Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

І Тарау. САЛАУАТТЫ ӨМІР - УАҚЫТ ТАЛАБЫ

1. 1 Салауатты өмірдің тәсілдері мен аспектілері

1. 2 Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары

ІІ Тарау. ОҚУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫҚҚА ҮЙРЕТУ

2. 1 Мектеп оқушыларының оқу күні режиміндегі дене шынықтыру шаралары.

2. 2 Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың сипаттамасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.

Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдауында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі - «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында, «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сонымен қатар, бұл стратегиялық бағдарламада: «Салауатты, әрі гүлденген экономика құрмайынша біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз» - деп Елбасы ойын түйіндейді.

Сонымен, Елбасының жолдауын Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

Салауатты өмір салтын жастардың бойында қалыптастыру мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген.

Салауатты өмір салтының аса қажеттілігі басқа да мемлекеттік ресми құжаттардан көрініс табады. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1997), Қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы (1999) және т. б.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы Қазақстанның болашағы - ертеңгі ұрпағында болғандықтан жастардың денсаулығы халықтың өсімі мен санасын анықтайды. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухты шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет ететін әрекеттер. Ал мұны жүзеге асыру, жас ұрпақтың салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы мен мектепке жүктеледі. Сондықтан, бүгінгі күні Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтатын жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Бүгінгі таңда салауатты өмір салты ұлттық идеяға да айналуы тиіс мәселе. Өйткені қазақ халқында бұл идеяны жүзеге асырудың негізі болатындай Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген белгілі ойшыл Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны», Құртқа Сұлтанқожаұлының тәлімдік мұрасы, ұлттың генетикалық тазалығын сақтау үшін жеті атаға дейін қыз алыспауға тиым салған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдары және Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

Ұлттық идеяға айналатындай салауатты өмір салты бүгінгі күні жан-жақты қарастыруда. Педагогика ғылымында бұл мәселе төңірегінде назар аударатын көптеген зерттеулер жүргізілуде. Оларды ғылыми тұрғыда жүйелей келе, мынадай бағыттарын атап айтуға болады :

- салауатты өмір салтын философия мен әлеуметтану ғылымы тұрғысынан (Л. Н. Арутунян, Ю. Б. Бромлей, И. Т. Левкина, Р. В. Рыбкина, Т. Ж. Нақыпбеков және т. б. ) ;

- оқушылардың бойында құндылық бағдар негіздерін қалыптастыру (Г. К. Нұрғалиева, С. С. Тілеуова және т. б. ) ;

- оқу-тәрбие үрдісінде жастардың салауатты өмір салтын адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру (А. Каплиева, Б. Қ. Мұхаммеджанов, Г. Ж. Нұрышева, Ж. Торыбаева және т. б. ) ;

- салауатты өмір салтын тарихи дамуы және халықтық педагогика тұрғысынан зерттелуі (Ж. Ембергенова, Э. Құрманалиева және т. б. ) ;

- валеология ғылымын теориялық және әдістемелік тұрғыда зерттеу мәселелері (А. С. Иманғалиев, А. Ақанов, Ж. Ж. Нұржанова және т. б. ) ;

- оқушылардың бойындағы салауатты өмір салтының психо-физиологиялық аспектілері (Ш. Ә. Тулебаева, Т. Қ. Игисинов, И. В. Мордвинцева және т. б. ) .

Қоғамдық жаңару кезеңінде, еліміздегі әлеуметтік-саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезеңінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан жоғарыда аталған зерттеулерді негізге ала отырып, қоғамдағы мектеп, отбасы бала тәрбиесіне, әсіресе салауатты өмір салтын қалыптастыратын тиімді жолдарын іздестіру - заман талабы болып отыр.

Адам өмірінің өзегі - эстетикалық құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - эстетикалық құндылықтар.

Қазақстан Республикасы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру; сұлулыққа, тазалыққа үйрету» міндеті ерекше аталады. Жастардың бойында салауатты өмір салтының қалыптасуына эстетикалық құндылықтардың әсер ететіні сөзсіз. Өйткені, салауатты өмір салты адам табиғатына аса қажетті әсемдікті, сұлулықты, тазалықты талап етеді. Сондықтан эстетикалық құндылықтар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру - ерекше мәселе болып, арнайы зерттеуді қажет етеді.

Эстетиканың негізін құрайтын сезім, ләззат, мұрат, талғам құндылықтары мектептің негізгі білім беру сатысы - жеткіншектік кезең оқушыларының дамуына ерекше ықпалын тигізеді. Зерттеу жұмысы және мектеп тәжірибесі көрсеткендей, жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері дүниенің әдемілігіне, сұлулығына деген қызығушылықтары ерекше көрініс беріп, эстетикалық талғамы мен мұратын дамытуға өз бетінше ұмтылыс, талпыныс жасайды. Осыдан келіп, жеткіншектер өмір салтының мәні мен басты құндылығы - әсемдік пен әдемілікті сезіну болып табылады. Сондықтан да, жеткіншектердің салауатты өмір сүруі үшін эстетикалық құндылықтардың рөліне ерекше көңіл бөлу қажет.

Осы тұрғыда біздің зерттеуімізге негіз болған бірқатар ғалымдардың - С. Ұзақбаева, Ұ. Әбдіғапбарова, А. Жұбанов, Ш. Әлібеков, Б. Ерзакович, Қ. Әмірғазин, Б. Әлмұқанбетов, Ж. Балкенов, О. Сатқанов, С. Жолдасбекова және т. б. еңбектері оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жалпы теориялық және әдіснамалық аспектілерін қамтыса, жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселелері Е. Асылханов, Қ. Болатбаев, Қ. Ералин, Қ. Ижановтар және т. б. зерттеу еңбектерінде ашып көрсетілген.

Сондай-ақ, біздің зерттеуімізге аса қажетті болған құндылықтар мәселесін әлеуметтік және философиялық негіз тұрғысынан зерттеген С. Нұрмұратов, К. Нұғыманова, Б. Ерасов және т. б. ғалымдардың еңбектері; білім беру жүйесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу Х. К. Сатпаева, А. С. Тель және т. б.

Зерттеу мәселесі төңірегінде келесі ғалымдардың еңбектері қызығушылық тудырды:

- психиканың онтогенездегі дамуы мен тұлғаның қалыптасуы (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, М. С. Каган, Д. Н. Кикзадзе, Л. М. Фридман, Б. Ф. Ломов және т. б. ) ;

- жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген негізгі жұмыстар және жеткіншектердегі тұлғалық дамудағы өзіндік сана-сезімдерді зерттеген теориялары (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, В. В. Драгунова, Д. И. Фельдштейн, В. В. Столин, А. В. Захарова және т. б. ) ;

- жеткіншектердің дамуын тарихи-педагогикалық және психологиялық тұрғыда қарастырған ғалымдар (Л. К. Керімов, Г. Т. Хайруллин, В. В. Трифонов, Ж. Б. Шілдебаев, А. Н. Көшербаева, Т. А. Алсатов, С. М. Жақыпов, Қ. Б. Жарықбаев, Ж. Ы. Намазбаева, Қ. Т. Шериязданова, О. С. Сангилбаев, Ж. Өмірбекова, Т. М. Шалғымбаев және т. б. ) .

Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда оқушылардың салауатты өмір салтын құндылықтар тұрғысынан біркелкі зерттелгенін айқындайды. Алайда, біздің зерттеуіміздің өзегі - оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, эстетикалық құндылықтар арқылы олардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесін зерттеу қажеттігін айқындайды. Бұл мектеп қабырғасында жеткіншектік кезеңде оқушылардың салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігі және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қайшылық бар екендігі байқалады. орын алып отырғандығы байқалады. Осындай қайшылықтың шешімін ғылыми тұрғыда іздестіру зерттеу мәселесін анықтауға және жұмысымыздың тақырыбын «Мектептегі салауатты өмірді уағыздайтын іс-шараларды ұйымдастыру» - деп таңдап алуымызға негіз болды.

Зерттеу объектісі - жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі;

Зерттеу пәні - жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектерді салауатты өмір сүру салтына деген дұрыс көзқарасы қалыптасқан, денсаулығы мықты, жаны, тәні мен ісі әсем, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға ретінде қалыптастыру мүмкіндігі туады:

- жеткіншектер салауатты өмір салты ұғымын дұрыс терең түсініп, оның әлеуметтік-қоғамдық мәнін дұрыс бағалай алса;

- адамзат дамуының тарихи эволюциясында ұлы ғұламалар мен ағартушылар, қоғам қайраткерлері мұралары мен қазіргі заман ғалымдарының еңбектеріндегі салауаттылық пен эстетикалық құндылықтар ұғымы жүйеге келтіріліп, тағылымдық мүмкіндіктеріне қарай жіктелінсе;

- жеткіншектердің дұрыс салауатты өмір сүру үшін эстетикалық құндылықтардың мәні мен қажеттілігін мектептің оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнында кеңірек насихатталып, жүзеге асырылса;

- жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында оқу-тәрбие үрдісінің тәрбиелік іс-шаралар мүмкіндіктері арқылы эстетикалық құндылықтар негізінде салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен жүйесі анықталып, іске асырылса, онда оқушылардың ішкі дүниетанымы өзгеріп, салауатты өмір салтын терең түсініп, сақтай білетін тұлғаны тәрбиелеуге болады.

Зерттеу міндеттері: - «салауатты өмір салты» мен «эстетикалық құндылықтар» ұғымдарының мәнін ашып, олардың өзара байланысын ғылыми тұрғыда негіздеп және бұл бағытта әлем өркениеттеріндегі озық идеяларды жүйелеу;

- жеткіншектер кезеңін сипаттап, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың қажеттілігін ғылыми тұрғыда айқындау;

- жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың моделін даярлап, оның компоненттері мен өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;

- эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салтының бүгінгі таңдағы ұлттық тәрбиедегі рөлін айқындау, оқу-тәрбие үрдісінде іске асырудың мазмұнын жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыста тексеру.

Жетекші идея. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру - жас ұрпаққа ұлттық тәрбие мен білім беруде, Қазақстан халқының бүгінгі таңдағы дамушы елдер қатарында көрінуінің басты шарты болып табылады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Тарихи-қоғамдық заңдылықтар дамуын ашатын философиялық қағидалар, жеке тұлғаның қалыптасуы туралы қағидалар, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара бірлігі туралы тұжырымдамалар. Қоғамдағы адам факторының орны және эстетикалық құндылықтар негізінде салауаттылықа тәрбиелеудің әлеуметтік себептері, жастарды салауаттылыққа эстетикалық құндылықтар негізінде тәрбиелеудегі ертедегі қазақ халқының көрнекті тұлғаларының, педагогтардың, психологтардың, этнографтардың, философтардың, тарихшылардың, дәрігерлердің, өнертанушылардың көзқарастары, тұжырымдары, этнопедагогика зерттеулері.

Зерттеу көздері. Ертедегі және қазіргі қазақ және шетел ғалымдарының -тарихшылардың, философтардың, этнографтардың, педагогтардың жазушылардың, психологтардың, өнертанушылардың, қазақ халқының рухани эстетикалық құндылықтары мен салауатты өмір салты туралы еңбектері, мұрағат құжаттары. Қазақстан Республикасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық бағдарламасы, Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы, білім беру туралы Қазақстан Республикасының заңдары; Білім беру министрлігінің білім және тәрбие беру жөніндегі тұжырымдамалары, педагогтар мен психолог ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ автордың эстетикалық құндылықтар арқылы жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жеке тәжірибесі.

Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесіне байланысты, философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге теориялық талдау, Қазақстан Республикасының ресми материалдарына талдау, оқушылар арасында сауалнама, мектептің оқу-тәрбие үрдісін педагогикалық бақылау, эксперимент, оның нәтижелеріне баға беру, жиналған материалдарды өңдеу және сараптау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: 1. «Салауатты өмір салты» мен «эстетикалық құндылықтар» ұғымдарының мәні айқындалып, олардың өзара байланысы ғылыми тұрғыда негізделіп және бұл бағытта әлем өркениеттеріндегі озық идеялар жүйеленді.

2. Жеткіншектер кезеңі сипатталып, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың қажеттілігі ғылыми тұрғыда айқындалды.

3. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастырудың моделі даярланып, оның компоненттері мен өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.

4. Эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салтының бүгінгі таңдағы ұлттық тәрбиедегі рөлі айқындалып, оқу-тәрбие үрдісінде іске асырудың мазмұны жасалынып және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыста тексерілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда «Эстетикалық құндылықтар негізіндегі салауатты өмір салты - ұлттық тәрбиенің тірегі» жобасы;

- жеткіншектерге және мектеп мұғалімдеріне «Ұрпақ салауаттылығы - ұлт болашағы» атты салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мақсаттық бағдарлама;

- жалпы білім беретін мектептерде ұйымдастырылған «Сыр-сымбат» шығармашылық клубының бағдарламасы;

- «Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру» оқу-әдістемелік құралы.

Зерттеу материалдарын бала тәрбиесімен айналысатын барлық мекемелерде, жоғары және арнайы оқу орындарының, оқу-тәрбие үрдісінде, жалпы білім беретін мектептерде, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында, сондай-ақ, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарда да қолдануға болады.

І Тарау. ОҚУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫҚҚА ҮЙРЕТУ

1. 1 Салауатты өмірдің тәсілдері мен аспектілері

Денсаулық - бұл күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған әртүрлі анықтама береді, бірақ олардың бәріндегі негізгі көзқарас шамамен бірдей. Денсаулық - бұл адамның еңбекке белсенді әрі ұзақ өмір сүрген болса да, тәннің саулығын және рухани саулығын сезінуі. " Денсаулық деп біз адамның белсенді өмірінің ұзақтығы жағдайындағы биологиялық және физиологиялық функциясын, еңбек қабілеті мен әлеуметтік белсенділігін сақтау және дамыту процесін түсінеміз " (Казначеев В. П ) .

Денсаулық күйіне қоршаған орта жағдайларының да ықпалы бар. Адам денсаулығына температура, жарықталыну, ылғалдық, ауаның, судың құрамы және көптеген басқа нәрселер әсер етеді. Денсаулықтың негізгі функциясы адамның дамуы мен тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кезде Денсаулық сақтау жөніндегі дүниежүзілік ұйымның тұжырымдауы бойынша денсаулықтың мынандай анықтамасы қабылданған: "Денсаулық - бұл аурудың және дене кемістігінің болмауы ғана емес, ол толық тәндік, психикалық және әлеуметтік денсаулық ". Тән саулығы - күнделікті белсенділік пен еңбекке қабілеттіліктің көрсеткіші, аурудың болмауы және организм функцияларының қалыпты физиологиялық күйі. Психикалық денсаулық күйзеліс жағдайларының, қауіпті факторлардың болмауымен сипатталады. Әлеуметтік денсаулық отбасында және мектепте дұрыс қарым - қатынастың болуын көздйді, тіршілік деңгейі мен өмір салтына байланысты болады. Сонымен, денсаулыққа анықтама беру үшін оның психикалық, тәндік, әлеуметтік және басқа көрсеткіштерін ескеру қажет. [9]

Денсаулықтың негізгі 6 аспектісі бар, олар:

1. Тән саулығы.

2. Психикалық және интеллектуалдық денсаулық.

3. Жеке тұлғалық денсаулық.

4. Рухани денсаулық.

5. Сезім толқындарының саулығы.

6. Әлеуметтік денсаулық.

Тән саулығы организмнің дамуында ауытқулардың болмауымен, организмнің жаттығу және шынығу деңгейімен сипатталады.

Психикалық және интеллектуалдық денсаулық психикалық аурулардың болмауын қамтып қана қоймайды, сонымен бірге ол адамның танымдық қабілетін, өз мінез - құлқын ( темперамент, реттей білу, күйзелісті жоя білу, жан - жалды болдырмау, адамдармен қарым - қатынас жасай білу біліктілігін ашды. Рухани денсаулық - бұл адамның ішкі дүниесі. Ол адамның өзінің ішкі дүнисімен бірлікте өмір сүруге қабілетін қамтиды. Бұл адамның рухани құндылықты түсіне білуі де ертеден - ақ кеңпейілділік пен мейірімділік, шыншылдық пен тәртіптілік, сенім мен сүйіспеншілік рухани құндылық болып есептелген.

Жеке тұлғалық денсаулық адамның өзін "жеке тұлға " ретінде түсінуін өзінің "менің" ұғынуын, талпынысын қамтиды. Кейбіреу табысты жұмысынан, екінші біреулер өнерден, үшіншілерде оқудан, төртіншілер бизнестен және т. с. с. іздейді. Әркім өз қабілетін өзінше жұмсайды. Сондықтан әрбір адамның жеке тұлғалық денсаулығы осыған байланысты болады.

Сезім толқындарының саулығы - бұл адамның өзі сезімімен толқуын түсіне және бақылай білуге, өз ойын нақты және айқын айта білуге қабілеттілігі. Көңіл - күйдің оң және теріс нышандарын білу, әртүрлі жағдайларда өзін игере алу қажет.

Әлеуметтік денсаулық - бұл өзіңнің қоғамның бір бөлшегі екеніңді түсіну, ондағы өз орныңды ұғыну, айналадағылармен қарым - қатынас жасау.

Салауатты қоғам әрбір адамның денсаулығымен анықталады. Денсаулықты табиғат біржола бермейді және ол өздігінен қамтамасыз етілмейді. Адамның денсаулығы көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болады және ол бүкіл үнемі қадағалап, қолдап отыруды қажет етеді. Денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының бірі салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Денсаулықты сақтаудың және оны нығайтудың негізгі тәсілдері салауаттанудың аспектілерінде баяндалған. Ол мыналарды қамтиды:

1. Жеке гигиена, күн режимі және демалыс ережелерін сақтау және орындау.

2. Дене шынықтыру дене мүшелерінің және тұтас организмнің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Гиподинамия - қазіргі кездегі аурулардың негізгі себептерінің бірі.

3. Дұрыс тиімді тамақтану. Тамақтану режимі мен ережелерін сақтау.

4. Организмді табиғи факторлармен біртіндеп шынықтыру.

5. Ауыруға себеп болатын құмартулардың (шылым шегу, ішімдік ішу, наша тарту) болмауы.

6. Ұжымда қарым - қатынас жасай білу.

  1. Қарым - қатынас ортасында қолайлы жағдай туғызы, кикілжің жағдайлардан қашу.
  2. Организмнің қорғаныс күштерін, оның тосқауылдық функциясын арттыру.

1. 2 Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары

"Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және сәттілігі" атты "Қазақстан 2030 " Даму Стратегиясын жүзеге асыру барысында ҚР Үкіметі Қаулысының шешімімен №1678 бұйрық негізінде 1997 жылы 3 желтоқсанда салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың алдын алу мен халықтың денсаулығын нығайтуда айтарлықтау жетістіктерге қол жетті. Өтпелі кезеңдегі экономикалық қиындықтарға, денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық жетіспеушіліктерге қарамастан, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі төмендегі мәселелердің шешімін тапты:

  • Салауатты өмір салтын (СӨС) қалыптастыру қызметінің құрылымы мен байланыстары құрылып, материалдық - техникалық ресурсы қамтамасыз етілді;
  • Құқықтық - нормативтік базасы жасанды;
  • Гигиеналық тәрбие процесіне жаңа технологиялар енгізілді;
  • Денсаулықты сақтау мен білім беруді ұйымдастыру үшін сөс қалыптастыратын мамандар даярланды;
  • СӨСҚ - дың ұлттық саясаты анықталды. [16]

Оның концептуалды негізі ретінде " салауатты өмір салты" атты кешенді бағдарлама жасалды. Бағдарлама жалпы халықты салауатты өмір салтын ұстану жолдарымен хабардар ету, аурудың алдын алып, денсаулықты нығайту, денсаулық сақтау және білім беру мекмелерінің қызметкерлерін жалпы халықтың денсаулығын сақтап, нығайтуға жұмылдыру бағыттарынан тұрады. ҚР Мемлекет басшысы және ҚР Үкіметі елдегі СӨСҚ саясатын толығымен қолдайды. Оған дәлел - 30. 12. 01. жылы №751 бұйрығымен "2002 жылдың Денсаулық жылы" болып жариялануы, ҚР Үкіметінің 2002 - 2004 жылға арналған бағдарламасы бойынша 28. 03. 02 жылғы № 827 бұйрығымен " Қазақстан - 2030 Даму стратегиясын іске асыру барысында " салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықтың денсаулығын нығайту мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болғандығы.

Өткен кезеңді талдай отырып, " Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін " атты республикадағы қозғалысты одан әрі жетілдіру нәтижесінде әрбір жеке адамның салауатты өмірге бет бұруына мүмкіншілік жасау керек.

Қазақстан - 2030 Даму стратегиясының республика халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы басымдылықтар:

  • салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жасау;
  • қауіпсіз және сенімді тіршілік ету ортасын қамтамасыз ету;
  • денсаулықты сақтап нығайту үшін әлеуметтік жағдай жасау;
  • салауатты өмір салтына септігін тигізу;
  • денсаулық сақтау жүесін реформалау және оны алғашқы профилактикамен АМСК деңгейдегі денсаулықты нығайтуға бағыттау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру
Салауатты өмір салты туралы
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Дене тәрбиесінің қоғамдағы маңыздылығы
Оқушылар мен ұстаз - тәрбиешілер
Тәрбиенің құндылық тұжырымдамасы
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz