Мінез жене адамның жас сатылары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Мінез жене адамның жас сатылары

Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оғиғалар мен құбылыстарды бақылауға бағытталады. Негізінен объектілермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық-әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлтайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игерілген тәжірибе мен білім бобалалық кезеңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді.

Бозбалалық шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей келеді, қажеттіктер ауқымы кеңейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған дүиемен белсенді араласу, тікелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі анағүрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз де ауыр болуы мүмкін. Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді - өзің басқаруың одан да күрделірек. Өмір бұрқасынында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетті басқалар қимылынан ұтымды болғаны керек. Бұрын жағымды түр-түс әуенге толы дүние енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтқысыз міндеттерге орайды. Бозбалалық шақтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделі құрдымға кетіп, «бақыт» мән-мағынасы өзгеріске келеді. Бақытқа деген көзсіз ұжтылыс енді "бақытсыздықтың" қорқынышына ауысады. Бірақ бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзіңді дербес, бірде біреуге керегі жоқ дүние екеніңді сезіп , оқшаулана түсесін. Бірақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күшті.

Адамның ендігі өмірі желісі көп шарпусыз, байсалды да аңдап басу кейпіне келе бастайды. Өмірдің бәрі тек бақыттан тұрмайтын түсінік, адам қанағат, шүкіршілікке бой бағындару қажеттігін аңдай түседі. Қиялдық өмірден кешегі бала нақты күтілмеген бұлтарыстары көп ақиқат өмірге өте бастайды. Енді бозбала өзінің бар қуат-жігерін пайдалы да қажетті қолынан келер іске бағыштайды. Тәжірибеде, нақты іс- әрекеттке араласудан жас жігіт бойжеткен бұрынғы жалған түсінік , ұғымдарынан арыла бастайды. Өмір енді адамға ішкі тұңғиық тылсым тарапынан танылып айқындала түседі. Тұлғаның әлеуметтік кемелденуі байқалады. Бірақ әліде жас жігіт басқаларды бағалауда өз сезімі өлшемін көбірек сенеді, махаббат, достық, әлеуметттік қатынастардың басқа да формаларында, өзінің тлғалық бейнесін нығайта түседі

36-40 жаста адам өмірдің жаңа сатылық деңгейіне көтеріледі. Осы шақтан бастап өмір қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл процесс алғашында, рухани құндалықтар молылығынан онша байқала бермейді

Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген рухани құндалықтары қайта қарастырылып, көбі жойылып, өткен өмір жеке оқиғалар жиынтығы ретінде еске алынады. Тек өмірдің алғашқы шерегі гана ең ұзақ, қымбат әрі бақытты көрініп, қайталана жадқа келе береді. Қалған шақтардың бәрі қысқа да сарсаң өмір күйбеңівдей көрінеді. Көп жайт естен шығады. Өткендегі күйзелткендер мен мш қинашағандардың баршасы мәнін шоғалтып, елеуден қалады. Осы жайтты даналықпен түсінген ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауи былай депті «Бас кештім елу екіде жиғанмын, Мал - мүлкім артық емес бір жанымнан. Ендігі өмірдің әр күні жылдарымдай шалт ағып ізін ізін жуып-шайып, өткеннің бәрін татымсыз күйге түсіреді Кешкен дүние тұманданып, көз алдыңнан ете бастайды

Солай да болса, кейбір бастан өткен қызғылықты оқиғалар анда-санда жылт ете, көрініп, қөңілді рахатқа бөлейді а

Адам мінезінің сан-қилы көріністері жас сатыларына байланысты әрқилы. Бұған дәлел "Диуани хикмет" шумақтары:

"Ғашық боп жырма сегіз жасымда

мен, жан кешіп, мехнат шегіп,

бас ұрған ем . . . " "Қанағат елу сегізде

сезіндіріп, Тыя гөр, қаһарлы ием өзің біліп,

Құдайым бар непсімді безіндіріп

Қ. А Яссауи

Қоғамда әдейі, масап иелеу үшін бүркенген жалған бәлеқорлар (мишура) мен дүниеқорыздық күйбендерін ысырып қойып, кәрілік ақиқат дүние құндылықтарына объетив баға береді

Кәрі адамың ең күшті психикалық қасиеттері - өткен өмірдегі өз мәнділігін сезінуі, жетісгсен адамдық дәрежесі және жеісті іс-әрекеттерінен қанағат рахатын тауып мәңгілік өмір дариясының бір тамшысы болғанынан -қуанышқа бөленуі. Бұл фанвден бақи дүниеге жолдама алып тұрған шақта да адам өзінің мәңгіліктен өшіп кетпейтінін біліп, оны медет тұтады. Оның өмірі адамзаттың мәңгілік ағымын жалғастыруға себін тигізді; мұны түсіну - кәрілік даналығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынастардың субъектілері
Мінез туралы
Тұлғаны кәсіби дамыту
ҚЫЛМЫС ІСТЕУГЕ ОҚТАЛУ
Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Онтогенездің генетикалық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Жеке тұлғаның дамуында жас ерекшеліктерді есепке алу мәселесі
Тұлғаны дамытудың іске асыру мүмкіндіктері
Дарынды баланың психикасын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz