Knife құралының ашық контурға әрекеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Зертханалық жұмыс №6

Реті объектілерді бірінің үстіне салу.

Pick (Указатель)құралы көмегімен обьекттердің орнын ауыстырған кезде олар
құжат бетінің бір бөлігінде орналасқан кезде бір-бірін жабу мүмкіндігіне ие
болатынын байқаған шығарсыз. Олардың кейбіреулері үстінгі ал кейбіреулері
төменгі бөлігінде орналасады. Сондықтан біз жоғары орналасқандары
төменгілерін бөліктеп не толық жабатын обьекттер топтамасы туралы айта
аламыз. Обьекттерді бірінің үстіне бірін орналастыру тәсілі қарапайым
ережелерге бағынады:
□ Құжатта бір деңгейде орналасатын обьекттер болмайды. Әрбір обьект бөлек
деңгейді қамтиды. Беттегі барлық обьекттер топтамаға жатады.
□ Обьект неғұрлым ерте салынса, ол соғұрлым бұл топтаманың төменінде
орналасады. Бірінің үстіне бірін орналастыру кезінде кешірек құрылған
обьекттер олардын бұрын құрылғандарды жабады.
□ Қиып алынған немесе көшірілген обьекттерді орнына қою кезінде олар
басқаларының үстіне орналасды, себебі олар ең жаңа құрылғандары бюолып
есептеледі.
□ Орынауыстыру, иілу және басқа да трансформациялар кезінде обьект
топтаманың сол деңгейінде қалады.

Обьекттердің бір-бірінің үстіне орналасу ретін өзгертуге болады. Оны
басқару үшін Arrange (Упорядочить) мәзіріндегі Order (Порядок) тізімінің
командалары арналған.
← To Front (Поверх всех). Обьектті басқа барлық обьекттердің үстінен
орналастырады.
← To Back (Ниже всех). Обьектті басқа барлық обьекттерден төмен
орналастырады
← Forward One (На уровень вперед). (На уровень вперед). Обьектті алдыңғы
бір деңгейге орналастырады
← Back One (На уровень назад). Обьектті бір деңгейге кейін орналастырады.

← Reverse (Инвертировать порядок). Ерекшеленген обьекттердің орналасу
ретіне керіне ауыстырады.
← Behind (Установить за). Обьектті басқа таңдалған обьекттен кейін
орналастырады.
← In Front Of (Установить перед). ). Обьектті басқа таңдалған обьекттің
алдында орналастырады.
Бұл командалар топтамасы обьекттерді орналастыру ретін басқаруда толық
еркіндік береді.
1. Обьекттерді бір-бірінің үстіне орналасу әрекетін сипаттайтын қарапайым
сурет салып көрелік.

1. Стандартты басқару тақтасында File (Файл) мәзірінен New (Создать)
командасын таңдау арқылы жаңа құжат құрыңыз.
2. Тіктөртбұрыш салыңыз.
3. Бұл тіктөртбұрыштың үш көшірмесін жасаңыз. Енді құжат бетінде төрт
фигура орналасқанын байқайсыз.
4. Бұл тіктөртбұрыштарды құрылу реті бойынша келесі түстерге бояңыз: ақ,
ақшыл сұр, қара сұр, қара.
5. Екінші және төртінші тіктөртбұрышты 900-қа бұрыңыз. Нәтижесінде
тіктөртбұрыштар 2.58-суреттегідей орналасады.
2.58-сурет . Тіктөртбұрыш (а), оның көшірмелері н құру (б), бояу(в), бұру
(г), орналастыру(д).

Суретіміз дайын. Бұл суретте бір-бірінің үстіне орналастырудың бастапқы
реті айқын көрінеді: түпнұсқасы ең төмен ал әрбір келесі көшірмесі одан
жоғарырақ орналасады. (рис. 2.58,а).

Контурлармен жұмыс жасау әрекеттері.

Бұған дейі біз қисық болып келген қарапайым контурлармен жұмыс жасаған
болатынбыз. Бұл бөлімде бірнеше контурлардан құрылған күрделі контурларды
құру.олармен жұмыс жасау түрлерімен танысасыз. Одан кейін фигураларға
қолданылатын қарапайым геометриялық әрекеттермен : қиылысу, біріктіру мен
алып тастау сияқтыларды қарастырамыз.

Контурларды бірктіру мен бөлшектеу
Бірнеше контурды бір контурға кірістіру әрекетін біріктіру деп атайды. Ол
құжаттағы ерекшеленген обьекттердің кез келген саны үшін Arrange
(Упорядочить) мәзіріндегі Combine (Соединить) командасын таңдау арқылы
орындалады. Біріктіру бірнеше обьект үшін орындалып келесі ережелерге
бағынады:
❑ Біріктіру нәтижесінде бірнеше контурдан құрылған бір фигура пайда
болады. Оны құрамдас контур деп атайды.Мұндай фигура бірдей қоршау мен
түске боялған болып келеді.
❑ Біріктіру кезінде бастапқы контурлардың түрі өзгермейді, олар пайда
болатын құрамдас фигураға сол түрде қосылады. Оларды субконтурлар деп
атайды.
❑ Егер бастапқы обьекттер бір-бірінің үстіне орналасса,онда пайда болатын
фигура үйлестіру облысында тесік пайда болады. Олар бастапқы контурлардың
жұп санды болу кезінде пайда болады.( 2.59-сурет).
❑ Тұйық және ашық контурларды біріктіру кезінде ашық контурлардың ұштары
біріккендіктен тұйық контурға түрлендіріледі. Мұндай түрлендіру тесітері
бар контурлардың пайда болуына әкеп соқтырады.
❑ Тек қана ашық контурларды біріктіру ешқандай қосымша түрлендірусіз
орындалады. Нәтижесінде ашық күрделі контур пайда болады.
❑ Біріктіру кезінде павйда болған фигураның қоршауы мен бояу атрибуттары
ең соңғы ерекшеленген бастапқы обьект атрибуттарымен сәйкес келеді.
❑ Графикалық примитивтердің қисықтарын (тіктөртбұрыши, эллипс,
көпбұрыштар) бір обьектке біріктіру кезінде CorelDRAW мұндай
обьекттерді қисықтарға түрлендіреді (олардың ерекше қасиеттері
сақталынбайды).
Контурларды біріктіру негізінен екі мақсатта орындалады: илллюстрациядағы
обьекттер анын кішірейту мен ішкі облысты құру үшін.Мысалы, графикалық
примитивтерді біріктіру көмегімен сақина, қоршау тәрізді фигураларды алу
ыңғайлы болып келеді. п. Илллюстрация неғұрлым аз обьекттерден құрылса,
оны редактрлеу де соғұрлым жеңіл болады. Егер сіз бірдей жасыл түсті
қоршауы бар көптеген кесінділердің көмегімен шөп салған болсаңыз, оны
біріктіру ыңғайлы. Пайда болған фигурамен жұмыс істеу де жеңіл болады.
Жоғарыда аталғандай, біріктіргеннен кекйін бастапқы контурлар жойылмайды,
олар пайда болған фигураның субконтурларын құрайды. Құрамдас фигура оны
құрамындағы фигураларға қайта жіктелуі мүмкін. Ол үшін Arrange
(Упорядочить) мәзіріндегі Combine (Соединить) командасына кері Break Ayart
(Отделить) командасы пайдаланылады. Ол ерекшеленген құрамдас фигураны
субконтурларға бөледі. Бұл команданы тек қисықтарға ғана емес, кез келген
бір субконтурдан артық құрылған фигуралар үшін пайдалануға болады.
Субконтурлар бөлінгеннен кейін біріктіруге дейінгі қоршау мен бояуға емес,
құрамдас контурдың атрибуттарына ие болады. Себебі құрамдас контур өзін
құрайтын субконтурлардың атрибуттары жайлы ақпаратты сақтамайды. .

2.59-сурет . тұйық және ашық контурды біріктіру.

2. Келесі контурларды құрып, оларды біріктіру әрекеттерін жасап көріңіз.
1. Құжат бетінде тіктөртбұрыш пен эллипс салыңыз.
2. Оларды сәл ғана бір-бірінің үстіне орналастыңыз. (2.60,а-сурет).
3. Оларды әртүрлі түске және көрінетіндей түсті қоршауға бояңыз.
4. Shift батырмасын басып тұрып Pick (Указатель) құралының көмегімен
алдымен тіктөртбұрышты одан кейін эллипсті ерекшелеңіз.
5. Arrange (Упорядочить) мәзіріндегі Combine (Соединить) командасын
таңдаңыз. Нәтижесінде екі субконтурдан – эллипс пен тіктөртбұрыштан
құрылған құрамдас контур пайда болады.(2.60, б-сурет). Оларды қиылысу
облысында контурдың тесігі бар болады. Пайда болған контур эллипстің түсі
мен қоршауына ие болатынына назар аударыңыз.
6. Arrange (Упорядочить) мәзірінен Break Apart (Отделить) командасын
таңдаңыз Құрамдас контур өзінікіндей түсі мен қоршауға ие болатын екі
субконтурға бөлінеді.
7. Контурдың бірін ерекшелеңіз. CorelDRAW-дың қалып-күй қатарына назар
аударсаңыз ерекшеленген обьект графикалық примитив емес, қисық екенін
байқайсыз.
8. обьекттердің бірінің түсі мен қоршауын өзгертіңіз. Обьекттерді кері
ретпен алдымен эллипсті, одан кейін тіктөртбұрышты ерекшелеңіз. Қайтып
Arrange (Упорядочить ) мәзірінен Combine (Соединить) командасын таңдаңыз.
Құрамдас контур енді тіктөртбұрыштың түсі мен қоршауына ие болғанына
назар аударыңыз. ( 2.60, в-сурет).
2.60-сурет. Біріктіруге дейінгі және оларға бірігу операциясын әртүрлі
ретпен қолданғаннан кейінгі контурлар.

Knife құралы.

Knife (Нож) құралы контурларды субконтурларға немесе бөлек контурларға
кесу үшін арналған. .Ол Break Curve (Разъединить кривую) командасымен
салыстырғанда мүмкіндіктері көбірек және оның жұмыс нәтижесі де көрнеі
болып келеді.
3. Knife құралын пайдаланып Bezier құралы көмегімен салынған суретті
түрлендіріңіз.
1. Bezier (Кривая Безье) құралы көмегімен таға тәріздес ашық контур
салыңыз.

2.61-сурет. Knife құралының ашық контурға
әрекеті

2. Knife (Нож) құралын таңдаңыз. Оның курсоры пышақ тәрізді болыфп келген.

3. Бұл құралдың қасиеттер тақтасында тек қана екі батырма орналасқан.
Leave as One Object (Оставить как один объект) батырмасы программаға
кесу нәтижесінде алынған фрагменттер бір күрделі контурға тиісті болу
керектігін хабарлайды. Әйтпесе екі бөлек обьект алынады.Егер Auto-Close
on Cut (Автоматическое замыкание при отрезании) батырмасы басылса, онда
пайда болған әрбір контурдың (немесе субконтурдың) басы мен аяғы
кесіндімен қосылады. Бірінші батырма қосылған, ал екіншісі қосылмаған
күйде болсын.
4. Курсорды контурдың иілу орнынан сол жақта орналасқан кез келген
нүктесіне қарай апарып қойыңыз . Оның түйін болуы міндетті емес. (2.61,
а). Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз.
5. Курсорды контурдың иілу орнынан басқа жақта орналасқан кез келген
нүктесіне қарай апарып қойыңыз . Құрал контурға тиген кезде сіз бұл
әрекеттің алғашқы нәтижесінің түрін көре аласыз. Контурдың бастапқы
нысаны ақшыл сұр түспен кескінделсе, ал кесу нәтижесі тегіс болып
кескінделеді. Енді кесуден кейін қандай бөлігін қалдыратыңызды таңдауыңыз
қажет. Курсорда жылжытпай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Corel draw графиктік редакторы
Corel draw векторлық графиканың интерфейсі
Бастапқы объекттер
Біріктірілген сызықтар
Объекттерді топтастыру
Векторық графикалық файл
CorelDraw бағдарламасымен жұмыс істеу
Фигуралық мәтіннің жиекке түрленуі
Сегменттер мен сызықтар түйіндері
Объектпен жұмыс істейтін аспаптар
Пәндер