Үшінші фактор христиандыққа дейінгі дәстүр



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
№1
395 жылы Рим империясы батыс және шығыс болып бөлініп кеткен болатын.
Византия империясы түрлі топтардан: басқарушы топ, яғни: сарай чиновниктері
мемлекеттік әкімшіліктен, кәсіпкерлер, яғни, саудагерлер мен колөнершілер
және төменгі топ, яғни: жұмысшылардан, құлдардан тұрды. Басқарушы топ зиялы
білім беруді қалыптастыруда аса маңызды роль атқарды. ІҮ ғасырда
христиандық пұтқа табынушылық жеңгеннен бастап Византия империясының барлық
территориясында гуманитарлық білім беру айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады.
Білім беру үш деңгейді қамтыды: бастауыш деңгей, орта деңгей және жоғары
деңгей.
Орта ғасырлық Византияда білімділіктің деңгейі аса жоғары және Батыс
Европаға қарағанда айтарлықтай озық болды. Білім алуға әлеуметтік шекте-
улер қойылмады. Мектептерде кім оқығысы келсе тегіс қатысуға құқылы
болды. Білімділік адамдардың жоғары әлеуметтік статусы болып саналды.
Орта ғасыр мемлекеттердің көпшілігінен (әсіресе, олардың дамуының ерте
кезеңінде) айырмашылығы Византияда шіркеу білім беруге үстемдік еткен жоқ.
Император басқарған зиялы өкімет мектеп ісінің шарттары мен жолдарын
дайындап ұсынды. Алайда антикалық дәстүрлерден, мәселен римдіктен
өзгешелігі дін мектептік оқыту мен тәрбиеде жетекші орын алды. Оқушының оқу
күні дұға оқудан басталды. Византияның ағарту ісі мен педагогикалық ой
тарихы бірнеше кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде (ІҮ-ІХ ғ.ғ.) ерте
христиандық идеология мен антикалық білімдарлықтың ықпалы басым.
ІХ-ХІІ ғасырлар ағарту ісінің аса жоғары өрлеуі ретінде белгілі, оның
бастауы Константин Багриянородный (913-959) қызметімен байланысты: жаңа
оқу орындары ашылды және энциклопедиялық мазмұндағы түрлі еңбектер пайда
болды. Константин ғалымдардың білім беруді ұйымдастыру жөніндегі
әрекеттерін көтермелеп отырды. Алайда ХІІІ-ХҮ ғасырларда ағарту ісі және
педагогикалық ой терең дағдарысқа ұшырады.
476 жылы Герман тайпаларының шабуылынан Рим империясы құлады. Осыдан
бастап Европалық орта ғасыр кезеңі басталады. Орта ғасыр қоғамының негізін
құраған және оның мектебі мен тәрбиесі ерекшеліктерін анықтайтын бірнеше
факторларды атап өтуге болады. Олардың алғашқысы христиандық дәстүр болып
табылады. Екінші фактор антикалық дәстүрлердің ықпалы (мектептік
бағдарламалардың мазмұны, оқытудың түсіндірмелік сипаты, тәрбиенің
гуманистік идеалдары). Үшінші фактор христиандыққа дейінгі дәстүр. Бұл
дәстүрдің ықпалы, әсіресе, ерте орта ғасыр дәурінде жақсы байқалды.
Христиан шіркеуі онымен барынша күресті.
ХІ ғасырдан бастап еңбек бөлінісінің үштік жүйесі (дін қызметкерлері,
зиялы феодалдар, шаруалар мен қалалықтар) үлкен роль атқара бастады. ХІІІ
ғасырға қарай бұл сословиялық құрылым одан әрі тереңдеді. Әрбір сословиянің
өз арасында және қоғам алдында өзіндік бет бейнесі қалыптасты. Мәселең
шаруаға тән басты ерекшелік еңбексүйгіштік деп есептелінсе, аристократтың
өзгеше белгісі ретінде айбындылық, дін қызметкерінің басты ерекшелігі –
тақуалық және басқа деп саналды. Осылайша, қоғамдағы әлеуметтік мәдени
типтер қауымдастығы білім беру жүйесінің қалыптасуына ықпал етті және әрбір
бірлестік өкілдері келер ұрпаққа өз тәжірибесін табыс етуді басты міндеті
деп санады.
Ерте орта ғасырдағы педагогикалық ой дамуында схоластика маңызды роль
атқарды. Ол европалық қоғамдық ойда универсалды философия және теология
қызметін атқара отырып, ХІ ғасырдан ХҮІ ғасырдың басына дейін басым болды.
Өзінің пайда болуының ерте кезеңінде (ХІІ-ХІІІ ғ д.) схоластика жағымды
роль атқарды. Ол аристотелизм мен христиандық дін іліміне сүйінген мәдени
құндылықтарды тудырды. Жаңа идеология ұсынуда соның ішінде оқыту мен тәрбие
ісінде философ және теолог Фома Аквинский (122526-1274) маңызды роль
атқарды.

№2
ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда арабтар жаулап алған кең байтақ аймақтағы (Иран,
Орта Азияның бір бөлігі, Сирия, Египет пен Солтүстүк Африка) педагогикалық
ойдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық санының өсу тенденциясы
Әулие Аврелий Августин (354-430) – Гиппона епископы, философ, христиан дінбасы және саясаткер
Діни басқарма тұсында
Православие мен мемлекет
XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты
Қазақ бетке ұстар ағартушылары
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Ежелгідіни нанымдар: фетишизм, тотемизм, анимизм
Ұлтымыздың болашағы - діни бірлігімізде
Ислам Құран Ғылым
Пәндер