Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе.
Макаренконың ұжым туралы ой – пікірлерінің мәні

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Ұжымның даму кезеңдері бір-бірімен сабақтастығы.
2.2. Ұжым – тәрбие құралы
4. Жеке адам мен ұжымды зерттеу программасы.
5. Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымымен жүргізілетін жұмысының негізгі
бағыттары.

ІІІ. Қорытынды
Макаренко педагогикалық мұраларының өміршеңдігі

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
І. Кіріспе

Латын сөзінен аударғанда ұжым коллективус - жиын, топ деген
мағынаны білдіреді. Яғни ұжым бұл бір топ адамдар, бірақ кез келген топ
ұжым бола алмайды. Мысалы, ұрылар тобы, бұзақылар тобы өзінің алдыға қойған
мақсаттары бар, бірақ оларды мемлекет қолдамайды. Мемлекеттің заңына
қарсы.
Ұжым болу үшін:
1) Ортақ мақсаты болу керек.
2) Бірлесіп әрекет ету керек.
3) Басқару органдары болу керек.
4) Ұжымда достық, сыйластық қарым-қатынас болу керек.
5) Ұжымның қоғамдық пікірі болу керек.
Осылар ұжымының негізгі белгілері болып есептеледі. Жалпы
әлеуметтік мақсатпен белгілі бір әрекетпен ұйымдасқан өзінің ынтымақтығы
мен жауапкершілігі мен мен өз бетінше басқару органдарын сайлау мен ьралық
мүшенің құқығымен міндеттерінің болуы мен ерекшеленетін оқушылар тобы,
оқушылар ұжымы деп аталады. Оқушылар ұжымының негізгі әрекеті оқу.
А.А. Макаренко ұжымының дамуы қалыптасуы күрделі де ұзақ процесс. Ол
3-ке бөлінеді.
І. Оқушылар ұжымының дамуы өте төмен дәрежеде . бірінші сыгһныпқа
келген оқушылар ұйымшыл болмайды. Тәртіп нашар, бір-біріне жәбір
көрсетеді. Балалар өзін-өзі қорғай алмайды. Мұғалім бұл кезеңде ешкімге
арқа сүйей алмайды
ІІ. Мұғалім сыныпқа келгенде жалпы ұйымшылдық әлсіз болғ,анмен өз
жұмыстарында арқа сүйейтін оқушылар болады. Бұл қушылар сыныптағы
тәртіпсіздікті қолданылады. Олар мұғалімнің кез келген тапсырмаларын
орындауға әзір. Мұғалім өз жұмыстарында осындай оқушыларға арқа сүйеп
ұжымның дамуына басшылық жасайды.
ІІІ.сыныпта қоғамдық пікір болады. Бұл кезеңде мұғалімнің іс-әрекетін
бүкіл сынып қолдайды. Ұжымның әр мүшесі жөнінде жастық дұрыс пікірі
болады. Мұндай сынып педагогикалық тұрғыдан қарағанда ұжым болып
есептеледі.
Жаңа келген мұғалімге өзінің жұмыстарын жүргізіп сыныптардан ұжымнан
қалыптастыру қиын болады. Жас мұғалімдер көбінесе тәртіпті балаларға
көңіл бөледі. Өзінің жұмысын да осындай балаларға мектеп басшысына көп
шағымдар жасайды. Басқа балаларға көңіл аудармайды. Сөйтіп уақыт өткізіп
алады. Сондықтан мұғалім оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасау керек.
Оқушылар ұжымы арқылы қиын тәртіп балалараға ықпал ету керек. Топ
белсенділеріне арқа сүю арқылы әрекет етеді. Алғашқы кезде
белсендлердің саны көп болмау керек. Берілетін тапсырмаларды оқушылар
орындай алатын болуы керек. Топ белсенділерімен мұғалім жақсы қарым-
қатынаста жұмыс істей отырып бағыт бағдар беріп отырады.
Мұғалім оқушылардың жұмысында орындайды. Мұғалім тек сыртынан
қадағалап жүреді.
Ұжымдық бағыт

Оқушылар ұжымы – тәрбиінің шешуші форакторы және біздің қоғам
жағдайынджа бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы
үшін, ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму
мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостындығы
болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі
қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндінггінен туындайды. Қоғамда
ұжымдар ортақ іс-әрекеттің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл
ұйымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери оқу орындары), қоғамдық ұйымдар
(партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар) және т.б. осы
ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік экономикалық
дамуын тездету қоғамның дамуының жаңа деңгейін қамтамасыз ету процесіне
айналдыру, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және
жариялық принциптерінің негізінде құру. Осы жағдай талабына сай, ұжым
балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүкін болатын бірден-бір
құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін
жасампаздығын, күш қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемаларын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту
органдарының озат өкілдері А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С. Макаренко,
Т.А. Блонски, С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып
зерттейді.
А.В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым
болады деді. Оның айтуынша адамдарды трәбиелеу демек, ол адам біздің
заманымызға ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басшылық мүддесін жоғары
санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжымы негізінде ғана дамиды.
Н.К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ортасы ұжым деп атайды.
Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына
үлкен мән береді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай
етіп тәрбиелеудің қажет екендігін ескертті. Ол балалар қозғалысына
байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: Балалардың ұжымдық іс-
әрекеттерінің формаларымен әдістері, өзін-өзі басқару және оны
ұйымдастырдың әдістері т.б.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамдарды тәрбиелеудің бір ізді
педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін
құндылығын сақтауда және іс-әрекетті қарым –қатынас ждәстүр сияқты тәрбие
проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамуының негізі болады.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиешінісің қоғамдық бағыттылығын
ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол
ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет.
А.С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан
ұжымның кейбір санасы, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбесінің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымынан тыс дем
алмайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға
біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері – ұйымдары болады.
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым
контактылы және негізгі болып 2-ге бөлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым
белгілері бар бастауыш топ негізгі ұжым бұл контактылы ұжымдардың
бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым студенттер тобы, негізгі ұжым –
факультет т.б.
Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұжымшылдық пен
мақсаттылық, іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үдлес
қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде Мурат власть
коллектва, Коллективтің құдіретті күші т.б. баяндалды. В.А. Сухомлинский
пікірі бойынша әрбір адамдардың тәрбиесі.
Ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы
рухани қарым-қатынастың ұжымдық қатынастардың даму процесі. В.А.
Сухомлинскийдің қарыс қатынастық жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің
идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық, балалармен қарым-
қатынастық жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастықтың идеялараы жаңашыл
мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы
дамытуда және қарастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы
және бұл іс-әрекеттермен (оқу, еңбек, т.б.) бірігіп топтасқан балалардың
мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байналысты оқушылар
ұжымдарының типтері пайда болды. Олар мектеп сыныбы, ұзартылған күндер
тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың
барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұйымшылдыққа тәірбиелеудің маңызды құралы.
Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас
байланыстылығын көрсетеді.
Адам ұжымында өз күшінің, өз қабілеттерінің керек екенін түсінеді,
сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның
оқыту және тәрбиелеу жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты.
Қорыта айтқанда, ұжым тәрбиенің маңызды құралы.

2.1. Ұжымның даму кезеңдері бір-бірімен сабақтастығы.

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған
А.С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекеттерінің
мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты
ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан
басталады. Талап іс-әректтерінің барысында орындалуға тиісті нақты
міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік
тәжірбиеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс.
Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген
оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену
керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар
тобын көбейтуге және балалармен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне
әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына тәсілдерді кске алған жөн:
- ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
- ұжым іс-әрекетінің дамуы;
- жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
- барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі;
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-
әрекетін ұйымдастыру. Оларды әртүрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды
балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С. Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық іс-
әрекеттерін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттерге қатыстыру,
ұжымды балаға педлагогикалық ықпал жасайтын құралдарға айналдыру.
А.С. Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды
тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшілерінің
ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан
бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты
бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау,
әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі – коммуникативті, яғни баламен байланыс жасау,
ұжымдық өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді
орындауы барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымдың бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принциптері,
қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең – бұдан былай белсенді топтың және ұжым (сынып) іс-
әрекеттерінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді,
құбылыстарды бағалауға, қоғамдық, ұжымдық пікір пайдаланылады.
Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым балалар ұжымын қалыстастыруға
көмектесетін шарттар. Балалар ұжымын қалыптастыруға мына шарттар
көмектеседі: балалардың ұжымдық іс-әрекеті: бірге қуану-қайғырулары,
балалар бақшасы қызметкерлерінің ынтымақтастығы. Іс -әрекетті бірлесіп
жасау балалар ұжымын қалыптастурдың негізгі шартымен құралы болып таылады.
Балаларды олардың бар күшін жұмсайтын – ортақ мақсатқа біріктіріп, олар өз
әрекеттерін байланыстырулары керек болса, ал олардың еңбек нәтижелері
олардың ортақ жұмысы ретінде бағаланса, олар ұжым екендерін саналы түре
ұғынатын болады. Жағымды эмоция тудыратын бірлесе әсерленулер балаларды
жақындастырады және оларды ұжымға біріктіреді. Қуыршақ театры спектакльмен,
балалар балабақшасындағы мерекелік ертеңгіліктерден, қызықты ертегілерді,
музыканы тыңдаудан, бірігіп ән салудан алған айқын әсерлер – осының бәрі
терең эмоциялық сезім тудырады да ол сезім күшіне түседі. Балалар
ұжымының және олардың ұжымдық мінез-құлқының қалыптасуы ересек адамдардың
тату ұжымы бар балалар бақшасында жүзеге асады. Балалар мектепке дейінгі
мекеменің өмір тәртібі туралы, оның қызметкерлерінің қарым-қатынасы туралы
күн сайын әсер алып отырады. Егер олар үлкендерінің бір-бірін қадір тұтып,
құрметпен қарайтын, оған көмектесуге әрқашан әзір тұратынын, тату жұмыс
істеп, өз ісін жауапкерлікпен орындайтынын көрсе, балалар бұл норманы
балалар ұжымы өмірінде, өздерінің қарым-қатынастарында қолданады.
Өмірде оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында
ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір-
біріне істипатты болу жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын
тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды қасиеттер
пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір-бұл ұжым
мүшелерінің талаптардың, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым
кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе
кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялық әрекеттілік қоғамдық
пікірлердің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруды аса маңызды мәселелердің
бірі – ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдай осыдан орай, А.С.
Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты
перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды
әртүрлі іс-әрекетке ынталандыру, қызықтыру Егер балалар алдында қуанышты,
қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А.С. Макаренко адам
өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш дейді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, музей
және көрмеге бару, үйірмелерді қызықты жұмыстар т.б. жатады.
Орта перспектива – бұл перспективаға балалар лагеріне бару жыл сайын
өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдіс-тәсілдер, эстетикалық
тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға
оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қалың перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істің ұзақ
мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек
мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық
шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары
аррнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға,
отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл песрпектива жақын және орта
перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады. Осы перспективаны
озу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің
міндеттері біріншіден перспектива оны баланың сыныптың, мектептің пайдасы
үшін таңдап ала білуі; екіншіден оқушылардың жас ерекшектерін және жолын
дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрлің үлкен тәрбиесін маңызы зор А.С.Макаренканың
сөзімен айтақнада, дәстүр ұжымда бекітіледі.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және
тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін
байқауға болады. Мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы
қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б.
Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың
мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
Дәстүр – бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп
отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымға адамдардың қатьынастарын көрсететін
нормалар мен принциптер.

2.2. Ұжым – тәрбие құралы

Педагогика ғылымда оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның
тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі
де бар.
Ұжым тәрбиеленіп ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек.
Балалар ұжымы олардың өмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орында
тоқырап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу – ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде
қозғалыстың себебін, дамытудың мүмкіншіліктерінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш – болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы.
Әр түрлі жастағы топтарла ұжымті өзара қарым – қатынасты тәрбиелеу.
Құрбылырамен қарым-қатынас жасау қажеттілі балада өте ерте, өмірінің
алғашқы жылының аяқ кезінде пайда болады. Тәрбиеші олардың қарым-
қатынасын ұйымдастырады, бірін-бірі жақсы көруге негізделген өзара
қарым-қатынастарын жолға қояды, құрбыларына деген тәлектестікті алғашқы
бірлестігі ұйымдастырады, қолдайды, мадақтайды: Катя мен Юля қандай жақсы
ойнайды?. Бірлеске іс-әрекет процесінде педагог балаларды бір-біріне
көмектесуге үйретеді. Балалар бақшасына келгенде көбінесе баланың семьяда
қалыптасқан дарашылдық менмендігі күшті болады: өзін жоғары ұстау,
басқаларға көңіл аудармау, елемеу, ойыншықтардың көбін келекетіп,
басқаларға бермеу, бәрін менікі- деп ұнатқан ойыншықтарын тартып алу,
тәрбиешінің назары тек өзінде ғана болса екен деу және т.с.с. Уақыт және
педагогтың төзімділікпен жұмыс жүргізуі баланың психикасын өзгертеді, бала
құрбыларына көңіл аударып, ойыншықтарын бөлісе бастайды, онлда бірлесіп
ойнауға тілек пайда болады. Балалардың ұжым өміріндегі тәжірбиесі молайған
сайын олардың өзара қарым-қатынасы неғұрлым саналы сипатқа ие болады,
бір-бірімен байланысы нығая түседі. Тәрбиеші әр баланы өз құрбыларымен
сәлемдесуге, ол бүкіл баланы жаңадан келген баланың сәлеміне жауап қайыруға
үйретеді, ауру балаға хат жазуд, суреттер жіберуді, телефон соғуды және
т.б. ұсынады. Балалар бақшасында, ұзақ уақыт болмаған баланың келуіне
қуанышты кездему ұйымдастырады, оған ерекше көңіл бөледі.
Естияр балалар бірлестіктері неғұрлым тұрақты; олар бірге ойнап қана
қоймайды, сонымен қатар бірге еңбек етеді. Мысалы, бірнеше балаға
мебелді немесе бөлмеде өсіріліп жатқан өсімдіктану жапырақтарын сүрту
тапсырмасы беріледі. Олар бір істеу қызық және көп істеуге болатынын
түсінеді.бес жасқа келген балалар өз іс-әрекеттерін келісті істеуге,
ойынды немесе еңбекті қашан бастау керектігі жөнінідегі сөз байласуға
тиіс.
Бұған тәрбиешінің сұрақтары көмектеседі. Кім-кімммен ойнайды? Кім
болып ойнағысы келеді? Ол тату ойнаған және еңбек еткен өз бетімен
жолдасына көмектескен балаларды мадақтайды. Мысалы, серуенге шығарда
мойнына шарф байлауға, кезекшіге фартук байлауға және т.б. көмектеседі.
Балалар басқасында әр баланың туған күнін мейрамдау дәстүрі олардың өзара
қарым-қатынасына жылылық береді. Тәрбиеші балалардың бір-біріне қызмет
көрсетіп, қадір тұтуы үшін күнделікті өмірдің, тұрмыстық іс-әрекеттің кез-
келген мүмкіндіктерін пайдаланды. Жуынып жатқан және серуенге киіну
кездерінде жыллдамдықты талап ету, басқа балаларды кідіртуге
болмайтындығын түсіндіреді. Киіну және шешіну кездерінде тәрбиеші
балаларды өз жолдастарынан көмек сұрауға және өз қалауымен көмектесуге
тәриелейді. 5-6 жастағы баланың өзара қарым-қатынасы едәуір күрделі.
Педагог бірлескен іс-әрекет ұйымдастыруға баланың неғұрлым тәуелсіз болуына
жағдай туғызды, олардың ұйымдастырушылық қабілетін талас және даулы
мәселелерді әділ де байсалды шеше білуді ұжым пікірімен санаса білуін
қалыптастырады. Бұл мақсатқа жетуге балалардың оқу кезіндегі іс-
әрекеттері көмектеседі. Олар жолдасын байсалды тиыңдауға, көрші отырған
баланың жұмысына кедергі жасамауға көмек көрсетуге, яғни оның өз істейтін
және өзі істей алатын істі ол үшін істемеуге үйренді. Оқу сағаттарында
жауап бергенде, бала жұрттың бәрі оның көріп еститін болуын ойластыруға
тиіс. Балаларды жолдастарының жұмысына талдау жасауға және ол
жұмыстарды бағалауға жұмылдыра отырып, тәрбиеші балаларды талғағыг және
әділ болуға үйретеді. Педагог балалардың құрбыларына қайырымды болуын
тәрбиелеу үшін өмірдегі алуан түрлі жағдайларды пайдаланады; жылаған
баланы, жұбату, оның жаңа киіміне қуану, жылы шыраймен амандасу және
т.б. Кейбір жағдайдаларда ересек және мектепке даярлайтын топтардың
балалары құрбыларының жағымсыз қылықтарын тапқылауға тартылады. Сәбилерге
мейірімділік, қамқорлық жасауға балаларды тәрбиелеуге үнемі орындалып
отыратын тапсырмалар көмексетеді. Сәбилер тобы учаскесін жинау, серуенге
шығар кезде киінуге көмектесу және т.б.
Ересек топтың балалары қонақжай қодайыншының ролін сүйсініп
орындайды, өз тобында және учаскесінде сәбилерді қабылдай отырып, оларға
қуыршақ театр көсетеді, олардың қатынасуымен көңілді ойындар ұйымдастырады.
Балаларда ұжымте қалай тұру керек, жақсы жолдас, жақсы дос болу деген
не сияқты ұғымдарды тәрбиелеу үшін тәрбиеші әдеби шығармаларды
пайдаланады.
Сондай-ақ балалар бақшасы туралы, тату балалар туралы, өлеңдер мен
әндер, кейбрі суреттер балаларды жолдастық пен жостыққа тәрбиелеуге
көмектеседі.
Негізгі идеясы жолдастық пен достық болған шығармаларды оқуға
суреттерді қарауға байланысты балалармен эстетикалық тақырыпқа әңгіме
өткізуге қолайлы мүмкіндіктері туады.
Мұндай әңгәмелерді өткізуге сол топ балаларының қылықтары да негіз
бола алады.
Балалық шақтың жарқын әсері балалар бақшасында өткізілетін мерекелік
ертеңгіліктермен, көңілді кештермен байланысты. Балаларды мейрамдарды
шыдамсыздықпен күту, оларға бірлесіп әзірлену ынтымақтастытырады. Балалар
бақшасындағы мейрамдар балаларды көпшілдікке қонақжайлылыққа тәрбиелеу үшін
де пайдаланады. Балалар бақшасы қызметкерлерінің мейрамдарды өткізуге
белсене қатысуы балаларды қуанышқа бөлейді және оларда балалар бақшасы
үлкендермен балалардың біртұтас, тату семьясы деген сезім тудырады.
Өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дүниесінде адам қажеттілігінің
мәдени және материалдық жиыны, оныңі дамуы деңгейі, бүкіл моральдық
бейнесі айқындалады. А.С.Макаренко болашақ үміт дүниесінің педагогикалық
маңызды ерекшеліктерінің бірі – баланың алдында мақсат жүйелі ретінде
ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігінімен еліктіреді,
өзінің және ұжымның болашағын құруға қатынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі
мен ілгері ұмтылуын туғызады деп есетеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді,
тілектерді, мүдделерді қанағанттандыруға ұмтылу оқушыныңіс-әрекеттерін
әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Педагогикалық тұлғадан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы,
баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым
мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам
талабына сәйкес келетін мүндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз
керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру
мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттылығы ерекшеліктері
болады. Олар:
- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан
туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің
еліктіруі;
- нақты істер міндеттерінің мақсаттарының қоғамдық пайдалы құндылығы
және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысты, болашақ
үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;
- оқушыларда нақты моральдық сапаларды тәрьиелеудің педагогикалық
мақсатқа сәйкестігі;
Мұғалімнің міндетті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс-әрекет
жүйесін құру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды
тәрьиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.
Ұжымның жасампаз істері қазіргі кезде тәрбие жұмысы құралдарының
ішінде ең өзектілерінің бірі. Шынында да, мәселен, еңбек мерекесі, ән-жыр
көктемі, тақырыптық кештер, т.б. мектепте үйреншікті құбылыстарға
айналады. Осындай іс-әрекеттер түрлі жастағы оқушылар жігерін біріктіріп
аға ұрпақ өкілдерінің бірлескен қатынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл
бірлік ұжымдық жасампаз істер жүйесін оқушылармен тәрьие жұмысында
нәтижеслі пайдалардың шарты болып отыр. Мектеп кештерінде, арнайы
ұйымдастырылған кездесулерде, мұражай және көрмелерге баруда аға ұрпақ
өкілдерімен тікелей қатынасып, оқушылардың танымдық мүддесін
қанағаттандырады және тереңдетеді, ой-өрісін кеңейтеді, талғам құлықтық
көзқараспен қабылдауын және үндестігін, пейілін және зейінін дамытады.
Мектеп тәжірбиесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың төмендегідей 2 жолы
бар екенін көрсетеді.
- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мұғалімнің өзі олардың
алдына болашақ үсміт дүниесін міндет етіп қояды және міндетті
шешудің жолдарын көрсетіп, балаларды еліктіреді;
- өздеріне болашақ үміт дүниесі ретінде алдына қойылған мақсатқа жету
жөніндегі оқушылар бастамасын мұғалім қуаттап, оған жету жолдарын
табуға көмектеседі.
Түрлі болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік
тәсіл-нақты мақсатқа жету жолдарындағы күреске балаларды даярлау. Ол
даярлыққа болашақ үміт дүниесіне жетудегі көмектесетін жоспарды, жобаны,
ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар
кіреді.
Бұл жұмыс тәрбие ұжымын және біріктіру барысындағы ең бір маңызды
кезең. Ортақ іс-әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек
және ол қатысу белсенді, жасапмаз сипатта болған жөн. Ұжым мүшелеріне
тапсырмады орынды бөлу балаларды еліктеудің, болашақ үміт дүниесі істеріне
қатынастардың негізгі жолы тапсырма топқа және жеке оқушыға берілуі
мүмкін. Кез келген іс баланың ақыл ойын ғана емес, оның сезіміне әсер
ететіндей, тек еңбегі мен қылығына ғана емес, әсемділікке көзқарасын
тәрбиелейтіндей ұқыпты ұйымдастырылған, сәулетті безендірілген болуы керек.
Әсіресе мерекелер сәулетті және салтанатты ұйымдастырылуы қажет.
Бұларға ата-аналар, қонақтар қатынасуы, өту барысында балаларға сыйлықтар
тапсырылуы, жарыс қорытындысы жарияланғаны өте жақсы.
Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда әсіресе
сынып жетекшісінің зор ұйымдастыру жұмысы қажет. Оның болашақ үміт дүниесін
тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды
еліктіру, қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіру, болашақ үміт
дүниесін айқын, бейнел, әсем суреттей білуі балалармен бірге олардың
өмірін қуанышты және қызықты еткісі келетініне сендіру керек.
А.С.Макаренко әдепкі кезеңде оқушылар қарсылық білдірмей, пікір
таластырмайтындай және тапсырмадан бас тартпайтындай талап қоюдың қажет
екенін атап көрсеткен болатын.
Бұл жерде қойылған талаптардың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы
ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі мол болуы керек. Бірақ
бәрінен өз тарапынан туатын талапқа шоғырлындыру қате болады. Бұл
жағдайдың өзгермеуі түрлі бастамалар мен өзіндік іс-әрекеттерді тежейді.
Сондықтан болашақ үміт дүниесі үшін күрестің алғашқы нәтижелері белгілі
болғанда, мұғалімнің балалар өмірінің қуанышты және қызықты етуге,
балалардың көп белсенділік көрсеткенде, оқушылар ұжымының өмір мазмұнын
күрделендіріп, ұжымға талап қою қызметінің бөлігін белсенділерге жүктеп,
олардың жан-жақты қолдап отыру керек. Оқушылардың көбі сыныптың белсенді
тобын және мұғалімді қуаттайды. Оқушылар ұжымының қоғамдық пікірі құлық
тәрбиесінің шешуші күніне айналады. Қажет болғанда бүкіл ұжым жеке
оқушылардан тәртібінің дұрыс болуын талап етеді.
Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының
жетекші буынға айналуы оқушылардың, бүкіл мектептің өзін-өзі басқару ісіне
қатысты болады. Сыныпта ұйымдастыру міндеттерін орындауы ұжым өткілдері
бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Өз ұжымының
өмірін басқа бастауыш ұжымдары өмірімен байланыстырады.
Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы ұжымның өз шамасына
сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы болып табылады.
Олардың бұл ісі мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады.
Оқушылар ұжымын қалыптастырудың пәрменді құралы олардың өзін-өзі қызмет
істеу шамасына сай қатынасуы болады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың
жас ерекшеліктерін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс кетпеуін қадағалау
керек.
Оқушылар іс-әрекеттер туралы біраз пікірлер айтылады.
Іс-әрекеті бұл қарым-қатынас ұжымының өздігінен істеушілік және ішкі
процесінің көзі, нақты мақсатқа жету ұжымның міндеті – жеке адам қарым-
қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты іс-әрекеттің
барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттардыру.
Сондықтан педагогикалық ұжымның міндеті – жеке адам қарым-қатынас
жасаудың негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты көңіл күйін
жеңілмейтін тілекті сезіну тиіс.
Балалар қарым-қатынас бағаламайды. Осы тұрғыдан және қатнасты тұрақты
жүйесін және кіші топтың ролін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр
бала өз орнын алады. Біреулер өзінің әйгілілігімен жолдастарының алдында
беделді, ал екіншісімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ
барлық балалар қатынас жасауды қажет етеді. әсіресе сынып ұжымындағы
оқушылар қатынас арқылы ынтымақтың достықты тілейді. Осыған байланысты кіші
топ дербес қатынас жасаудың негізінде стихия пайда болады.
Кіші топтардың құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін. Кіші
топтың маңызды ерекшеліктері өзара қатынасының тартымдылығы. Егер мұндай
ерекшелік болмаса топты сақтау мүмкін емес. Әрбір оқушы бір сыныптың
оқушылармен немесе құрдастарымен ынтымақты қатынас жасау үшін олардың өз
арасында өзара ұнатушылық, бір-біріне сүйіспеншілік болуы қажет.
Оқушылардың түрлі тақырыптарға өзара әңгімелесуі, достық кездесуі, ақпарат
алмасуы, әрбір баланы қызықтырады, ынталандырады. Бұл балалардың
әлеуметтік тәжірбиесін молайтады.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын
сынып жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынас реттеуде және дамытуда
қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде дамытуда мұндай
шығармашылық тәсіл ұжымда педагогикалық меңгеру жолдарының бірі.
Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес
жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара
тәуелділік талап етіледі. Өзара жауапкершілік қатынасының мынадай
жағдайларды еске алған жөн.
- Ұжым мүшелері тең құқылы болады;
- Басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан оқушыларға қысым
жасамайды;
- Жауапкершілік және өзара тәуелділік жүйесінде жалпы істі
орындаудың барысында әртүрлі бейімдеушілікке жол бермейді.
Осындай жағымсыз жағдайларды болдырмай үшін әрбір ұжым мүшелерінің
әлсіз және әлді жақтарын еске алып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымын зерделеу әдісі
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызы құралы
Ұжымдық тәрбиенің обьектісі мен субьектісі
Ұжымның даму кезеңдері
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы
Ұжым-тәрбиеқұралы
Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Пәндер