Қорқыт күйлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт ата

Қай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерңстер кезеңінде ғұмыр кешкен ұрпақтың өмірі қашанда күрделі. Қорқыт (ІХғ) атаның ғұмыр кешкен заманы да аса ірі саяси-әлеуметтік сілкіністермен, сырт күштің тегеурінді өктемдігімен тұспа-тұс еді.

Қазақ халқы Қорқытты саз құдіреті, оның ішінде қобыздың атасы дейды. Адам жанының ең асыл сыры қобыз үнінде деп біледі.

Түркілік рухтың бөлшектенуі Қорқыт сияқты ұлы тұлғаны бейтарап қалдырмайды. Бұл кез тек қана түркілік рухтың бөлшектенуі емес, сонымен бірге ислам дінінің де оңтүстік бүйірден шаншудай қадалып, өктемдікпен бел ала бастаған тұсы болатын. Ал, ислам діні Қорқыттың бар болмысына жат еді. Себебі, ол көшпелілер қоғамның өмір салтына айналған тәңірлік діннің аса көрнекті өкілі болатын. Шоқан Уалихановтың сөзімен айтқанда, «Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуды үйреткен ең бірінші бақсы». Яғни, тәңірлік діннің ең басты идеологы. Сөз жоқ, қылыштың жүзі, найзаның ұшымен орныға бастаған ислам дінінің көшпелілер ортасындағы ең басты қарсыласы сол ортадағы дәстүрі тәңірлік дүние таным, тәңірлік наным-сенім еді. Ал, иәңірлік дүние танымның көрнекті тұлғасы Қорқыт болатын. Қорқыт туралы жеткен аңыз, әңгіменің ең негізгі өзегі оның өлімнен қашуы болса, мұның өзі ислам дінінің «тағдыр», «жазымыш», «Алланың әмірі» деп келеиін ең киелі қағидаларына қайшы. Яғни, Қорқыттың өлімнен қашуы, ажалға қарсыласуы жай ғана шыбын жанын алып қашу емес, ең алдымен баса-көктеп кірген ислам дініне қарсылық еді. Ол діннің негізгі постулаттарын жатсынуы еді. Міне, Қорқыт тартқан заманалық қасіреттің кілті осы болатын.

Қорқыт - оғыз-қыпшақ тайпаларының VІІІ-ІХғ ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батогөй ақыны, даулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Оның өмірде болғаны VІІІ-ІХғ Сыр бойында өмір сүргені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінге дейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қайы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың Қапшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара деген кісі болса керек. Сондықтан Қорқытты оғыз бен қыпшаққа бірдей босалқылық жасаған кемеңгер дейміз. « Қорқыт баиыр емес, абыз, халық даналаған бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды», - дейді. В. В. Бартольд.

Қорқыт туралы бірден-бір жазба дерек деп саналатын « Қорқыт ата кітабы» былай басталады: « Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған . . . оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған».

Яғни, Қорқыт ата оғыз-қапшақ ортасындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн-жоралғыны, салт-дәстүрді реттеуші батагөй дана. Халықтың сартқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй.

Дүйім жұрттың көш-қонын, мекен-тұрағын, ен- таңбасын, ұран-ұжымын белгілеп отыратын білгір. Мұның бәрін ол қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен емес, көшпелі өмір салт орнықтырған далалық демократиялық билік

Тұрғысында жүзеге асырып отырған. Дәлірек айтсақ, жарлық түрінде, мәжбүрлеу тұрғысында емес, өмірлік тәжірибені көлденең тарту арқылы өнер мен ғылым деңгейіндегі даналығына төңірегін мойындата білген.

Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі ХV ғ-да жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі

12 тараудан тұратын Дрезден (Германия) нұсқасы, 2-сі - 6 тараудан тұратын Ватикан (Италия) нұсқасы. Бұл қол жазбаға « Қорқыт ата кітабы» деп ат қоюдың өзі ғылыми талғам тұрғысында даулы. Себебі, бұл Қорқыт ата жазған еңбек емес, Қорқытты пір тұта отырып, негізінен сол заман туралы белгісіз автордың жазған еңбегі.

Бұл орайда Қорқыт туралы аңыз-әңгіме түрінде жеткен, заттық айғақ түрінде жеткен, күй түрінде жеткен ең мол дерек көзі оғыздардың ата жұртында сақталған. В. В. Бартольд пен В. М. Жирмунский сияқты білікті ғалымдардың « Қорқытты қадірлеудің Сырдария өңірінде мың жылдық өнегесі бар» деуі сондықтан.

Қорқыттың аса ірі тарихи тұлға екеніне жан-жақты зерттеу жұмыстарынан кейін көз жеткізген адам белгілі фольклоршы Ә. Диваев. Ол Қорқыт бейітін қазалы уезі бастығының көмекшісі, полковник И. Л. Арзамасовқа арнайы суретке түсіртіп, бұл бейіттің тозып, Сырдария шайылып кету қауіпі төніп тұрғанын шырылдап бірнеше рет жазады. Шүкір, қәзір Қорқыт бейіті қалпына келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата күйлері және ерекшелігі
Қорқыт- қылқобыз өнерінің негізін қалаушы
Ішек қылған, қобызым
Күй өнері (қалыптасуы, дамуы). Қазақ күйшілері
Қазақ тарихының ұлы ойшылдары
Дәстүрлі музыкалық өнер
Халықтың саз өнерінің тағлымы
Қазақ халқының аспаптық музыкасындағы дәстүрлі жанрлар
Қорқыт ата туралы
Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz