Мәліметтер базасының негізгі ұғымдары мен басқару принциптері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мәліметттер базасының негізгі ұғымы

ЭЕМ маңызды ерекшеліктерінің бірі - ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, фотосуреттер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.

  • Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.

Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеушінің қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.

Қарапайыцм МБ мысал ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т. б атауға болады.

Электронды МБ-ның басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау, сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының номерлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.

Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір ұғымдар жүйесі қалыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.

Обьект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады.

Атрибут - обьектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу. Әрбір обьект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады.

Мәліметтердің басты элементі деп мәліметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.

Алғашқы кілт - обьектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде ұқсастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы) .

Екінші реттегі кілт - бірнеше жазбалар (обьект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы) . Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады.

Мәліметтер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.

МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация) .

База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.

Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:

  • Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
  • Кестеден бір немесе біонеше жазбаны жою;
  • Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
  • Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.

МББЖ-ның тағы бір функциясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.

Мәліметтер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.

Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас термині сәйкес келеді және ол МБ-ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық аппарат - біріктіру, алу, қиылысу, қосу және т. б сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.

Осы типтегі МБ жасауға американдық ғалым Н. Кодд елеулі үлес қосты.

Реляциялық МБ-ның жақсы қасиеті - оны қолдаудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі - мәліметтер құрылымының қатаңдығы және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай МБ-ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін.

Мәліметтер базасымен жұмыс режимі. Мәліметтер базасын басқару жүйесінің екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның обьектілерін пайдаланылады.

Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді. Базаны пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады, мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік кестелер мен есептер түрін де алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың қызметі - нақты жұмыс парағында қарастырылғанда ғана, база құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер базасының негізгі ұғымдары, жіктелуі және MS Access 2000-де қолданылуы
SQL тілі: реляциялық мәліметтер базасының теориясы, басқару принциптері және стандарттары
Microsoft Access: мәліметтер базасының құрылымы мен басқару құралдары
Мәліметтер базасының құрылымы мен типологиясы
Қоғамды ақпараттандыру: жүйелік аспектілер, ақпарат мөлшері және мәліметтер базасының принциптері
Мәліметтер базасының негізгі түсініктері, құрылымы және MS Access 2000-пен жұмыс
Мәліметтер базасының негізгі нысандары: Microsoft Access объектілері, жұмыс режимдері және деректер түрлері
MS Access жүйесі: мәліметтер базасын басқарудың негізгі ұғымдары мен кестелерді құру әдістері
Microsoft Access мәліметтер базасының теориялық негіздері мен практикалық қолданылуы
Windows жүйесінде жұмыс істеудің негізгі ұғымдары мен технологиялық принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz