Ерекшелеу аспаптары


Лекция 5.
Тақырыбы: Adobe Photoshop графикалық редакторы
1. Adobe Photoshop терезе элементтері
2. Объектпен жұмыс істейтін аспаптар
3. Сурет салуға арналған аспаптар
4. Жаңа объекттер құруға арналған аспаптар
1. Adobe Photoshop терезе элементтері.
Растрлық графикалық редакторлар ішінде кең қолданылатыны Adobe компаниясының Photoshop программасы.
Программаның негізгі басқару элементтері мәзірлер қатары мен инструменттер тақтасында шоғырланған. Бұдан басқа айрықша диалогтық терезелер - аспапты палитралар қолданылады.
Photoshop бейне құрудан гөрі өңдеуге арналғандықтан, программада бейне жұмыс сақталған файлды жіктеуден (Файл→Открыть) немесе бейнені импорттаудан басталады.
Импорт деп- сканер, цифрлы фото камера, т. б. -дан алынған бейнені айтады. Импорт жасау үшін Файл→Импортировать командасы қолданылады.
Графикалық бейнелерге қолданылатын көптеген амалдар үшін бейненің негізгі параметрлерін білу қажет. Оларды Изображения→Размер изображе-ния командасы арқылы ашылатын диалогтық терезеден білуге болады. Бұл терезеде мынадай параметрлер беріледі:Ширина (ені), Высота (биіктігі), Размер печатного отписка( ) .
Бейненің экрандық размері Разрешения (шешілу) параметрінің физикалық размерімен байланысты. Осы параметрлердің барлығынан файл размері тәуелді.
Аспаптар тақтасы. Бейнемен жұмыс істеудің негізгі құралы болып табылады. Негізгі аспаптар 4 топқа біріктірілген. Photoshop программасының аспаптар панелінің ерекшілігі альтернативті аспаптардың бар болуы. Мұндай аспаптардың белгісінде кішкене ұшбұрыш суреті бар болады.
2. Объектпен жұмыс істейтін аспаптар
Белгілердің бірінші тобын объект пен жұмыс істейтін аспаптар құрайды.
Область, Лассо аспаптарымен бейне кез - келген аймағын ерекшелеуге болады.
Перемещенее (жылжыту) аспабы ерекшеленген аймақтарды жылжытып, көшіреді.
Волшебная палочка (ғажайып таяқша) аспабы бірдей түсті аймақтарды ерекшелейді. Лассо мен ғажайып таяқшаны обтравка амалын яғни күрделі контурларды дәл жүргізу үшін қолданылады.
3. Сурет салуға арналған аспаптар тобы
Мұнда бізге таныс Аэрограф, Кисть, Карандаш, Ластик аспаптары бар.
Штамп аспабы арқылы суреттің (ескі фотографиялардың) нұқсанды элементтерін құртылмаған жерлердің қандай -да бір бөлігін көшіріп қою арқылы дұрыстауға болады.
Палец аспабы (саусақ) мен жаңа жағылған красканы жылжытуға болады.
Альтернативті таңдауға болатын Размытие/Резкость аспабы жекелеген бөліктердің түс өткірлігін басқарады.
Осветитель/Затемнитель/Бубка аспабы жергілікті түстің қанықтығы мен ашықтығын басқаруда пайдаланылады.
4. Жаңа объекттер құруға арналған аспаптар
Үшінші топ аспаптары жаңа объекттер (соның ішінде тексттер) құруға да арналған.
Перо және оның альтернативті аспаптары қисықсызықты контурлар құруға және оны редакторлауға арналады.
Текст аспабы текст жазуға қолданылады. (шрифт, размерін, стилін, түсін таңдауға болады. )
Заливка/Градиент аспаптары ерекшеленген аймақтарды болу үшін. Бір түрлі түспен, не бір-біріне ауысатын бірнеше түспен бояуға болады.
Бейненің ішінен керек түсті дәл таңдау үшін Пипетка аспабы қолданылады.
Соңғы топтың аспаптары суреттің көрінісіне қатысты.
Масштаб аспабы сурет бөліктерін үлкейтіп (кішірейтіп) көруге мүмкіндік береді.
Рука (қол) аспабы суреттің көрінбей тұрған бөлігін жылжытып, көру үшін қолданылады.
Лекция 6.
Тақырыбы: Жылжымалы палитралар
1. Палитралардың 1-ші және 2-ші топтары
2. Палитралардың 3-ші және 4-ші топтары
1. Палитралардың 1-ші және 2-ші топтары
Adobe Photoshop-ң басқа бір аспаптар құралы ретінде жылжымалы палитраларды айтуға болады. Олар программаның өзінің және бейненің негізгі элементтері параметрлерін баптау үшін қолданылады. Жылжымалы деп аталу себебі оларды экранның кез-келген нүктесіне ауыстырып қоюға болады.
Палитраларды орнату не алып тастау Window мәзірінде сәйкес командаларға белгі қою арқылы орындалады. Барлық палитраларды бір мезгілде шығарып, экранды толтырудың қажеті жоқ, сондықтан керек емес палитралардың Close (Закрыть) кнопкасына шертіп жауып тастауға болады.
Үнсіз келісім бойынша палитралар 4 топқа біріктірілген:
- Navigator/Info (Навигатор/Инфо) ;
- Сolor /Swatches /Styles ( Цвет /Каталоги/Стили ) ;
- Layers/Channels /Paths /Historty/ Actions / Tools/ Presets
(Слой /Каналы/Контуры/Протокол/Действия /Предустановки ) ;
- Сharacter /Paragraph (Символ /Абзац )
Навигатор - әртүрлі бейне прагменттерін қарауды басқаруға, масштабты пернелер арқылы өзгертуге мумкіндік береді.
Инфо - көрсеткіштің ағымдағы координатасы туралы, ерекшелеу көлемі, нүктенің түстік параметрлері туралы мәлімет береді.
Цвет - түс моделіне сәйкес негізгі және фондық түстің үлгілері мен мәндері берілген. Оларды қалауымызша өзгертуге болады.
Каталоги - қолдануға болатын барлық түстердің жиынтығы. Шерту арқылы керекті түсті түстер қатарына қосуға болады.
Стили - қабатты әсемдеудің стилдер түрі орналасқан. Олардан бөлек жаңа стиль жасауға да болады.
2. Палитралардың 3-ші және 4-ші топтары
Слой - бұл палитрада жоғарғы деңгейден фондық деңгейге дейінгі барлық қабаттар көрсетілген . Қабаттардың ретін ауыстыруға болады .
Контуры - барлық құрылған контурлар және негізгі түспен толтыру пернелері т. б. бар.
Каналдар - канал құру, редакторлар және көрсету үшін.
Протокол - әрбір орындалған операцияны тіркеп отырады. Оның көмегімен бірнеше қадам артқа қайтаруға болады.
Действия - қайталанып отыратын амалдар үшін макрокоманда құруға мүмкіндік береді.
Предустановки - аспаптар параметрлерін сақтап қояды. Оларды кейінгі жұмыстарда қайта жасап жүрмей дайын күйде пайдалана беруге болады.
Символ - ендірілген текст символдарының параметрлері жиынын басқаруға мүмкіндік береді.
Абзац - Текст абзацтарының реттелу әдісі және отступтарын беруге мүмкіндік береді.
Кисти - Сурет салу аспаптарының кистін құру және баптауға болады.
Каталоги - қолдануға болатын барлық түстердің жиынтығы. Шерту арқылы керекті түсті түстер қатарына қосуға болады.
Стили - қабатты әсемдеудің стилдер түрі орналасқан. Олардан бөлек жаңа стиль жасауға да болады.
Лекция 7.
Тақырыбы: Ерекшелеу аспаптары мен әдістері
1. Ерекшелеу аспаптары.
2. Color Range командасы
3. Жылдам маска режимі және параметрлері
4. Жылдам масканы құру
1. Ерекшелеу аспаптары.
Нүктелік бейнелердің өзіне тән ерекшелігінің бірі әрбір пикселдің түс параметрлері көрші пикселдерге тәуелді болмайды, керекті бейне пикселдері аймағын ерекшелеп алып жұмыс істеуге болады. Ерекшеленген аймақ штрих сызықтармен белгіленеді. Adobe Photoshop праграмасында бейне бөлігін ерекшелеу үшін :
- Область (Marquee) аспаптар тобы;
- Лассо (Lasso) аспаптар тобы;
- Волшебная палочка (Magic Wand) аспаптар тобы;
- Выделение (Selection) мәзірі командалары;
- Быстрая маска (Quick Mask) арнайы режимі пайдаланылады.
Область аспаптар тобында төрт аспап бар. Бұл аспаптар аймақтарды геометриялық формада ерекшелеуге мүмкіндік береді: төртбұрыш, эллипс, горизонталь вертикаль қатар (ені 1 пиксел)
Лассо аспаптар тобында 3 аспап бар:
1. Лассо -аймақты еркін формада ерекшелейді.
2. Polygon Lasso (Полигональное лассо) - аспабы сияқты, айырмашылығы тышқанның әрбір шертуі түзу кесінді береді. Ерекшелеуді аяқтау үшін тышқанды екі рет шертеді.
3. MagneticLasso. (Магнитное лассо) -көрші жатқан пикселдердің түс айырмашылығы басшылыққа ала отырып жартылай автоматты түрде ерекшелеу. Бұл аспаптың қасиеттер панелінде түс сезімталдығы деңгейін (контрастылық 1-100% аралығында), түс қабылдау енін өзгертуге болады.
Волшебная палочка (Magic Wand) аспабы бірдей түсті не өте үқсас түсті ерекшелеуде өте ыңғайлы. Бұл аспап толық автоматты түрде қатар пикселдердің түс ұқсастығы бойынша ерекшелейді Аспапты екі рет шертіп контексті параметрлер панелін шақыруға болады. Мұндағы Допуск (Tolerance) қамтылатын түс дипазонын анықтайды. 0 мәні берілсе тек бірдей түстер ғана, ал мәні жоғарылаған сайын ұқсастығына қарай ерекшеленетін аймақтың түстер саны да арта береді. 255 мәні берілсе ерекшеленген аймаққа бейненің барлық түстері дерлік еніп кетеді.
Совмещенние данные (Use ALL Layers) қатарына белгі қойылса белсенді қабаттың ғана емес басқа қабаттардың да пикселдерін ерекшелеу аймағын қамтуға болады.
2. Color Range командасы
Цветовой диапазон (Color Range) командасы Волшебная палочка аспабына ұқсас, бірақ одан әрі күрделендірілген. Бұл команда выделение мәзірінде орналасқан. Командаға шерткен соң экранда Цветовой диапазон сұқбат терезесі пайда болады. Выделить тізімі мынадай командаларға ие:
- По оброзцам - Пипетка аспабымен қалаған түсті таңдау.
- Красное, Желтые, Зеленое, Голубые, Синие - сәйкес түс дипазонындағы барлық пикселдерді ерекшелеу.
- Света, средние тона, тени - сәйкес тон диапазонындағы барлық пикселдерді ерекшелеу.
- CMYK(out of gamut) -калиграфиялық краскалар көмегімен дәл беріле алмайтын (печатталмайтын ) барлық түстерді ерекшелейді.
Просмотр (Selection Pre Viеw) тізіміне әрбір жағдайға сәйкес ерекшеленген аймақтың бейнелену вариантын таңдауға болады:
- Не задан - ерекшеленген аймақты көрсетпейді.
- Градации серого- жұмыс аумағындағы бейнені ақ -қара фото сурет түрінде көрсетеді.
-Черная подложка (Вlack Matte) -бейнені қара фон үстінде көрсетеді. Мұнда ашық түстер айқын көрінеді
- Белая падложка (White Matte ) бейнені ақ фон үстінде көрсетеді. Мұнда қара түстер айқын көрінеді.
3. Жылдам маска режимі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz