Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1-модуль. Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері.

1-тақырып. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары.

Дәріс мазмұны.

Педагогика ғылымының адам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны, өзіндік ерекшеліктері: пәндік, ғылыми-терминологиялық аппараты, ғылыми әдістері.

Педагогика - тәрбие туралы ғылым.

Педагогика пәні және оның категориялары: тәрбие, оқыту, білім беру және олардың өзара байланысы. Педагогика ғылымының пәнаралақ ұғымдарды пайдалану ерекшеліктері: тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, даму, қалыптасу.

Педагогика ғылымының пайда болуы және дамуы. Педагогика ғылымының жүйесі және оның басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негізі: жеке тұлға, іс-әрекет, таным, басқару, құндылық теориясы. Педагогикалық ғылыми зерттеу әдістері. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірін қайта құру кезеңіндегі педагогиканың міндеттері.

Негізгі ұғымдар: педагогика, педагогика пәні, педагогиканың категориялары: тәрбие, оқыту, білім беру; педагогика ғылымдарының жүйесі, педагогикадағы пәнаралық байланыс, педагогианың әдіснамасы, педагогикалық зерттеу әдістері.

2-тақырып. Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы және оны тәрбиелеу.

Дәріс мазмұны.

Жеке тұлға туралы ұғым. “Адам”, “индивид”, “даралық”, “жеке тұлға” ұғымдары туралы түсінік. Жеке тұлғаның құрылымы: биологиялық және әлеуметтік, олардың өзара байланысы.

Жеке тұлғаның “дамуы”, “тәрбиесі”, “қалыптасуы” ұғымдарына сипаттама.

Жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік дамуы, олардың өзара бірлігі. Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуының заңдылықтары және қозғаушы күштері, ықпал ететін негізгі факторлары: тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие. Жеке тұлғаның дамуында іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, белсенділіктің рөлі. Жеке тұлғаның дамуындағы педагогикалық басшылықтың маңызы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы жайындағы әртүрлі теориялық көзқарастар. Қазіргі педагогика ғылымында тұлғаны дамыту және қалыптастырудың негізгі заңдылықтары және қозғаушы күші жөніндегі көзқарас. Тұлға - тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде. Жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы.

Бала дамуының жастық кезеңдері, оларды оқу-тәрбие процесінде ескеру. Оқушы тұлғасы дамуының жастық кезеңдері, оларға сипаттама. Аристотель, Я. А. Коменский және т. б. балаларды жас кезеңдерге бөлу туралы көзқарастары. Тұлғаның табиғы күш-жігері. Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы.

Баланы оқыту және тәрбиелеуде жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығы. Оқушының қабілеті мен дара ерекшеліктеріне сипаттама. Қазіргі мектепте оқытуды саралау (дифференциация) .

Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік есею мәселелері.

Негізгі ұғымдар: жеке адам, индивид, жеке тұлға, даралық, даму, қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуының факторлары, қозғаушы күштері, заңдылықтары, тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие, іс-әрекет, қарым-қатынас, белсенділік, өзін-өзі тәрбиелеу, жастық кезең, жас мөлшері, жас ерекшеліктер, дарындылық, қабілет, оқытуды саралау, акселерация, әлеуметтік есею.

3-тақырып. Педагогика ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсат, міндеттері.

Дәріс мазмұны.

Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту және білім берудегі мақсат пен міндеттер. Олардың әлеуметтік, педагогикалық негіздері. Қоғам дамуындағы тәрбиенің рөлі. Тәрбиенің тарихи және таптық сипаты. Қазіргі қоғам дамуында оның ерекшелігі.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы туралы ұғым, олардың құралдары мен құрамды бөліктері. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихында тәрбие мақсаты туралы әртүрлі көзқарастар, олардың қоғамдық-тарихи сипаты. Жеке тұлғаның үйлесімді дамуы - әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытудың мақсат, міндеттері мен мазмұнының диалектикалық өзара байланыста болуы.

Ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек тәрбиесінің бірлігі.

Негізгі ұғымдар: тәрбие мақсаты, міндеттері, жеке тұлғаның жан-жақты, үйлесімді дамуы, тәрбиенің салалары.

4-тақырып. Біртұтас педагогикалық процесс - педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі.

Дәріс мазмұны.

Біртұтас педагогикалық процесс, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері. Біртұтас педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастар.

Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның объектісі. Педагогикалық процестің құрылымы: мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, нәтижесі. Педагогикалық процестің заңдылықтары және ұстанымдары. Педагогикалық процестің белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары. Қарама - қайшылық - педагогикалық процестің қозғаушы күші. Педагогикалық процесті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру.

Педагогикалық процесс басқарылатын “ұстаздар-оқушылар” жүйесі ретінде. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының мазмұны. Педагогикалық процестегі мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.

Негізгі ұғымдар: объект, пән, ғылым, жүйе, әлеуметтік жүйелер, мұғалім іс-әрекетінің объектісі, педагогикалық процесс, заңдылықтары, “ұстаздар-оқушылар” жүйесі, педагогикалық жағдаят, қозғаушы күштер, қарама-қайшылық, тәрбиелеуші тетіктер, диагностика, болжамдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Ересектер психологиясы
Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі
Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғалық қасиетті анықтау
Психикалық белсенділік
Тәрбие процесі
Интеллектуалды даму деңгейі
Толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалаулары мен білім беру жетістіктері дамуының теориялық негізі
Тұлғаның денсаулыққа қатынасы
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz