Объектпен жұмыс істейтін аспаптар
Лекция 1.
Тақырыбы: Векторлық графика
1. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары
2. Векторлық гарфиканың математикалық негізі

Векторлық гарфиканың негізгі элементі, негізгі объекті – бұл сызық.
Мұнда түзу сызық қисықтың дербес жағдайы ретінде қарастырылады. Кейде
сызық ұғымының орнына контур ұғымы қолданылады. Бұл термин толығырақ сәйкес
келеді, өйткені контур кез-келген формаға ие бола алады – түзі, қисық,
үзілген сызық, фигура.
Әрбір контурдың екі не одан көп тірек нүктелері бар болады. Оларды
түйіндер деп те атайды. Екі көрші жатқан тірек нүктелер арасындағы контур
элементі контур сегменті деп аталады. Контур формасы тірек нүктелерді
жылжыту, олардың қасиеттерін өзгерту, жаңа түйіндер қосу не барларын жою
арқылы өзгертіледі. Контур ашық болуы да, жабық болуы да мүмкін. Жабық
контурдың соңғы тірек нүктесі бірмезгілде бастапқы тірек нүкте болып
табылады. Ашық және жабық контурлардың қасиеттері әртүрлі.
Контур элементар графикалық объект болып табылады. Контурлардан жаңа
объект не объекттер тобын құрады. Бірнеше контурлармен топтастыру
(группировка), комбинирлеу, біріктіру(объединение) амалдарын орындайды.
Нәтижеде, сәйкесінше: объекттер тобы, құрама контур, жаңа контур пайда
болады. Топтастыру амалынан кейін әрбір контур өзіне тиісті түйіндері мен
қасиеттерін сақтап қалады. Комбинирлеу амалынан кейін құрама контур жаңа
қасиеттерге ие болады, бірақ түйіндері бұрынға қалпында қалады. Біріктіру
амалынан соң контурлардың қасиеті өзгереді, жаңа түйіндер түзіледі.
1. Объекттерді топтастыру
Ажырату (разгруппировка) барлық объекттерді қайта қалпына
келтіреді
2. Құрама контур
Ажырату объекттердің бастапқы қасиеттерін қалпына келтіре
алмайды.
3. Біріктірілген контур
Ажырату бастапқы қасиеттерін де, түйін нүктелерін де қалпына
келтіре алмайды.
Контур жүргізу (обводка) параметрлері оның көріну түрін анықтайды. Бұл
парметрлерге мыналар жатады:
- сызық жуандығы;
- сызық түсі;
- сызық типі (үзік, үзік емес, т.б.);
- басы мен аяғының формасы (стрелка, дөңгеленген т.б.)
Жабық контурлардың ерекше қасиеті бар. Бұл – контурдың ішін толтыру
параметрі (заливка). Толтыру да объект болып есептеледі және өз
қасиеттеріне ие. Толтырудың бірнеше типтері бар:
- негізгі түспен толытру, яғни жабық контурдың ішкі облысын таңдалған
түспен бояу;
- градиентті толытру – 2 не одан көп түстердің өзара біріне-бірі өтуі
түрінде бояу;
- текстуралық толтыру – бірнеше құрылымды өрнекпен толытырылады;
- картамен – бейнемен толтыру – карта деп аталатын дайын растрлық
бейнемен толтыру;
- векторлық бейнемен толтыру.
2. Векторлық графиканың математикалық негізі
Векторлық графикадағы әртүрлі объекттерді беру әдістерін толығырақ
қарастырайық.
Нүкте. Бұл объект жазықтықтағы 2 санмен (х,у) беріледі. Олар
координата басына қатысты нүкте орнын білдіреді.
Түзу сызық. у=kx+b теңдеуі сәйкес келеді. k және b параметрлерін беру
арқылы берілген координата жүйесінде шексіз түзу сызықты бейнелеуге болады.
Яғни түзу салу үшін 2 параметрді беру жеткілікті.
Түзі кесіндісі. Түзуден айырмашылығы тағы да 2 параметрді –
кесіндінің басы мен аяғының х1, х2 координаталарын талап етеді.
2-ші ретті қисық. Бұл қисықтар классына парабола, гипербола, эллипс,
дөңгелек, т.б., яғни теңдеуінде дәрежесі 2-ден аспайтын барлық сызықтар
жатады. Түзі сызық 2-ші ретті қисықтардың дербес жағдайы болып табылады.
Екінші ретті қисықтың формуласы жалпы түрде былай беріледі:
х2+а1у2+а2ху+а3х+а4у+а5=0
Осылайша, шексіз 2-ші ретті қисықтарды бейнелеу үшін 5 параметр
қажет. Егер қисық кесіндісін бейнелеу қажет болсы онда тағы да 2 параметр
талап етіледі.
3-ші ретті қисық. Бұл қисықтардың екінші ретті қисықтардын
айырмашылығы иілу нүктесінің бар болу мүмкіндігінде. Мысалы, у=х3
функциясының графигі координаталар басында иілу нүктесіне ие. Осы қасиеті
үшінші ретті қисықтарды векторлық графикада табиғи объекттерді бейнелеудің
негізі етіп алуа мүмкіндік берді. Адам денесінің майысқан тұстары 3-ші
ретті қисықтарға өте жақын. Жалпы жағдайда 3-ші ретті қисықтар теңдеуі
былай беріледі:
Х3+а1у3+а2х2у+а3х у2+а4х2+а5у2+а6ху+а7х+а8у+а9=0
Осылайша, 3-ші ретті қисықтар 9 параметрмен беріледі. Ал оның кесіндісін
беру үшін тағы да екі параметр қажет.
Безье қисықтары. 3-ші ретті қисықтардың оңайландырылған түрі. Безье
қисығын құру әдісі сызық кесіндісінің басы мен аяғына жүргізілген
жанамаларды пайдалануға негізделген. Безье қисығының кесіндісі 8
параметрмен беріледі, сондықтан олармен жұмыс істеу ыңғайлырақ. Сызық
формасын жанамалардың қисаю бұрышы және кесінді ұзындығы әсеер етеді.
Осылайша, жанамалар қисықты басқаруға мүмкіндік беретін виртуаль рычаг
ролін ойнайды.
1. 3-ші ретті қисық 2. Безье қисығы
Лекция 2.
Тақырыбы: CorelDraw редакторының басқару элементтері
1. Аспаптар панелі
2. Қасиеттер панелі
3. Мәзірлер қатары
1. Аспаптар панелі
Объекттерді құру және редакторлау құралдарының негізгісі аспаптар панелінде
орналасқан(Toolbar). Бірқатар аспаптардың альтернатив варианттары бар,
олардың белгілерінде ашылатын батырма(қара үшбұрыш) бейнеленген. Аспаптың
альтернативті таңдау панелін ашып, оны тышқанмен жылжыта отырып жеке
палитра ретіндежұмыс аймағына орналастыруға болады.
CorelDraw 11 версиясындағы аспаптарды қарастырамыз:
- Pick (выбор) аспабы объектерді таңдау көлемін өзгерту, айналдыруға
мүмкіндік береді;
- Shape (формы) аспабы объект формаларын тірек нүктелерді таңдау және
олардың қасиеттерін редактордау жолымен өзгертеді;
- Knife (нож) аспабы жабық контурды шекаралары кесу сызығына сәйкес
келетін жекелеген объекттерге бөледі,
- Eraser (ластик) – объекттің ластик жүргізілген жерлері өшіріледі;
соның ішінде контур сегменттері, жабық контурдың ішкі аумағы;
- Smudge brush (смещение) – қылқалам түсірген дақ траекториясына
сәйкес контур формасын өзгертуге(бұзуға-исказить) мүмкіндік береді;
- Roughen brush (загрубить) – қылқалам әрекет еткен аймақтағы контур
траекториясына кездейсоқ бұрмалаулар енгізеді.
- Free transform (свободное преобразование) – тышқанмен тарту арқылы
масштабтауға, объектті айналдыруға мүмкіндік береді;
- Freehand (свободная рука) – сегменттері автоматты түрде құрылатын
қалаған контур салу;
- Bezier (кривая Безье) – тышқан көмегімен тірек нүктелерді қою және
олардың қасиеттерін анықтау жолымен Безье қисығын салады;
- Artistic Media (көркем сурет салу құралдары) – бірнеше құралдарды
өз ішіне алады: Brush (кисть), Sprayer (распылитель),
Calligraphic(каллиграфическое перо), Pressure (перо с нажимом). Бұл
құралдардың бірін таңдау қасиеттер панелі арқылы орындалады.
- Pen (перо) – Безье қисықтарын салады. Алдын қарастырған Bezier
аспабынан айырмашылығы кезектегі сегмент интерактивті режимде
бейнеленеді. Бұл күрделі контурлар құруды жеңілдетеді.
2. Қасиеттер панелі
Кез-келген аспапты таңдаған соң қасиеттер панелі оның қасиеттерін
көрсетіп, объекттің не аспап параметрлерін басқаруға мүмкіндік беретін
элементтерді ұсынады. Осы себептен таңдалған аспап не объектке сәйкес
қасиеттер панеліндегі басқару элементтерінің құрамы өзгері отырады.
Егер ешқандай объект таңдалмаған болса, онда қасиеттер панелінде бет
параметрлерін басқару элементтері тұрады:
- ТипФормат бумаги(Paper TypeSize) ашылатын тізім пайдаланушының не
стандартты бет форматын таңдау үшін;
- Высота и ширина бумаги (Width and Height) есептеуіштері: бет ені
мен биіктігін беру үшін,
- Книжная (Portrait) және альбомная (Landscape) бет ориентациясын
өзгерту үшін;
- Единицы измерения (Drawing Units) ашылатын тізім өлшембірлігін
таңдау үшін;
- Перемещение клавишами курсора (Nudge Offset) есептеуіші түйіндердің
стандартты жылжу шамасын беру үшін;
- Расстояние до копии(Duplicate Distance) есептеуіші объект
дупликатының (көшірмесінің) х,у осьтері бойлап жылжу шамасын беру
үшін;
- Привязка к сетке (Snap to Grid), Привязка к направляющим (Snap to
Guidelines), Привязка к объектам (Snap to Object) батырмалары
сәйкесінше тірек нүктелер бойынша, бағыттаушы сызытар бойынша,
таңдалған объект бойынша реттелу режимдерін іске қосу үшін;
- Отображать объекты при перемещении батырмасы объектті жылжыту не
трансформация жасау барысында толық көрсету режимін іске қосу үшін;
- Параметры (Options) батырммасы программа параметрлерін батауға
мүмкіндік беретін сұхбат терезесін ашу.
3. Мәзірлер қатары
CorelDraw құралдарының кейбірі тек мәзірлер қатарында ғана орналасқан.
- Растровые изображение (Bitmaps) мәзірінде орналасқан растрлық
объекттерді өңдеу құралдары;
- Эффекты (Effects) мәзірінің құрамына кіретін Изменить (Adjust),
Трансформация (Transform), Корректировать (Correction), Добавить
перспективу (Add Perspective), Контейнер (Power Clip), Перекат
(Rollover) құралдары;
- Вид мәзіріндегі көріну параметрлерін басқару құралдары;
- Упорядочить (Arrange) мәзіріндегі Разбить объекты аспабы;
- Сервис мәзіріндегі сценарий жазу құралдары (Visual Basic).
Алайда, пайдаланушы өз қалауынша аспаптар панелінің, мәзірлер құрамын және
басқа интерфейс элементтерінің конфигурациясын өзгерте алады.
Лекция 3.
Тақырыбы: CorelDraw редакторында графика салу
1. Объекттерді құру және модификациялау
2. Графикаға тиісті амалдар
3. Көшіру, дубль жасау және клондау
1. Объекттерді құру және модификациялау
CorelDraw-та типтік объекттерді салу әдістері басқа векторлық
редакторлардан аз айырмашылық етеді. Біз негізінен объекттердің қасиеттерін
басқару мүмкіндіктері және оларды стандартты құралдармен модификациялау
әдістерін қарастырамыз. Программа аппаптарымен құрылған барлық объекттер
бірқатар атрибуттарға, және жалпы модификациялау мүмкіндіктеріне ие. Выбор
аспабы арқылы ерекшеленіп алынған кезкелген объект үшін қасиетер панелінде
мыналар пайда болады:
- оның координата (х,у) параметрлері көрсетілген жолақ;
- горизонталь және вертикаль бойынша өлшемдері берілген жолақ;
- масштабты белгілеуге арналған жолақ;
- пропорционалды масштабтауға рұқсат беру (бермеу) батырмасы;
- бұрылу бұрышын беруге арналған жолақ;
- вертикалі және горизонталі бойынша кері бейнесін алу аспаптарының
батырмалары;
Ал, басқа да басқару элементтерінің құрамы жеке объектке тәуелді.
2.Графикага тиісті амалдар.
Сызық қасиетте.Свободное рисования, Перо, Комбинированная линия, кривая по
трем точкам аспаптары көмегімен құрылатын сызықтар үшін құрудан алдын
қасиеттер панелінде сызық басы мен аяғының формасы, типі, жуандығы,
жұмсақтық дәрежесі беріле алады.
Контур. Барлық сызықтар контур болып табылады (ашық және жабық).Кривал
Безье және Поро аспаптары мен қисық сызық (сегменттің бастапқы не соңғы
нүктесінде тышқанды басылған күйі жылжыту арқылы) немесе түзу(бастапқы және
соңғы нүктелеріне бір-бір шерту арқылы) салынады. Салып болған соң Выбор
аспабы арқылы обьекті ерекшелеу оның қасиеттерін редакторлауға мүмкіндік
береді.
Ашық контурлар үшін Автомотическая замыкания кривой арнайы аспабы бар.Ол
контурдың басы мен аяғын қосып жабық контурға сызықтық айналдырады.
Түйіндер. Егер обьект Shape Форма аспабы көмегімен тазалынса онда
обьекттің түйін нүктелерін модификациялауға мүмкіндік туады; Түйін
нүктелерінің бірін таңдап алып, керекті орынға жылжытады, не осы нүктені
басқару жанамасын жылжытып (кішірейтіп, ұзартып, бағытын өзгертіп) әсер
етеді. Орындалатын амалдар қасиеттер панелінде көрсетілген.
- түйін нүктелерді қосу не жою: Добавить узел, Удалить узел;
- екі нүктені біріктіру: Объединить два узла;
- қисықты түзуге айналдыру және керісінше Преобразовать кривую,
Преобразовать в прямую;
- Берілген нүктеде сызықты бөлу: Разъединить кривую;
- Берілген нүктеде қисық формасын өзгерту: Острый узел, Сглаженный
узел, Симметрический узел;
- Сызық бағытын өзгерту: Изменить направление;
- Ерекшелеп алынған шеткі нүктелерді біріктіру арқылы қисықты жабық
контурға айналдыру: Замкнуть кривую;
- Сегменттер комбинациясы түрінде құрылған объекттен жеке қисықты
ажыратып алу: Извлечь фрагмент;
- Қисықты автоматты түрде жабық контурға айналдыру: Автоматическое
замыкание кривой;
- Сегменттерді қисайту, айналдыру, масштабтау, түйіндерді реттеу
жолымен қисықты түрлендіру: Масштабирование и растяжение узлов,
Поворот и наклон узлов, Выравнивание узлов;
- Эластикалық түрлендіру режимін іске қосу: Гибкий режим (Elastic
Mode);
Безье қисығы. Кривые Безье аспабы арқылы салынған сызықтар үшін
модификациялау әдістері жоғарыдағыдай.
Түзу сегментті 1-ші қадам: Форма 2-ші қадам: 3-ші қадам: қисыққа
бастапқы сызық аспабы көмегімен Симметрический Автоматическое
түйіндерді узел батырмасын замыкание кривой
ерекшелеу қолдану батырмасын қолдану
3. Көшіру, дубль жасау және клондау
Бірдей типті объекттерді құру барысында көшіру, дубль жасау, клондау
амалдарын қолдану ыңғайлы. Көшіру Windows програмаларының барлығында бар
стандартты амалға жатады: көшіру – Редактирование-Копировать, қою –
Редактирование-Вставить. Қойылған объекттің қасиеттері бастапқы объектке
байланысты болмайды, тәуелсіз объект ретінде қарастырылады.
Дубль жасау амалы Редактирование-Дублировать командасы арқылы
орындалады. Дубликат орны(бастапқы объектке қатысты) қасиеттер панеліндегі
Смещение дубликаты есептеуіштері арқылы беріледі. Дубликаттың қасиеттерін
өзгертіп(мысалы координаталарын, бұрылу бұрышын, көлемін) дубль жасау
командасын қайта берсек, келесі дубликаттың қасиеттері де сәйкес өзгеріске
ұшырайды.
Мұндай әдісті бір-біріне қатысты масштабтау, бұрылу бұрышы, жылжу орны
сияқты қасиеттері тұрақты қадаммен өзгеретін объекттер тобын құру үшін
қолдану ыңғайлы.
Клондау амалы Редактирование-Клонировать командасы арқылы орындлады.
Дубль жасаудан айырмашылығы екеу: 1-шіден, клон толтыру және контур
қасиеттеріне қатысты бастапқы объектпен байланысты болады: бастапқы
объекттің осы қасиеттері өзгерсе, ол клонда да өзгереді. 2-шіден, клондау
амалы бір сатылы, яғни клоннан тағы да клон құруға болмайды.
Лекция 4.
Тақырыбы: Топтармен амалдар. PowerClip
1. Топтастыру, комбинирлеу
2. Немесе, және, алу амалдары
3. PowerClip объекттері
1. Топтастыру, комбинирлеу
Объекттер топтарына жүргізілетін амалдарға топтастыру (Компоновать-
Группировать), комбинирлеу (Компоновать-Комбинировать), сонымен бірге
логикалық қиылысу амалы (және), біріктіру(немесе), алу амалдары жатады.
Логикалық амалдарды Компоновать-Преобразование командасы арқылы таңдауға
болады.
Топтастыру. Объекттерді топтастыру шін алдымен оларды выбор аспабы
арқылы ерекшелеп алу қажет. Топтастырылған объекттердің қасиеті өзгермейді.
Комбинирлеу. Топтастырудан айырмашылығы амал нәтижесінде соңғы
ерекшеленген объекттің қасиетін сақтайтын қорытынды объект пайда болады.
Егер объекттер қиылыса орналасқан болса Компоновать-Разъединить кері
амалды орындайды. Бұл жағдайда комбинирлеу кезіндегі қасиеттер сақталады.
2. Немесе, және, алу амалдары
Немесе амалы. Объединить (Weld) командасы арқылы орындалады
(Компонавать-Пребразование-Объеди нить). Ерекшелініп алынған объекттер
соңғы ерекшеленген объект қасиетін қабылдайды, және жалпы бір контур
құрылады. Егер объекттер қиылыса орналаспаған болса жалпы бәріне ортақ
контур құрылмайды. Объекттер қиылыспаған жағдайда кері амал – Компоновать-
Разъединить командасы орындала алады. Бірақ объекттердің бастапқы қасиеті
орнына келмейді.
Алу амалы. Компоновать-Пребразование-.Исключе ние командасы арқылы
орындалады. Ерекшеленген аймақтар қиылысуы шарт, өйткені қиылысу аймағы
соңғы ерекшеленген объекттен алынып тасталынады, Бірінші ерекшелініп
алынған объекттің қасиеттері өзгермей қалады. Кері амал орындалмайды. Тек
Правка-Отменить арқылы қайтаруға болады.
Алу амалының дербес жағдайлары Вычесть из верхнего объекта нижней
және Вычесть из нижнего объекта верхний командалары арқылы орындалады.
1. Бастапқы объекттер 2. Біріктіру 3. Алу
4. Объект қиылысуы 5. Жоғарғы объекттен 6. Төменгі объекттен
және төменгісін алу жоғарғыны алу
Және амалы. Компоновать-Пребразование-Пересеч ение командасы арқылы
орындалады. Ерекшеленген аймақтар қиылысуы шарт, өйткені қорытынды объект
ретінде қиылысу аймағы ғана қалады. Бастапқы объекттер жоғалып кетеді.
Қорытынды объект соңғы ерекшеленген объекттің қасиетін иелейді. Кері амал
орындалмайды.
3. PowerClip объекттері
CorelDraw программасында PowerClip(обрезка) деп аталатын ерекше
объекттер классы бар. Мұндай объекттер объект-контейнер болып табылады.
Объект-контейнерлердің ішіне басқа объекттер ендіріле алады. Кез-келген
объект контейнерге басқа объект-контейнерді ішіндегі объекттерімен салуға
болады. Контейнерден шығарып алуға, басқа контейнерге өткізуге болады. Егер
ендірілген объекттен көлемі үлкен болса, онда ендірілген объект контейнер
фоны ретінде бейнеленеді.
Егер ендірілген объекттің көлемі контейнерден үлкен болса, онда
контейнер рамкасына сиған бөлігі ғана көрінеді.
Лекция 5.
Тақырыбы: Adobe Photoshop графикалық редакторы
1. Adobe Photoshop терезе элементтері
2. Объектпен жұмыс істейтін аспаптар
3. Сурет салуға арналған аспаптар
4. Жаңа объекттер құруға арналған аспаптар
1. Adobe Photoshop терезе элементтері.
Растрлық графикалық редакторлар ішінде кең қолданылатыны Adobe
компаниясының Photoshop программасы.
Программаның негізгі басқару элементтері мәзірлер қатары мен инструменттер
тақтасында шоғырланған. Бұдан басқа айрықша диалогтық терезелер – аспапты
палитралар қолданылады.
Photoshop бейне құрудан гөрі өңдеуге арналғандықтан, программада бейне
жұмыс сақталған файлды жіктеуден (Файл→Открыть) немесе бейнені импорттаудан
басталады.
Импорт деп- сканер, цифрлы фото камера, т. б. -дан алынған бейнені
айтады. Импорт жасау үшін Файл→Импортировать командасы қолданылады.
Графикалық бейнелерге қолданылатын көптеген амалдар үшін бейненің негізгі
параметрлерін білу қажет. Оларды Изображения→Размер изображе-ния
командасы арқылы ашылатын диалогтық терезеден білуге болады. Бұл терезеде
мынадай параметрлер беріледі:Ширина (ені), Высота (биіктігі), Размер
печатного отписка( ).
Бейненің экрандық размері Разрешения (шешілу) параметрінің физикалық
размерімен байланысты. Осы параметрлердің барлығынан файл размері тәуелді.
Аспаптар тақтасы. Бейнемен жұмыс істеудің негізгі құралы болып табылады.
Негізгі аспаптар 4 топқа біріктірілген. Photoshop программасының аспаптар
панелінің ерекшілігі альтернативті аспаптардың бар болуы. Мұндай
аспаптардың белгісінде кішкене ұшбұрыш суреті бар болады.
2. Объектпен жұмыс істейтін аспаптар
Белгілердің бірінші тобын объект пен жұмыс істейтін аспаптар құрайды.
Область, Лассо аспаптарымен бейне кез – келген аймағын ерекшелеуге болады.
Перемещенее (жылжыту) аспабы ерекшеленген аймақтарды жылжытып, көшіреді.
Волшебная палочка (ғажайып таяқша) аспабы бірдей түсті аймақтарды
ерекшелейді. Лассо мен ғажайып таяқшаны обтравка амалын яғни күрделі
контурларды дәл жүргізу үшін қолданылады.
3. Сурет салуға арналған аспаптар тобы
Мұнда бізге таныс Аэрограф, Кисть, Карандаш, Ластик аспаптары бар.
Штамп аспабы арқылы суреттің (ескі фотографиялардың) нұқсанды элементтерін
құртылмаған жерлердің қандай –да бір бөлігін көшіріп қою арқылы дұрыстауға
болады.
Палец аспабы (саусақ) мен жаңа жағылған красканы жылжытуға болады.
Альтернативті таңдауға болатын РазмытиеРезкость аспабы жекелеген
бөліктердің түс өткірлігін басқарады.
ОсветительЗатемнительБубка аспабы жергілікті түстің қанықтығы мен
ашықтығын басқаруда пайдаланылады.

Үшінші топ аспаптары жаңа объекттер (соның ішінде тексттер) құруға да
арналған.
Перо және оның альтернативті аспаптары қисықсызықты контурлар құруға және
оны редакторлауға арналады.
Текст аспабы текст жазуға қолданылады. (шрифт, размерін, стилін, түсін
таңдауға болады. )
ЗаливкаГрадиент аспаптары ерекшеленген аймақтарды болу үшін. Бір түрлі
түспен, не бір-біріне ауысатын бірнеше түспен бояуға болады.
Бейненің ішінен керек түсті дәл таңдау үшін Пипетка аспабы қолданылады.
Соңғы топтың аспаптары суреттің көрінісіне қатысты.
Масштаб аспабы сурет бөліктерін үлкейтіп (кішірейтіп) көруге мүмкіндік
береді.
Рука (қол) аспабы суреттің көрінбей тұрған бөлігін жылжытып, көру үшін
қолданылады.
Лекция 6.
Тақырыбы: Жылжымалы палитралар
1. Палитралардың 1-ші және 2-ші топтары
2. Палитралардың 3-ші және 4-ші топтары
1. Палитралардың 1-ші және 2-ші топтары
Adobe Photoshop-ң басқа бір аспаптар құралы ретінде жылжымалы
палитраларды айтуға болады. Олар программаның өзінің және бейненің негізгі
элементтері параметрлерін баптау үшін қолданылады. Жылжымалы деп аталу
себебі оларды экранның кез-келген нүктесіне ауыстырып қоюға болады.
Палитраларды орнату не алып тастау Window мәзірінде сәйкес
командаларға белгі қою арқылы орындалады. Барлық палитраларды бір мезгілде
шығарып , экранды толтырудың қажеті жоқ, сондықтан керек емес
палитралардың Close (Закрыть) кнопкасына шертіп жауып тастауға болады.
Үнсіз келісім бойынша палитралар 4 топқа біріктірілген:
– NavigatorInfo (НавигаторИнфо);
– Сolor Swatches Styles ( Цвет КаталогиСтили ) ;
– LayersChannels Paths Historty Actions Tools Presets
(Слой КаналыКонтурыПротоколДействия Предустановки ) ;
– Сharacter Paragraph (Символ Абзац )
Навигатор - әртүрлі бейне прагменттерін қарауды басқаруға,
масштабты пернелер арқылы өзгертуге мумкіндік береді.
Инфо - көрсеткіштің ағымдағы координатасы туралы , ерекшелеу
көлемі, нүктенің түстік параметрлері туралы мәлімет береді.
Цвет - түс моделіне сәйкес негізгі және фондық түстің
үлгілері мен мәндері берілген. Оларды қалауымызша өзгертуге болады.
Каталоги - қолдануға болатын барлық түстердің жиынтығы. Шерту
арқылы керекті түсті түстер қатарына қосуға болады.
Стили - қабатты әсемдеудің стилдер түрі орналасқан. Олардан бөлек
жаңа стиль жасауға да болады.
2. Палитралардың 3-ші және 4-ші топтары
Слой - бұл палитрада жоғарғы деңгейден фондық деңгейге
дейінгі барлық қабаттар көрсетілген . Қабаттардың ретін ауыстыруға болады
.
Контуры - барлық құрылған контурлар және негізгі түспен толтыру
пернелері т. б. бар.
Каналдар - канал құру , редакторлар және көрсету үшін.
Протокол - әрбір орындалған операцияны тіркеп отырады. Оның
көмегімен бірнеше қадам артқа қайтаруға болады.
Действия - қайталанып отыратын амалдар үшін макрокоманда құруға
мүмкіндік береді.
Предустановки - аспаптар параметрлерін сақтап қояды. Оларды кейінгі
жұмыстарда қайта жасап жүрмей дайын күйде пайдалана беруге болады.
Символ - ендірілген текст символдарының параметрлері жиынын
басқаруға мүмкіндік береді.
Абзац - Текст абзацтарының реттелу әдісі және отступтарын беруге
мүмкіндік береді.
Кисти - Сурет салу аспаптарының кистін құру және баптауға болады.

Лекция 7.
Тақырыбы: Ерекшелеу аспаптары мен әдістері
1. Ерекшелеу аспаптары.
2. Color Range командасы
3. Жылдам маска режимі және параметрлері
4. Жылдам масканы құру
1. Ерекшелеу аспаптары.
Нүктелік бейнелердің өзіне тән ерекшелігінің бірі әрбір пикселдің түс
параметрлері көрші пикселдерге тәуелді болмайды, керекті бейне пикселдері
аймағын ерекшелеп алып жұмыс істеуге болады. Ерекшеленген аймақ штрих
сызықтармен белгіленеді. Adobe Photoshop праграмасында бейне бөлігін
ерекшелеу үшін :
- Область (Marquee) аспаптар тобы;
- Лассо (Lasso) аспаптар тобы;
- Волшебная палочка (Magic Wand) аспаптар тобы;
- Выделение (Selection) мәзірі командалары;
- Быстрая маска (Quick Mask) арнайы режимі пайдаланылады.
Область аспаптар тобында төрт аспап бар. Бұл аспаптар аймақтарды
геометриялық формада ерекшелеуге мүмкіндік береді: төртбұрыш,эллипс,
горизонталь вертикаль қатар (ені 1 пиксел)
Лассо аспаптар тобында 3 аспап бар:
1.Лассо –аймақты еркін формада ерекшелейді.
2. Polygon Lasso (Полигональное лассо)- аспабы сияқты, айырмашылығы
тышқанның әрбір шертуі түзу кесінді береді. Ерекшелеуді аяқтау үшін
тышқанды екі рет шертеді.
3. MagneticLasso.(Магнитное лассо)-көрші жатқан пикселдердің түс
айырмашылығы басшылыққа ала отырып жартылай автоматты түрде ерекшелеу. Бұл
аспаптың қасиеттер панелінде түс сезімталдығы деңгейін (контрастылық 1-100%
аралығында), түс қабылдау енін өзгертуге болады.
Волшебная палочка (Magic Wand) аспабы бірдей түсті не өте үқсас түсті
ерекшелеуде өте ыңғайлы. Бұл аспап толық автоматты түрде қатар пикселдердің
түс ұқсастығы бойынша ерекшелейді Аспапты екі рет шертіп контексті
параметрлер панелін шақыруға болады. Мұндағы Допуск (Tolerance)
қамтылатын түс дипазонын анықтайды. 0 мәні берілсе тек бірдей түстер ғана,
ал мәні жоғарылаған сайын ұқсастығына қарай ерекшеленетін аймақтың түстер
саны да арта береді. 255 мәні берілсе ерекшеленген аймаққа бейненің барлық
түстері дерлік еніп кетеді.
Совмещенние данные (Use ALL Layers) қатарына белгі қойылса белсенді
қабаттың ғана емес басқа қабаттардың да пикселдерін ерекшелеу аймағын
қамтуға болады.
2. Color Range командасы
Цветовой диапазон (Color Range) командасы Волшебная палочка аспабына
ұқсас, бірақ одан әрі күрделендірілген. Бұл команда выделение мәзірінде
орналасқан. Командаға шерткен соң экранда Цветовой диапазон сұқбат терезесі
пайда болады. Выделить тізімі мынадай командаларға ие:
- По оброзцам - Пипетка аспабымен қалаған түсті таңдау.
- Красное, Желтые, Зеленое, Голубые, Синие - сәйкес түс дипазонындағы
барлық пикселдерді ерекшелеу.
- Света, средние тона, тени – сәйкес тон диапазонындағы барлық пикселдерді
ерекшелеу.
- CMYK(out of gamut)-калиграфиялық краскалар көмегімен дәл беріле
алмайтын (печатталмайтын ) барлық түстерді ерекшелейді.
Просмотр (Selection Pre Viеw) тізіміне әрбір жағдайға сәйкес
ерекшеленген аймақтың бейнелену вариантын таңдауға болады:
- Не задан - ерекшеленген аймақты көрсетпейді.
- Градации серого- жұмыс аумағындағы бейнені ақ –қара фото сурет түрінде
көрсетеді.
-Черная подложка (Вlack Matte) –бейнені қара фон үстінде көрсетеді. Мұнда
ашық түстер айқын көрінеді
- Белая падложка (White Matte ) бейнені ақ фон үстінде көрсетеді. Мұнда
қара түстер айқын көрінеді.
3. Жылдам маска режимі
Әдетте маска бейненің белгілі бір бөлігімен жеке жұмыс істеу үшін
қолданылады. Егер кез-келген ерекшелеу аспабының қызметі анық, айқын
ерекшелеу шекарасын білдіретін контур сызу болса , “Быстрая маска” режимі
керісінше шекарасы анық емес , бейненіайқын емес бұлдыр ерекшеленген
аймақты Алу үшін қолданылады. Мұндай аймақты алу үшін кез-келген сурет
салуға арналған аспаптардан пайдалануға болады: Кисть, Аэрограф , Градиент.
1) Жылдам маска режимінде маска қойылған және маска қойылмаған аймақтар
түсі бойынша ажыратылады. Егер Параметры быстрой маски сұхбат терезесінде
Маскируемые области (Masked Areos)варианты белгіленген болса онда
ерекшеленген аймақ ақ түспен (не мөлдір аймақпен ), ал қалған бөлігі қара
түспен беріледі. (каналы терезесінде ) Бұл жағдайда қара түспен сурет салу
ерекшеленген аймақты азайтады , яғни қара түс жағылған жерлер
ерекшеленбеген аймаққа айналады . Керісінше ақ түспен сурет салу
ерекшеленген аймақты көбейтеді.
Егер параметры быстрой маски сұқбат терезелерінде Выделенные области
(Selected Areos)врианты белгіленсе, онда ерекшеленген аймақ қара , қалған
бөлігі ақ түспен берледі.
2) 2-жағдайдада сұр түс түрлерімен сурет салу жартылай мөлдір аймақ
түзеді.
4.Жылдам масканы құру.
Ерекшелеу аспаптарының бірімен аймақты жобалап ерекшелеп альп , не
ерекшелеп алмай-ақ та “Быстрая маска “ режиміне өтуге болады.
“Быстая маска “ режиміне өту аспаптар палитрсының төменінде орналасқан
сәйкес атаулы батырманы шерту арқылы жүзеге асады.
Жұмыс аумағында маскаланған облыс(50% мөлдір емес ) қызыл түспен үнсіз
келісім бойынша бейнеленеді.
Жылдам маска режиміне өткенде каналы палитрасына “Быстрая маска “
(Quick Mask) уақытша каналы пайда болады. Жылдам маска режимінде түске
қатысты аспаптардан басқа барлығымен жұмыс істеуге мүмкіндік бар.
Масканы редакторлау үшін ыңғайлы болған кез-келген аспапты
пайдаланып, бейненің фрагменттерін маскаға қосу не алып тастауға болады.
Стандартты режиміне ауысу аспаптар палитрасының төменгі жағында
орналасқан Стандартный режим батырмасын басумен жүзеге асады.
Стандартты режимге ауысқан соң жылдам масканың маскаланбаған аймағы
ерекшеленген аймаққа айналады.
1) Жылдам маска палитрін өзгерту үшін аспаптар панеліндеге “Быстрая
маска “ батырмасына 2 рет шерту қажет ,Экранда Параметры “Быстрой
маски” сұхбат терезесі пайда болады .
2) Осы терезенің Цвіт(Color) бөлімінде жылдам маска түсін өзгертуге
болады. (Егер үнсіз келісім бойынша қойылатын қызыл түс ұнамаса )
Бұл үшін түсті квадратты шерту керек .
Бұл бөлімде таңдалған түстің мөлдірлігінде баптауға
болады.Мөлдірлік деңгейі процент пен беріледі , жоғары мән-мұндай
масканың астынан бейне жақсы көрінбейді.
Лекция 8.
Тақырыбы: Сурет салуға арналған аспаптар
1. Сурет салу аспаптары және олардың жалпы қасиеттері
2. Кисть палитрасы
3. Ластик тобының аспаптары және қасиеттері

Сурет сызу аспаптары пиксел түсін өзгерту және ойлаған бейнені салу
үшін қолданылады. Бұл үшін фондық және негізгі түсті айыра білу,
кисть(Brush) тобынан аспаптар өлшемін таңдай білу, сурет сызу және
редакторлау аспаптарының параметрлерін баптай білу керек.
Сурет сызу аспаптарының қасиеттері (палитралар) панелі кез келген
сурет салу аспабының басқару пульті болып табылады. Әрбір аспаптың өзіне
тән параметрлері болуы мен бірге ортақ параметрлері де бар:
– Мутность, процентпен беріледі (Opacity) - карандаш, кисть, штамп,
градиент аспаптарына тиісті. Параметр проценті жоғары болған сайын түс
мөлдірлігі төмендейді.
– Нажим (Pressure) - Аэрограф, Палец, Резкость, Размытие, Губка
аспаптарына тиісті. Параметр проценті төмендеген сайын аспап әсерінің
“күші” кеми береді.
– Экспозиция (Explosive)-Осветлитель және Затемнитель аспаптарына тиісті,
проценті бойынша экспозиция “уақытын” яғни аспап әрекетін анықтайды.
Карандаш, Кисть, Аэрограф, Ластик аспаптары үшін қасиеттер панелінде
ортақ параметрлер Переменная кисть (Brush Dynamics) батырмасы арқылы
ашылады. Мұнда ашылған аспаптар үшін түсті Цвет қатарынан, мөлдірлік
деңгейін Мутность қатарынан, өлшемді Размер қатарынан таңдауға болады.
2. Кисть палитрасы.
Түстен кейінгі сурет салудың маңызды шарты аспаптың өлшемі мен формасы.
Adobe Photoshop программасында кез келген сурет салу аспаптары үшін өлшемі
мен форма қылқалам (кисть) терминімен беріледі. Қылқаламды таңдау және
анықтау үшін қасиеттер панеліндегі кисть палитрасы қолданылады. Үнсіз
келісім бойынша қылқаламның (дөңгелек)стандартты формалары (диаметірі 1 ден
300-ге дейінгі өлшемде) көрсетіледі. Ал тізімнің ішінде әр түрлі
өлшемдегі, әр түрлі формадағыларды таңдауға болады.
Мысалы: Жапырақ формасы таңдалса, кисть аспабымен жапырақшалар салуға
болады. (шөп, жұлдыз, ирек сызық т. б формалары бар) Осы палитрада
батырмасын басумен ашылатын командалар мәзірі бар. Мұндағы
командалар жаңа қылқалам формасын түзуге, параметрін өзгертуге,
палитрадан алып тастауға мүмкіндік береді. Осы палитра мәзірінде палитра
көрінісін анықтайтын командалар да бар: Только текст - қылқалам атауларының
тізімін ғана көрсетеді, Маленький Эксиз (Большой эскиз) қылқалам тізімін
кіші(үлкен) суреттер түрінде көрсетеді т. с. с. Палитра мәзірінде
палитрада көрсетілмеген әртүрлі қылқалам топтамалары да бар:
NaturalBrushes, Special Eftect Brushes т. б.
Мысалы: Special Eftect Brushes тобында болатын көбелек, гүл формалары да
бар.
3. Ластик тобының аспаптары және қасиеттері.
Енді сурет салу аспаптарының кейбіріне толығырақ тоқталайық.
Ластик тобының аспаптары:
- Ластик не стиратель
- Стиратель фона
- Волшебный ластик.
Ластик- егер жұмыс негізгі бейнемен жүргізілсе барлық пикселдер
түсін фондық түске өзгертеді, егер қабаттағы бейнеге пайдаланса, барлық
пиксельдерді мөлдір етеді (астыңғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz