Алғашқы хандар


Моғолстан.
Моғолстан - ХІV ғ. ортасы - XVІ ғ. басында өмір сүрген, Орта Азияның солтүстік шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде, Шағатай ұлысы тарқаған соң құрылған мемлекет. Моғолстан мемлекеті де басқа мемлекеттер сияқты монғол империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болды. Аса зор, бірақ берік емес монғол мемлекетінің құрамында шаруашылық әлуметтік, саяси, мәдени - тарихи даму деңгейі өте әр түрлі, сан түрлі ұлттық топтар мекендеген аймақтар болған-ды.
Ауқыт өте келе бұл мемлекет шаруашылық және этностық негізіне қарай топтасқан феодалдық иеліктерге бөліне бастады. Бұған соғыстан кейін өндіргіш күштердің біртіндеп қалпына келуі, этностық процесте бірігушілік бетбағыттың күшеюі әсер етті. Жергілікті феодал ақсүйектердің мемлекет билігіне ұмтыла бастауы да өз ықпалын тигізді.
Моғолстандағы белді дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған ақсүйектер Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді жаңа мемлекеттің ханы етіп сайлады, сөйтіп ол Моғолстанда билеушілер әулетінің негізін салушы болды.
Моғолстан өмір сүрген бір жарым ғасыр ішінде оның шекарасы үнемі өгеріс үстінде болды. Ол батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыста Баркөл мен Хамин қалаларына дейін, солтүстікте Балқаш, Тарбағатай, Қара Ертістен оңтүстікте Қашқарияның егіншілік жазираларына дейін 7 - 8 айлық жол шегіне созылып жатты.
Моғолстан халқының кұрамында көптеген түркі және түр-кіленген монғол тайпалары: дулатТар, қаңлылар, керейлер, үйсіндер, т. б. болды. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халкынын құрамына енді, ал Тянь-Шань етегі мен Шығыс Түркістанды жайлаған бірсыпыра тайпалар қырғыз және ұйғыр халыктарын құрады.
Қоғамдық құрылысы және саяси тарихы. Моғолстанда мемле-кеттің саяси басшысы және жердің ең жоғарғы билеушісі хан болды. Мұнда да Ақ Ордадағы сияқты ақсүйектер жерді шартты түрде иеленді. Көшпелі аудандарда жерді қоғамдаса пайдаланды. Қолына малдың көбі шоғырланған ақсүйеқтер жайылымдардың да қожасы болып есептелді. Кейде жер иелері жайылымдарды қорған соғып, қоршапта алды.
Моғолстанның ақсүйектері мен қарапайым көшпелі халқынын арасында, сондай-ақ Қашқарияның отырықшы-егіншілерімен ара-сында келіспеушіліктер болып тұрды. Көшпелі ақсүйектер ханнан тұтас аймақты, қалаларымен, ол жерден салық жинау құқығымен сыйлыққа алғанда, отырықшы егіншілер де олардың билігіне кіріптар болып қалатын.
Қалалықтардан және отырықшы егіншілерден салықтын бірнеше түрі жиналды. Сондай-ақ халық әскери, қөліктік, еңбек ету, байланыс жасау міндеткерліктерін атқаруға тиіс болды. Жиі бұрқ ете қалатын соғыс пен ішкі талас-тартыс халық бұқарасының жағдайын ауырлата түсетін.
Мемлекет басқаруда ханға дулат таййасының әмірлерінен тағайындалатын ұлыс, бегі көмектесіп отырды. Хан қасында ақсүйектер кеңесі жұмыс істеді. Шенді адамдар мемлекеттің отырықшы-егінші аймағында көп кездесетін.
Моғолстанның саяси тарихы феодалдық соғыстарға, талас-тартысқа, көрші мемлекетгер тарапынан жасалған жорықтан қорғану әрекетіне толы болды. Әсіресе Темір шапқыншылықтары Моғолстанның титығына жетті. Алғашқы хандар Тоғылык-Темір (1347 - 1362 жж. ) мен Ілияс-Қожа феодалдық бөлшектеуге ұшыраған Мәуереннахрда Шағатай әулетінің билігін қайта орнатпақ боп әрекеттенді. Ал 70 - 80-жылдары кейінгі хандар Қызыр-Қожа, дулат әмірі Қамар ад-Дин, Енге төре және басқалары Темір басқыншылығына қарсы ұзақ та қажырлы күрес жүргізді.
Темір шапқыншылығынан қажыған Ақ Орда мен Моғолстан жауға карсы одақ жасасты. Бұл одақтың Шығыс Дешті-Қыпшак пен Жетісу халықтарының экономикалық, шаруашылық және басқа байланыстарын нығайта түсуде зор маңызы болды.
Темір шабуылдары титығына жеткен Моғолстан бөлшектеніп кетті. Қызыр-Қожа хан Темірге бағыныштылығын мойындауға мәжбүр болды. XV ғ. бірінші жартысында мемлекеттің феодалдык бөліктерге бөлінуі күшейе түсті. Темір әскері Жетісу мен Қашқарияға жыртқыштық жорығын жалғастыра берді.
Қызыр-Қожаның ұлы Мұхаммед хан (1408 - 1416 жж. ) тұсында жағдай біраз жеңілдеді. Оның билігі кезінде Моғолстан Темір ықпалынан құтылып, ПІу «лен Талас аңғарындағы біраз жерді кайтарып алуға қол жеткізді. Ішкі қырқыс та біраз толас тапты. Мемлекетті орталықтандыру үшін Мұхаммед хан Ісләмді табандылықпен күшейтті.
Моғолстанның шығыс жағынан ойраттардың (ортаазиялық деректерде оларды қалмақтар деп атайды) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан (1418 - 1428 жылдар аралығында елді билеген) олармен талай қанды шайқас жүргізді. Оған өзінің астанасын Түрпаннан Жетісудағы Ілебалыққа көшіруге тура келді.
Уәйіс ханнан кейін Моғолстанның құлдырау шегіне жеткендігі айқындала берді. Ішкі талас-тартыста Уәйіс ханның ұлы Есен-Бұғы (1433 - 1462 жж. ) жеңіп шықты. 50-жылдардың аяғында Жетісуға Шығыс Дешті-Қыпшақтан Жәнібек және Керей сұлтандар бастаған қазақтар көшіп келеді.
Моғолстанның әлсіреуі және бөлшектеніп кетуінің көптеген саяси және әлеуметтік-экономикалық себептері бар. Олар - елді тайпа ақсүйектерінің үлесті жерге бөлшектеп алуы, Шағатай ұрпақтарының арасындағы араздық, соғыстар, қара халықтың саясаттағы тұрақсыздыққа, шапқыншылық, тонаушылыққа наразылык білдіріп, жаппай көшіп кетуі, т. б. Жетісудагы түркі тілдес және туркіленген тайпалардың бірігу процесі қазақтың Үлы жузінщ қаяыптасуына жеткізді, ал бүкіл қазақстандық тайпалардың бірігуі - қазақ деп аталатын халықтың пайда болғанын букіл әлемге паш етті. Бұл да Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның жекешелен, Моғолстанның құлауына әкелген себептердің бірі. Моғолстанның соңғы билеушілері XV ғ. аяғы мен XVI ғ. бас кезінде елдін жағдайын нығаитуға ұмтылды. Алайда хандыққа талас елді одан әрі құлдырата түсті. Моғолстан күйреп тынды. Жетісудағы қазақ рулары мен таипалары 60-жылдары қүұрылған Қазақ хандығының құрамына енді.
Моғолстан мемлекеті ірі ұлттық топтардың қалыптасып, дамуына мүмкіндік жасау арқылы тарихта маңызды рөл атқарды.
Ноғай ордасы.
Ноғай ордасы Алтын Орда тараған кезде пайда болған мемлекеттік бірлестіктердің бірі. XIV - XV ғасырларда ол Батыс Қазақстанның бір белігін алып жатты. Жайық пен Еділ арасындағы бұл тайпалар одағы әуелде ең ірі тайпаның атымен "Маңғыт үйі" деп аталды.
Ноғай ордасының бөлектенуі Алтын Орданың ірі қайраткері Едігенің кезінде басталған болатын. Едіге Алтын Орданы 15 жылдай (1396-1411 жж. ) биледі. Ол Тоқтамыспен соғысты, феодалдық қақтығыс, тартыстар кезінде Ноғай ұлысын күшейтуге ұмтылып, Алтын Орданын кейінгі хандарын сайлауға ықпал жасады. Едіге 1419 ж. қаза тапты. Ноғай ордасы Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440 жж. ) билеген тұста күшейіп, Алтын Ордадан біржолата бөлініп шықты.
Ноғай ордасының шекарасы, басқа да көшпелі мемлекеттердегі сияқты, сырткы саяси жағдайына байланысты өзгеріп отырды. XV ғ. екінші жартысына қарай ноғайлар Оралдың солтүстік жағалауына жетіп, Әбілхайыр хандығының жайылымдарын тартып ала отырып, шығыс пен оңтүстікке қарай жылжи бастады. Сырдария қалалары мен Орта Азияға шабуылдап жүрген Әбілхайыр ноғайлардың жолына тосқауыл болған жоқ. Ол ноғайлар өзінің кол астындағы көшпелі-лер қатарын толықтырады деп есептеді. Ноғайлардың жайлауы солтүстік-шығыста Сібірге дейін жетті (қазіргі Түменнің көп жері Ноғай даласы деп аталды), оңтүстік-шығысында олар Сырдария мен Арал теңізінің бойында көшіп-қонып жүрді. Ноғай билеушілері - манғыт Уаққас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т. б. Әбілхайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға көмектесті. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен біресе жауласып, соғыс ашып, біресе татуласып, одақ құрып, қатар өмір сүрді.
Ноғай ордасы халқының этностық құрамы түркі халықтарының қалыптасуы аяқталғанға дейінгі Ақ Орда және Әбілхайыр хандығының халқына ұқсас болды. Ноғай ордасына маңгыттар, қыпшақтар, қаңлылар, қоңыраттар, наймандар, уйсіндер, қарлуқтар, қытай, аз (ас), алшын, тама, т. б. түркі және түркіленген монғол тайпалары мен тайпалық одақтары енді.
Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды. Оған енген тайпалар XV ғ. аяғына қарай қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Олар XV ғ. екінші жартысында пайда болған "ноғай" атауымен көрші халықтарға танылды.
Қоғамдық адрылысы. XIV - XVI ғасырлардағы ноғай мемлекетінде басқа да көшпелі хандықтардағы сияқты, ертефеодалдық қатынастар қалыптасты. Сонымен қатар патриархаттықрулық қоғамның белгілері де сақталды. Қоғамдық топтың жоғарғы сатысында князьдер, хандар, мырзапар, сұлтаңдар, байлар тұрды. Олар ордаларды, ұлыстарды, ауылдарды басқарды, тайпаластары үшін барлық экономикалық мәселелерді шешуге міндетті болды. Ноғай ақсүйектерінің байлығы негізінен табын-табын жылқы, түйе, қой, ірі қарамен есептелді. Жерге қоғамдық меншік болғанымен көші-қон, жайылым, аңшылық орындарына солар иелік жасады. Ноғай ордасында ұлыстық билеу және басқару жүйесі сақталды. Ордадағы князьдің әскери, елшілік, әкімшілік билігі мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Орда көптеген рулық-тайпалық топтардан құралған бірнеше ұлыстардан тұрды. Ұлыс билеушісі мырза өз иелігінде шексіз билік жүргізді. Қарапайым көшпелі малшылар өз мырзасымен бірге кешуге, алым-салық төлеуге, жорық кезінде қару-жарағымен дайын тұруға міндетті болды. Орда 300 мындай жауынгер шығара алды. Көрші елдерге жаулаушылық соғыстар дала ақсүйектеріне үлкен олжа түсіріп отырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz