Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы экологиялық білім берудің пәнаралық сипаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Педагогика, психология және кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Мақал-мәтелдер арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары

(4 сыныптағы әдебиеттік оқу негізінде)

Орындаған: Педагогика және психология мамандығының сырттай оқу бөлімінің 3-курс студенті

Тойбазарова

Ғылыми жетекші

аға оқытушы Бижанова Ғ. Қ.

Арқалық

2007

Мазмұны
:
Мазмұны: Кіріспе
: 3
: 1.
Мазмұны: Мақал мәтелдер арқылы экологиялық тәрбие берудің теориялық негізі
: 8
: 1. 1
Мазмұны: Экологиялық тәрбие және оның көкейкесті мәселелері
: 8
: 1. 2
Мазмұны: Экологиялық тәрбие беруде мақал мәтелдерді қолданудың мүмкіндіктері
: 19
:
Мазмұны: Тұжырым
: 39
: 2
Мазмұны: 4-сынып оқушыларына мақал мәтелдер арқылы экологиялық тәрбие беруге бағытталған тәжірибелік - эксперимент жұмыстары
: 41
: 2. 1
Мазмұны: Анықтаушы эксперимент материалдарын жүргізу, өңдеу.
: 41
: 2. 2
Мазмұны: Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу.
: 49
:
Мазмұны: Тұжырым
: 59
:
Мазмұны: Жалпы қорытынды
: 61
:
Мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттер
: 64

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Бүгінгі таңда адамзаттың тарихи дамуы мен ғылыми-техникалық процестің жеделдеуіне сәйкес жеке адамның шығармашылық, рухани, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру негізгі көкейтесті проблеманың бірі болып отыр. Осыған байланысты оқушыларға экологиялық тәрбие беру мемлекеттік, әлеуметтік маңызға ие педагогикалық тұрғыдан зерттеуді қажет ететін мәселе. Ұлттық рухани мұра арқылы оқушының рухани деңгейін арттырып, адамгершілікке тәрбиелеуге алғашқы қадамдар жасала бастады. Республика тарихында тұңғыш рет «Қазақстан Республикасының этникалық мәдени білім тұжырымдамасы» (1996 жыл), «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы» (1994 жыл), «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» (1994 жыл) қабылданып, онда ана тілі арқылы имандылық, адамгершілік тәрбие беру міндетіне ерекше мән берілген. /1, 2, 3/.

Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Табиғат байлықтарын қорғау және оны тиімді пайдалану жөніндегі алға қойылған маңызды міндеттердің бірі ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау үшін табиғи экологиялық жүйені қосымша түрде терең оқып, білу болып табылады.

Өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі айтарлықтай артады. Бұған қарап табиғатты қорғау үшін өндірістің көлемі мен қарқынын тежеу керек деген қорытынды шықпаса керек. Бұл жерде әңгіме адамның табиғатпен ара қатынасын дұрыс жолға қою туралы болмақ.

Ал табиғатпен қарым-қатынасты дұрыс жолға қою дегеніміз - бұл табиғаттың байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны үнемі пайдалану, сондай-ақ шаруашылықтағы ғылыми тұрғыдан жүргізіп, табиғаттан қанша қажет болса, тек сонша ғана ала білу жөнінде біртұтас кешенді шаралар жасау деген сөз. Адам табиғат байлығын шектен тыс рәсуа етсе, онда ол табиғаттың өзін-өзі қалпына келтіру қабілетін жояды. Адам мен табиғаттың соншалық нәзік байланысына иненің жасуындай болса да зақым түссе, бұл адамзаттың жер бетінде биологиялық түр ретінде өмір сүруіне қауіпті зардаптар туғызады. Адамның табиғатқа бағытталған өзімшіл шабуылынан туындайтын кесапат зардаптарды болдырмау үшін ғылыми-техникалық, саяси-әлеуметтік, экологиялық және басқа бірқатар проблемаларды шешу керек. Бұлардың арасында педагогикалық, тәрбиелік мәселелер алғы шептен орын алады. Неге десеңіз, өсіп келе жатқан ұрпақ мектеп қабырғасында жүріп айналадағы табиғи ортаны көздің қарашығындай сақтауға, онымен ғылыми тұрғыда қарым-қатынас жасауға дайындалуы тиіс. Міне, сондықтан да оқу құралдарын «экологияландыру» идеясы (былайша айтқанда, оның мазмұны мен сабақ жүргізу әдістемесінде мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру міндеттері көрініс табуы) бүгінгі таңда соншалық маңыз алып отыр.

Қазіргі заманғы ғылымда «экология» деген сөздің түсінігі тек биологиялық мағынамен шектелмейді. Қазір экология табиғаттағы адамның мінез-құлқының жалпы стратегиялық бағытын айқындауға жұмылдырып отыр.

Сондықтан да жастарды айналадағы ортамен тиімді байланыс жасауға үйрету, оларда экологиялық саналы тәртіп қалыптастыру жалпы білім беретін мектептердің аса маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі қазір дүние жүзі халықтарының, ғалымдардың, педагогтардың, саясат қайраткерлерінің назарын ерекше аударып, БҰҰ-ның талдап-талқылайтын ең маңызды мәселелерінің біріне айналып отыр.

Экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл педагогтарымыздың орны ерекше. Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Г. Песталоций, Ф. Дистирвег, А. Гумбольд классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді.

Кезінде, ХІХ ғасырдағы орыс ағартушылары В. Г. Белинский, А. Н. Герцен, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писарев мектепте табиғатты немқұрайлы оқытуға және оған мейірімсіздік қатынасқа қарсы шыққан.

Бастауыш сынып оқушыларының қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын жеткілікті қарастырмаудан, тәрбиенің экологиялық бағытын дамытуды қиындатты. Бұл қазіргі уақытта көптеген мәселені қайта қарауды және балаларды қоршаған ортаны, табиғатты және оның байлықтарын қорғауға тәрбиелейтін тәрбиенің ерекше тиімді формалары мен әдістерін зерттеуді талап етеді. Осы салада зерттеу жұмысының қажеттілігі, әсіресе бүгінгі күні экологиялық мәселелердің туындап отырған кезеңде ерекше көкейтестілігімен сипатталады.

Зерттеу объектісі: оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына мақал - мәтелдер арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары.

Зерттеу мақсаты : бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беруде мақал - мәтелдерді қолданудың жолдарын теориялық жағынан негіздеп, мазмұны мен шарттарын анықтап, әдістемесімен қамтамасыз ету.

Зерттеудің ғылыми болжамы : бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру тиімді және нәтижелі болуы мүмкін, егерде:

-бастауыш мектепте оқушылардың табиғатты қорғауға байланысты гумандық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізі дәлелденсе

-сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың бірлігі мазмұндық ұйымдастыру және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе.

-экологиялық тәрбие мазмұны мақал-мәтелдермен толықтырылса, соғұрлым бастауыш сынып оқушыларының экологиялық білімі мен адамгершілік қасиетттерін табиғатқа аялы көзқарастарын, қарым-қатынастарын қалыптастыруға болады.

Зерттеу міндеттері:

-бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;

-экологиялық тәрбие берудің өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау (және моделін құру) ;

-экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын анықтап, мазмұндарын мақал-мәтелмен толықтыру;

-сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие беруді жетілдіруді тәжірибелік-эксперимент түрінде тексеріп, дәлелдеу.

Жетекші идея: Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесінде экологиялық тәрбие беруді әдебиеттік оқу, сабақтан тыс жұмыстарды бірлікте жүргізу арқылы оқушылардың табиғатты қорғауға, аялауға деген жауапкершіліктерін қалыптастыруға болады.

Зерттеу көздері: Зерттеу проблемасына байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлер, Қазақстан Конституциясы, заңдары мен Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, қаулы-қарарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен қосымша оқу құралдары, оқу-әдістемелік іс-тәжірибелер.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; бастауыш сынып мұғалімдерінің экологиялық тәрбие берудегі іс-тәжірибесі, мектеп құжаттары мен (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарлама т. б. ) танысу, мектеп жұмыс нәтижесін салыстыру, сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау, эксперимент нәтижесіне баға беру.

Зерттеу кезеңдері : Зерттеу негізінен 3 кезеңде бірізділікпен жүргізілді.

1-кезеңде: 2006 жылдың қараша- желтоқсан айы аралығында зерттеу тақырыбы алынып, осы тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, теориялық негіздері анықталды.

2-кезеңде: Қаңтар айында бастауыш сынып оқушыларының бойында экологиялық тәрбие деңгейін анықтауға әдістеме дайындап, жүргізу, нәтижесін өңдеу.

3-кезеңде: ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айларында экологиялық тәрбие қалыптастыруға жұмыстар жүргізу, алдын-ала қорғауға дайындалып, қорғауға шығу.

Практикалық мәнділігі:

Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беруде мақал - мәтелдерді қолдануға байланысты ұсыныстар дайындау.

Дипломдық жұмыс көлемі: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, әдістері, зерттеу көздері, практикалық мәнділігі баяндалады.

«Бастауыш класс оқушыларына мақал-мәтелдер арқылы экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда проблеманың философия, психология, педагогика, экология саласында зерттелу деңгейі қарастырылып, бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары, мазмұны әдебиеттік оқу пәні мазмұнына енген экологиялық материалдар жинақталған, сонымен қатар, оқушыларға экологиялық тәрбие беру бағытында проблеманың бүгінгі таңдағы жағдайы сипатталады.

«4-сынып оқушыларына мақал мәтелдер арқылы экологиялық тәрбие беруге бағытталған тәжірибелік - эксперимент жұмыстары» атты екінші тарауда оқушыларға әдебиеттік оқу пәнінде мақал -мәтелдерді тиімді пайдалану арқылы экологиялық тәрбие берудің формалары мен әдіс-тәсілдері айқындалып, оларды іске асыруда тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері шығарылады.

1 Бастауыш сынып оқушыларына мақал мәтелдер арқылы экологиялық тәрбие берудің теориялық негізі
1 Бастауыш сынып оқушыларына мақал мәтелдер арқылы экологиялық тәрбие берудің теориялық негізі: 1. 1 Экологиялық тәрбие және оның көкейкесті мәселелері

«Экология» деген сөз «тіршілік ету мекені», «өмір сүрген орта туралы ғылым» дегенді білдіреді. Оны немістің атақты табиғат зерттеушісі Эрнест Геккель тұңғыш рет 1869 жылы ғылыми сөздік қорға қосты. Ол экологияның зерттейтін заты тіршіліктің айналадағы ортамен байланысы болуға тиіс деп есептеді.

Қазіргі заманғы ғылымда «экология» деген сөздің түсінігі тек биологиялық мағынамен шектелмейді. Қазір экология табиғаттағы адамның мінез-құлқының жалпы стратегиялық бағытын айқындауға жұмылдырылып отыр. [3; 152]

Қазіргі әлем табиғатының ғылыми түсінігі экологиялық проблемаларды көрсетпейінше, бұлдыр болып көрінер еді. Бүгінгі таңдағы ғылым мен техниканың, өндірістің жаңа салалары пайда болып, адам еңбегінің айналадағы ортаға ықпал күшінің орасан артуы нәтижесінде қоғам мен табиғаттың өзара байланысы ең күрделі проблемаға айнала бастағаны соншалық, адамның табиғатпен араласуы бұдан былай қомағайлық пен рәсуалықты көтермейді. [3; 153]

Осы заманға ғылым мен техника адамның қолына ғаламат қуатты қару-құрал беріп отыр. Ал мұның өзі қоғамның өндірістік қызметінің табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға әсерін керемет күшейтіп жіберді.

Осы өндіргіш күштердің жер бейнесін Тіпті өзгертіп жіберуге де құдіреті жетеді. Жер байлығын ысырапсыз пайдалануға ұзақ жылдар бойы үйреніп қалған адамзат табиғат заңдарымен санаспайды. Оның ашкөздігі, табиғат байлығын тиімді пайдалана білмейтіндігі, өз әрекетінің айналадаға қоршаған ортаға қандай зардап тигізетінімен санаспайтындығы дүниежүзінде қайталанбас экологиялық құбылыс туғызады. [3; 154]

ХХ ғасырдың соңғы он жылдықтары дүние жүзі халықтарының алдына қиын да күрделі проблемаларды көлденең тартты. Оларды ғаламдық проблема дейді, өйткені ол тек жекелеген елдердің ғана емес, күллі адамзаттың мүддесіне тікелей қатысты. Сондықтан да қазір дүние жүзі халқының, ғалымдардың, саясат қайраткерлерінің назарын ерекше аударып, БҰҰ-ның талдап-талқылайтын ең маңызды мәселелерінің біріне айналды. [4; 13]

Ғаламдық масштабты қамтитын түрлі экологиялық проблемаларға назар аударайық. Мысалы, 1970 жылдың өзінде ғана адамдар пайдаланған қалдықтар мен өндіріс қалдықтары 40 миллиард тонна көлемінде табиғат қойнауына төгілген. ХХ ғасырдың аяғына дейін бұл 100 млрд. тоннаға дейін өсті. Соңғы 30 жыл ішінде түрлі қажеттіліктер үшін жағылған отын түрлерінің ғаламшардағы атмосфера құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері 25%-ға артқан. Жер шарындағы осындай отындарды жаққан кезде атмосфераға 20 млрд тонна көміртегі (ІV) оксиді бөлінеді. [3; 17]

Дүние жүзіндегі мұхиттарға жыл сайын 10 млн. тоннадай мұнай мен мұнай қалдықтары төгіліп, ластайды екен. Адамның іс-әрекетінен, су айдындарды бейберекет пайдаланудан және түрлі зиянды жәндіктерге қарсы пайдаланылған песицидтер мен гербицидтерді қолданудан су қорлары ластанып тартылуда. Оның бір мысалы - Арал теңізі. Соңғы жылдары Арал теңізінің өзінде дүние жүзінде сирек кездесетін 34 түрлі балық болған, қазір олардың бәрі жойылып бітті. Дүниежүзін алаңдатып отырған экологиялық апатты аймақтардың бірі - Семей полигоны. 1949 жылдан 1989 жыл аралығында бұл жерде 467 рет ядролық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Мұндай сынақ аймақтары Қазақстанның 34 нүктесінде болғандығы да белгілі болып отыр.

Мұндай қатерлі көріністердің салдарынан ХХ ғасырдың 2-жартысында айналадағы ортаның жай-күйі тіпті нашарлап кетті. Осының негізінде, айналадағы ортаны қорғау жөніндегі шараларға көптеп көңіл бөлінуде. Ал осы орайда мұғалімдердің міндеті - жастар бойында қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қалпына келтіру бағытындағы сенімді біржолата орнықтыру болып отыр. Бұдан экологиялық тазалықты қолға алу мәселесі туындайды. Экологиялық тазалық, ең алдымен, ой тазалығы, бой тазалығынан басталады. Ал, мұның өзі белгілі бір жүйелі білім мен тәрбие негізінде жүзеге асады. Сондықтанда мұны біртұтас процесс деп қарастырамыз. [4; 28]

Біз табиғатқа «қарым-қатынас» ұғымының маңызын нақты сипаттау мақсатында экологиялық білім мен тәрбие беру проблемасын зерттеген философтар, социолог, психолог, педагогтар еңбектерін қарастырдық.

Психолог-педагогтар А. Н. Леонтьев, И. Ф. Харламов қарым-қатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын; В. Н. Мясищев оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестіреді. Кейбіреулері қарым-қатынастың бағыттылықпен (Н. Д. Левитов), позициямен (Б. Т. Ананьев, А. К. Маркова), сезіммен (С. Л. Рубинштейн), мінез-құлықпен (Б. Н. Теплов), қызығушылықпен (П. И. Иванов, А. П. Архипов), әлеуметтік белсенділікпен байланыстылығы (Б. Ы. Мұқанова) туралы пікірлерін айтады.

Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының адамгершілік аспектісін ашуда, ақыл-ой мен сезімін тәрбиелеуде, сананы қалыптастыруда адамның экологиялық мәдениеті жетекші орын алады.

«Мәдениет экологиясы» терминін ең алғаш рет академик Д. С. Лихачев 1980 жылы ұсынды. Оның пікірінше, адамгершілік факторынан құрылған адам тіршілігінің объективті негізі - мұраларды сақтау, сондықтан мәдениет экологиясын адамгершілік экологиясы ретінде қарастырады. Мәдениет экологиясының заңдарын сақтамаған жағдайда ол қоғамның адамгершілік, рухани, жағынан құлдырауына әкеліп соқтыратынын ескертті.

Сонымен, «экологиялық мәдениет» салыстырмалы ұғым, ол дүниежүзілік мәдениеттің құрамды бөлігі. Экологиялық мәдениет ұғымының пайда болуы экологиялық қауіпсіздікті болжау, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.

Қорыта келгенде, экологиялық мәдениет - әлеуметтік табиғи түзілім, оның құрылымы өзара тығыз байланысты бөліктерден тұрады:

-экологиялық білім;

-экологиялық сана;

-экологиялық сенім;

-экологиялық қарым-қатынас;

-экологиялық тәрбие.

Енді осы құрамды бөліктерге жеке-жеке тоқталайық.

Экологиялық сана - адамның табиғатқа және адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасын көрсететін экологиялық мәдениеттің рухани формасы. Экологиялық сана - нақты әлеуметтік және табиғи мүмкіндіктерге сәйкес қоғам мен табиғаттың арақатынасының проблемаларын тиімді шешудегі көзқарастардың, теориялар мен сезімдердің жиынтығы және экологиялық мәдениеттің «қоғамдық жады» қызметін атқаратын бір бөлігі деп тұжырымдалады.

Экологиялық сана экологиялық сенімді туғызады. Экологиялық сенім болашақтағы қарым-қатынастың іргетасын құрап, баланың іс-әрекетінен, мінез-құлқы мен әдет-дағдысынан көрініс табады.

Экологиялық сенімді қалыптастыру үшін теорияның нәтижесін практикалық іс-әрекетке қолданудың маңызы зор. Оқушы табиғи ортаны қорғаудың нақты жұмысына қатыса отырып, бұл іс-әрекеттің ерекшелігімен танысып қана қоймайды, сонымен қатар, нақты мысалдарда экологиялық заң мен ережелерді сақтау қажеттігін түсініп, сезінеді, түрлі сипаттағы экологиялық маңызды жағдайлардың нәтижесін ойлайды. Ол тұлғаның эмоционалдық сферасын қозғап, санасында терең із қалдырады. Нәтижесінде оқушыда табиғатты пайдалану практикасымен байланысты фактілер мен құбылыстарға тұрақты тұлғалық қарым-қатынасқа дағдыланады, экологиялық принциптер мен ережелерді сақтау, қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне сенім қалыптасады. Қорыта келгенде, экологиялық сенім теория мен практиканың, білім мен мақсатты бағытталған іс-әрекеттің арасындағы байланыстырушы буынның қызметін атқарады.

Қазіргі заманда экологиялық жағдайдың шиеленісуі «тәрбие» ұғымының кеңейе түсуіне әкеліп соқты. Оның негізгі құрамдас бөлігі - табиғатқа деген қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады. ХХ ғасырдың ІІ жартысында адам баласының алдынан шыққан табиғат қорғау проблемасы жастарға экологиялық білім және тәрбие берудің қажеттігін алға тартты. Тәрбиенің жаңа бағыты - экологиялық тәрбие дүниеге келіп, ол жан-жақты дамыған жеке адамды қалыптастыруда жаңа элементтермен толығуда. [5; 17]

Табиғат қорғау әлеуметтік, экономикалық, жаратылыстану және саяси проблемаға айналды.

Табиғат қорғау мәселесінің аумағымен проблемасы кең. Табиғат қорғау өзара тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын бірнеше проблемалардан құралады. Соның ішінде, оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу - ең маңызды, әрі кезек күттірмейтін проблема. . [4; 12]

Бұл проблеманы шешуде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру, олардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңызды орынға ие. Бұл мәселелер жөнінде сөз етпес бұрын, ең алдымен «қоршаған орта», «экология» ұғымдарына тоқталайық.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғау дегеніміз - адам денсаулығын сақтауға, сондақ-ақ әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, физикалық, химиялық және биологиялық комфортты (рахат жағдай) қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық, мемлекеттік, өңірлік және жергілікті әкімшілік шаруашылық технологиялық, саяси және қоғамдық шаралар. Бұл шаралар - өмір мақсаты емес, тек адам денсаулығы, қазіргі және келешек ұрпақтың жақсы болмысы үшін жасалды. Қоршаған ортаны қорғау проблемасының тәрбиелік те сипаты зор. Табиғат қорғау проблемасын іс жүзінде шешудің негізгі бір мақсаты - жастарды туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бұл проблеманы шешуде мектептің ролі күшті. [6; 43]

Табиғатты сүюге тәрбиелеу жұмысы бала екі аяғынан қаз тұрып жүрген кезінен басталып, өмір бойы балалар бақшасында, мектепте, жоғары оқу орнында, жұмыс істеуге көшкен кезде жүргізіледі.

Табиғат қорғау дегеніміз - қазіргі адамдар мен келешек ұрпақтар өмірі жақсы болуы үшін табиғи жүйелер мен жер қорларын сақтауға, тиімді пайдалануға және молайтуға бағытталған халықаралық, мемлекеттік, өңірлік, әкімшілік-шаруашылық, технологиялық, саяси және қоғамдық шаралар.

Яғни, қоршаған ортаны табиғатты қорғау белгілі бір практикалық іс-әрекеттер, шаралар негізінде жүзеге асады. Бұл шараларды сауатты және саналы түрде орындау - экологиялық білім мен тәрбие беру нәтижесінде мүмкін болады. Ендеше, экология туралы сөз қозғайық.

Экология ғылымы тірі ағзалардың бір-бірінен өзара қарым-қатынасын және олардың айналадағы табиғи орта жағдайларымен байланысын зерттейді. Экологияның зерттеу пәні - тірі ағзалардың мекен ету ортасымен байланысты.

Экология түсінігі адам өмірінің әлеуметтік, экономикалық, техникалық және гигиеналық факторлармен бірлікге сипатталады. Экология әлеуметтік, техникалық, медициналық және тағы басқа болып жіктеледі. Ал бұлардың бәрі табиғи жүйелер экологиямен қосылып, қазіргі комплексті экологияны құрайды.

Экология туралы ғылыми түсінік экологиялық білім беру негізінде жүзеге асады. Осы білімнің негізінде оқушыларда экологиялық тәрбие қалыптасады.

Педагогиканың тәрбиемен бір деңгейде және тығыз байланыста қарастыратын негізгі ұғымдарының бірі білім беру.

Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын бірліктерін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс. Білім беру кең әлеуметтік мағыналы тәрбиелеудің құрамды бөлігі.

Экологиялық білім беру дегенміміз - оқушыларға қоғам мен табиғат қатынасының проблемаларын шешуге, оның ғылыми негіздерін меңгеруге, табиғатты қорғауға мүмкіндік туғызатын білім, іскерлік, дағдыны игертуге бағытталған педагогикалық ықпал жасау. Экологиялық білім мазмұнын анықтайтын басты формалар мыналар:

1. Оқушылардың табиғатқа теріс қарым-қатынасын жою, экологиялық проблемаларға байланысты қоғам қажеттілігі.

2. Осы қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында оқушылардың табиғи ортаға дұрыс қарым-қатынасын ояту.

Экологиялық білім мазмүнына тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, яғни олардың «үйлері» - табиғи бірлестіктері туралы білім кіреді. Бастауыш класс оқушылары адамның денсаулығы қоршаған орта жағдайына тікелей тәуелді екенін білуі тиіс. Сондай-ақ экологиялық білім мазмұнына судың мәні, суды қорғау, өсімдіктің мәні, оларды қорғау және т. б. мәселелер кіреді. [7; 28]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау
Мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Қазақстанның физикалық география курсында экологиялық білім мен тәрбие беру
Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім және тәрбие сабақтастығы
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz