Pick құралының көмегімен объекттердің иілуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Зертханалық жұмыс №2

Қарапайым түске бояу мен бояумен қоршау.
Кез келген контурды бояумен қоршауға болады. Оның қалыңдығы мен түсі түрлі
болуы мүмкін. Ашық контурлар тек қана қоршауға ие болуы мүмкін. Ал тұйық
контурларды бояуға болады.
Бояу — дегеніміз тұйық контурдың ішкі облысын толтырудың тәсілі. Ол жалпы
тегіс немесе CorelDRAW-та ескерілген түрлі типтердің бірі ретінде
келтірілуі мүмкін.
1. Тұйық контур (эллипске) түстер палитрпасы көмегімен қоршап, бояңыздар.
1. Pick (Указатель) құралының көмегімен эллипсті ерекшелеп алыңыз. (2.10.а
сурет)
2. Тышқанның сол жақ батырмасымен тустер палитрасының үлгілерінде шерту
ерекшеленген контурды немесе контурларды таңдалған түске бояйды.
Тышқанның сол жақ батырмасын түстер палитрасының қызыл үлгісінде
шертіңіз. Контур толығымен қызыл түске боялады. ( 2.10, б-сурет).

2.10. –сурет. Тұйық контур (а) оның тегіс бояуы. (б)
3. Тышқанның оң жақ батырмасын тустер палитрасының үлгілерінде шерту
ерекшеленген контурды немесе контурларды таңдалған түспен қоршайды. Көк
түсті таңдаңыздар.
4. Қоршау көрінбеген жағдайда, оның қалыңдығын үлкейтіңіз.Оның ағымды мәні
қасиеттер тақтасының Outline Width (Толщина абриса) тізімінде
көрсетіледі.. Бұл тізімдегі ең үлкен мәнді таңдаңыз. ( 2.11-сурет).

2.11-сурет. Қасиеттер тақтасының тізімі арқылы тұйық контурдың қоршауына
мән тағайындау.
2. Объекттердің орнын ауыстыру.
Pick (Указатель) құралының көмегімен жұмыс бетіндегі орналасуын өзгертуге
болады.Эллипсті кішкене оңға қарай жылжыту.
1. Pick (Указатель) құралының көмегімен эллипсті ерекшелеу қажет. Эллипстің
айналасында сегіз манипуляторлар пайда болды: төртеуі тік бұрыштың
бұрыштарында және тағы төртеуі қабырғаларында орналасқан. Манипулятордың
тағы біреуі эллипстің ортасында орналасқан.
2. Тышқан курсорын орталық манипуляторға жақындатыңыз. Курсор төрт жаққа
бағытталған, яғни кез келген бағытта еркін орын ауыстыруды сипаттайтын
бағдарша түріне келеді,
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, тышқанды жібермей курсорды сәл оң
жаққа жылжытыңыз.Орын ауыстыру кезіндегі контурдың ағымды орналасуы көк
түспен кескінделеді. (2.12-сурет).
4. Тышқан батырмасын жіберіңіз. Контур жаңа орынға орналасты.

2.12.-сурет. Pick құралының көмегімен объект
орнын ауыстыру.

3.Объекттерді масштабтау.
Pick (Указатель) құралы контурлардың өлшемдерін өзгерту үшін қолданылады.
1. Бірінші контурды ерекшелеңіз.
2. Курсорды оң жақ бұрыштағы манипуляторға апарып қойыңыз. Курсор екі жаққа
бағытталған қара бағдарша түріне келеді.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп курсор диагональ бойымен оңға және
төмен қарай жылжытыңыз. Контур өлшемі үлкейеді. Оның ағымды қалпы көк
түспен бейнеленеді. ( 2.13-сурет).

2.13-сурет. Pick құралының көмегімен объекттерді
пропорционалды масштабтау.

4. Қасиеттер тақтасын назар аударыңыз. Object(s) Size (Размер объекта)
өрісінде объекттің ағымды өлшемі бейнеленеді. Мұндай ақпарат қалып-күй
тақтасында да көрсетіледі, бірақ сонымен қатар объекттің геометриялық
центрінің координаталары да көрсетіледі.Тышқан көмегісмен масштабтау
кезінде объекттің өлшемі автоматты түрде жаңарып отырады. Объекттің
абсолютті өлшемдерімен бірге қасиеттер тақтасының Scale Factor
(Коэффициент масштабирования) өрісінде және қалып-күй қатарында
масштабтау коэффициенттері жаңарып отырады. Контурды шамалы үлкейтіп
көріңіз.
5. Тышқан батырмасын жіберіңіз.Қалып-күй қатары мен қасиеттер тақтасында
объекттің жаңа өлшемі көрсетіледі.
Объекттің кез келген бұрыштық манипуляторын жылжыту пропорционалды
масштабтауға әкеледі. Бұл режимде оныңкөлденең және тігінен өлшемдері
бірдей масштабтау коэффициенттеріне ие болады.Егер бір өлшемде бойынша
ғана (көлденең немесе тігінен)масштабтау қажет болса, онда объекттің тік
төрт бұрыш бойындағы манипуляторлар қолданылады.
Тышқан курсорын габаритті тік төртбұрыштың төменгі қабрғасының бойындағы
манипуляторға апарып қойыңыз.
Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, оны жібермей алынған манипуляторды
жоғары қарай жылжытыңыз. Контурымыз тігінен "қысылады" ( 2.14-сурет).
Object(s) Size (Размер объекта) өрісіндегі мәндердің өзгерісіне назар
аударыңыз.Объекттің тігінен өлшемі ғана өзгереді және масштабтау
коэффициенті Scale Factor (Коэффициент масштабирвания.) тақтасының
төменгі өрісі ғана өзгереді.
2.14-сурет. Pick құралының көмегімен объекттерді пропорционалды
емес масштабтау

4.Объекттердің бейнесін алу.
Бізді айналы(зеркальды) симметриялы көптеген объекттер қоршайды. Сондықтан
CorelDRAW-да объекттердің айналы(зеркальды) симметриялы бейнесін алу
операциясы бар. Ол үшін тышқанмен орналастыру немесе Pick (Указатель)
құралының қасиеттер тақтасындағы арнайы батырмалар пайдаланылады.
Салынған қисықтардың біреуін ерекшелеңіз.
1. Ctrl батырмасын басыңыз.
2. Тышқанды ерекшеленген контурдың жоғарғы манипуляторға жақындатыңыз.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, манипуляторды габаритті тік
төртбұрыштың тысқары қарама-қарсы төменге қарай жылжытыңыз.Қисық айналы
түрде бейнеленеді, оның бейнесі көк түспен көрсетіледі. (2.15-сурет).
4. Тышқан батырмасын жіберіңіз.
Бұл тәсілмен объектті оның қандай да бір жағымен салыстырмалы түрде
бейнелеу ыңғайлы. Егер объекттің орнын өзгертпей айналы бейнесін алу керек
болса, онда қасиеттер тақтасындағы Mirror Button (Кнопка
Зеркало)батырмаларын пайдалану қажет. Бұл батырмаларды ерекшеленген
объектке қолданып көріңіз.

2.15-сурет. Pick құралының көмегімен объекттердің айналу бейнесі.

5.Объекттерді бұру.
Бұру — дегенімізобъекттерге ең жиі қолданылатын операциялардың бірі. Оны
интерактивті түрде (тышқан көмегімен) Рick (Указатель) құралының қасиеттер
тақтасындағы Angle of Rotation (Угол поворота) өрісіне бұрыш мәнін енгізу
арқылы орындауға болады.
Бұрын салынған контурлардың бірін ерекшелеңіз.
1. Контур немесе оның орталық манипуляторының үстінде тышқанды бір рет
шертіңіз. Қалған манипуляторлар бағдаршалар түріне келеді. (2.16-сурет).
Бұл режим айналу режимі деп аталады.
2. Курсорды кез келген бұрыштық манипулятордың біреуіне апарып қойыңыз.
Курсор түрі шеңбер бойымен иілген, яғни айналу операциясын сипаттайтын
бағдарша қалпына келеді. Орталық манипулятор ортасында нүктесі бар
дөңгелекке айналады. Ол бұрудың ортасын сипаттайды.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, курсорды сағат бағытына қарсы
жылжытыңыз. Контур бұрылады. (2.17сур.). Оның ағымды бұрышын қалып-күй
қатарында немесе қасиеттер тақтасындағы Angle of Rotation (Угол поворота)
өрісінде көруге болады. Бұрыш өлшемінің санағы сағат бағытына қарсы 0-ден
3600. жүргізілетіндігіне назар аударыңыз. Контурды 450-қа бұрыңыз.
2.16-сурет.Айналу режиміндегі манипуляторлар. 2.17-сурет.
Pick құралының көмегімен объекттерді бұру.
6.Объекттердің иілуі.
Айналу режимінде бұрыштық манипуляторлар объекттерді бұру үшін пайдаланады.
Ббағдарша түріндегі бүйірдегі манипуляторлар объекттердің иілуіне мүмкіндік
береді.
1. Кез келген контурды ерекшелеп, оны үстінен тышқанмен тағы да бір рет
шерту арқылы айналу режиміне келтіріңіз.
2. Курсорды контурдың жоғарғы бүйіріндегі манипуляторға апарып қойыңыз.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, оны жібермей курсорды оң жаққа
қарай жылжытыңыз. Контур да бұл жаққа қарай иіледі.(2.18-сур.) Иілудің
ағымды бұрышы қалып-күй қатарында көрсетіледі. Егер басқа бағытқа қарай
иілу қажет болса, онда объекттің соған сәйкес бүйір манипуляторын таңдау
қажет.
4. Тышқан батырмасын жіберіңіз.

2.18-сурет. Pick құралының көмегімен объекттердің иілуі.

Transformation докері.
Барлық қарастырылған орналастыру мен трансформдау операцияларын тышқан
немесе Pick (Указатель) құралының қасиеттер тақтасының өрістеріне нақты
мәндерді енгізу арқылы жүзеге асыруға болады.Дегенмен, CorelDRAW
трансформдауды дәл басқарудың кейбір қосымша құралдарын ұсынады. Олар
Transformation (Преобразование) (2.19-сур.) докерінде іске асады. Докер
негізгі трансформдауға сәйкес келетін бес режимге ие:орын ауыстыру
(Position (Положение)), бұру(Rotate (Вращение)), бейнелеу (Scale and Mirror
(МасштабОтражение)), масштабтау(Size (Размер)), иілу(Skew (Скос)). Докер
Window (Окно) Dockers (Докеры) Transformation (Преобразование)
мәзіріндегі кез келген режимді таңдау арқылы ашылады. Бұл режимдер докердің
жоғарғы бөлігіндегі қатар түрінде ұсынылған. Олардың кез келгенін басу
өзіне сай басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Knife құралының ашық контурға әрекеті
CorelDraw бағдарламасы туралы жалпы түсінік
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ
Графикалық кескіндерді сақтау форматтары
Бастапқы объекттер
Corel Draw - векторлы графикалық редактор
Объекттерді топтастыру
Corel draw векторлық графиканың интерфейсі
Фигуралық мәтіннің жиекке түрленуі
Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша дәрістер курсы
Пәндер