Жаппай міндетті оқудың екі жылына



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Екінші бөлім. Мектеп жүйелерін жетілдіру шаралары және жалпыға бірдей
міндетті оқуды енгізудің барысы мен нәтижесі.
30-шы жылдардың басындағы халық басына түскен нәубеттің зардабынан
20-шы жылдары баяу да болса, қиыншылықтар мен қателіктерге қарамастан
қалыптасқан даму деңгейі әртүрлі ауылдар мен селолардағы мектептердің
басым көпшілігі жабылды. Әсіресе көшпелі және жартылай көшпелі қазақ
ауылдарындағы мектептердің қызметі тоқтады.
Бірақ, осындай ауыр жағдайда да Халық ағарту органдары мектептерге
қатысты жұмыс шараларын жасау үстінде болды. Осы жылдары да қажетті оқу
бағдарламалары мен оқу жоспары мектептердегі сағат санындағы өзгерістер
жасалып оқу бөлімдеріне жіберілді. Қазақстандағы бастауыш мектептер 1931-
1932 оқу жылына дейін комплексті жүйеге негізделген бағдарлама бойынша
оқыды. Орыс мектептері үшін жасалынған арнаулы бағдарламалар болғандықтан,
олар Россиядан дайындалып, басып шығарылған бағдарламаларды пайдаланды.
Бірақ, бұл бағдарламалар Қазақстан жағдайына толық сәйкес келді деп айту
қиын. Себебі, олар Россия жағдайында бейімделіп, олардың шаруашылық тұрмыс
жағдайына байланысты жасалды. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке үйрету
бағытын ұстады. Ал, Қазақстан жағдайында бастауыш мектептердің оның ішінде
толық комплектілі 4 жылдық мектептердің қалыптасу кезеңінде -
мұғалімдердің жетіспеушілігі, республика бойынша пәндік оқу
бағдарламаларының толық көлемде әлі де болса болмауы, мектептердің
материалдық базасының нашарлығы, себепті және басқа да қиыншылықтарға
байланысты бұл бағдарламаның тиімділігін жан – жақты ашып көрсету емес еді.
Бастауыш мектептерді ана тілімен математикадан және география, қоғамтану
т.б. пәндерінен оқу бағдарламалары болмады. әрбір мектеп өз мұғалімдерінің
білімі және тәжірибесі негізінде өзінше өтті. Ал, осындай жағдай бір жылы
қабылданған балалардың әр түрлі бағдарламада оқуын ғана емес, олардың білім
деңгейінің де әр түрлі болуына әкелді.
Жіберілген кемшіліктерге анализ жасай келіп Қазақстан Халық Ағарту
Комиссариаты 1931 жылы қарашада бастауыш мектептердің бағдарламасын
жасауға кірісті. Бағдарлама жасау барысында РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты
бекіткен және практика жүзінде қолданылып сыннан өткен бағдарламалар
басшылыққа алынып, солардың негізінде жасалып, 1932 жылы қаңтарда баспаға
берілді.
Қоғамтану, ана тілі, математика, география, жаратылыс тану,
политехникалық - еңбекке үйрену мен дене тәрбиесіне арналған бағдарламалар
қазақ тілінде жарық көрді. Ауыл, селолардағы және қаладағы мектептердегі
оқу бағдарламалары бірдей болды.
Қазақстан көп ұлтты республика болғандықтан басқа да ұлттардың оқу
ісін жүйелі түрде дамыту мақсатында одақ құрамындағы республикалардан оқу
бағдарламалары алынды. 1931-1932 жылдары ұйғыр, дүнген мектептері үшін
бағдарламалар жасау басталды.
Осы жылдары жаппай оқуды жүзеге асыру үшін Халық Ағарту Комиссариаты
қызметкерлерін білікті жергілікті ұлттық мамандармен қамтамасыз ету
қажеттілігі де туды. Қазақ ауылдарына нұсқаулар мен бұйрықтарды, оқу
бағдарламаларын ғана емес, іс қағаздарын, құжаттарды қазақ тілінде
жіберіп, тиімді басшылық жасау үшін де жергілікті мамандар қажет болды.
1932 жылы 11 желтоқсанда республика Халық Ағарту Комиссариатында штат
бойынша 72 қызыметкер болса, олардың 30-ы, яғни 40 проц. жергілікті ұлт
өкілдері еді. Ал, 1933 жылдың желтоқсанында 101 штаттағы аппарат
қызметкерлерінің 62-і, яғни 61,3 проц.қазақтар болды. Тек бір жылдың ішінде
ған жергілікті тұрғындар ішінен шыққан қызметкерлер қатары 21,3 проц.
өсті.1
Жалпыға бірдей міндетті оқуды жүзеге асыру барысында пәндік оқу
бағдарламаларымен қатар, оқулықтар мен методикалық көмекші оқу құралдарын
басып шығару да маңызды орын алды.
Республика бойынша оқулықтар мен көмекші методикалық оқулықтарды
шығару көрсеткіші.2
Жылдар 1-басқыш мектептері 2-басқыш мектептері 3-басқыш мектептері
үшін оқулықтар үшін оқулықтар үшін оқулықтар
Оқулықтар Тиражы Оқулықтар Тиражы Оқулықтар Тиражы
саны саны саны
1930 19 1530550 17 415000 10 5500
1931 32 3245500 13 175000 13 61000
1932 47 2000560 16 180000 16 61400

Оқулықтардың саны және тиражы өсіп отырғанына қарамастан оқулықтарды
басып шығарудың жоспары жыл сайын орындалмады. 1931-1932 оқу жылында қазақ
мектептері оқулықтармен 40-45 проц., ал орыс мектептері 70-75 проц.
деңгейінде қамтамасыз етілді. Көптеген оқулықтардың сапасы нашар болды.
Сондай – ақ ертеректе шығарылған әсіресе қазақ тіліндегі оқулықтарды
идеологиялық, методикалық жағынан сол кезеңіндегі жағдайға сәйкес келмеді,
көпшілігін пайдаланудан алынып тасталды.
Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқуды енгізуде республикада педагог
мамандар проблемасы әлі де өткір күйде болды. Мектеп жүйесінің үздіксіз
жылдама өсуіне орай оларды мұғалімдермен қамтамасыз ету өзекті
мәселелердің біріне айналды. Қазақстандағы педагогикалық оқу орындары 31
педтехникум, 4 Халық Ағарту институттары
(1.Қазақстан респ.орт.мем.архиві. 81- қор,оп.1., 5-іс, 3-п. 2.Бұл да сонда
81-қор, 3-тізбе, 68 –іс, 7-п.) мектептердің мамандарға сұранысын қамтамасыз
ете алмады. Әсіресе, қазақ мамандарының қажеттілігі ауыл, селоларда жаңа
мектептердің ашылуына және 20 – шы жылдардың соңы мен 30-шы жылдардың
басында бұрын революцияға дейін білім алған зиялы – интеллегенция қауымына
сенімсіздік көрсетіліп, оларды педагогикалық жұмыстан шетқақпайлай бастаған
кезде өсе түсті. Латын алфавитінің енуі де осы әріп негізінде дайындығы бар
мұғалімдерге қажеттілігін тудырды. Сондықтан, жоғарыда аталған себептерге
байланысты мұғалімдерді қайта даярлайтын олардың біліктілігн арттыратын
курстар ашылды. Осындай курстардан жыл сайын 4 мыңға дейін мұғалімдер өтіп,
тұрақты курстарда 2 мыңға жуық адам оқыды.1
Күндізгі бөлімдер қатарын өсіру, курстар арқылы даярлықтан өткізу
мұғалімдер қатарын өсірумен бірге, тағы да мұғалімдер қатарын толықтырудың
жолы – сырттай оқу бөлімдерін ашу болды. Жаппай міндетті оқудың екі жылына
5 мың жаңа мұғалімдер дайындалды.2 Солай болғанымен, педагог – мамандарға
сұраныс жоғары болуымен бірге, мектептердің қамтамасыз етілуі әлі де
қажеттіліктен алыс жатты. 1931-1932 оқу жылында бастауыш мектептерде 9338
мұғалім және жоғары басқыш мектептерінде 450 адам жетіспеді.
Мұғалімдер қатары жыл сайын өсіп отырғанымен олардың білім деңгейі
әлі де төмен болды. Оны төмендегі таблицадан байқауға болады.
Жылдар 1-басқыш мектептері 2-басқыш мектептері
Барлығы Оның Білімі Барлығы Оның Білімі
ішінде ішінде
қазақтар қазақтар
Орта
Барлығы Оның Барлығы Оның Барлығы Оның
ішінде ішінде ішіінде
қазақ қазағы қазағы
1933 – 34 52700 11000 7803 624 314 Жоқ
1934 – 35 61568 15351 10070 1044 168 Жоқ
1935 – 36 90198 23684 16059 1711 442 11
1936 – 37 131162 47827 29079 3920 284 40

1. Казахстанская правда, 1935, 26 января. Культурное строительство в
Казахстане. Сб.док.и матер. 2 – том,А., 1985, С. 95.
2. КПСС съездерінің, конференцияларының және Орталық Комитет
Пленумдарының қарарлары мен шешімдері. 1931 – 1941 гг. 5 – том,
Алматы., 1973, 195 – 196 бб.
3. Сембаев Ә.І. Қазақ совет мектебінің тарихы. А., 1967, 256 – бет.
Сондықтан, ауыл, селолар мен станциялардағы біркластық, екікластық
және үшкластық мектептердің орнына толық төрт кластық бастауыш мектептерді
құру және солардың негізінде жоғары кластарды қалыптастыру жуық арадағы
міндеттердің бірі болып саналады. Республика бойынша, оның ішінде мал
шаруашылығымен айналысатын аудандарда бастауыш мектептердің жоғарғы
кластарын қалыптастыру, дамыту, қазақша орталау және орта мектептер құру
мақсатында 1936 – 37 ж 1937 – 38 оқу жылдарында 4 –ші, 6 – шы класты
бітіргенді сегізжылдық мектептің 5 – ші және 7 –ші кластарына толық 100
пайыз қабылдауға, орталау мектепті бітірмегендерді техникумдар мен жоғары
оқу орындарына қабылдауға тыйым салу жөнінде нұсқау берілді.
1937 жылы 1 қаңтарға дейін бастауыш оқуға Қазақстандағы балалардың
96% тартылды. Жалпыға бірдей міндетті оқуды жүзеге асыру Халық ағарту
саласын қаржыландыуымен де байланысты болд. Тек қана 1933 – 39 жылдары
жаңадан 2614 мектеп үйлері салынды.
Республикада бір адамға шаққанда оқу – ағарту ісіне 1929 жылы – 3
сом, 1935 жылы – 33 сом, 1938 жылы – 90 сом, 1940 жылы – 116 сом жұмсалды.
Ал революцияға дейін Қазақстанға 60 жыл ішінде бір адамға – 6 сом 60 тиын
ғана жұмсалған еді.
Екінші бесжылдықтың соңында бастауыш жалпыға бірдей мідетті оқуды
енгізу толығымен аяқталды. Шағын кішкене мектептердің үлесі 6.8% дейін
кеміді. Ал, үшінші бесжылдық жылдары шаын өте кішкене, көшпелі және
маусымдық мектептер толығымен жойылды.
1. Культурное строительство в Казахстане. Сборник документов и материалов.
1933 – июнь 1941 гг. 2 том, А., 1985, С.96.
2. О закономерностях перехода народов ранее отсталых стран к социализму.
Алматы., 1961. С.153.
3. Культурное строительство в СССР. М.,1940, С.10
Олардың орнын толық комплетілі төрт жылдық мектептер мен мектеп
инернаттар басып, 8 – 11 жастағы балалардың 98.6% оқуға тартты.
1937 – 38 оқу жылында бастуыш, орталау және орта мектептердегі
оқушылардың 40.8% қазақ балалары болды. Балаларды оқуға тартуда ауылдарда
арнаулы түрде құрылған мектеп - интернаттардың рөлі жоғары болып, онда
екінші бесжылдықтың соңында 22 мың бала оқыды. Мектеп – интернаттар алыс
мал жайылымында тұрып, еңбек ететін және бастауыш кластары бар болғанымен,
әр түрлі себептерге байланысты оғарғы кластары жоқ ауылдарда тұратын еңбек
адамдарының балалары үшін бірден – бір тиімді болды. Әрине, бұл мәселенің
тиімсіз, қолайсыз жағы да болғаны анық. Балалардың өзіндік психологиялық
ерекшеліктері, танымдық – тәрбиелік түсініктері, адамгершілік – этикалық
бейнесі, наным – сенімдері жалпыланды. Әр бір бала жеке адам ретінде емес,
көпшілігіде барлығы да ортақ жағдайға бейімделген және бейімделуге тиісті
жалпы ұжымның мүшесі ретінде қаралды. Жеке адамның өзіндік рет бейнесі
ортақ нормаға бағындырылды. Ал, бұл жағдай кейбір жағдайда адамның
дербестігі мен еркіндегіне тежеу салды. Себебі, ол жалпы коллективтік
тәртіп шеңберінен шығуға тиісті емес еді. Бірақ, сол жылдардағы әлеуметік,
экономикалық және ауыл – селолардвың шаруашылық – тұрмыс жағдайында бірден
– бір дұрыс бағыт екендігі айқын.
Қазақстанды мекендеген ұйғырлар, дүнгендер, өзбектер және басқа да
халықтар оқумен қамтылды, олар үшін ұлттық мектептер де құрылып, оқулықтар
шығарылып, педагог кадрлар даярланды. Ұйғырлар мекендеген Алматы
облысының Іле, Еңбекші қазақ, Жаркент және Ұйғыр аудандарында 1936 – 37
оқу жылында 7447 оқушыны қамтыған 64 мектеп болды. Жаркенттегі ұйғыр
педтехникумында 215 адам оқыды.
1. КРОМ архиві 81 – қор, 3 – тізбе, 851 – і, 15 – п.
2. 20 лет Казахской ССР. 1920 – 1940. Алма – ата, 1940,
Казгосполитиздат. С.196.
Біздің республикамызда тұрған дүнгендерге бір жетіжылдық, үш толық
төртжылдық бастауыш мектеп ашылып және педагогикалық техникум мұғалімдер
дайындады.
Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей оқумен қамту көрсеткіші
үнемі Қазақстанда өсу үстінде болды. Оны төмендегі таблицадан да көруге
болады.
8 – 11 жастағылар 12 – 14 жастағылар
1936 – 37 жыл 96.0 % 96.5 %
1937 – 38 жыл 97.1 % 97.3 %
1938 – 39 жыл 97.2 % 97.4%
1939 – 40 жыл 98.6 % 99.5 %

Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту деңгейінің өсіп отыруы,
біріншіден, Халық Ағарту Комиссариатының нұсқауларына байланысты тәртіп пен
бақылау жоғары болды. Екіншіден, мектеп – интернаттар тиімді нәтиже бере
бастады. Үшіншіден, ауыл – селолардағы мектептерде ұйымдастыру жұмысы
біршама жақарды. Төртінші – жергілікті партия, кеңес, шаруашылық ұйымдар
басшыларынан да сұраныс, талап күшейді.
Мектеп жұмысының алға жылжуына халыққа білім беру саласын
қаржыландырудың өсуі де ықпал етті. Бірінші бесжылдықта 158 млн.сом, екінші
бесжылдықта – 1млрд. 90 млн.сом., ал үшінші бесжылдықтың үш жылында -
1млрд. 859 млн.сом қаржы бөлінді.
Мектеп құрылысының дамуы алға басқанымен де әлі де болса қателіктер,
кемшіліктер мен шешуді қажет еткен маңызды мәселелер бар еді. Мұғалімдердің
жетіспеушілігі әлі де болса байқалды.
1. Қазақ ССР тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 4
– том. Алматы, Ғылым баспасы. 1981. 604 бет.
2. ҚРОМ архиві. 1692 қор 1 – том, 178 – іс, 35 – п.
3. Сулейменов Р.Б. Ленинские идеи культурной революции и их
осуществление в Казахстане. Алма – Ата., Наука 1972, с.
343.
Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президумының ұйымдастыру Комитетінің
отырысының 1939 жылғы 2 қарашадағы протоколының көшірмесінде қазақ
бастауыш мектептері үшін Қызылордада мұғалімдер даярлайтын 8 айлық курстар
ашу жөнінде мәселе қаралды.1 Мұғалімдердің жетіспеушілігімен қатар, олардың
білім деңгейі төмен болды. Мысалы, Көктерек ауданында мұғалімдік жұмысқа
бұрын Ақмола – Қарталы темір жолында рельс төсеуші болып қызмет атқарған
адам қабылданса, Луговой ауданындағы орта мектепте он жылдық біліммен
жоғары класстарға үш адам, бастауыш кластарға 5 кластық біліммен үш адам
мұғалім болып, сабақ берген.2 Осындай жағдайларға жол берілуі мектептерді
мұғалімдермен толық қамтамсыз етуге мүмкіндік бергенімен , олардың
педагогикалық тәсіл мен пәнді қажетті деңгейде меңгерумеуі салдарынан,
оқушылардың білім сапасы таяз болды.
Оқушылардың мектепті тастап кетушілігі төмендегенімен бұл келеңсіз
құбылыс әлі де толық жойылмады. Мектеп жасындағы балалар да мектепке
тартылмаушылығы оқу процесі біршама жақсы жолға қойылған үшінші бесжылдықта
кездесіп отырды. Қазақ ССР Халық Ағарту Комиссариатының 1940-1941 оқу
жылының бірінші жартыжылдығына байланысты мәліметінде, мектеп жасындағы
оқуға тартылуға тиісті балалардың республика бойынша 98,9 проц.
тартылғанымен 8803 бала оқуға тартылмағанын, оқудан дәлелсіз себептерден
бірінші жартыжылдықта 8439 баланың шығып кеткендігін, оның сыртында 1203
баланың мектептен шығарылғанын көрсеткен.
Оқуға балалардың толық тартылмау және олардың оқудан шығып кетуі әр
түрлі себептермен байланысты болды.
(1.Қызылорда обл.мем.архиві.127-қор,1-т.,8-іс,47 -п. 2.Жамбыл обл. мем.
архиві 399-қор,1-т., 185 – іс, 25-б., 35-п.
Біріншіден, жаппай міндетті оқуды енгізу барысында мектептерге
көптеген бұрын оқымаған ересек 14-15 жастағы балалар да тартылды. Олар
толық төртжылдық бастауыш мектепті тауысқанымен де одан әрі оқуды
жалғастырмады. Ал, бірқатары мектептен үшінші, төртінші жылдары – ақ, оқуды
толық аяқтамастан шығып кетіп, шаруашылыққа араласты. Екіншіден,
мектептердегі тәрбие жұмыстарының өз деңгейінде болмуы да кері әсерін
тигізді. Үшіншіден, кейбір оқу бөлімдерінің, жергілікті кеңестердің және
мектеп басшылары шалғай ауылдарда, мал жайылымындарда тұратын балаларды
мектепке тасу және мектеп жанынан балалар жатып оқитын интернаттарды
ұйымдастыруда жеткілікті біліктілік пен қабілеттілік көрсете алмады.
Төртіншіден, сауда орындары да балалар үшін қажетті киімдермен әсіресе, аяқ
киімдерімен қамтамасыз етуде қанағаттанғысыз жұмыс істеді. Бесіншіден, ата
– аналар арасында жалпыға бірдей міндетті оқудың маңызы мен орны туралы
жүргізілген жұмыс өз деңгейінде болмады. Алтыншыдан, Халық Ағарту
Комиссариаты, оның жергілікті бөлімдері мен партия, кеңес ұйымдары
тарапынан да бақылау мен басшылық нашар болды.
Мектеп жасындағы балалардың мектепке тартылмауы және олардың оқудан
шығып кетуі ауылдарда жиі кездесті.
Жоғарыдағы айтылғандардың сыртында біздің ойымызша мына мәселеге де
назар аударған дұрыс секілді. Жасөспірім балалардың мектептен шығып кетуіне
немесе оқуды тастап кетуіне және оқудан шығарылуына сол жылдардағы қоғамдық
– саяси ахуал да себеп болғаны айқын. Мысылы, 1930 - 1933 жылдардағы
ашаршылықтан тірі қалған балалар ес біліп, еңбекке араласып ата – анасына
көмектесу үшін оқуды тастап кеткендігі де архиы деректерінен ұшырасады. Ал,
20-30 жылдары ата – аналарынан немесе туған туысқандарына бұрынғы
революцияға дейінгі әлеуметтік жағдайына байланысты әр кезеңде айыптар
тағып қуғын - сүргінге ұшыратқан жылдары олардың балаларын сенімсіз
элементтер ретінде оқудан шығарды немесе оқуды тастап кетуге мәжбүр етті.
Кеңес үкіметі мен партияның саяси - әлеуметтік бағытына қарсылық білдіріп,
наразылық көзқараста болған қазақ интеллегенциясы да революциядан кейінгі
әр жылдары репрессияға ұшырап олардың семьялары да жазалау шараларына душар
болды, лагерьлерге жіберілді және жер аударылды. Карлаг (Карагандинский
лагерь), АЛЖИР (Акмолинский лагерь жен изменников Родины), Степлаг т.б.
тоталитарлық жүйенің шексіз билігі мен өктемдігінің айқын белгісі
екендігі ақиқат. Сол жылдары баласы әкесі үшін жауапты емес деген қағида
болғанымен репрессияға душар болғандардың балалары да көз түрткі болып
қудаланды, оқудан шығарылды. Осы жағдайды да қазіргі кезең тұрғысында
байыппен бағалап, ескерген дұрыс.
20-30 жылдары мектеп жұмысының даму барысы коммунистік – тоталитарлық
жүйенің ықпалына, толық бағыныштылыққа түсті. Мектептердегі оқу – тәрбие
жұмысына саяси - идеологиялық сипат берілді.1 Өсіп келе жатқан ұрпақтың
сана – сезімі, ойлау жүйесі мен танымына қоғамдық ұйымдар (партия, комсомол
және пионер ұйымдары, кітапты сүюшілер, табиғат қорғаушылар, өлке танушылар
үйірмелері), баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдени ошақтар
(театр, кино, музей, мәдениет сарайларындағы кештер мен концерттер), мектеп
мұғалімдері жан – жақты ықпал етіп сталиндік қағиданы орындауға, оған
ақиқат ретінде сеніп қабылдауға тәрбиеледі. Олар ой - өрісі кең, дамыған,
батыл да байсалды шешім қабылдай алатын адам ретінде емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім беру
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Абайдың қай тап ақыны екендігі
Соғыстан кейінгі КСРО ның әлеуметтік-экономикасының дамуы
«Әдебиеттік оқу» пәнінің базалық мазмұны
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк
Оқыту әдістері
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
Пәндер