Мал шаруашылыгының негізгі саласы шошқа шаруашылыгы


Елдің ресми атауы - Қытай Халық Республикасы. Мемлекеттің астанасы - Пекин қаласы. Жалпы жер аумағы - 9, 6 млн км 2 халқының саны - 1, 3 млрд адам. Шекарасының ұзындығы -22117 км, оның ішінде: Ауғанстанмен - 76 км, Бутанмен - 470 км, Мьянмамен - 2185 км, Үндістанмен - 3380 км, Қазақстанмен - 1416 км, Қырғызстанмен - 858 км, Тәжікстанмен - 414 км, Ресеймен - 3465 км, Монғолиямен - 4677 км, Солтүстік Кореямен - 1416 км, Вьетнаммен - 1281 км, Лаоспен - 423 км, Пәкстанмен - 523 км, Непалмен - 1236 км. Ресми тілі: қытай тілі. Елді баскару формасы коммунистік (социалистік) республика, мемлекет басшысы - республика председателі. Заңнамалық билік: халық өкілдерінің Бүкілқытайлық Жиналысы.
Қытай - аумағы жағынан дүние жүзіндегі үшінші мемлекет. Қытайдан Монғолия мен ТМД елдері арқылы (Қазақстан арқылы) Тынық мұхиттан Еуропаға ең қысқа жолмен тікелей өтеді. Қытайдың теңіз жағалауында орналасуы тиімді, оның ішкі аудандары Янцзы өзені арқылы (2, 7 мың км бойы кеме қатынайды) теңізге шыға алады. Елдің шығыс жағалауын Сары, Шығыс-Қытай және Оңтүстік-Қытай теңіздерінің суы шаяды.
Қытай әкімшілік-аумақтық тұрғысынан 22 провинцияға, 5 автономиялық ауданға және орталыққа бағынатын 3 қалаға бөлінген. Сонымен бірге арнайы әкімшілік ауданға Сянган және Аомынь (Макао) аумақтары кіреді. Оларды Ұлыбритания мен Португалия Қытайға 1997 және 1999 жылдары қайтарып берді.
Қытай аумағы табиғатының әр алуандығымен және бай минералды ресурстарымен ерекшеленеді. Елдің шығыс бөлігі жазык және ойпатты, батысы қыркалы, үстіртті келеді. Ел аумағының 3/4 бөлігі таулар мен таулы үстірттерден, тауаралық казаншұңқырлардан тұрады. Негізгі ауыл шаруашылығы жерлері елдің шығысында орналасқан. Одан батыска қарай шөлді және эрозияға катты ұшыраған шөлейтті дала мен үстіртті жерлер алып жатыр. Қытайдың солтүстік-батысында Жоңғар қазаншұңқыры, Қашғар және Такла-Макан шөлдері орналасқан. Солтүстігін Монғол таулы үстірті мен Гоби шелі алып жатыр. Елдің бүкіл оңтүстік-батысы Тибет таулы қыратына жалғасады. Одан солтүстікке қарай Куньлунь тау жүйесі, оңтүстік пен батысқа карай дүние жүзіндегі ең биік таулар - Гималай мен Қарақорым орналасқан.
Қытай - дүние жүзінде минералды ресурстармен жеткілікті қамтамасыз етілген елдердің бірі. Оның жер қойнауында көмір, графит, вольфрам, молибден, сурьма, қалайы, қорғасын, сынап, боксит, фосфат, темір кені, алмас, алтын, марганец, мырыш, мұнай, табиғи газдың өте мол қоры бар. Елдің батыс аудандары геологиялык тұрғыдан әлі толық зерттелмеген. Қытай дүние жүзінде көмір және темір кенін өндіруден, болат қорытудан 1-орынды алады (150 млн т-дан астам) .
Көмір алаптары Қытайдың барлык провинцияларында бар. Негізгі алаптары: Шанхай, Шэньсин, Фушун, Фусин және Датун. Қытай жылына 2 млрд т көмір өндіреді.
Қытай барланған мұнай мен газ жөнінен (4 млрд т және 1, 6 трлн м 3 ) дүние жүзі бойынша жетекші орында, мұнайға бай ірі державалардан артта қалғанымең мұнайды ендіру жөнінен дүние жүзінде 4-орында. Оның қорлары, негізінен, Солтүстік (Бохай бұғазы), Солтүстік-Шығыс Қытайда және елдің батысындагы Жоңғар және Цайдам қазаншұңқырларында орналасқан. Мұнайдың негізгі кен орны Дацин алабында (жалпы өндірілетін мұнайдың 1/3-і) .
Елде электр энергиясын ЖЭС-тер береді (4/5) . Қытайда Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің жоғары ағысында "Үш шатқал" деп аталатын дүние жүзіндегі ең ірі бөген (ұзындығы 650 км) және қуаты ете мол гидроэнергия каскады салынып жатыр. Ол толығымен 2009 жылы аяқталмақ. XX ғасырдың соңына қарай Қытай дүние жүзіндегі электр энегрияны өндіретін он елдің ішінде 2-орынға шықты (жылына 2, 3 трлн кВт • сағ) . Бірақ жан басына шаққанда әр адамға 1, 9 кВт • сағтан ғана тиеді.
Кен байлықтары әрқалай орналасқан. Оның ішіндегі ең ірісі Қытайдың солтүстік-шығысындағы көмірге бай Аньшань алабы. Мұндағы енеркәсіптік темір кенінің қоры 5 млрд т деп башланады. Ол жөнінен Қытай дүние жүзінде 3-орынды алады. Легирленген болаттың арнайы сорттарын алу үшін пайдаланатын вольфрам, молибден, марганецтің де мол қоры бар.
Қытайдагы түсті металдар кен орындары елдің оңтүстік және орталық провинцияларында шоғырланған. Ел 90-жылдардьщ соңында жылына 1, 7 млн т алюминий өндіріп отырған және дүние жүзіндегі алюминийді көп өндіретін он елдің ішінде.
Халқы. Қытай халық саны женінен дүние жүзінде 1 - орынды алады. Мұнда жер бетіндегі халықтың 20%-ы тұрады.
XX гасырдың басында халықтың емір сұру жасының орташа ұзақтығы 30 жас шамасында болса, ғасырдың соңында 70 жасқа жетті. 70-жылдардан бері "әр отбасында 2 баладан артық болмау керек" деген мемлекеттік демографиялық саясат жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, халықтың табиғи өсу қарқыны баяулады. 15 жаска дейінгілер жалпы халықтың 1/3-ін кұрайды. Жан басына шаққанда әр қытай адамына 0, 1 га жыртылган жер тиеді. Қалада жұмыс күіиі мәлшерден тыс көп.
Жұмыс күшінің ел ішіндегі және сырт жакка кеші-қоны өте көп. Оларды "хуацяо" деп атайды. Көшіп-конып жүрген жұмысшы күшінің жалпы саны 60 млн адамнан асады. Негізінен, Сянғанда, Тайваньда, Индонезияда, Малайзияда, Таиландта, Сингапурде көп.
Қытай кеп ұлтты ел. Мұнда 56 ұлт пен ұлыс мекендейді. Халықтың басым бөлігі (2/3) елдің шығысында қоныстанған.
Елдегі ең басты дін - конфуцийлік, даосизм және буддизм. Кейбір ұлттар (елдің солтүстік-батысы мен батысында) ислам дінін ұстанады.
Елде урбандалу процесі қарқынды өсіп келеді. XX ғасырдың ортасына дейін қала тұрғындарының үлесі 10%-ды құраса, ғасырдың соңында 30%-ды құрады. Урбандалу күшті жүрген провинцияларга Қытайдың солтүстік- шығысы жатады. Елде 40-ка жуьщ миллионер қала бар.
Шаруашылығы. Қытай өте жоғары қаркынмен дамып келе жатқан индустриялы-аграрлы ел. Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, қорғаныстың, ғылым мен техниканың жоспарлы дамуы іске асырыла бастады.
Қазіргі уақытта экономиканы жаңғырту Қытайдың әр түрлі аймақтарында бірдей қарқынмен дамып келе жатқан жоқ. Елдің арнайы экономикалық зона деп аталатын теңіз жағалауындағы провинцияларда (ел ішіндеі ; , провинцияларға қарағанда жаңа технологияны дамытуда) шетелдік инвестицпяны пайдалануга қолайлы жағдай жасалган. Елге шетелдік инвестиция молыі ан келе бастады. Шаруашылықтагы реформаны және экономиканың ашык болуын ІІІығыс Қытай толығымен пайдалана білді. Бұл аймақ ел аумағының 1/4-ін, жалпы халықтың 1/3-ін қамтиды және жалпы ұлттык өнімнің 2/3-сін береді Қытайдың ішкі провинцияларының орташа табысына қарағанда мұнда әр тұрғынның орташа табысы 4 есеге көп.
Шаруашылықтың аумақтық құрылымы, негізінен, ірі өнеркәсіп торап-тарынан керінеді. Көптеген жеңіл және тамақ өнеркәсіптерімен бірге өнер-кәсіптің базалық салалары - мұнай өңдеу, металлургия, химия өнеркәсіптері осы өңірде орналасқан. Ірі енеркәсіптік орталықтарға Шанхай, Пекин, Шэньян, Тяньцзунь, Ухань, Харбин, Чуанчжоу, т. б. жатады.
Еңбек ресурсы жалпы халықтың 60%-ын қамтиды, оның ішінде: 70%-ы ауыл шаруашылыгында, 17%-ы өнеркәсіпте, 13%-ы қызмет керсету салаларында.
Шаруашылық салаларында өнеркәсіппен бірге ауыл шаруашылыгының да маңызы зор. Онда халыктың басым бөлігі еңбек етеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерінен (бидай, күріш, мақта, т. б. ) Қытай дүние жүзінде 1 -орынды алады.
Жалпы ішкі өнім жөнінен (3, 7 трлн доллар) Қытай дүние жүзінде 3-орынға шьщты, оның жылдық (1995-2000 жылдар аралығында) есімі 9, 3%-ды құрады. Бірақ жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдері женінен дүниежүзілік орташа көрсеткішке жето қойған жоқ.
Ауыл шаруашылығының маңызды саласының бірі - темакі шаруашылығы. Дақыл түрлері жөнінен Қытай дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірін алады. Жыртылған жердің аумагы 100 млн га-дан астам (аумағының 10%) .
Күріш - елдің басты азық-түлік дақылы. Қытайдың оңтүстік-шығысында күріштен жылына 2 (кейде 3) рет өнім алынады.
Бидай маңыздылығы жөнінен екінші дақыл. Жаздық бидай егілетін басты аудан Ұлы Қытай жазығының солтүстігін ала орналасқан. Хуанхэ және Янцзы өзендері алаптарына күздік бидай егіледі.
Басқа азык-түлік дақылдарынан жүгері, тары, арпа және гаолян маңызды деп саналады.
Қытайда мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығына қарағанда онша дамымаған. Елдің шығысындағы негізгі өсімдік шаруашіллыгы дамыған аймақтарда мал шаруашылығы қосалқы шаруашылық ретінде қалыптаскан. Дегенмен малдың саны жөнінен (дүние жүзіндегі шошқаның 40%-ы Қытайда) Қытай дүние жүзінде 1-орында. Мал шаруашылыгының негізгі саласы шошқа шаруашылыгы. Ол бүкіл өндірілген еттің 90%-ын береді.
Одан басқа құс, омарта шаруашылыгы жөне Қытайдың дәстүрлі саласы - жібек тутын өндіру салалары жаксы дамыған. Ел тағамының біраз мөлшерін балық өнімдері құрайды.
Елдегі жұқ тасымалының 3/4-і темір жол көлігіне тиесілі. Темір жолдарының ұзындыгы жөнінен АҚШ, Ресей, Үндістан және Канададан кейінгі 5-орында. Темір жол салуга жер бедері кедергі келтіріп отыр.
Қытай казіргі көлік инфрақүрылымын жетілдіруді мақсат етеді. Елдің шығысындағы Ляньюнған портын Еуропадағы Роттердаммен байланыстыратын трансконтиненттік темір жолды салу қолға алынуда. Оның біраз бөлігі Ұлы Жібек жолымен өтеді.
Елдегі өзен көлігі елдің ішкі аудандарынан шығысқа (теңізге) карай бағытталған. Ол Янцзы, Хуанхэ өзендері арқылы жүреді. Қытайдағы Ұлы Қытай каналының да маңызы зор. Оның ұзындыгы 2 мың км-ге жуьщ. Сыртқы саудага байланысты соңгы уақытта теңіз көлігінің маңызы күшейіп келеді. Сыртқы саудамен 116 порт шұғылданады.
Сыртқы экономикалық қатынастар. Қытайдьщ дүниежүзілік шаруашылъщқа тартылуы және 80-90-жылдары сыртқы экономикалық қатынастардың түрлі формаларының дамуы нәтижесінде ашық экономика қалыптасты. Теңіз жағалауы зонасы ашык, ауданға айналып, еркін экономикальқ зона құрылды, жоғары технологияны дамытуға ішкі орталықтар мен зоналар жұмыс істей бастады. Шетелдік қытайлардың (хуацяо) елді жаңғыртудағы рөлі маңызды болды. Қытай диаспорасының мүмкіншілігі орасан зор. Ел саяси реформа мен ашық экономикалық саясат жүргізе бастағанда, шетелдік кәсіпкерлердің ішінде хуацяо алғашқы болып қол ұшын берді. Елдің мақсаты Қытайды 2010 жылы "Азияның бесінші айдаһарына айналдыру" болып отыр.
Шетелдік инвестицияны елге тартуда Сянған және Аомынь (шетелдік тікелей инвестицияның 50%-ын береді), Тайвань (25%), сонымен қатар АҚШ, Жапония жөне Сингапур елдері алдыңғы қатарда болды.
Қытайдың сыртқы экономикалык байланысында сыртқы сауда негізгі орынды алады. Бағалау бойынша 2005 жылы Қытайдың сыртқы сауда айналымы 1, 4 трлн долларды құрады. Ел шаруашылыгында экспортқа шығаратын тауарлардың мөлшері өсіп келеді (Қытайдың жалпы ішкі өнімінің 55%-ы сыртқы саудаға шығарылады) .
Елдің экономикалық даму деңгейімен бірге Қытайдың дүниежүзілік сыртқы саудадағы тауарлык құрылымы да өсіп келеді. Қытай әлі де болса дүние жүзінде шикізат экспорттаушы ел болып отыр. Бірақ соңғы уақытта дайын енімдерді (экспорттың 80%-ға жуығы) шығару, оның ішінле ауыл шаруашылығы тауарларының үлесі кеміп келеді.
Қытай еңбекті көп қажет ететін өнімдерді (экспорттың 3/4-і) арзан жұмыс күші арқылы экспорттайтын ел. Сондықтан олардың тауарлары арзан бағаланады. Экспорттағы жетекші орындарды 80-90-жылдары аяқкиім және тоқыма өнімдері құраса, 90-жылдардың ортасынан бастап, машина-техникалық құрал-жабдықтар, станоктар, ал соңғы жылдары электронды аппаратураларды шығара бастады.
XIX-XX ғғ. тоғысындагы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. XIX г. соңында Қытай терең дағдарыс құшағына еніп, ол 1911-1912 жж. манъчжур монархиясын қулату және Қытай респуб-ликасын жариялаумен аяқталды.
1884-1885 жж. француз-қытай және 1894-1895 жж. жапон-қытай соғыстарында жеңіліс табу бірмезгілде оқшауланушылық пен өздігінен күшею саясатының күйреуі болды. Бұл соғыстардың нәтижесінде Қытай тек вассалдарынан-Корея мен Въетнамнан айрылып қана қоймай, өзінің территориясының бір бөлігін (Тайвань, Пескадор аралдары) жоғалтты, шетел капиталының, саудагерлері мен концессионерлерінің, миссионерлерінің енуі үшін елдің ішкі аудандарын ашу талаптарына көнуге мәжбүр болды. Империалистік мемлекеттер жедел түрде Қытайды ықпал аймақтарына бөлісуге кірсті.
Маньчжурлар мен шетелдіктерге қарсы стихиялық қозғалыстармен қоса, 1890 жж. ұлт-азаттық ұйымдардың қалыптасу процесі басталды.
"Реформалардың жүз күні" және олардың сөтсіздікке ұшырауы. Ұлт-азаттық қозғалысының конституцияшыл-монархиялық қанаты Кан Ювейдің атымен байланысты болды.
Ол Кантонда туып, дүниежүзілік тарихты зерттеді, әсіресе оны жапон тарихы қызықтырды. Оның "Жапон отаншылдығы туралы ойлар" (1885) атты кітабы Жапонияның күшеюінің түп-төркінін түсіну және түсіндіру жолындағы талпыныс еді. Кан Ювей Жапония табыстарының басты қозғаушы күші жапондықтардың отансүйгішті деп есептеді. Бұл қасиеттен айырылған Қытай кенже қалды және өзінің дәрменсіздігі мен быты-раңқылығының нәтижесінде шетелдіктердің экспансиясына ұшырып отыр деп тұжырымдады.
Кан Ювей бірнеше рет императорға қажетті реформалардың бағдарламаларын қосып, баяндамалар жіберді, олар әруақытта қабылданбады. Бірақ 1894-1895 ж. жапон-қытай соғысындағы жеңіліс императорды бұл кеңестерге құлақ асуға мәжбұр етті. 1998 ж. шілде-тамыз айларында реформалар пакеті жарияланды. Жаңартұға бағытталған бұл қадам "реформаның жүз күні" деп аталды. Бірақ милитаристер қолдау көрсеткен сарай мен император-ана Цы Си мемлекеттік төңкеріс жасады. Император Гуансюй қамауға алынып, үй тұтқынына айналды. Кан Ювей қашыпкетті, оның кейбір пікірлестері түтқындалып, өлім жазасына кесілді. Цы Си өзін император-регентша деп жариялады. Реформа жасауға деген алғашқы талпынысқа осылай тыйым салынды.
Сунь Ятсеннің революциялық қызметінің басталуы. 1890-жылдардың соңында Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысында басқа бағыт белсенділік алды, ол революцияшыл-демократ Сунь Ятсеннің қызметімен байланысты болды. Сунь Ятсен Кантонға жақын орналасқан деревняда ауқатты отбасында дүниеге келді, Гонолулудағы американ мектебінде оқып, Гонгконгте америкалық институты бітірді. Ол Гавай аралдарында тұратын қытай келімсектерінен өзінің бірінші революциялық ұйымын - Қытайды қайта өрлету қоғамын құрды. Сунь-Ятсен маньчжурлар әулетін құлатуға шакырып, үгіт жүргізді және көтеріліс дайындады. Бірақ революционерлердің аттөбеліндей тобының бұл әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Сунь Ятсен Қытайдан қашуға мәжбұр болды.
Ихэтуань жасырын ұйымының басшылығымен болған халық көтерілісі. Реформалардан бас тарту елдегі саяси дағдары шиеленістере түсті. Шетелдіктерге қарсы күреске қалың халық бұқарасы шықты: реформашыл-ұлттшылдармен де, революционерлермен де байланыстары жок стихиялы көтерілістер шығып жатты.
Бұл көтерілістерге Қытайда ертеден келе жатқан жасырын ұйымдар, бауырластықтар басшылық етті. Олардың құрамында шаруалар, қала кедейлері, колөнершілер мен олардың көмекшілері, қайықшылар, рикшалар, қайыршылар кірді. Бұл жасырын ұйымдар старшындар басқаратын топтарға бөленді. Көпшілігі дұғаға, сиқыршылыққа, аруахқа сенді. Олар жұдырықтасу өнеріне (осыдан келіп боксшылар көтерілісі деп аталды) ерекше мән берді, кейбіреулері шетелдіктердің оғынан сақтайтын бой-тұмарларға сенді. Көтерілісшілер еуропалықтарды "теңіздің арғы жағынан келген албастылар" деп атады. Олар күрестің ең тағалық әдістерін қолданды: миссионерлерді, саудагерлерді, инженерлерді, шетел концессияларын күзетуші солдаттарды өлтірді, магазиндерді тонады, темір жолдар мен телеграф желілерін қиратты.
Ихэтуань (әділеттілік пен бейбітшілік отрядтары) қоғамы басшылық еткен 1899 ж. көтеріліс немістер билік жүргізген Шаньдунь провинциясында басталды. Неміс әскерлерінің көтерілісті басып тастауға жасаған әрекетінен ештеңе шықпады, сөйтіп, халық көтерілісі көрші провинцияларға тарады. Көтерілісшілер Солтүстік Қытайдың ірі қалаларына аттанысқа шығып, жол-женекей шетел өкілдіктерін, кәсіпорындарды, концессияларды қиратты.
1900 ж. тамызында герман фельдмаршалы Вандерзеенің басшылығымен 8 мемлекеттің - Англия, АҚІН, Ресей, Жапония, Франция, Италия, Германия және Австрия-Венгрияның әскерлері қатысқан шетел интервенциясы басталды. Көтеріліс аяусыздықпен басыпжаншылды.
Суньятсенизм. "Үш халықтық принцип". 1905-1907 жж. Ресей революциясы және патшалық Ресейдің орыс-жапон соғысында жеңіліс табуы цин империясы жұртшылығының әртүрлі топтарының санаяына үлкен әсер етті. 1905 ж. жазында Қытайдың бірншіе буржуазияшыл-демократиялық және ұлтшыл қоғамдарының Сунъ Ятсенніц басшылығымен бірігуі аса маңызды оқиға болды.
Біріккен одақтың бағдарламасының негізіне Сунь-Ятсен тұжырымдаған "үш халықтык принцип" алынды: "ұлтшылдық" жатжерлік маньчжур әулетін құлату және таза қытай билігін орнату деп түсіндірілсе, «халық билігі» монархиялық құрылысты жойып, республика жариялау, ал "халықтың әл-ауқаты" жерге құқықты теңгеру, яғни біртіндеп жерді мемлекет меншігіне алу және жерге прогрессивтік салық тағайындау деп ұғындырылды.
Біріккен одақтың ез ішінде бұл принциптерге көзқарас әртүрлі болды. Атап айтканда, буржуазиялық помещиктік топтар жерге помещиктік монополияға қол сұгу, ал жерге құқылықты теңдестіру мал-мүлікті бөлісуге шақыру деп есептеп, "халықтың әл-ауқаты" принципіне қарсы шықты.
1906-1908 жж. Цы Си реформалары. Көтерілістердің жиілеуі қытай буржуазиясының либералдық қанатын өсіп келе жатқан революция қаупін бәсеңдету немесе тоқтату мақсатында конституция жариялауды талап етуге итермеледі.
1906-1908 жж. Цы Си ұлттық буржуазия мен либерал помещиктердің конституциялық басқару орнату және бірсыпыра реформалар жүргізу жөніндегі талаптарына келісті.
Бірақ дәстүрлі қоғам инерциясы өте күшті еді. Императорша Цы Си мен үй тұтқанында отырған бұрынғы император Гуансюйдің 1908 ж. қарашадағы күдікті өлімдері реформалардан бас тартудың белгісі еді. Сарай тобы енді екі жасар император Пу И-дің маңайына топырлап, реформалар процесін үзді. Реформалардың сәтсіздікке ұшырауы либералдарды жақындап келе жатқан революция лагеріне итермеледі. Қытайды жаңартудың бұдан басқа жолы қалмады.
1911-1912 жж. буржуазиялық революция. Империалистер елді ықпал аймақтарына бөлуін жалғастыра берді. Мұның барлығы калың бұқараның ашуызасын тұғызып, ұлттык буржуазияның де наразылығы өсе берді. Революция Уханьде басталды.
Артынша көтерілістер басқа қалалар мен провинцияларда да бұрық ете түсіп, олар өздерінің Пекин мен цин сарайынан тәуелсіздіктерін жариялап жатты.
Маньчжур өкіметі бас сақтау мақсатымен сарайдың сенімді қызметшісі генерал Юанъ Шикайга барлық қарулы күштерге басшылықты өз қолына алу туралы ұсыныс жасады. Ол келісім берді де, императорлык кенестін төрағасы және премьер-министр болып тағайындалды. Юань Шикай Солтүстік Қытайдың толық диктаторы болып алды. Революцияның басталғанын естісімен Сунь Ятсен шетелден оралып, 24 желтоқсан күні Шанхайга келеді. 29 желтоқсанда Нанкинге жиналган революцияшыл провинциялардың делегаттарының конференциясы Қытай республикасының құрылғандығын жариялады. Сунь Ятсен бірауыздан оның уақытша президенті болып сайлан-ды. Жаңа астана Нанкин президентті зеңбірек салютымен және жаппай қуанышпен қарсы алды.
Либералдық буржуазия революцияны аяқталды деп есептеді. Пекинде Юань Шикай өз билігін сақтап қалды. Ол либералдарды да, помещиктерді де қанагаттандыратын билеуші болып шықты. Оны империалистік мемле-кеттерде қолдады. Әңгіме тек маньчжур әулетін тақтан бас тартуға көндіруде ғана қалды. 1912 ж. 12 ақпанында Юань Шикай алтыжасар император Пу И-дің шешесін оның атынан тақтан бас тарту туралы актіге қол қоюға мәжбұр етті. Мұндай жағдайда Сүнь-Ятсен Юань Шикайдың пайдасына президентіктен бас тартты. Нанкиндік ұлттық жиналыс Юань Шикайды президенттікке сайлады.
Қытай ай күнтізбесі бойынша "синхай" деп аталатын дауылды жылды басынан өткізді. Қытайдағы Синхай революциясы ақталды. 1912 ж. наурызында Нанкинде Қытай республикасының уақытша конституциясы қабылданды, астана Пекинге көшірілетін болып шешілді.
Юань Шикайдың диктатурасынның орнауы. Бірақ билік үшін күрес республика жарияланғаннан кейін де жалғаса берді. Юань Шикай өз билігін нығайту үшін баспасөз бен қол жеткен демократиялық табыстарға шабуылын бастады. Ол парламентті қуып таратып, бүкіл билікті өз қолына алды. Юань Шикай өзіне монархия-ны қалпына келтіру үшін жол ашты. Конституция қайта қаралып, одан демократиялық бостандықтар туралы баптар алынып тасталды. Юань Шикай монархияны қалпына келтіруге дайындық жүргізді, бірақ 1916 ж., қайтыс боларынан аз ғана бұрын, бұл жоспардан бас тартты.
Америка Құрама Штаттары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz