Балалармен әңгімелесу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Түсіндіріп оқыту.

Менің білуімше, барлық оқу орындарының төменгі кластарында . . . Ана тілін оқый - үйретіп оқыту және оқығанды айтқызумен басталады. Осындай сабақ кезінде мынадай сураулар өзінен - өзі туады: не оқытылып жатыр, оны қалай оқыту және айтып беру керек, бұл үшін ерекше әдіс, ерекші жетекші болатын әрекет бар ма? Әрине, оқуға жаттығу үшін қолға түскеннің бәрін оқуғ болады: бірақ он жасар оқушылар оқып шыққан кітабын толық айтып шыға алмайды және мұғалім де олардың бәрінбірдейпайдалы етіп түсіндіре алмайды. Кейбір мақалалар көркем тілмен жазылса да мазмұнсыз келеді, соның әсерінен оқушы оның ішінен бірде - бір айқын, нақтылы ойды ұғына алмайды, тіпті көбінесе оқушыға оқылған мақала жөнінде дұрыс және тыңғылықты жауап берерліктей мүмкіндік туғызатын қандай болмасын сұрау беруі мұғалімнің өзіне де қиынға түседі. Оқушы осы мақаланың мазмұнын айтып шығу үшін, нақтылы ойы болмағандықтан және сөйлем мен сөздерді есіне түсіруге тырысатындығы түсінікті нәрсе, және сол сияқты оқылған сабақты осылай айтудың өзі пайдалы болмақ түгіл тіпті зыянды да. Кейбір мақалалардың кемшілігі мүлдем басқаша - олардың мазмұны он жасар оқушы үшін тым қиын немесе оны түсіндіру үшін кішкентай оқушыға таныс емес, әр түрлі ғылымнан, өмірдің әртүрлі сферасынан алынған түсініктерді мұғалімнің көп уаыт бойына шешуіне тура келеді. Егерде, ақырында, балаларға арналған хрестоматиялар мен кітаптрдан пайдалы және он жасар оқушыға түсінікті, мазмұны бар оқуға бірнеше мақалалар табыла қалса, мұның өзі бір - бірімен байланыспай, соншалықты ұйқасымсыз, және кездейсоқ пайда болған түсініктерде тудырады.

Осындай әңгімелерді оқыту және айтқызу кезінде жиі қатыса отырып, мынадай ерекше кітаптың қажеттігіне менің көзім жетті: бұл кітап он жасар оқушыға арналған және оны оқшы оқып алатындай, мазмұнын айтып берерліктей болуға тиіс, ал мұғалім оқушы оқып отырған кезде осы жастағы оқушыға жеңіл, әрі пайдалы, өзара тығыз байланысты сөздермен түсіндіріліп отыруы қажет.

. . . «Бала дүниесін» оқыту әдісіне келсек, әрине, бұл жөнінде ешқандай нақтылы ереже болуы мүмкін емес; бірақ мен бұл пән туралы өзімінің жеке пікірімді білдіргім келеді. Оқыту және әңгімемен айтқызу кезіндегі бір қалыпты ілгерілеушілік мақалаларды таңдап алуға ғана емес, сонымен бірге оқыту әдісінде де сақталуы тиіс. Меніңшек оқытушы оқылған сабақ туралы өзі сураулар қойып, оқушының бірте - бірте дамуына сәйкес бір қалыпты ілгерушілікті болдырып отыруы керек. Ең алдымен оқытудың екі түрлі белгіленуі қажет: біріншісі - тек қана логикалық дамытуға, екіншісі - біркелкі, мәнерлеп оқуға арналады. Біркелкі оқыту үшін мен оқытушыға мынадай кеңес берген болар едім; ең алдымен таңдап алынған мақаланың мазмұнын айтып, сонан кейін мақаланы өзің естіртіп оқып беруің керек, сонда ғана оқушыларға айтылғанды және оқылғанды бірнеше рет қайталатып дауыстап оқытуға болады. Түсініксіз сөздерді және біріншісі сияқты екіншісін де оқытудың алдынан орындалуы керек, өйткені оқушы оқуға кірісерде, сөзді дұрыс оқытудың, сөйлемді дұрыс және мәнерлі оқуды ойлайтын болсын. Бұл оқушыны сұрақтар, түсіндірулер мен бөліп отыратын уақыт емес.

Оқыту кезінде мүлдем басқаша тәртіп сақтау керек, оның негізгі мәні оқылып отырған текстіні түсінуде, яғни ойды оның өзін құрастыратын элементтерге логикалық түрмен бөлінуде. Бұл арада оқытушы үздіксіз сұраулар беріп, оқушының оқып жатқан текстінің мағынасына, түсінуіне, оның назарын сынға салып оятып отыруы тиіс. Ең алдымен, сұрақтар бергенде, оқушы оңай жауап беретіндей етіп ықшамдау керек.

. . . Балалардың дамуымен қатар оларға берілетін сұрақтар да өзгеріп отыруы тиіс - өзгергенде, оған жауап беру күрделірек бола түсуі қажет: ең алдымен жек сөздер, сонан кейін жеке шағын сөйлемдер. Жауап қайтарылғанда сұрақ сөзсіз қайталансын, мұның өзінде де бір қалыпты ілгерушілік сақталуға тиіс. Ең алдымен сұрақ берілгенде, оқушы оған бір немесе екі сөзді ғана қосатындай, ал кейіннен тұтас сөйлеммен жауап бере алатындай сұрақ берілуі шарт. Сұрақ тек бір ғана оқушыға емес, басқа да оқушыларға арналып қойылуы тиіс, мұндай ретте алдымен оқытушы сұрақ қояды, ал сонан соң жауап беретін оқушының есімі аталады. . Мұндай жеңіл тәсіл бүкіл кластың назарын өзіне аударады. Барлық оқушы берілген сұрақты тыңдап, іштерінен жауап әзірлей бастайды.

Біресе бір оқушы, біресе баса оқушыға жеке, ішінара сұрақтар қойылғаннан кейін барып, оқушылардың біреуі оқытушының түсіндіргеніне қосып, оқылған мақаланы жарасымды етіп айтып шығуы үшін жалпылама сұрақтар беруге болады. Мұнан кейні сол мақаланы оқушының есінде айқын қалдыру үшін тағы бір оқылуы керек. Кітапты осылайша оқыту баланы сабағын оңай және мардымды үйренуіне тәрбиелеп, үлкен пайда келтіреді.

. . . Баланы заттарды қабылдап білуге үйрету үшін мен мынадай әдіс ұсынамын. Мақаланы оқымастан бұрын оқытушы балаларға заттың өзін көрсетіп, сұрақтар беріп, үзінді түрінде болса да, сол затты толық суреттеуге тырысады. Осы сұрақтарға жауап бергенде бүкіл класс қатысуы қажет. Ол сұрақтың өзінде балалардың даму қабілетіне қарай бір қалыпты ілгерушілік сақталуы керек; мәселен, оқытушы алдымен мектепке жаңа түскен оқуысы сұрақтарға жауап бергенде бүкіл класс қатысуы қажет. Ол сұрақтың өзінде балалардың даму қабілетіне қарай бір қалыпты ілгерушілік сақталуы керек; мәселен, оқытушы алдымен мектепке жаңа түскен оқушыға мынадай сұрақтар қояды: Заттың түсі қандай? Неден жасалған? Басқа заттармен салыстырғанда оның көлемі қандай? Аяғы нешеу? Қанаты нешеу? т. с. с., ал кейіннен ол мынадай сұрақтар қоя алады. Заттың ең көрнекті белгілерін атап шық, оның адамға тигізетін пайдасын айтып шық, т. с. с. Затты осындай жолмен қарағаннан кейін мақаланы оқып шығуы қажет. Мұнан соң оқытушы оқушылардан кітаптан оқығанды оқушылардан өздері байқағанын немесе мұғалімнің айтқандарын тәртіппен, мардымды етіп, түгел айтып шығуы талап етеді.

Жазбаша жаттығулар да осындай тәртіппен жүргізіледі. Алғашқы сабақтарда оқытушы оқушының жауап қайтаруына тек жазып алуы, бірнеше сөздің орнын ауыстыруы және бір немесе екі сөзді қосуы үшін ғана сұрақтарды тақтаға жазады. Кейінгі жазбаша жаттығулар мынадай түрде болады: оқытушы класта оқушылардың көңіл қойып, тәртіппен көріп шыққан, бірақ кітапта да айтылмаған затты суреттеп жазуды екі затты теңестіріпжазуды, қандай болмасын физикалық көріністерді және тағы басқа сондайларды сұрайды. Соңғылардың қатарына, мұнымен бірге картинкадағы табиғи жер көрінісін, қандай болмасын тарихи картинканы суреттеп жазуды енгізу де пайдалы болады.

Дегенмен, жаңағы келтірілген жаттығуларды бірден - бір мүмкін жаттығулар деп атап отырғаным жоқ. Әрбір оқытушы мұндай жаттығуларды көптен ойлап табуына болады, бұлар неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым жақсы болмақ; тек қана едәуір меңгергенге дейін үйрене берген жөн. Көбінесе сабақ берудың қандай болмасын әдісін тоғышарлық әдіске айналдыру керек, өйткені мұндай әдіс оқушыны өзінің ойлап еңбек етуінен бездіреді. Оқушыны әрбір жаттығу сайын оның өткенде қалай жаслғанын еске түсіру ғана емес, сонымен қатар оны қалай жазу керектігін ойлауға ұмтылдырған жөн.

. . . Кітаптардағы шағын тәжірибелерге келсек, оларды оқытушы оп - оңай жасап, тағы басқа бірнеше тәжірибелерде қосуы мүмкін. Стакан, чашка, құты, ине, әк суын, бір түйір бор табу қиын емес. Егер оқушы өзі тәжірибе алса, онда бұл - баланың ойлау қабілеттілігінің және сол сияқты - тілінің едәуір дамығандық белгісі. Сөйлемдердің баянды, негізі, өте айқын құрылуы, міне осындай жаттығулардан пайда болатын қасиеттер.

Жазушының қолданған сөздері мен сөйлем жүйелерін дәлме - дәл ұғыну, бір жағынан - баланы өзіндік сөз байлығын бірте - бірте саналы меңгеруге жетектейді, екінші жағынан - бұл сөз байлығын толықтырады, түзетеді және балалардың санасында жақсы сөздік әдеттерін тудырады.

. . . Балалар оқуына және жаттығуына арналған мақалалар мазмұны жағынан олардың ұғымына сай келуі тиіс, әйтпесе олар өздерінің негізгі мақсатына жете алмайды, баланың сөз байлығын саналы түрде меңгеруіне жетекемей, шала түсінген немесе саналы түсінбеген онсызда көп сөздерді және сөйлемдерді көбейтеді.

Қандай болмасын өлеңді үйренуге кірісерде . . . біз алдымен сол шығарманы өзіміз жақсы көңілге тоқып, оған логикалық және эстетикалық дәл баға беріп, оның халықтың жағын, және не себептен оны үйренуге тұрарлықтай екенін анықтауымыз керек. Мұның үстіне мынадай шығармаға халық өмірінің түрлі жағын балаларға көрсете алатындай құрал есебінде қарауымыз керек.

Бірақ баланың осындай шығарманы ұғынуы жеткіліксіз, баланың оны сезіп әсер алатындай болғаны жөн.

Бұл екі талап: біріншісі, балалардың үлгілі шығарманы ұғынуы, екіншісі балалардың оны сезіп алатындай болуы - практикада бір - біріне жиі қайшы келіп отырады. Поэтикалық шығарманы ұзақ тәптіштеп түсіндіру сезімге тигізетін әсерін азайтады, ал екінші жағынан, үлгіл шығарма мүлдем түсінікті болғанда ғана сезімге әсер ете алады. Мұндай қиыншылықты тудырмау үшін баланы оқылатын шығарманы ұғынуына алдын ала жетелеп, сонан кейін, ортақ түсінік берумен шығарманың әсерін кешікпей оқу керек; мәселен, халықтық өміріміздің қандай болмасын, бір жағынан суреттеліп отырған Кольцовтың бір өлеңін балаларға оқып берудің алдынан, Кольцовтың өлеңін сіздің әңгімеңіздің поэтикалық нәтижесі болатындай етіп, халықтың сол өмірі туралы әңгімелеген жөн. Сонда ғана бала өлеңді түсінуге қиналмай, оның поэтикалық әсерін толық қабылдайды. Егер сіз балаларға Крыловтың бір мысалын оқып бергіңіз келсе, Крыловтың шығармаларындағы балаларда кездесетін кемшіліктерді көрсететін жерін алыңыз. Бұл оқиғаны айта отырып, Крылов мысалында халықтық тілдерді айтуыңызға болды; сонан кейін мысалды оқыңыз: оның юморы, оның халықтық тілі бала сезіміне әсерін тигізеді.

Мен көптеген жұмбақтар өте оңай болғандықтан, оларды баланың ақылына пайдал жаттығулар беру үшін енгізіп отырмын: мүмкін ол мұғалім айтқан жұмбақтың шешуін үйлестіріп айтып, бүкіл кластың пайдалы әңгімеге көшуіне айналдыру керек, мұның өзі баланың көкейіне қонып, көркем тілді, әрі қызық жұмбақ оның есінде берік сақталады, үйткені жұмбақ өзіне байланысты барлық түсініктерді қоса отырып, қызықтырып отырады. Мәселен, балаға әрі қызықты, әрі пайдалы түсініктің шешуі болса да поэтикалық шешулар мен байланыстыруға болады: шапақ айтқан таң ертең, тамаша сулу бойжеткен, орманда жүріп серуендеп, кілтін жоғалтып кеткен; ай көріп ед - айтпады, күн көріп ед көтерді; айталық, бала кілт дегеннің шық екендігін таба алмады делік; бірақ ол мынаны түсіндірсін: таң шықты жоғалтты деп неліктен айтылады; ай шықты неге көтермейді. Осындай көркем суреттелген жұмбақ айтылуы арқылы баланың жүрегінде қандай тамаша әсерлі және пайдалы әңгіме терең орын алады. Бір сөзбен айтқанда, мен жұмбақты затты картина арқылы суреттеу құралы есебінде алдым.

Ертегілерді қалай оқыту керек? Оның тәсілдері әр түрлі болады: кейде ертегінің мұғалімнің өзі оқып немесе айтып беріп, сонан кейін оқушыларға оқытып отыруы керек; кейде ертегіні бірден оқушының өзі оқиды. Әрбір ертегіні бірнеше рет оқып, сонан кейін, біраз уақыт өткеннен соң оған қайта оралу жөн. Балалар ертегі қайтадан айтылғанда өте сүйіп тыңдайды және өздері көп рет тыңдаған ертегіні айтуды өтінеді. Бірақ ертегіні тек оқып шығумен тынбау керек, балалардың өте сүйіп тыңдайтын ертегісін, кейіннен өздеріне айтқызу қажет. Оқылған ертегіні мынадай тәртіппен айтуға болады: алдымен зерек оқушының біреуі айтады, басқалары тыңдап, оның қалдырып кеткенін немесе кітаптағыдай етіп айтпағанын ескеріп отырады. Бүкіл класс болып ертегіні дәлме - дәл қалпына толық келтіреді, мұндай ертегі ұсақ - түйек оқиғасына шейін балалардың есінде өте жақсы сақталады. Мен бұл әдісті балалардың ауызша сөйлемін дамыту үшін ең таңдаулы әдіс деп ұсынамын, класта айтылатын басқа әңгімелер де осылайша өткізілуі керек.

Өлеңдерді оқытуда, оның мазмұнына қарай оқыту әдісі де әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ жалпы осы жастағы бала үшін мен өлеңді класта жаттауға кеңес беремін. Мұғалім алдымен өлеңнің мазмұнын балаларға баяндап береді, егер бұл азда болса қиындық туғызса, онда мұғалім әрбір ой түйінін, әрбір сөзді түсіндіреді, әрине, мұндай ретте шағын өлеңді ұзақ түсіндіріп жатпайды. Мұнан соң өлеңді шумақ - шумағы бойынша оқиды, балалар ырғақ және ұйқастық көмегімен класта өлеңнің шумағын бірінен соң бірін жаттап отырады. Біраз уақыт өткен соң, екінші жылдың басында, балалардың өздері жаттаған өлеңдердің қатесіз жазуын талап еткен жөн, өйткені бұл қатесіз, дұрыс жазуға үйренудің маңызды шарты.

Кітапты тез оқу баланың оны тез түсінуіне сәйкес дамып отыруы тиіс. Егер бала түсінуінен гөрі тезірек оқымайтын болса, онда оның санасыз оқып отырғаны белгілі . . . Тез оқу әдісі түсінуінің дамуымен бірге өзінен - өзі туады.

Осындай әрбір мақала тек оқуға ғана арналмай, мұнымен бірге оқытушының оқушылармен өткізетін әңгімесінің мәнін құрады, мұнда ауызша әңгіменің де оқу сияқты өте маңызы бар. Әңгіме оқылғанда түсіндіріп отырылу тиіс; оқу әңгіме кезінде ұғынғанды баянды етеді. Бұлар бір - бірінсіз екінші оқыту ісінде көзделетін мақсатқа жете алмайды.

Ал әңгіме мен оқудың қайсысы бұрын өткізілуі керек.

Бастапқы кезде, оқушы оқылатын текстің мақмұнын өз бетімен түсіне алмайтын болса, онда әңгіме алдымен айтылуы қажет; соңынан келе оқу әңгімеден бұрын өтілуі мүмкін.

Әңгіме мен оқу өткеннен кейін оқушылараға сұрақтар қою арқылы оларды жауап арқылы бүкіл мазмұнын айтқызу керек, мазмұнын әңгімемен толықтырып отыру керек, қорытындысында, оны сұрақтар мен жауаптар түрінде жазба жаттығулар өткізу керек.

Оқылған материалының мазмұнын толық қамтитын сұрақтар беру алғашқы кезде онша оңай емес сияқты болып көрінеді. Тәрбиешінің өзі мақаланың мазмұнын күні бұрын толық ұғынып алып, оған ойша сұрақтар әзірлей қоюы тиіс. Алдымен бұл сұрақтарды, тіпті алдын ала жазып алған да жақсы.

Сұрақтар мақаланың мазмұнына толық сай келіп, оны толық қамтуы, баланың шамасынан аспауы және оның даму дәрежесне сәйкес болуы қажет. Мәселен, алғашқы сұрақтар оған бір сөзді, яки ең көп дегенде екі - үш сөзді қосып қана жауап беретіндей, яғни сұрақты жауап формасына айналдыратын болсын. Оқу ілгері жүргізілген сайын сұрақтар қысқарп, қайтарылатын жауаптар толығырақ, күрделірек бола береді. Сұрақты қоя білу және жауаптың күрделігі мен қыйыншылығын күшейте беру - педагогикалық әдеттердің ең қажетті және ең басты бір түрі. Бұл әдетті, әрине, кітаптан үйрену мүмкін емес, оның үстіне әрбір оқытушы өзінің тәсілін, өзіндік тісіін ойлап шығарады. Сондықтан мен оқу тәсілдерін толық баяндап жатпай, бір сабақты өткізу тәртібін айтқым келеді. Үлгі ретінде «Мектепте»* деген тақырыптың екінші бөліміндегі бірінші мақаланың оқылуын алайық.

Оқытушы өзінің сабағын әңгімемен бастайды: және өзінің әңгімесін, балалар жауап бергенде оқылуға тиісті мақаланың дәл өзі шығатындай етіп құрады. Мұнан кейін оқу басталады, алдын ала айтылған әңгімеде бұл мақаланың қажетті жері ұғындырылғандықтан оқуды бөлеьін сұраулар берілмейді. Оқу былай жүргізіледі: ең алдымен бір оқушы бірнеше сөйлемді оқиды, мұнан соң екінші оқушы бірінші оқушының тоқтаған жерінен әрі қарай оқиды т. т., ең соңында екі немесе үш оқушы мақаланы толық оқып шығады. Оқу кезінді оқытушы сөзді анық естіртіп оқуды талап етеді, мұндай жағдайда мынадай сұраулар қойылуы тиіс: Класта кімдер болады? Мұғалім қай жерде отыр? Оқушылар қай жерде отыр? Мұғалімнің жанында на тұр? Класс тақтасына немен жазады? т. т. Егер кластағы барлық оқушылар берілген сұрауларға дұрыс жіне дауыстап, тез жауап қайтарса, онда оқытушы өзінің сұрақтарын былай құруы мүмкін. Мұғалім қайда отыр және оқушылар қайда отыр? Мұғалімнің жанында не тұр және оқушылардың алдында не жатыр? т. т . . .

Мұнан соң кітапта суреттелген, мектепте не істеліп жатқандығын оқушының өзі оқып отырған кәдімгі мектепте не істеліп жатқандығын салыстыру керек. Мұндай салыстырудан баланың мыйын да оны қоршаған шын өмір туралы және оқылған мақала жайында айқын түсініктер туады.

Жазбаша жаттығулар мынадай түрде өтіледі: мұғалім балаладың ауызша жауап берген бірнеше сұрақтарын тақтаға жазады, ал оқушылар бұл сұрақтарға жауаптарды ешбір қатесіз жазады, өйткені мақала ғана емес, әрбір сөздің жазудағы бейнесі олардың есінде ап - анық із қалдырады және қайталаған кезде берік есте қалып отырады.

Ауызша және жазба тілді дамыту туралы.

  1. Балалармен әңгімелесу. Біздің мектептерімізде ана тілін оқытушының міндетіне оқушыларды жазба тілге үйрету ғана емес, сонысен қатар ауызша тілге да үйрету кіретіндігін әрқашан дерлік ұмытып кетіп отырады, мұның үсітне, жақсы жазба сөз ең алдымен көркем ауызша тілге негізделетіндігін естен шығарады.

. . . Шын мәніндегі көркемтідің, бос мылжың еместігін, тиянақты мазмұны жоқ мылжыңды балаларға үйретудің ешбір қажеті жоқтығын мойындау бізде әліде болса нашар.

. . . білдіретін ойдын асырып жібермей, не кемітіп жібермей дәлме - дәл көрсету - тілдің шын жетіктігін дәлелдейді. Тілді мазмұнына қарай қалай болса солай мәнерлеу оны бүлдіреді.

. . . Сондықтан балалармен әңгіме өткізу үшін олардың өздері байқауға жеңіл және қолайлы келетін заттар, яғни өмірдің өзінен балаларға ұғымды, байқауға болатын заттар таңдап алынады. Бұл байқауларменолардан туатын әңгімелер ретсіз, байланыссыз болмауы керек және олардың орналасуы жаңа әңігменің өткен әңгімелерді жаңа әңгімеге қосымша түсіндіруші құрал ретінде қызмет етуіне сайкелсін.

Жазба жаттығулардан мақсаты екеу: біріншіден, - емле жазуы бойынша дұрыс жазып және таза жазуы бойынша көркем жазып, өзіңнің немесе біреудің ойын жазба түрде білдіру; екіншіден, - жазылған сөздің маңызы түсінікті болуы, яғни оның айтайын деген ойды түгел беріп, баянды анық және жеңіл болуы. Бірінші мақсатқа екіншісінің көмегінсіз жетуге болды, шынында да балалар біреудің сөзін жазғанда бірінші мақсат жеке орындалады: бала кітаптан көшіреді. Жаттағандарын жазады немесе жатқа жазады. Екінші мақсатқа ешуақытта жеке жетуге болмайды және өз ойыңды немесе әрі кеткенде, өз сөйлемдеріңді емле жағынан қалтқысыз және мүмкіндігінше таза, көркем етіп, өте түсінікті жазу керек. Педагогтардың біреуі бұл мақсаттарға жекелеп жетуге, кейбіреулері бірігіп жетуге ақыл береді. Біз егер бала дауыстап оқу әдісі бойынша ең алдымен алғашқы оқуға және жазуға бірлестіріп үйретуден бастап, дұрыс тәрбиеленіп келсе, өз ойыңды жазбаша білдіру жөніндегі жаттығуды емлемен, тіпті жиі байланыстыруға болады деп ойлаймыз.

Шығарма жазу егер бұл арада сөз қабілетінің жаттығуын ойласақ, ана тілін үйретуде ең басты сабақ болуы қажет, бірақ бұл жазу шынында да жаттығулар болғаны жөн, яғни мүмкіндігінше оқушылар өз күшімен, бірақ біреудің сөзін айтып беріп емес ауызша, яки жазбаша ойын білдіре білуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
Эмпирикалық зерттеу әдістер жүйесі
Балаларды зерттеуде тәрбиешінің қолданатын педагогикалық зерттеу әдістерін анықтау
Балалардың ересектермен қарым - қатынас типін анықтау
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары
Психологтың балалармен жұмысы
Қиын бала ұғымына түсінік
Мектептегі қиын балаларды қайта тәрбиелеу іс-әрекеттері
Бөлім тәрбиешінің балалармен еңбек іс – әрекетінің ұйымдастыру және тәрбиешімен атқаратын жұмыстар жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz