, мұғалімдер оны өз тәрбиелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын М. Потаншик ұсынған критерийлерін көрсете отырып, олардың кейбіреуіне талдау жасайық. Олар мыналар:
- Елдің, аймақтың, қаланың талап - тілегі мектепке әлеуметтік сұраныс;
- Мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар - мемелекеттік сұраныс;
- Қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
- Педагогикалық озат тәжірибе;
- Мұғалімнің, мектеп басшының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығамашылығы;
- Мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология барысында алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы, жүйелігі және тиімділігі ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты.
Оның құрылысына мыналар кіреді: а) тұжырымдық негізі; ә) оқыту мазмұндық бөлімі; б) үрдістік бөлім - технологтялық үрдіс.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:
- әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
- оқушының қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту;
- оқушының өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологияға ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологиясы кіреді.
Педагогикалық технолгия туралы еліміздегі практик ғалымдардың пікірлеріне де тоқтала кетуге болады.
Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тұдырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі /Монахов В. М. /.
Технология - дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі. /Чошанов М. /.
Педагогикалық технология - прктикада іске асырлатын педагогикалық жүйенің жобасы /Беспалько В. П. /.
Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз - белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Оқыту технологиясы - оқытудығ тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оұыту процесінде нақты жүйе қызметін атқарады /Селевко Г. /.
1. 1. 1. Педагогикалық технологияның деңгейлері.
Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады:
Жалпы педагогикалық - педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту прецесінің субъектілері мен объектілерінің ірекет алгоритмі кіреді.
Салалық /пәндік/ - бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локальдік /модульдік/ - жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; жаңа материалды меңгерту технологиясы; қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы.
Салалық /пәндік/ және локальдық /модульдік/ деңгейлеп оқыту әдісімен үндес, тек айырмашылық технологияда процессуалдық өлшемділік, сапалық және вариативтік - бағдарлық компоненттерге басым көңіл бөледі.
Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өндеуге болатындығымен ерекшеленеді.
1. 1. 2. Педагогикалық технолгияның құрылымы.
- концептуалдық негізі.
- мазмұндық бөлігі:жалпы оқыту мақсаты; нақты оқыту материаланың мазмұны.
- процессуалді бөлігі - технологиялық процесс:оқыту процесін ұйымдастыру; оқушының оқу әрекетінің әдістері мен түрлері; ұстаздардың оқу материалын меңгеру процесіе басқару әрекеті; оқу процесін диагностикалау.
Сонымен бірге, кез келгенпедагогикалық технология негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек.,
Методологиялық талаптар:
- болуы. Қандай технология болса да философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми тұжырымдымаға негізделуі тиіс.
- Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлық бөліктерінің логикалық байланыста болуы шарт.
- Басқаруға оңтайлығы. Диагностикалқ болжау жасауға, жоспарлауға, нәтижені өндеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі болуы керек.
- Тиімділігі. Білім беру стандартын қанағаттандыруы тиіс.
- Қайталауға жарамдылығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мүмкіндіктің болуы.
І. ІІ. Даму көздері мен құрамдас бөліктері.
Педагогикалық технологияның даму көзі мен құрамдас бөліктері болып:
- әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау;
- педагогика, психолгия, қоғамдық ғылымдар;
- отандық, шетелдік тәжірибелер, ескі мен жаңа;
- этнопедагогика болып табылады.
Әлемдік білім беру кеңістегіндегі педагогикалық технологиялардың ғылыми философиялық негізін мыналар құрайды:
Сциентизм - адамзат қоғамының мәдениет жүйесінде ғылым мен техника рөлін даралап бағалау.
Табиғаттәнділік - адамнығ табиғи мүмкіндіктерін ескеруді уағыздаушы көзқарас, адам мен табиғаттың үйлестігінбасшылыққа алу.
Гуманизм /ізгіліктік/ - әлеуметтік құбылыстарды бағалау өлшемі, адамның жағдайы, қоғам қағидасы - теңдік, әділеттілік.
Теософия - діни бағыттағы мектептердің негізі. Ол ұлттық педагогикадан терең тамыр алады, жастарды жақсылық пен жамандық аражігін ашуға тәрбиелейді.
Антропософия - адамның рухани құндылығын зерттеуші бағыт.
Прагматизм - тұлғаның интеллектуалды және адамгершілік сапалары, оның табиғи жаратылысы. Оның көрінуі тек даралық ерекшеліктеріне байланысты. Олар адамгершілік сапаларды қалыптастыру емес, табиғи берілген қабілетті дамытуды өзін-өзі реттеу жағдайының алғы шарты деп есептейді.
Экзистенциализм - адам өзін-өзі жасаушы деген ойды басшылыққа алу.
1. 2. 1. Педагогикалық технологияның топтамасы мен классификациясы.
Екі педагогика, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2 түрлі моделі дәстүрлі және инновациялық білім берудің салыстырмалы ерекшеліктері.
1. 2. 2. Жаңа технолгияны енгізу кезінде . . .
Педагогикалық технологияларды мынадай топтарға жинақтауға болады:
1. педагогикалық қарым-қатынасты демократиялыө және ізгілік негізінде
құру педагогикалық технологиясы:
- ынтымақтастық педагогикасы;
- ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы;
- адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі.
2. Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы:
- ойын сабақ технологиясы;
- проблемалық оқыту;
- модульдік оқыту технологиясы /М. М. Жанпейісова/.
- Шаталовтың тірк конспектосы негізінде оқыту технологиясы;
- Е. И. Пассовтың коммуникативтік оқыту жүйесі.
3. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы:
- Бағдарламалап /программалап/ оқыту;
- Дифференциалдап оқыту;
- Даралау оқыту;
- Ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері;
- Компьютерлік технология.
4. Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта ұндеу негізіне қарай құрылған оқыту технологиясы:
- Ірілендірілген дидактикалық бірліктер/Эрниев П. М. /;
- Мәдениет диалогы /В. С. Библер, С. Ю. Курганов/;
- Экология және диалектика жүйесі/Л. В. Тарасов/;
- Ақыл ой әрекетін сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы/М. Б. Волович/;
5. Табиғат тәнділік ұлттық пелагогика әдістерін пайдалануға негізделген оқыту технологиясы:
- Сауаттылыққа тәрбиелеу - Кушнир технологиясы;
- М. Монтиссори технологиясы.
6. Альтернативті оқыту технологиясы:
- Вальдорф педагогикасы /Р. Штейнер/;
- Еркін еңбек технологиясы /С. Френе/.
7. Кешенді политехнологиялар:
- «Школа самоопределения» /А. Н. Тубельский/;
- «Школа для всех» /Е. А. Ямбург/.
І. ІІІ. Модульдік оқыту технологиясы.
Модульдік оқыту технологиясы - оқушы өзінше мақсатты жеке бағдарламамен толық немесе бөлімдермен оқитындай етіп оқыту процесін өзгертеді қайта құрады.
Модулдік оқытудың «өзегі» оқу модулі.
Ол:
- ақпараттардың аяқталған блогынан;
- оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан;
- бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады;
модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік оқытудың басқа оқыту жүйелерінен ерекшелігі мен айырмашылығы:
- Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекелеген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып, онда тек оқылатын мазмұн көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгей де анықталады. Сонымен қатар оқушы мұғалімнен жқмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады.
- Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас түрі өзгереді. Ол модульдер арқылы, басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым-қатынас процесс арқылы жүзеге асады.
- Оқушы көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады, ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға, өзін бағалауға үйренеді.
1. 3. 1. Модульдік оқытудың мақсаты мен идеялары.
Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалдарын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге ұйрену.
- Модулдік оқыту іс әрекет принципіне негізделген; оқушының кейде ғана емес, жүйелі түрде іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі.
Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдануына жағдай жасайды, балаларжы өзін-өзі бақылау және бағалау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін өзі басқаратын рефлекстивті оқыту процесін қамтамасыз етеді.
- Модулдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген:
Егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптасының көмегімен орындайтын болса, дем беру, бағыт көрсету, онда оның жақын аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне көмегін тигізеді, өйткені ол бүгін балалардың көмегімен орындаған тапсырмаларды ертең өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, оқушы актуалды даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі деңгей бастау алады.
Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап оқу әрекетін әртүрлі формада жеке, топтық тұрақты жұптың және ауыспалы құрамда ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
- Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған.
Бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері: іс-әрекеттегі нақтылық логика, белсенділік және оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндіг, жеке жұмыстың қарқыны, нәтижелерді салыстыру аралық және қорытынды, өзін - өзі бақылау мен өзара бақылау -модулдік оқытуға да тән.
Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту процесін оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.
1. 3. 2. Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің жүйесі.
Модульдік бағдарлама жасаудағы мұғалім іс-әрекетінің жүйесі.
Бірінші қадам - оқу курсын жүйе деп қарастыру оқу мазмұнының алғашқы құрылымын анықтау:
- Мұғалім алдымен өзі, сонан соң әдістемелік бірлестік пен бірлесе отырып оқу пәнінің негізгі бағытын өзегін анықтайды.
- Келесі әрекет - әрбір өзекті бағыт бойынша әр сынып үшін оқу мазмұны таңдалады.
- Таңдалған материал кесте түрінде көрсетіледі. Мұғалім осылайша әр сынып бойынша, сыныптан сыныпқа ілгерілеуде өз пәнінің мазмұнынң көрнекті түрде елестете алады.
Екінші қадам - әрбір сынып үшін технологиялық карта жасалады. Мүмкін нұсқасын мысалға келтірейік кесте 1:
Әрбір параллель сыныптар бойынша құрастырылған технологиялық карта
Осы картаны жасау арқылы оқытудағы ерекшеліктер мен қиындықтар тұрғысынан мұғалім оқу мазмұның толық көре алады.
Үшініш қадам - модульдік бағдарламаны құру. Оның негізгі құрамдас бөлімдері - дидактикалық мақсат және бағдарламаның модульдер жинағы болып табылады.
- әрбір модульдік бағдарламаға ат беріледі, ол таңдалған үлкен тақырып немесе бөлімінің мазмұның ашуы керек.
содан соң үш деңгейдегі кешенді дидактикалық мақсат анықталып жазылады: алған білімнің тұлғаның рухани дамуына, өмірлік тәжірибесі мен өзнінің кәсіп таңдауына әсері, білімі, біліктілігі.
Төртінші қадам: кешенді дидактикалық мақсаттан интеграцияланған кіріктірілген дидактикалық мақсат бөлік алынады. Мұнда ақпараттардың аяқталған блогын көрсететін мазмұны іріктеліп, анықталған әрбір модуль үшін үш деңгейде мақсат анықталады, сөйтіп модульдер жүйесі қалыптасады.
Бесінші қадам: кіріктірілген дидактикалық мақсаттар жеке дидактикалық мақсаттарға жіктеу және модульді құрайтын оқу элементтерінің мазмұның қалыптастыру. Осының нәтижесінде мақсаттар «Ағашы өседі», /КДМ - кешенді дидактикалық мақсат, КИДМ - кіріктірілген, интеграциялық дидактикалық мақсат, ЖДМ - жеке дидактикалық мақсат/.
Алтыншы қадам: модульдің өзін құру.
- Модульді құру әрқашан кіріктірілген мақсатты анықтаудан басталады. Оны кестедегі оқу элементі ретінде «О» деп белгілейміз.
- Оқушылардың жұмысқа дайындығын анықтайтын алдынғы бақылау тапсырмалары беріледі.
- Барлық жеке дидактикалық мақсаттар анықталып, оқу элементтері құрылады. Оқу элементтеріне мақсат қою, оқушылардың іс-әрекет алгоритмі, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бақылау және түзету тапсырмалары кіреді.
- Тапсымалардың орындалу барысын қорытындылайтын модуль элементі - резюме мазмұны толтырылады.
- Соңғы бақылау тапсырмалары құрастырылады. Ол модуль мазмұнын меңгеру деңгейін анықтайды.
- Модуль материалы жинақтаудың құрылымдық - логикалық сызбасы мен құрастыруда оқушылардың жіберуі мүмкін қателері ойластырылады.
1. 3. 3. Модульді құрастырудағы мұғалім іс-әрекетінің жүйесі.
Модульді құрастыруда белгілі ұстанымдарды басшылыққа алу қажет.
- Жеке дидактикалық мақсаттар жиынтығы модульдің кіріктірілген мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Барлық модульдегі кіріктірілген мақсаттардын жүзеге асуы - модульдік бағдарламаның кешенді дидактикалық мақсатына әкеледі.
- Жүзеге асырылған кері байланыс - білімді меңгеру процесін бақылау және басқару негізі.
Мұнда алдынғы және соңғы бақылау мұғаліммен анағұрлым қатал жүргізілсе, ағымдағы және аралық бақылау (оқу элементтерінің тоғысуында) жұмсақ, өзіндік және оқушылардың өзара бақылауы түрінде өтеді.
- оқу және дидактикалық материал жеңіл, түсінікті, нақты, мәнерлі, диалогты түрде түсіндіріледі.
- Модульді тұрғызуда оқушылардың білімді меңгеру - қабылдау, түсіну, есте сақтау, қолдану, жинақтау және жүйелеу сияқты логикасы қатаң сақталады.
- Модуль құрылымы - сабақтың типіне сәйкес болады.
Бірінші қадам - модульдің кіріктірілген мақсатын анықтау.
Екінші қадам - сабақтың типіне қарай оқу элементтеріне бөлу.
Үшінші қадам - әрбір оқу элементтерінің мақсатын анықтау.
Төртінші қадам - әрбір оқу элементінің мазмұның анықтау.
Бесінші қадам - оқушыларға берілетін кеңестер мен нұсқауларды анықтау. Оқу элементінің (ОЭ) келесі түрі өте тиімді екенін тәжірибе дәлелдеген.
Оқу элементі /кесте 3/
Оқу модульдерін құру - тапсырмаларға, мұғалім мен оқушы әрекеттеріне қойылатын талаптар жүйесіне бағынышты. Тапсырмалар пәнішілік және пәнаралық байланыстын үздіксіздігін қамтамасыз етеді, олар: мазмұны мен танымдық деңгейі сараланған; проблемалар, проблеманы қою және оны шешуге бағыттайтын; білімді игеру механизмін көрсететін және қайталау материалын қосатын болуы керек және ол модуль мақсатымен кіріктіріледі. Оқушының іс-әрекеті оның жақын даму аймағында өтеді де, баланың өзін-өзі басқаруына бағыттайды, қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, әр сабақта оқушының рефлексивті қабілетін жүзеге асырады. Мұғалімнің іс-әрекеті түбегейлі өзгереді. Оның негізгі мақсаты - модульдік бағдарламаны, модульдерді құру. Сабақта ол ұйымдастырады, үйлестіреді, кеңес береді, бақылайды, модульдік оқытудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқытуды рефлексивті басқарады.
1. 3. 4. Модульдік оқытудың құрылымы
Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұнына:
- оқытудың жалпы мақсатын қою;
- жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруңа көшу;
- оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
- оқу әрекеттерінің жиынтығы /бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс/;
- нәтижені бағалау енеді.
Осының арқасында оқу процесі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.
Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқан педтехнологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына байланысты бір қатар өзгерістер енгіздік: балаларды оқытуға емес, тұлғалық - бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т. б. ұмтылдық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz