Этнопедагогика - этнос педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
  1. Модуль бойынша Лекциялардың қысқаша тезистері

№1

Этнопедагогика - этнос педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.

Этнопедагогика курсы болашақ маманды төрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен каруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нөтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.

Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және казіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мөдениеті дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет. Этностың орнықты өлеуметтік кауым ретінде тұлға, тарихи зерде калыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе мен этномәдени дәстүрлердің бірлігін камтамасыз етуде куатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен.

Мұның бәрі халыктық педагогика өзіне нақты этникалық қауьмға қатыссыз эмпирикалық педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістірсе, этнопедагогика ұлттьң өзіндік ерекшелігі көрініс берген нақты этникалық педагогикалық дәстурлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің қалыптасуына ықпал етеді. Этникалық тәрбие дәстурлері адам әлеуметтенуінің ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасөспірімдерді қогамда тіршілік етудің түрлі тәртіптеріне дайындауға қабілеттілігі жайлы ұгымды тереңдетеді.

Этностың педагогикалық мәдениетін коғам дамуьгаың бүкіл кезевдеріне тән әлеуметтік тарихи кұбылыс ретінде калыптастыруды камтамасыз етеді.

Этнопедагогиканың зерттеу объектісі халықтың төлім-төрбие жөніндегі ұғым-түсініктері, дәстүрлері, тәжірибесі болып табылады және ол калыптасу, даму үстінде. Соңғы онжылдықтарда оның зерттеу пәні, әдістері, халықтың педагогикалық идеяларын бүгінгі тербие теориясы мен практикасында жүзеге асырудың жолдары мәселелерін карастырған біркатар зерттеулер жүргізілген.

Бұлардың ішінде халықтық педагогиканың пайда болуы, дамуы, казіргі жәйі мөселелерін жан-жақты сөз етіп, оның теориялық-методикалық мөселелерін анықтауға бағытталган Э. Д. Днепров, Г. К. Искаков, А. Ш. Гашимов, ажыратып, зертгеу объектілерін анықгауға бағытталған Е. Л. Христова, Г. Н. Волков, Я. И. Ханбиков, И. С. Кон, А. Э. Измайлов және басқалары еңбектерінің маңызы айтарлықтай.

Этнопедагогика үғымын гылыми айналымға түңгыш енгізген чуваш ғалымы Г. Н. Волков.

№2

Этнопедагогикалық зерттеулерге жасалған талдау халықтық тәрбие мәселелері бұрынан-ақ ғалымдар назарын аударып келетінін байқатады. Қоғамның алдынғы қатардағы өкілдері халықтық әдет-ғұрыптарды, өмір саллтары мен тәрбие дәстүрлерін терең білді. Түрлі дәуірлерде ғалымдар тәрбиенің халықтығы, табиғатқа сәйкестігі идеясын ілгері дамытты, халықтық педагогика үлгілерін жаңа мазмұнмен толықтырып отырды. Мәселен, ұлы чех ғалымы Я. А. Коменский (1592-1675) "Ана мектебі" идеясын отбасы тәжірибесіне сүйеніп негіздесе, атақты педагог Г. Песталоцци (1746-1827) өзінің аналарға арналған кітабында швед халқының педагогикалық тәжірибесін қортындылады. Халық педагогикасының тәрбиелік күш-қуатын жоғары бағалаған ғалымдар қатарында Әбу Нәсір аль Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Жұсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари және басқаларын атауға болады. Олардың еңбектері этностық педагогика жүріп өткен көп ғасырлық жолды зерттеу үшін негіз бола алатындығымен құнды. Бұл дәстүр кейінгі дәуірлерде қазақ ақын-жыраулары шығармаларында, қазақ ғалымдары Ч. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектерінде жалғасын тапты.

Халық педагогикасы проблемаларына кеңінен назар аударған ғалымдар қатарында, сондай-ақ, орыс педагогтары К. Д. Ушинскийді, А. С. Макаренконы, В. А. Сухомлинскийді атауға болады. Бұл зерттеушілер халық педагогикасының ерекшеліктерін, өзгешілік сипатын олардың себептерін табуға ұмтылды.

Бала тәрбиесі, ондағы отбасының ролі, халықтық педагогикалық мәдениеттің ерекшеліктері жайлы қызғылықты мәлметтерді ХХ ғасырдың басындағы қазақ педагогтары мен ғалымдары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және басқалары еңбектерінен кездестіруге болады.

Кеңес дәуірінде халық педагогикасына назар аударған Г. С. Виноградов, А. Ф. Хинтибидзе, Г. Н. Волков, Я. И. Ханбиков, К. Пирлиев және басқалар болды.

Қазіргі уақытта халық педагогикасы одан әрі тереңдей зерттелу үстінде. Мәселең, Қазақстанда республикалық және ел аралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялар ұдайы өткізіліп келеді. Бұл істе қазақтың Әль Фараби атындағы ұлттық университеті жанынан ашылған "Этнопедагогика және этнопсихология" ғылыми орталығының қосып жатқан үлесі үлкен.

№3

Халық педагогикасына ықпал етуші негізгі факторлар қатарына табиғат, ойын, қарым-қатынас, дәстүр, тұрмыс, өнер және дінді атауға болады.

Табиғат халық педагогикасының қалыптасуында айрықша роль атқарған факторлардың бірі. Табиғат пен мәдениеттің өзара ықпалы адам мен әлемнің бірлігі жайлы көзқарастар наным-сенімдерде, әдет-ғұрыптарда, халық даналықтарында сақталып қалған. Табиғат ол тек мекен ету ортасы ғана емес сондай-ақ туған ел, Отан, бүкіл дәстүрлі өмір-салтпен, анықталады. Халық және табиғат, халық және табиғилық ажыратылмайды. Олардың бірлігі жер бетіндегі өмірдің жоғары үйлесімділігін білдіреді. Халық педагогикасында табиғилық пен тәрбиенің табиғатқа сәйкестілігі аса анық байқалады. Олардың негізгі идеясы адамның табиғи теңдігін, әр бір индивидтың өзіндік құндылығын және даралығын, оның қоршаған дүниемен ажырамас бірлігін мойындау болып табылады.

Дәстүр - бұл әлеуметтік тәжірибені сақтау, оны кейінгі ұрпаққа табыс ету, жаңарту және орнықтыру механизімы; қоғамдық пікір, қоғамдық-психология атмосфера, жалпы әдеттер және сенімдердің күшімен сүйемелденетін тұрақты қарым-қатынастардың жүзеге асу жолы. Дәстүрдің көмегімен ұрпақтар байланысы жүзеге асады. Олар халықтардың рухани-адамгершілік өмірінің тірегі, үлкендер мен кішілердің сабақтастығы дәстүрлерге арқа сүйейді.

Тұрмыс - қоғам өмірінің аса маңызды салаларының бірі, ол адамдардың өндірістік және қоғамдық-саяси әрекетінен тыс тіршілігін қамтиды. Тұрмыс тамақтану, киіну, тұрғын-жай, демалыс, көңіл көтеру, денсаулықты күту және тағы да басқа қажеттіліктерді қанағаттандыратын материалдық және мәдени орта. Тұрмыста халықтық әдеп-ғұрыптардың, салттардың, дәстүрлердің ұлттық өзгешіліктердің, қоғам идеологиясы мен мәдениеттің іздері айқын білініп отырады.

Халық педагогикасы, оның мазмұны, тәрбие әдістері мен жолдарының қалыптасуына ықпал еткен маңызды фактор ретінде діннің алатын орны ерекше. Діни сенімдерде отбасы мен қоғамдағы мінез құлықтың моральдық-этикалық нормаларын реттейтін принциптер мазмұндалған, адам мен әлеуметтің өмір салты анықталған. Діни мәдениет өзіне халық педагогикасымен байланысты көп ғасырлық тәжірибені шоғырландырған. Бұл өз кезегінде адамның дамуы, оның өзіне, отбасына, айналасына, құрдастарына, түрлі ұлт адамдарына, түрлі діни наным-сенімге және әлеуметтік топқа моральдік-этикалық қарым-қатынасты дамытумен байланысты міндеттерді лайықты шешуге мүмкіндік берді.

Еңбек - халық педагогикасында ерекше орын алады. Алдыңғы ұрпақтың кейінгілерге әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарды, озық дәстүрлерді табыс етуі еңбек (әсіресе балалар мен үлкендердің ) арқылы жүзеге асты.

№4

Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көп қырлы және кең. Оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан. Адамды жетілдіруді халық мейлінше нақты және анық түсінді. Бұл жерде әңгіме жетілген адамның синтездік бейнесі ғана емес, сондай-ақ, нақты жетілулер еңбекте, ақыл-ой, адамгершілік, әсемдікке жетілуді қамтамасыз ету жайында болып отыр.

Әрбір халықтың жетілген тұлға жайлы түсінігі тарихи жағдайлардың ықпалымен дамыды және нақтыланып отырды. Халықтың өмір сүру жағдайларын өзгешелігі адамдық жетулілердің ұлттық идеалдарында өз көрінісін тапты. Халық тәрбиенің мақсаттарын ұдайы есте сақтады және оларды тұлғаны жетілдіру жайлы қамқорлық деп түсінді. Жалғыз адам халық қажетсінген бүкіл жетілуді өзіне сіңіре алмайды сондықтан халық педагогикасында ру мүшелерінің жетілулері жайлы жиынтық жетілу идеясы бар. Жалпы от басы, ру және тайпа жетілуіне ұмтылу көптеген халықтардың ата-бабаларына тән. Осылайша тұлға жетілуі отбасы жетілуімен толықты, отбасы жетілуі тайпа жетілуімен ұштасты, мұндай жетілу әрі қарай халықтың адамға лайық өмірсүру құқығы үшін күресуші тұтас және ұлы ұжым ретінде кемелденуіне алып келді. Адамдық жетілулердің мәні мен мазмұны жайлы көзқарастар, түсініктер тәрбиенің халықтық идеалдарының тұрақтылығын көрсетеді. Жетілген тұлға сипаттары тек тілек сөздер аясында болып қойған жоқ, олар тәрбие тәжірибесімен тығыз байланыста болды. Сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының аса қүшті тұстарының бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Этнопедагогика пәні.
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысы. Қорытынды
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Педагогика және этнопедагогика
Этнопедагогиканың оку пәні ретіндегі негізгі міндеттері
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Этнопедагогикалық білімдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz