Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ҰҒЫМ
1. 1 Құқықбұзушылық түсінігі, айрықша белгілері мен түрлері
1. 2 Құқықбұзушылық ұғымы және заңдық құрамы
ІІ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ
2. 1 Әлеуметтік қауіпсіздігіне байланысты түрлері: қылмыс пен теріс қылық
2. 2 Қылмыс пен теріс қылық ерекшеліктері
ІІІ ЗАҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
3. 1 Заң жауапкершілігінің түрлері.
3. 2 Заң жауапкершілігі ұғымы мен мазмұны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Бұрын айтылғандай, құқық субъектілерінің мінез-құлқы (тәртібі) құқыққа сай және құқыққа қарсы болып келеді. Құқыққа сай дегеніміз мінез-құлықтың құқық нормаларының талабына сәйкестігі. Олай дегеніміз, айталық, заңды міндеттер орындалады (мысалы, пәтер иесінің пәтер ақысын төлеу), субъективтік құқықтар пайдаланылады (мысалы, азаматтың мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысуы), ал құқықтық тыйым салынуы сақталынады, бұзылмайды (мысалы, ұрлық жасалынбайды) . Құқыққа сай мінез-құлық қоғамның мүддесін көздейтін қажеттілік болып табылады. Ол құқықтық нормалар арқылы ынталандырылады, әрі мемлекет тағайындаған ережесі адамның саналылық қатынастарының нәтижесі болып табылады. Кей уакытта адамның құқыққа сай мінез-құлқы (тәртібі) құқықтық нормалар талабын бұзғандығы үшін жазадан қорқу негізінде жүзеге асырылады.
Демек, кез келген адамның мінез-құлқы (тәртібі) заңдық мәнді бола бермейді, ол үшін оның белгілі бір құқықтық белгілеріне ие болуы керек екен. Оған мыналар жатады:
- мінез-құлықтың әлеуметтік мәнділігі (яғни экономикалық, саяси және басқа да қатынастарды дамытудағы пайда болатын мінез-құлық (тәртіп) ;
- адамның санасына және еркін еріктілігіне бағыныштылығы (яғни, егер мінез-құлық адамның сана-сезімімен және еркімен реттелмейтін болса, онда ол құлықтың мүкіншілігінен тыс жатады) ;
-құқықтық сфераға кіруі (яғни, мінез-құлықтың мінездемелік сипаты нақтылы әрі құқықтық кайнар көздерінде, соның ішінде нормативтік құқықтық актілерде дәлме-дәл тұжырымдалынуы тиіс) ;
-мемлекеттің юрисдикциясында болуы және оның органдарының жағынан бағынатындығы (яғни, мемлекеттік кепілдігімен және мемлекеттің шынайы мүмкіншілігімен қамтамасыз етілуі) ;
-заңды зардаптарды болдыру қабілеттілігі (яғни, белгілі бір жағдайларда адамның мінез-құлқы құқықпен реттелінетін қатынастардың тууына өте-мөте ықпал ете алатындығы) .
Құқыққа сай (заңды іс-әрекет, әрекетсіздік) мінез-құлық (тәртіп) мынадай түрлерге бөлінеді:
1) әлеуметтік белсенділік, яғни, мінез-құлық (тәртіп) құқықты орындау қажеттігіне байланысты нанымға негізделген. Ол құқықтық сана-сезімнің және құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл мінез-құлықтың (тәртіптің) түрі қоғам және мемлекет үшін өте маңызды, өйткені, ол қоғам мен жеке адамның арасындағы ымыраға келумен байланысты;
2) конформистік, яғни, іс-әрекеттің құқық тұжырымдарына құқықтық белсенділігін көрсетпей-ақ нанымсыз бағынуға негізделген, мұндай мінез-құлық құқық тұжырымдарын сақтауды әдетке айналдырғандығының немесе заңдық іс-әрекетке бейімделгендігінің белгісі болып табылады;
3) маргиналдық, яғни, іс-әрекеттің құқық тұжырымдарына сәйкес келгенімен де, бірақ оны орындау - жазадан қорқудан, жеке басының қамынан туындайды.
Курстық жұмыстың негізі ғылыми теориялар мен тәжірибенің өзара байланысын анықтайтын әдіске негізделген. Құрылымына және оларды қолдану өрістеріне деген талаптарды анықтайтын философиялық ілімдер жүйесі болып табылады. Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау әдістері. Социологиялық әдістер пайдаланылып, болжамдар жасау әдістері. Криминологиялық және этникалық-педагогикалық идеялар интерпретациясы қолданылған.
- формальды-логикалық, оның мәнісі - қылмыстың алдын алудың жас адамдарға қатысты қолданылатын құқықтық-қылмыстық тәсілдерінің белгілерін жан-жақты талдауда; статистикалық, ол жас адамдарға жасаған қылмыстар туралы статистикалық мәліметтерді жинақтауды және талдауды қамтиды; сауалнама тарату - Оңтүстік Қазақстан облысындағы жас адамдарға жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер сауалнамалары және арнайы бағдарламалар негізінде ішінара зерделеу; сұхбаттасу - зорлықшыл қылмыс жасаудың сылтаулары мен себептерін айқындау мақсатында жас адамдар құқық бұзушылармен әңгімелесу; аталған аймақтардағы ішкі істер органдары қызметкерлерінен жауап алу арқылы сараптық баға беру.
Жоғарыда көрсетілген әдістердің жиынтығы ретінде бұл зерттеу әдістемесі, сонымен қатар, қарастырылған проблеманы қозғайтын нормативтік көздерді де қамтиды.
І ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ҰҒЫМ
1. 1 Құқықбұзушылық түсінігі, айрықша белгілері мен түрлері
Сөйтіп, құқыққа сай (заңды іс-әрекет, әрекетсіздік) мінез-құлықтың толық түрлерін атап өтелік: 1) көріну нысанына қарай -іс-әрекет және әрекетсіздік; 2) белсенділік дәрежесіне қарай - енжарлық (субъектілер өзіне тиесілі құқықты пайдаланбайды) және әдеттегі (қосымша шығындарға және күштерге байланысты емес, белсенді (қосымша уақытты кетіру) ; 3) құқық нормаларын іске асыру нысандарына қарай (орындау нысанына, пайдалану нысанына, сақтау нысанына, құқық қолдану нысанына) ; 4) құқық салаларына қарай конституциялық құқықты іске асыру, азаматтық құқықты іске асыру, өзге салалар нормаларын іске асыру; 5) мінез-құлық (тәртіп) себептеріне қарай жеке адамның нанымына негізделуі, мемлекеттік көндіру шараларын қолданылудан қорқуына негізделуі және таптаурынға бағынуға негізделуі.
Құқыққа қарсы мінез-құлық дегеніміз құқық нормаларымен сыйыспайтын, оның талаптарына қайшы келетін іс-әрекет (әрекетсіздік) . Әрине, субъект өзіне жүктелген міндетті орындамайды (мысалы, пәтер иесі шартта көрсетілген мерзімде пәтер ақысын төлемейді), немесе құқықтық тыйым салуды сақтамайды (басқа адамның мүлкін ұрлайды) . Құқыққа қарсы іс-әрекет жеке адамның немесе қоғамның мүддесіне зиян келтіреді. Міне, осылардың барлығын құқықбұзушылық деп атайды. Сөйтіп, құқықбұзушылық дегеніміз қоғамға қауіпті, заң жауапкершілігін тудыртатын, деликтоқабілеттілігі бар кінәлы адамның құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекетсіздігі) . Бұл анықтамада құқықбұзушылықтың заңдық құрамының барлық міндетті белгілері көрсетілген:
- бұл барлық жағдайда іс-әрекет (әрекет не өрекетсіздік) ;
- кінәлы іс-әрекет;
- құқыққа қайшылық (яғни, құқық нормасына қайшы іс-әрекет) ;
- қоғамға қауіпті іс-әрекет (яғни, қоғамға зиян келтіруші) ;
- іс-әрекет пен залалды зардаптардың арасындағы себепті байланыстардың болуы;
- заң жауапкершілігі көзделген іс-әрекет.
Заң әдебиеттерінде құқықбұзушылықтың мынадай 4 белгілері туралы сөз естіледі:
- құқыққа қарсылығы - құқықбұзушылық дегеніміз құқықтың бұзылуы, құқыққа, оның нормаларына қарсы іс-қимыл; бұл барлық жағдайда да іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) . Әрекет - бұл белсенді мінез-құлық (тәртіп) актісі (адамды ұрлау, жала жабу, зорлау, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру, т. с. с. ), яғни, тыйым салынған құқықты бұзу. Әрекетсіздік - бұл қызмет бабында немесе өзге жағдайларда орындауға тиісті міңдеттерді орындамау (науқасқа көмек көрсетпеу, яғни, заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа кемек көрсетпеуі; кеме капитанының апатқа ұшарағандарға көмек көрсетпеуі, яғни, теңізде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға кеме капитанының, егер осы көмек көрсету өзінің кемесіне, оның экипажы мен жолаушылар үшін елеулі қауіп келтірмейтін болғанда көмек көрсетпеуі, жұмысқа дәлелсіз себептермен шықпай қалу; салақтық, кызметке селқос қарау және т. б. ) ;
2) кінәлылығы - бұл жасалынған құқықбұзушылыққа субъектінің психикалық көзкарасы, көңіл күйі;
3) қоғамдық қауіптілігі - ол мынадан көрінеді: құқықбұзушылық жасаған кезде тұлғаның қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіруі;
4) жазаланатындығы - қандай да болмасын құқықбұзушылық заңдарда белгіленген жауапкершілікке тартылуы тиістілігі сондықтан заң мәтіндерінде жауапкершілік көрсетулері кажет. Тіпті есі дұрыс емес адамдар да өз іс-әрекеті үшін жауапқа тартылуға тиіс. Егер де қылмыс заң актілерінде көрсетілмесе жаза да болуы мүмкін емес, - дейді ертедегілер.
Құқықбұзушылықтың заңдық құрамы - бұл мынадай төрт элементтердің жиынтығы: құқықбұзушылықтың объективтік жағы; құқықбұзушылықтың субъективтік жағы, құқықбұзушылықтың субъектісі, құқықбұзушылықтың объектісі. Бұл элементтердің әрқайсысын, оның міндетті белгілерін айқындау үшін, бөлек қарауымыз керек. Бұл жердегі міндетті деп отырғанымыздың басты себебі - осы элементтердің біреуі ғана болмаса, онда құқықбұзушылықтың толық заңдық құрамы жоқ деп есептелінеді.
Құқықбұзушылықтың объективтік жағы - бұл іс-әрекет не әрекетсіздік көрінісінің сыртқы нысаны, яғни, белгілі бір құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілерінің жиынтығы (мысалы, салық төлеуші салық инспекциясына қажетті құжаттарды тапсырмаған) . Әрине, құқықбұзушылық болып адамдардың ой-өрісі, сезімі табылмайды, өйткені, бұлар құқықпен реттелінбейді.
Құқықбұзушылыктың объективтік жағының элементі болып табылатындар: 1) негізгі элементтер - әрекет немесе әрекетсіздік; іс-әрекеттің құқыққа қарсылығы; қоғамға зиянды зардаптар; іс-әрекет пен зардаптардың арасындағы себепті байланыс; 2) факультативтік элементтер - уақыт; орны; тәсіл; жағдай. Мысалы, құқықбұзушылықты әлдеше рет жасау, кайталау, ұйымдасқан топтың немесе қауымдастық ұйымның құрамында болып, жағымсыз іс-өрекеттер жасау, сондай-ақ қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жару немесе оларды бейнелеуші құрылғылар; арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып жасау.
Кейбір, құқықбұзушылықтың құрамы үшін зардаптарға соқтырпайтын іс-әрекеттер жасаса да болғаны (мысалы, еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылау ережелерін бұзу, еңбек қорғау ережелерін бұзу, қоғамдық тәртіпті қорғау, және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу, т. б. ) .
Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы-жасалған құқықбұзушылыққа адамның психикалық күйін (кінәсын) сипаттайды. Дәлірек айтсақ, адамның өзінің іс-әрекетіне, оның зардаптарына және кінәсына саналы көзқарасын сипаттайтын ішкі белгілерінің жиынтығы. Оның міндетті негізгі белгісі - кінә, ал факультативтік белгісі - мақсат және мотив.
Кінәның екі негізгі нысаны бар: қасақана және абайсыздық.
Қасақана - бұл кінәның бір нысаны, адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе (тікелей қасақана) немесе осындай зардаптардың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса (жанама қасақана) . Мысалы, тонау, яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау қасақана жасалған қылмыс деп танылады ҚР Қылмыстық кодексі, 178-бап.
Абайсыздық - кінәның екінші нысаны, адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз, жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе (менмендік, жеңілтектік немесе адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық кауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады. Мысалы, егер жүргізуші машинаның тормозын қарамай жүріп кетіп, адамды басып кетсе, ол немқұрайдылық деп есептелінеді. Ал, егер жүргізуші машинаның ағаттығын біле тұра, зиянды зардаптарын болғызбаймын деп сенсе, онда оны жеңілтектік деп санайды.
Құқықбұзушылықтың субъектісі болып тек деликтоқабілеттілігі бар тұлға ғана танылады. Деликтоқабілеттілік - бұл мемлекет белгілеген заң жауапкершілігін атқара алатын қабілеттілік. Деликтоқабілеттілік заңға сәйкес міндеттілікті еркін іс жүзіне атқара алатын және құқықтық нормаларда тыйым салынған іс-әрекетті жасағандығы үшін заң жауапкершілігіне тартылатын адам танылады. Сондықтан субъектілерге мынадай тиісті талаптар қойылады. Олар заңда нақтыланған жасқа жетуі тиісті. Қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам, ал кейбір аса ауыр қылмыс жасағандары үшін он төрт жастан бастап та жауапқа тартылады; әкімшілік құқықта он алты, еңбек құқығында - еңбек шартын он алты, ал кейбір кездерде он бес жасқа толған адамдармен, ерекше жағдайларда он төрт жасқа толған оқушымен жасауға жол беріледі; азаматтық құқықта - он сегіз жастан немесе он төрт жастан он сегіз жаска дейінгі кәмелетке толмағандар, тіпті он төрт жасқа дейінгілер де өздерінің жасына лайықты қатынастарға түсе алады. Жастан басқа да субъектілердің есі дұрыс болуы қажет, яғни ондай адамдар өз істеріне жауап бере алатын және құқықбұзушылық жасаған кезде өз іс-әрекеттерін басқара алатын болуы тиіс. Сондықтан сәбилер және есі дұрыс емес адамдар жауапқа тартылмайды, өйткені, олар құқықбұзушылықтың субъектісі болып есептелінбейді. Есі дұрыс еместік заңға сәйкес медициналық сараптау комиссияларының қорытындылары бойынша анықталынады.
Құқықбұзушылықтың объектісі - құқықтың корғалуында болатын қоғамдық қатынастар, оған жататындар: зиян келтірілген материалдық және материалды емес игіліктер, мүдделер (мемлекеттік, қоғамдық, жеке) . Осы игіліктер мен мүдделер құқықбұзушылықтың тікелей объектілері болып табылады (адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, мүлкі, және т. б. ) Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарыи қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.
Осыдан келіп - құқықбұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық- қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл объективтік құбылыс.
Құқықбұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық-адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады, құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға нұсқан келеді, белгілі бір игілік құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады, Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
1. 2 Құқықбұзушылық ұғымы және заңдық құрамы
Құқық бұзушылықтың мәні - оның субъектісінің өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Ең алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлық-тай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі нышандар:
Құқық бұзушылық құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғамымен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқықбұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері түрлі болуы мүмкін.
Қоғамдық заңды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:
- Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
- Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
- Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
- Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет, өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т. б.
Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына
қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және
қорғалатын қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталғандықтан, құқыққа
қайшы әрекет деуге болады, Құқыққа келісті және ол рұқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Құқық бұзушылық ең алдымеи неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқықбұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүдірісіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттермен байланысты болады.
Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін заңды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді одан басқаға зиян келетінін болжай алмаиды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартты жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы. Кінә - құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz