Мектептердің саны


Жалпы білім беретін пәндер жөнінде кейбір мәліметтер беріліп отырды. Осындай 100 шақты стационар типтес мектептер ашылды (қалаларда мектеп оқушыларының құрамында қазақ, татар балалары аралас болды) ; бұл мектептер иесінің атымен аталды. Мысалы, Семей облысындағы Қарқаралыда «Якубия» мектебі, Қатонқарағай болысында Ережеповтар мектебі (мұнда Торайғыров мұғалім болған), Жетісуда - Қапалдағы Мамановтар мектебі.
Қазақтардан шыққан мұғалім кадрларының аздығына және оқулықтардың жоқтығына байланысты жұртшылық татар мұғалімдерін шақыратын (олар Троицкідегі - Расулие, Орынбордағы - Хұсаиние, Уфадағы - Ғалие медреселерінің оқушылары) . Оқу кітаптары ретінде жаңа методты мектептер татар тіліндегі құралдарды пайдаланатын. Бұл жаңа методты мектептер молдалардың оқытуымен салыстырғанда бірталай алға басқандық еді.
Көбінесе татар тілінде оқытатын жаңа методты мектептер әлі халық тілегіне сай ана тілі типтес мектеп бола қойған жоқ еді.
Сонымен, халықтың мектеп құрылысына деген ынтасы орасан зор бола тұрса да, халық тарапынан молдалар ұстауға және жаңа методты мектептер мен орыс-қазақ мектептеріне көп қаражат жұмсалғанына қарамастан, қазақ балалары олардан болмашы ғана білім алды, оның өзінде де ана тілінде емес.
Реакцияның күшеюі салдарынан, орыс-қазақ мектептері бұрынғы оқу жоспарлары мен программаларын едәуір өзгертті; мектепте ана тілі іс жүзінде біржола оқытылмады, Алтынсарин уақытындағы мектепте тіл мәселесін шешуде пайда болған біраз жарық сәуле тағы да сөнді. Алтынсариннің қазақ хрестоматиясы қайта басылып шықпады, ал оның жоғары кластарға арнап құрастырған хрестоматиясының екінші бөлімі Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін баспадан мүлдем алынып тасталды.
Ильминскийдің миссионерлік системасын енгізу және нығайту үшін патша үкіметі қазақ мектептері үшін қазақ тілі құралы ретінде діни-мистикалық мазмұнды черносотеншіл кітаптарды басып шығарып отыруға дем беріп отырды. 1905 жылғы революциялық қозғалыстың ықпалымен шыққан «шығыс және оңтүстік-шығыс Россияда тұратын «бұратаналарға» арналған бастауыш училищилер туралы Ереже» (1906 жыл) өте аз уақыт өмір сүрді.
Егер орыс-қазақ мектептері Торғай облысында кең тарады десек, Қазақстанның басқа облыстарында жағдай тіпті нашар болды. Қазақстанның басқа облыстарында (Семей, Ақмола, Жетісу, Орал) бір кезде Алтынсарин ұнатпаған істі былай бастады: Ақмола, Семей облыстарының генерал-губернаторы мектептің ең арзан түрі ретінде қарапайымдалған ауыл мектебін лайықты деп тапты, негізінен бұл мектептің басты мақсаты - балаларды орысша хат тану элементтеріне үйрету болды, бұл мектептің жалпы білім беру маңызын жойды. Семей және Ақмола обллыстарындағы қазақ мектептерін басқару үшін 1902 жылдың 1 январынан бастап халық училищилерінің директоры деген қызмет белгіленді, ал 1903 жылдың 1 декабрінде Семейде оқытушылар семинариясы ашылды. 1902 жылы оқу ведомствосы (мекемесі) отыз шақты жаңа училищелер аша алды.
Орыс - жергілікті ұлт мектептерінің, әсіресе Қазақстанның ауыл мектептерінің, қандай аянышты халде болғанын халық училищелері директорлары мен инспекторларының 1912 жылы Уфа қаласында өткізілген съезд материалдары анықтайды. Орал облысы мектептерінің инспекторы Миронов, қараңғы және лас жер үйлерде орналасқан ауыл мектептерінің аянышты халін суреттеп берді. Ауыл мектептерінің мұғалімдерінің бәрі дерлік қазақ қоғамдарынан қаржы алып тұрды. Көбінесе, 2 кластық орыс-қазақ училищелерінің курсын бітірген, кейде тіпті тек бір кластық училищелерде ғана оқыған адамдар мұғалім болып тағайындалатын. Соның салдарынан ауыл мектептері жергілікті халықтың алдында беделін жоғалтты.
Торғай облысы инспекторының хабары бойынша (сол съезде) осы облыстағы екі кластық училищелер мен болыстық мектептер орыс-бұратанабілім орнының негізін қалаған түрі деп есептеледі (біріншісінде алты жылдық, екіншісінде төрт жылдық оқу курсы болды) . Бұл мектептер орыс селоларына немесе олардың маңайында орналасып, орыс жұртшылығына да, қазақ жұртшылығына да қызмет ететін. Мектептер жанында қазақ оқушыларына арналған интернаттар болды. Бірақ, ауыл мектептері Торғай облысында да өте ауыр жағдайда болды.
Патша әкімшілігі ауыл мектептерінде оқу жұмысын жақсарту үшін ешқандай шара қолданбады. Ауыл мектептерінің маңызын біраз көтеріп, оларға қазақ балаларын тарту үшін мынадай талап қойылды: бұл талапқа сәйкес, болыс, би, ауылнай тағы сондайлардың қызметін атқаратындардың орыс-қазақ училищелерін бітірген куәліктері болуы міндетті еді.
1911 жылғы облыстардағыорыс-қазақ мектептері мен ондағы оқушылар санын мына төмендегі көрсеткіштер сипаттайды:
Бөкей ордасы . . .
Орал облысы . . .
Торғай облысы . . .
Семей облысы . . .
Ақмола облысы . . .
14
11
110
34
35
12
38
5
-
-
1
12
13
5
4
573
2408
3140
937
848
43
265
505
51
89
616
2673
3645
988
937
. . .
Жетісу облысы
204
11
55
6
35
5
7906
-
953
-
8859
-
Жалпы оқушылар санының 25 проценттейі орыс балалары. 1872 жылғы
Ереже бойынша облыстық және уездік қалаларда орта дәрежелі оқу орындары мен қалалық мектептерінің ашылуына байланысты, бұл оқу орындары мен мектептеріне қазақ халқының ауқатты және билеп-төстеуші топтарының балалары түсе берді, ал еңбекші қазақ халқынан салық жинау арқылы оларға степендиялық қор жасалды.
Гимназиялардағы және қалалық училищелердегі қазақ оқушыларының саны өте аз болды. Мысалы: Семей, Верный, Астрахань, Омбы гимназияларын және Орал реалдық училищесінің жыл сайын бір-екі қазақ оқушылары бітіретін. 1914 жылы өлкеде не бары 12 орта дәрежелі оқу орны, 41 жоғары бастауыш училищелері, мариин училищелері мен прогимназиялары болды. Қазақтар оқыған кәсіптік-техникалық оқу орындарынан оқытушылар семинариясынан басқа фельдшерлік, медицина және мал дәрігерлік мектептерді, ауыл шаруашылық училищелерін атау керек. Октябрь революциясына дейін бүкіл өлкедегі жоғары білімі бар қазақтар саны жиырмадан аспайтын еді.
Педагогикалық білім.
Қазақстандағы тұңғыш мұғалімдер мектебі 1883 жылы Орск қаласында ашылды. Алғашында ол Тройцк қаласында ашылмақ еді. Бұл мектептің директорлығына Алтынсарин белгіленген еді. Ол өзінің бір хатында осы жұмысқа баруды қалайтынын, оны мектеп инспекторының қызметін артық көретінін жазады. Орск мұғалімдер мектебі кейіннен Орынбор қаласына көшірілді.
XX ғасырдың басында (1902 жылы) Семей оқытушылар семинариясы ашылды. Ташкент пен Омбыдағы мұғалімдік семинариялар аздап өлке мектептері үшін бірен-саран мұғалімдер кадрларын Ташкент және Омбы оқытушылар семинариясы дайындайды. Едәуір кейінірек семинариялар Орал, Ақтөбе, Ақмола, Верный қалаларында да ашылды. 1911 жылы ашылған Омбы мұғалімдер институты бүкіл Батыс Сібір және Қазақстанның шығыс облыстарын қамтамасыз етіп отырды.
Жыл сайын ескі оқытушылар семинарияларын ондаған адамдар ғана бітіретін (олардың ішінде қазақтар ең азы болатын), сондықтан мұғалімдік қызметті әдетте мамандығы төмен, кездейсоқ адамдар атқаратын. Оқу әкімшілігі кейбір жоғары дәрежелі бастауыш училищелердің жанынан екі жылдық педагогикалық курстар ашуға мәжбүр болды.
Бүкіл революцияға дейінгі дәуірде (1883 жылдан бастап) оқытушылар семинарияларын және педагогикалық курстарды бітірген қазақ мұғалімдерінің саны 300-ден аспады.
Оқытушылар семинарияларын бітіріп шыққан орыс мұғаалімдері бастауыш қазақ мектептеріне келіп, тез арада жағдаймен және қазақ балаларымен үйренісіп, ел арасында үлкен сыйға бөленді. Осылай орыстан шыққан ондаған, жүздеген халық мұғалімдері орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, шалғай ауылдарда мұғалімдік қызметте қажырлы еңбек етті.
Осы мұғалімдердің көбі мектеп жұмысымен қатар халық арасында, әсіресе жастар арасында, үлкен ағартушылық жұмыстар жүргзіп, әр түрлі жолдармен оллардың саяси сана-сезімін оятуға тырысты. Қазақ станциялары мен деревняларда жексембілік мектептері мен халық оқуларын ұйымдастырды; публицистикалық көркем әдебиет және жалпыға арналған ғылми кітаптар, журналдар жаздарып алды; революциялық үйірмелерге қатысты.
Сол замандағы халық мұғалімдері орыс емес балалар арасындағы педагогикалық жұмыстың әдеттегі қиыншылықтарымен қатар, миссионерлер тарапынан қуғындалып отырды. Миссионер дінбасылары мұғалімдерді бақылау және тексеру праволарын пайдаланып, орыс-қазақ мектептеріне інжіл және басқа діни кітаптардың аудармаларын оқушылармен әңгіме өткізу үшін жіберіп отырды. Ал бұл кітаптарға жаны қас мұғалімдер оларды оқушылардан аулақ ұстауға тырысты.
Орыс-қазақ мектептерінің бұрынғы түлектерінің өз мұғағалімдері туралы естеліктері, олардың оқытушыларға деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын көрсетеді. Қазақ оқушылары мен жұртшылық бұл мұғалімдерді лайықты құрмет-сыйға бөледі.
***
Мектеп және халық ағарту жолындағы күрес Россияда туған революциялық қозғалыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ мектеп және халық ағарту үшін күрес жұмысшы табының аса күш салған саяси талаптарының бірі болды.
В. И. Ленин өзінің атақты «Міндетті мемлекеттік тіл қажет пе?» деген мақаласында жұмысшы табы өкімет билігін жеңіп алғаннан кейінгі ұлттық мектептің даму жолын анықтап берді.
Большевиктер партиясы және оның көсемі Ленин реакция және жаңа революциялық өрлеу жылдарында халық ағарту жолындағы күресте жұмысшы табының жүйелі революциялық саясатын жүргізді. В. И. Ленин патшалық Россияның өрескел сауатсыздығын және артта қалғандығын суреттей келіп, «Россияда 1000 адамға 47 оқушы келеді» деп көрсетті. «Бұл Россиядағы балалар мен ересектердің бестен төрті білім ала алмайды деген сөз». Бұл орташа цифр империяның шығыс аймақтарында тіпті төмен - әр 1000 жан басына үшке жуық оқушы келеді. Қазақтар тұратын бірқатар болыстарда тіпті бірде-бір ауыл мектебі жоқ болатын.
Февраль буржуазиялық-демократиялық революциясы халық ағарту ісіне ешқандай өзгеріс жасаған да, оны жақсартқан да жоқ. Буржуазияшыл ұлтшылдар өз биліктерін нығайту мақсаты-
қырғыздардың тұрмысына нағыз пайдалы адам болып шығар еді. Егер олар, Александр Григорьевичтің тілегеніндей, тез арада хрестиан дінін таратушылар болып қалмаса, онда олар дүниеге дұрыс көзқараста болып, түрлі фанатикалық идеялармен күресетін, қырғыз халқының ақыл-ойы мен шаруашылығы жағынан өркендеуіне көмектесіп отыратын адамдар болып шығар еді. Ал мына сияқты орашолақ, жарымес басшы тұрғанда, мұның бәрі күл-талқан болып көкке ұшпақ!!!
Қатты айтқаныма кешіргейсіз, тіпті, адамның ызасын келтіретін іс қой!
Евпраксия Васильевнаға менің шын жүректен жолдаған сәлемімді айтыңыз және пәтерімде не сия, не, тіпті, қаламұш болмағандықтан, хатымның қалай болса солай жазылғаны үшін ғапу етіңіз.
Шын құрметпен сізге мейлінше берілген қызметшіңіз
Ы. Алтынсарин
1889 жыл 20 февраль
Орск қаласы.
Аса қадірлі Василий Владимирович!
Сізге соңғы хатымды жазғаннан кейін, тағы да қатты науқастанып қалдым, бұл ауру өміріме қатер төндіруде. Аурудан әлі айыққам жоқ, ұйқы жоқ, тамақ ішпеймін: жүрегім қатты соғып, ентіге берем. Троицкіден шақырылған үшінші дәрігердің июльдің 10-на дейін емделу керек екенін айтқаннан кейін, мені тәуір болып қалды десіп жүрді.
. . . хатыңызды алдым, ол үшін Сізге көп-көп рахмет. Егер денсаулығым дұрысталса, август кезінің аяқ кезінде облысты аралап қайтпақшымын. Ал Сіз бізге август айының орта кезінде немесе ең болмағанда 20-лары шамасында келетін болсаңыз, онда біз Торғай, Ырғыз арқылы, онда ары Орынборға дейін бірге барар едік.
Бұдан әрі жазуға шамам жоқ. Қош қымбатты Василий Владимирович!
Барлық жан-тәнімен беріліп, Сізге бас иген қызметшіңіз
Ы. Алынсарин.
1889 жыл 15 июнь.
Ы. Алтынсариннің мұғалім А. А. Мозохинге жазған хаттары
Сүйікті досым Арсений Андреевич!
Сіздің 1 ноябрьде жазған хатыңызды бұдан екі-ақ күн бұрын алдым. Өзіңізге тапсырылған мектептің жайы туралы хабарлағаныңыз үшін Сізге алғыс айтам. Оқу ісі туралы біз жеткілікті әңгімелескенбіз, әзірше қосар ештеме жоқ. Жалпы кеңесте қабылдаған ереже бойынша оқи білуге үйренгеннен кейін Сердобольскийдің оқу кітабы және орыс тілін үйрену үшін «Оқу құралын» бастау керек. оқуды түрлендіру үшін кейде арифметикадан сабақ беріледі, ол есеп шот пен кішкене кубиктер арқылы есеп үйретуден басталады. Кітап оқуды үйретумен бірге оқушылар тақтаға не қағазға әріптерді жаза бастайды, сөйтіп, бірте-бірте жазуды үйренеді.
«Оқу құралы» бойынша сабақ берген кезде, оқушылар берілген сабақты әбден біліп алмайынша алға ұмтылмаймыз, грамматикалық негізгі ережелер неғұрлым түсінікті сөзбен қырғыз тілінің ережесіне сәйкес мысалдармен салыстыра отырып түсіндіріледі, ал орысша сөйлеуге үйреткенде, оқушы орыс сөздерін әбден дұрыс айтуға дағдыланғанша, оның қыр соңынан қалмаймыз. Көркем жазуға үйреткенде, оқушыларды әріптердің таңбасын әдемі түсіріп, анық жазуға дағдыландырып, белгілі әріптерді дұрыс жазуға әбден төселмейінше, оқушыны алға жібермейміз. Арифметиканы үйреткенде, балаларға таныс, өздернің үнделікті араласып, көріп жүрген тұрмысынан мысалдар келтіріп, алғаш қарапайым, оңай, кейінірек қиындау сұрақтар беріп, оқушылардың ойлау мүшесін дамытамыз. Арифметикадан сабақ бергенде, Грубе немесе Евтушевский бойынша теориялық жағын тереңдетпей, сабақты оқушылардың үлгіріміне, қабілетіне, түсінігіне қарай жүргіземіз. Сердобольскийдің кітабын түсінбей, мағынасыз оқымау үшін, оқыған текстің мағынасын түсіндіріп, сонымен қатар таныс емес, жаңа сөздерді жазып отыру үшін дәптер беріп қоямыз, бұл, әрине, оқушылар кітапты еркін оқи бастағанда істелетін жұмыс. міне, негізгі ережел осылар, бұл ережелерді Сіздер, менімен келіскендеріңіздей, бұлжытпай орындасаңыздар, тез арада жақсы нәтижеге жетуге болады.
. . . Сонымен, сүйікті досым, қош болыңыз! Сіздің әрқашан табысты болуыңызға тілектеспін және істің жайы туралы хат жазып тұруыңызды өтінемін. Тағы да қолыңызды қыстым.
Бақтыбайға, Кейкинге және басқа да барлық таныстарға менен салем жолдаңыз.
Сізге бас иген қызметшіңіз Ы. Алтынсарин.
1881 жыл 17 ноябрь.
Торай қаласы.
1883 жылғы 22 январьдағы хатында Алтынсарин мынадай қосымша сөздер жазған:
«Иә, маған Сізге біраз сөгіс жариялауыма тура келеді. Хатыңызды: «Жоғары мәртебелім» деп бастауыңыз неліктен? Достар арасында мұндай сөз қолдануға болады ма екен? Алдағы уақытта мені ұлтып, ыңғайсыз жағдайда қалдырмаңыз, әйтпесе мен де Сізген жазған хатымды: «Жоғары мәртебелім» деп бастайтын боламын».
А. А. Мозохин «Жетім» деген шағын пьесаны алғандығы туралы хабарлағанда, оған жауап ретінде 1884 жылғы 4 февральда жазған хатында Алтынсарин былай дейді:
«Балалар театры жөнінде мазаңыз кетпесін; мен орындауға мүмкіндік жоқ іске Сізді міндеттемеймін, «Жетім» пьесасын тек керек боп қала ма деп жібердім».
Менің сүйіктім Арсений Андреевич!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz