ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЛЕОНАРДО ДА ВЙНЧИ (Lenardo da Vinci) (15. 4. 1452, Винчи, Флорещия маңы,—
2. 5. 1519, Франция, Турень, Амбуаза маңындағы Клу қамалы) — итальян
кескіндемешісі, мүсінші, архитектор, ғалым әрі инженер. Ауқатты нотариус
семьясында туған. Көркемсурет тілінің жаңа құралдарын табуды теориялық
тұжырымдар шығарумен ұштастыра отырып, ЛЕОНАРДО ДА ВЙНЧИ гуманизм мұратына
сай келетін адам бейнесін жан-жақты шыңдап жасады; сөйтіп кватроченто
тәжірибесін қорытып, Қайта өркендеу дәуірі өнерінің негізін салды. 1467—72
ж. мүсінші Андреа дель Верроккьоден үйрену арқылы шеберлігін қалыптастырды.
Көркемсурет саласындағы еңбек пен тех. саласындағы тәжірибе ұштастырылған
Флоренция кватроченто шеберханасының жұмыс әдісі, сонымен бірге астроном П.
Тосканеллимен пікірлес болуы жас ЛЕОНАРДО ДА ВЙНЧИ дің ғылыми ынтасының
оянуына көп көмегін тигізді. ЛЕОНАРДО ДА ВЙНЧИ алғашқы шығармаларында
(Верроккьоның Шоқындыруындағы періштенің бет бейнесі, 1470 жылдан кейін,
Ғибадат ету, 1474 ж. ш., екеуі де Флоренциядағы Уффици галереясында;
Мадонна Бенуа, 1478 ж. ш., Ленинград, Эрмитаж) кватроченто дәстүрлерін
дамыта отырып, діни сю-жеттерді адашаттың алуан түрлі сезімдерінің айнасына
айналдырды әрі сурет салудың жаңа әдістерін іске асырды. Әр түрлі
техникамен салынған нобайларын мұқият зерттей отырып, . ЛЕОНАРДО ДА ВЙНЧИ
бет пішін құбылыстарын тамаша келтірді, ал адам денесінің қимыл нақышы мен
ерекшеліктерін композицияның рухани сырларына сай жымдастыра білді (мыс.,
Мадоннаның бет әлпетінен оның ішкі назы мен қуаныш елесі сезіледі). 1481
немесе 1482 ж. ЛЕОНАРДО ДА ВЙНЧИ Милан билеушісі Лодовико Мороның қол
астында әскери инженер, гидротехник, сарай салтанатын ұйымдастырушы"
міндетін атқарды. 10 жылдан астам уақыт Лодовико Мороның әкесі Франческо
Сфорцтің салт атты мүсінін жасады (монументтің саздан жасалган үлгісі 1500
ж. француздардың Миланға шабуылы кезінде қираған, қазір нобайы ғана
сақталган). ЛЕОНАРДО ДА ВЙНЧИдің кескіндемеші ретінде шарықтап кемелдену
шағы да осы тұсқа саяды. Құздағы мадонна (1483—94, Париж, Лувр; 2-нұсқасы
1497—1511, Лондондағы Ұлттық галереяда) картинасында сәуле мен көлеңкенің
нәзік үйлесімі етене жандардың бір-біріне деген ыстық ықыластарының
бастамасын білдіреді.
Милан маңындағы Санта-Мария делле Грацие монастырының асхана залына
жасаған Құпия атау ас (1495—97) атты жазбасы бүкіл Европа өнерінің
дамуындағы үлкен жетістіктің біріне айналды. Леонардо да Винчи. сәулет ісі
саласында ғажайып қала үлгісінің көптеген варианттарымен қатар күмбезді
ғибадатханалардың үздік түрлерін"" жасады. Миланда оның төңірегіне
шәкірттер көп жиналды. Мұнан кейінгі жылдары Леонардо да Винчи көптеген
жерлерде (1500—02, 1503—06, 1507 ж. Флоренцияда, 1500 ж. Мантуя мен
Венецияда, 1506, 1507—13 ж. Миланда, 1513—16 ж. Римде, 1517—19 ж.
Францияда) жұмыс істеді. Флоренцияда Веккьо палаццосына жазбалар (Ангьяри
түбіндегі шайқас, 1503—06, аяқталмаған, қатырма қағаздағы көшірмесі арқылы
белгілі) жасады. Бұл жазбаларда атты әскерлердің бір-біріне деген ақылға
сыймайтын айуандық (Леонардо да Винчидің өз сөзі) өшпенділігін баяндау
арқылы ұлы суретші бейнелеу өнерінің соғыс жанрына жаңа заманға сай өзіндік
қол таңбалы туынды әкелді. 1503 ж. ш. Леонардо да Винчи әйгілі картинасы
Мона Лиза (Джоконда деп те аталады, Лувр) портретін жасады. Мона Лиза
жүзіндегі қуаныш қылаңы оның көңіл тереңінде шымырлаған іңкәрлік ағынынан
елес береді әрі суретте әйел бейнесінің асқан үлгісі адамгершілік
мұраттармен етене ұласқан. Леонардо да Винчидің кейінгі творчестволық
кезеңіндегі шығармалары: маршал Тривульцио ескерткішінің жобалары (1508—
12; салт аттының қола мүсіншесі осы жобаға ұқсас, Будапешт, бейнелеуөнері
музейі), Әулпе Аннаның Мариямен және нәресте Христоспен тұрған кезі
(1500—07 ж. ш., Лувр), Шоқындырушы Иоанн (1513—17 ж. ш., Лувр), әлемнің
апатқа ұшырауын бейнелейтін суреттер сериясы (Топан су атты топтамасы,
итальян қаланы, қаламұш, 1514—16 ж. ш., Виндзор, Корольдық кітапхана);
мұнда апаттардьң құдіретті күші алдында адамның әлсіздігі жайлы ойлар
табири процестердің қайталанбалығы жайындағы рационалистік ұғымдарымен
ұштасқан. І
Леонардо да Винчидің итальян сөйлеу тілінде жазылған қойын дәптерлері мен
қолжазбалары (7 мың парақ шамасында) оның көзқарастарын зерттеу үшін аса
маңызды деректер болып табылады. Леонардо да Винчидің дүниеден кеткеннен
кейін шәкірттері Ф. Мельци құрастырып шығарған Кескіндеме жайлы трактаты
Европа көркемсурет практикасы мен теориялық ой-пікіріне орасан зор ықпал
жасады; сонда да бұл еңбек автордың жазып қалдырған еңбектерінің жалпы
контексінен бөлініп алынған үзінділердөн тұратын еді. Леонардо да Винчидің
өз басы үшін өнер мен ғылым бір-бірімен тығыз байланысты болды.
Ғалым және инженер Леонардо да Винчи сол кездегі ғылымның барлық
салаларын дерлік асқан көрегендік байқаулармен байытты, өз жазбалары мен
суреттеріне адамзат білімдерінің орасан зор энциклопедиясын жасауға әзірлік
деп қарады. Леонардо да Винчи тәжірибеге негізделген жаратылыс тану
ғылымының әрі осы негіздегі жаңа бағыттың айқын өкілі болды. Ол механикаға
ерекше назар аударды, оны математика ғылымдарының ұжмары деп атады және
дүниенің құпия сырларын ашудың басты кілті деп білді; үйкеліс пен сырғанау
коэффициентін анықтауға әрекет жасады, материалдардың қарсыласу күшін
зерттеді, гидравликамен шұғылданды. Көптеген гидротех. тәжірибелер,
каналдар мен ирригация жүйелерінің мүлде жаңа жобаларын жасау Леонардо да
Винчидің бір-бірімен жалғасып жатқан ыдыстардағы сұйықтың тепе-теңдігін
дұрыс тұжырымдауына жәрдемдесті. Неше түрлі модельдер жасауға ынтықтық оны
өз заманынан әлдеқайда ілгері шығып, бірқатар данышпандық болжаулар жасауға
жеткізді (металлургая пештері мен прокат стандарының, тоқыма станоктарының,
баспа, ағаш өңдеу, жер қазу машиналарының, сүңгуір қайық пен танктің,
ұшатын аппараттар мен парашюттердің жобалары т. б.). Адам көзінің құрылысын
зерттей келіп, Леонардо да Винчи алыстағы нәрсені бинокль арқылы көруге
болатыны жөнінде дұрыс болжам айтты. Анатомиялың зерттеулерінде адам
денесін жарып көрудің нәтижелерін қорыта отырып, осы заманғы ғылми
иллюстрацияның негізін қалады. Мүшелерді жай түгендеуден олардың атқаратын
міндеттерін зерттеуге көшіп, ол организмді табиғи механиканың үлгісі деп
қарады. ;Леонар да Винчи бірқатар сүйектер мен жүйкелерді тұңғыш рет
сипаттады, бұлшық еттердің антагонизмі туралы жаңа болжаулар айтты,
эмбриология және салыстырмалы анатомия проблемаларына ерекше назар аударды
Хайуандардың әр түрлі мүшелерін алып тастау жөніндегі тәжірибелерінде
эксперименттік әдісті биологияға да енгізуге бағыт ұстады. Ол ботаниканы өз
алдына дербес биологиялық пән деп тұңғыш рет бөлек алып қарады; өзінің
натур-филос. теорияларынан құдай туралы идеяны дәйекті түрде аластай
бастады. Қажымас қайрат иесі, батыл тәжірибешіл ғалым, данышпан суретші
;Леонар да Винчи Л өз заманының үлгісі боларлық ұлы тұлға ретінде дәстүрге
сіңді, ол заман ...кемеңгерлерге мұқтаж еді және ақыл-парасатының,
ынтықтығының күші мен мінез-құлқы жарынан, сегіз қырлы, бір сырлылыры мен
білімпаздығгы жарынан кемеңгерлерді турызды да

ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
1. Философиялық ойдың шығуы
Рухани қызметтің жеке формасы ретінде философияның пайда болғанына үш
мың жылдай болды дейміз. Бірақ оның тарихы одан да әріде жатыр. Оның пайда
болуының алғыш арты — мифология дедік.
Дүниеге мифологиялық көзқарас, алдыңғы тарауда айтылғандай, алғашқы
қауымдық құрлыста пайда болды. Бұл кезде философияның болуы әлі мүмкін емес
еді, өйткені философия адам санасының дамуы белгілі бір дәрежеге жеткенде
ғана пайда болды, ол қашан, қалай, неліктен деген сұрақтарға жауап іздеді.
Ол адамға тән сапалар мен қасиетгерді табиғатқа да тән деп есептеп, табиғат
құбылыстарын психикасы бар деп қарастырады және, керісінше, табиғаттың
объективтік заңдылықтары мен қасиеттерін субъектінің ішкі психикасымен (ашу-
ызамен, тілекпен, қайырымсыздықпен, адалдықпен т.б.) шатастырып, табиғат
апаттарына тікелей әсер етуші деп ойлады. Адамдық құбылысты табиғатқа, ал
табиғат құбылысын адамға осылайша әрдайым тілеудің объективтік негізі бар,
өйткені адам өзін әлі табиғаттан бөліп қарай алмады, жеміс жинау, аң аулау
сияқты тіршілікпен айналысатындықтан, жақын айналадағы табиғи ортаға мүлдем
тәуелді болды, табиғаттың дүлей күштерін табиғаттан тыс ғаламат күш деп
түсінді. Дамудың бұл кезеңінде адамдардың қоғамдық қатынастары әрі
биологиялық (қандас, туыстық қатынас), әрі әлеуметгік болып табылады.
Антик дәуірінің философиясы таптық қоғамның қалыптасу кезеңінде
мифологиямен күрес нәтижесінде пайда болды. Философия адамның дүниеге
көзқарасы болу үшін мифтің мазмұнында бар адам санасының қарапайым да
тарихи өткінші белгілерін өз бойына сіңіру қажет еді. Мифтің бір ерекшелігі
оның өмірмен, алғашқы адамдардың күнделікті іс-әрекетімен біртүтастығында,
сондықтан да ол жеке адамдардың, қауым мүшелерінің ортақ мүддесіне және
сыртқы ортаға сәйкес өмір сүруін қамтамасыз етгі. Бір сөзбен айтқанда, сана
өмірден бөлектене алмады, ойлаудың желісі күнделікі іс-әрекет талаптары
түрінде көрінді. Мифологиялық ойлаудың желісі мен мазмүны тілде, мақал-
мәтелде, ертектерде, ауыз әдебиетінде, түрліше халықтық дәстүрлер мен
нанымдарда сақталды.
Философияның тууы дегеніміз ең аддымен мифтерден біртіндеп адамның дүние
жайындағы, тағдыр жайындағы өздігінше, тәуелсіз ойлауға көшу, бөтен
біреудің беделіне бас иіп, бой ұсынбау; екіншіден, субъективтік және
объективтік жайында айқын сұрақ қойып, оларды бір-бірінен айырып қарай білу
және, үшіншіден, жүйелі дүниеге көзқарас құруға әрекеттену.
Қысқарта айтқанда, философияның шығуы антик дәуірінің қоғамдық санасында
болған революциялық секіріс деуге болады. Ол революциялық секіріс алғашқы
қауымдық қоғамнан құл иеленушілік формацияға өту барысында жүзеге асты.
Тарихта философияның тууына негіз болған дүниежүзілік өркениеттің үш ірі
ошағы атап көрсетіледі, олар: Қытай, Үңдістан, Греция. Бүларда пайда болған
философиялардың бір-біріне үқсас жақтарымен қатар, формасы жағынан өзіндік
ерекшеліктері де болды.
2.Еретедегі шығыс философиясы
Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде - Қытай мен
Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайда біздің
эрамызға Дейінгі VIII-VI ғғ. қальштасқан қүл иеленушілік Қоғамньщ дамуы
нәтижесіңде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және
мистикалық бағыттар Дүниеге келді. Бұл бағыттардың арасындағы күрестің
барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер)
туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалары (инь және ян), табиғи жолы (дао)
туралы т.б. қарапайым материалистік идеялар кеңінен тарай бастады.
Ертедегі Қытайдың философиялық ойлауының бастапқы негізі Дао терминін
түсіндіру төңірегінде болды. Бүл терминнің алғашқы мәні — жол деген үғымды
беретін еді. Бірақ ол терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез
келген болмыстың заңын, ұйымдасу сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың
табиғи жолымен бірге, аспандағы "табиғаттан тыс" күштің әмірін, ғарыштың
үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен
тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер
догматтық сипатқа ие болды.
Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі.
Осыдан кейін "дао — аспан мен жердің түп тамыры", "барлық заттардың анасы"
деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін
екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың (инь
мен ян) әрекетгесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтардың екі жағы бірін-бірі
толықтырады, бірін-бірі терістейді, тұтастың қарама-қарсылықтарға . бөліну
бірігуі мен терістеуінің шиеленіскен түрін қүрады.
Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы
мәселе — адам табиғаты жағынан қандай - қайырымды ма әлде мейірімсіз бе? —
деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тербие мен жеке тәрбие
мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.
Қытай ойшылдарыньң алдында философияның негізгі мәселелері мен даму
мәселелері кең көлемде жөне айқьн формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді,
Лао-Цзыны, Мэн-Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь-Цзы, Хан Фэй, Ван-Чунды
т.б. материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан
Фейдің көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементгері байқалады.
Ертедегі Үнді философиясына тән негізгі сипат — адамгершілікке,
руханилыққа баса назар аудару. Қазіргі кезде "иоганы" жаттықтыру, денені
машықтандыру мағынасында түсіндіру орын алуда.
Ертедегі үнді философиясы үшін адамның "өзін басқа барлық нәрседен жөне
басқа барлық нәрселерді өзінен" көре білудің зор маңызы болды. Сондай-ақ
адамды рухани жағынан жетілдіру мәселесін барлық философиялық пайымдаудың
езегі етіп қою арқылы ертедегі үнді философиясы адам танымға және бай
тұрмысқа талпынумен қатар, терең рухани өмірге, рухани дуниеге де талпынуы
тиіс деген талап қойды.
Ертедегі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік - онда салт-сана
(дәстүрлік) мәдениеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдениет ұстаздың бет-
бейнесін (көзқарасын ғана емес) толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-
әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап
етеді.
3. Орта Азия халықтарының философиясы
Феодализм дәуірінде ортағасырлық цивилизацияның бір ошағы болған Орта
Азияда әл-Хорезми (IX ғ.), әл-фараби (870-950 жж. шамасы), әл-Бируни (973-
1037 жж. шамасы), Ибн Сина, латынша — Авиценна (980-1037 жж, шамасы), Омар
Хайям (1040-1123) сияқты өз заманының ғұлама ғалымдары, ірі философ,
ойшылдары өмір сүрді.
ІХ-Х ғғ. Орта Азия халықтары араб халифатының үстемдігінен құтылып,
жергілікті феодалдық мемлекеттер пайда болды. Осы кезде мүнда жаратылыстану
ғылымдары айтарлықтай күшті дамыды. Хорезмдік математик, астроном әрі
географ әл-Хорезми үнді, грек және араб жерлерінде математиканы дамыта
отырып, ғылымның жаңа саласы — алгебраны бірінші болып жасады. Оның
"Астрономиялық таблицалар" , "Күн сағаты жайындағы трактатгар", "Жердің
келбеті", тағы басқа шығармалары латын тіліне аударылып, Шығыс пен Батыс
математикасы мен астрономиясының қалыптасып, дамуында үлкен роль атқарды.
Қазақ жерінен, оның ішіңде Отырар қаласынан шыққан атақты математик, әрі
философ эл-Фараби Аристотельдің шығармаларын жетік білді, оның философиялық
және жаратылыстану жайындағы шығармаларына түсіндірмелер жазды.
Ортағасырлық көптеген ойшылдар сияқты, ол да дүниенің бастапқы жаратушысы
құдай деп білді. Әл-Фарабидің пікірінше, материалдық дүние алты табиғи
денеден немесе элементтен (қарапайым элементтерден, минералдардан,
өсімдіктерден, жануарлардан, адамдардан жене әлемдік денелерден) тұрады.
Танымның көзі сезім мүшелері, ақыл-ой, тұжырым деп санады. Алғашқысы
тікелей танып-білудің қүралы, ал кейінгісінің көмегімен заттардың мөнін
білеміз.
Әл-Фарабидің "Математикалық трактаттары", "Философиялық трактаттары",
"Логикалық трактаттары", "Этикалық трактатгары" жөне т.б. шығармалары
кейінгі жылдары орыс жене қазақ тілдерінде жарық көрді.
Әл-Бируни ғылымның түрлі салаларынан көптеген еңбектер, оның ішінде
"Ертедегі халықтар хронологаясын", "Үнді суреттемесін" т.б. жазды.
Философиялық көзқарасы бойынша ол да идеалист болды, дегенмен өзінің
жаратылыстану шығармаларында әл-Фараби сияқты кең құлашты ғалым бірқатар
материалистік пікірлер айтты. Табиғаттың және оның заңдылықтарының
объективтік түрде өмір сүретініне күмән келтірмеді. Табиғат ұдайы өзгерісте
жөне дамуда болады, материя заттардың формасын өзі жасап, өзі озгертеді
деді. Жан (ойлау, рух) дененің қасиеті деп түсінді.
Феодалдық Орта Азияның аса көрнекті ғалымы әрі философы, бұхаралық Ибн
Сина (Авиценна) - есімі кең тараған ұлы энциклопедист ғалымдардың бірі. Ол
айналыспаған ғылым саласы кемде-кем. Алайда оның данышпан ой-өрісі әсіресе
екі салада — медицина мен философияда айрықша көрінеді. Медицина
саласындағы Ибн Синаның негізгі еңбегі "Дәрігерлік ғылымының қағидалары" -
медициналық білімдердің шын мәніндегі энциклопедиясы болып табылады. Бес
ғасыр бойы ол Шығыс пен Батыстың дәрігерлері үшін қолдан түспейтін жетекші
құралы болып келді.
Ибн Синаның философияда сіңірген еңбегі де аз емес. Әл-Фараби сияқты, ол
да Арситотельден кейінгі екінші ұстаз аталды. Оның басты философиялық
еңбегі — "Айығу кітабы" ("Книга исцеления").
Философия, Ибн Синаның анықтамасы бойынша, болмыс жайындағы ғылым, оның
пәні — болмыстың жеке-дара жақтары емес, біртұтастығы. Ол философияны үшке
бөледі: физикаға (табиғат жайындағы ілім), логикаға (табиғат пен адамды
танып білу жайындағы ілім) жөне метафизикаға (тұтас болмысты танып білу
жайындағы ілім). Ұлы жаратылыс зерттеуші ғалым болғандықтан, Ибн Сина
табиғаттың санадан тысқарылығын, яғни объективтілігін мойындады. Логика
жайындағы ілімінде негізінен алғанда Аристотельдің кезқарасын жақтады.
Логикалық категориялар' мен принциптер, деді ол, объективтік дүниенің
заңдылықтарына сәйкес келуі тиіс. Бүл пікірдің орта ғасыр жағдайында үлкен
маңызы болды.
Ибн Сина орта ғасыр философиясындағы негізгі мәселе — номинализм мен
реализм арасындағы талас мәселесін шешуге әрекет жасай келіп, жалпылық - ол
абстракция, әлем жеке заттардан тұрады деп есептеді.
Оның метафизикасындағы негізгі мәселе — эманация теориясы. Бұл теория
бойынша, дүниені құдай жаратқан жоқ, ол одан табиғи жолмен, эманация
жолымен, яғни тікелей емес, бірқатар оны тудыратын "ақыл-ой" арқылы пайда
болған. Егер жаратушы құдай мәңгі болса, дүние де мәңгі, өйткені оның көзі
— мәңгі материя, себеп пен салдар әрдайым өзара байланысты — егер себеп бар
болса, онда салдар да болады деп есептеді.
Көрнекті математик, астроном, ақын әрі ойшыл Омар Хайям мұсылмандық
теологияның діни қағидаларын аямай сынға алып, жан өлмейді және ол дүниеде
мәңгі өмір сүреді деген жалған түсініктерді теріске шығарды.
Қорыта келгенде, Орта Азияның орта ғасырлардағы ойшылдары мен
ғалымдарының философиялық және жаратылыстану-ғылыми көзқарастары Шығыс пен
Батыс философиясының ілгері дамуына зор әсерін тигізді.

Жоспар
1. Философиялық ойдың шығуы
2.Еретедегі шығыс философиясы
3. Орта Азия халықтарының философиясы

АДАМ - ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ ЖЕМІСІ
1. Адам дүниеге келгенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде
әлеуметтік өмір туралы әлі ешқандай түсінік жоқ, онда адам болудың тек
мүмкіндіктері ғана бар. Н ы ш а н деп аталатын ол мүмкіндіктер басқа
адамдармен қарым-қатынастар жасап, коғамдық қатынастар системасына енудің
нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады. Сондықтан да К.Маркс адамның
мәні, сайып келгенде, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады
деген болатын.
Демек, адам адам болып тумайды, қалыптасады. Адамның адам болып
калыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи
нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық
жағдайлар, мәдени кұндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда тәрбиелеу,
замандастарынын, ықпалы сияқты факторлар шешуші әсерін тигізеді. Адамның
бұл қалыптасу процесі социологияда әлеуметтендіру деп аталады.
Көпшілік зерттеушілердің пікірінше, адамның әлеуметтенуі белсенді түрде
өтетін процесс болғандықтан, ол бүкіл өмір бойына созылмайды. Ол тек
ауытқымалы мінез-құлық нормаларының жиыны тұрақты орнығу үшін, әлеуметтік
ой-пікірлері мен дүниеге көзқарасы және т.б. қалыптасу үшін, әлеуметтік ой-
пікірлері мен дүниеге көзқарасы және т.б. қалыптасу үшін қажетті болатын
мерзімге ғана, яғни адамның жеке басының адамдық кейпінің қалыптасуына
керекті уақыт бойына созылады. Ол, орта есеппен алғанда, 23-25 жасқа
дейінгі мерзім. Ал ересек, яғни әлеуметтеніп үлгірген адамдардың бір
әлеуметтік жағдайлардан басқаларына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Философия көзқарас ретінде»
Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі
Философияға кіріспе. философияның дамутарихы. философия пәні мен функциясы
Философияның негізгі даму кезеңдері мен бағыттары
Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Философия-дүниетанымның тарихи типі ретінде
Тарихқа өркениеттік көзқарас
Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Пәндер