Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы


№2-модуль. Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы. Тәрбие теориясы.
1-тақырып. Тәрбие процесінің мәні мен адам өміріндегі қызметі. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.
Дәріс мазмұны.
Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері. Көрнекті ағартушылар мен педагогтардың адам өміріндегі тәрбиенің қызметі жайында пікірлері. Тәрбиенің өзіндік ерекшеліктері.
Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесінің маңыздылығы мен ерекшеліктері. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде. Әлеуметтендіру - мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықтарды игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің маңызы. Өзін-өзі тәрбиелеудің жолдары. Қазіргі кезде білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Бүгінгі таңда тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жаңа көзқарастар жүйесін басшылыққа алу маңыздылығы.
Тәрбие заңдылықтары мен принциптері, олардың өзара байланысы.
Негізгі ұғымдар: тәрбие процесі, мәні, ерекшеліктері, қызметі, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, тәрбие жұмысына жаңа көзқарастар, тәрбие заңдылықтары, принциптері.
2-тақырып. Тәрбие түрлері мен мазмұны.
Дәріс мазмұны.
- Ақыл-ой тәрбиесі.
Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы. Көрнекті ағартушылар мен педагогтардың еңбектерінде ақыл-ой тәрбиесі туралы көзқарастар. Ақыл-ой тәрбиесі және білім беру. Жеке тұлғаның парасат (интеллект) мәдениетін қалыптастыру.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны. Балалардың ақыл-ой күші мен қабілеттерінің дамуы. Зейін, түйсік, ойлау, сөйлеуді қалыптастыру және дамыту. Ақыл-ой әрекетінің амалдары мен біліктерін қолдануды үйрету. Ақыл-ой еңбегінің гигиенасы. Балалардың ақыл-ой тәрбиесінде халық дәстүрлері мен құралдарын қолдану. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруда жаңашыл педагогтардың тәжірибесі.
Негізгі ұғымдар: ақыл-ой, ақыл-ой күші мен қабілет, зейін, түйсік, ойлау, сөйлеуді қалыптастыру, ақыл-ой әрекеті, ақыл-ой еңбегінің гигиенасы, ақыл-ой мәдениеті, рухани даму.
- Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Дүниетанымның философиялық негіздері. Дүниетаным және діни тәрбие мәселесі. Діннің имандылық-тәрбиелік қызметі.
Ғылыми дүниетаным туралы ұғым. Ғылыми дүниетанымның мәні мен негізгі құрамды бөліктері. Азаматтардың діни сенім бостандығы. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары. Оқушылардың дүниетанымын оқу және сыныптан тыс жұмыстар жүйесінде қалыптастыру. Оқушыларда ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Негізгі ұғымдар: дүниетаным, ғылыми дүниетаным, имандылық тәрбиесі, діни сенім бостандығы, тұлғның құндылық бағыты.
- Азаматтық тәрбие.
Азаматтық тәрбие туралы ұғым. Қоғамдық өмірде жастардың азаматтық тәрбиесінің мәні. Азаматтық тәрбиеде оқушылардың қоғамдық-саяси сенімдерін қалыптастырудың маңыздылығы. Саяси тәрбие жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің идеялық негізі. Егемен Қазақстанда жас өспірімдерді елжандылыққа, бейбітшілікті сүюге, ұлтаралық келісімге, барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін танып білу және оны силауға тәрбиелеуде азаматтық тәрбиенің атқаратын қызметі. Жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастыру.
Азаматтық тәрбиенің міндеттері, мазмұны, формалары мен құралдары. Оқушы жастардың азаматтық тәрбиесінде олардың саяси тәрбиесін жетілдірудің маңыздылығы. Мектепте оқушылардың саяси сенімдерін қалыптастыру жолдары.
Оқушылардың қоғамдық-саяси және азаматтық сенімдері мен мұраттарын қалыптастыруда адамгершілік және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктері. Мемлекеттік рәміздердің азаматтық тәрбиедегі рөлі.
Негізгі ұғымдар: қоғамдық-саяси, азаматтық тәрбие, азаматтық сенім, мұрат, ұлтаралық келісім, ұлттар мен ұлыстар, жалпы адамзаттық құндылықтар, мемлекеттік рәміздер.
- Адамгершілік тәрбиесі.
Адамгершілік тәрбиесі туралы ұғым. Жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда адамгершілік тәрбиесінің жетекші рөлі. Адамгершілікке тәрбиелеу - адамгершілік сана, сезім және мінез-құлықты қалыптастыру процесі. Тұлғаның адамгершілік ұстанымы - азаматтық борышы мен жауапкершілігінің және қоғамдық белсенділігінің көрінісі. Адамгершілік және қоғамдық мораль мәселесі. М. Жұмабаев адамның құлық сезімдерін тәрбиелеу жайында пікірі.
Қазіргі кезде жас өспірімдердің адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуде адамгершілік мұраттар мен құндылықтарын сақтауды қалыптастырудың маңыздылығы (ізгілік, елжандылық, достық, ұлтаралық қарым-қатынас) . Жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің ерекшеліктері.
Мектепте адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру. Этикалық әңгімелер. Адамгершілік тәрбиесі және халықтық тәлім-тәрбие. Адамгершілік тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі.
Жыныстық тәрбие. Оқушылардың қаталдыққа, озбырлыққа, жыныстық және басқада адамгершілік қасиеттерге қайшы келетін әрекеттерге және түрлі насихат жұмыстарына (кино, баспасөз құралдары, көгілдір экран т. б. ) қарсы сезімдерін тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: адамгершілік, адамгершілік тәрбиесі, адамгершілік сана, сезім, мінез-құлық; адмгершілік ұстаным, азаматтық борыш, қоғамдық белсенділік, қоғамдық мораль, адамгершілік мұрат, құндылық; этикалық әңгіме, жыныстық тәрбие, салауатты өмір салты.
- Эстетикалық тәрбие.
Эстетикалық тәрбие туралы ұғым. Тұлғаны жан-жақты дамытуда эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері. Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко және аль-Фараби, Сайф Сараи, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаевтың, А. Жұбановтың эстетикалық тәрбие жайында айтқан пікірлері. Оқушылардың көркемөнер-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. Өскелең жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру жүйесі. Эстетикалық тәрбиенің мазмұны мен құралдары. Оқушылардың эстетикалық санасы мен сезімін, мұраты мен талғамын, көркемөнер шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу және дамытудың маңыздылығы. Оқу және оқудан тыс жұмыстардағы эстетикалық тәрбиенің құралдары. Сабақта оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мүмкіншіліктері.
Қазіргі кезде адамдарда ізгілік пен адамгершілік қасиеттерінің тапшылық жағдайында эстетикалық тәрбиені жетілдірудің маңыздылығы. Жастардың эстетикалық тәрбиесінде Қазақстан Республикасындағы көпұлтты мәдени ортаның жетістігін пайдалану. Тұлғаның ақиқат өмірді эстетикалық тұрғыдан қабылдауында табиғат пен заттық құндылықтарды пайдалану.
Эстетикалық тәрбие және халықтық тәрбиенің өзара бірлікте болуы. Отбасында балаға эстетикалық тәрбие беру қажеттілігі. Өнерде және өмірде сұлулықты жасай білу, оған қажетсіну сезімін қалыптастыру. Оқушылардың эстетикалық жағынан өзін-өзі тәрбиелеуі, оларды ынталандыру жолдары.
Негізгі ұғымдар : эстетика, эстетикалық тәрбие, эстетикалық сана, сезім, қабілетті тәрбиелеу; эстетика құралдары, тұлғаның эстетикалық дамуы, эстетикалық жүйе, көпұлтты мәдени орта, заттық құндылықтар.
- Дене тәрбиесі
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы. Өскелең жас ұрпақтың денсаулығын жақсарту - педагогикалық-әлеуметтік маңызды мәселе. М. И. Калинин, Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, П. Ф. Лесгафт балалардың дене тәрбиесі жайында. Жеке тұлғаны дамытуда дене тәрбиесінің жүйесі.
Орта мектепте оқушыларға дене тәрбиесін берудегі мақсат пен міндеттер. Оқу және оқудан тыс дене тәрбиесі. Дене шынықтыру сабағы. Спорттық үйірмелердің жұмыстары. Жарыс. Туризм. Шынығу. Дене тәрбиесінің ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысы.
Қазіргі кездегі дене тәрбиесінің міндеттері. Валеологиялық тәрбиенің адам ағзасын шынықтырудағы рөлі. Ұлттық ойындар - тәрбие құралы. Мектептен тыс мекемелерде дене тәрбиесіне сай атқарылатын жұмыстардың мазмұны. Спорт мектептері жұмыстарының ерекшеліктері.
Баланың отбасындағы дене тәрбиесі. Оқушылардың өздігінен дене тәрбиесімен өздігінен шұғылдануын ынталандыру. Салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: дене тәрбиесі, дене шынықтыру сабағы, дене тәрбиесінің жүйесі, спорттық үйірмелер, жарыс, туризм, шынығу, ұлттық ойындар, мектептен тыс мекеме, спорт мектебі, валеологиялық тәрбие, ұлттық ойындар.
- Еңбек тәрбиесі.
Еңбек тәрбиесі туралы ұғым. Еңбек - жеке тұлғаны дамытудың негізгі құралы. М. И. Калинин, Н. К. Крупская еңбек тәрбиесі туралы. А. С. Макаренко мен В. А. Сухомлинскийдің балалар ұжымын қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің маңызы туралы. пікірлері. Кеңес педагогтары мен психологтары П. Р. Атутов, И. Ф. Свадковский, М. Н. Скаткин, С. М. Шабалов, С. Г. Шаповаленко, А. И. Шибановтардың еңбек тәрбиесіне қатысты зерттеулері.
Баланы отбасы мен мектепте еңбеке етуге тәрбиелеудің педагогикалық негіздері. Оқушылардың еңбек әрекетінің түрлері: тұрмыстық, қоғамдық пайдалы, оқу-танымдық. Еңбек әрекетінде білім, біліктілік пен дағдыларды меңгеру. Ақыл-ой мен дене еңбегінің мәдениетіне баулу маңыздылығы. Оқушылардың өндірістік еңбегі. Еңбекті сүюге және оған жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Оқушылардың кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі. Қазіргі кездегі еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдар беру мәселесі. Еңбек тәрбиесінде жастарды кәсіпкерлік әретке баулу. Еңбек тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерді қолдану.
Негізгі ұғымдар: еңбек тәрбиесі, еңбек әрекеті, еңбек мәдениеті, кәсіптік бағдар, кәсіпкерлік, өндірістік еңбек, еңбек етуге саналы көзқарас.
- Құқықтық тәрбие.
Құқықтық тәрбие туралы ұғым. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру жан-жақты тәрбиенің маңызды саласы.
Жастарға құқықтық тәрбие беру мақсат-міндеттері. Жалпы білім беретін мектепте оқушыларға замана талабына сай құқықтық тәрбие беру жүйесі. Құқықтық білім беруде құқықтық сана-сезімді қалыптастырудың маңызы. Мектеп жасындағы оқушы жастарда құқық нормаларын бұзу факторлары. Құқықтық тәрбие беруде саналы тәртіп пен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру қажеттілігі.
Демократиялық қоғамда тұлғаны жан-жақты дамыту мақсатында қоғамдық құбылыстарды танып білу және оған сын көзбен қарауда еркіндігінің болуы, соған сәйкес нақты сенімін қалыптастырудың маңыздылығы. Құқықтық тәрбиенің адамгершілік және халықтық тәлім-тәрбиемен байланысы.
Негізгі ұғымдар: құқық, құқықтық тәрбие, құқық нормалары, құқықтық сана, саналы тәртіп, мінез-құлық нормалары, құқықтық мәдениет.
- Экологиялық тәрбие
Экологиялық тәрбие туралы ұғым. Экологиялық тәрбие жалпы білім берудің негізгі бір саласы. Табиғат, адам, қоғамның өзара қарым-қатынасының маңыздылығы. Экологиялық тәрбиенің әлеуметтік, педагогикалық мәні. Экологиялық сана мен мінез-құлықты қалыптастыру.
Оқушылардың экологиялық тәрбиесінің мақсат, міндеттері. Мектепте экологиялық тәрбие беру жүйесі. Экологиялық тәрбиеде жеке пәндердің және сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.
Қазіргі кезде оқушы жастарға экологиялық тәрбие беру жағдайы. Табиғатты қорғау мәселес.
Негізгі ұғымдар : экология, экологиялық тәрбие, экологиялық сана, экологиялық мінез-құлық.
3-тақырып. Тәрбиенің формалары мен әдістері .
Дәріс мазмұны.
Тәрбие технологиясы. Тәрбие процесіндегі технологиялық көзқарас.
Тәрбиенің формалары мен әдістері туралы ұғым. Тәрбие процесінде оның формалары мен әдістерінің мәні және қызметі. Тәрбие формаларының түрлері және оларды сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану маңыздылығы.
А. С. Макаренко тәрбие әдістері туралы. Тәрбие әдістерінің түрлері. Тәрбие әдістерін топтастыру, ол туралы педагогикалық еңбектердегі әртүрлі көзқарастар.
Тәрбиенің мақсаты және мазмұнына сай әдістерді негізінен 3 топқа бөліп қарастыру. Жеке тұлғаның қоғамдық санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі. Оқыту процесінде және сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарда жеке тұлғаның өмірлік позициясын, көзқарасын, сенімін тәрбиелеуде әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекция әдістері мен үлгі-өнегенің маңызы. Этикалық әңгімелер.
Іс-әрекетті ұйымдастыру, қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру немесе жаттығу әдісі. Оқушылардың өмірін және қызметін қоғамның талабына сай дұрыс ұйымдастыру тәсілдері: талап қою, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, тапсырмалар беру т. б.
Тәлімгерлердің санасына жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру. Әдеттер мен дағдыларды үйрету ерекшелігі.
Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру және жағымды мінез-құлықты қалыптастырудың белсенділігін арттыруда мадақтау және жазалау әдістерінің маңызы. Мадақтау мен жазалаудың психологиялық негіздері. Мадақтау мен жазалаудың тәсілдері.
Жарыс - оқушылар ұжымының жауапкершілігін, белсенділігін арттыруда ынталандыру әдісі. Тәрбиеде жарыстың ұжымдық және дара түрінің маңызы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz