Электрондық пошта хабарларын құру мен жіберу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Зертханалық жұмыс №5.1.
Тақырыбы: Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін Outlook Express
программасын баптау
Outlook Express программасын жұмыс істеуге даярлау үшін
автоматтандырылған баптау құралдары қолданылады. Оқу мақсатында барлық
амалдарды қолмен атқарған дұрыс.
1. Microsoft Outlook Express программасын іске қосыңыз (Пуск→Программы→
Outlook Express).
2. Өз атыңызға ұқсастыру жазбасын (куәлік) құрыңыз. Ол үшін Файл
→Куәліктер→Куәлікті қосу (Файл→Удостоверение→Добавить удостоверение)
командасын орындаңыз – Жаңа ұқсастыру жазбасы (Новая идентификационная
запись) сұхбат терезесі ашылады.
Сәйкес өріске өз атыңызды енгізіңіз. Егер өз хаттарыңызды бөгде адамдар
оқымасын десеңіз, онда пароль орнатуға болады. Ол үшін Қосқан кезде
пароль сұрау (запрашивать пароль при запуске) жалаушасын орнату керек.
Біз бұл жаттығуды оқып-үйрену мақсатында орындап жатқандықтан, пароль
енгізудің қажеті жоқ.
3. Өз атыңызға құрылған ұқсастыру жазбасына өтіңіз. Ол үшін Файл → Куәлік
ауыстыру (Файл→Смена удостоверенич) командасын орындаңыз, сонда
Ұқсастыру жазбасы қосу (переключение идентификационной записи) сұқбат
терезесі ашылады. Осы жерден бұрын өзіңіз құрған жазбаны таңдап, ОК
батырмасын басыңыз.
4. Өзіңіз құрған ұқсастыру жазбасын қосқаннан соң, Келіп түскен
(Входящие) қаптамасы майлы қаріппен ерекшеленгенін көресіз. Бұл - әлі
оқылмаған хабар келіп түскендігін білдіреді(біздің жағдайда ол
ертеректе әзірленген жарнамалық хабар). Қаптаманың атына тышқанның оң
батырмасын басып, тақырып панелі мен хабар панелінде пайда болған
ақпаратты қарап шығыңыз. Хабарды оқып алған соң, оны өшіріп тастаңыз.
Ол үшін хабардың тақырыбына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп,
ашылған жанама менюден Жою (Удалить) командасын таңдаңыз.
5. Жойылған (Удаленные) қаптамасын ашыңыз. Бұл жерден жаңағы хабардың шын
мәнінде өшірілмей, тек Жойылған қаптамасында кескінделетін дәрежеге ие
болғанын байқайсыз.
6. Таңдалынған электрондық пошта қызмет түрін қоюшыға сәйкес келетін
Есепке алу жазбаларын (Учетные записи) құрыңыз. Сервис → Есепке алу
жазбалары командасын беріңіз – Интернеттегі есепке алу жазбалары
(Учетные записи в Интернете) сұхбат терезесі ашылады. Бұл сұхбат
терезеде Пошта қыстырмасын ашыңыз – мұнда ертеде құрылған есепке алу
жазбалары келтірілген. Жаңа есепке алу жазбасын құру үшін Қосу
(Добавить) батырмасын қолданып, ашылған менюден Пошта бөлімін
таңдаңыз. Сонда Интернетке қосу шебері (Мастер подключения в Интернет)
автоматтандырылған құралы іске қосылады.
7. Интернетке қосу шебері сұхбат терезесіне келесі мәліметтер ретпен
енгізіледі:
• Тұтынушының аты, мысалы: Әділбек Баймахан;
• Электрондық поштасының адресі, мысалы: baimakhan@abcmail.kz;
• Келіп түсетін хабарлар серверінің аты, мысалы: pop.@abcmail.kz;
• Бастапқы хабарлар серверінің аты, мысалы: smtp.abcmail.kz;
• Пошталық серверге қатынауға арналған тұтынушының тіркелу аты,
мысалы: baimakhan;
• Пошталық серверлерге қатынауға арналған пароль, parol123.
Шебер терезесінің ең соңғы бетіндегі Дайын (Готово) батырмасын басыңыз.
Интернетке қосу шебері (Мастер подключения в Интернет) сұхбат терезесінің
Пошта қыстырмасында жаңа құрылған есепке алу жазбасы пайда болғанын
көресіз.
8. Қаптамалар панеліндегі Жергілікті қаптамалар (Локальные папки) жолына
шертіңіз. Сонда пошталық программасының логикалық қаптамасында
хабарлардың орналасуы туралы мәліметтер алынады.

Зертханалық жұмыс №5.2.
Тақырыбы: Адрестік кітапта пошталық клиенттің жазбаларын құру

Электрондық поштаның хабар даярлауын жеңілдеті үшін, алдын-ала адрестік
кітапқа жобамен алынған корреспонденттердің адрестік мәліметтерін енгізу
қажет. Microsoft Outlook Express программасының адрестік кітабы Контакт
панелінде ұсынылған. Оқып-үйрену мақсатында адрестік кітапта бірінші
жазбаны өзің туралы жасау ұсынылады. Кейін осы өз адресіңізге хат жіберуге
болады. Осы әдіспен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары
Компьютерлік желілер жайлы ақпарат
«Iprint» типографиясының дайын өнімінің құнын есептеуді жеделдету үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру
HTML тілінде программалау
Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйесі
Linux операциялық жүйесінің пайда болуы
Оқушылардың интернетте жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру
Интернет технологиясының негіздерін оқыту әдістемесі
Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері
Internet желісі және қауіпсіздігі
Пәндер