Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. МЕКТЕПТЕГІ ХИМИЯ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ
АСПЕКТІЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ.
1.1 Мектептегі химия пәнін экологиямен тығыз байланыстыра оқыту ... ... ..
1.2 Химиялық-экологиялық білім берудің негізгі
аспектілері ... ... ... ... ... ...
1.3 Экологиялық мәселелердің тәрбиелік
астарлары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1.4 Химияны оқыту үрдісінде экологияландырудың негізгі бағыттары ... ...
1.5 Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ..
1.6 Химиялық өндірісті оқытудың әдістемелік
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ...
2. ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ХИМИЯ САБАҚТАРЫН ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРЫП ӨТКІЗУДІҢ ТИІМДІ
ӘДІСТЕРІ
2.1 Су және ерітінділер тақырыбын экологияландырып өткізу
2.2 Оттек тарауын Таза ауа тапшы болмасын тақырыбында дебат сабағын
өткізу
2.3 Күкірт қышқылы өндірісі тақырыбын экологиялық тәрбие беру мақсатында
өткізу
2.4 Азоттың табиғатта айналымы тақырыбында саяхат –сабағын
өткізу
2.5 XXI –ғасыр білгірі ойынының жоспарын ұсыну
2.6 Химия және экология тақырыбында конференция сабағын
ұсыну
2.7 Экология білім және табиғатқа деген көз қарасын анықтау мақсатында
сауалнама жүргізу
3. ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен
қоғам арасындағы қарым - қатынастың қарама-қайшылықтары айқын байқалады.
Біз өмір сүріп отырған осы ғасыр, адамзат баласының мекен ортасында бұрын
соңды болмаған іс-әрекеттің ерекшелігімен сипатталуда. Осының нәтижесінде
адамзат табиғаты өзгертудің келеңсіз нәтижелеріне кез болуда. [1]
Ф. Энгельс өткен ғасырдың соңғы ширегінде ақ Табиғатты билеп-
төстеп алдық деп мақтанбай-ақ қоялық. Бастапқы кезде осы біздің
жемістеріміздің әрқайсысынан мақсатымызға жеткенімізді алдымен байқаймыз.
Бірақ, екінші және үшіншікезеңдер келгенде өзіміз нүкте қоймаған
нәтижелерді көреміз, зиянымыз, пайдамыздан асып түсер деген екен.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі ғылыми-техникалық
өрлеумен тығыз байланысты. Әсіресе адам өмір сүріп отырған биосфераға
тікелей әсерін тигізіп, жер бетінің климатын, атмосфера, мұхиттардың табиғи
қалпын өзгеруде. Соның нәтижесінде жер шарының барлық жерінде табиғаттың
құрамдасы: су, ауа, топырақ, өсімдік, жануар, адамдар зардап шегуде.
Елбасының 2030 бағдарламасында қазіргі адам өлімінің 20 проценті
экологиялық жағдайға байланысты екендігі анықталған. Қазақстан бала өлімі
жөнінде дүние жүзінде 74-ші орында болса,ТМД мекемелері ішінде 10-орында.
Уақыт талабы педагогиканың алдына адам бойындағы табиғатқа деген ,
мәдениетті, жанашырлық көзқарасты, адамгершілік қатынастарын қалыптастыруды
қойып отыр.
Уақыттың бұл талабын жүзеге асырудың ең тиімді жолы бастауыш
сыныптан бастап өтілетін пәндердің мазмұнын экологияландыру.
Экология пәнін барлық сыныпта оқу мүмкін емес. Сондытан экологияға
жақын пәндерді (химия, биология, география) экологияландырылған жөн. Осы
орайда химия пәнінің мүмкіндігі мол . Орта мектептегі химия пәнінің
бағдарламасында экологиялық мәліметтер болғанымен оны пән ретінде оқытудың
мақсаты мен міндеті енгізілген. Сондықтан да әрбір сабақтарымда тақырыпқа
сәйкес экологиялық тәрбие беруді басты назарда ұстадым.
Ең бастысы - химиядан берілетін экологиялық білім: әлеуметтік,
техникалық, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты бір тұтас жүйеде.
Экологиялық түсініктер химия курсында табиғат заңдылықтарын,
заттардың құрлысын, олардың өзгерістері, биогеохимияның айналымдары,
химиялық элементтердің биологиялық сіңірілуі туралы негізде беріледі. Химия
пәнінде экологиялық мәселелерді осылай оқыту, шәкірт санасына жаңаша
экологиялық ой сананы қалыптастырады. Сондықтан 8-11 сыныптарда химия пәнін
оқытудың өзіндік ерекшеліктерін ескерсек, тақырыптарды қоршаған ортаны
қорғаудың ғылыми мәселелерімен байланыстыра қарастырған дұрыс.
Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия
өндірісінің жедел дамуы әсерін тигізіп отыр.
Экологиялық мәселелерді талдайтын сабақтарда нақты
дәлелдемелермен, тұжырымдама қажет.
Мысалы, жылына 1,55 109т – бос оттек түзілсе, жылына 2,6 1010
тоннасы жұмсалады, шығындалуы түзілуіне қарғанда артық.
Оттектің азаюы – ауаның әр түрлі зиянды қалдықтарымен ластануынан.
Экологиялық апаттың себептері қандай?
Соңғы жүз жыл ішінде биосфераға: 100 млн. тонна кремний, 900000
тонна кобальт қосылуда. Жыл сайын атмосфераға 5 млрд м3 көмір қышқыл газы
(СО2), 10000000 тонна қорғасын, 145 млн м2 күкірт қышқыл газы (SO2), 250
млн. тонна шаң – тозаң араласуда .
Адамзат химия және химиялық өндіріссіз толық мәнде тіршілік ете
алмайды. Сондықтан химияны экологияландыру - адамзаттың бүгінгі ете
алмайды. Сондықтан химияны экологияландыру - адамзаттың бүгінгі өмір сүріп
отырған кездегі адамгершілік борышы болып саналалады.
Экологиялық мәселені химия пәндері бойынша қарастырғанда: химия
сабағында химиялық заттардың атмосфераға, табиғи су көздеріне, әр түрлі
химиялық тынайтқыштарды ауыл шаруашылығында қолдану нәтижесінде өнеркәсіп
қалдықтары тазартылмай табиғи су көздеріне жіберілуі, кокс химия, жылу
электр станциялары мен химия комбинаттары мұржаларынан ұшқан улы газдар
қайтадан жер бетіне қышқыл жаңбыр болып жаууы туралы қарастырылып
зертттеледі.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Химия оқыту үрдісінде
экологиялық білім беру барысында орта мектептегі химия пәнінің

мақсаты мен міндеті енгізілген. Сондықтан да әрбір сабақтарында тақырыпқа
сәйкес экономикалық тәрбие беруді басты назарда ұстау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Химия оқыту үрдісінде экологиялық білім
беру арқылы оқушылардың химия пәніне деген ынталарын арттырып, осы пәнге
деген қызығушылығын туғызу. Химия пәнін экология пәнімен кіріктіре оқыту
жас жеткіншектердің теория жүзінде алға білімін іс жүзінде қолдана білуін
қалыптастыру. Экологиялық сауаттылыққа, өркениетті мәдениетке тәрбиелу.
Зерттеудің міндеттері:
- жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысуы арқылы туындайтын
салауатты өмір салты мәселелерін ғылыми – теориялық тұрғыдан негіздеу;
- оқушылардың салауаттылық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау;
- химия оқыту үрдісінде экологиялық білім берудің тиімділігін
педагогикалық эксперимент арқылы тексеру;
- тәжірибеден өткен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін
мектептердің іс – тәжірибесіне ендіру.
Зерттеудің болжамы: химия оқыту үрдісінде экологиялық білім беру
негізінде салауатты өмір салты мәселелері туралы білім мен тәрбие беру
нәтижелі болады, егерде:
- салауаттану, биология, экология пәндеріндегі салауаттылық туралы
берілетін ұғымдар жүйеленіп, оны химия пәні мазмұнымен кіріктіруге
көңіл бөлінсе;
- орта мектеп химия курсындағы салауаттылық туралы материалдар
теориялық және әдістемелік жағынан негізделсе;
- күнделікті ақпараттардан салауаттылық туралы бұқаралық ғылыми
материалдар іріктеліп және ол деректер сабақ барысында тиімді
пайдаланылса;
- оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамыту сабақта,
сонымен қатар сыныптан тыс жұмыс түрлерінде жүйелі жүргізілсе.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептегі химияны оқыту
үрдісі.
Зерттеу пәні: химия сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық
негізде салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Әдіснамалық негізі: Философиялық таным және жеке тұлғаның қалыптасуы
жөніндегі теориялары; биологиялық ғылымдарды оқытудағы дамыту үрдісі; химия
ғылымы мен оны оқыту әдістемесінің жаңа концепциялары, салауатты өмір салты
мәселелерін қарастыратын ғылыми қағидалардың жиынтығы.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми – жаратылыстық, философиялық, педагогикалық, психологиялық
және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау;
- химия, биология және салауаттанудан салауаттылық туралы білім беру
мүмкіндіктерін анықтау үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім
стандарты, бағдарлама, оқулықтарды, оқу – құралдарын ғылыми -
әдістемелік тұрғыдан қарастыру;
- оқушылардың салауатты өмір салты бойынша білімі мен білігін анықтайтын
сауалнамалар алу және олардың нәтижесін талдау;
- педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижесін сапалық және сандық
тұрғынан саралау;
Зерттеудің теориялық мәнділігі: ғылыми – зерттеу нәтижесінде жасалған
ұсыныстар және жарияланған материалдар мұғалімнің әдістемелік әзірлігін
арттырып, жаратылыстану пәндерін оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Зертеу обектісі: №1 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептебінде
мемлекетік педагогикалық практикадан өткен аралықта 8-11 сыныптарда
өткізген сабақтарды экологиямен тығыз байланыстыра отырып өткіздім.
І тарау. Мектептегі химия оқыту үрдісінде экологиялық білім берудің
негізгі аспектілері мен бағыттары
Жаңа ғасырда дүниежүзілік бірлестік алдында тұрған басты
мәселелердің бірі – адам тіршілік ететін ортаның ластануы. Бұл мәселе дүние
жүзін қамтып отыр. Ғасырдың соңғы жылдарындағы басты экологиялық мәселелер,
озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарындағы климаттың
жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде.
Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру
кезінде жылына 100 млрд. тонна тау жыныстары қомпарылды. Осы жер қойнауынан
алынатын шикізаттың 10 ғана бөлігі дайын заттар жасауға жұмсалды да, қалған
– 90 – ы жарамсыз қалдықтарға айналды. Ғасырдың соңғы 30 жыл ішінде түрлі
қажеттіктер үшін жағылған отын түрлерінен ғаламшардағы атмосфера
құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері 25 артқан. Жершарындағы осындай
отындарды жаққан кезде атмосферадағы 20 млрд. тонна көміртегі оксиді
бөлінген. Мұның бәрі де ауаның ластануына әсер етеді. Бұларға қоса
көліктерден, өндіріс орындарынан бөлінетін улы заттар мен газдардың мөлшері
де жылдан-жылға арта түсуде. Сонымен қатар озон қабатындағы ойықтар ұлғая
түсуде.Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін N, Cи, Fe, Mn,
Cl, F оксидтері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке
зиянды әсер етеді. Адамдардың зиянды әрекеттерінен, минералды
тыңайтқыштарды, пестицидтерді, гербицидтерді қолданудан сужаңбырдың
қышқылдығының артуы немесе осы қышқылды жаңбырдың пайда болу көзі негізінде
жатқан химиялық реакциялармен таныстырған жөн [2].
Қышқылды жаңбырға түсінік беру үшін ерітінді ортасының қышқылдық
немесе негіздік болатынын, оны сутек ионының немесе гидроксид ионының
мольдік конценрациясы арқылы белгілейтіні тусіндіріледі. Сутектік көрсеткіш
рН шкаласын пайдалана отырып, табиғи суқойма мен атмосфералық жаңбырдың
қышқылдығын анықтауға болады, егер жаңбыр суында рН ≥5,6 болса, қышқылдығын
орташа, ал жер бетіндегі суларда рН 6,5-8,5 болады, яғни судың ортасы
сілтілі. Ал қышқылды жаңбырларда сутектік көрсеткіші қалыпты жағдайдан
жоғары болады.
Периодтық жүйедегі IV-VI топтардың негізгі топшаларындағы
элементтерді қарастырғанда көміртегі, азот және күкірт оксидтерінің
қышқылды жаңбырдың ең негізгі құрам бөліктері екенін, олардың табиғи
жолмен, антропогендік әсермен жерге, атмосфераға таралатыны түсіндіріледі.
Антропендік әсермен күкірттің 59-69 процентін атмосфераға тарайтынын
айтқанда әр өнімдері, ағаш) өңдегенде түзілетін күкірт (IV) оксиді химиялық
өзгерістерден кейін қышқылға айналатыны көрсетіледі. Күкірт (IV) оксиді
фотохимиялық тотығу үрдісінен кейін (күкірт ангидриді) SO3 SO2 +O2 =2SO3
Ол атмосферадағы су буымен әрекеттесіп, күкірт қышқылының буын түзеді:
SO3+H2O= H2S
SO3+H2O= H2SO4
Күкірт (IV) оксидінің негізгі бөлігі қышқылды полигидрат яғни күкіртті
қышқыл түзіледі:
SO2+H2O= H2SO3
Күкіртті қышқыл дымқыл ауада біртіндеп күкірт қышқылына айналады:
2H2SO3+O2=2H2SO4
Күкірт және күкіртті қышқылдың атмосферадағы үлесі 23, ал қалған бөлігін
азот және азотты қышқылдар құрайды , олар азот (IV) оксидінің су буымен
әсерінен түзіледі:
2NO2+H2O =HNO3+HNO2
Басқа қышқылдардың түрі атмосфералық мониторинг бойынша анықталмай отыр.
Қышқылды жаңбырдың әсерінен өзен-көлдердің қышқылдығы артып, онда тіршілік
ететін тірі ағзалар дүниесі азаяды, егер рН 11 жетсе, мүлдем тірі
организмдер тіршілік ете алмайды. Атмосферадағы қышқылдар канцерогенді
болғандықтан адамдарға да зиянды, әсіресе жүрегі, өкпесі ауыратын қартайған
адамдарға әр түрлі аурулар туғызуы мүмкін.Ауада күкірт тірі ағзалар дүниесі
азаяды, егер рН 11 жетсе, мүлдем тірі организмдер тіршілік ете алмайды.
Атмосферадағы қышқылдар канцерогенді болғандықтан адамдарға да зиянды,
әсіресе жүрегі, өкпесі ауыратын қартайған адамдарға әр түрлі аурулар
туғызуы мүмкін. Ауада күкірт (IV ) оксиді-0,5 мгм3 болса , 6% адамға қауіп
төндіреді екен.
Көміртегі көмірқышқыл газын (көміртегі(IV) оксидін) қарастырғанда
көміртегі IV) оксидінің қышқылдық сипатын, көміртегінің биогеохимиялық зат
айналымындағы ерекшелігі көрсетіледі.
Оқушылардың назарын әсіресе мынадай негізгі аспектілерге аудару керек :
1.Фотосинтез үрдісі кезінде продуценттер көміртегі (IV)оксидін органикалық
заттарға айналдырады , ал редуценттер көміртегі
( IV) оксидін (CO2) атмосфераға қайтадан қайтарады.
2.Құрлық және мұхит биомассасы әлі де болса артық мөлшердегі көміртегі (IV
) оксидін CO2 сіңіре алады.
3.Табиғатты қазіргідей пайдалана берсек, табиғи байлықтардың мөлшері жылдан
- жылға кеми береді.
Барлық органикалық заттар жанғанда көміртегі (IV) оксиді түзілетінін
көрсететін экологиялық мазмұнды есептер шығартуға болады. Мысалы,мына
берілген газдардың (қ.ж) 1 литрі жанғанда бөлінетін жылуды анықтаңыз. Қай
газ отын ретінде пайдалану тиімді?
Метан мен ацетиленнің жануының термохимиялық теңдеулері:
CH4+2O2 → CO2+2H2O+880кДж
2C2H2+5O2 → 4CO2+2H2O+2610кДж
Осы типтес есептерді шығарту оқушылардың шикізатты экономикалық та,
экологиялық жағынан да тиімділігін анықтауға үйретеді. Химиялық
өндірістерді қарастырғанда экологиялық мазмұнды есептерді өнім шығымының
теориялық мүмкіндігімен салыстыра отырып шығартуға болады. Мысалы, аммиак
өндіру зауытында жоспарланған аммиак өндіру – 17 %құрайды. Әр түрлі
кемшіліктерге байланысты1 % аммиак ысырап болды. Егер 60 кг сутек реакцияға
пайдаланылса, ысырап болған аммиактың массасын анықтаңыз. Аммиак ауаға
таралып, қандай зиянды әсер туғызады ? Су қоймасын, көлді ластаса ше ?
Осы типтес есептерді оқушылар күнделікті ақпарат құралдарын
пайдаланып, өздері құрастыра алады.
Химиялық эксперимент – химияны оқытудың негізгі тірегі. Химия
сабақтарында экологиялық зерттеулер мүмкіндігін де пайдалану керек.Тағам
өнімдеріндегі, әсіресе көкөністердің құрамындағы нитраттарды анықтау немесе
судың құрамын, атмосфералық ауаның құрамын анықтап, қорытынды шығарту
оқушылардың химиялық білік – дағдысын, икемділігін шыңдаумен қатар,
химияның тұрмыстағы пайда – зиянын ажырата білуге баулиды.
Химиялық экспериментті экологияландыруды екі бағытта жүргізу керек:
аналитикалық әдістерді пайдаланып, қоршаған ортаны зерттеу, химиялық
реакциялар кезінде түзетін қалдықтарды өңдеу (заттарды залалсыздандыру).Осы
мүмкіндіктерді пайдаланып, тірі және өлі табиғаттың арасындағы байлыныс,
қоршаған ортадағы адамдардың әрекеттері, тіршілік ортасын химиялық
ластанудан қорғау әдістері таныстырылады.
Химиялық эксперимент арқылы табиғи құбылыс және үрдістердің тірі
организмдерге және экожүйеге әсерін көрсетіп, экологиялық тиімді әдістер
үйретілді.
Экологиялық экспериментті сабақта пайдалану теориялық материалдарды
толық меңгеруге мүмкіндік беріп, оқушыларды химия және экологияға
қызықтырады.
Адам қоғамының қазіргі кездегі жедел дамуы оның алдына көптеген
күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері – дүниежүзілік деңгейде
биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту,
энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану. Ауаның, судың
және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті мәселесінің бірі деп
саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты, әрі
өнеркәсіп орындарында қалдықсыз технологиялық әдістерді енгізу, тұйық жүйе
бойынша жұмыс істеуге көшуді талап етеді. Жанармайлардың ауаны ластамайтын
түрлерін пайдалану. Электр энергиясын өндіруге экологиялық таза, табиғи
энергетикалық қорларды пайдалану, атап айтқанда, күн энергиясын, жел, теңіз
толқындарын пайдалану. Экологиялық бақылауды күшейту қоршаған атмосфералық
ауаның ластануын азайтып, қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан орта мектепте химия пәніне әрбір тақырыпты экологиямен
тығыз байланыстыра оқыту болашақ қоғам иелерінің экологиялық сауатты
болуына септігін тигізеді.
1.2 Химиялық –экологиялық білім берудің негізгі аспектілері
Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі
проблемалардың бірі – адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Бұл проблема
барлық елдерді толғандыруда. Мұны шешудің бірден – бір жолы экологиялық
білімді жеке тұлғаны қалыптастыру екенін көптеген ғылымдар өз еңбектерінде
айтқан. Экологиялық білім беруді ЮНЕСКО – ның жіктеуі бойынша формальды
(мектептегі білім беру), бейформальды (мектеп қабырғасынан тыс ) және
формальды оқудан тыс (бос уақытта кітап оқу, көпшілікке таралатын
ақпарат,тұрмыстағы қарым-қатынас ,т.б) компоненттерден тұратын оқыту
жүйесінде жүзеге асады деп қарастыруға болады. Мұндай білім берудің негізгі
ұстанымы-үзіліссіздікте.
1967-68 ж.ж ЮНЕСКОүзіліссіз білім беру терминін қабылдап, осы
салада кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде шешім шығарды.
Үзіліссіз білім беруді зерттеген ғалымдар көптеп саналады. Олардың
қатарында ТМД елдерінен Қазақстанда Ә.С. Бейсенова,Ж.Б. Шілдебаев,Н.
Сарыбеков, С.Қ. Сартбаев т.б.бар. Олар білім берудің үзіліссіздік ұстанымын
– жеке тұлғаның ұзақ уақыт (мектепте және өз бетімен өмір бойы) оқып білім
алуы және білім беру мекемесіндегі үзліссіз оқыту үрдесі деп қарауға
болатынын айтқан [3].
Р.Г.Дэйв Үзіліссіз білім беру – жеке адамның да қоғамның да
өмірін жетілдіру мақсатында тұлғаның жеке басының, әлеуметтік және кәсіби
дамуы үшін өмір бойы орындайтын ісі деп анықтама берген. Сонымен қоса,
оның пікірі боынша үздікссіз білім берудің вертикалды өлшемінде
сабақтастық пен бөлшектенушілік және қарапайымнан күрделіге қарай оқыту
болса, горизонталды өлшемінде адам өмірінің әр сатысында тереңдейтін
интеграция болуы керек. Үзіліссіз білім берудің мазмұны, құрамы мен
әдістемесі, оқыту уақыты көп түрлі және икемді болуы керек.
Экологиялық білім беру дегеніміз адамзат қауымының, қоғамның,
қазіргі табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесіділігінің ең тиімді жолдарын
ұрыпаққа түсіндіру.
Экологиялық білім берудің негізі мектепте қаланып, жоғары оқу
орынының 1 – 2 курстарында жалғасын табады. Ал жоғары курстарда студенттер
кәсіби мамандығын игеруге сай білім алады.
Экологиялық білім берудің мақсаты – жеке тұлғаның экологиялық
санасын, мінез – құлқын, мәдениетін барынша жоғары деңгейде қалыптастыру.
Жеке тұлғада бұл қасиеттер жеке – дара қалыптаспайды, керсінше, білім мен
тәрие беру үрдісінде бір – біріне егіз сияқты қатарласа жүріп отырады.
Экологиялық білім беру сабақтастық пен жүйелілік және
үзіліссіздік ұстанымын тірек етеді. Үзіліссіз экологиялық білім беру
жүйесінде мектепке дейінгі тәрбие беру оның бастапқы сатысы болып табылады.
Бұл кезде балалардың табиғатпен қарым – қатынасын барынша дамыту қажет,
себебі олар бүлдіршін кезінен бастап айналасына әсер ететін немесе зиян
келтіретін заттарды сезініп өсуі тиіс. Балалар ересектерге еліктегіш
болатындықтан үйдегі отбасы мүшелері мен арнайы тәрбиешілердің өздері өнеге
көрсетуге міндетті. Сондықтан қазақ халқының ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілесің дейтін даналық қағидасы қалыптасқан.
Бастауыш сыныптарда оқушы экологиялық мәдениеттің негізі қалыптаса
бастаған азаматқа айналды. Оның санасында табиғаттың тұтастығы туралы
түсінік, табиғи ортаға ғылыми қатынасы қалыптаса бастайды. Ол табиғи ортада
өзін - өзі дұрыс ұстаудың нормаларын және экологиялық біліммен қоса
ісәрекеттер элементінің дағдысын игереді. Бастауыш сыныптарда балалар
экологиялық проблемаларды өсімдіктермен, жануарлармен және табиғи
обьектілермен танысу кезінде кездестіреді.
Оқушылардың мектептің 5 – 7 сыныптарында жаратылыстану пәндері
арқылы алған негізгі білімі ғылымның әр саласын тереңірек игеруге мүмкіндік
береді. 8,9 – сыныптарда табиғатта жүретін, күнделікті тұрмыста кездесетін
химиялық құбылыстармен танысады. 10,11 – сыныптарда оқушылардың білімі
тереңделеді. Адам өмірінде химия кең көлемде пайдаланылатынына олардың
көздері жетеді. Осыдан барып химиялық заттарды дұрыс пайдалана алу
қажеттілігі туындайды.
Адамның оқып, білім алуы бүкіл өмір бойы үзіліссіз болуы тәрізді
химиялық – экологиялық білім алу да үзіліссіздікпен жүзеге асуы тиіс.
Ресейлік белгілі әдіскер – ғалым Г.М.Чернобельская үзіліссіз білім беруде
күнделікті игерілетін ақпараттың көлемі күн өткен сайын пәрменді бола беруі
керек екенін айтқан.
Үзіліссіз химиялық – экологиялық білім берудің мақсаты
табиғатта, тіршілікте (өмірде) кездесетін химиялық үрдістердің нәтижесінде
пайда болған заттардың тірі организмдерге тигізетін зиянын сабақтастық
ұстанымымен оқып білу деп тұжырымдаймыз.
Біздің ойымызша, үзіліссіз химиялық – экологиялық білім
берудің негізгі бағыттары мынадай:
1)химияның негізіне сүйеніп, өлі табиғатта, тірі табиғатта және олардың
арасында болатын құбылыстардың салдарынан туындайтын зиянды ашып көрсету:
2)химиялық эксперимент нәтижесінде түзілген заттардың зиянды жақтарын
нақтылау:
3)химия ғылымының экологиялық жатқан залалдан құтылу жолдарын табу, жалпы
алғанда жастарды салауатты өмір сүруге бет спектілері арқылы химиялық –
экологиялық ұғым мен көзқарасты қалыптастыру:
4)химиялық – экологиялық ұғымдарды басқа жаратылыстану ғылымдарының
жүйесімен ұштастыру:
5)химиялық – экологиялық ұғымдарды қалыптастыру кезінде жергілікті өлкелік
материалдарды кеңінен пайдалану.
Химиялық – экологиялық білім берудің атқаратын басты қызметі – ғылым мен
техниканың әсерінен және табиғатта болып жатқан құбылыстардың нәтижесінде
пайда болған заттардың тірі организмге тигізер зиянды әсерін оқытып үйрету,
сол зиянды болдырмау жолдарын іздеу, тиіп бұрғызу.
Жалпы білім беретін мектептің 8 – 11 сыныптарына арналған химия пәні
оқулықтарына экологиялық тұрғыдан талдау жасап, дәріс беру кезінде қосымша
қарастыруға болатын мәселелерді жүйелеп, нақтылап келтіріп отырмыз:
Тақырып Қосымша қарастырылатын экологиялық мәселелер
1.Жай және күрделі 8-сынып
заттар 1.Биосфера туралы түсінік. Табиғатты ластаушы
заттар
2.Химиялық элементтердің табиғатта таралуы
және айналымы.
3.Адам организміндегі химиялық элементтердің
мөлшері, атқаратын қызметі.
2.Оттегі 1.Толық және шала жанудың әсерінен қоршаған
ортаның ластануы.
2.Адам организмінде оттегінің жетіспеушілігі
3.Сутегі 1.Сутегі-болашақта экологиялық таза жылу
энергия көзі. Металл гидритері – автомобильдер
үшін сутекті жанғыш отын.
4.Ерітінділер.Су 1. Ауыз суды тазарту жолдары
2.Суды өндірістік кәсіпорындарда тұйық тізбек
бойынша пайдалану жолдары.
3.Қазақстанның теңіз, көлдерінің және
өзендерінің экологиялық жайы.
5.Оксидтер.Негіздер.Қышқ1.Адам организміндегі қышқыл мен тұз, олардың
ылдар.Тұздар атқаратын қызметтері.
2.Қышқыл жауындар, олардың келтірер зияны және
оны болдырмау жолдары.
3.Табиғи судың тұздануы мен топырақтың сор
болуын жою тәсілдері.
6.Д.И.Менделеевтің 1.Адам организміне зиянын тигізетін
периодтық заңы және элементтер (қорғасын, кадмий, никель және
химиялық элементтердің т.б.) туралы түсінік.
периодтық жүйесі 2.Адам және жануарлар организмінде кальцийдің
стронциймен алмастырылуы.
3.Табиғи ортаның радиоактивті ластануы.
7.Бейорганикалық химия 1.Бейорганикалық заттардың адам өміріне
курсын қорытындылау. тигізетін зияны, оны болдырмау жолдары.
1.Электролиттік 9-сынып
диссоциация 1.Судың тұздануы мен топырақтың сор болының
қоршаған ортаға әсері.
2.Буферлік жүйелер туралы түсінік. Су
қоймаларының өз бетімен тазаруы.
3.Тотығу – тотықсыздану реакцияларының
нәтижесінде табиғатта болатын уытты
(токсикалық) заттарды болдырмау әдістері.
2.Оттегі топшасы 1.Қышқыл жауынның пайда болуы.
2.Өсімдік пен жануарлар организміне күкірт
диоксидінің әсері.
3.Күкірт оксиді мен күкіртсутекті өндірістік
залалсыздандыру жолдары.
3.Азот топшасы 1.Аммиактың тірі организмге тигізер әсері.
2.Фотохимиялық тұман. Қышқыл жаңбыр.
3.Құрамында азот оксиді бор түтіндерді
химиялық жолмен тазарту
4.Көміртегі топшасы 1.Атмосфераның көміртегі оксидтерімен (СО,СО2)
ластануы, олардың тірі организмге тигізер
әсері.
2.Тұмшалау эффектісінің пайда болуы, одан
келер зиян.
3.Табиғаттың кремний қосылыстарымен ластануы.
5.Металдар 1.Сілтілік металдардың тұздарының өсімдіктер
организміне тигізер әсері.Тыңайтқыштар.
2.Калций мен магнийдің организмдегі қызметі
3.Алюминийдің, темірдің адам организміне
тигізерәсері
4.Химия және түсті металлургия
кәсіпорындарының атмосфералық ауаны ластауын
зерттеу тәсілдері.
6.Металлургия 1.Қазақстанның кен орындарындағы қалдық
заттар. Аз қалдықты және қалдықсыз технология.
1.Кіріспе 10-сынып
1.Қоршаған ортаны ластанудан қорғау жолдары.
2.Қаныққан көмірсутектер1.Метанның биосферадағы рөлі
2.Фреонның қоршаған ортаны ластауы.
3.Циклопарафиндер
3.Қанықпаған 1.Полиэтилен мен полипропиленнің табиғатты
көмірсутектер ластауы, оны болдырмау жолдары.
4.Ароматты 1.Ароматты көмірсутектердің күнделікті өмірде
көмірсутектер. пайдалануы.
2.Есірткі қолданудың проблемасы.
5.Көмірсутектердің 1.Табиғи және мұнайға серік газдар. Жанудың
табиғи көздері әсерінен қоршаған ортаның ластануы.
2.Тұмшалау эфекті, оны болдырмау жолдары.
6.Спирттер.Фенолдар 1.Спирттердің адам организміне тигізер әсері.
2.Фенолдың табиғи ортаны ластауы, тірі
организмге тигізер әсері.
7.Альдегидтер.Карбон 1.Альдегидтердің улылығы.
қышқылдары 2.Кір алғыш заттар, беттік активті заттардың
табиғатты ластауы, оны тазарту жолдары.
8.Күрделі эфирлер 1.Сабын өндірісіндегі қалдық заттардан құтылу
жолдары.
2.Адамның темекі шегуінің адам организміне
тигізер әсері
9.Көмірсулар 1.Целлюлоза-қағаз жасау өндірісі, оның
қоршаған ортаны ластауы
10.Аминдер 1.Азоты бар заттардың қышқыл ортада болатты
коррозияға ұшыратуы
2.Биотехнология өндірісінде химиялық заттардың
қолданылуы.
11.Синтетикалық 1.Канцерогенді заттардың адам организміне
талшықтар тигізер зияны.
2.Шектеулі рауалы концентрация туралы түсінік.
3.Тұрмыста қажетсіз болған қатты заттардың
қоршаған ортаға әсері, оларды жою жолдары.
1.Химиялық реакциялар 11-сынып
1.Қоршаған ортаның сапасының өзгеруі
2.Бейметалдар 1.Бейметалдар қосылыстарының биосфераны
ластауы. Озон қабатының тесілуі, тұмшалау
эфекті.
2.Тыңайтқыштарды дұрыс қолданбаудың салдарынан
адам организміне келер зияндар.
3.Металдар 1.Металл қосылыстарының қоршаған ортаға
келтіретін зияны.
1.1.Негізгі топша элементтері:
а)Li, Na, K, Rb, Cs, ә)Al, Be, Mg, Ca.
1.2.Қосымша топша элементтері:Cи Zn Ti Cr Fe
2.Өндірістік өнеркәсіптің қоршаған ортамен
қарым – қатынасы.
3.Автомобиль көліктерінің қоршаған ортаны
ластауы оны болдырмау жолдары.
Жоғары оқу орынының 1-2 курс бағдарламасымен оқыытылатын
бейорганикалық химия мен анализдік химия курсы жоғарыда көрсетілген
бағдарламаның орынын толық толтыра алмайды, себебі ол онда үзік-узік
қарастырылады. Сондытан қосымша ұсынылған мәселелерді оқытуда арнайы
әдістемелер мен әдебиеттер қажет екенін байқадық.
Біз үзіліссіз химиялық – экологиялық білім берудің негізгі шарты
ретінде оқушылардың сабақ кезінде және сабақтан тыс атқаратын өздік
жұмыстарының арнайы бағдарламасын жасап, мектеп ұстаздарына ұсындым.
Олардың өздерін осы проблемаға көбірек көңіл бөлдіру мақсатында арнайы
семинарлар мен жаттығулар жүргізуге үйреттік. Мектеп бағдарламасында
берілген негізгі теориялық және практикалық тұжырымдарға үндес келетін
химиялық-экологиялық проблемалардың қазіргі кезде қал – жағдайын нақты
көрсетіп беру керектігін айттық.
Экологияландырылған білім тікелей өмірмен, тұрмыста кездесетін
зиянын тигізуі мүмкін заттармен танысу арқылы олардан құтылудың немесе
қаупін азайтудың жолдарын біліп, үйрене жүріп, химия пәнін терең түсініп,
қызығуын арттыруға әкеледі. Оның үстіне химиялық – экологиялық проблемалар
әр елді мекенде, жақын аймақтарда жиі кездесетіндіктен оны нақты бүгінгі
тіршілікпен байланыстыру мүмкіндігі туады. Осының бәрі жинақтала келе
мектеп шәкіртінің санасында туған табиғатты қорғау, оны ластамау, барынша
аялауға жол сілтейтін тәрбиенің пәрменді құралына айналатынын көрсетеді.
1.3 Экологиялық мәселелердің тәрбиелік астарлары
Бүгінгі таңда адам – табиғат қатынасы қазіргі қоғамның аса өзекті
мәселелерінің біріне айналды.
Табиғат – қоғам дамуының алғы шарты, қоғам – табиғаттың
ерекшеленген бөлігі, ал адам – эволюциялық дамудың шыңы. Адам аз дегенде 2
млрд жыл бойы заңдылықты дамып келе жатқан үлкен табиғи
үрдістің көрінісі. Адам табиғаттың бөлшегі бола отырып, еңбек пен өзара
қатысудың арқасында бірте – бірте әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасты.
Адамзат тарихында адам мен оның табиғи ортасы арасындағы өзара
байланыс жөнінде түрліше көзқарастар болған. Қоғам мен табиғи орта
арасындағы қатынастардың тарихи дамуында негізгі үш кезең байқалады.
Алғашқы кезең – адам табиғатты өзгертіп, жаңа табиғат
қалптастырады, бірақ табиғатқа тәуелді..
Екінші кезең - Жаңа табиғат басымырақ, ал адам болса, оның
қожайыны екеніне және оны шексіз пайдалана алатынына сенімді. Соңғы үш
ғасырдағы адамзаттың дамуын оның табиғат алдындағы жеңісімен өлшеуге
болады. Біздің осы кезеңдегі жетістіктеріміз үлкен болғаны соншалықты,
адамның табиғатқа күш көрсетуі қалыпты қатардағы нәрсе деп түсінілді.
Үшінші кезең – қазіргі кезең. Адам табиғатты өзгертуде, алайда
бұл өзгерістер жылдан жылға адамның өмір сүру – сүрмеуі жөнінде үлкен
мәселе туындатып отыр. Уақыт озған сайын адам мен табиғат арасы алшақтап
барады:бұған негізгі себеп – табиғат байлықтарының шексіздігі туралы жалған
пікірдің туындауы.
Алға басудың бұл жалған жолы адамды тұйыққа тіреді. Табиғи
ортадағы дағдарысты пайда еткен – адамның өзі. Адамның тіршілік ортасын
әдетте табиғи және жасанды деп екіге бөледі. Табиғи ортаны табиғи
факторлардың жиынтығы су, ауа, күн, топырақ өсімдіктер және жануарлар
дүниесі құрайды [4].
Жасанды орта – бұл адам қалыптастыратын орта. Мұнда да табиғи
факторлар бар, бірақ олар басым емес, бұл ортаны негізінен адам еңбегінің
өнімдері құрайды. Адам табиғатты әлі де болса өзіне бағындырмақ. Табиғи
және жасанды орта арасында айқын шекара жоқ, олар қарама – қайшылықтардың
диалектикалық бірлігін құрайды, олардың арасында өзара тәуелділік бар.
Адам жасанды ортаны қалыптастыруда осы тәуелділікті ескеруі тиіс. Адамның
табиғи және жасанды ортасының өзара тәуелділігі экологиялық орта ұғымын
қалыптастырады.
Экологиялық орта екі экологиялық жүйені анықтайды:
а)табиғи экологиялық жүйе
ә)әлеуметтік – экономикалық экологиялық жүйе.
Табиғи экологиялық жүйе – экосфера – тірі жануардың және жер
бетінің физикалық, химиялық күйінің интеграциялық эволюциялануының, өзара
тәуелділігінің өнімі. Экосфераның бір бөлігі жойылса, еш уақытта қайта
қалыптаспайды.
Әлеметтік – экономикалық экологиялық жүйе адамның, қоғамның бүкіл
қоршаған ортаға – тірі және өлі табиғатқа қатынасын қамтиды. Осыдан келіп
адамның тіршілік ортасы ұғымын анықтауға болады.
Соңғы кезде табиғатты қорғау мәселесі өзекті экологиялық
мәселеге айналды. Табиғат – адам дамуының негізі болғандықтан, табиғи
ортаны қорғау мәселесі жедел шешім қабылдауды талап ететін, кезек
күттірмейтін мәселеге айналды.
В.И.Вернадский: Бүгінде тіршілікті сақтап қалу үшін бүкіл
адамзат біртұтас және саналы одақ ретінде әрекет етуі керек, - деп
болжаған кезең келді. Әрбір жеке адам өзіме ғана емес, өзгеге де жақсы
болуы қажет деген ұстанымды еске ұстап, табиғатты қорғауға атсалысуы
қажет. Өкінішке орай, мұндай ұстаным тәніміз бен қанымызға әлі сіңген
жоқ.Біз енді – енді ғана жаңаша ойлаудың әліпесін меңгерудеміз.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жерде өмір сүретін адамдардың
саны екі еселеніп, 2002 жылы шамамен 7 млрд – қа жетті. Демографтар адам
санының артуы экологиялық асрай алатынын, адам санының артуын тежеу үшін
қандай биологиялық реттеушілер, әлеуметтік бағдарламалар қажет екенін
зерттеуге шұғыл кірісуде. БҰҰ – ның есептеулері бойынша Жердің
сыйымдылығының шегі – 10-12 млрд адам.Қазіргі демографиялық жағдай бұл
көрсеткішке орта тұсында жеткізбек.
Адам санының артуына байланысты өндіріс деңгейі де күрт
жоғарылады. Соған байланысты қоршаған ортаның ластануы артты. Экологиялық
мәселелер пайда бола бастады. Мысалы: қышқыл жаңбыр , озон қабатының
жұқаруы, шөлейттену, ормандардың жойылуы, биосфераның тозуы, су, топырақ,
ауаның ластануы, радиоактивті қалдықтардың көмілуі, т.б.
Мұндай экологиялық мәселелер болмау үшін адам өз қажеттіліктерін
табиғи ортаның байлықтарымен шамаластыруы керек.
Жалпы алғанда, бүкіл адамзат, адам – табиғаттың ажырамас бөлшегі
екенін, табиғаттағы кез келген ауытқу адамға да әсерін тигізетінін түсініп,
Жер біздің ортақ үйіміз және оның келешегі осы үйдің барлық тұрғындарына
тәуелді ұстанымын негіз етуі керек.
Табиғат пен қоғам арасындағы қатынастар шиеленісіп отырған қазіргі
кезеңде жалпы адамзаттық құндылықтар да өзгермек. Табиғатты бұзу –
адамгершілікке қарсы іс, ал кез келген адам ең алдымен адамгершілік тұлға.
Сондықтан келешектің адамы қалыпты өмір сүру үшіносы бастан
гуманизм ұстанымын ұстанып, адам санасында түбегейлі өзгерістер туғызуға
ұмтылуы керек. Өйткені бірнеше ғасыр бойы қалыптасқан Табиғат – сарқылмас
байлық көзі, адамға керегінің бәрін беріп, қажетсізінің бәрін тастауға
болатын түпсіз құдықдеген сананы өзгертіп, жаңаша ойлауға бағыттау, сөйтіп
экологиялық сананы қалыптастыру – жедел қамдануды талап ететін, ұзақ
мерзімді шара. Оны іс жүзіне асыруда адамзат қоғамы үлкен сыннан өтпек.
Егер бұл мәселе дұрыс жолға қойылып, оң шешілсе, болашақ адамның мәдениет
ұғымына оның өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасы да кіріп, экологиялық
мәдениет қалыптасар еді. Бұл – адамның тіршілік ортасына қатынасының ең
жоғары көрінісі.
Қазіргі экологиялық мәселе жалпы адамдық құндылықтар, адамдық
қасиеттер, гуманизм ұғымдарын терең, жан – жақты түсінуді керек етеді. Ол
қоғамдағы, өндірістегі қайта құруды емес, экологиялық білім, тәрбие, жаңа
адамгершілік қасиеттердің қалыптасуын талап етеді. Мұндай түбегейлі
өзгерістер нәтижесінде қоғам – табиғат жүйесін және оған деген саналы
қатынасты айқындайтын көзқарастардың біртұтастығы ретінде экологиялық сана
қалыптаспақ.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа
технологиялық мүмкіндіктері айқындалып, еліміздің экологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жағдайындағы қоғамды экологияландыру мәселесі қамтылады.
Қоғамды экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол
жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі.
Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің
негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда
бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған
ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және
ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны ғылымда
екінші табиғат деп атайды.
Демек, табиғат заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жәй-күйлерінің
болмысы өткінші, өтпелі. Олардың болмысы (болмыссыздығы) ауыспалы,
қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады. Олардың болмысы –
сақталатын да, жоғалатын да болмыс. Гегель қалыптасу процесін саралай
отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп дәл көрсеткен
болатын. Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшелігі, тұтастық
ретіндегі табиғат дүниесінің тұрақты әрі түпкілікті болмысындағы жекелеген
мәндердің өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын танытады.
Екінші табиғат қатаң түрде шынайы, бірінші төл табиғатқа тәуелді және
соның туындысы десе болады. Әйтседе, екінші табиғаттың өзіндік мәнді
ерекшеліктері де жоқ емес. Екінші жасанды табиғат дүниесінің шынайы төл
табиғаттан айырмашылығы: біріншіден, оны жасап дүниеге келтіру барысында
адам табиғат байлығын, табиғи материалдарды пайдаланып, өңдеді, екіншіден,
екінші табиғат дүниесін жасауда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі және білімі
пайдаланылды, үшіншіден, екінші табиғат бұйымы ермек үшін жасалмайды. Оны
дүниеге келтіру адамдардың әлеуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан,
мақсат-мүдделерінен туындады. Осылайша, екінші табиғат бірінші табиғаттың
заңдылықтарына бағынатын төл туындысы, оның материалдарынан адамның білімі,
еңбегі, тәжірибесі және дағдысы негізінде қоғамдық сұраныстарды
қанағаттандыру мақсатында жасалды. Яғни, екінші табиғат болмысы – табиғи
- рухани-әлеуметтік тұтастық құрайтын нақтылы ақиқат. Сондықтан да, бір
жағынан, қоғам мен екінші табиғаттың үнемі үйлесім тауып отыру қажеттігі
еш уақытта маңызын жоймайды, екінші жағынан, бірінші табиғат пен екінші
табиғаттың ортақ заңдылығын, бір тұтастығын, бірегей болмысына қатысты
олардың өзара байланысын сақтап, реттеп отыруы да заманымыздың жалпы
адамзаттық мәселесі болып табылады.
Дамудың диалектикалық концепциясының басты ерекшелігі мынада: даму
дүниеде бар нәрселердің саны жағынан жәй ғана өсуі (көбеюі немесе азаюы)
тұрғысында ғана түсіндірілмейді, ол ескінің құру, жойылу және жаңаның пайда
болу процесі ретінде ұғындырылады. Бұл процесс сан өзгерістерінен сапа
өзгерістеріне және керісінше өту заңына негізделеді. Сан өзгерістерінің
сапа өзгерістеріне өтуінде керісінше процесс те болады: жаңа сапа жаңа сан
өзгерістерін тудырады. Бұл табиғи нәрсе, өйткені жаңа сапа басқа сандық
параметрлермен заңды байланыста болады.
Сан өзгерістері үздіксіз және біртіндеп жүріп жатады. Сапа өзгерістері
үздіксіздіктің, бірте-бірте жүретін дамудың үзілісі түрінде болады. Тірі
заттың пайда болуы өлі материядағы жәй ғана бір жаңа сан өзгерісі емес,
керісінше, оның түбірлі сапалық өзгерісі, жаңа қасиеттері, заңдылықтары бар
материяның мүлдем жаңа түрінің тууы деп білеміз. Міне, бұл – дамудағы
үздіксіздік.
Дамудың эволюциялық (біртіндеп болатын) және революциялық (үздіксіз
түріндегі) формаларының бірлігі қоғамдық дамудың заңын құрайды.
Үздіксіздіктің, сапалық өтулердің осындай типтік және неғұрлым жалпы
формаларына тоқталатын болсақ ол: біріншіден, бір сапаның басқа сапаға
айтарлықтай тез және бірден айналу формасы; бұл өзіне тән құрылымы бар
объект біртұтас система ретінде бірден, түбірлі сапалық өзгеріске ұшыраған
кезде болады; екіншіден біртіндеп болатын сапалық өту формасы; бұл нәрсе
бірден және тұтастай өзгерместен, сапалық өзгерістердің біртіндеп жинақталу
жолымен оның жеке жақтары, элементтері өзгергенде, осындай өзгерістердің
қорытындысында ғана ол бір күйден басқа күйге өткенде болады. Демек,
сапалық жағынан ауысу қаншалықты біртіндеп жүргенмен де, ол үздіксіз болып
табылады.
Үздіксіздік нәтижесінде пайда болған жаңа сапа жаңа мөлшерлік
өзгерістер туғызады. Сөйтіп, бұл заң даму процесінің механизмін көрсете
отырып, қалай? қайтіп дамиды? деген сұрақтарға жауап береді.
Диалектиканың даму заңдылығынан бастау алған үздіксіздік педагогика
ғылымында тігінен, көлденеңінен динамикалық икемділік пен универсалды болу
қажеттігін білдіреді. Оқытуды тәжірибеге бағыттау жағы күшейтілсе және
тұлғаның білім троекториясын еркін сақтап қалу, білім беру субъектісі
ретінде үздіксіз білім беру жүйесі өзіндік негіз болып табылады.
Үздіксіз білім – толассыз, тоқтаусыз білім, ешқашан аяқталмайтын,
өміршең білім. Үздіксіз білім адамның өмірге келген күнінен басталып,
өмірінің соңғы күніне дейін жалғасын табатын процесс, қазіргі өмір бойы
білім алу қағидасы білімнің үздіксіздігі идеясының заңды жалғасы.
Демек, үздіксіз білім беру термині әлемдік практикада осыдан алпыс
жыл бұрын қолданысқа енгенімен, оның негізгі идеялары екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін-ақ жариялым алды. Үздіксіз білім берудің басты идеясы
өмірлік білім беру идеясының орнына өмір бойы білім алу идеясын
басшылыққа алудың дұрыстығы заман талабынан туындап отыр.
Н.А.Лобановтың сөзімен айтқанда үздіксіз білім беру біріншіден, жеке
тұлғаның даму кезеңдеріне үздіксіз білім берудің белгілі бір басқыштары
мен деңгейлері, оның нақты мақсаттарын іске асыру шарттары мен
мүмкіндіктері сәйкес келеді.
Екіншіден, білім беру жүйесін біріңғай үздіксіз білім беру жүйесіне
айналдыру үшін бірқатар ұстанымдарды негізге алу керек, атап айтқанда:
үздіксіздік, демократиялық, жалпылық және т.б. ұстанымдар.
Үшіншіден, үздіксіз білім беру жүйесі оның сатылық және көп құрамдық
құрылымынан көрінеді: білім берудің көп деңгейлілігі ( отбасы, балабақша,
бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі); мамандарды даярлаудың көп
сатылығы; оқу орындарының көп қызметтігі (оқытуды ұйымдастырудың түрлі
формалары); білім бағдарламалары мен құрылымының вариативтігі.
Осы қағидалардың негізінде үздіксіз білім беру жүйесінің барлық
сатыларын қамтитын кешен қолданылады. Бұл кешенде сабақтастықтың екі
принципі сақталады: төменнен жоғарыға дейін; жоғарыдан төменге дейін. Ал,
бұл білім беру сатыларының сабақтастығы жүйесін қамтамасыз етеді: отбасы
→ балабақша →бастауыш мектеп →арнайы орта білім → жоғары білім → жоғарыдан
кейінгі білім (Білім жетілдіру). Жоғарыдан төмен жүйесі оқу орындарының
басқару қызметін білдіреді. Демек, мұндай құрылым білім беру кеңістігінің
біртұтастығын, сабақтастығын қамтамасыз етеді. Оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын дұрыс интеграциялаған жағдайда білім алушылар білім берудің
төмен деңгейінен жоғары деңгейіне жеңіл өте алады.
Біздің зерттеуімізге сәйкес үздіксіз білім берудің біріңғай жүйесінің
бірінші сатысы - отбасы, яғни баланың алғашқы әлеуметтік ортасы - мұнда
баланың өзін-өзі тәрбиелеу, білім алуға деген алғашқы іс-әрекет дағдылары
қалыптасады. Бұл баланы балабақшаға дайындаудың алғашқы қадамы болып
есептеледі.
Үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесінің екінші сатысы - мектепке
дейінгі тәрбие. Мектеп пен басқа оқу мекемелері қызметінің нәтижесі
негізінен мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Бұл ерекшеліктер балабақша
мен бастауыш мектептердегі тәрбие сабақтастығының тиімділігін дәлелдейді.
Үшінші саты – бастауыш мектеп, балабақшада берілетін тәрбие мазмұнының
жалғасы және жоғары сатыларда берілетін білімнің негізі, алғашқы бастауы.
Үздіксіз білім берудің негізгі сипаты білім беру жүйесінің
біртұтастығымен айқындалып, білім беру сатыларының арасындағы тығыз
байланыстың болуы сабақтастықты білдіреді. Ал, бұл болса үздіксіз білім
беру процесіндегі экологиялық тәрбие беру сабақтастығын білім беру
процесінің барлық сатыларында жүзеге асыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында еліміздегі толассыз белең алған
экологиялық ахуалды жақсартудың жаңаша мүмкіндіктері айқындалып,
экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше мән беріледі. 2006
жылы қабылданған Экологиялық кодексте экологиялық саясатты дәйектілікпен
жүзеге асырудың механизмі реттеліп, оның жоғары деңгейде шешілуі қажеттігі
басты назарда болды.
1950 жылы қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық одағының жанынан
табиғат қорғау жөнінде білім берудің тұрақты комиссиясы құрылып, табиғатты
қорғау, сақтау, оған жауапкершілікпен қарауға жұмылдыру мәселесіне Біріккен
Ұлттар Ұйымы назар аудара бастады. 1960 жылдың аяғында педагогикада
экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік
негізін қалыптастыру бағытында табиғат қорғауға оқыту термині кең
қолданылды. 1970 жылдың ортасында бұл терминді табиғат қорғауға тәрбиелеу
термині ауыстырып, соңғы жылдары уақыт талабына сай экологиялық тәрбие,
экологиялық білім терминдері пайдаланылуда.
Экология – биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде
айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі ХІХ ғасырдың аяғы мен
ХХ ғасырдың басы болып саналады.
Осы тұрғыдан алғанда жалпыға бірдей экологиялық білім мен тәрбие берудің
мақсат-міндеттерін, республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінің барлық
сатыларында жүзеге асыруды, жастардың көзқарасын, табиғатқа жауапкершілік
қарым-қатынасын қалыптастыруды, мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары
оқу орындарына дейінгі аралықты экологиялық білім мазмұнымен жаппай қамтып,
оны сабақтастықта жүргізуді талап етеді.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ХХ ғасырдың соңғы 20 жылының Экологиялық
білім беру жылы деп жариялануы үздіксіз экологиялық білім берудің барлық
өркениетті елдерде ең басты әрі көкейкесті проблема болып отырғандығын тағы
да дәлелдеп берді.
Экология мәселесі жөніндегі қабылданған мемлекеттік құжаттарда болашақ
ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері көрсетіліп,
биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануға
бағытталған іс-шаралар белгіленген. Мәселен:
- мектепке дейінгі мекемелер мен арнаулы орта және жоғары оқу
орындарында экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;
- басшы қызметкерлер мен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы және
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы;
- қоршаған ортаны қорғау саласынан ғылыми зерттеулердің,
конструкторлық және практикалық тұрғыда тәжірибеге енгізу жұмыстарының
мемлекет тарапынан қолдау табу мәселелері атап көрсетілген.
Қоршаған ортаны қорғау туралы пікірлерді біз көне дәуір оқымыстылары
Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Олар өсімдіктер мен
жануарлар тіршілігінің біріншіден морфологиялық, екіншіден физиологиялық
бейімделушіліктің қоршаған ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан
қарастырды.
Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға
жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты
қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-
білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр
алады, үшіншіден табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның
ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Ұлы Абай да өзінің қарасөздерінде табиғат туралы философиялық ой-
пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын
адам баласының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz