Халық көзқарасында отбасының басты міндеті аға ұрпақтың орнын басатын бала тәрбиесімен айналысу


- Модуль бойынша Лекциялардың қысқаша тезистері
№1
Халықтың отбасы жайындағы балалар мен ата-насы жайындағы ұғым-түсініктері, оның көп ғасырлық тіршілік тәжірибесі негізінде қалыптасты. Бұл ұғым-түсініктер өзара ұштасып, тәжірибеде тексерілген мінез-құлық нормалары, ақыл-кеңестер, ұсыныстар, ережелерде көрініс берді. Отбасы педагогикасы және отбасылық қарым-қатынастар күрделі процесс. Балаларға тәрбиелік ықпал етудің салттары, дәстүрлері, әдістерін анықтап, іскерлік қызмет атқаруға тура келетіндігіне халықтың жеке өзіндік тәжірибесінде көз жетті. Қазіргі ұғымды колдансақ, демалыс тәртібін, баланың еңбек және сабақ уақыттарын ұйымдастыру, ата-налар, ата-ана, мен балалар, балалардың өздері арасындағы, жалпы туысқандар, көршілер мен өзара қарым-қатынастың тиімді нормаларын орнату отбасының тікелей міндеті. Мұның барлығы біртіндеп отбасы қарым-қатынасы жұйесін құрады. Халық көзқарасы бойынша отбасындағы қарым-қатынас өте нәзік, аса сезімталдықты қажет етеді. Мұнда ішкі отбасылық қарым-қатынастар жүзеге асады, әке мен ананың тәрбиелік қызметі анықталады, балаларға жағымды ықпалды күшейту жағдайлары туғызылады.
Осылайша отбасы және отбасы тәрбиесі ерекшеліктері қашанда халықтың назарында болды. Ол жайында халықтық педагогикалық ескерткіштер куә етеді. Халық ең алдымен бақытты отбасы жағында, немесе отбасы - бақыт кілті. Халық түсінігінде өзара сүйіспеншілік отбасының негізі. Осы өзара сүйіспеншілік сезімдердің, көзқарастардың, талғамдардың ортақтылығына алып келеді. Отбасы тәрбиесі педагогикасы үшін сүйіспеншілік қашанда маңызды проблема. Халық көзқарасында сүйіспеншілік адамның қылықтарында, әрекеттерінде, оның өзгеге қамқорлығынан көрінуі тиіс.
Халық бірін бірі ұнатушылардың мінез-құлқы мәдениеті мәселесін де назардан тыс қалдырмайды. Тең неке, сондай-ақ, қыз баланы тегіне ғана емес сүйгеніне беруді маңызды деп санайды. Сондай-ақ, халықта тұрмыс құруға өз ара келісу, сөз байласумен байланысты дәстүрлер, үйлену жайлы ұсыныстар қалыптасты.
Тұтастай алғанда, халық бозбалалар мен бойжеткендер арасындағы қарым-қатынастарда белгілі бір этикалық нормалардың сақталуын қалайды. Отбасын бақыттың бастауы ретінде қарастырады, өзара сүйіспеншілікке негізделіп құрылған отбасын қолдайды. Тату, еңбексүйгіш отбасы ұжымын жоғары бағалайды. Халық көзқарасында отбасының басты міндеті аға ұрпақтың орнын басатын бала тәрбиесімен айналысу. Мұндағы шешуші рольді баланың анасы мен әкесі атқарады деп білді.
№2
Халыктық педагогикада бала дүниетанымын калыптастыру және оның ақыл-ойын дамытудың бастау көзі ретінде ең алдымен, оның қоғамға, қоршаған дүниеге және мүндағы адамның орнына көзкарастарды тірек еткен дүниетанымы алға шығады.
Хапықтық ақыл-ой тәрбиесі жүйесі оның өндірістік қызметімен тығыз астасып жатыр. Өмір тәжірибесі қоршаған болмыстың жаңа факторлары және дамудың жаңа заңдарын ашу, яғни, айналаны танып білу каджеттігін алға тартты. Сонымен бір мезгілде әрбір келер ұрпақтың адамзат жинақтаған білімдер мен өндірістік тәжірибені меңгеруіне камқор болу міндеті тұрды. Осылайша, шын мәніндегі объективті жағдайлармен байланысты халықгық білімдердің аса зор көлемі түзілді.
Жалпы білімдермен катар, адамдардың өндірістік қызметінің нақгы салаларына, белгілі бір кәсіп түрлеріне, мәселен, жекелей алғанда аңшылық, балық аулау, мал өсіру, егіншілік, бағбаншылық, халықтық техника, түрлі қолөнер кәсіпшіліктері, құрылыс және баска салаларына қатысты халықтық білімдер мен тәрбиенің берілісі халықтық дидактика жәрдемімен камтамасыз етілген.
Тарих, география, үй шаруашылығын жүргізу, арифметика, метереология, биология, мал өсіру, қолөнер бойынша мәліметтер халықтық дидактика идеяларына сүйеніп сақталды, көбейтілді және ұрпақтан ұрпақка берілді. Осыған орай, оның басты қызметі әрбір индивидке белгілі білімдер жиынтығын беру, адамның өндірістік - еңбек, отбасы - тұрмыстық және қоғамдық, ягни, негізгі әрекеттер түрлерін қамтитын өмірде аса қажет практикалық және интеллектуальдық дағдылар мен икемділіктерге баулу болып табылады.
Баланың ақылын тәрбиелеу оньң танымдық кабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байкағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мәселен, жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асыруда аса кұнды дидактикалық материал болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды, оларды қоршаған ортаның түрлі салаларынан заттар мен құбылыстарды талдай алуға үйретеді. Және де сол зат (құбылыс) жайлы материалдардың молдығы (мәселен, жалпы адам туралы, адамның жекелеген дене мүшелері: бас миы, көздер, тістер, шаштар, тіл, саусақ, жүрек, тамырдың соғуы және т. с. с. әрқайсысы жайлы жеке айтылатын жұмбақ мол) затка (кұбылыскд) соғұрлым кеңірек сипаттама беруге мүмкіндік береді.
Алайда ақыл-ой тәрбиесіндегі халық шығармашылықтарының мәні ойлауды дамытумен ғана шектелмейді, олар сондай-ақ, акылды, табиғат жайлы мәліметтермен және адам өмірінің түрлі салаларынан білімдермен байытады. Оларды пайдаланудың құндылығы баланың табиғат және азамат жайлы мағлұматтар жиынтығын ақыл-ой әрекеті процесіңде алатындығында. Мәселен, дүниені тануды кеңейтудің аса мәнді құралы ретінде халық шығармашылығының өзге туындыларымен катар жаңылтпаштар мен ертегілер, аңыздар мен әңгімелер, ойындар мен ойыншықтар алға шығады.
Мақалдар мен мәтелдер ақыл парасат көзі, еліктеу үлгісі, сенімді жетекші, өткен үрпақтың өнегелі мұрасы және бейнелі ойлау мен шешендік сөйлеудің үлгісі ретінде, терең ойларды сақтап қызмет аткарады, аткарып та келеді.
Осындай мол деректерге сүйенсек, ақыл-ой тәрбиесі тәжірибесіне төмендегідей талаптардың болғанын аңғару киын емес. Олар: білімді саналылыкпен және белсенділікпен меңгеру; ақыл-ой тапсырмаларының ұғынықтылығы және шамаға лайықтылығы; ақыл-ой еңбегінің жүйелілігі және бірізділігі; білімді игерудің беріктігі.
№3
Педагогикалық мәдениеттің өзі ең алдымен еңбек педагогикасы және еңбекке тәрбиелеуден тұрады. Еңбек - халық өмірінің өзі. Сондықтан еңбекке төрбиелеу бүкіл тәрбие қызметі мазмұнын анықтайтын тәрбиенің халықтық жүйесінің негізгі өзегі болып табылады.
Барлық халықтардың ең озат дәстүрлері еңбек саласында орын алды. Қашанда ең озықты алып жүруші, ең кереметті, ең ұлыны жасаушы еңбекші халық болды. Сондықтан алдыңғы катарлы озық дәстүрлерді зерттеу, ең алдымен халықтық еңбек дәстүрлерін оқып үйренуді білдіреді.
Еңбекті және еңбек адамдарын сүю - бұл халықтық төрбие жүйесінің аса маңызды өсиеті. Мұндай талап төрбие жүйесінің аса маңызды өзегі.
Балалар ойындарындағы еңбек элементтерінен көрінісі: балалар үлкендерге еліктеп, олардың еңбек операцияларын кайталады, ойын процесінде ойыншықтарды өздері жасады, ойыннан соң өздерінің соңын жинастырды.
Әдетте, балалардың үлкендердің еңбектену әрекеттеріне еліктеуі өз беттерімен заттар жасаумен ұштасты. Халық педагогикасында мүндай балалар ойындары әрдайым көтермеленіп отырды. Балалар біртіндеп ойыншық еңбек құралдарынан олардың мүмкіндіктері ескеріліп жасалған нағыз еңбек қуралцарына көшті.
Балалардың алғашқы саналы әрекеттері өзіне өзі қызмет ету және қызмет көрсету салаларында жасалды, одан соң ауыл шаруашылығы еңбегіне тартылды. Осылай, біртіндеп баланың өсуімен байланысты оның еңбек дағдылары мен икемділіктері ретінде калыптасуы кезеңіне дейін созылды. Осы уақыт аралығында балада қоғамдық өмірге араласу үшін кажетті жеткілікті икемділіктер мен дағдылар жинақталды.
Халық тұрмысыңда жеткіншек ұрпақ өлеуметтік-экономикалық өмір салт талаптары мен шаруашылық жағдайларына сай жан-жақты еңбек дайындығын алды.
Сонымен, еңбек тәрбиесі және еңбекте үйрету мәселесіне қатысты қорыта келгенде, мынандай негізгі тұжырымдарға келуге болады:
Мақалдар мен мәтелдер, әндер мен билер, ертегілер мен эпостар, аңыздар мен әңгімелер, бата-тілектер мен мерекелер халықтық ортада балаларда еңбеккер дүниетанымын калыптастырудың, оларда еңбектің саналуан түрлері жайлы білімдерді кеңейтудің, сондай-ақ, еңбекшілердің еткен үрпақтары жинақтаған төжірибені жеткізудің тиімді кұралы ретінде қолданылды және қолданыла береді.
Халық балаларды еңбекті сүюге төрбиелеуге тұрмыстық қиыншылықтармен табысты күресудің кілті, олардың болашақ өмірінің гүлденуінің шарты ретінде ерекше мән берді. Жастарды еңбек адамдарына, олардың көпжылғы өте үлкен күш жұмсаған еңбегінің нәтижелеріне терең құрмет рухында тәрбиеледі.
Үлкендердің ұнамды үлгісіне бағдарлау халықты тәрбиенің маңызды тұсы болып табылады және болып кала береді.
Халықтық тәрбие тұлғаға кажет бүкіл жағымды сапаларды игерген еңбеккер калыптастырудың бай тәжірибесін жинақтады. Тәрбие ғылымы, соның ішінде еңбек тәрбиесіне катысты бүкіл қүндыны, жарамдыны халықтық тәжірибенің терең қойнауларынан таба білуге үйрену кажет.
Халыктық тәрбие үлкендер, ата-аналар мен балалардың бірлескен еңбегінен жалпы мақсатқа жетудегі олардың еріктерінің топтасуы олардың мүдделерінің, ұмтылыстары мен тілектерінің жақындасу жолын көрді.
№4
Халықтық адамгершілік сипаттар ғасырлар бойы қалыптасты және аға ұрпақтын сыйы ретінде беріліп отырды. Нағыз адамдық мораль - бүл халықтық мораль деп сүйсіне жазады, озық ойлы ғалымдар, педагогтар мен жазушылар. Мәселен, казақ халқының ол бастан бейбітшіліксүйгіш, карапайым, кешірімді, жігерлі, ізгі ниеттілігімен ерекшеленетіні жайлы онымен араласқан түрлі мамандық иелерінің аса қызығушылық туғызатын мәліметтері сақталған. Солардың бірі - XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстанның түрлі аймағында қызметте болған Н. Л. Зеланд (1833-1902 жж. ) . Халықты тұрмысы мен әдет-ғұрыптарына арнайы бақылау жүргізген, медицина, антропология саласында біркатар еңбектердің авторы өзінің "Қырғыздар(казактар) " атты этнологиялық очеркінде " . . . Қазақ - қызу қанды жан. Оның қызу канды болуының себебі бәлкім, көшпенділердің өмір салтынан да болса керек. Қауыртта шапшаң дене қозғалысы, үнемі ат үстінде жүруі кан айналысы мен зат алмасуына қолайлы болуы тиіс.
. . . Жүйке салауаттылығы адамның иманды, өнегелілік бейнесінен де жақсы көрінеді. Жаны жайсаң адам өзгелерге де іш тартады. Казақ ниетімен ақкөңіл; ол сондай-ақ қастерлі касиеттерге адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтас, қонақжай, күйзелген-күйінген кезде салауатты және төзімді. Катыгездік пен кекшілдік казақтар арасында кездеспейді десе де болады . . . - деп халықтық адамгершілік мінез-құлық жайында әбден толық сипаттама береді.
Адамгершілік тәрбиенің мазмүнын моральдық кодекс, сондай-ақ, педагогикалық білімдердің өзіндік энциклопедиясы болып табылатын этикалық калыптар жиынтыгы құрайды. Халық Отанга берілгендік, адамға сүйіспеншілік, еңбекті сүю, сыпайылық, ерлік, адалдық, карапайымдылық секілді адамгершілік сапаларды кашанда дәріптеді. Мүнымен қатар жалкаулық, мақтаншақтық, дөрекілік, өзімшілдік, қызганшақтық, қорқақтықты мейлінше айыптады.
Төрбиенің көптеген көне салттары мен педагогикалық дәстүрлер ғасырлар бойы мәдени алға жылжулар әсерімен толықты, кейде, сондай-ақ, педагогикалық тұрғыдан пайымдалды. Сондықтан олардың объективті талдануы тиіс. Ізсіз жоғалып кеткен жекелеген педагогикалық табыстар да аз емес. Алайда халық есінде баланың тәртібіне бағыт беруші негізгі тәсілдер сақталып калды және де бүгінге дейін қолданылуда.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне түсіндіруді жатқызуға болады. Оның қүралдары ретінде мақалдар мен мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер, аңыздар мен аңыз-әңгімелер қызмет етті. Халық әндері сезім мен санаға ықпалды әсер ету күралдары болып табылады.
Балалармен әңгімеде тап сол жағдайға қолайлы мақалдар мен мәтелдер арнайы сүрыпталып, реттеліп алынып отырды.
Халықта оның моральдық түсініктерін, жас ұрпақ тәртібіне талаптарын және т. б. ашып корсететін нақыл сөздер аз емес.
Адамгершілікке тәрбиелеудің үлкендер үлгісі, тікелей және жанама ескертулер, мадақтау мен жазалау әдістері; ишараның балалар мен жастар ортасында ғана емес, сондай-ақ, үлкендер арасында да кеңінен тараған коптеген варианттары бар.
Халық педагогикасына адамгершілікке тәрбиелеудің аса бай жолдары белгілі болғанына коз жеткізу үшін келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, кеңес, мақұлдау, сәттілік тілеу, тыйым салу, ант беру, күшейту, сөгіс беру, кінәлау және т. б.
№5
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz