Мектепке дейінгі баланың таным процесінің дамуының ерекшелігі


Мектепке дейінгі баланың таным процесінің дамуының ерекшелігі
Мектепке дейінгі жастағы баланың қабылдау процесінің дамуын А. А. Венгер зерттеп жазған болатын. Баланың 3-7 жас аралығында, белгілі затты ойша өзгертіп, қайта орнына келтіре алады. Заттардың өзгертулері перцептивті образ туындатады. Перцептивалық әрекет оқыту кезінде құралады және олардың дамуы көптеген этаптардан өтеді.
Бірінші этапта өзіне таңсық заттарды практикалық, материалдық әрекет арқылы орындалады.
Екінші этапта Практикалық әрекет әсерінен қалыптасқан сенсорлық процестің өзі перцептивалық әрекеттің пайда болуы жатады. Бұл қабылданған заттардың практикалық әрекетті орындауға сәйкес қозғалыстар негізінде іске асырылады.
Үшінші этапта перцептивалық әрекет жұмбақ түрінде, қысқартылған. Олардың сыртқы көрінісі жоғалады, ал қабылдау пассивті процесс болып көрінеді. Шындығында бұл процесс белсенді, тек баланың ойында ғана пассивті болып көрінеді. Балалар өздерін қызықтырған обьектінің қасиеттерін, бір затты екіншісінен айыру немесе сол заттардың арасындағы байланысты көру мүмкіндігі туады. Венгердің ойынша мүмкіндіктердің алғы шарты қабылдаумен байланысты және одан перцептивалық эталонның арнайы системасын баланың қабылдауынан туындайды. Перцептивалық әрекеттің дұрыс қабылдануы өзімен бірге дамудың мүмкіндіктерінің басқа түрлері қалыптасады. Мектепке дейінгі жастағы баланың қабылдау процесінен кейін зейін процесі орын алады. Кіші мектепке дейінгі жастан жоғары мектепке дейінгі жаста баланың зейіні бір уақытта көптеген мінездеме бойынша жүреді. Кіші мектепке дейінгі балалар өздеріне ұнаған суретті 6-8 с аралығында ғана қарайды, сол уақытта жоғары мектепке дейінгі балалар бір затқа көңіл бөліп зейінін қойып, кіші мектепке дейінгі балалардан 2 есе уақыт артығырақ, яғни 12-20 с қарайды. Мектепке дейінгі жастар балалардың зейінінің тұрақтылығының айырмашылығын, оның нервтік әрекетінен, көңіл-күйінің болмауымен және өмір талаптарына сай жағдайларынан көруге болады. Жүйкесі тозған, аурушаң балалардың көңілдері бөлінгіш келеді және олардың зейіндерінің тұрақтылығы 2 есе төмен.
Мектепке дейінгі жастағы есті дамыту біртіндеп еріктіден еріксізге, еске сақтау мен еске түсіруге көшумен сипатталады. Кіші және орта мектепке дейінгі жаста 3-4 жастағы балалар да есте сақтауымен қайта жаңғыртуы, есте сақтау дамуына яғни мнемикалық операцияның әдейілеп оқытуы еріксіз болып табылады. Жоғары мектепке дейінгі жаста дәл осы шарт бойынша материалды есте сақтау мен қайта жаңғырту еріксізден еріктіге өзгеруінің 2 этабы бар: 1) керекті мотивация құрылады, яғни бір нәрсені есте сақтау немесе еске түсіру тілегі; 2) мнемикалық әрекетке керекті нәрселер құрылады. Жас ұлғая келе информация ұзақ уақыттық есте сақтаудан оперативтік есте сақтауға ауысады. Көбіне мектепке дейінгі және орта мектепке дейінгі бала дамуында өзіндік және механикалық еске сақтауы жақсы дамыған. Бұл балалар тез еске сақтайды және көргендерін, естігендерін еш қиындықсыз қайта жаңғыртады. Бала бір затқа қызығып соны есіне сақтағысы келген жағдайда информацияны механикалық қайталау арқылы жоғары мектепке дейінгі жастағы балалар жақсы есіне сақтай алады. Олардан бірінші мағыналық қайталаудың алғышарттары байқалады. Белсенді ойланып жұмыс істеу кезінде материал жақсы есте сақталынады.
Мектепке дейінгі жастың 1-ші жартысында балада репродуктивті қиял туындайды. Қиял ғажайып ертегілер тыңдау, әр түрлі видео-кинофильмдерден баланың алғаш әсері шындықты қабылдаудың өзінділік нәтижесі.
Қиял басқа психологиялық әрекеттер секілді адамның онтогенезінде белгілі даму жолынан өтеді. О. М. Дъяченконың көрсетуі бойынша қиял басқа да психикалық әрекетттер секілді бір заңға бағынады. Қабылдау, есте сақтау және зейін секілді, қиял да еріксізден еріктіге айналады. Танымдық интеллектуалдық функциясымен қатар қиял балаларда аффектілі қорғаныш ролін атқарады. Ол тез жараланғыш әлсіз балалардың жанын қатты уайымдардан қорғайды. Танымдық функция арқылы бала сыртқы ортаны тез танып, алдына келген қиыншылықтарды оңай жеңіп шығады. Сюжеттік-рольдік ойындар, соның ішінде белгілі шарты бар ойындар ойлаудың дамуына бірден-бір әсер етеді. Ойлаудың әрі қарай дамуы қиялына байланысты.
Сөйлемей -логикалық ойлау балада мектепке дейінгі жастың соңында дамиды, сөздік қорын пайдаланып, пікірлерді логикалы түсінеді. Сөйлемелі логикалық ойлаудың дамуы 2 этаппен жүреді. 1) өзіне қатысты сөздердің мағынасын біліп, тапсырманың қорытындысын шығарарда пайдаланады; 2) түсініктілік қарым-қатынас системасын анықтап, логикалық пікірлердің шартын игеріп алады.
Падьянов мектепке дейінгі балаларда жүретін логикалық ойлау қабілетін зерттеп, 6 этапқа бөлді.
1. Баланың әлі ойлау әрекеті дамымай, тапсырманың шешімін қолдарының көмегімен заттарды орналастырып көрнекі әрекет ретінде проблемалық ситуацияларды шешеді.
2. Баланың тапсырманы шешуіне енді сөйлеу қабілеті қосылады, бірақ ол онымен тек заттың атын атауға ғана қолданып, көрнекі әрекет арқылы басқарады.
3. Тапсырма образдық жоспар арқылы шешіліп объектінің ұсынылуына маннипуляция жасайды.
4. Тапсырманы бала алдын-ала құрастырылған, ойланған және іштей алдын ала дайындалған жоспар бойынша шешеді.
5. Тапсырмаға ойда табылған жауапты нығайтуы оны сөзбен жеткізуі үшін көрнекі әрекетті қолданады.
6. Міндетті шешу ішкі затпен практикалық әрекетті, сөздік қорын қабылдау ішкі жоспар арқылы шешімін табады.
Мектепке дейінгі жастағы балада кіші жастағы балаға қарағанда сөйлеудің қиын түрі өзіндік сөйлеу формасы дамиды. Мектепке дейінгі жаста іштей сөйлеу дамиды. Бұл сөйлеу түрі сыртқы сөйлеу формасының әрекеті нәтижесін жазып алып, бала зейінін белгілі бір оқиға моменттеріне шоғырландырып, қысқа мерзімді және оперативтік еске сақтауды басқарады. Көрсетілген процестер мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілінің дамуы елді мекендердің әлеуметтік мәдени деңгейіне сәйкес орналасуы географиялық ерекшелігіне, тарихи кезеңдеріне шарттарға сәйкес өзгеріп отырады. Қазіргі қоғамдағы балалар өткен ғасырлардың балаларымен салыстырғанда сөйлеуі және интеллектуалдық дамуы салыстырмалы түрде ілгері дамыған. Біздің өткен ғасырдың 20 жылдарында мектепке дейінгі балалардың белсенді сөздік қоры 400-600 болса, ол қазіргі таңдағы балалардың сөздік қоры 1200, яғни 2-3 есе артық. Шамамен қазіргі 6 жастағы баланың сөздік қоры 200 сөзге өскен. Мектепке дейінгі балаларда жазба тілінің дамуы және қалыптасу шарттары әлі де болса кеңінен зерттеледі. Выготский баланың жазу тарихын мұғалімнің бала қолына қарындаш пен қалам беріп әріптерді жазуға үйретуінен басталады деп айтқан.
Психодиогностиканың тарихы ХІХ ғасырдың басында дами бастады. Бұл кезеңде адамның психологиялық ойларын дәрігерлер анализдеген. Дәрігерлер сол кездегі барлық елде тарап кеткен леврозбен ауыратын, қиын жазылатын аурулармен айналысқан. Психиатр дәрігерлері Европа емханаларында жаны ауру адамдарды бақылап, өздерінің бақылау нәтижелерін анализдеп зерттейді. Сол кезден бастап психодиогностика әдістері - бақылау, сұрау, документтерді анализдеу пайда болады. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында психодиогностиканың әдістері құрыла бастады және сол жылы неміс психологы В. Вунд құрған өмірдегі 1-ші психологиялық лаборатория ашылды. Ол лабораторияда ең 1-ші психологиялық техникалық құрал жабдықтар қолданды. Осы кезеңде физиологиялық және психологиялық көріністер арасындағы сандық байланысты көрсететін басты психофизиологиялық заң психологиялық құбылысты өлшеуге мүмкіндік туғызды және сезімді өлшеуге арналған субъективтік шкалаларын туындатты. Осы заңға сәйкес өлшеудің басты объектісі ретінде адамның сезімі болады және бұл заң ХІХ ғасырдың аяғына дейін сақталынды.
Қазіргі кездегі психологиялық процестер адамдардың күйі, қасиеттері жайлы психодиогностикалық әдістер ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жарық көре бастады. Бірінші психометриялық мекеме Англияда ағылшын психологы Гальтон ашты. 1884 жылы антропометриялық лабораторияның негізін салды.
Психологияда статистиканы қолдану амалын және осы статистиканың әдістерін құрастырған Гальтон болатын. 1877 жылы психологияда корреляциялық әдісті қолдануды ұсынған Гальтон. Гальтон Пирсон мен Фишер сияқты математик ғалымдардың көмегімен осы әдісті дамытты. Фишер дисперсиялық анализді, ал басқа ағылшын ғалымы Спирмен факторлық анализді ойлап тапты. Француз ғалымы Бине 1905-1907 жылдары бірінші статистикалық тұрғыда дәлелденген интеллекттік тесттерді дамытып, жариялады. Кейін ол басқа француз ғалымы Т. Симонмен осы тестті әрі қарай дамытып және психодиогностика тарихына Бине-Симонның тесті ретінде енді. ХХ ғасырдың ІІ жартысында жаңа психологияның сонымен қатар интеллектуальдық және тұлғалық тесттер пайда болып, ол психодиогностика саласында адамның әр түрлі қасиеттері мен процестерін зерттеуде көп үлесін тигізді. Психодиогностиканың пайда болуына ХІХ-ХХ ғасырларда шет елдерде болғанымен психологиялық кризистер әсер етті. Ол психология ғылымын әрі қарай дамытатын ғылыми нақты тәсілдерінің болмауының себебінен, әсіресе интелекті мен жеке тұлғаны зерттеуде психодиогностикада қолданылатын тәсілдерінің жетіспеушілігінен туындады. Әр түрлі зерттеу әдістерін қолданып, субъективтік емес, нақты психологиялық процесс туралы объективті білімдер жинақтады. Нәтижесінде тез қарқында жаңа, нақты теориялары байи түсіп, жаңа ғылым ретінде дамыды. Психодиогностиканың базалық мүмкіндіктері дамып, соның ішінде еңбек психологиясы, психофизиология, инженерлік медициналық психология, педагогикалық психология. Қазіргі заманғы психодиогностика ғылыми және практикалық психологиядан бөлініп, көптеген жаңа психодиогностикалық әдістер дамыды.
Практикалық психодиогностика - бұл психологтың қиын әрі жауапты кәсіби іс-әрекеті. Ол адамдар өміріне араласатын болғандықтан, арнайы мамандықты талап етеді. Мәселен, медициналық немесе соттық психологиялық диагноз қойғанды, конкурстық таңдау немесе жұмысқа адам қабылдаған кезде. Бұл салада психодиогностикаға және психодиогностика маман иесіне де әлеуметтік этикалық талаптар қойылады. Солардың ішінде құпия сақтау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz