Мешітке кіретін негізгі жол ғимараттың батыс жағында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Маңғыстау ескерткіштері - 10-20 ғасырлар аралығында Маңғыстау үстіртінде тұрғызылған архитектуралық құрылыстар.

Маңғыстау ескерткіштері, негізінен, үш топқа бөлінеді: бекініс орындары, діни құрылыстар, қабірге қойылған мемориалдық ескеркіштер.

Маңғыстау түбегіндегі орта ғасырлық сәулет өнеріне жататын аса көрнекті ғимараттардың бірі - Шақпақ ата ғимараты. Ол оңтүстіктен солтүстік батысқа қарай созылып жатқан Оңғазы жотасының теңізге таяған жерінлегі Сартас деп аталатын жерде Каспий теңізінің жағасына таяу орналасқан.

Шақпақ атаның ғылыми зерттелуі 1966 жылдан басталады. Содан бері түрліше бағыттағы экспедициялар келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Алайда, осы бір тарихи ғимарат жөнінде әлі күнге дейін туындап жатқан ерекшк бір жаңалық жоқ.

Тарихи ғимараттың орналасқан жері Форт - Шевченкодан - 65, Таушықтан - 25 шақырым шамасында. Мешітке кіретін негізгі жол ғимараттың батыс жағында. Оған негізгі есіктен кіру үшін ең алдымен қолдан қарапайым жасалған баспалдақтармен көтерілу қажет. Кірер есіктің оң жағында тау тасы жабылып, тегістелген. Ол жерде тіке ойық түрінде қазылған шұңқырлар кездеседі. Олардың әрқайсысына жеке - жеке адамдар жерленіпті. Осы жерде айта кететін бір нәрсе - Маңғыстау түбегінде бұрын өліктерді жанамалап жерлеу кең тараса, Шақпақ атадан ондай жағдайлар кездеспейді.

Мешіттің ішіне кірген жерде үлкен зал бар. Көлемі 4, 5*3, 5 метр шамасында. Едені мен төбесі кірер есікке қарай еңкіш. Алайда, бұл таудың үстіңгі бетіндегі салмақтан емес, әдейі солай жасалыпты. Мешіттің екінші жағында шығатын есік бар. Жаулары шабуыл жасай қалғанда шәкірттері шығыстағы есік арқылы төбеге шығып кете алады. Көтерілу биіктігі бес метрдің шамасында. Мешіттің қабырғаларында араб қарпімен жазылған түрлі сөздер де баршылық. Малбағар Меңдікұловтың деректемесі бойынша оның бірқатары суфиндік өлеңдер - аяттар түрінде жазылған. Қабырғаға салынған малдың, көбіне жылқы малының бейнелері жеткілікті. Әрі олардың бәрі де сол бір кезеңдерде салынған. Бейнелердің салыну жүйелері дәл солай сөйлеп тұрғандай. Себебі олар түбектің өзге жерлерінде салынған бейнелердің көшірмесі тәріздес.

Шақпақ атада салынған адамның қолдары бірнеше жерде кездеседі. Солардың ішінде орта ғасырдың бірінші бастауынан қалған бейнелер де баршылық. Әсіресе, кіреберістің сол жақтағы бағанасында салынған бес саусақ ерекше назар аударғандай. Әрі оның әйел адамның қолы екені бірден байқалады.

Мешіттің ішіне кіргенде, балаларға дәріс беретін орынды төрт жерден байқауға болады. Жағалай іргеде оқулықтар, өзге де құрал - жабдықтар қоятын орындар салынған. Азан шақыратын жер де бар. Осыған қарағанда бұл орынның бала оқыту үшін салынғандығында дау жоқ.

Енді батыс жақтан кіріп, шығыс жақтан шығатын қосалқы есік неге қажет?

Біріншіден, жарық беріп тұру үшін салынған. Екіншіден, екі есік арқылы бөлмеде тұрақты ауаны сақтап тұру үшін. Орталық бөлменің шетіне төрт бағана салынған. Өзі ежелгі Шығыстың, Грецияның портиктеріне ұқсас. Тау астын үңгіп, сенім, сыйыну ғимараттарын салу антик заманында Үнді халқында да болған көрінеді. Олар тау астынан сан -салалы жолдарымен, бекіністер, аса үлкен ғимараттар тұрғызған. Шақпақ ата сәулет өнері сол кезеңді қазіргі жағдайда елестеткендей. Әрі бүкіл Азияда кездесе бермейтін сәулет өнерінің айрықша түрі. Одан әр кезеңдердегі сәулеттік қолтаңбаларды кездестіруге болады.

Шақпақ ата ғимаратының қай ғасырда салынғаны туралы ғалымдар әр түрлі болжам айтады. А. Г. Медоевтың айтуына қарағанда Шақпақ ата IX-X ғасырларда салыныпты. А. Г. Медоев пікірінше Шақпақ ата «Тұтас архитектуралық комплекс есебінде өте сирек кездесетін, әзірге тек Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы тұтастай тастан қашалған, ешқандай бүліншілікке ұшырамай, бүтін күйде сақталып отырған орта ғасырлық бірден - бір ескерткіш». М. Меңдіқұловтың пікірі бойынша Шақпақ ата ғимараты қыпшық - ноғайлы заманында дүниеге келген. Демек, XIV-XVI ғасырлардың арасын қамтиды. Ал академик В. В. Бартольд оны Өзбек хан тұсына жатқызады. Оның 1312-1342 жылдары хандық құрғаны белгілі.

Шақпақ ата ғимараты жөнінде зерттеу деректерінжазған біршама ғалымдармен, өлкетанушылар болды. Солардың бірі - филология ғылымының кандидаты Қабибола Сыдиқов. Бұл ғалым Шақпақ ата жөнінде мынандай тұжырым жасайды:

«Маңғыстауда Түпқараған түбегінің шығыс бетінде - Көне кетіктен Бозашыға беттеген теңіз жағалауында небір тамаша қойнау, қыраттар мен тау жоталар, аңғар, алқаптар жеткілікті. Каспий теңізінің қыр, қыраттарымен астасқан аймағында әрқайсысы бір - бір аңыз арқалаған орындар жағалай қатар түзуде. Солардың бірі - Шақпақ ата мешіті».

Шақпақ ата ғимаратының архитектуралық ерекшелігі, ол орналасқан тау жынысының құрамы, оның Шығыс архитектурасынан айырмашылығы және стильдік ұқсастықтары, іштегі бедер, ою - өрнектерінің түбек ескерткіштерінде қайталанбауы, мешіттегі оқу бағдарламасының ауқымдылығы, шарғылық мәні бар жазулар.

Тарихи - мәдени ескерткіштердің саны жөнінен Маңғыстау түбегі Қазақстан бойынша бірінші орында. Мұндай ескерткіштердің саны республика көлемінде 25 мыңнан асатын болса, оның 11 мыңнан астамы осы Маңғыстауда. Негізінен, Шақпақ атаның зерттелуіне келсек Кеңес өкіметі заманында үш рет назарға ілігіпті. 1965-68 жылдардың арасында Қазақ СССР Ғылым Академиясы жанындағы тарих, археология және этнография институты академик Медоевтың басқаруымен экспедиция ұйымдастырған. Ал 1973 жылы Қазақ политехникалық институты М. Меңдіқұлов басқарған екінші экспедицияны Маңғыстауға аттандырады. Үшіншіэкспедиция 1976 жылы болды. Қазақстан Мәдениет министрлігі ұйымдастырған бұл экспедицияға Игенбаев басшылық жасайды. Бұл экспедициялар жалғыз ғана Шақпақ атаны зерттеген жоқ. Олар бүкіл Маңғыстау түбегіндегі тарихи - мәдени орындардың бәрін картаға түсіріп, анықтама берген.

Бұл ғимараттың Шақпақ ата аталу себебі жөнінде ел ішінді түрлі аңыздар сақталған. Мысалы, геолог Мирзоев «жаугершілік кезеңінде ол адам Шақпақ тастан шығатын от тәріздес отпен атылатын қару қолданған», - дейді. Екінші аңызда: «ол Арабиядан келген дінді таратушы. Отты жаққанда тастардың түрін іріктеп алып, соны пайдаланады екен» - деп көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақса мешітінің құрылысы
Негізінен жергілікті халықтың түсінігінде Маңғыстау аймағының киелі әулиелер қорымдарына келушілерге айтатыны
Кейінгі ортағасырлық Сауран шаһары (XIV-XVІІІ ғғ)
Семей қаласының тарихи - сәулет ескерткіштері
Төртінші нысан ежелгі қала мешіті
Ахмет Ясауи кесенесі
Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие адамдары
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
Арыстан баб кесенесі сәулет өнері ескерткіші
Мавзолейдің қасбеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz