Мінез тәрбиесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жас ерекшелігіне сәйкес мінезді қалыптастыру

Мінез бітістерінің алғашқы ақылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. Төрт-бес жастағы балалардың мазмұнды, рөльді ойындарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық, коллектившілдік, ұстамдылық сияқты сапаларды байқауға болады. Оларда мәдени мінез-қулықтың қарапайым ережелеріне түсіне алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі. Жас балалар мінез бітістерінің көпшілігі ересек адамдардың ісіне, мінез-құлқына, өнегесіне еліктеу арқылы қалыптасып отырады. Сондықтан тәрбиешілердің жеке басының өнегесі, беделі балаға дұрыс із қалдыратындай, үлгілі болып келулері тиіс.

Бала тілінің шығуы, осының нәтижесінде оның өз маңайындағылармен біртіндеп пікірлесе алуы мінез бітістерінін ірге тасы қалануында ерекше маңыз алады. Мәселен, бала біртіндеп «жаман», «болады», «болмайды» деген ұғымдардың мәніне түсіне бастайды. Осы ұғымдардың ішкі мәніне біртіндеп түсіну арқылы бала мінез-құлықтың негізгі сапаларының (тәртіптілік, ұстамдылық, борыш сезімі т. б. ) алғашқы нышаны қалыптасады. Осы кезеңде бала өзінің және басқалардың мінез-құлқына «өзінше» баға беруге тырысады. Эксперименттік зерттеулер алты-жеті жасар балалардың өз мінез-құлқын біраз тежеп, бақылай алатындығын, ал осы жағдайдың үш-төрт жасар бөбектерде көрінбейтіндігін байқатады.

Мектеп - бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші роль атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет - олардың жан-жақты болып өсуін, мінез-құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын көздестіру. Бұл үшін мұғалім жас ұрпақтың адамгершілік идеалын (мұрат) баяндайтын иманшарт принциптерін басшылыққа алып, тәрбие жұмысының жоспарын сонда көтерілген мәселелердің теңірегіне құруы тиіс. Иманшарт мінезді қалыптастырудың да тамаша программасы. Осында көрсетілген моральдық қасиеттерді бала жанына егіп, оны мінез-құлықтың үйреншікті әдетіне айналдыру - мұғалімдер мен ата-аналар үшін абыройлы іс. Мінез тәрбиесі . . . жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. (М. Жұмабаев) .

Адамның мінез бітістерінің түрлері қаншама көп болса, бұларды тәрбиелеудің жолдары мен әдістері де сан алуан. Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді. Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады. Осы әдіс арқылы адамға қажетті мінез бітістерінің қандай болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажеттігі түсіндіріледі. Оқушылардың санасына сөзбен ұғындыру арқылы оқушылардың дүниетанымы мен сенімін, талғамы мен мұратын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін көркем әдебиет, газет-журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен пайдаланып отыру -мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар. Бала мінезін тәрбиелеуде семьяның, коллективтің, ұлы адамдардың өнегесінің, алатын орны да ерекше. Осы әдістердің ішінен бастылары мына төмендегілер:

1) Халқымыздың әр заманда ғұмыр кешкен ардагер перзенттерінің (Әл-Фараби, Асан-Қайғы, Қабанбай, Бөгембай, Абылай, Қазыбек би, Әйтеке би, Амангелді т. б. үлгі-өнегелеріне тәрбиелеу - осындай әдістердің негізгілерінің бірі. Бұлардың өмір-жолы, моральдық тұлғасы - жоғары идеялықтың, батылдық пен ерліктің, табандылық пен ұстамдылықтьщ, халық ісіне қалтқысыз берілгендіктің теңдесі жоқ өнегелері.

Мәселен, мектеп оқушыларына ерік-жігері аса күшті, іскерлігі мықты адам ретінде профессор А. А. Любищевтік өмірінен нақты мысалдар келтіру мұны үлгі-өнеге ретінде ұсынуға болады. Жасы сексенге келген ғалым зоология, генетика, философия, бирция ғылымдары саласында 500 баспа табақтан астам (12000 бет) еңбек жазған. Оның өмірі - уақытқа деген құнттылық, барынша ұйымшылдық, өз күші мен мүмкіндігін сарқа жұмылдырудың теңдесі жоқ мысалы. Ол елу жыл бойына күн сайынғы тыныс-тіршілігіне бүкпесіз есеп жүргізіп оның егжей-тегжейіне дейін жазып отырған. Мәселен, жаяу не көлікпен жүргенде, біреуді күткенде, кезекте тұрғанда, біреумен сөйлескенде, хат жазғанда, газет-журнал оқығанда т. б. сан алуан жағдайларда әр минутты есептеп, оны тиімді пайдалануға тырысқан. Тәуліктің он сағаты бойына үздіксіз жұмыс істеп, бұларды минөттік дәлдікпен есептеген. Әр айдың, әр жылдың соңында іс-әрекетінің нәтижесін шығарып, оған талдау жасап, жұмыстың орындалуын күнге, айға, тоқсанға, жылға әр түрлі ұзағырақ мерзімдерге бөліп қойған. Оның пікірінше, адамда бос, артық уақыт болмауы тиіс, тынығу дегеніміз-іс әрекеттің бір түрінен екіншісіне көшуі кез-келген уақыт ол үшін игілік көзі, оны бос өткізу ғылыми санасынан орын алмайтын.

Ұлы адамдардың өмірі туралы балаларға әңгіме айту, олардың осы тақырыпқа байланысты кітап оқуына дұрыс басшылық жасап, бағыт беру, оқығандары жайлы әқгімелесу, пікірлерін тыңдау, мұғалімнің тәлім-тәрбие жұмысынан елеулі орын алып отыруы қажет.

2) Балалар ұжымы («Атамекен» т. б. ) оқушы мінез бітістерін дамытатын және оны тереңдете түсетін шешуші фактор. Белгілі дәстүрі, жұмыс стилі бар балалар ұжымы өзінің әрбір мүшесіне түрлі талаптар қояды, олардың орындауын үнемі қадағалап отырады. Келе-келе ұжымның жеке адамға қоятын талабы сол адамның өзіне-өзі қоятын талап-тілегіне де айналатын болады.

Ұжым адамның алдына мақсат қоя білуді, сондай-ақ ол мақсатты қалай орындау жолдарын да үйретеді. Ұжым адамға жол көрсетіп қана қоймайды, оны теріс қылықтан да сақтандырады, түрлі қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдеседі. Ұжымда өмір сүре білу, бір жағынан, адамның іс-әрекетін жеңілдетіп, оны өрге бастырса, екінші жағынан, оның өзі күшіне сене білу мүмкіншілігін де қалыптастырады. Жалғыз адам еш уақытта да алдындағы қиыншылықтар мен кедергілерді жеңе алмайды. Сондықтан ол өз мақсатына жетуде үнемі ұжымның көмегіне сүйеніп отыруы қажет.

А . С. Макаренко кезінде жақсы ұжым ұйымдастыра алды. Мұнда ол әрбір тәрбиеленушінің жеке ерекшелік терін ескеріп, әрқайсысына ұжым ішінен тиісті орын тауып беретін. Сонымен қоса, ұжымньщ пікірімен санасын, осы арқылы жеке тәрбиеленушілерге ықпал жасап отырды. Макаренко адам мінезінің кемшілік жақтарын әділ бағалайтын ең негізгі төреші - қоғамдық пікір деп тұжырымдады. Ұжым ішіндегі тәрбиеде түрлі әдістерді ете шебер пайдаланып, жарамсыз қылық жасағандарды ұжым талқысына салды. Тентектік жасаған балалармен жеке, ие ұжым ішінде әңгімелесу, не күні бұрын белгіленген әңгімелесуге шақыру т. б. неше түрлі әдістерді жүргізіп отырған.

А. С. Макаренконың шәкірт мінезін тәрбиелеудегі шебер әдістерін пайдалана білу ар мұғалімнен шығармашылық әдісті талап етеді. Ұжымшылдық сезім жеті-сегіз жасар балада оншама дами қоймайды. Бұлар «біз» деудің орнына «мен» деп айтқанды жақсы көреді. Мәселен, мектеп есігін тұңғыш ашқан бала мұғалімнің бүкіл классқа жасаған ескертуін өзіне қатысы жоқ деп ойлайды. Балаларға «біздікі» деген ұғымды үйретудің өзі мұғалімнің үлкен шеберлігін қажет етеді. Мұндайда мұғалім барлық нәрселердің жалпы жұртқа ортақтығына баса назар аударады. Мәселен, балалардың тұратын үйі, мектеп, емхана, транспорт т. б. нәрселердің бәрімізге ортақ екендігін айтып түсіндіреді. Мектеп айналасына басқа балалармен бірлесіп гүл егетін болса, енді оны «біздің гүліміз» деп айту қажет дейді. Осындай алғашқы тәрбиелік істер қайталана берсе, біртіндеп баланың мінез бітісі қалыптасады. Үшінші, төртінші класс оқушылары пионер ұйымының жұмысына белсене араласа бастайды. Сондықтан да олардың коллектившілдік қасиеті ана ғұрлым жоғарылай түседі.

3) Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде еңбектің алатын орны ерекше.

Еңбек үстінде адам өзіне қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерін де дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзіне-өзі қызмет етуіне практикалық және психологиялық жағынан әзір болуы, адамның істегі дербестілігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы қалыптасады.

Адам еңбек етпесе моральдық жағынан азғындап бұзылады, пасық істерге барады. Еңбек әрекетінің болмауы жалқаулыққа әкеліп соғады, ондай адамның өмір сүруі мақсатсыз болады да, бұдан надандық, топастық, арамдық, зұлымдық сияқты небір шірік қасиеттер келіп шығады.

Тек қажырлы творчестволық еңбек қана адамды осы кемшіліктердің бәрінен сақтандырады, оның моральдық жағынан кіршіксіз таза болуына жағдай жасайды. Адам тек еңбек ету арқылы ғана өзінін, алдындағы мақсатын айқын сезіне алады және оған жете алатынына сенімі мол болады.

) Оқушыларға талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалау. Оқушыларға талап қойып отыру, оның нәтижесін қадағалау баланың мінезін тәрбиелеудегі басты әдістердің бірі. Өйткені адамға тиісті талап қойылмаса, тапсырылған іс қадағаланбаса, берекесіздік туады. Адамға тіпті кішкентай кезінен бастап түрлі талаптар қойып, міндеттер жүктеп отыру оны жауапкершілікке, өзінің борышын түсіне білуге тәрбиелейді. Талап қою, міндет жүктеу бала оқуға түскеннен кейін ерекше байқалатын болады. Мәселең, жеті жасар бала мұғалімнің тапсырмаларын орындауға дағдыланады, оның талап-тілектерін орындау оқушы үшін заң. Міндет алу, басқа адамның талабын мүлтіксіз орындап шығу - үлкен жауапты іс. Осы айтқандарға орай баланың психикасы да күрт өзгере бастайды. Өйткені, мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәнісіндегі талап қоюшылық, міндет алушылық болмайды, міндет алу, белгілі талаптарды орындау оңай емес. Талап қоюдың түрлі әдістерін адамның, дара ерекшеліктеріне қарай әр жағдайда түрліше пайдаланып отыру қажет. Талап қоюдың қарапайым түрі балаға өз міндеті туралы жайлап ескерту, ал мұның жоғары түрі кесімді түрде бұйыру. Адамға талап қою, оны бір нәрседен сақтандыру тыйым салу турінде де болып отырады. Дұрыс талап қоя білудің тиімділігі, тәрбиелік мәні ұстаздың байыптылығына да байланысты. Талап қоя білу - үлкен өнер. Оқушыларға жөндеп талап қоя алмайтын, қойса да оны орындауды аяғына дейін қадағаламайтын, тіпті оған қалай болса солай қарайтын мұғалімдер де кездеседі. Дұрыс талап қоя алмайтын мұғалімнің класс коллективін ынтымақтыққа, бір ауыздылыққа тәрбиелей алуы да қиын. Балаға дұрыс талап қоя білумен қатар, оның іс-әрекетін қадағалап отыру да қажет. Бақылау жүргізу оқушының іске жауапкершілігін арттырады, өзіне деген сенімін күшейтеді, әрекетінің қоғамдық маңызын аңғара білуге, сөз бен істің арасын-дағы алшақтықты жойып отыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға талап қою мен олардың іс-әрекетіне бақылау жүргізуде мұғалім мына төмендегілерді ескеріп отырады. Біріншіден, әр уақытта күмәнсыз орындалатын нәрселерге ғана талап қойылуы қажет. Балаға ауыр талап қою, сондай-ақ оның шамасы келетін-келмейтінін ескермеу әрқашанда да жақсы нәтиже бермейді. Сондықтан талап дәл, анық, нақтылы келіп, одан қайшы пікірлер орын алмауы тиіс. Екіншіден, талап ықшам сөздермен қойылып, оның орындалу жолын бала жақсы түсінсе ғана нәтижелі болып орындалады. Үшіншіден, талап баланың ожданын сыйлау жағдайында қойылғаны жөн. Ең негізгісі оның орындалғаны жөнінде баладан есеп алуды ұмытып кетпеу керек. Осы айтылғандарды ретіне қарай жүзеге асырып отыру мүғалім мен ата-ананың шеберлігін қажет етеді. Мінезді тәрбиелеуде адамның кол жеткен табыстарын уақытыида көре біліп, оны мадақтап отырудың маңызы зор. Мұның ен қарапайым түрі - мақұлдау. Егер адамның ісі мақұлданып отырса, - ол әрекет етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен, «бәрекелді», «дұрыс», «жақсы», «тамаша», «мынауынан нәтиже шығады» т. б. осы секілді сөздер адамның жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Баланың әр бір ісіне әділ баға беріп отыру мұғалімнің беделін онан сайын арттыра түседі. Мұғалімнің адамгершілік қасиеті неғұрлым жоғары болса (коммунизм ісіне берілгендік, өз ісінің асқан шебері, еңбек сүйгіш, ерік-жігері мол т. б. ), оның беделі мен өнегесі де, балаларға тигізетін әсері де жақсы болып келеді. Балаларды айқай-ұйқаймен басқарғысы келетін мұғалімдер де болады. Мұндай мүғалімдер көп сөйлейді, бала да көп сөйлегенді жаратпайды, бала мұғалімнің қай сөзін тындарын білмей дағдарады.

Баланың мінезін қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын кезінде көре біліп, ретіне қарай оған түрлі жаза қолданып отырған да дұрыс жазалаудағы негізгі мақсат - теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге тәрбиелеу. Бұл әдістің маңызы да осында. Жазалауды да мадақтау сияқты ептілікпен, ерекше байсалдылықпен қолдану қажет. Үшінші, төртінші класс оқушылары өздерінің тәртіпсіз істерінен ұяла-тын, жапа шегіп, қапаланатын дәрежеге жете бастайды. Мұндайда кінәсы үшін әділ жазалау оны қатты ойландырып, мінез-құлқын өзгерте бастауға себепші болады. «Бала теқ кінәсына сәйқес жазаланғанда ғана жоғарыда айтылған жеңіл күйлерін бастан кешіреді. Бала теріс жазғырылса, бұл оның мінез тәрбиесіне кері әсер етеді. Егер осындай жағдай қайталана берсе, ол әділет-тік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін болады. Орынсыз жаза баланы ашулы, ызақор, кекшіл, қасарыспа етіп, не қорқақ, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін. Сондай-ақ, адамның теріс қылықтарын керетұра жазаламаудың да кесір-кесапаты аз емес. Кейбір бала оқыс қылықтарды әдейі жасамай, оны балалығымен, білместігінен, аңғарымсыздығынан жасайды. Ал екінші бір бала мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына басып істейді. Мәселен, бір бала терезенің желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны жолдасымен алысып жүріп сындырады. Бұл жерде осы екі балаға бірдей шара қолдануға болмайтыны белгілі. Өйткені екеуінің кінәсы екі түрлі, сондықтан екеуіне екі түрлі жаза ойлап табу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Бала ата - ананың адамгершілік өмірінің айнасы
Мәдени мінез - құлықты қалыптастырудың негіздері
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Арнайы педагогиканың шығу тарихы
Адамгершілік тәрбиесінің критерийлері
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны
Құлық тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz