Қытай тілінде бір буынды сөздер көп



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫТАЙЛАР (өзінше атауы – хань) Қытай Халық Республикасының негізгі тұрғын
халқы. Жалпы саны 800 млн-нан астам (1972) адам, мұның 730 млн-нан астамы
ҚХР-да тұрады. Тайландта, Малайзияда, Индонезияда, Сингапурда, Вьетнамда,
Бирмада, Филиппиныда, Камбоджада бірсыпыра Қытай бар. Қытай тілі қытай-
тибет тілдері семьясына жатады. Мұнда б. з. б. 2 мың жылдықтың ортасындағы
бейнелі жазудан шыққан иероглиф жазуы тараған. Нәсілі жағынан біркелкі
емес. Олардың негізгі бөлігі монғол тектес нәсілдің Тынық мұхит бұтағына
жатады. Солтүстік Қытай арасында шығыс-азиялық топтың әр түрлі тектері, ал
Оңт. Қытай арасында оңт.-азиялық топтың түрлері басым. Қытайдағы діни
нанымдар да біркелкі емес. Әсіресе аруаққа табыну кең тараған. Тарихи даму
жолында алғашқыда даосизм мен конфуцийшілдік, кейін буддизм үстемдік етті,
аздаған ислам, христиан діндеріне сенушілер де болды. Қытайдың этникалық
тарихы аса күрделі. Бұл тарихи процеске қытай-тибет, малайя-полинезия,
монкхмер және алтай тілдерінде сөйлейтін көптеген халықтар қатысты.
Қытайдың арғы тектерінің бірі Хуанхэ және Янцзы алабындағы егін
шаруашылығымен айналысқан тайпалар. Олар б. з. б. 3—2 мың жылдықта әр
түрлі неолит мәдениетін жасады. Тарының жергілікті сортын шығарды, үй
жануарларын өсірді. Б. з. б. 2 мың жылдықта қазіргі Хэнань, Шэньси
провинцияларының территориясында алғашқы қауымдық қатынастардың көптеген
белгілері сақталған ертедегі Инь мемлекеті пайда болды. Инь мемлекеті
тұсында қола металлургиясы өркендеді. Батыс жағында көрші отырған туыстас
Чжоу тайпалары оларды б. з. б. 11 ғ-да жаулап алды. Б. з. б. 11—3 ғ-ларда
қазіргі Қытай территориясында бір-бірімен араласып кеткен Инь және Чжоу
халықтары ұрпақтарының айналасында әр түрлі халықтар тұрды. Олар қытай
деректемелерінде Оңтүстікте мань, Батыста жун, Солтүстікте ди, Шығыста
деген жалпы атаулармен белгілі. Б. з. б. 1 мың жылдықтың орта
тұсынан бергі қытай деректемелерінде Янцзыдан Оңтүстікке қарай
мекендеген толып жатқан Юэ тайпалары кездеседі. Бұл кезеңде Қытайдың ата-
тектері басқа халықтармен қарым-қатынас жасап, олардың материалдық және
рухани мәдениетінің көптеген элементтерін қабылдай бастады. Хань әулеті
(б. з. б. 3 Р.—б. з. 3 ғ.) тұсында ежелгі қытай халқы қалыптасты. Кейін
Хань өзенінің атынан шыққан әулет аты Қытайдың өзінше атауына айналды.
Феод. ыдырау кезеңінен кейінгі Тан әулеті үстемдік еткен (6—9 ғ-лар)
қытайдағы жаңа бірлестік Қытайдың этникалық жағынан нығаюына қолайлы жағдай
жасады. Дегенмен сол кездің өзінде де Қытай қазіргі Қытай территориясына
толық қоныстанып болған жоқ еді. Елдің Солтүстігінде бірінен соң бірі
көшпелі түрік және Монғол халықтарының бірлестіктері ауысып жатты, ал
Оңт.-батыста негізінен и, тай, монкхмер халықтарының ата-тектері мекендеген
мемлекеттер өмір сүрді. 10— 13 ғ-ларда Қытай екіге — оңт. пен солтүстікке
бөлінді. Солтүстікте алғашында монғол тілдес қидандар (қытай деген
орыс сөзі осыдан шыққан), кейін тұнғұс-маньчжур тобы тілдерінде сөйлейтін
чжурчжядтер үстемдік етті. Елдің Оңтүстігінде бұрынғысынша қытай әулеті
билік жүргізді, мұнда Қытайға Солтүстіктен ағылып келе бастады. 13 ғ-да
қазіргі Қытай территориясындағы мемлекеттерді монғолдар жаулап алды. Мин
әулеті тұсында монғолдарды қуып шыққаннан кейін де (1368) Хуанхэ және
Янцзы алабындағы Қытай бұрынғысынша Оңтүстікке көшіп келумен болды.
Маньчжуриялық Цин әулеті билік құрған кезеңде (1644— 1911) қазіргі Қытайдың
саяси шекарасы негізінен қалыптасты. Циндердің жаугершілік соғыстары тұрғын
халықты талан-таражға ұшыратты. 18 ғ-дың ақырында Жоңғар хандығын басып
алғаннан кейін, Қытай жаңадан құрылған Синьцзян (Жаңа жер) провициясына
қоныс аудара бастады. Олар мұнда күні бүгінге дейін көшіп келуде. 19 ғ-дың
ақыры мен 20 ғ-дың басында, Қытай капитализмнің дамып, қытай ұлтының
қалыптасқан кезеңінде Қытай бірте-бірте Маньчжурияға қоныстана бастаған.
ҚХР-дағы Қытайдың 80%-тен астамы а. ш-мен айналысады. Шаруашылық, тұрмыстық
және көркем қолөнер кәсіпшілігі ерекше дамыған, қытай фарфоры әлемге
әйгілі.
ҚЫТАЙ ТІЛІ — қытай-тибет тілдері семьясына жатады, ҚХР-дың ресми тілі.
Бұл тілде Қытайдағы (730 млн-нан астам, 1970) және өзге елдердегі
(Индонезия, Камбоджа, Лаос, Вьетнам, Бирма, Малайзия, Сингапур т. б.)
қытайларды қосқанда 750 млн-нан астам адам сөйлейді. Қытай т. солт., У,
Сян, Гань, Хакка, Юэ, Минь делінетін 7 диалектілік топқа бөлінеді.
Грамматикалық құрылысы мен сөздік құрамы жақын болғанымен, диалектілерінің
арасында елеулі фонетикалық алшақтық бар. Осының нәтижесінде бір
диалектінің өкілінің тілін екінші бір диалектінің өкілі жете түсіне
бермейді. Б. з. б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысынан мирас қалған жазба мұралары
бар. Әдеби мұраларының көнесі — Шуцзин (тарих кітабы) мен Шицзин (жыр
кітабы). Көне дәуірдегі диалектілер негізінде туған көне жазба әдеби тілі —
вэнь-янь бертін келе ауызекі сөзде түсініксіз тілге айналса да, 20 ғ-ға
дейін жазба жүзінде қолданылып келді. Бұдан кейін халықтың ауызекі тіліне
негізделген жаңа қытай жазба тілі — байхуа (түсінікті тіл) жасалды. Қазіргі
путунхуа (жалпыға түсінікті тіл) аталатын жалпыхалықтық Қытай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-Қытай тілдеріндегі еліктеу сөздерді салғастыра зерттеу
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
Қытай тілі жөнінде
Қатыстық сын есімдер
Қытай тілі
Буын жасайтын дыбыстар және буын жасамайтын дыбыстар
Пиктографиялық жазулар
Қытай тілін үйретудің жаңа әдіс- тәсілдерін қалыптастыру
Қазіргі қытай тілі грамматикасындағы қытай тілінің сөз жасам тәсілі
Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері
Пәндер