Майқы би (XII-XIII ғғ.): тарихи тұлға, билік және аңыздардағы рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Майқы би (ХІІ-ХІП ғғ. ) - халықтың ауызша тарихының айтуында, . Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешеңдігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасыңда: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ескі сөз бар.

Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты көптеген аңыз-әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен қарайлас, болмаса ептеп үлкен болуы мүмкін.

Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.

Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі - Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді.

Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезіңде «Майқының таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін жер атымен «Нұра таңбасы» аталып кеткен.

Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді . . . Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойландар» деп өсиет қалдырған.

Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.

Майқы биді өзбек, татар, башқұрт халықтары да өз биіміз деп есептейді. Бұған шежіреде көрсетілгендей, Төбе биден тараған Қойылдыр, Мекре есімді балаларының осы халықтардың арасына барып, сіңісіп кетуі себеп болса керек.

Атақты би, суырып салма ақын. Энциклопедиялық әдебиеттерде оны "Майқы би", "Байқы", "Байқу" деп те атайды. Әкесі - Ман. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18-атасының да есімі Майқы болған. Шыңғыс ханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны ең беделді адам, әулие деп те атаған, себебі, ол ел тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. Шыңғысханның ұлы Батысқа жорыққа аттанған кезде әскерінің оң қанатын сеніп тапсыратын болған. Абай Майқы биді 12 бидің санатына қосқан, сонымен бірге ол 1206 жылы Шыңғыс хан моңғолдардың ханы болып сайланған кезде құттықтауға барған 12 ханның бірі көрінеді.

Аңыздар бойынша, ноғайлықтар көшіп, Орманбет би қайтыс болған соң, Майқы би қазақтарды үш жүзге бөлген екен. "Жүз" деген сөз араб тілінен аударғанда "бөлім" деген мағынаны білдіреді. Үйсіндерді"Ұлы жүз", Қабанұлы Болатқажы бастаған бөлікті "Оңта жүз", Алшын бастаған бөлікті "Кіші жүз" деп атады. Ноғай хандарының бірі - Ахметті (Алаша хан) үш жүздің ханы етіп сайлады. Бұл бірлестікке барлық 40 рудың өкілдері енген және әр бөлімге айырма белгісі берілді. Сірә, "Кіші жүзді найза беріп жауға қой, Орта жүзді қалам беріп дауға қой, Ұлы жүзді таяқ беріп малға қой" деген мәтел сол кезде шықса керек. Сондай-ақ, барлық 40 рудың өкілдеріне де өзіндік айырма белгілері берілген. Үйсіндерге - "жалау", арғындарға - "көз" . . . Олар (таңбалар) тасқа қашалып салынды. Бұл тастар тарихта "Майқы таңбасы" (Майқы белгілері) немесе "Нұра таңбасы" (Нұра белгілері) деген атпен қалды. Мұның соңғысы жердің атауына байланысты қойылған.

Оның көп баласы болған. Ұзын және Қортық атты ұлдарына көңілі толмайтын. Сонда таңданған Майқы би: "Жаманнан жақсы туады дегенге сену қиын, бірақ жақсыдан да қолынан іс келмейтін жамандар туатын жағдайлар кездеседі", - деген екен. Халық арасында Майқының бірқатар нақыл сөздері мен ой-толғамдары қалды.

"Майқы би айтыпты" дейтін мақал, нақылға айналып кеткен сондай аталы сөздің кейбіреулері мыналар:

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Ханның биі ақылды болса,

Қара жерден кеме жүргізеді.

Би екеу болса, дау төртеу болады.

Дауыл болмай жауын болмас,

Даулы болған қауым болмас.

Егіз ешкі сауын болмас,

Екі жалқау ауыл болмас.

Естіге айтқан тура сөз,

Шыңға тіккен тумен тең.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майқы би өмірбаяны мен нақыл сөздері: тарихи-әдеби зерттеу және жасанды интеллекттің даму бағыттары
Шыңғыс ханның билік құру кезеңі: Темүжіннің өмірбаяны мен әскери-саяси жорықтары (XII-XIII ғғ.)
Қазақ этногенезіндегі маңғыттардың рөлі (XIII-XV ғғ.)
Орта ғасырдағы Керейіттер: мемлекеттігі, шаруашылығы және этногенезі (XII-XIII ғғ.)
XII-XIII ғғ. Орталық Азия көшпелілері, Моңғол мемлекетінің қалыптасуы және Шыңғысхан дәуірінің сыртқы саясаты
Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би: өмірі мен тарихи рөлі
Дешті Қыпшақ дәуіріндегі Сыпыра жыраудың өмірі, шығармашылығы және тарихи-эпикалық рөлі (XIII-XIV ғғ.)
Төле би, Әйтеке би және Қазыбек бидің тарихи-әлеуметтік және құқықтық рөлі
Шыңғыс хан шапқыншылығы және оның XII-XIII ғғ. Қазақстан мен Орталық Азияға әсері
Қазақ билерінің тарихи рөлі мен шешендік өнері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және басқа билер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz