Зерттеудің жетекші идеясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

КІРІСПЕ
1. М.ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ТӘЛІМДІК МҰРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 М.Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог – ағартушы ретінде
қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық – әлеуметтік жағдайлар
1.2 М.Дулатұлының тәлімдік мұрасындағы мәдени – ағартушылық идеялар
1.3 М.Дулатұлының шығармаларындағы мәдени құндылықтар

2. М.ДУЛАТҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕР
2.1

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамда болып жатқан тарихи-әлеуметтік
өзгерістер бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді.
Жылдар бойы саяси идеологияның ықпалынан мұрағат қорында сақтаулы жатқан
рухани мұраға бүгінгі жариялылық заманда оң көзқараспен қарап, ғылыми
дәйекті таңдаулар жасауға мүмкіндіктер туып отыр. Ұлттық мәдени мұраға
демократиялық-гуманистік көзбен қарап, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тиімді
пайдалану мәселелері Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан
Республикасы “Білім туралы” Заңында, Қазақстан Республикасы “Білім”
мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында,
Қазақстан Республикасы “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан
Республикасында Білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында
негізгі орын алады.
Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 жыл “Жалпы ұлттық татулық
және саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы”, 1998 жыл “Халық
бірлігі мен ұлттық тарих жылы ”, 1999 жыл “Ұрпақтар бірлігімен сабақтастығы
жылы” жарлығына сәйкес республикада көптеген іргелі жұмыстардың атқарылғаны
мәлім. Ал, ел Президентінің 2001 жылды “Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігіне 10 жыл” деп атауыда халқымыздың ұлттық рухани мәдени
мұраларға деген құрметі деп білеміз . Сонымен қатар жалпы ұлттық
татулықпен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және халық бірлігімен
ұлттық тарих жылдарында жүргізілген жұмыстарда да бұл мәселелерді одан әрі
жалғастыру көзделді.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясаты
тұжырымдамасында; “Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі туған
жеріміздің тарихында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мол қазыналар идеялар
мен бастамалар негізінде құрылып, түрік этностарының ортақ мәдени
мұраларын, қазақ халқының рухани және адамгершілік дәстүрлерін, елімізді
мекендеген этностардың мәдени күш қуатын, әлемдік өркениет жасаған
қазыналарды тұғыр етуі тиіс”, деп атап көрсеткендей бүгінгі жас ұрпақты
рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселелері мектеп,мектеп-гимназия,
лицейлердің оқу-тәрбие үрдісінің алдында тұрған негізгі міндеттері болып
табылады.
Біз зерттеуімізге нысана етіп алып отырған ХХ ғасырдың басындағы
тарихи тағылымдар арқылы оқушылардың бойында мәдени құндылықтарды
қалыптастыру мәселелеріне арналған ғылыми зерттеу жұмыстары көптеп
табылады. Жеке тұлғалардың тәлімдік мұраларындағы ағартушылық және
педагогикалық мүмкіндіктер Т. Тәжібаев, Сытдыков, А. Көбесов, К.
Құнантаева, І. Халитова, К. Шаймерденова, Р.Көшенова,А. Құдиярова,
З.Көккөзова,Х. Шалғынбаева, А.Тұрсынова, К.Ибраева, С. Садуақасова,
С.Баймуратова, М.Ахметова, Б.Иманбекова, Р.Усенбаева, Н.Туебекова, Ж.Божинг
және басқа ғалымдардың еңбектерінде жан- жақты қарастырылған.
Ал, М. Дулатов мұрасының қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, математика
және т.б ғылым салаларының дамуына қосқан үлесі орасан зор. Оның
маңыздылығы туралы тарих ғылымы саласы бойынша М. Қойкелдиев,Ж. Қасымбаев,
К.Нүрпейсов, М.Қозыбаев, Е.Қуандықов, Ж.Ошақбаева, филология ғылымы саласы
бойынша С.Бейсембаев, Х.Мұханбедханов, Р. Бердібай,Т. Кәкішұлы,
Р.Нұрғалиев, Ш.Сәтбаева, Ү.Субханбердина, Р.Сыздықова, С.Сейтов, Д.Ысқақ,
О.Хасан, журналистика саласы бойынша Т.Қожакеев, Н.Омаш, жазушы ақындар,
Д.Досжанов, Қ.Сәрсекеев, С.Тұрғынбеков,О. Қауғабаев, өнер саласы бойынша
І.Жақанов, С.Мақпырұлы, Қ.Болатбаев, математика ғылымына қосқан үлесі
туралы Т.Оспанов, Ж.Қайынбаев, және т.б ғылыми зерттеу еңбектерімен
көптеген мақалалары бар. Ал, педагогика ғылымы саласы бойынша
Б.Қ.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, А.Қ.Құсайынов, Қ.Ж.Қожахметова,
Ш.Таубаева, Ш.Джанзақова, Р.Дүйсембінова, Қ.Бөлеев, К.Елікбаев, т.б
еңбектерінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ұлттық мәдени мұралармен бірге М.
Дулатовтың педагогикалық және психологиялық мұрасына да тоқталды.
М. Дулатовтың еңбектеріне жекелей арналған диссертациялық жұмыстар да
баршылық. Мәселен, М.Дулатовтың мұрасын зерттеуге алғаш қалма тартқандардең
бірі –М. Әбсенетов. Оның 1991 жылы . “ХХ ғасырлардың басындағы тарихи
-әдеби процестегі М.Дулатұлының шығармашылығы” атты филология ғылымы
бойынша кандидаттық диссертациясы жазылып, қорғалуы қазақ елінің қорғалуы
қазақ елінің тәуелсіздігі мен жариялылығының алғашқы бастау кезеңі еді.Ал,
Ж.Т. Өміржановтың “Міржақов Дулатовтың прозасы”атты филология ғылымы
бойынша кандидаттық диссертациясында ғұламаның прозалық шығармалары бүгінгі
күн тұрғысынан зерделенді. Ол М.Дулатов прозасының ХХ- басындағы қоғамдық
санаға үлесіне тоқталады.
С.Иманбаеваның тарих ғылымы бойынша жазылған “М.Дулатовтың өмірімен
саяси-әлеуметтік қызметі (1885-1935)” атты диссертациясында ғұламаның қазақ
тарихының алатын орны және оның ұлттық тарих ғылымының дамуына қосқан
іргелі үлесі тарихи тұрғыда талданылып, қарастырылды.
Сонымен қатар Жапон ғалымы Томихико Уямоның Токио университетінің
ғылыми кеңесінде қорғаған “ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенттерінің
көзқарастары:Міржақов Дулатовтың “Оян, қазақ!”кітабы туралы” кандидаттық
дессертациясы М.Дулатовтың шығармаларының тарихи маңыздылығының тағы бір
қырын көрсетеді. Ғұламаның “Оян,қазақ!” кітабы тек қазақ халқының ғана
патриоттық рухын оятып қоймай, сонымен қатар шетел халықтарының да рухани
танымдық қасиетін қалыптастыруға бүгінгі жағдайда игі ықпал етіп отырғанын
жоғарыдағы зерттеу бойынша қалам тартқан белгілі тарихшы ғалымдар
К.Нүрпеисов, А.Бөкен, С.Маметтер күншығыс елінде қазақ зиялылары туралы
қорғалған тұңғыш диссертация ретінде де халқымыздың мақтанышы болып
табылады деп ерекше атап өткен болатын.
Б.М. Қосановтың “Қазақ бастауыш мектебінде математиканы оқыту
жөніндегі ғылыми- әдістемелік ой- пікірлердің қалыптасуы мен дамуы” атты
кандидаттық диссертациясында ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін математика
пәнінің оқыту мәселесіне қосқан үлесіне ғылыми талдау жасады.
Гүлнәр Міржақыпқызының әкесі туралы жазған “Шындық шырағы” атты екі
томдық мемуарын “Міржақыптану” ғылымына қосқан іргелі де елеулі еңбек деп
білеміз.
Алайда, М.Дулатовтың еңбектеріндегі саяси-әлеуметтік аспектілері
тұрғысынан арнайы терең зерттеу жасалған емес. Бұл оның мұрасын бүгінгі оқу-
тәрбие үрдісінде пайдалану жөніндегі қарама-қайшылықты көрсетеді. Оның
үстіне бүгінде қоғамдық тәрбиедегі идеологиялық сананың айқындалмауы
салдарынан мәдени жаһанданудың ықпалымен батыстық бисаясаттық, аморальдық
бейнелеуге көзсіз елестеушілік етек алып отырған кезде оқушы жастарды озық
мәдениет үлгілерімен қаруландырып, шынайы отан сүйгіш азамат етіп
тәрбиелеудің қажеттігі күннен-күнге артуда. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан
тәлімдік мұраны жеке тұлғаны қалыптастыру үрдісіне пайдаланудың бүгінде
айрықша қызмет атқаратынын ескере келіп, М.Дулатовты шығармаларына арнайы
назар аударуға тура келеді. М. Дулатовтың ұлттық идеологияға негізделген
педагогикалық мұрасы бүгінгі жас ұрпақтың бойына адамгершілік құндылық
қасиеттерді қалыптастыруда пәрменді құрал болатындығы сөзсіз. Сонымен
М.Дулатовтың атына қалдырған ұлттық тәлімдік мұрасын жан – жақты зерделеу
нәтижесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстың тақырыбын Міржақов Дулатовтың
шығармаларындағы саяси-әлеуметтік аспектілері деп алдық.
Зерттеудің мақсаты:
М.Дулатовтың тәлімдік мұрасына ғылыми- теориялық тұрғыда сипаттама
бере отырып, оның еңбектеріндегі саяси-әлеуметтік аспектілерді талдау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
егер М. Дулатовтың тәлімдік мұрасына теориялық тұрғыда талдау жасап,
мәдени құндылықтарын айқындап, оны оқу тәрбие үрдісінде пайдаланудың
мүмкіндіктері анықталса, онда бойында ұлттық құндылықтардың игі қасиеттері
дарыған тұлға қалыптастырады, өйткені М. Дулатовтың тәлімдік мұрасы
мәдениетті ұрпақ тәрбиелеудің пәрменді құралдарының бірі болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
-М.Дулатовтың қоғам қайраткері және педагог- ағартушы ретінде
қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық- әлеуметтік жағдайларды анықтау;
- М.Дулатовтың тәлімдік мұрасындағы саяси-әлеуметтік аспектілерді
айқындау;
-М.Дулатовтың тәлімдік мұрасындағы мәдени құндылықтарды жүйелей
отырып, тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау;
-“М. Дулатов мұрасы ” атты арнайы курс бағдарламасы мен әдістемесін
жасап, оны тәжірибелік- эксперимент барысында сынақтан өткізу, нәтижесін
анықтау.
Зерттеудің жетекші идеясы:
М.Дулатовтың тәлімдік мұрасы мен ағартушылық қызметін ғылыми-
педагогикалық тұрғыда пайымдай отырып, оның еңбектеріндегі саяси-әлеуметтік
аспектілерді қарастыру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері:
жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға байланысты тарихи-
диалектикалық даму заңдылықтары, мәдени-әлеуметтік, көркем-әдеби,
педагогикалық, психологиялық компоненттердің өзара байланысы мен әсері,
Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы “Білім туралы”
Заңы, Қазақстан Республикасының “Білім” мемлекеттік бағдарламасы, Қ.Р Білім
беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.
Зерттеу көздері:
ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар және одан
кейінгі қазақстандық, шетелдік және қазіргі ТМД елдеріндегі ғалымдардың
тәлімдік ғылыми-зерттеу еңбектері; М. Дулатовтың өзінің еңбектері;
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатындағы және Қазақстан
Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар
қорындағы материалдар.
Зерттеу әдістері: тарихи педагогикалық еңбектерге, мұрағаттағы іс-
қажаттарға сирек кездесетін қолжазбаларға тарихи-салыстырмалы талдау жасау,
қорыту, ғұламаның мұрасы негізінде оқушылармен сауалнамалар, тест жүргізу,
арнаулы курс өткізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- М. Дулатовтың қоғам қайраткері және ағартушы- педагог ретінде
қалыптасуына ықпал еткен жағдайларға ғылыми теориялық тұрғыда
сипаттама берілді;
- М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығының кезеңдеріне байланысты
жіктемесі жасалынды:
- М. Дулатовтың тәлімдік мұрасындағы саяси-әлеуметтік аспектілері
- М.Дулатовтың тәлімдік мұрасындағы мәдени құндылықтар жүйесі алғашқы рет
айқындалып , тұлға мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық үлгісі
әзірленді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- М. Дулатовтың тәлімдік мұрасын бүгінгі мектептердің оқу- тәрбие
үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды:
- М.Дулатовтың мұрасы атты арнаулы курс бағдарламасы және әдістемесі
жасалды .
Зерттеу базасы: Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Арқалық қаласы,
Абай Құнанбаев атындағы №6 профильді орта мектепте жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі: тарихи, әдеби мұрағат және
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен
қолжазбалар қорларындағы материалдарға ғылыми сипаттама берумен, М.Дулатов
мұрасын білім беру ісінде пайдаланумен қамтамасыз етілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың көкейкестілігі,
зерттеу жұмысының мақсат, нысаны, пәні, болжамы мен міндеттері, әдіснамалық
негізі, жетекші идеясы, зерттеу әдістері, кезеңдері, оның ғылыми жаңалығы
мен практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу
нәтижелерінің дәлдігі, тәжірибеге енгізілуі қарастырылды.
М. Дулатовтың тәлімдік мұрасының ғылыми- теориялық негіздері атты
бірінші бөлімде М. Дулатовтың қоғам қайраткері және педагог – ағартушы
ретінде қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар баяндалды.
Сонымен қатар М. Дулатовтың тәлімдік мұрасының ерекшеліктеріне ғылыми –
теориялық тұрғыда сипаттама берілді. М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы
кезеңдеріне байланысты жіктеледі. ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық
ойлардың даму тарихына талдау жасай келе , сол кезде өмір сүрген зиялы
қауымның педагогикалық мұраларындағы идеялық үндестіктер талданып ашылды.
Әсіресе, Алаш партиясының саясаттағы және оқу-тәрбие мәселелерімен
байланысты қызметтері дәйектілікпен көрсетілді.
М.Дулатовтың тәлімдік мұрасындағы мәдени-ағартушылық құндылықтар
сараланып, жинақталып жүйе ретінде ұсынылып, тұлға мәдениетін
қалыптастырудың құрылымдық үлгісі жасалды.
М.Дулатұлының шығармаларындағы саяси-әлеуметтік аспектілер атты
екінші бөлімде М.Дулатовтың мұрасындағы саяси-әлеуметтік аспектілер және
мәдени-ағартушылық құндылықтарды пән сабақтарында және сыныптан, мектептен
тыс уақыттағы іс-шараларды пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылды. М.
Дулатов мұрасының мектеп оқулықтарында қамтылуына талдау жасалынды. Сонымен
қатар М. Дулатовтың тәлімдік мұрасындағы педагогикалық ой-пікірлер
жинақталған “М.Дулатов мұрасы” атты арнаулы курс бағдарламасы мен
әдістемесі даярланып, эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тұлға
мәдениетін қалыптастырудың нәтижесі қорытындылады.
Қорытындыда ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижесі қол жеткен
жетістіктері бойынша тұжырымдалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар ұсынылды.
Қосымшада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұрағатында
сақталуы құжаттардың көшірмесі, тест сұрақтары мен мектеп оқушыларының
шығармашылық жұмыстары берілді.

1. М.ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ТӘЛІМДІК МҰРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 М.Дулатұлының қоғам қайраткері және педагог – ағартушы ретінде
қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық – әлеуметтік жағдайлар

Еліміздің егемендік алып, ұлттық тарихымызды шынайы зерттеуге жол
ашылуы “ақтандақтақтарымыздың” тарихын зерттеп, оның нәтижесін бүгінгі
ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға мүмкіндік туғызды. Әсіресе,ХХ ғасырдың басында
саясаттың салдарынан зерттелінбей келген ұлттық тәлімдік мұра халқымыздың
теңдесі жоқ байлығы болып табылады.
ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ой- пікірлердің дамуы ұлттық
мәдениеттің негізін қалаған м. Дулатовтың ағартушылық идеяларынан, саяси-
қоғамдық көзқарастарынан , қайраткерлік іс- әрекеттерінен өрбитінін
байқаймыз. Ағартушылық қызметтің ұлт қамы,ұлттық білім беру және алдыңғы
қатарлы елдрдің білімін меңгертуге арналған, бар ғұмырын халық мүддесін
сарп еткен М. Дулатовтың артына қалдырған мәдени- ағартушылық еңбектері
баға жетпес құнды мұра.
“Қазақ” атты алаш азаматтарына арналған еңбекте М. Дулатов туралы:
“Дулатов Міржақов(1885-1935 жж.)-ақын, жазушы, журналист, ағартушы-педагог,
қоғам қайраткері” деген сипаттама берілген. Осындай ұлы қоғам қайраткері,
педагог- ғылымының дүниеге көзқарасының қалыптасуына нелер және қалай әсер
етті деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап М. Дулатов өмір сүрген
кезеңдегі қоғамдық- әлеуметтік жағдайларымен байланыстыра қарастырылады.
М.Дулатовтың қоғам-қайраткері, педагог-ағартушы ретінде қалыптасуына
ықпал еткен қоғамдық,- әлеуметтік жағдайларды айқындау үшін оның өмірі мен
шығармашылығы балалық шақ, шәкірттік, кемелдену, қайраткерлік және өмірінің
соңғы кезеңдеріне байланысты жіктелініп, әр кезеңдерді қамтитын мерзімі,
сол кезеңдегі басты уақиғалар оның шығармаларындағы көріністері, тұлға
ретінде қалыптасуы сараланды. (Кесте-1).
М.Дулатов туралы жарияланған еңбектер мен зерттеу материалдарына шолу
жасай келе, оның саяси және қоғам қайраткері, ағартушы ретінде әлемге аты
әйгілі болғаны байқалады. Оған дәлел Жапон ғалымы Томихико Уямонның “ХХ
ғасырдың басындағы қазақ интеллегенттерінің көзқарасы: М.Дулатовтың “Оян,
қазақ!” кітабы туралы” атты диссертациясы Жапон халқының патриоттық рухын
оятуда негізгі тәрбие құралы ретінде ұсынылып отырғаннан көруге болады.
Томихико Уямоның “Оян, қазақ!” кітабы туралы “М.Дулатов “Оян,
қазақ!”кітабында патшаны аллегориялық формада санады. Жерінен айырылған
қазақтардың аянышты халі М.Дулатовты мұңға батырды. Сонда да ол ұлтаралық
наразылықты қоздырған емес, керісінше қоныс аударып келгендердің
(қарашекпенділердің) еңбек сүйгіштігін жоғары бағалады. Ол қазақтардың
қазіргі өркениеттен Россия арқылы жететініне сенді ”,- деп, М.Дулатовтың
болашақты алыстан көретін данышпандығы мен интернационалдық көзқарасын ашып
көрсетті.
“Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, пайдалан шаруана жараса алаш!”
деген ұстанымнан айнымай өткен А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов
т.б зиялылар М. Дулатовтың ұлттық-саяси көзқарасының қалыптасуына, тікелей
ұлттық оқу-ағарту, білім беруді дамыту істеріне белсене араласуына себепші
болды.

Кесте 1. М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылық кезеңдері

рсӨмірінің Мерзімі Сол кезеңдегі оқиғалар Шығармала-рынТұлға
кезеңдері дағы көрінісіретінде
қалыптасуы
1 2 3 4 5 6
Балалық 1885 ж. М.Дулатов Торғай уезінің Өмірге деген
шақ 2 қарашаСарықопа деген жерінде көзқарасты
туған. қалыптаса
бастады.
Міржақып 2 жасында
анасынан айырылады.
Қоғамдық қатынасты
түсінген әкесі
Міржақыптың жан-жақты
білім алуына мүмкіндік
жасады.
Шәкірттік 1893 ж. 8 жасқа келгенде әкесі
кезеңі ағайындарының баласын
қосып, татар молданы
жалдап оқыттырады.

1895 ж. Екі жылдан соң жаңадан
ашылған ауыл мектебіне
түсіп, қазақша-орысша
сауатты Мұқан Тоқтабаев
деген мұғалімнен білім
алады. Міржақып 12 жасқа
толғанда әкесі қайтыс
болады.
1897-190Міржақып Торғайдағы 2 Ауыл
2 ж.ж. кластық орыс-қазақ мұғалімі
училищесіне түсіп, ауыл реітнде
мұғалімі деген атақ алып саяси сана
шығады, бұл білімді місе сезімі ояна
тұтпай, көп ізденеді. бастады.
Ағасы Асқардың
ықпалынан, ол ерте
есейіп, жеке тұлға
ретінде қалыптасты,
саяси санасы, қозқарасы,
белсенділігі бала кезден
жетілді.
Әсіресе, баспасөз
бетіндегі зиялы қауым
өкілдері А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов еңбектерін
оқы зерделенеді.
Кемелдену 1902-190Мұғалім болып бала 1907 ж. Қоғамдық –
кезеңі 9 ж.ж. оқытады. Міржақыпты Серке әлеуметтік
жатса да, тұрса да газетінің белсенділігі
халқының, ұлтының 1-санында қалыптасып,
болашағы толғантады. Жастарға, іс-әрекет
Сахарада көшіп-қонып малал Біздің түрінде
бағып, қыс күйлі, жаз мақсатымыз мерхіді
жайлы болудан басқа атты мақаласыбасылымдарда
тілегі жоқ, бейқам 2-санында жарияланды.
жатқан қараңғы еліне Қазағым
қарлығаштың қанатындай менің, елм Саяси
су сеуіп, көңіліне сәулеменің деген санасының
шашуды мұрат тұтады. эпиграфпен жетілуіне
Қазан қаласында жарияланды. ықпал етті.
М.Дулатов есімін күллі 1909ж. Оян,
қазаққа танытқан қазақ! Саяси
Оян,қазақ! жинағы жинағы шықты.белсенділігі
шықты. Сол үшін патша артып,
үкіметі тарапынан көзқарасы
қудалануға ұшырайды. қалыптасты.
Жас Азамат газетін
шығаруға ат салысты.
Айқап журналының
даумына күш салды.
Серке газетінің
негізін қалады.
1910 ж. Жазушы,
1910-191Қуғын-сүргінге ұшырап, Бақытсыз журналист-ре
3 ж.ж. Қызылжарға кетті. Жамал волюционер
Қызылжардан Семейге романын реітнде
келеді. Сонда ұсталып, жазды. көріне
жыл жарымнан артық 1913 ж. бастады.
абақтыға жатып шығады. Азамат
Орынбор қаласына келіп, өлеңдер
А.Байтұрсыновпен бірге жинағы жарық
Қазақ газетін көреді.
шағарады. 1912 ж. Есеп
құралы
оқулығы
1915 ж.
Терме
жинағы
Қайраткерл1917-192Орынбор қаласында АлашАлаш Саяси
ік кезеңі 8 ж.ж. партиясы құрылды. Алашпартиясы қабілеті,
партиясы тәуелсіз жеке бағдарламасыніс-әрекеті
мемлекет Алашорда қалауышылардытұтасымен
мемлекетін құруды ң бірі. Алаш
көздеді. М.Дулатов 1924 ж. Оқу партиясына
Алаш партиясының құралы арналып,
отаршылдыққа арсы күрес (Қирағат сяаси қоғам
еді. Алаш өкіметі кітабы) қайраткері
құлағаннан кейін, енді Балқия төртретінде
қазақ зиялылары саяси перделі қалыптасты.
билікке жете алмайтын драмасы.
болғандықтан өздерінің Есеп құралы
бағыттарын күрт оқулығы 8 рет
өзгертіп, оқу-ағарту қайта
саласына аударды. басылды.
1928 жылМ.Дулатовқа Кеңестік Саяси
аяғында құрылысқа қарсы жасырын қылмыскер
әрекет етті деген жала ретінде
жауып, ОГПУ тұтқынға айыпталу
алды. Ату жазасына кезеңі
кесілген Міржақыпты 10 басталды.
жы бас босандығынан
айырумен ауыстырып,
Сосновец лагеріне
(Колыма) айдады.
Өмірінің 1935 М.Дулатов лагерьдің
соңы, жылы лазаретінде қайтыс
саяси болады
ақталу
кезеңі
М.Дулатов Саяси тұрғыда
анықталды. Қазақстан
және Ресей
мемлекеттерінің
келісімімен оның мәйіті
туған топырағы Торғайға
әкелініп, қайта
жерленді.

М.Дулатовтың қоғамдық-тарихи, әлеуметтік көзкарасының қалыптасуына өзі
негізін калаған "Алаш" партиясы ықпал етті. "Алаш" партиясының негізгі
көздеген мақсаты қазақ елі басқа елдермен терезесі тең, өз алдына ұлттық
территориясы бар автономиялы ел болуы еді. М.Дулатовтың бар болмыс-бітімін,
ішкі дүниесін суреттейтін еңбегі "Оян, казақ!". Ол қазақ халқының басындағы
ауыр халді бейнелейтін, халықты күреске шақырған, ұран болған, МДулатовтың
атын алты алашқа таратқан құнды еңбек болып табылады. М.Дулатовтың саяси-
ағартушылық іс-әрекеті мен ол баспасөзде жарияланған "Оян, казақ!" атты
жинағы патша үкіметіне қарсылық деп саналды. М.Дулатовты қуғынға ұшыратты,
кітабын қайта бастырып шығармауға әрекет жасады. Осыған қарамастан кітап
1909-1916 жж. аралығында төрт рет қайта басылып халыққа кең тарады. "Оян,
қазақ!" кітабының қазақ халқының саяси санасын оятуға ықпалы туралы
М.Дулатовтың замандасы Қ.Кемеңгеров "Оян, қазақты" ел құрандай жаттады.
Міржақыптың атын алты алашқа тараткан осы "Оян, қазақ!" деп, әділ бағасын
берді. "Оян, қазақ!" патшаның отарлау саясатына тіке қарсы шыққан алғашқы
саяси еңбектердің бірі еді.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы патшалық отарлау саясаты әрбір
зиялы қауым өкілдерін бей-жай қалдырған жоқ, олар бар күш-жігерлерін елі
мен жерінің бостандығына арнады. М.Дулатовтың оқу-ағарту жәке саяси-
әлеуметтік мәселелерге арналған "Біздің мақсатымыз", Мұғалімдерге", "Оқу
мезгілі", "Шәкірттер жайынан", "Ақтөбе гимназиясы хақында", "Оқушыларга
жәрдем қоғамы", "Мектеп-медрееелер мәселесі", "Өнер мектебі", "Торғайдағы
мұсылманша мектебі", "Үлгілі іс", т.б. мақалалары 1913-1914 жылдар
аралығында жарық көрген саяси-ағартушылық сарындағы мақалалар еді.
М. Дулатов "Қазақ" газетінің негізін қаласа, ал газет ғұламаның
қоғамдық-әлеуметтік белсенділігін айқындады. Оның "Қазақ" газетіне бүркенші
"М.Д.М.", "Арғын", "Мадияр", "Алашұлы Азамат", "Мирякуб", "Таймінер" деген
атпен көптеген мақалалары жарыққа шықты. М.Дулатовтың газет бетінде
жарияланған "Хазірет сұлтан", "Земство не нәрсе", "Айқап журналы",
"Қазақстан солдат алына ма?", "Абай", "Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан" жеке т.б.
мақалалары қоғамның сан қырлы жағын қамтитын құнды еңбектер болып табылады.
"Қазақ" газетінің қазақ халқының саяси өсуіне ықпалы жөнінде белгілі
философ Ә.Нысанбаев былайша пайымдайды: "Қазақ" газеті осынау аз ғұмырының
барша қазақ зиялыларын ортақ мақсат жолында топтастыра алды, тынымсыз
соғылған қоңырау сынды халықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы
Педагогикалық зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері
Ғылыми зерттеудің категориальды - түсіндірмелі аппараты
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Зар заман әдебиеті мен Алаш ұранды әдебиеттің сабақтастығы
АҒАРТУШЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер