Көру нейрондары мыңдап, миллиондап


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Ми және психика. Мидың құрылымы.

Нерв жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар нерв жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Орталық нерв жүйесінің екінші бөлігі - ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми - бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше атқарады.

Сопақша ми -жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан.

Мишық организмнің қозғалысын, оның бір қалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады.

Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі - афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады. Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне (жұлын т. б. ) басшылық ету процестерінің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, іріктеп өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формация ми қабығы астындағы орталық миды кажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам күрделі ой әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш нерв орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады. Егер осы айтылған ми бағанасының құрамдары эволюциялық дамудың төменгі сатысында тұрған жануарлардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса, жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардың өмірінде негізгі қызметті ми қабығы атқарады. Денеде болатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайтын ми қабығы адамдарда ерекше жетілген. Ми қабығы төрт бөлімге бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке және самай деп аталынады. Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардың тері, қозғалыс, иіс, дәм т. б. анализаторлардың нерв орталықтары бар Мәселен, . мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Ғалымдар қазір арнаулы құрал арқылы мидың кез келген бөліктерімен байланыса алады, түрлі психикалық құбылыстарға сәйкес келетін «тірі» электр импульстерін тіркейді. Мидағы нерв талшықтарының жаны да «сіріден» берік. Өйткені, егер бір тал сымы істен шыққан радиоприемник жұмысын дереу тоқтататын болса, жүздеген, мыңдаған нерв клеткалары зақымданған ми өз жұмысын одан ары жалғастыра береді.

Зақымданған нейрондар да қалпына келіп отырады екен. Мәселен, адам қатты ашуланған кезде, нерв клеткаларының бірқалыпты жұмысы бұзыла бастайды да, оның кейбір нейрондары істен шығады. Ауруға шалдыққан бөлімнің әуелі жан-жағындағы клеткалар жойылып, артынан өзгеріс орта шеніне қарай ауысады. Адамдар түрлі психикалық ауруларға шалдыққанда оның нейрондарымен синапстарының (нерв талшықтарының клеткаларға ұштасқан жуандау жері) кейбір бөлімдері бұзылады да, кейін бұл нерв клеткалары өзгеріске түсетін көрінеді.

Ми құрылымы.

Адамның психикалық әрекет заңдарын, оның желісі мен құрылым ерекшеліктерін айқын түсіну үшін жан әрекетін туындатушы тән адам миының құрылымымен танысып, оның жан күйі көрінстерінің сол тән бөлігімен қандай байланыста болатынын білу қажет. Орталық жүйке жүйесі арқа және бас миынан тұрады. Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметі орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарылаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен жайласқан арқа миы, оның қызметі, бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер кызметін реттеу. Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан. Сопақша ми дененің күрделі қызметтерін орайластыра басқарады (бұлшық ет топтары, дем алу, қан айналымы, ас қорыту және т. б. жұмыстарды біріктіру) . Бұлардан жоғарылау орталық жүйке бөлігі күрделі қозғалыстар мен бүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын орта ми жайғасқан. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. Орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөліктері бас миының үлкен жарым шарларына біріккен. Жарым шарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты бас миы қабығы көмкерілген. Бұл қабық, қыртыс, сай, қатпар күйінде. Жақын маңда жатқан көру төмпешіктері мен қабық асты түйіндері қосылып қабық асты деп аталады. Ми қабығы қабық астымен қосыла рефлекторлық әрекетінің күрделі формаларын басқарады. Жүйке жүйесінің барша бөлімдері өзара тығыз, ықпалды байланыста. Бірақ олардың әрқайсысының; ролі бірдей емес. Арқа миы мен мидың бағаналы бөлігі - сопақша ми, орта мимен қосыла тума рефлекстер орталығына бірігеді. Арқа миында ең қарапайым рефлекстер орталығы (тізе рефлексі) бар. Дене мен аяқ-қол сүйек бұлшық, еттерін реттейтін, ішкі мүшелер жұмыстарын басқарушы рефлекторлық орталықтар да осы арқа миында. Бас миының бағаналы бөлігі күрделі де тіршілікке өте қажет шартсыз рефлекстік әрекеттерді басқаратын орталық. Сору, шайнау және жұтыну рефлекстері осы тетік құрамындағы сопақша мидың жауап әрекет орталығынан басқарылады. Кейбір қорғаныс рефлекстерін (түшкіру, жөтел, жас ағу) де осындағы жүйке іске асырады. Орта мида көз бен құлақ қозуларын қозғалыс аймағына жеткізетін орталықтармен қатар көз қарашығын тарылтатын жүйке тетігі жайғасқан, бірақ бас миы бағаналы бөлігінің қызметі бұнымен шектелмейді. Сопақша мида орналасқан дем алыс, жүрек-тамыр мүшелерінің қызметін, сонымен бірге организмнің ішкі құрылым тұрақтылығын сақтаушы басқа да органдардың жұмысын реттеуші орталықтар ерекше маңызға ие. Өте күрделі қызметтер мишыққа жүктелген.

Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективті құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік Бірінші түсінік бойынша, психикалық кұбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі (рефлексия) жоғарғы дамудағы тірі материяның ерекшелігі.

Идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуінде бір емес екі бастама: материалдық жөне идеалдық. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін, бір-бірінен шықпайтын жеке бастамалар. Дамудағы байланыс жасай отыра, олар өз заңдары бойынша дамиды. Дамудың әрбір сатысында идеалды психикамен біріктіріледі.

Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде пайда болды. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.

Қазіргі зерттеулер қорытындылары бойынша бір клеткалы қарапайымдардың психикалық құбылысына тән ерекшелік, соның ішінде: биологиялық маңызды деген тітіркендіргіштерге сыртқы белсенділік, ішкі жағдайдың өзгеруін реттеуге деген қабілеттілік. Сонымен бірге өзгермелік қабілеттілігі мен ес.

Материалистердің айтуы бойынша, психикалық құбылыстар, жерде тіршілік болғаннан кейін, көп уақыт өткеннен кейін пайда болды. Алғашқы кезеңде тіршілік иесі биологиялық тітіркенушілік пен өзін-өзі сақтау қасиетіне ие болды. Ол қоршаған ортамен байланыс механизімін жүзеге асырды, көбейді, ұлғайды. Кейін дамудың келесі сатысында оларға сезімталдық пен үйренуге дайындық қосылды.

Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық, органикалық қосылулардан, одан кейін қарапайым бір клеткалы тіршілік иелері пайда болды. Олар биологиялық эволюцияға жол салды да, көбею, генетикалық. жүре пайда болған ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы беруге жол салды.

Кейін тіршілік иелерінің эволюциялық өзін-өзі жетілдіру арқылы организмдерде ерекше орган пайда болды. Ол орган дамуды тәртіпті, қайта жаңғыртуды басқарды. Бұл нерв жүйесі. Оның дамуы мен жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сана, рефлексия пайда болды.

Нерв жүйесінің функциясының құрылысының жақсаруы психика дамуының қайнар көзі болды. Бұл процестің механизіміне: организмнің жаңа ерекшеліктерге ие болуы, олардың өзгеруіне байланысты жаңа органдардың өзгерістері, генотиптегі өзгерістер: өмір сүруге қажетті бейімделген органдар мен ерекшеліктердің ортақ бейімделуі.

Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының

күрделенуі. Ол организм құрылысын өзгертуге әсерін тигізеді.

Дүниені бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Қоршаған ортаны

жақсырақ бағдарлай алу жүзеге асты. Сонда психиканың жетілуіне

шындық өмір әсер етті: ол тіршілік иелерінде жоғарғы нерв жүйесі

мен жоғарғы психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті.

Бұл түсініктер материалистік болып табылады.

Идеалистік көзқарас бойынша, психика тірі материяның

ерекшелігі, немесе оның дамуы өнімі емес. Ол материя сияқты мөңгілік. Психика дамуы мен жан-жануарларда тәртіп дамуы қалай жүзеге асты?

Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына

байланысты болжамды А. Н. Леонтьев өзінің «Психиканың даму

проблемасы» еңбегінде ұсынады. Кейін оны толықтырып,

нақтылаған К. Э. Фабри болды. Ол жануарлар психологиясының

соңғы жетістіктерін пайдалана отырып дәлелдемелер келтіреді.

Сондықтан оны Леонтьев-Фабри концепциясы дейді.

Осылайша, біз жан-жануарлар тәртібінің негізгі даму стадиясын қарастырдық. Бұл стадияны А. Н. Леонтьев, кейіннен зоопсихологиялық жаңалықтар негізінен К. Э. Фабри дамытты. Бұл концепцияда екі стадия. Бірінші - элементарлы сенсорлы психика стадиясы - ол екі деңгейлі: жоғарғы және төменгі. Екінші -перцептивті психика стадиясы 3 деңгейден тұрады: төменгі, жоғарғы, ең жоғарғы.

Психика дамуының екі стадиясын анықтау қоршаған орта туралы хабарлама алу мінездемесінің әдістерінен тұрады. Бірінші стадияға сенсорлы әдіс, екіншіге - перцептивті әдіс тән.

Бұдан басқа жануарлар психикасын зерттейтін жолдар бар. Мысалы: Пьер Тейяр де Шарден. Ол синантроп қалдықтарын алғашқылардың бірі болып тапқан зерттеуші. Бұл проблемаға идеалды көзқараспен қарайды. Дүниеде идеалды бастама материалдықпен бірге дамиды дей келе былай дейді: «Екі энергия да - дене және психикалық, дүниенің ішкі жөне сыртқы жағдайында өмір сүре отырса . . . үнемі бір-бірімен байланысудан жөне бір-біріне өтеді». Осы қарым-қатынастар нәтижесінде психиканың әртүрлі формалары пайда болады.

Сонымен былай қорытындылаймыз.

Біріншіден жан-жануар адаптациясының деңгейі мен қалпы, жан-жануарлар психикасының даму дәрежесін анықтайды. Қолда бар ғылыми материал жан-жануарлардың психикасының және даму стадияларын көрсетеді. Бұл стадиялар қоршаған орта туралы хабарламаны алу деңгейі, әдістерімен ерекшеленеді. Бір жағдайда -ол түйсіктің бір бөліктер деңгейі, екіншісінде заттық қабылдау.

Екіншіден, жан-жануарлардың психикасының ең жоғарғы даму деңгейі. Ол заттық кабылдау стадиясында Ол жан-жануарлардың қарапайым интеллектісі туралы хабар береді. Жан-жануарлардың тәртібінің ерекшелігі әрине, биологиялық қажеттілікті өтеу, қанағаттандыру.

Біз сезім органдарының қабілеттілігі белгілі-бір шекараға дейінгі дүниеде өмір сүреміз. Мысалы: Біз естімейтін дыбыстар бар, олар біздің қабылдау мүмкіншілігімізден жоғары жатады. Адамның сенсорлы жүйесі филогенез процесінде қалыптасқан. Оны түсіну үшін сезім органының эволюциясын көру арқылы түсіндірейік. Адам үшін көру - сезіну үшін аса қажетті орган. Көруге тәуелділікті адамның шығу тегінен іздеу керек шығар. Жарыққа реакция бір клеткалыларда байқалған. Психика дамуының ерте кезеңінде тіршілік иелерінің сезгіштігі бірте-бірте дифференциаланады. Дене тканінің басқа бөліктерінен бөліне бастайды да басқа ерекше аймақты қалыптастырады. Мысалы: Төменгі жүйке жүйесі клеткалары бар олар жарық рецепторларын сезінуге арналған. Олар жарык пен қараңғылықты ажыратады. Бұл клеткалар бүкіл денеге немесе бір жеріне топтасып, көбінесе ойық немесе тереңдетілген жерлер, қазіргі кезде көздің орны, олар кескінді құрастырады. Көрудің қарапайым түрін жаңбыр құртынан көреміз. Фоторецепторлар алғаш кезде тереңде орналасқан, себебі ол түстің жарықтығынан қорғанған. Ол қозғалып бара жатқан көлеңкені азайтады, қауіп туралы белгі береді. Осы себепті сезімділік жарық деңгейінің өзгеруінен әлсіз көрінеді (Клетканың сезімталдығы жарық сезгіш. пигменттердің дәндеріне байланысты, себебі жарық әсерінен бұл заттарда биохимиялық реакция болады, олар түссізденеді. ) Алайда осындай примитивті «көз» тіршілік иесінің өмірін өзгеріске түсіреді. Жарық деңгейі өзгерді, яғни сыртқы дүниеде бір нөрсе өзгеріске түсті, мысалы: жау пайда болды, оған көлеңке түсті, немесе тамақ пайда болды, яғни оның аулауға шығу керек. Яғни бір сөзбен айтқанда бұл белгі, жанжануарлар оған адекватты жауап қайтару керек. Осылайша тәртіп пайда болды. Ол тіршілік үшін қажетті эффективті болуы керек. Ал тәртіп -зоопсихолог Н. Тинберген пікірінше, эффективті болады егер ол «қажетті жерде және қажетті сәтте пайда болса» (Тинберген Н., 1969) .

Жүйке жүйесінің дүниесінің барлығында жарықты қабылдауда бірақ процесс - рецепторларі алмасу нәтижесінде жарық энергиясы химия реакциясы арқасында электрге трансформацияланады. Жұмыстың эффективтілігі қосымша құралдар - алмаз, қарашық т. б арқылы болады.

Жарықты қабылдау - жоғары дамыған клеткаларда бар, оларды фоторецепторлар дейді. Эксперименттер дәлелдеуі бойынша әрбір көру жүйесінің деңгей нейроны өзінің рецептивті аймағы болады.

Әрбір көру жүйесінің деңгейі нейроны өздерінің рецептивті аймағының құрылысына ие, ал жоғарғы жан-жануарларда олар үштен кем емес: тор, материалды дене (орталық ми құрылысы), көру аймағы.

Ганглии жүйесі клеткаларында рецептивті аймақ концентрлік формаға: көру, тежелуге ие. Кортикалық нейрондар тек қана белгілі иілген қара немесе ашық түстерді анықтайды. Д. Хьюбел мен Т. Визел мысықтың көру аймағына диаметрі 0, 001 мм«ді микроэлектрод енгізеді. Олар көру аймағындағы нейрондарды анықтайды. Бұл нейронға тордан келетін мыңдаған фоторрецептордан информация келеді (Хьюбел Д., 1990) . Бұл нейрондар рецепторлар аймағына ие болды. Мысалы: Қарапайым аймақ жолаққа аддекватты, олар белгілі бір иілу бұрышы және орналасу тәртібі бар. «Өте жоғарғы» аймақ сызықтарды ғана анықтамайды, белгілі бір ұзындығы бар сызықтарды анықтайды.

Барлық иілген диапазон бұрышында 0°-тан 180° дейін спецификалық нейрондар анықталған. Мысалы: Тек горизонталь сызықты көретін аймақтар немесе асты-үсті қозғалыста, ал вертикаль, оңға-солға бұрылғанға ешқандай реакция бермейді. Көру нейрондары мыңдап, миллиондап. Олардың рецептивті аймақтары бір-бірімен байланыста. Бір рецепторлар жарық, контур т. б. тордың ортасы - формалары, шеті - қозғалыс, жарық аймағына жауап береді. Бұл рецепторлар барлық сүт қоректілерде, мысық, маймыл, қоян, суыр т. б. анықталған.

Рецептивті аймақты зерттеушілер жан-жануарлар әртүрлі сызықтар, шеңбер, үлкен, кіші, горизонталды, вертикалды иілген, қара, ақ, түр-түстерді көрсетеді. Көру аймағында осылардың біреуіне ғана жауап берген нейрон табылды. Ол тек қана біреуіне, басқаларына жауап бермейді.

Кейбір тіршілік иелерінде жарық пен қараңғылықты ажырататын -эндокринді без анықталды. Бұл қайта туған - «үшінші көз». Бауырмен жорғалаушыларда эпифиз (мида орналасқан) - ретінде көрінеді. Ересек адамда эпифиздің салмағы 100-200 мг формасы бойынша жаңғақ тәріздес. Эпифиздің генетикалық құрылысын қазір зерттеу басталды. Бұл бездің көптеген мінездемесі өлген көз органы деп есептеуге болады екен. Дамыған үшінші немесе желкедегі көз кесірткеде бар екен. Алайда басқа да жан-жануарларда эпифизі жарыққа жауап береді. Бақа уылдырығы головастикті қараңғыда 30 минут ұстасақ, онда оның түсі ақшылданады, алайда егер одан эпифизді алып тастасақ, онда оның түрі өзгермейді. Эпифиз биологиялық сағаттың да қызметін атқарады. Мысалы: Құстар жарықты көз арқылы да кейде эпифиздің арқасында қаңқа арқылы да қабылдайды. Егер тауықтан эпифизді алып тастап, оны Петри чашкасына орналастырсақ, жарық өзгерісіне жауап береді. Себебі, эпифизде серотонин, мегатонин гармонына айналады, ал бұл жарық циклі мен уақыт есебіне жауап беретін зат.

Перцептивті психиканың ең жоғарғы даму деңгейіне маймыл жатады. Жан-жануарлар әрекетінде бағдарлаушы-зерттеушілік немесе дайындық фазалары анықталған.

1. Тәжірибе

Ит-фокстерьер. Қожайыны итке таяқты апарып тастауды ұсынады. Ит таяқты өзінің тепе-теңдігін сақтап жүре ала ма деген сұрақ мазалайды.

Алғашында ит таяқты ортасынан тістейді. Алайда бұл жүруге ыңғайсыз. Таяқтың бір жаққа аууы басым, ол жерге тиіп, итке жүруге кедергі жасайды. Ит алғашында бұл тапсырманы орындауға қиналады, алайда бір-екі сағаттан кейін ол шешім табады. Ол енді таяқты ортасынан тура тістемейді. (Экспримент жүргізген Л. Морган)

2. Тәжірибе (Л. Морганнан үлгі алған Э. Торндайк болды) . Жануар (Мысық, ит, маймыл) «проблемалы жәшікке» орналасады. Жәшіктің жабылатын есігі бар, жануар жәшіктен шығу үшін оны пайдалана алады. Клетканың сыртында тағам қойылады. Жануар жәшіктен шығу үшін алуан түрлі қозғалыстар жасайды. Бұл қозғалыстың бірі сәтті болып жануар жәшік есігін ашатын тетікті басып қалады да сыртқа шығады. Тәжірибе көптеп қайталанады. Акырында жануар есікті бірден аша алатындай, өзіне қажетті тетікті басып, сыртқа шығады. Мысық, ит, қораз қайталау әдісі арқылы үйренуге бейім екен.

Келлер адам тәріздес маймылдарды зерттеп оларға интеллектуалдық инсайт, қарапайым құралдарды әзірлеу қабілеттігі бар екенін анықтады. Ол сонымен қоса иттерге де тәжірибе жасады.

3. Тәжірибе

Үйдің қабырғасынан 2*2м квадратты биік емес қақпамен бөлінген кеңістік бар. Оның бір жағы қабырғадан 1 м. бөлінген, қабырғаға параллель ұзындығы 2 м жол қалған. Жолдың бір бөлігін тормен жабады. А бағытынан Б бағытына итті жібереді. Онда ол біраз уақыт тағам жейді. Тамақ желініп бітті, ал ит оған тойған жоқ. В жеріне жаңа тамақ қойылады. Біраз уақыт ит ол тамаққа қарап ойланады да, бір кезде 180° бағытын өзгертіп, қақпаны айналып, тоқтаусыз В жеріне жетеді.

4. Тәжірибе. Шимпанзе маймылын үлкен вольерге орналастырады. Белгілі бір қашықтықта тамақ қойылған. Жануар оны қолмен ала алмайды. Алайда өзі отырған торда екі, ұзын емес таяқ жатыр. Жекелей әрқайсысының ұзындығы тамақты алуға жетпейді. Маймыл осы таяқтар арқылы осы тамақты алуға тырысады, алайда қайта-қайта сәтсіздікке ұрынады. Содан кейін ол отырады да «ойлауға» кіріседі. Шешім аяқ асты табылады, маймыл таяқты бір-біріне жалғастыруға тырысып, ұзын құрал дайындаған сияқты. Сол таяқ арқылы ол өзіне тамақты алуға тырысады.

5. Тәжірибе. Сол вольерге төбеге банан ілінеді. Оның биіктігі маймыл секірсе де ала алмайтын дәрежеде болады. Басқа әдістер арқылы да бананды ала алмайды. Басқа затты бірінің үстіне бірін қойып шығатындай да құралдар жоқ. Вольерде маймылдан басқа адам ғана бар. Сәтсіз қозғалыстардан соң маймыл аяқ асты адам қасына келіп, оны қолынан тартып, банан тұрған жерге жетектейді. Адам оның қимыл-қозғалысын орындаған соң маймыл адам иығына секіріп шығып, өзінің сүйікті асы бананды алады.

Жан-жануарлардың тәртібінің интелектісін бақылау нәтижесін қорытындылаған Р. Йеркс мынандай ерекшелікті анықтайды.

1. Жануар іс-әрекет жасамас бұрын оны бөлшектеп алдын ала зерттейді.

2. Іс-әрекет арасында үзілістер, тербелістер «ойланған» сияқты із қалдырады.

3. Ақылды мақсатты бағытталған жағдайға жануарлар себепсіз қимыл қозғалыстар, санасыз қателіктер мен қайталауларды пайдаланбай-ақ пайда болған проблеманы шешуге дайындық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке саласы психикалық әрекеттердің негізі
Жалпақ құрттар
Құқықтық статистикадан дәрістер
Жерді қашықтан зондылау
Поэзия- тіл патшасы
Сезімтал жүйелер туралы түсінік. Әлемді тануда талдағыштардың маңызы
Психофизиологияның даму тарихы мен әдістері
Орталық жүйке жүйесінің жеке физиологиясы
Трематодтар
Жиынтық құрылымын және динамиканы сипаттайтын қатыстық шама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz