Компьютерлік технологиялардың құрал ретінде пайдаланылуы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық
институты.
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
Математика, физика, информатика кафедрасы
Тақырыбы: Мектепте АКТ - ның құралдарының даму тарихы .
Орындаған: И - 32 тобының студенті
Абдибаева Г.
Тексерген: Щоңғалова К. С.
Арқалық - 2008ж
Жоспар.
I. Кіріспе бөлім:
- Мектепте АКТ - ның құралдарының даму тарихы.
II. Негізгі бөлім:
1. Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы.
- Ақпаратттық коммуникациялық оқыту технологияларының мәселелері
және болашағы.
- Инфолрматиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы
мәселелері
III. Қорытынды бөлім:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы.
Бастауыш мектептердегі оқудың сипаттық ерекшелігі болып, оқушылар ең алғашқы күннен бастап меңгеруге кірісетін ақпарат көлемнің күрт өсуі болып саналады. Бұл олардың көпшілігіне ақпаратты саналау мен есте сақтауда едәуір қиындықтар туғызады. Өйткені, бастауыш мектеп оқушыларында адаптация - жағдайда бейімделу барысы мүлдем баяу, ал меңгеретін ақпарат өте тез ұлғаюда. Сондықтан да осы кезеңдегі педагогика ғылымының ең бір басты мәселесі оқыту процесінің тиімділігін арттыру есебінен, материалды меңгерудің жалпы уақытын қысқарту, оқыту үрдісіне жаңа көзқарас «мектеп пәнінің реестріне кіретін әрбір ғылым пәнінің «моделін» балалардың ойлау жүйесінде құрастыру проблемасына алдын алғы әзірліктер жасау» (В. В. Давыдов) . Оқушылардың ақпарат тасқынның салмағын қалыпты көтеру үшін, оларды ақыл - ой әрекетінің: заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау. Объект пен түсінік арасындағы иерархиялық тәуелділікті табу, теңеу жалпыны тауып, жекені ажырату, логикалық тұжырым құру секілді әдіс - тәсілдеріне баулыған жөн. Осы тапсырмаларды шешу үшін бастауыш мектеп тәжірибесінде компьютерлік технология да табыспен қолданылып келеді.
Мектеп жасындағы кішкентайлардың дамуы үшін компьютерді қолданудың бұрыннан белгілі мысалының бірі, Массачусет технологиялық институтында (АҚШ) С. Пейперт жұмысы болып саналады. Оның басшылығымен 1968 жылдан Ж. Пиаженің теориялық концепциясы негізінде балалардың интеллектуальды қабілетін дамыту бойынша, соның ішінде мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларды да қоса, зерттеу жүргізілді. Жұмыс негізінде екі идея алынды:
- интелектуальдік дамудағы маңызды өзгеріс, тек мәдениеттілікті
өзгерту арқылы ғана мүмкін;
- Мәдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін жақын арадағы неғұрлым
сенімді жол комьютерді мектеп тәжірибесінде жедел қарқынмен қолданысқа енгізу. Осы зерттеулердің бірінің нәтижесі - балалар үшін ЛОГО бағдарламасының арнайы тілін түзу болды. Қазір бұл әлемде педагогикалық практикада кеңінен қолданыс тауып, біздің елімізде де барған сайын кең таралып отыр. (ЛОГО негізінде кейінірек ЛЕГО технологиясы түзіліп, оның негізіне - балалар конструкторы жатқызылды) .
Бізге белгілі басқа да эксперименті зерттеулер 1980 жылы адам ресурстары жөніндегі ғылыми - зерттеу ұйымы мен Моптгомери (АҚШ, Мэриленд штаты) округы мұғалімдері мен әкімшілігі бірлесіп жүргізген жұмыс. Онда 165 бастауыш, толық емес орта және толық орта мектептің оқушылары қатысты. Эксперимент процесі кезінде мынадай әрекеттер болды: « біріншіден , әр түрлі мақсатта қойылған тапсырмалар қай сыныптарда табыспен жүруі мүмкіндігін анықтау, екіншіден, компьютермен жұмыс істеуі шектеулі және информатика мен есептеуіш техникадан әзірлігі өте төмен мұғалімдермен қол жеткізген табыстарын бағалау болатын ». Осы зерттеулердің нәтижелері кейіннен АҚШ- тың басқа штаттарында қайталанып, мектептердің тәжірибесінде енгізілді.
Информациялық технологияның қаулап, өсуі мен информациялық қоғамның қалыптасуы, өркениеті елдердегі сияқты біздің республикамызда да информациялық мәдениетті қалыптастыру талабы туындады. Осыған орай, енді тек оқушылардың қазіргі замаңғы компьютерлік технологияны меңгеруі ғана емес, өмірге жаңа көзқарас, ойлау стилін қалыстастыру, жаңа қоғамның адекваттыталаптары туындады.
Біздің қоғамды ақпараттандыру концепциясына сәйкес, информатиканы оқытудың бастапқы базалық кезеңін оныншы сыныптан жетінші сыныпқа түсірді. Бұлай ету себебі, бұл мектеп білімін ақпараттандырудан бөлек, информатикалық білім мен іскерлікті басқа да оқулық пәндерінде, бұрыңғыдан ерте кезеңде кең әрі ұтымды пайдалану мақсатын да көздеді. Біріншіден, осы жастағы балаларды информатика оқытудың оң тәжірибесі біздің республикамызда да, шет елдерде де дамыды. Екіншіден, информатика - ойлауды дамыту, оқушыларда ғылыми өмірлік көзқарас қалыптастыру үшін оқыту тап осы жастағы топтарда барынша игі жемісін беріп отырғаны белгілі болды.
Информациялық технологияны ерте жастан оқыту ү. шін пропедевтикалық кезең (1 - 6 сыныптар) ұсынылады. Оның негізгі міндеті - оқушыларды компьютерлік тренажерді пайдалану процесінде информациялық мәдениеттің алғашқы элементтерін қалыптастыру. Бұл міндеттерді шешу жоғары сынып оқушыларын алдағы уақыттарда компьютерді қолдану деңгейін тереңдете, келесі табыстарға қол жеткізудің алғашқы әзірлік - дайындықтардың жасауға мүмкіндік береді, оларды жаңа информациялық қоғам өміріне дайындайды.
Осылайша, информатиканы оқытудың базалың бастапқы кезеңін оныншыдан жетінші сыныпқа ауыстыру мен бастауыш сыныптардың оқу процесінде дайындық кезеңді ендіру, қазіргі қолданыстағы білім жүйесін толықтыру қажеттілігін, оны уақыт талабына сай адаптациядан өткізу қажеттігін мойындатудың белгісі. Мұндай «төмен сырғу» (пәнді неғұрлым кіші сыныптарда оқыту) білім саласында жиі болып тұрады және оны жетілдіру әдістерінің бірі болып саналады. Информатиканы бастауыш мектептерде жаппай оқыту, меңгеріп үлгерілген комьютерлік оқыту технологиясын қодану, отандық мектептің мүмкіндігіне орай жаңасын жасау актуальды проблеманың біріне айналып келеді.
Бірінші сынып үшін курстың негізгі мазмұны: клавиатура және манипулятор «Тышқанмен» жұмыс істеуді үйрену, тура және кері санаққа, сандар құрамына және қарапайым арифметикаға жаттығу, әріппен, буынмен және сөзбен жұмыс істеу негізіне жаттығу. Мұғалім оқулығынан өзге, оқушы үшін «Компьютер - сенің досың» атты бояу - кітапша да бар.
Екінші сыныптық мазмұны алғаш рет көптеген заңдылықтар мен қағидалар, жиын туралы түсінік, классификация және құрастыру (конструкциялау) туралы мағлұмат береді. Оқушы үшін «Санақшы, тапқыншы, есте сақтағыш» атты жаттығулар, соны, ішінде қаперді де ұштайтын есеп кітапшасы қаралған.
Үшінші сыныпта қаралып талқыланатын мәселе команда және алгоритм ұғымдарды. Оқушы үшін арнайы оқу кітабы қарастырылған.
Төртінші сыныптағы негізгі мазмұн - заңдылықтарды тану мен алгоритмдерді зерттеу, құрама (комбинаторлық) тапсырманы шешу, орындаушыларды үйрету. Оқушылар үшін оқулық кітап шығарылатын болды.
Қарастырылған бастауыш мектепке арналған компьютерлік технология талдауынан байқалғандай, қалыптасқан оқу мазмұны көзқарас тұрғысынан екі жетекші компонентті бөліп қарауды қажет етеді. Олардың біріншісі - информатиканы, түп мақсаты оқушылардың ойлау қызметінің құрылымын жасауға жалпы көзқарас қалыптастыру саналатын, адам мен қоғам өміріндегі информатикалық процестердің маңызын ұғыну, информациялық технологияны машықтық қабілетті дамытушы құрал ретінде оқып - үйрену қажет. Оқытудың екінші компоненті, оқушылардың олар мектеп пәндерін математиканы, тіл сауаттылығын, жаратылыстануды және т. б. «Оқу қызметінде жаңа технологияны пайдалану» болып саналады. Осы екі компоненттің екеуі де қоғамның қазіргі талабына жауап береді және білім санасын ақпараттандыруды, ақпарат бойынша білім стандартының талабына жауап беретін ақпараттың мәдениеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Компьютерлік технологияны мектепте қолданудың актуалды бола түсуі, оларды мектептегі пәндерді оқытқанда пайдалануда болып отыр. Осылайша, информатиканы оқыту мақсатын түсінуге жаңа көзқарас қалыптастыру үшін оның жалпы білімді меңгерушілік функциясын, оның оқудың жалпы мәселелсін шешудегі әлеуметтік мүмкіндіктерін, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту қасиеттерін бөле қараумен байланысты.
Қорыта келгенде, бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолдану барысына жасалған талдау төмендегідей тұжырым жасауға мәжбүрлейді:
- Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндіктері,
балалардың мектепке дейінгі жастан бастап, компьютерге ойын құралы ретінде үлкен қызығушылықпен қарап, олардың саплы оқуы мен дамуына толық мүмкіндік береді.
- Қазіргі уақытта шетел және отандық мектептеге компьютерлік
технологияны бастауыш мектептерде пайдалану ауқымының кеңейе түсу үрдісі байқалады. Жаңа бағдарламалық - педагогикалық жүйелер жасалуда, компьютермен жұмыс істеудің санитарлық - гигиеналық нормалары анықталып, үй және қашықтан оқу тәсіліне жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
- Оқу мазмұнының қолданбалы компонентінің рөлі артып келеді.
Негізінен пәнаралық белсенді байланыстарға негізделген теориялық біліммен салыстырғанда, негізінен информатиканы ғылым ретінде оқытуға бағытталған;
- Компьютерлік технологияны бастауыш мектепте қолданудың
өзіне тән ерекшелігі, сабақты жүргізудің ойындық үлгісі;
- Компьютерді пайдаланудың кеңейту мен тереңдету процесіне
бірқатар себептер кедергі болуда, солардың негізгісі саналатын - отандық мектептердің төмен тұрған экономикалық базасы мен мұғалімдердің дайындаудың нашарлығы.
Бастауыш мектептерде компьютерлік технологияны пайдалану
процесін одан әрі дамыту үшін аса көңіл бөліп қарайтын бір мәселе, осыған сай компьютерлік педагогикалық құрал жасау, бұл қалыптасқан жағдайда, яғни осы саладағы оқытушылардың нашар дайындығын ескеріп, компьютерді балалрды оқыту мен дамыту ісіне тиімді пайдалануға жағдау жасауды. Осындай құрал түзуде басты мәселе баланың сұранымдарына бағытталып, оынң танымтдық мотивтерін жүзеге асырып, ойынға деген қызығушылығын пайдалану керек.
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.
Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру » деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз - ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекетінің интелектуалды түрлерінің жан - жақты әсер теуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушылардың дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.
Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін, орта мектептегі тнформатика курсынан басталады. «информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу - әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан - жақты қарастыратын курс болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің енгізілгендігіне 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың, программалау элементерінің ортамектепке енгізілудің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең: Бұрыңғы одақтағы 50 - жылдарындағы бас кезеңдегі алғашқы ЭЕМ - дың пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызметінің жаңа сапасы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар мен әдістер жеткіліксіз боды. Соған қарамастан оқушылардың программалауды түсініп, игеруіне ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.
Ақпаратттық коммуникациялық оқыту технологияларының мәселелері және болашағы.
Оқытудың бұрыңғы жүйесін сүйемелдеу бағытында ең тиімді технологияларға мыналарды жатқызуға болады.
Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалдарды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар т. с. с. ) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы - мұғалімдерді жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануға дағдыландырады. Осыларға қоса, мектептің жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің Интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдердің жұмысын біріктіре отырып дайындауға мүмкіндік беріп, сабақ берудің жаңа технологиясын игеру ісін оқытушылардың өздеріне де өте қызықты етіп көрсете алады.
Үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру. Компьютерлік технологияларды осы мақсатты пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігінің арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясынағылыми элементтер енгізіп, оны кейіннен де пайдалануға болатындай етіп, білім мекемелерінен алынатын білім мен дағдылану деңгейлерінің нақты түрде стандарттау технологияларды (азғандай болса да) жайлы айтуға негіз бола алады. Өкінішке орай, біздің осы тәжірибелеріміз бақылау мақсатында АКТ - ны пайдалану бұрыңғы оқу процесіне ешқандай жаңа өзгеріс енгізе алмайтынын көрсетті, өйткені бақылау ісі оқушылармен кері байланыс ұйымдастырудың алғашқы сатысы ғана болып саналады. Бұдан гөрі қомақтылау нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың алған білімдеріндегі ақтандақтарды тиянақты түрде қадағалау негізінде білім тексеру процесін автоматтандыру керек екені белгілі болды.
Бұл процестің негізі - мынада мұғалім тексеру нәтижесі жайлы толық ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Бұларды орындау нәтижесін тағы да компьютерлік тест немесе мұғалімнің өзі тексеріп шығады. Мұндағы бір айта кететін жайт - соңғы бақылау баға қою мақсатында емес, оқушының қай тақырыпты өалай меңгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық тест алу мақсатында жүргізіледі. Осындай технология өзінің тиімділігін, әрі қызықтылығын көрсетті, оның мысалы ретінде орыс тілі ережелерін оқып үйрену кешенін пайдалануды келтіруге болады.
Оқыту. Компьютерді жаңа сабақ өту кезінде де тиімді қолдануға болады. Мысалы, біздің зерттеулеріміз
а) теориялық материалды бірнеше бөлікке бөліп, оларды есте сақтау үшін бірнеше тапсырма орындалатын программаланған оқыту процесі жүргізілсе;
ә) бір компьютерге балаларды бірін - бірі үйретулері үшін өз таңдаулары бойынша екеуден отырғызса;
б) оқытуға арналған есеп дұрыс құрастырылып, оның нәтижесін бақылау да объективті түрде жүргізілсе, жаңа материалдарды игеруге кететін уақыт 40 - 50 % ға қысқаратынын, оларды меңгеру сапасы 30 - 50 % - ға артатынын көрсетті.
Егер компьютер сабақты жүйелі түрде өткізудің басты компоненті бола алатын болса, онда жоғарыда айтылғандарға төмендегілердей тағы да бірнеше технологиялар қосылады.
Компьютерлік моделдермен жұмыс істеу.
Моделдермен жұмыс істеу, бір жағынан, балаларға таңдау еркіндігін («мен былай істесем, не болар екені») беріп, өз жаңалығын ашу жағдайын модельдеуге мүмкіндік беретін оқу ісінің зерттеу компоненті болады, екінші жағынан оқушыларға өз теориялық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін береді. Модельді пайдаланудағы орындауға тиіс ең басты шарт - ол құралдардың оқыту есептеріне сәйкес келуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz