1930 жылдардағы мектеп және педагогика


№1
ХХ ғасырдың -1 жартысында айтарлықтай өзгерістер болды. Бұған көптеген факторлар ықпал етті: оқушылар меңгеруі тиіс білім, білік және дағдылардың артуы, бала табиғаты жайлы зерттеулер, бірқатар оқу орындарының практикалық тәжірибесі. Педагогикалық орталықтардың саны айтарлықтай өсті. Педагогтардың ұлтық және халықаралық шеңберде араласуы күшейді. Сол кезде құрылған халықаралық педагогикалық үйымдардың қатарында Жаңа Тәрбие лигасы және Халықаралық Ағарту Бюросын атауға болады. Жекелеген елдерде ұлттық педагогикалық бірлестіктер: Халыққа білім берудің Прогрессивті ассоциациясы (АҚШ), Бине атындағы Қоғам (Франция) және басқалары жұмыс істеді.
Білім беру жүйесі қатаң сынға ұшырады. Мектептердің өндірістің, ғылым мен мәдениеттің деңгейіне сәйкес еместігі, жеткіншек ұрпақ қажеттеріне жауап бере алмайтындығы, жаңа сапалық дайындықты қажет ететіндігі жайлы мәселелер көрілді. Мектеп пен педагогика ғылымын жаңартуға мұқтаждық барған сайын өзекті бола түсті. Педагогикалық нұсқауларды қайта қарау, әлемнің жетекші елдеріндегі білім беруді қайта құру маңызды ұлттық проблемалардың біріне айналды. Бұған дейін берік ұстанылып келген гербарттық, спенсерлық теорияларға күмәндану басталды. Ең алдымен ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл дәстүрлі концепциялар педагогикалық процесті қатаң басқаруды ескерді және мұнда алдымен мұғалімнің роліне ерекше көңіл бөлінген болатын. Мұндай мақсаттар білім беруді шектен тыс интеллектуализацияға алып келді, оқушыларды дербестіктен айырды. ХІХ ғасырдың - І жартысында шетел педагогикасында екі негізді басым бағыт байқалды. Олардың бірі: педагогикалық дәстүршілдік - бұрынғы педагогикалық ойдың жалғасы. Екіншісі: жаңа тәрбие немесе реформаторлық педагогика. Дәстүршілдікке алдымен тәрбие мен білім беру процесін философиялық ұғынуға бағдарланған әлеуметтік педагогика, діни педагогика және педагогика енгізілді.
№2
Кеңес мектебі 1917 жылғы Қазан социалистік революциясының нәтижесінде өмірге келді. Социалистік, одан соң коммунистік қоғам құру мақсатын жариялаған Қазан революциясы еңбекшілер үшін әлеуметтік теңдік пен әлеуметтік әділеттік жолында күресу, қанауды жою және үйлесімді қоғам орнату талаптарын ұсынды. Мұнымен қатар революцияның жеңуі және кеңес өкіметінің орнауы қоғам өмірінің бүкіл салаларындағы алдыңғы дәстүрлердің, соның ішінде білім беру дәстүрлерімен де толық бас тартулармен қатар жүрді.
Коммунистік идеология халық бұқарасында ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи сананы күрт өзгерту мақсатын қойды. Кеңес революциясы нағыз тарихтың басы ретінде қарастырылды. Таптық құндылықтар ұлттық және адамзаттық құндылықтардың алдында шексіз артықшылықтарға ие деп жарияланды. Интернационализм ұлттық сана мен патриотизмге қарсы қойылды. Жаңа революциялық дүниетаным шіркеу, мешіт қағидаларын теріске шығаратын бірбеткей атеизмді енгізуі тиіс болды. Мемлекеттер тарихындағы дін басыларының саяси ролі теріске шығарылды.
Жастарға білім мен тәрбие берудің міндеті жаңа социалистік қоғам құрылысшысы - белсенді тұлға қалыптастыру болды. Кеңес мектебін құрушылар оның демократияшыл және гуманистік болуын армандады. Алайда уақыт рухымен сәйкес бұл жүйе қатаң саясаттандырылды және жастарды оқыту мен тәрбиелеуді елдің коммунистік партия басқарған саяси, экономикалық және идеологиялық өмірімен толық ұштастыруды көздеді.
Кеңес мектебінің жетпіс жылдан астам тарихын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:
- 1920 жылдардағы мектеп және педагогика;
- 1930 жылдардағы мектеп және педагогика;
- 1960-1980 жылдардағы мектеп және педагогика
Кеңес мектебінің тәжірибесі бір мағыналы емес: кез келген ірі қоғамдық құбылыс секілді оған артықшылықтар мен кемшіліктер тән.
Артықшылықтары: ең алдымен кеңес үкіметінің алғашқы құжаттарында ("Бірыңғай еңбек мектебі жайлы ереже" -1918, "Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі принциптері"- 1918) жарияланған және тәжірибеде жүзеге асырылған бұқаралық бірыңғай мектеп идеясы. Ол таптық принципін жойды және барлық балаларға дініне, ұлтына, тапқа қатыстылығына қарамастан тәуелсіз, толық білім беру мүмкіндігін қамтамасыз етті. Кеңес мектебі білім берудің шектеулі формаларын жойды, бастауыш мектептен университетке дейін жол ашты.
70 жыл бойына көптеген эксперимент жүрді. Барлық уақытта сәтті болмағанмен балалар ұжымын құру, белсенді тұлға қалыптастыру, оқушыларды еңбекке даярлаудағы жетістіктер әлемдік педагогикалық тәжірибенің игілігіне айналып отыр. Көптеген жылдар бойына кеңес мектебі жеткіншектерді ғылым негізідеріне оқыту міндетін шешті. Мұнымен қатар балалар қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауға бығытталған сан алуан мектептен тыс жұмыс түрлері болды.
Бұған қоса мектептердің қатаң саясаттандыруы, ресми жарияланған принциптер мен олардың практикада жүзеге асырылуы арасындағы айырмашылықтар - бұлар да кеңес мектебінің тарихы. Оның қарама-қайшылықты тәжірибесі осындай және оны осылай қабылдауға тура келеді.
№3
Кеңес мектебінің тарихы кеңес үкіметі 1918 жылы қабылдаған екі құжаттан басталады. Олардың бірі "Бірыңғай еңбек мектебі жайлы ереже", екіншісі "Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі принциптері" - деп аталады. Осы екі құжатта жаңа кеңес мектебінің құрылымы жайлы баяндалды. Ең алдымен жалпыға бірдей бірынғай бастауыш және орта мектептер құру қажеттігі жарияланды. Алайда оқу орындарының әртүрлі болуы мүмкін екендігі айтылды. Бұл мектеп нағыз еңбек мектебі болуы қажет еді, оқытудың белсенді әдістері енгізілді, оқушыларды егіншілік және өнеркәсіптік еңбектің сан алуан түрлерімен таныстыру көзделді. Алғашқы сатыда оқылатын пәндерді балалар энциклопедиясымен біріктіру, ал жоғары сатыда оқу пәндерін олардың арасында тығыз байланыс орнықтыра отыра үйрету ойластырылды. Бұған эстетикалық және дене тәрбиесі, мектеп өмірін демократизациялау, балалар мен қыз балаларды біріктіріп оқыту, оқушылар мен мұғалім арасындағы өзара құрметке негізделген ынтымақтастық қарым-қатынасты қосуға болады. Алайда бұл міндеттерді орындау оңайға соқпады. Ең алдымен, жергілікті жерлерде мұғалімдер жетіспеді, материалдық қаржы тапшы болды. Мәселен, Қазақстандағы мектептердің көпшілік бөлігі арнайы жабдықталмаған орындарда жұмыс істеді. 99% қазақ мектептерінің өз үйлері болмады.
Жаңа оқу жоспарын жасауға 1919, 1920, 1921 -жылдары алғашқы талпыныстар жасалды. Алайда олар мейлінше дәстүрлі сипатта болды. Білім мазмұнындағы түбірлі өзгерістер мектеп тәжірибесіне комплексті бағдарламалар енгізілген 1923 жылдары жүзеге асты.
Қазақстанда 1921 жылы "Есеп құралы", "Оқу құралы" және "Тіл құралы" (М. Дулатұлы, А. Байтұрсынов) оқулықтары басылып шықты. Мемлекеттік баспа жанынан жаңа оқу құралдарын жасау үшін редакциялық алқа құрылады. Оған А. Бөкейхан ("География"), М. Жұмабай ("Қазақстан тарихы", "Педагогика"), Ж. Аймауытұлы ("Психология"), Б. Омаров ("Алгебра") және басқа белгілі ұлттық интеллигенцияның өкілдері тартылды. 1927-1928 оқу жылында қазақ мектебі үшін 575 мың дана тиражбен 30 түрлі оқулық шығарылды.
Білім беру жүйесіне қазақ тілінің 1929 жылы араб графикасынан латынға көшу ауыр соққы болды. Жалпы сауаттылық үшін күреспен қатар үкімет қазақтарды араб графикасымен жазылған кітаптарда сақталған ғасырлық аса зор рухани мұрасынан айыруға тырысты.
А. Байтұрсынов жетілдіргеннен кейінгі (1924) төте жазуды өзі қазақтар үшін шетелден шығып тұратын саяси зиян деп саналатын кезкелген түркі тілді басылымды оқуға мүмкіндік берді. Араб графикасы негізінде қазақша оқи білетін жүз мыңдаған қазақтар қайтадан сауатсыз болып шықты және жаңа алфавитті игеруге тура келді.
Кеңес үкіметі жылдары Қазақстанда жоғары оқу орындары жүйесі дами бастады. 1926 жылы Ташкенттегі жоғары педагогикалық институтта қазақ факультеті ашылды. Ол 1928 жылы Алматыға көшіріліп Қазақ мемлекеттік университеті болып қайта құрылады. Екі жыл өткен соң Қазақ педагогикалық институты атағын иеленді.
1929 жылы малдәрігерлік, 1930 жылы ауылшаруашылық, 1934 жылы Таукен және С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, 1931 жылы медициналық институт ашылды. Педагогикалық институттар Оралда, Семейде, Ақтөбеде, Петропавлда Шымкентте, және Қостанайда ашылады.
№4
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздік жариялағаннан кейін қоғам мен халық өмірінің түрлі салаларында соның ішінде мектеп саясатына қатысты өзгерістер басталады. Идеологиялық қысымдарсыз педагогикалық ізденістерге мүмкіндіктер ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz