Мәтінге бейнелі сөздерді қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
К і р і с п е

Балаға сапалы білім беру мақсатында сабақ өткізудің әр түрлі әдіс-
тәсілдері, жұмыс түрлері қолданылады. Қазақ мектебіндегі ағылшын тілін
оқыту барысында тілдің қарым-қатынастық қызметін меңгерту, ағылшын тілінде
сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру үшін жүргізілетін ұтымды тәсілдердің
бір түрі – топпен жұмыс. Оқушыларды топтарға бөліп, тапсырма беріп, жарыс
түрінде өткізілетін жұмыс түрлері жүргізілсе, балада өзін-өзі бақылау,
бәсекелестік, өз тобын қорғап шығу, дербестікке ұмтылу, өз пікірін дәлелдеу
сезімдері пайда болып, сол арқылы баланың сабаққа қызығушылығы, ынтасы
оянатындығы жөнінде ғалымдарымыздың ой-пікірлері бар.

Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз
байланысты.Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жаттығу
жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жаттығулар екі топқа
бөлінеді: 1) тілдік жаттығулар, 2) сөйлеу жаттығулары.

Екінші тілді үйрету ісінде сөйлеу жаттығуларының атқаратын рөлі зор.
Әдетте сөйлеу жаттығуларына сөйлем құрастыру, мазмұндама, шығарма жаздыру,
сұхбат (диалог) құрастыру, тағы басқалар жатады.

Сөйлеу жаттығуларының ішіндегі ең негізгі түрі – сұхбат құрастыру.
Оқулықтарда сұхбат құрастырудың сұраққа жауап беру, берілген жауапқа сұрақ
қойғызу, сұхбатты жалғастыру (толықтыру) тәрізді түрлері жиі қолданылады.

Сұхбат кемінде екі адамның арасындағы сөзге байланысты құрылғандықтан,
сөйлеу түрі түрліше болып келеді.Сөйлеушінің хабарына қарай сұрақ-жауап
түрлерін ұйымдастыруға байланысты берілетін ситуациялық тапсырмалар да
түрленіп отырады.

Ситуациялық тапсырмалар бере отырып сұхбат құрғызу қазақ тілді
аудиториядағы студенттердің ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, ойлау
қабілетін арттырып, сөйлемдер құрастыра білуге үйретуге мүмкіндік береді.

40-50 жылдардан жекелеген пәндер бойынша балаға білімді игерту
жолдарына бағытталған көптеген зерттеулер белгілі. Бұл зерттеулерде әр
түрлі білім мазмұны мен оқыту әдістерінің балалардың психикалық даму
ерекшеліктеріне әсері анықталады.

50-60 жылдарда алдыңғы орынға оқыту әдістері мен оқу үрдісіне жаңа,
күрделірек мазмұн беру арқылы балалардың таным қызметін кеңейту, жетілдіріп
дамыту міндеттері шықты.Зерттеу әдістері де өзгерді: тұтас сыныптармен
эксперименттер жасау басталды.Мұндай оқытудың тиімді тұсы білім мен дағдыны
жетілдіру үрдісімен байланысты сыныптағы орындалатын жұмыстардың темпін
жылдамдатып, жетілдіруге қатысты болды.

Мысалы, Д.Б.Эльконин жазбаша тіл ауызша сөйлеудің қызметі, қолдану
ерекшелігінен ғана емес, ішкі құрылымының қалыптасуы жөнін де
ерекшеленетін, оның түрлі жағдайларға тәуелді емес екендігін, баланың

3

ауызша сөйлеуіне қарағанда ерікті екендігін дәлелдеу үшін өзінің
зерттеулерін

бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тіліне, оның қалыптасу кезеңдеріне
сәйкес құрды.Ол жазбаша тілді пікірлесудің, ойды қалыптастырудың ерекше
тәсілі ретінде түсінгісі келді және оның грамматикалық формаларға емес,
психологиялық күйге қалай әсер ететінін зерттеді.Әр түрлі сынып
оқушыларында ағылшын тілінде жазбаша тілді қалыптастыруда ерекше маңызды
еркін сөйлеудің негізгі мүмкіндіктері көшіру мен жаздыртуда емес, оны
түсініп, талдай білуінде екндігін көрсетті.Оның ойынша, жазбаша тіл ойды
тәртіпке, жүйеге келтіреді.Баланың ой тасқындарын реттеп бере алуы, оның
пікірлесуі, жағдайға бейімделуі, қабілетінің қалыптасуы, жазбаша тілдің
психологиялық механизмдерін меңгеру ерекшеліктеріне қарай олардың ауызша
тілі де икемді де еркін бола түседі. Ал мектептегі сөйлеу мәдениетін
қалыптастырып дамыту балалардың сабақтағы оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыруға
байланысты десек, бұл өз кезегінде оқыту мазмұнынан туындайды. Сондықтан да
біз өз зерттеуіміздегі балалар тілі деген тіркестің бастауыш сынып
оқулықтары мәтіндеріндегі сөз, сөз формасы мен сөйлемдердің балалар тілі
арқылы қолданысқа түсетіндігін, яғни мектептегі оқыту оқыту барысында бұл
сөздерді олардың толық меңгергендігінесепке ала отырып алынған тіркес
екендігіне назар аудартқымыз келеді.

Балалар тілін, олардың сөйлеу қызметін зерттеу тілшілер мен
психологтарды әсіресе, ХІХ ғасырдың соңында көбірек қызықтыра бастады. Осы
кезеңде түрлі жастағы балалар тілін статистикалық әдіс бірнеше зерттеулер
өткізілді.

2000-ші жылдардағы бастауыш сынып оқулықтары мен әдебиеті мәтіндерін
лингвостатистикалық әдіспен зерттеу нәтижесінде балалар тілінің даму
динамикасын анықтауда біраз еңбек сіңірілді. Яғни бастауыш сынып оқулықтары
мен балалар әдебиеті мәтіндерінде сөз қолданыстардың игерілу, меңгерілу
шамасынанықтау мақсатында қала және дала мектептерінде арнайы
эксперименттер жүргізіп, алынған зерттеу нәтижелерін лингвостатистикалық
әдіспен зерттеу арқылы алынған қорытындылармен салыстыра отырып, мектеп
оқулықтарындағы мәтіндердің оқушылардың әдеби сөздік қорын кеңейту мен
байыту мақсатында біршама жұмыстар жүргізілді.

Ендігі мақсат бастауыш сынып оқулықтарына берілетін тілдік
материалдарды ғылыми тұрғыдан сұрыптау қажет. Ол үшін мына жайттарды
анықтауды жұмысымыздың ерекше маңызды мәселесі деп есептеу қажет.

Мектептегі ағылшын тілін оқытудың алғашқы кезеңіндегі бала тілінің дамуы,
меңгерілген лексиканың сандық және сапалық ерекшеліктерін ескеру;

Ауызша тілді меңгерудің жүйесіз, ретсіз түрінен мектепке морфология мен
лексиканы оқып-үйренудің жүйеленген үлгілеріне көшу;

3. Сөздік қордағы лексикалық синонимдік қатарын толықтыру, меңгерген
лексиканың семинатикасын және экспрессивтік мәндегі сөздердің мағыналарын
ұғыну;

4. Оқып-үйренуге арналған минимум сөздіктерге тілімізде жиі кездесетін

4

және жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білу керек;

Қазіргі тіл білімінің даму тәжірибесі көрсеткендей, ағылшын тілінің
түрлі топтарының лексикасы мен морфологиясының салыстыруға және оның
нәтижелерін алуға жағдай туғызатын мәтіннің квантитативтік әдісінің ерекше
тиімді түрі-жиілік сөздік, алфавитті жиілік сөздік және кері алфавитті
жиілік сөздіктер алу болып табылады.Бұл сөздіктер арқылы бастауыш сынып
оқулықтарының тілін тілдің басқа түрлі салаларымен салыстыруға және
квантитативтік әдіс арқылы алынған бастауыш сынып оқулықтары мәтіндеріндегі
сөз қолданыстарды анықтап, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, оқушыларға
мәтінді талдаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынуға болады.

Кейінгі жылдары білім беру жүйесі өз қызметі барысында айтарлықтай
жетістіктерге қол жеткізді.Кеңестік білім беру саласында орын алған білім
беру жүйесінің шектен тыс идеологияландырылуы, өмірден және әлемдік
тәжірибеден алшақ болуы, тарихи-мәдени этнопедагогикалық құнджылықтарды
ескермеу, тағы басқа да кемшіліктерге жол бермей, бұрынғы қолжеткізген
жетістіктерді сақтай отырып, білім жүйесін әрі қарай дамыту жолдары
белгіленді.Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы онжылдықта білім
беруді ізгілендіру барысында жеке тұлғаны дамыту бірінші орынға қойылады.

Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында:

1) Оқу материалының базалық және талдау деңгейі.

2) Оқушылар дайындығының ең аз қажетті деңгейі.

Бұл екеуінің аралығында бірнеше деңгейлер болуы тиіс делінген.

Осы талапқа сәйкес жаңа буын ағылшын тілі оқулықтарында пәндік білімді
игеру: 1) білуге; 2) түсінуге; 3) талдауға; 4) қолдануға; 5)біліктенуге
бағытталуы тиіс болып табылады.

Бірінші міндетті деңгейдің тапсырмалары шығарманы қабылдауға
бағытталады, жаттап алуға лайықты болып келеді.Оқулықтардағы “Өлеңді жаттап
ал”, “Мәтінді дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқы”, “Мәтінді ролге бөліп оқы”

Тағы басқа тапсырмалар - міндетті деңгейдің жаттығулары.

Екінші алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқылып отырған мәтінді
реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады.Бұлар бұрынғы
тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін оқушылар бұрыннан меңгерген
іс-әрекеттерін өздігінен жаңғыртып, қолдана білулері қажет.

Үшінші шығармашылық деңгейі, яғни шығармашылық жұмыстың бұл түрі сурет
бойынша әңгіме құрастыру арқылы ұйымдастырылады.Бұл деңгейдің мақсаты –
оқушыларды суреттегі жайттарды талдауға және сол арқылы өз беттерінше
шығарма жаздыруға дайындау болып табылады.

Мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді жолдары

ХХІ ғасыр белесіне аяқ басқан адамзат өркениеті өз дамуының жаңа

5

кезеңіне-білім беру прогресінің ең маңызды факторларының бірі саналатын

кезеңге келіп жетті.Республика халқының жиырма пайыздан астам бөлігін
құрайтын үш миллионға жуық баланы оқытып отырған орта мектеп білім берудің
негізгі буыны болып табылады.Біздің бүгінгі мектеп партасырда отырған
шәкірттеріміз – баға жетпес ұлттық байлығымыз, еліміздің ертеңі. Ал
мектептің қазіргі жайына тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірде-бір азаматы
немқұрайлы қарай алмайды.Сондықтан “Қазақстан Республикасының орта білімдді
дамыту тұжырымдамасы” қазіргі мектептердің практикалық қызметінде
жинақталған барлық игіліктердің сақталуын, сонымен қатар қоғамның
интеллектуалдық қуаты мен еліміздің материалдық-қаржылық ресурстарын, орта
білім жүйесін одан әрі дамытуға жұмылдыруды көздеді.Бұл тұжырымдама жалпы
білім беретін мектепті реформалау ережелеріне негіз болып, оны жүзеге асыру
бағытында елімізде елеулі жұмыстар жүргізілді. Қазақстан орта білім
қызметінде басты басымдылық оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастарын
қалыптастыру, жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды нақты
өмірге дайындау болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстан өміріндегі жаңару үрдісі адам факторы маңызын
күшейту менмен қоса ағылшын тілі мәнінің артуына да әкелді.Тіл атаулы, оның
ішінде – ағылшын тілі байлығы да елімізде тұратын ұлт өкілдерінің тілді
меңгеруге, үйренуге және өзге де ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасап,
өздерінің терең ойлары мен шексіз сезімдерін еркін білдіруіне мүмкіндік
береді.

Қазақ мектептерінде ағылшын тілін оқытудағы мақсат – оқушылардың
сөйлеу тілін дамыту, яғни коммуникативті қарым-қатынасты жүзеге асыру және
сонымен бірге тәрбиелік мақсаттарды назарда ұстау.Сондықтан тілдік
материалды меңгеруде ағылшын тілінің тілдік қызметі алдыңғы орынға қойылып,
ауызекі сөйлеу, тыңдалым (аудирование), оқылым икемділігі, содан кейін
лексика мен грамматикалық білімнің қалыптасу дағдысы тексеріледі.

Бүгінгі күні қазақ мектептеріндегі бағдарлама, оқулық, оқу құралдары,
оның көрнекіліктері сияқты түйінді мәселелерді шешу балабақшада да, орта
және жоғары оқу орындарында да сол күйі сақталып отыр. Ағылшын тілін үйрету
мен оқыту бағытындағы көптеп шығып жатқан оқулықтардағы басты кемшілік –
мәтіндер тізбегінің берілуімен шектелу, тіл дамыту бағытындағы жұмыстардың
аздығы және бірыңғайлы болуы. Олай болса, оқушылардың оқу-танымдық
қызметінің белсенділігін арттыратын, олардың әр түрлі деңгейдегі ойлау,
тұжырымдау қабілетін дамытатын оқытудың жаңа түрлерін, әдістері мен
құралдарын жетілдіруге жұмыстану керек.

Соңғы жылдары еліміздің мектептеріне стандарттық тұжырымдамалық
талаптарына сай келетін ағылшын тілі оқулығы, мұғалімнің әдістемелік
құралы, дидактикалық материалдар дайындалып, кей сыныптар бойынша сынақтан
өткізуге Республика мектептеріне тататылып, сол бойынша оқытыла
бастады.Ғалымдар тәжірибелі мұғалімдермен байланыс жасап, ағылшын тілі оқу
құралдарының сапалы болуына ынтымақтаса еңбек етуде. Алайда

6

қаржылық-экономикалық тұрғыдан оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы

шектеулі, оқу құралдары мазмұны жағынан жеткіліксіз әрі жетімсіз
шығарылуда. Олай болса бұл тығырықтан шығу мақсатымен шығармашылықпен жұмыс
сітеп жүрген мұғалімдер ұйымдасып, күнделікті сабақта пайдаланып жүрген
материалдар негізінде, жан-жақты іздене, бағдарламаға негіздей оқулық,
көмекші құрал жазу мәселесін ойластырған жөн сияқты. Қазақ мектебіндегі
ағылшын тілі пәнінің тақырыптық жүйемен оқытылуын, шығармашылық қабілетін
оятатын, шет ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыпын танып білуге жол ашатын
мәтіндердің ерекше мәні болуы керек. Мәтіндер әр сыныптың бағдарламасына
сай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйекстендіріле берілуі тиімді. Оқулықтағы мәтін мазмұны бойынша жоспардың,
өзара сөйлесу үлгілерінің, жағдаят тапсырмаларының көптеп берілуі
оқушылардың қарым-қатынас жасау машықтарын дамытуға септігі зор екенін
есекрген дұрыс.Осыны ескере, оқу қазақ тілінде жүретін мектептердің ағылшын
тілі мұғалімдері мен оқушыларын танымдық-мәдени ақпараттармен қамтамасыз
ету мақсатымен оқытушылар тәжірибесінің нәтижесі есебінде ағылшын тілі оқу
құралы құрастрылып, дайындалды. Ол қазіргі талапқа толық жауап береді деп
айту қиын, алайда, ағылшын тілі мұғалімдеріне, оқушыларға, тіл
үйренушілерге қосымша көмекші құрал ретінде ғалымдар мен Білім
академиясының ағылшын тілі кабинеті ұсынғанын ескерту қажет.

Білім стандарттарында қамтылған мәтін тақырыптары, баспасөз беттерінен
алынған әдебиет және мәдениет салаларының соңғы жаңалықтары бойынша
құрастырылған мәтіндер осы оқулықтың мақсатына сәйкес сұрыпталып, белгілі
бір жүйемен тақырыптарға бөлініп, тексерілетін білімді анықтау
тапсырмаларымен қоса берілді.Көркем әдеби шығармалардан үзінділердің
берілуі – оқушылардың мәтіндерді түпнұсқадан оқып-үйренуіне бағытталған
қадам.Сол сияқты оқу мәтіндері қазақ тіілінде де беріліп, аударма жұмысын
жүргізуді жетілдіру де ескерілді. Мәтінді еркін мазмұндауына бейімдеу
мақсатымен сұраққа жауап жазу, негізгі ойды анықтау, жоспар құру, жоспар
бойынша әңгімелеу арқылы шығарма жаздырту мен пікір білдіруге баулу сияқты
жұмыс түрлері көрсетілді. Кейбір мәтіндердің мазмұндық жағынан қайталануы,
күрделілігі оқушылардың жас ерекшелігі мен білім деңгейінің әр түрлі
болуына, ағылшын тілін жақсы білетін және грамматиканы толық меңгерген
қазақ балаларының оқитынын ескере, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту
мақсатына байланысты дидактикалық бейімге келтіре алынды, білік
дағдыларыныңдеңгейін ескере құрылды. Сондықтан оқулық соңында берілген
сұрақ-тапсырмалар көп деңгейлілікпен оқыту ұстанымына негізделеді.
Оқушылардың тек сабақ үшін ғана шектеліп қалмай, қосымша тапсырмаларды
орындауы үшін олардың өз бетінше ізденіп тіл шеберлігін жетілдіруі
оқулықтың соңында қазақша –ағылшынша сөздіктер берілді.

Оқулық мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушылардың өзге ұлттың тіліне,
салт-дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне, рухани қасиеттеріне құрмет сезімін
қалыптастыру ескерілді.Әр тақырып мазмұнына сәйкестіріле берілген мәтін

7

тапсырмаларын оқушы мүмкіндігіне орай түрлендіре бірнеше жұмыс ретінде де
пайдалануға болады. Мәтін түсініктірек болу үшін оқушылар әрбір мәтіннің
мазмұны мен тапсырмаларын орындағаннан соң, мәтінді талдау арқылы өз
білімдерін арттыруға болады.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің
дұрыс үлгісн өрсету керек.Бұл міндеттгі мәтін ақтарады.

Қазіргі заманда А.В.Текучев, Г.А.Ладыженская, Н.М.Шанский, И.А.Зимняя
сияқты ғалымдардың ұсынуымен мәтінмен жұмыс жүргізу әдістемесі дамып
келеді. Оқытуда тілдік қатынас мақсатын алға шығарған қатысым
(коммуникативтік) әдісінің артықшылығы практикада дәлелденген. Өйткені,
мәтін – сөйлеуге жаттықтыру. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру құралы.Мәтінмен
байланысты жүргізілетін байланысты жүргізілетін жұмыстардың бәрі де сөйлеу
дағдысын қалыптастырумен байланысты болғанда ғана, тілге үйрету жұмысы
нәтижелі болмақ. Оқу мәтіндегі ағылшынша сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсетіп
қана қоймаййды, оған бірте-бірте дағдыландырады.

Тілді оқытудың алғашқы кезінен бастап соңғы кезіне дейін мәтін ұзақ
уақыт сабақта қолданылатын болғандықтан, ол сөйлеудің дұрыс үлгісінің еске
сақталуына мүмкіндік беретін дидактикалық материал. Мәтінмен жүргізілетін
жұмыс түрлері оны оқу, мәтіндегі дұрыс сөйлеу үлгілері арқылы оқығанын,
аударғанын жеңіл диалогқа айналдыру, қарапайым мазмұнын айту арқылы
көрінеді. Мақсат – оқушының мәтіндерді практика жүзінде іске асуына,
байланыстырып сөйлеуге қалыптастыруға дұрыс пайдалану.

Атақты лингвист Гальперин анықтамасында мәтінде оқушылар білуге тиісті
түрлі сөздер, олардан сөйлем құрап, байланысты ойды жеткізуге қажет тілдік
материалдар, грамматикалық көрсеткіштер іс жүзінде берілетіні айтылған.
Мәтінде тілдің барлық деңгейіне қатысты тілдік тұлғалардың бәрі орын алады.
Сондықтан ол арқылы тілдің фонетикасын, лексикасын, грамматикасын оқытуға
болады. Ал түрлі деңгейдегі тілдік тұлғалардың түісетін орны мәтін
болғандықтан, тіл оқытуда мәтінді дұрыс пайдаланған жөн.

Оқулық мәтіндерінде тілдік қатынастың барлық түрлері үйретіледі. Осы
міндеттерге байланысты мәтіндерді талдауға белгілі талаптар қойылады. Ол
талаптарды жалпы алғанда үшке топтаймыз:

Мәтіннің лингвистикалық мақсатқа құрылуы.

2. Мазмұнның танымдық педагогикалық ұстанымға бағытталуы.

3. Мәтін әдістемелік нысанға сәйкес болуы.

Бұларды мәтін талдауға қойылатын жалпы шарттар деп санасақ, мектеп
оқулықтарында оқушылардың танымдық сапаларын арттыратын, тәрбиелік мәні
ерекше мәтіндер алынған. Олардың көлемдері әр жасқа шақталған.

8

Белгілі ғалымдардың айтуынша, оқулық мәтіндеріне лингвистикалық-
психологиялық тұрғыда мынадай қосымша талаптар қойылады:

Берілген тілдік материалдар оқушының ағылшын тілін үйрену қажеттігін
арттыруға бағытталуы.

Мәтіннің мағыналық құрылымы анық, қызықты болуы.

Мәтін материалдары оқушының тілін дамытуға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға
лайық болуы.

Оқушының ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау мақсатын өтеуге бағытталған
мәтіндер көп болуы.

Мәтінде көрсетілген мәселе оқушының тіл үйрену белсенділігін арттырғандай
болуы.

Мәтін құрылымы диалогты, монологты сөйлеу тіліне лайық, оқушылардың ағылшын
тілінде өзара қарым-қатынасжасау мақсатын орындауға ыңғайлы болуы жөн.

Оқушылардың мәтінді талдау дағдысына қойылатын өлшемдер:

Мәтін түрін айыра біл.

Мәтінге өздіктерінен жоспар құру.

Кейіпкердің іс-әрекетіне баға беру.

Мәтінге бейнелі сөздерді қолдану.

Мәтін мазмұнын ашып, жүйелі жазу.

Берілген тақырыпқа өздіктерінен мәтін құрай білу.

Ой екпінін сақтай отырып, мәнерлеп оқу.

Берілген мәтінді жалғастыру.

Мәтінді түсініп, мазмұнын толық әңгімелеу.

Өз жанынан өлең, ертегі, әңгіме құрап, айта, жаза білу.

Жеке бас ерекшеліктеріне сай берілетін тапсырмаларды орындауы.

Тәжірибе жүзінде мәтінмен мынадай жұмыс түрін ұйымдастыруға болады.

Мәтінмен жұмыс жасау:

Мәтінді мәнерлеп дыбыстарды дұрыс оқуына көңіл бөлеміз.

Сөйлемнің түріне қарай интонация, екпінді дұрыс жасау, сұрақ, леп
белгілеріне көңіл аудару керек.

Мәтіннен алған түсінігіміз бойынша мазмұнын айту:

а) Тақырыбына мән беру: не туралы, кім туралы айтылған.

ә) Ақын, жазушының туған жылы, шығармаларының аты және тақырыбын атау.

б) Мәтіннің тақырыбына байланысты өз сөйлемімен мазмұндау.

4. Мәтінді жалпы оқығаннан кейін жоспарлап, сол бағытта мазмұндау.

5. Егер өлеңді жатқа айтатын болсақ:

а) Мәнерлеп айтуға көңіл бөлуді қадағалау.

ә) Дыбыстардың дұрыс айтылуына мән беру.

б) Шабытпен, ашық дауыспен мәнерлеп оқу.

6. Таңдап алынған мәтінге көңіл бөлу, тақырыбын анықтау, мағынасын айту
керек.

9

Мысалы, 5-сынып оқулығында “The fox and the fish” деген мәтінді
алайық. Ең алдымен мәтінді мәнерлеп оқу қажет. Тыныс белгілері, ағылшын
тіліне тән дыбыстарға көңіл бөлу және мағынасы түсініксіз сөздерді аудару
керек. Мәтіннің тақырыбына мән берілуі қажет.Оқушылар мәтінді бірнеше
қайтара оқып, өзтүсініктері бойынша әңгімелеп берулері керек.

Осы кесте бойынша оқушылардың мәтінді талдау дәрежесін бақылауға
болады.

Мәтінге талдау жасаудың үлгісі:

Мәтін Мәтінге Мәтіндегі Мәтіндегі Мәтінді Мәтінге Мәтінге
түрін жоспар бейнелі негізгі әрі сұрақ құр сөздік
айыр құр сөздерді ойды қарай (орта жұмысын жаса
тап анықта жалғастыр деңгей) (міндетті
(шығарма- деңгей)
шылық
деңгей)

Мәтіннің функционалды перспективасы

Тіл әлеуметтік - тарихи құбылыс тұрғысынан күрделі жүйелік құрылым.
Оның элементтері бір-бірімен парадигматикалық-синтагматикалық қатынастар
арқылы тілдің жүйелілігі және ішкі деңгейлерінің жүйелілік байланыстары
айқындалады. Тілдің жүйелілік қасиетін, оның негізгі коммуникативтік,
когнитивтік және прагматикалық қызметтерін ашу – қазіргі кезеңдегі тіл
білімінің алдында тұрған міндеттерінің бірі.

Тілдің барлық деңгейлерінің бірліктерінің бір-бірімен өзара қарым-
қатынасы осы жалпы тілдік ұғымдық категориялар негізінде болады.

Тілдің даму дәрежесі – қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің
даму көрсеткіші.

М.Н.Кожина стилистиканы “тілдік бірліктерді сөйленім мазмұнына, қарым-
қатынас саласына, ситуациясына және мақсатына сай дұрыс, міндет- мақсатқа
сәй кес қолдана білуге байланысты туындайтын тіл қолданысы заңдылықтары
туралы және сөз (сөйлеу) мәнерлілігін туындататын, арттыратын құралдары
жайындағы лингвистикалық білім” ретінде анықтайды.

Лингвистикалық тілді қай тұрғыдан зерттейтіні көпке дейін даулы болып
келді. Бұл мәселенің бірнеше себебі бар.

1.Адамның сөйлеу әрекетінің күрделі және алуан түрлі болып
көрінуі,яғни оның бірде үрдіс, бірде сол үрдістің заттық нәтижесі-нақты
сөйлеу туындылары, мәтіндер ретінде көрінуі, бірде әлеуметтік бірліктер
жиынтығы және оларды біріктіру ережелері, бірде осы жиынтықтың заттық
жұмсалымы,яғни мәтіндер ретінде көрінуі. Адамның тілдік әрекетінің
материалдық та (акустикалық,

10

оптикалық, артикуляциялық), идеялық та (семантикалық психология) жақтары
бар,ол әрі әлеуметтік,әрі индивидуалдық сипатта болады.

2. Тілдік көріністердің тілден тыс көріністермен бірлігі, тұтастығы.
Сөйлеу туындыларында тілден тыс ақиқат өмір таңбаланып беріледі,
бейнеленеді.Осы мағынасында тілді тек лингвистиканың ғана нысаны емес, өзге
ғылымдар үшін жанама, қосалқы, аллингвистика үшін тікелей және бірден-бір
нысаны деуге болады.

3. Тілдің өмір сүру тәсілі және саласы тұрғысынан алғандағы
ерекшелігі,

бірегейлі. Ол ақиқат болмыста да (мәтінде, тілдік материалда жұмсалуы

ретінде), санада (сөйлеушілердің тілді, оның бірліктерін және оларды
қолдану ережелерін білуі ретінде) өмір сүреді. Осы екі сала бірін-бірі
қажет етеді, яғни өзара байланысты.Лингвистика нысанының шекарасын анықтау
қиындығы тілдің ақиқат екі жақтылығымен байланысты.

Тіл мәдениетінің негізгі қарастыратын мәселесі – сөзді дұрыс қолдану,
яғни сөз дұрыстығы.

Сөздің дұрыс айтылуы үшін қажет заңдылықтар:

- сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ,
жалғаулықтарды жақсы біліп,әрқайсысын өз орнына пайдалану қажет;

- сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс ымыраластыру қажет;

- сөйлемдерді бір-біріне дұрыс ойластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс
орналастыру қажет;

Сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуы үстінде талғау сөздің көрнекті
болуы қажет.Яғни сөз көркемдігі әуезінің әдемілігімен, кестесінің келісті
болуымен анықталады.

Стилистика сөздердій қолданылу заңдылықтарын, сөз бен сөз тіркестерін
экспрессивтік тұрғыда дұрыс пайдалану принциптерін зерттеумен бірге,
белгілі бір ойдың талғамдықпен берілуін талап етеді.

Соңғы 30-40 жыл көлемінде ағылшын тілін зерттеуге айрықша назар
аударылуда. Ағылшын тілін зерттеудің маңызы қазіргі кезде арта түсіп отыр.

Кез келген ағылшын кітабын талдаған кезде тілдік категориялардың
құпиясын ашып, оның табиғатын жете түсінуде тіл мәселелерін зерттеп,
нақтылы қолданылу ерекшеліктерін білудің мәні аса жоғары.

Тілдің даму процестерінің ерекшеліктерін ашып, тілдің алдағы уақыттағы
өзгерістерінің сырын анықтауға жәрдемдеседі.

Ағылшын тілі тіл білімінің жаңа салалары стилистика, мәтінді
лингвистикалық талдау сияқты пәндердің нәтижелері мен қорытындыларын өз
қажетіне жарататыны сияқты, көркем шығарма тіліне байланысты зерттеулердің
материалдары да стилистика, көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндері
үшін мәнді мәлімет бере алады. Ағылшын тілін зерттеудің тағы бір
мағыздылығы – ол қоғамның тіл мәдениетінің жоғары дәрежеде дамуына зор
ықпал жасайды. Бүгінде ағылшын сөзінің тұтас та күрдеғлі жүйесі қалыптасты.

Ғалымдар тарапынан ағылшын тілін зерттеу алғашқыда жекелеген

11

жазушылардың тіл ерекшеліктерін анықтау, сараптау тұрғысынан және
байланысын анықтау жағынан қолға алынса, кейін қомақты жалпы теориялық және
нақты тәжірибелік ізденістерге ұласты.

Тыңдаушыға әсер ете алу және сөйлеушінің ағылшын тіліндегі
грамматикалық ережелерді қолдана алу бәрінде бірдей емес.

Тіл – қарым-қатынас құралы ғана емес, ойды қалыптастыру құралы,
сезімді, тілек тағы басқаларды білдіру, сонымен қатар көркем әдеб иет
бейнелерінің тоғысатын нақты сыртқы формасы.

Бейнелерді түзетін құрал ретінде тіл құралдары жүйесіне енеді.

Ағылшын тілін зерттегенде,оның формасының барлық жағын зерттей
алмаймыз, тек тілдік тәсілдерін ғана қарастырамыз. Тіл өздігінен
талданбайды, ол бейненің формасы ретінде, басқаша айтсақ, тек мәтіннің
өзіне ғана тән дербес қайталанбайтын құрылысын түзуде тілдік тәсілдерді
қалай қолдану талданады. Мәтінді талдау оқу үрдісінде оның мазмұны және
сыртқы формасы (тілі) және ішкі формасы (бейне) жеке-жеке қабылданбайды.
Оқырман мәтінде жоқ бөліктерін орнына келтіруі мүмкін және үнемі орнына қоя
алады.

Тілдің бірлігі сөзді бір ізге салу (уницирование) терминімен шартты
түрде белгілесек, осындай вербалды үрдістерді арнайы бағытқа түсіруде
сөздің атқаратын қызметі-қабылданатын объективті шындық құбылыстағы лек
ішінен жеке нысандарды бөліп алып, оларды дара, басқаға ұқсамайтын ерекше
және тұтас бірлікте қарастыру. Сөзді бір ізге салушылық логикалық жағынан
бір мүшелі кострукция болады және жалпыдан жекге деген дерек негізінде
өзінің басты міндеті “объект суретін” жасау болса, ал дараны өз бетінше іс
тындырушы ретінде пайдалануға болады.

Кез келген мәтін пікірдің шығуына ықпал етеді,ол мәтін арқылы берілген
көрініс суретін анықтайды. Ойды жобалау үрдісіне лайықталған мәтін
логикалық межеде ой түйіндеу, ойлау барысына сәйкес
келетіндіктен,перспектива көрсете алатын оның қажеттілік қасиеттерінде
орныққан қызметтерін ойталқы (дискурсивация) деп атауға болады.

Дискурсивацияның ерекшелігі бір жағынан орталыққа бағытталған ағымды
білдіреді немесе көп аспектілікке талпыныс(жүйенің әрбір нысаны оның басқа
нысандарының ізі мен көрінісін өз бойында сақтайды, өзін көрсете отырып,
бір мезгілде өзіне ұқсамайтын қарсы еместікті) танытады, екінші жағынан ол
орталыққа бағытталған тенденция, яғни біртұтас мәтін орталығына,
бақылаушының көзқарасына сәйкес үрдісті көрсетеді. Осы екі саланың
қосындысы мәтіннің тармақталған перспективалық суретін және теңдігін
қалыптастырады,яғни мәтінде айтылған мен айтылмағанның арасындағы кейбір
теңдікті қалыптастыратын тәсіл болып есептеледі.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп, мәтіннің анықтамасын
беруге болады. Мәтін - өзінің негізгі қызметі белгілі бір перспективаны
білдіру деп есептейтін тілдің бірлігі. Осыған байланысты перспектива
мәтәннің презумпциясы, оның болжамы болып саналады. Сол себепті
перспективаны тілдің бірлігі ретінде айқындайтын мәтәіннің қызметі деп
қарастырып, бұл қызметін құрылтайшылық деп атауға болады.

12

Сонымен, тілдің бірлігі мәтін перспективасын оқшаулайды және
ұйымдастырады, ол – мәтіннің өзінің негізгі атқаратын қызметі.

Мәтінді тілдік талдаудың қарапайым үлгілері

Ағылшын тілі мұғалімі оқу бағдарламасына енген ақын-жазушылар
шығармаларының мәтінін жан-жақты талдай алатын және оқушыларға мәтінді
талдаудың әдәс-тәсілдерін үйрете білуі керек.

Талдауға ұсынылған мәтіндердің тақырыбын аша отырып, сол шығарма
идеясына қызмет ететін тілдік фактілерге талдау жасау керек. Мәтінді
мазмұндау, мәнерлеп оқу, мәтін түрлерімен таныстыру, мәтін түрлері бойынша
сұрақ қоя білуге үйрету. Шығарманың тақырыбы мен идеясын, тәрбиелік мәнін
түсіну, мәтіндегі бейнелі сөздерді, көркемдегіш құралдарды тани білу
секілді жұмыстар жүргізу нәтижесінде жүзеге асады. Көркем мәтін – аяқталған
біртұтас құрылым. Мәтінде тілдік талдау мәтіндегі пайдаланылған әдеби
шығарманы дұрыс ұсынуға тікелей қатысы бар тілдік тұлғалардың мән-
мағыналары мен қолданылу жағдайларын ашып беру. Тілдік талдаудың негізгі
объектісі – шығарманың сөздік қоры. Сөздік құраммен жұмыс жазушы қолданған
сөздердің мағынасын ашып, айқындау үшін қажет. Өйткені, сөз мағынасы тілдің
ең өзгергіш бөлігі, ол оқушыға түсініксіз болса, ол мәтінді түсіндіруге
қиындық келтіреді.

Бұл жұмыстарды төмендегідей бағыт бойынша жүргізуге болады.

- жаңа сөздерді үйрету, олардың мағынасын меңгеру;

- бейнелі сөздерді үйрету;

- синоним, омоним, антонимдермен жұымс;

- көп мағыналы сөздермен жұмыс;

- тұрақты сөз тіркестерімен жұмыс;

Ағылшын тілі мектептегі негізгі де маңызды пән, баланың интеллектісі
мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Ағылшын тілінің байлығы мен осы тіл
арқылы оқушының қарым-қатынас жасау, білік-дағдылары, рухани деңгейі
артады.

Ағылшын тілі пәнәі оқып- үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу
дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі және жазба тілде
бейнелейді, тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең жарқын үлгісі
болып табылатын әдеби туындылар, жеке-жеке бөліктер арқылы түсіндірілетін
тіл теориясы – осының бәрі интегративті ұштастырыла меңгерілуі тиіс.

Жаңа сөздерді үйрену әдетте сөздік жұмысын жүргізу нәтижесінде
меңгертіледі.

Ағылшын тілі оқулықтарындағы берілген мәтіндерден балалардың түсінігіне
ауыр сөздерді көптеп кездестіруге болады.

Мәтін түрлерін ажырату, ондағы негізгі ойды анықтау – мәтәнді
талдаудың негізгі мақсаттарының бірі.

13

Ал мәтінді талдаудың міндеті:

1.Мәтін туралы білімдерін пайдалана отырып, мәтін түрлерін ажыратуға
үйрету.

2.Оқушылардың мәтін туралы білімдерін толықтыра отырып, сөздік қорын,
ой-өрісін, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

3. Көркем әрі сауатты жазуын қалыптастыру.

4. Өзгенің ойын тыңдап, пікірін бағалауға, топпен жұмыс істеуге
дағдыландыру.

5. Мәтіндегі негізгі ойды анықтай білуге баулу.

Сабақтағы педагогикалық технология: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту және ой қозғау болып табылады. Ал мәтінмен жұмыс жасағанда,
сабақтың негізгі мақсаты баланың мәтінді түсінуін қамтамасыз ету болып
саналады.

Оқулықпен жұмыс жасау барысында біріншіден мәтінді бір оқушыға оқыту
керек, екіншіден, мәтін мазмұны туралы сұрақ қойылуы тиіс. Бұл тапсырмалар
оқушылардың мәтін мағынасын тануға, түсінуге зор ықпалын тигізеді.

Мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың қабылдауына лайық, жиі
қолданылатын синоним, омоним, антоним сөздермен, тұрақты тіркестермен, көп
мағыналы сөздермен практикалық таныстыру мақсат етілуі тиіс.

Синонимдерді сөздің мағыналас қатары деп, антонимдерді сөзге қарама-
қарсы мәнді сөз деп атап, мәтіннің ыңғайына қарай, түрлі тапсырмалар беруге
болады.

Мәтіндерде көп мағыналы сөздер де, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер де
көптеп кездеседі. Әр сабақта олармен жұмыс ойын түрінде, сайыс түрінде де
ұтымды ұйымдастыруды қажет етеді.

Мәтінді тілдік талдаудың үлгілерін жүргізу:

-оқушылардың шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық
қабылдауын (кейіпкердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну, тағы
басқаларды ықамтамасыз етеді.);

- оқушыларға мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлеу
үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуін
түсіндіру;

- оқушыларды шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге
бағыттау;

- оқушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін ойын еркін
жеткізу, сауатты да мәнді, түсінікті жаза білуін дамыту сияқты міндеттерді
шешеді.

Мәтінді талдауға үйрету

Біздің еңбегіміздің ең өзекті мәселесі – қазақ тілді аудиторияда
студнттерді ағылшынша сөйлеуге үйрету болып табылады.

14

Сөйлеу дегеніміз - әрекет. Сөйлеу тілдік материалдар арқылы жүзеге
асады. Тілдік заң ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Тіл мен сөйлеу бір-
бірімен ажырас байланыста дамиды.

Қазақ тілді аудиторияда ағылшын тілін оқыту барысындағы негізгі міндет
тілді үйретудің ең қолайлы амалдары мен принциптерін пайдалану арқылы
жүзеге асыру. Оқытудың қандай да болмасын амал-тәсілін ұтымды, нәтижелі
пайдалану - әрбір оқытушының тәжірибесіне байланысты.

Қазақ тілді аудиторияда оқытылатын ағылшын тілі пәнәнің түпкі мақсаты
– оқушыларға тілді меңгерту, өзге ұлттың тыныс-тіршілігімен жан-жақты терең
таныстыру. Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс
түрлерінің бірі, яғни, оқулықтағы мәтіндермен жаттығулармен жұмыс.

Сабақта мәтінді талдау барысында оқушылармен жүргізілетін әр түрлі
әдәс-тәсілдердің жиынтығын атап көрсетуге болады.

Дыбыстармен жұмыс.

Сөздіктермен жұмыс.

Сөздік қорларын жетілдіру.

Ауызекі сөйлесе білуге дағдыландыру.

Ережемен жұмыс

Мәтінге түсініктеме беру.

Мәтінге талдау жасағау барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Сол
қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айқын болуы керек.

Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар оқушыларды қазақша
сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, сөздерін бір-бірімен сөйлеттіру,
оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру болып
табылады. Осыған байланысты оқулықта мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар
оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп,
ағылшын тілінде дұрыс сөйлесе білудің жолдары меңгертіледі.

Аудиторияға берілетін оқулықтағы мәтіндердің күрделілігі сол мәтінмен
жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай келуі керек.

Мәтінге талдау жасау барысында оқушыларды жұмыс істеу қабілетіне және
білім деңгейлеріне қарай топтарға бөліп, әр топқа лайықты тапсырмалар
берген ұтымды.Мәтінді талдау барысында жүргізілетін жұмыстарды мынадай
кезеңдерге бөлуге болады.

Мәтінге дейінгі кезең.

Мәтінмен жұмыс кезеңі.

Мәтіннен кейінгі кезең.

Мәтінге дейінгі кезеңде мәтінге қатысты жаттығулар беріліп, әр түрлі
құрылымдық тіркестерді меңгерту көзделеді.

Мәтінмен жұмыс кезеңінде оқыған мәтінді түсіну, мазмұндау, мәтін
бойынша сұраққа жауап беру, мәтіндегі негізгі ойды тапқызу жұмыстары
жүргізіледі.

Мәтін соңындағы жұмыс кезеңінде мәтіндегі сөздер, сөз тіркестерімен
жұмыс жүргізіледі, мәтінге грамматикамен байланыстыру мақсатында сөз
тіркестерін талдауға назар аударылады. Мәтіндегі терминдер есте сақтау
үшін, сол терминдермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру жұмыстары
жүргізіледі.

15

Қазақ тілді аудиторияда ағылшын тілін үйретуде негізгі нәрсе мәтін
болғандықтан, тіл үйренушілер әрдайым мәтінмен тығыз байланыста болады.

Ағылшын тіліндегі мәтіндерді болашақ мамандыққа

сәйкестендіру

Болашақ мамандарға білім беру өте күрделі процесс. Ол оқыту процесі
мен түрлі деңгейлік тапсырмаларды дұрыс үйлестірген жағдайда, оқытушы мен
студенттердің тығыз байланыса отырып табысты еңбек еткенде ғана көздеген
мақсатына жете алады.

Қазақстан Республикасында оқу процесін көп тілділік негізінде жүргізу
тәжірибесі біршама қалыптасқан. Қазіргі уақытта ағылшын тілін тереңдете
оқыту болашақ үшін аса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу әрекетінің құрылымының көрінісі
Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері
Көркем шығарманы талдау мен дамыту бағыттары
Бастауыш сыныпта көркем шығармалардың түрлерін оқыту
Көркем мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі
Әннің аудармасының ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта көркем шығарманы оқыту әдістерін диагностикалау критерийлерін тұжырымдау
Көркем мәтіннің тілі
Мәтін арқылы қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытудың әдістемесі
Тіл білімі сөздігінде мәтін
Пәндер