Қиын оқушылар тәрбиесі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогика және филология факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Мамандық 050103 Педагогика және психология
тақырыбы: Бастауыш сыныптағы қиын оқушылардың оқу
үлгерімін анықтау жолдары
Орындаған: Утеулина Мақпал Жұмаділқызы
Ғылыми жетекшісі: Сейдина Балмұздақ Зікірқызы
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі: Ахметова П. А
«___» 2009ж
Арқалық - 2009ж
Мазмұны
Кіріспе . . .
I Қиын балалар туралы педагогикалық-психологиялық сипаттама . . .
1. 1 Қиын оқушылар жөніндегі ғалымдардың көзқарастары . . .
1. 2 Қиын баланың пайда болу себептері мен түрлері . . .
II Кіші мектеп жасындағы қиын оқушылар . . .
2. 1 Қиын оқушылар тәрбиесі . . .
III Қиын оқушыларға көмек көрсету . . .
3. 1 Мектепке дайындықты анықтау әдістемесі . . .
3. 2 Балалардың танымдық процестерін зерттеу . . .
3. 3 Баланың дербес ерекшеліктері мен эмоционалдық ерік-жігерін зерттеу. .
3. 4 Оқушының оқуға деген қарым-қатынасын, мінез-құлқын, қызығушылығын
бағдарын зерттеу . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Практикалық бөлім . . .
Қосымшалар мен ұсыныстар . . .
Кіріспе
Елбасшысы Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «жас ұрпақтың білім алуымен тәрбиеленуіне бөгет болатын кеселдерді жоюды бүгінгі күннің басты талабы» деп атап көрсеткен. [2-23]
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруына жол бермеу, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі» деп қарастырылған. [1-12]
Бұл тұжырымдамаларда келешек жас ұрпақтың тағдырының жарқын болуына болуына бар мүмкіншіліктің жасалатындығын сөз еткен.
Қазіргі күні қоғамда «салауатты өмір салтын» құруға кейбір жайттар кері әсерін отыр.
Бұл бүгінгі күні «қиын» оқушы мәселесі психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығымен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда түрлі себептерге байланысты қиын оқушылар саны күнбе-күн артып келеді.
Қиын оқушылардың санының көбеюі мектептің білім деңгейінің көрсеткішін күрт төмендетуге мәжбүр етеді.
Болашақ «жас ұрпақтың қолында» дегенді басшылыққа алсақ, бастауыш сыныптағы қиын оқушы оқу үлгерімін жақсарту мәселесі басты маңызға ие болады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі мектеп қабырғасында қиын оқушылар санының көбеюінен туындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сыныптағы қиын оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту жолдарын анықтау.
Міндеттері:
1. қиын оқушының педагогикалық проблемаларын шешу жолдарын іздеу
2. бастауыш сыныптағы оқу процесінің ерекшеліктерін анықтау
3. тиімді бағалау әдісін таңдау
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу процесі
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптағы қиын оқушылардың оқу-танымдық әрекеті
Зерттеудің ғылыми болжамы: Бастауыш сыныптағы қиын оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту.
Ол үшін мына бағытта жұмыс жүргізілсе:
-мектеп алды даярлықта оқушылардың оқу іс -әрекетіне жан-жақты даярласа;
-дене қабілеті шектеулі оқушыларға дер кезінде көмек көрсету шаралары қолға алынса;
-психикасы ауытқыған оқушылармен мектеп психологы үнемі жеке жұмыс жүргізсе;
-кешеуілдеп қалған оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге педагогтар ерекше назар аударса;
-ата аналар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлсе;
-әлеуметтік ахуалы төмен отбасындағы балаларға мемлекет тарапынан көмек көрсетілсе;
-қиын оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту үшін тиімді педагогикалық-психологиялық әдіс тәсілдер қолданылса.
Жетекші идея: Егер қиын оқушылардың оқу-танымдық іс әрекетін жақсарту жолдары қарастырылса онда, оқу процесінің нәтижесі тиімді болады.
Зерттеу әдіс -тәсілдері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдістемелік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс тәжірибелерді сараптау, эксперимент нәтижесіне баға беру, ой қорыту, баяндау, мониторинг т. б.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог, психолог, логопед, әлеуметтік педагог еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми құжаттары, Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары т. б.
Зерттеу базасы: Тәжірибелік эксперимент жұмысы Арқалық мемлекеттік түзеу мектебінің 2-сыныбымен және А. Құнанбаев атындағы №6 профильді орта мектептің 2-сыныбымен жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Қиын оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту үшін педагогикалық, психологиялық тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Қиын оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту мақсатында салыстырмалы эксперимент жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің проблемасы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеті, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеу көздері, әдістері жетекші идеялары сөз етіледі.
Бірінші бөлімде қиын оқушыға жалпылама сипаттама беріліп, қарастырған ғалымдар көзқарастары талқыланса, ал екінші бөлімде бастауыш сыныптағы қиын оқушыларға шолу жасалынып, тәрбие мәселесі қарастырылды.
Үшінші бөлімінде қиын оқушыларға көмек көрсетудің жолдары және олармен жүргізуге болатын әдістемелер айтылған.
Қорытынды бөлімде бастауыш сыныптағы қиын оқушылармен жүргізілген эксперимент нәтижесі қарастырылып, оқу үлгерімді жақсарту жолдарына болжам жасалынды.
I Қиын балалар туралы педагогикалық-психологиялық сипаттама
... жалғасыҚазіргі XXI ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде
«қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын». [5-67]
«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген.
Қазіргі кезде көптеген ұстарымыз қиын балалар жайында әр түрлі пікірлер айтып жүр. Көптеген педагог ғалымдардың ғылыми тұрғыда дәлелдеуінше, қиын балалар-табиғатында дұрыс жаратылған дені сау, қабілеті бар бала. [Елшібаева Жүмакүл «Ұстаз және қиын бала» мақаласында] . [6-56]
Оның өзгелерден айырмашылығы отбасында және мектепте ойдағыдай жеке-дара педагогикалық тәрбиеге зәрулігінде ғана.
Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын оқушылардың көбірек кездесетіні белгілі. «Қиын оқушылар» дегеніміз кімдер? Олар-мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар. [Е. Баталханов. «Қиын» оқушылармен жұмыс ерекшелігі мақаласында] . [7-34]
Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, сыныптастарымен тіл табыса алмайтын, ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушыларды, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз.
«Қиын» оқушы ұғымына ғылыми әдебиетерде бірнеше анықтама түрлері беріледі:
«Өмірі ауыр жағдайындағы балалар» [Л. К. Керімов «Қиын оқушылар» мәселесі], «ата-анасының қарауынсыз қалған балалар» [Р. Мырзаханова Мектептегі «қиын» оқушылармен жұмыс әдістемесі], «Қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар», [Л. К. Керімов «Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу»] «Мемлекеттік көмекті қажет ететін балалар» [А. Л. Высотина мен В. Д. Луганский еңбектерінде], «Қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар» [Л. К. Керімов «Қиын оқушыларды тәрбиелеу мәселелері»] . [5-45]
«Ауыр жағдайдағы балалар» қатарына мынандай критерийдегі балаларды жатқызуға болады: ата-анасының қарауынсыз қалған балалар; мүгедектер, физикалық және психикалық дамуында кемістігі бар балалар; ұлтаралық және қаруланған қақтығыстардың құрбандарының, экологиялық және техногендік апаттардың, басқа елден еріксіз қоныс аударған «босқындардың» балалары, зорлық-зомбылық көрген балалар, бас бостандығынан айырылып өз кінәсін тәрбиелеу колонияларында өтеген балалар; «қиын» балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу арнайы мекемелердегі, аз қамтылған отбасындағы балалар; кемістігі бар балалар; әр түрлі жағдайлардан бұзылған, оны өз бетімен не жанұясы шеше алмайтын отбасындағы балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін тө мен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, қозу күйін-дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмілетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы жасөспірімдер жатады [А. Л. Высотина мен В. Д. Луганский] . [6-34]
Басқаша айтсақ, жағымсыз жағдайда дау-жанжал шығаратындар, арақ-шарап ішіп жеке меншік және қоғамдық мүліктерге қол сұғатындар.
В. Трифанов зерттеулеріндегі «қиын» бала анықтамасы-күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Ал А. Фортунов «қиын» бала ұғымына үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. «Қиын» балалар намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, «маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетемін» деген ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді. [6-67]
Қиын балалардың болашаққа ұстанған бағыты басқа жасөспірімдерден өзгешелеу болып келеді. Қиын балалар әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, көп ретте ерік-күшінің аздығынан, берік қалыптаспауынан кездескен қиындықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкегіне түсіп кете барады.
Сонымен, қиын бала дегеніміз қандай бала? Бұл сұрақты бір ғана жауап қанағаттандыра алмайды. Себебі бала түрлі себептерге байланысты қиын балаға айналады.
Сайып келгенде, қиын бала денсаулығы шектеулі, психикасы ауытқыған педагог пен ата-ана тәрбиесінен тыс қалған және тәрбиеге көнбейтін бала.
1. 1 Қиын оқушылар жөніндегі ғалымдардың көзқарастары
1. 1 «Қиын» бала мәселесі Г. А. Уманов, Ә. Ж. Жұмабаев, В. В. Трифанов, Л. К. Керімов сынды бірқатар қазақстандық ғалымдардың да ғылыми зерттеулерінің тақырыбына айналды. Аталған ғалымдар осы топтағы балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін, жүріс-тұрысындағы жат қылықтарды зерттеп, олады қайта тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Мәселен, Ә. Жұмабаев мектептің «қиын» оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесін жасады, В. Трифанов болашақ мұғалімдерді «қиын» оқушылармен жұмыс жасай білуге дайындау мәселесін көтерді, ал Л. К. Керімов «қиын» балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын ұсынды. Бұл ғалымдардың зерттеулері қиын оқушылардың пайда болуының бірнеше себептерін ашып көрсеткен. [5-78]
Біріншіден, отбасында тәрбие ісіне жеткілікті көңіл бөлінбеуден, яғни тұрмыстағы дау-жанжал, ата-аналарының маскүнемдікке салынуы немесе олардың біреуінің болмауы кері ықпал жасайды. Осы орайда ғалым педагог В. В. Трифанов тәрбиесі нашар балалардың пайа болуына қоршаған шағын ортасы (микросреда), отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап көрсете отырып, өзі жүргізген зерттеу жұмыстарының барысында қиын балалардың 44%-да толық отбасы болмағанын, яғни ата-анасының тек біреуі ғана болғанын, 30%-да жақын туыстарының біреуі (әкесі, шешесі немесе ағасы) заң алдында жауапқа тартылғандар, ал 15% -да әке-шешесінің біреуі ішімдікке салынғанын анықтаған. Бұдан шығатын қорытынды, қиын балалардың пайда болуының негізгі себебі-отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы. Сонымен бірге, В. Трифанов қиын оқушының пайда болуының физиологиялық, психосоматикалық негіздері бар екендігін де ескертеді.
«Қиын» балалардың шығу себептеріне XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары да бей-жай қарамаған. Ж. Аймауытов: «Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сияқты бұзақылықтарды жасауы тәрбиенің жетіспегендігінен . . . баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады » деген орынды пікір арқылы бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше мән берген.
Екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, мектеп әкімшілігінің тарапынан жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, талап-тілектерін, қызығушылықтарын ескермеуден туындайды. [6-87]
Қиын балалардың пайда болуының әлеуметтік себептерімен бірге экономикалық жақтарын да ескеру керектігі туралы белгілі педагог А. С. Макаренко былай дейді: «ерекше заң бұзушылар жоқ, тек қиын жағдайға тап болған адамдар бар, яғни белгілі бір ортасыз, достарынсыз қалған, жанашыры жоқ, тұрмыстың бар ауыртпалығы бір өзінің мойына түскен, өмірлік тәжірибесі жоқ кез-келген бала заң бұзушылыққа барады».
Қиын баланы педагогикалық тұрғыдан айқындауда А. С. Белкин мен А. Н. Кочетов баланың денсаулық жағдайына, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне баса көңіл бөлді.
Ал психолог әрі педагог ғалымдар А. Жұмабаев, Л. М. Зообин, И. А. Невский, Г. А. Уманов, В. В. Трифанов т. б. қиын балалардың мінез-құлық өзгешеліктері туралы, дүниетанымдары, ұстанан бағыттары жайлы статистикалық мағұлматтар жинап, сол арқылы олардың жүріс-тұрысындағы қоғамға жат қылықтарын осы тұрғыдан жіктеп көрсетіп, осы бағытта танып-білуді дұрыс деп есептеді.
А. Л. Высотина мен В. Д. Луганский өз еңбектерінде кәмілетке толмай сотталған жасөспірімдердің әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан алғанда тәртіптерінің төмендеу себептерін ашу барысында олардың қоршаған ортамен арадағы қарым-қатынасына ерекше мән берді.
Профессор В. А. Яковлевтің басшылығымен арнайы құрылған топ баланы жан-жақты танып білу үшін оны педагогикалық тұрғыдан айқындаудың (диагноз қоюдың) бағдарламасын жасады. Оның біраз кемшіліктері болғанына қарамастан, балаларды мектеп қабырғасында тәрбиелеу ісінде пайдасы да мол еді. Бағдарлама мектеп оқушыларын тануға арнап жасалған. Оның басты бір кемшілігі-баланың өзін-өзі тәрбиелеуі ескерілмеген.
Белгілі қазақ философтары Ж. Әбділдин мен А. Балғынбаев: «шындық өмір субъектісінің таным қызметі мен күнделікті тәжірибелері жеке адамның жан дүниесіне әсер етіп, оның адамгершілік әдет-дағдыларын қалыптастырумен қатар дербес қасиетін даралап, оқшаулай түседі», -деп жазды.
Л. П. Буева, Ж. Әбділдин, Ж. Әбділдин, Н. Елікбаев т. б. қиын жасөспірімдерді жеке қайта тәрбиелеу ісінде ұжымға жүктелетін міндеттерді атап көрсетті.
1. 2 Қазіргі уақытта біздің ең негізгі абыржуымыз-ол жасөспірім
Тағдырының қиындығы, яғни қиын балалар мәселесі қарастырылып отырған проблемалардың бірі болып саналады. Қазірде қиын балалар саны едәуір өсіп бара жатқанын көруге болады. Әрине қиын балалардың пайда болуы көптеген себептерге байланысты. [9-45]
Психологтар мен педагогтардың зерттеулері бойынша қиын баланың шығуына үш фактор себепші болады екен.
Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.
Екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы.
Үшіншіден, педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы.
Жасөспірімдер мен бұдан кіші жастағы балалардың психологиялық дамуының және тәртібінің бұзылуы минимальды ми қызметінің бұзылуы (ММҚБ) шеңберінде қарастырылады. [12-67]
ММҚБ-бас миының ерте жеткілікті зақымдануының зардаптары, ол жекелеген жоғары психикалық қызметтердің жасына қарай жетілмеуінен көрінеді. ММҚБ кезінде мидың сөйлеу, ықылас қою, есте сақтау, қабылдау және өзге жоғары психикалық түрлері секілді күрделі қызметтерді қамтамасыз ететін қызметтік жүйелерінің даму қарқыны кешеуілдейді. Бндай нақтама қойылған балалар жалпы ақыл-ой дамуы бойынша нормаға сай болады, солай бола тұра олар мектепте оқуда да, әлеуметтік бейімделуде де қиындықтарға ұрылады.
Бұл ахуалдың даму себептері мен механизмдері әртүрлі және күрделі анасының жүкті кезінде сырқатталуы, соның ішінде токсикоздар, ананың жүкті кезінде алкогольді ішімдіктер ішуі, темекі шегуі, күні толмай босану, ұзақ босану, жаңа туған нәрестенің тұншығуы.
Өмірінің алғашқы жылында баланың науқастануы, қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсері, генетикалық, нейробиологиялық факторлар және басқалар.
ММҚБ негізгі белгілері мыналар: кекештік зәрді ұстай алмау, гиперкинезия (артық қимыл-қозғалыс) синкопальды ахуалдар, бастың ауруы, вегатативті-тамыр дистониясы, мектепке бейімсізделу синдромы және т. б. ММҚБ негізгі белгісі-мінез-құлықтың өзгеруі. Бұл гиподинамикалық және гипердинамикалық түрлер бойынша өтуі мүмкін. Гиподинамикалық синдром сирек кездеседі -10%. Гипердинамикалық бала аз қимылдайды, сылбыр. Ол «ұйықтап жүрген» секілді әсер қалдырады. Оны бірдеңеге қызықтыру қиынға соғады, бірдеңе істету үшін үнемі жұлқылап сілкілеу керек. [13-54]
Гипердинамикалық синдром барлық жағдайлардың - 90% кездеседі. Оның негізгі белгілері- белгілі мақсаты, себебі жоқ және жағдайға тәуелді емес қимыл-қозғалыс белсенділігі (гиперактивтілік) . Бір нәрсеге ден қою қиындығынан, көңілі басқа нәрсеге ауудан, тез әлсіреуден байқалатын ықыластың бұзылуы орын алады.
Ата-ананың бұндай баланы «бейнебір мотор салып қойғандай тынымсыз орнында бір сәт отыра алмайды» деп сипаттайды. Бала шақтағы мінез- құлқының созылмалы бұзылуының бұл түрі «ықылас жеткіліксіздігі және гиперактивтілік синдромы» деп айқындалады. [14-35]
ММҚБ клиникалық белгілері әртүрлі болғанмен бұл сырқаттың өту ерекшеліктерін байқауға болады. Мәселен, 3-4 жастағы ұлда ұйқының бұзылуы, зәрді ұстай алмау орын алады. 5 жасқа қарай алдыңғы қатарға невроздық әдеттер, түңгі қорқыныштар, мүлдем кездеспейді десе болады, ұйқының бұзылу жиілігі кемиді. 10-12 жасқа қарай бастың ауруы, церебростения, невроздық әдеттер, вегативтік тамыр дистония жилігі ұлғаяды. Қыз балаларда сырқат барысында жасқа байланысты кейбір ерекшеліктер болады. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, барлық жағдайлардың 90% дыбысты айтудың бұзылуы, кекештену, дизартерия түріндегі сөйлеудің бұзылуы анықталады. [16-32]
Құрбыларымен салыстырғанда, бұндай балалардың оқу және жазу дағдылары төмен және олардың ақыл-ой қабілетіне сәйкес емес. Жазба жұмыстары салақ қателіктері көп. Бұл ынта қоймаудың салдары болуы мүмкін.
Бұндай балаларда, сонымен қатар, өзге адамдармен, соның ішінде құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-ана және аға-інімен апа-сіңілімен қарым-қатынаста үнемі проблемалар туындайды. Өздерін өзге бауырларымен ұдайы салыстырғаннан бұндай балалар жапа шегеді. Олардың мазаыздығы, көңіл-күйінің құбылмалылығы, адам жалықтырғыштығы, ұқыпсыздығы ересектерге көмектеспейтіндігі ата-ананың қапаландырады. Жасөспірім жасқа қарай бұндай балалардың күшті белсенділігі біртінде азаяды немесе жойылады. Алайда ықыластың бұзылуы және импульсивтілік көбіне ересек болғанша сақталады. Бұл ретте мінез-құлықтың бұзылуы, агрессивтілік, отбасы мен мектептегі қарым-қатынастағы қиыншылықтар, оқуда үлгерімнің нашарлауы дей түсуі мүмкін.
Жүйке аурулары (невроз) әртүрлі ортадағы психикалық зақымданудың, отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан пайда болады. Мысалы: кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, реңжу жүйке ауруларына шалдықтырып, бала ашуланшақ, өмірге ызалы, тұйық қалыпқа түседі. [17-76]
Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп, уайымға шалдығады, кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді. Ата-аналар жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқуларына назар аудармай, көбінесе олардың әр түрлі ауыр жағдайға шалдығуына себепші болады.
Жасөспірімнің нашақорлыққа ішімдікке, ұрлыққа, қаруға т. б. жақын болу себептері оында жатқан жоқпа?
Қиын оқушыларды екі топқа бөлуге болады.
Біріншісі-тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.
Екіншісі-отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайлардың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.
Қиын оқушылардың өскен ортасының, отбасының жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр.
Әдетте, ата-аналардың бала тәрбиесінен әр түрлі себептерге сай аулақтануы да тері әсер етеді (ата-аналардың жұмыс басты болуы немесе жеке басының қамымен жүруі, балаларына теріс үлгі көрсетіп, келеңсіз өмір сүретін, ұзақ іс-сапарда болатын ата-аналар) .
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға итермелейтін тағы бір әсер отбасындағы жетіспеушілік, таршылық. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 20-25% материалдық жағдайдың төмендігінен жасалады екен. Оның себептері, көбінесе, ата
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz