ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ - ТАИХИ МҰРАЛАРЫН ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСҚНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГҚЗДЕРҚ


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ - ТАИХИ МҰРАЛАРЫН ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСҚНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГҚЗДЕРҚ
КІРІСПЕ
Қазақстан - көп ұлттық мемлекет. Оның өзге ұлттармен мәдени - тарихи мұраларымен байланысы сонау көне дәуірден басталатыны баршақа мәлім.
Олай болса, осы байланыстың қазақ халығының өміріне, тұрмыс, ғарекетіне, әдет - ғұрып, салт - дәстүріне, көзқарасына, тәрбие саласына өзгерістер еүгізбеуі мүмкін емес.
Сондықтан біздер бұл тарауда қазақ халқының өзге халықтардың мәдени - тарихи мұраларымен байланысының даму жолын көрсетуді, сондай - ақ қазақ халқының мәдени мұраларының дамуына ықпал еткен және кедергі болған жағдайларға тоқталуды, объективті тұрғыда баға беруді жән көрдік.
Зерттеу барысында мәдени мұралардың барлық саласына егжей - тегжейлі тоқталып өту мүмкін болмағандықтан, біздер тәрбиенің басты құралдарының бірі - өнерге байланысты кейбір деректі материалдарға ғана сүйенеміз.
Қазақ халқының жері ғандай кең - байтақ болса, мәдени тарихы да сондай сарқылмас шежіре. Қазақ халқының сонау көне замандағы сақтардың, ғұндардың, түркілердің, ұрпағы екенін бүгінгі Қазақстан жерінен табылған археологиялық байлықтар, көне мәдени жазбалары, қазақ жерінің перзенттері, Шығыстың даналары Әл - Фараби, Қорғыт ата, Жүсіп Баласұғын, Қожа Ахмет Иасауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри шығармалары дәлелдеп отыр. Байырғы сақ, ғұн, түркі өнеріне тән стильді, сюжеті тіпті қазақтың кейбір эпостық жырларынан, тасға сызылған суреттерден, өрнектерден, зергерлік бұйымдардан анығ байғауға болады. Мәселен, “эпостық жырларда Оғыздың, Алпамыстың, Манасың жыртғыш аңдармен айғасы сөзбен суреттелсе, алтын, қола бұйымдарда бейне түрінде сипатталған”.
Жалпы қазақ қолөнеріндегі сюжеттер кәгеріс ою - өрнекке (жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, гүл және т. б. ) ; зооморфтық ою - өрнекке (қошқар мүйіз, қос мүйіз, сынық мүйіз, табан, өркеш, қаз мойын және т. б. ), сондай - ақ геометриялық ою - өрнектерге, сүйір, шаршы, тұмарша, жұлдызша және т. б. негізделе отырып жасалатыны белгілі. Әсіресе арғардың (не қошқардың) басы, мүйізі зергерлік істе (жүзікте, білезікте, мойын алғада, шолпыда) кәбірек кездеседі.
Мұндай әдемі туындыларды күнделікті тұрмыста пайдаланған, ер - тұман (алтын - күміс пен өрнектелген әшекейлі ер, жүген, тартпа - таралғы, әмілдірік, құйысқан), алтын - күміспенен безедген киім - кешектер мен қару - жарақтар (былғары топ, кісе, белдік, садақ, қорамсап, айбалта, қамшы, сңүгі т. б. ), әйел әшекейлері (шолпы, алға, білезік, сырға, қапсырма т. б. ) өрнектерінен де көруге болады.
Бір ғажабы, археологиялық қазба кезінде табылған зергерлік алтын бұйымдар, тастан, сүйектен ойылып жасалған заттар әлі өздерінің әдемілігін, эстетикалық әсерін жоқалтпаған. Мысалы, Қанаттас зиратынан (Орталық Қазақстан) табылған ғалындықы 0, 5 мм күміс пластикалардан құрастырылған алтын тәжісі (диадема) ерекше көз тартады. Тәжі әрқайсысы 20 түрлі тастармен безендірілген екі алтын пластинкадан тұрады. Олардың ішінде пироп, спассартин, альмандин, янтарь сияқты ғымбат бағалы тастар да бар. Соңғы кезден жақсы дамыған, өнер өрісі шет халықтармен қарым - қатынас нәтижесінде дамып, жетілдіріліп отырған деген ұғым тудырады.
Қазақтардың ата - бабаларының көршілес елдермен (монгол, татар, ұйғыр, қырғыз) мәдени қатынастарда болуы да халықтық педагогикаға өз ықпалын тигізгені даусыз. Халықтардың әдет - құрпында, салт - дәстүрінде, тілі мен өнерінде, бала тәрбиесінде көптеген ұқсастықтар пайда болды.
Қазақ жерінде осындай қарым - қатынастар әсіресе қазақ хандықтары кезеңінде дами түсті. Сауда, шаруашылық, мәдени және саяси байланыстар күшейтілді. Қазақ хандықтарының иелігіндегі (XVҚҚ ғ. ) ірі сауда және саяси орталық Түркістан болды. Онда бүкіл Сырдария алқабының негізгі мәдениеті мен саяси өмірі шоғырланған.
"XVҚ ғасырдың басындағы бүкіл облыстың саяси және шаруашылық орталық ретіндегі Иасы қаласының рәлін Рузехан атап көрсеткен. Ол Иасыны "Түркістан билеушілерінің астанасы" деп атайды. Рузбеханның айтуына қарағанда, Дешті Қыпшақтан, Ферғана мен Қытайдан шықған сауда жолдар осы арада түйісетін: Солтүстік жағтағы өзбек (қазақ - К. П. ) тарапынан және Андижанға, Қытай шекараларына дейін алып баратын жолдармен…, Иасыға тауарлар мен сирек кездесетін заттар (нафане) әкеледі: осы арада (олар) сауда жасайды. Бұл (түрлі) елдердің көпестері үшін дамылдайтын мекен, (түрлі) елдерден шықған саяхатшылар үшін тоқтайтын орын болатын".
Қазақ халқының тарихы, мәдени жетістіктері сол кезеңдерде - ақ ғалымдардың, саяхатшы, географтардың еңбектері арқылы басқа халықтарға танымал болып отырған. Мәселен, қытайлықтар қазақтың жері туралы тұңғыш георграфиялық деректерді саяхатшы Чжань - Цянбнан алса, арабтар географтарының атасы Якубидің "Әлем кітабы" деген еңбегі арқылы танысқан. Ал Еуропалықтар Плано Карпинидің көшпелі қазақ елі туралы географиялық - этнографиялық материалдарынан қазақтың киіз үйі, үй жиһаздары, ыдыс - аяғы, адамдардың күнделікті тұрмыс ғарекеті, мал шаруашылығы жайында мағлұматтар алған.
Қазақ халқының рухани өмірінің, мәдениетінің көрсеткіші болып ұлы ғұламалар мен олардың еңбектері саналады. Бұл салада да басқа халықтардың әсері аз болған жоқ. Мәселен, Отырар шаүары жанындағы Бесиж (Фараб) елді мекенінде туып әскен Әбу Нәсір Әл - Фарабиді алайық. Ол алғашғы білімді өзінің туған жерінен алады, содан сон араб мемлекетінің орталық қаласы Бағдадта оғып, қызмет етеді, кейіннен ғылыми ізденістерін Сирия жерінде жалғастырып, өмірінің аяғына дейін сонда турады. Ұлы ғұлама көптеген елдің мәдени дәстүріне көңіл бөледі, олардың ана тілін меүгереді (араб, парсы, грек, т. б. ) . Ол мұсылман бола тұра, әр түрлі діни көзқарас пен ұғымдағы адамдардан үйренуден бас тартпайды. Мысалы, грек тілін ол атағ ты көне әдебиеттің аудармашысы христиан дініндегі Абу Башар Маттадан, логика мен медицинаға - христиан дініндегі дәрігер Юханна иби Хайланна үйренеді.
Сонымен бірге көптеген халықтың мәдени дәстүрлері де меүгеріп, ол таралы көптеген еңбектер жазды.
Оның еңбектерінде бір ғана шығыс (араб) музыкасының теориялық үәм тәжірибелік мәселелері емес, Аристотель, Платон, Птоломей, Аристоксендер негізгі қалаған ежелгі грек (Рим) мәдениеті, Таяу Шығыстағы Соғды, Хорасан, Сасанид, Кушан, сондай - ақ Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмыс - тіршілігі туралы да көптеген ғұнды деректер келтіреді. Бұл елдердің өзара мәдени байланысы туралы тоқтала келіп, Фараби былай деп жазады: "Бұл халықтарда ас - ауқат, нан - су өмір табиғи құбылыс болып саналады. Олардың оңтүстік ғапталында алыста жаткан (Эфиопия мен Судан елдері сияқты) халықтар, шығыстағы солтүстікке ғарай орналасқан көшпелі түркі тайпалары, батыстағы солтүстікке ғарай орналасқан славян (сакалиба) елдері бұл дәстүрден сырт жатады. Бұлар түр - түсі, асуы, үй-тұрғыны, музыкалық аспаптары мен әуендері өте ұқсас халықтар".
Әл - Фарабидің басқа халықтардың тілін, мәдени дәстүрін үйренуі, олар туралы зерттеу еңбектерін жазуы, оның оларға деген достық қарым - қатынасын және адамгершілік деүгейінің биіктігін дәлелдейді. Әдетте, адамгершілік қасиеттерінің негізгі бала жастан тәрбиелеу барысында қалыптасады. Олай болса, ұлы ғұламаның бұл жетістіктерінің бәрі халықтық педагогикадан алған тәрбиесінің нәтижесі деуге болады.
Сонымен, осы айтылғандар қазақ халқының өз ішінде жан - жақты, өзгеше ұлттық мәдениет туып, қалыптасып, дамып, ұрпағтан - ұрпақға беріліп отырғанын көрсетеді. Мұның өзі халықтың балалар мен жастарға жан - жақты тәрбие беруге ғұлшына ұмтылуынан көрінетін халықтық педагогикаға өз тңзетулерін еүгізуге жол ашты 1 .
Алайда, қазақтың халықтық педагогикасының басқа халықтардың дәстүрлерімен байланысының дами түсуіне қазақ жерінде жиі - жиі болып тұрған тарихи оқиғалар өз кеселіп тигізіп отырды. Мәселен, М. Қ. Қозыбай тегінің дерегі бойынша қазақ жерінде XVҚ ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін 300 - ге жуығ ұлт - азаматтық көтерілістер өрбіді. Мұндай көтерілістер қазақтың ұлан байтақ жеріне, сарқылмас бай қазынасына көз алартушыларға
қарсылық ретінде туып отырды. Туған жерді, елді қорғауға қазақтың халықтық педагогикасынан нәр алған, ата дәстүрімен сусындақан ақылды да, айбынды халық перзенттері - Төле би, Қазбек би, Әйтеке би, Абылай, Бөгенбай, Наурызбай, Есет, Қабанбай, Қарасай, Жәнібек, Олжабай, Райымбектер шықты.
Алты алаштың Абылайы үш жүздің ақылгөй билерін, дана шешендерін, жаужурек батырларын тәңірегіне жинап, хандық билікті, даналықты, ғаүарман халық күшін біріктіріп, қазақ елін бүкіл Еуразияда қуатты мемлекет дәрежесіне көрсете, Әбілқайыр хан 1723 жылы қазақ халқының жоңғарлар шабуылынан қырылып, "Ағтабан шұбырынды алғағәл сұламаға" ұшырақанда үш жүздің басын қосып, ата жауы жоңғарлықтарға қарсы кңреске топтастырған. Оның басшылығымен қазақ халқының ер - азаматтары бес жылға созылған ғырғын соғыстар жүргізіп жаудың бетін қайтарды, 1729 жылы жауды Күншығысға ғарай ығыстырып, Қаратау, Сарысу алғаптарынан асыра ғуып тастаған 2 . Отанға, туған жерге, ата дәстүріне деген мұндай сүйіспеншілік ұлттық тәрбие негізінде қаланады. Олай болса, осы айтылғандардың бәрі халықтық педагогиканың нәтижесі екені сөзсіз.
ҰЛТТЫҚ ӘДЕТ-ЃҰРЫПТЫҢ АЗАМАТ
ТӘРБИЕСҚНДЕГҚ РӨЛҚ
Халықтың өмірі мен тұрмыс - тіршілігін жеткілікті дәрежеде білмеу, кейде қазақтардың мәдени мұрасының бүкіл қуатын түсінбеу, халықтың потенциялдық күшіне сенімнің болмауы осындай ұшқары және негізсіз қорытындыларға алып келді. Онын үстіне, патша үкіметінің Қазақстандағы ресми "ағартушылық" саясаты, басқа ұлттық шет аймағтардағы сияқты, кез келген мемлекеттік нышандарын жоюға, мәдениетті ақсатуға, тілді ығыстырып, халық қараңғылықта ұстауға бағытталып отырды. Бұл халық арасында наразылық тудырып, ірі көтерілістердің шығуына әкеліп соғты. Халық арасынан туған жерді қорғауға Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Аманкелді мен Бекболат, Ағкөздей ержүрек батырлар шығып, өздерінің ерлік істерімен көзге түсті. Олардың халыққа, Отанға деген сүйіспеншілігіне адамгершілік көзқарасына, моральдық қасиеттеріне ұлттық намысты қорқай білуіне қарап, осының бәрі халық тәрбиесінің нәтижесі екенін аңғаруға болады.
Қазақ жеріндегі осы тарихи оқиғалар халықтың саяси экономикасы мен рухани мәдениетіне көптеген қайшылықтар туғызды.
Дегенмен А. М. Горькийдің сөзімен айтқанда бұл кезеңде, "… халықтың үні шықпай, ғиял ғанаты құрсаулы болғанымен, оның жүрегі сөздің, әуендер бояуының ондақан ұлы суреткерлерін тудырды". Мұндай ұлы суреткерлер ғатарында Құрманқазы Сағырбаевты, Тәтімбет Қазанғаповтың; Сейтек Оразалиевті, Біржан Қожағұловты және т. б. айтуға болады. Олар үстем тап пен патша әкіметінің ғуғын - сңргініне ғарамастан, өздерінің дарындылығымен, орындаушылық шеберлігімен елге танымал болды, өз ұрпағтарына әшпес ән - күйлерін мұра етіп қалдырды.
Халықтар арасындағы мәдени дәстүрлер байланысының арта түсуіне Қазақстанда орыс тілінде ашылған арнайы оқу орындары (кадет корпустары) мен орыс, қазақ мектептерінің әсері аз болмады. Бұл оқу орындарында, қазақ балалары орыс балаларымен жағын қарым - қатынаста болды, олардың тілін, мәдениетін меүгерді.
Мысалы, Орынбор шекара комиссиясы жанындағы қазақ мектептерінде оқушылардың жалпы мәдени дәрежесін көтеруге көңіл бөлініп, бұл бағытта әр түрлі әдістер қолданылды. Орыс тіліне ерекше назар аударылды, қазақ балалардың бұл тілді тез меүгеруін жеңілдету мақсатында, мәселен, В. В. Григорьев қазақ мектебіне өз еріктерімен қатынайтын 10 орыс баласын ғабылдауды ұсынды. Оғу бағдарламасына шығыс, түркі, орыс және тағы басқа дүние жүзіне танымал жазушыларының шығармалары енгізілді. 3
Кадет копустарны бітіргендер де алған білімдерін Қазақстанда қызмет еткен жерлеріне таратуға тырысты. Оған дәлел - ағартушылардың іс - тәжірибелері мен еңбектері. Мәселен, Шоған шығыс және еуропалық білімді меүгерді, жоғары білімді оғытушылардан (Гонсевский, Ждан - Пушкин, Лобановский) дөріс алды. Атағты ғалым Г. Н. Потанинмен, жазушы Ф. М. Достаевскиймен, ғалым - саяхатшы П. Я. Семенов - Тянь - Шанскиймен достасты, олармен бірге өз халқының естеліктерін жинап, географиялық ерекшеліктерің зерттеумен бірге, басқа халықтардың (орыс, қытай, қырғыз, ұйғыр т. б. ) да мәдени, тарихи дәстүрлерін меүгеру. Ы. Алтынсарин да басқа халықтардың мәдени дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін жақсы түсінді, өзінің ”Қазақ хрестоматиясына” орыс классиктерінің (И. Крылов, Л. Толстой т. б. ) балалар әдебиетіне тән еңбектерін енгізе білді. Бұл еңбегін жазуда К. Д. Ушинскийдің, Л. Н. Толстойдың, И. И. Паульсон мен Н. А. Корфтың оқулықтарындағы идеяларды негізге алды.
Ұлы Абай болса Шығыс классик ағындарының (Фирдоуси, Низами, Шейх Сағди, Хожа Хафиз, Науаи, Фзули, Бабур) шығармаларын жетік білді, араб, иран, шақатай тілдерін меүгерді. “Кейін Низами, Науаи жырлаған Ескендір жайын, Аристотель жайын батыс әңгімелерден алып қосған жаңа сарындармен көркейтіп, жыр дастан етеді. ” 4 Орыс классикатері А. Пушкин, М. Лермонтов, Салтыков - Шедрин, Л. Толстойдың шығармаларын оғып білді. А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крыловтың көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударып ғана қоймай, кейбіріне ән де шықарды. Абай Н. Чернышевский мен Н. Добролюбовтың идеялармен танысты. Бұған сол кезде Семейге жер аударылып келген орыс революционер ағындарының ықпалы аз болмады.
Абай бұл халықтардың тілін, мәдениетін меүгере отырып, оны асған шеберлікпен пайдалану арқылы қазақтың көркем әдебиетінің тілін жаңа лексикалық - семантикалық мазмұнмен, халықтың тілі мен поэзиясының стилизациясын жаңа тәсілдермен, жаңа сөз тіркесі түрлерімен байытты. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының көркем әдебиетін басқа халықтардың озығ мәдени дәстүрлерімен ұштады.
Сәйтіп қазақ ағартушылары басқа халықтардың игі мәдени дәстүрлерін жетік меүгеріп, тәрбиелік мәнін дұрыс түсінген, оның достық қарым - қатынас үшін қажет екенін қазақ халқына дәлелдеп көрсете білген.
Қазақ ағартушылары сияқты өзге халықтардың ғалымдары да қазақтың мәдени дәстүрлерін зерттеу барысында одан өздеріне жағын ұқсастықты көре білді. Мысалы, географиялық ғоғамының мәжілісінде С. Г. Рыбаков: “… қырғыз (қазақ - С. Ұ. ) музыкасын зерттеу орыс музыкасына ағартушылық ықпал жасай алады және данышпан А. П. Бородин өзінің “Князь Игорь” операсында біздің шығыс бұратана халықтарымыздың музыка ерекшелігі көп ретте таңғажайып шеберлікпен тап басқан”, деген пікір айтты. Біршама алға оза отырып, С. Г. Рыбаковтың ойын көп жыл әткенде Б. Г. Ерзакович те қуаттағанын айтуға болады. Ол “Князь Игорь” операсындағы Қыпшақ қосынының кейбір көріністері қазақ халық әндерімен жағын тақырыптық байланыста екенін көз жеткізе жазды.
Бұл мәселені дұрыс шешуде сол кездегі қазақ жеріндегі оқу - ағарту ісінің белгілі қайраткерлерінің (В. В. Катаринский, А. В. Васильев, А. Тарновский, А. Е. Алекторов, С. М. Граменицкий т. б. ) қазақ фольклорын тілін, тарихын, этнографиясын зерттеу, тіпті кейбірінің қазақ тілін мейлінше жетік білуі үлкен септігін тигізді. Бұдан олардың жергілікті халықтың мәдени дәстүріне деген сыйластық көзқарасын байғау қиын емес. Тіпті мынадай дәлелдемені де келтіруге болады. А. Е. Алекторов орыстың белгілі ғалымдары мен Ы. Алтынсариннің ұлт мектептерінің оқушыларын орыс тіліне үйретуде ана тілі мен орыс тілінің арасындағы байланысының қажеттілігін ғұптаған пікірлерін қолдай отырып, өз “Әліппесінің” екінші және тәртінші басылымдарының алғы сөздерінде: “Сауат ашу оқушылардың ана тілінен басталуға тиіс. Осы жағдайда ғана оқу саналы болады, сонда ғана ол педагогиканың ең басты ережелері болып саналатын - белгіліден (қазақ тілінен) белгісізге (орыс тіліне), жеңілден ауырға көшіп отыруға қайшы келмейді. Ана тілінде оқу балаларды бірден қызықтырады, олар салғаннан барлығына түсініп, барлығына терең ңңіле түседі, ынтамен және ғажырлықпен жұмыс істейді” - деген көңіл аударарлықтай дидактикалық тұжырымдар айтады. өте көрегендікпен айтылған сөз. Кезінде бұл мәселе қолдау таппағанымен, бүгінгі күнде оны жүзеге асыруда республикада барлық жағдай жасалуда.
Дей тұрғанмен, Ресей ғалымдарының қазақ халқының болшақы жайлы ойлары бірдей емес еді. Олардың көпшілігі патша әкіметінің саясатын қолдап, қазақ даласына орыс мектептерін ашу арқылы қазақ балаларын православие дініне кіргізуге, ұлттық мәдениеттен тысғары тәрбиелеуге тырысты. Осы мақсаттарды жүзеге асыру ниетімен қазақ жеріндегі мектептерге шіркеу үстемдігін дәріптейтін (клерикалық) білім мен тәрбие еүгізілді. Бұл мұсылмандар, қазақ интеллигенциясы тарапынан наразылық тудырады.
Ұлттық интеллигенцияның прогресшіл бағыттағы әкілдері - С. Торайғыров, С. Дәнентаев, М. Сералин, С. Кәбеев, Г. Балғымбаев және т. б. орыс және қазақ халықтарының мәдени ынтымағтастығын жағтап, орыс мәдениетінің асыл қазынасын игерту шақырғанмен, орыс мектептерінде бастапғы оғытудың негізгі ретінде қазақ балаларын ана тілінде жаппай оғытуды, мектептерді материалдық жағынан ғамтамасыз етуді жағсартуды, қазақ мектептерінде оқу пәні ретінде ұлт тілі мен әдебиетін оғытудың жаңа формалары мен әдістерін еүгізуді талап етті. Мұның бәрі халыққа білім беру жүйесінің, қазақтың әдеби тілінің және тұтас алғанда ұлттық мәдениеттің одан әрі дамуына жол ашты. Олар сондай - ақ, балалардың эстетикалық тәрбиесін халық музыкасын күнделікті оғып - үйрету, музыкалық ой - өрісті кеңейту, музыкалық талғамды дамыту арқылы жүзеге асыру мәселесін барған сайын жиі көтере бастады. Бұған ХХ ғасырдың басындағы мерзімі баспасөз беттерін шолып шығып, оңай көз жеткізуге болады. Мысалы, 1913 - 1915 жылдардағы “Айқап” журналында қазақ музыкасының кейбір мәселелеріне арналған бірғатар мақалалар жарық көрді. Бұл мақалалардың авторлары халықтың музыкалық мәдениетін құрметтеп, көз ғарашықындай сақтауға, халық музыкасының асыл қазынасын жинап, жазып алуға, халық арасынан шықған талантты әнші - күйшілерді барынша қолдап отыруға шақырып, балаларға музыкалық - эстетикалық тәрбие беру ісіне көп көңіл бөліп, тиісті қамқорлық жасауға үгіттеді.
Мысалы, С. Торайғыров отбасында және мектепте балалар мен жастарға тәрбие беру ісіне көп мән берді. Ол өзінің мақалаларында ән - күй мен бидің, поэзияның халық өміріндегі рәлін баса көрсетіп, мектептің оқу жоспарына ән сабақын енгізуді ұсынды, ағындар мен композиторлады балаларға арналған әндер шығаруға шақырды.
Қазақ ағартушы - демократтарының прогресшіл идеялары Қазақстанда әскелең ұрпағқа музыкалық - эстетикалық тәрбие беру ісін дамытуға лайықты үлес қосты. Осының нәтижесінде бастауыш мектептерде, мысалы, Торқай облысының Қостанай уезінде оқушылардың ән сабақтарына тартылуы едәуір ұлқайды. Мектептерде әннен сабақ беруді жақсы жолға ғою кәбіне алғыстар жариялаумен, ағшалай сыйлықтар берумен көтермеленіп отырды. Мысалы, Торқай уезінің Тығашын училищесінің таңдаулы мұғалімі Васильев бірнеше рет ағшалай сыйлықтарға ие болды.
Алайда, жасыратыны жоқ, бұл кезендерде Қазақстанның халыққа білім беру жүйесі оқу орындары санының аздықымен, алуан типтілігімен, оқу - материалдық базасының әлсіздігімен, көзқарастардың, ағымдардың, бағыттардың ала - ғұлалығымен және эстетикалық тәрбие проблемаларын шешудегі формализммен сипатталатын еді.
Оғулықтар мен оқу құралдары, музыкалық аспаптар, атап айтқанда, музыка мен ән жәніңдегі құралдар барынша шектеуді мәлшерде ғана еді. Кадр проблемасы, әсіресе, ұлттық мектептерде өте ғңрделі болды. Тілдік кедергі кейбір жағдайларда орыс мектептерінің ән сабақынан беретін таңдаулы оғытушыларын қазақ мектептерінде пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Дегенмен жоғарыда айтылған жетістіктрді жоқға шығаруға болмайды, оны орыс - қазақ мәдени байланыстарының алғаш тамыр тарта бастаған кезеңі деуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz