Жүйке саласы психикалық әрекеттердің негізі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І. Ми мен психиканың арақатынасы туралы түсінік . . . 4-5

1. 1 Ми құрылымы мен қызметінің дамуындағы ерекшеліктер . . . 6-7

1. 2 Ми қызметінің физиологиялық қызметтерін дамыту . . . 8-12

1. 3 Психикалық дамудың алғашқы қарапайым

формаларын анықтау . . . 13-21

ІІ. Жануарлар мен адам психикасы мен миының ерекшеліктері . . . 22

2. 1 Адам психикасы мен құрылымын анықтау . . . 23- 29

Қорытынды . . . 30-31

Қосымша бөлім . . . 32-35

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36

Кіріспе

1. Тақырыбымыздың актуальдығы

Адамның психикалық әрекеттерінің, ақыл - ой санасының ағымдарының өсіп - даму жолдарын білу үшін олардың жүйке саласының, ми құрылысының әрекет пайдаланғаннан туындайды.

2. Еңбегіміздің зерттеу объектісі - оқушы, ал кеңінен айтқанда оқушыға психикалық дамудың проблемасына жолдарын белгілейді.

3. Мақсаты :

  • бас ми қабығын талдау және біріктіру әрекетін қалыптастыру
  • әрекет нәтижесін болжау және бағалау
  • психикалық қызметтер мен орындау жүйесін дамыту
  • бас ми қабығының сигналдық қызметін арттыру
  • қоршаған болмыс ықпалдарын бейнелеу
  • мінез - құлық пен іс - әрекетті реттеп беруін жетілдіру
  • адамның қоршаған дүниедегі өз орнын саналы тану

4. Міндеті:

  • бас миы тетіктерінің қызметтерінің принциптерін пайдалану
  • ми қызметімен байланысты физиологиялық процесстеірн білу
  • ми бөліктер қызметінің тұтастық сипатын ескеру
  • ми қабығы жұмысындағы жүйеліліктің маңызды көріністеірн талқылау
  • психика даумында жүйке жүйесінің ролі және оның дамуы мен жетілуін пайдалану
  • психиканың пайда болуына байланысты теориялық көзқарастар жүйесін талқылау

5. Жету жолдары:

а) жүйке саласының кейіннен пайда болған әрекеттерін зерттеу

б) эксперименттік физиологиялық фактілерін зерттеу

в) миына зақым келген аурулардың психологиялық әрекеттерінің қандай екендігіне байқау жүргізу

6. Негізгі идея: (гипотеза)

Ми мен психикалық құрылыстарын неғұрлым терең зерттесе, солғұрлым олардың мазмұндық жағы тереңдей түседі.

7. Жұмысымыздағы қолданылатын әдістер:

сенсорлы әдіс, перцептивті әдіс.

І. МИ МЕН ПСИХИКАНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Адамның психикалық әрекеттерінің, ақыл-ой санасының ағымдарын, өсіп, даму жолдарын білу үшін, олардың жүйке саласының, мидың құрылыс әрекетін білу қажет. Психика - ерекше ұйымдасқан материя - мидың қасиеті есебінде психика пайда болады Айрықша ұйымдастырылған жоғарғы сатыда тұрған материяда (биологиялық материя) ғана психикасы болады. Жоғарғы материя дегеніміз ми, жүйке саласы жүйке психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын әрекеттерін, өсіп-дамуын білмейінше, психиканың қалайша өсіп-дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз. В. И. Ленин психикалық материялық негіздерін зерттеуге өте көп көңіл бөлген. Адам психикасының, санасының, ақыл-ойының материялық негіздерін білмейінше, олардың айрықша өзгешеліктерінің өсіп-дамуын да білуге болмайды, деп көрсеткен ол өзінің «Материализм және эмпириокритицизм» деген атақты философиялық шығармасында. Ол марксизм философиясының диалектикалық материализм дейтін философиясын түсіндіруде үлкен еңбек сіңірген.

Жүйке саласы психикалық әрекеттердің негізі. Жүйке сала адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның жан қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адам мен сыртқы дүниенің арасындағы қатынасты да басқарады. Егер жүйке сала болмаса, адамның барлық әрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді. Жүйке саласы болмаса, оның сыртқы дүниемен қатынасы дұрыс болмай оны тануға, өзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызуға мүмкіндік болмас еді. Жүйке саланың құрылысы, әрекеті, өте күрделі. Оны зерттеу оңай емес. Жүйкені зерттеу үшін ғылымда сан алуан әдістері қолданылады. Соның кейбіреуі - мына төмендегілер:

1) салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу. Мұнда жүйке саласының ерте кезде пайда болған әрекеттерін, жекелеген бөлімдерін қарастырады. Жүйке саласы өсіп, дамып, оның құрылысы күрделі болған сайын оның әрекеті де күрделі болады. Жүйке саланың кейіннен пайда болған әрекеттерін зерттей отырып, күрделі психикалық әрекеттердің қалай пайда болғандығын білуге көптеген мүмкіндіктер туады;

2) эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу. Мұнда, жүйке саланың кейінгі дәуірде пайда болған бөліктеріне қолдан зақым келтіріп, осының нәтижесінде хайуанат әрекетінде болатын өзгешеліктер зерттелінеді. Мидың кейбір жаңадан пайда болған бөлімдеріне зақым келтіргенде, хайуанаттардың жекелеген психикалық әрекеттері жұмысын тоқтатады. Бұл жайт бұл психикалық әрекеттердің мидың зақым келтірген бөлімдерімен байланысты екендігін аңғартады. Сондай-ақ мидың кейбір бөлімдерін алып тастау арқылы, оның психикалық әрекетке қалайша әсер ететінін байқауға болады. Мысалы, физиолог Гольц иттің жарты шарларын алып тастаған. Сонда әлгі ит өліп қалмаған. Операциядан кейін бір жарым жыл өмір сүрген. Гольц иттің мидағы жарты шарын, оның бөлімдерін, жұлын жүйкесін зерттеген кезде ит аузына әкеліп берген тамақты ғана жейтін болған. Ол иттің психикасы бұзылып, иесін танымай қалған. Бұл факт иттің миының үлкен екі жарты шарлардағы әрекеті оның жоғары психикалық әрекеттерімен байланысты екендігін көрсетеді;

3) медициналық клиника фактілерін зерттеу. Бұл көбінесе миына зақым келген аурулардың психологиялық әрекеттерінің қандай екендігін байқау кезінде жүргізіледі. Егер ауру адамның миының түрлі бөліктеріне зақым келсе, оның кейбір психологиялық әрекеттері жойылуы мүмкін. Зақымданған психикалық әрекеттерін зерттеу арқылы олардың басқа жан қуаттарына тигізетін әрекеттердің әсері де назарға алынады;

4) құрсақтағы ұрықтың жүйке саласының өсіп-дамуын зерттеу. (Эмбриологиялық фактілерді зерттеу) . Әйелдің ішіне бала біткеннен бастап, оның өсіп-өніп дамуында қай уақытта жүйке саласы пайда болады, оның құрылысы қандай, онда жүйке саласының әрекеттері бар ма, жоқ па, міне осы айтылғандарды зерттеу арқылы да психикалық әрекет жайлы көптеген мағлұматтар алуға болады.

Міне, осы жоғарыда айтылған әдістермен адамның жүйке саласы қалайша өсіп, дамып отыратындығын, мұның психикаға қандай әсері бар екендігін, яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар дейтін мәселелерді шешуге болады. [3. 40-58 б. б. ]

  1. МИ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Нерв жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар нерв жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Орталық нерв жүйесінің екінші бөлігі - ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми - бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше атқарады.

Сопақша ми -жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан.

Мишық организмнің қозғалысын, оның бір қалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады.

Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі - афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады. Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне (жұлын т. б. ) басшылық ету процестерінің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, іріктеп өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формация ми қабығы астындағы орталық миды кажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам күрделі ой әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш нерв орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады. Егер осы айтылған ми бағанасының құрамдары эволюциялық дамудың төменгі сатысында тұрған жануарлардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса, жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардың өмірінде негізгі қызметті ми қабығы атқарады. Денеде болатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайтын ми қабығы адамдарда ерекше жетілген. Ми қабығы төрт бөлімге бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке және самай деп аталынады. Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардың тері, қозғалыс, иіс, дәм т. б. анализаторлардың нерв орталықтары бар Мәселен, . мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Ғалымдар қазір арнаулы құрал арқылы мидың кез келген бөліктерімен байланыса алады, түрлі психикалық құбылыстарға сәйкес келетін «тірі» электр импульстерін тіркейді. Мидағы нерв талшықтарының жаны да «сіріден» берік. Өйткені, егер бір тал сымы істен шыққан радиоприемник жұмысын дереу тоқтататын болса, жүздеген, мыңдаған нерв клеткалары зақымданған ми өз жұмысын одан ары жалғастыра береді.

Зақымданған нейрондар да қалпына келіп отырады екен. Мәселен, адам қатты ашуланған кезде, нерв клеткаларының бірқалыпты жұмысы бұзыла бастайды да, оның кейбір нейрондары істен шығады. Ауруға шалдыққан бөлімнің әуелі жан-жағындағы клеткалар жойылып, артынан өзгеріс орта шеніне қарай ауысады. Адамдар түрлі психикалық ауруларға шалдыққанда оның нейрондарымен синапстарының (нерв талшықтарының клеткаларға ұштасқан жуандау жері) кейбір бөлімдері бұзылады да, кейін бұл нерв клеткалары өзгеріске түсетін көрінеді.

1. 2 МИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ДАМЫТУ

Жүйке саласы әрекеттерінің негізгі заңдарының бірі - жүйкенің қозуы және тежелуі. Жүйке тек қозуды еткізумен айналыспайды, ол сонымен бірге өзінің қозуды жүйкенің басқа бөліктеріне таратып отырады. Қозудың басқа жүйке саланың әрекетінде бөгеттеу болады. Егер жүйке саланың бір бөлігі қозу жағдайында болса, ол мидың басқа бөліктерінің әрекетін бөгеп, тежеуі мүмкін, мидың басқа бөліктерін әрекет етуін доғарып, бөгеп қоюын жүйкенің тежелуі дейді.

Бөгеудің бірнеше түрлері бар. Мысалы, бір бөлімінде пайда болған қозу бара-бара мидың басқа бөлімдеріне тарап кетуі мүмкін. Мұндай процесті - жайылу (иррадиация) дейді. Егер бір жерде пайда болған қозу, иррадиация заңы бойынша мидың басқа бөлімдеріне тарап біраз уақыттан кейін бір жерге жиналса, яғни бір орталыққа жиналса, мүны шоғырлану концентрация заңы дейді. Егер қозу пайда болып, оның нәтижесінде тежеу пайда болса, не алдымен жүйке саланың әрекетінде бөгет пайда болып, оның нәтижесінде қозу пайда болса - мұндай процесті өзара индукция заңы деп атады.

Жүйке салада алдымен қозу пайда болып, қозу нәтижесінен басқа бөлімдерде тежелу пайда болса, оны - қарама-қайшы индукция дейді. Бұған қарама-қарсы процесті, яғни алдымен мида бөгет пайда болып, оның нәтижесінен қозу пайда болса, оны оң индукция дейді. Ми жұмысының осы заңдылықтарын М. П. Павлов ашқан. Ол психиканың физиологиялық негізі жүйке саласы екендігін эксперимент арқылы дәлелдеп, физиология, психология ғылымдарының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ми құрылысын, оның әрекет ету заңдарын білмейінше, психиканың қалай пайда болатынын, сондай-ақ оның табиғи негізі қандай екенін білуге болмайды. Осы мәселені И. П. Павлов шартты рефлекстер атты теориясында жан-жақты баяндап берген. Шартты рефлекс шартсыз рефлекстің негізінде ғана пайда болатын рефлекстің жаңа түрі. Ғылымға бұрыннан белгілі шартсыз рефлекстер бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, шартсыз рефлекстің ең қарапайым түрі, қолымызға абайсызда ине кіріп кетсе, селк етіп қолды тартып аламыз. Шартсыз рефлекстің күрделі болуы да мүмкін. Егер ол рефлекс доғасының шеңберінен шығып жатса, онда оны күрделі рефлекс дейді. Мысалы, иіскеу күрделі рефлекс. Иіскеу, рефлексі пайда болу үшін, ең алдымен, заттардың иісі мұрынға келіп, оның ішіндегі желбезектерге әсер етуі қажет. Күрделі рефлекстің әрекетінен рефлекстер тізбегін ажыратуға болады. Егер бірінші рефлекске екінші рефлекс жалғасса, оны рефлекс тізбегі дейді.

Шартсыз рефлекстер тұқым қуалау арқылы, ұрпақтан ұрпаққа көшіп отырады. Олар жүре пайда болатын рефлекстер. Айналамыздағы заттар мен құбылыстар біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер еткенде ғана шартсыз рефлекс болады. Шартсыз рефлекстер өзгеріп отырмайды, ылғи да бірқалыпта, бір ізбен әрекет етеді. Ал шартты рефлекстер тұқым қуалау арқылы пайда болмайды, организм дүниеге келгеннен кейін, өмір сүру барысында жүре пайда болады.

Шартты рефлекстердің пайда болуы үлкен мидың әрекетімен байланысты. Егер бас ми болмаса, оның алдыңғы үлкен жарым шар қыртыстары болмаса, хайуанат та болсын, адам да болсын шартты рефлекс болмас еді. Мысалы, жаңа туған балада шартты рефлекс бір дегеннен пайда болмайды. Бұл үш айға толғанда ғана онда шартты рефлекс пайда бола бастайды. Шартты рефлекс пайда болу үшін, шартты қоздырғыштар әсер етіп, шартсыз қоздырғыштар арқылы шартсыз рефлексті пайда болдырып отыру керек.

Академик Павлов иттерді шартты рефлекстерді зерт теу үшін әдейілеп зерттеулер жүргізетін камера ұйымдастырған. Камераға сырттан ешбір қоздырғыш енбейтін болған. Камераның ішінде бір жерінде ит тұрады. Итте шартты рефлексті пайда болдыру үшін, оған алдымен шартты қоздырғыштарды көрсету керек. Одан кейін оған үйлестіріп, итке шартты қоздырғыш беріп отырады. [3. 40-58 б. б. ]

Біріншіден, шартты рефлекс пайда болу үшін, шартты қоздырғыштармен шартсыз қоздырғыштар бір мезгілде ұштасып отырулары керек. Егер біреуі болып, екіншісі болмаса, шартты рефлекс пайда болмайды. Мәселен, иттің жарыққа, не болмаса қоңырауға шартты рефлексін қалыптастыру үшін, ең алдымен, қоңыраудың даусынан бұрын оған тамақ салған итаяқты (ыдыс) алдына қойып, осы кезде итке ең алдымен жарықты бірнеше рет жыпылықтатып жағу керек. Тамақты жеп жатқан иттің аузынан сілекей ағатыны белгілі. Тамақ шартсыз қоздырғыш, ал тамақ жегенде иттің аузынан сілекей ағуы - шартсыз рефлекс. Егер осы тәжірибені біз бірнеше рет қайталағаннан соң кейін итке тек жарықты көрсетсек, не қоңырауды естіртсек болғаны (оған тамақ бермей), иттің аузынан аздап сілекейі ағады. Тамақ жемей-ақ иттің аузынан сілекей ағуы шартты рефлекс. Екіншіден, пайда болған шартты рефлекстің үстінен тағы да жаңадан шартты рефлексті пайда болдыруға болады. Ол үшін әдепкі шартты рефлексті пайда болдырған шартты қоздырғыштың үстінен тағы да қосымша және бір шартты қоздырғыш қосу керек. Мысалы, алдымен итке шартты қоздырғыш ретінде қоңырауды шылдырлатып, соған шартты рефлекс қалыптастырсақ, бара-бара шартты қоздырғыш қоңыраудың үстіне қосымша жарықты көрсетіп, одан кейін итке тамақ беріп шартты рефлексті тудыруға болады. Енді иттің аузының сілекейі қайтадан, екінші шартты рефлекс пайда болғаннан кейін пайда болады. Үшіншіден, шартты рефлекс пайда болу үшін, шартты рефлексті пайда болдыратын хайуанаттардың, не болмаса, біздің мысалға алып отырған иттің дені сау, қарны аш болуы тиіс. Төртіншіден, рефлексті пайда болдыру үшін, шартты қоздырғыш есебінде қолданатын қоздырғыштан басқа тағы да бір қоздырғыш әсер етпеуі қажет. Мысалы, камераның ішінде тұрған, мәселен, итке қоңыраумен шартты рефлекс пайда тудыратын болсақ, одан басқа өзге бір дыбыс, ешбір жарық тағы да осы секілді қоздырғыштар әсер етпеу қажет. Бесіншіден, қоздырғыш есебінде қолданатын қоздырғыштар қаншама әсерлі болса, соншама шартты рефлекс тез пайда болады. Мысалы, шартсыз қоздырғыштардың ішіндегі хайуанаттарға көбірек әсер ететін қоздырғыштар: итке тамақ беру, не болмаса иттің денесіне тоқ жіберіп, денесін ауырту. Мұндай қоздырғыштар өте әсерлі болады. Сол себептен шартты рефлекстер тез қалыптасады.

Вегетативтік жүйке саласы адамның ішкі дене мүшелерін реттеп басқарып отырады. Дененің бұлшық еттерімен байланысын, олардың қысқаруын не кеңеюін, қызметінің өрістеуін, не бәсеңдеуін бақылайды. Вегетативтік жүйке саласы, сондай-ақ жүрек, қан тамыры, құрсақ, бауыр, өкпе бел т. б. осы сияқты мүшелерінің әрекетін қадағалайды.

Ол орталық жүйке саласынан бастап, екі жүйкелерді бірімен-бірін байланыстырып, жалғастырады, оларды дене мүшелеріне таратады. Вегетативтік жүйке саласы, орталық жүйке саласынан шығып, сопақша мидан және жұлыннан шығып, іштегі дене мүшелеріне тарайды. Вегетативтік жүйке саласы өзінің әрекетіне қарай екі түрлі салаға бөлінеді. Бірі - симпатикалық жүйке саласы, екіншісі - парасимпатикалық жүйке саласы. Симпатикалық жүйке саласы аралық мидағы көру дөңестерінен шығатын және көкіректегі белден жоғарырақ жердегі жұлыннан шығатын жүйкелерден құралады.

Парасимпатикалық жүйке саласына қалған жүйкелердің барлығы еніп отырады. Симпатикалық жүйке мен парасимпатикалық жүйке саланың әрекеттері бірі-біріне қарама-қарсы бағытта әрекеттенеді. Егер симпатикалық жүйке организмнің әрекет етуін ұлғайтса, не бәсеңдететін болса, парасимпатикалық жүйке саласы бұған қарама-қарсы әрекет етеді.

Вегетативтік жүйке саласы әрекет еткенде адреналин сияқты (бүйректің арасындағы бездер шығаратын химиялық сұйық зат) сұйық заттар шығады. Бұлар қанмен араласып, ішкі дене мүшелеріне барып, олардың әрекетіне өзінше әсер етеді. Адамның ішкі дене мүшелері қызметінің дұрыс болуы симпатикалық және парасимпатикалық жүйке салалар қызметінің бірімен-бірінің тең келіп отыруымен байланысты. Егер біреуінің әрекеті күшейіп кетсе, екіншісінің әрекеті бәсеңдесе, тәнде теңдік болмай, адамның ішкі мүшелерінің әрекеті де бірде күшейіп, бірде бәсеңдеп отыруы мүмкін. Вегетативтік жүйке саласы көбінесе өз алдына дербес әрекет етеді, бірақ оның әркеті ақырында орталық ұлы жүйке саласымен байланысты болып, соның әрекетімен басқарылып отырады.

Бездер жүйесі. Адамның денесінде бірнеше бездер бар. Олардың орталық және вегетативтік саласымен бірлесіп, адамның сыртқы ортадан алатын әсеріне қайтаратын жауабын басқарады, қанмен араласып денеге тарап, олардың әрекетінеде әсер етеді. Мысалы, қалқан тәрізді бездер. Олар адамның тамағының айналасында орналасқан. Бұл без кеңірдекті жылытып, дауыстың шығуын басқарып отырады. Сондай-ақ жүректен миға баратын қандарды реттеп, ми қанға толып кетпеу үшін тиісті әрекет жасап отырады.

1. Қалқан тәрізді осынау бездің әрекетінің күшеюі, не болмаса бәсеңдеуі адамның әрекетіне өзінше әсер етеді. Егер қалқан тәрізді бездерге зақым келіп, олар әрекеттен шықса, не болмаса әрекеті бәсеңдеп қалса, адамда микседеме деген ауру пайда болады. Мұнымен ауырған адамның бойы өспей қалады. Бұнда дененің, тәннің зат алмасуы бәсеңдейді, семіре бастайды, бетке әжім түсіп, кәрі кісінің белгілері пайда болады. Бұл без қызметінің нашарлауы психикалық әрекетке қолайсыз әсер етеді. Мысалы, мұндай ауруға шалдыққан кісінің қабылдауы нашарлайды, ол ылғи да баяу халде болады. Ой-өрісі дамымайды, айналасындағы оқиғаларға да немқұрайды қарайды. Егер баланың кішкентай кезінен бұл без әрекет етпесе, оның бойы өспей кретин ауруына шалдығады. Егер қалқан тәрізді бездің әрекеті күшейіп кетсе, адам денесінің өсуіне қолайсыз әсер етеді. Жаңағы микседеме ауруына қарама-қарсы белгілер пайда болады. Аурулардың денесі қозғыш, тамыры жиі соғатын болады, арықтап, азып, тамағы ісіп кетеді. Осының салдарынан көзі сыртына шығып кететіндей бедірейіп тұрады. Ер адамдардың жынас бездері әлсірейді, ал әйелдердің етеккірі тоқтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика туралы түсінік, оның даму эволюциясы
Көру нейрондары мыңдап, миллиондап
Психология ғылымының тарихы
Педагогика-психология ғылымы
Басқару іс-әрекетінің интеллектілі негізі
Психиканың пайда болуы және дамуы
Физиология ғылымы
Адам психикасының айырмашылықтары
Психика мен сана мәселелері
Психология саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz