Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Қолайсыз отбасынан шыққан балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері.

Жоспар

Кіріспе

І тарау «ХIХ-ХХ ғасырдағы педагог-психолог ғалымдарының оқу-ағарту, тәрбие туралы философиялық көзқарасы».

1. 1 Психологиялық қарым-қатынастың басты шарты - тәрбие тиiмдiлiгі.

1. 2 Қолайсыз отбасынан шыққан балалардың психологиялық сипаты.

ІІ тарау «Ұжымдағы психологиялық климат».

2. 2 Қарым - қатынас туралы білім негізінде мектеп оқушыларының мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері.

2. 1 Нарықтық қатынасқа көшуге орай жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастырудың психологиялық жағдайы.

Қорытынды

Қосымша

Әдебиеттер тізімі

кiрiспе

Көкейкестілігі : бүгiнгi күннiң жаңару бағыты халықтың рухани игiлiгi - ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрдi - бала тәрбиесiнiң арқауына пайдалану басты назарда болуы көзделiнiп отыр. Қазақ халқының әр азаматы ұлт өмiріне немқұрайлы қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетiн толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр, тәлiм-тәрбие, адамгершiлiк қасиеттерiн бойына сiңiрiп, елiн, жұртын сүйетiн азамат болып өсуiн қамтамасыз етуi тиiс.

Қазiргi жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасындағы басты мiндеттердiң бiрi - ұлттық ерекшелiктердi еске алып, жастарға терең бiлiм мен тәрбие беру iсiн одан әрi дамыту, әсіресе, балалардың отбасындағы тәрбиесін жетiлдiру болып табылады. Республикамызда бұл мәселеге қатысты көптеген мемлекеттiк құжаттар жарияланды. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Тәлiм-тәрбие тұжырымдамасында (Ақпан, 2003) былай да жазылды:

Дипломдық жұмысымыздың мақсаты:

«Бүгiнгi таңда әр оқушыға деңгейiне сәйкес бiлiм мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттiлiгiн арттыру, біздің ғылыми жұмысымыздың басты арқауы болмақ. Төменде атап айтқандай, қолайсыз отбасынан шығатын балалардың психологиялық ерекшеліктері, олардың ойлай бiлу мүмкiндiгiн жетiлдiру, сонымен қатар әр адамның кәсiби бiлiктiлiгiн, iскерлiгiн арттыру - осының бәрі тәрбиеден таралатын сөзсіз мiндет болып табылады».

Зерттеу болжамы:

Егер әр отбасында ата-ана мүшесі толық болып, мемлекетіміздің болашаққа деген саясаты үстем болса, яғни тұрақты болса, онда психологиялық климат та дұрыс жағдайда болар еді.

Зерттеу объектісі:

Астана қаласындағы № 26 орта мектептің 5-11 сыныптар оқушылары.

Зерттеу пәні: қолайсыз отбасынан құрылған балалар тобы оқу процесі барысында.

Зерттеудің методологиялық негізіне Алматы қаласынының Қыздар педагогикалық институты педагогика кафедрасының меңгерушісі Л. К. Керимовтың «Қиын балалар қандай жағдайдан туады» деген ғылыми диссертациясы негізге алынды. Осы жұмысқа орай өзіміздің ғылыми жұмысымыздың тақырыбын «Қолайсыз отбасынан шыққан балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері» деп алдық.

Мiне, осы тұрғыдан алып қарағанда, бiздiң ғылыми жұмысымыздың міндеті: қоғамға қажеттi жан-жақты бiлiмдi, тәрбиелi, мәдениеттi жеке тұлғаны қалыптастыруды iске асыру, ғылыми жолмен талдау, дайындау, оқу -тәрбие жұмысын жақсарту, жаңарту.

І тарау «ХIХ-ХХ ғасырдағы педагог-психолог ғалымдардың оқу-ағарту, тәрбие туралы философиялық көзқарасы»

1. 1 Психологиялық қарым-қатынастың басты шарты - тәрбие тиiмдiлiгі

Адамзат дамуының қай кезеңiнде болмасын, тәрбиенiң тиiмдiлiгiн жетiлдiру iсi жүзеге асыру процесi әрбiр қоғамдағы мемлекет қажеттiлігiне бағынады. Өйткенi мемлекет қажеттiлігiнiң орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелдi екендiгi белгiлi. Олай болса, тәрбие тиiмдiлiгiнiң ең басты шарты - мемлекет мүмкiндiгiнен туындайтын қажеттiлікке сай тәрбиенiң мақсатын нақты анықтау болып табылады. Егер тәрбиенiң қалай өзгерiп отырғанына көз жiберсек, тәрбие мақсатын белгiлеудiң қаншалықты маңызды екенiн байқауға болады. Тәрбие - қоғамдық құбылыс, онсыз ешбiр қоғамның өмiрi iлгерi дамуы мүмкiн емес.

Тәрбиені психологиялық тұрғыда қарастыратын болсақ, ол - үлкен шексіз ұғым және адамның жан-тәнін түсініп, оны дұрыс бағалай білетін құбылыс. Тәрбие процесi адамның қоғамдық мәнiнiң әлеуметтiк маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға өзара қатынастарын жасауға, олардың шеңберiн кеңейтуге бағытталады.

Тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, ХII ғасырдың басына дейiн педагогика философияның бiр бөлiгi ретiнде қарастырылып келдi. Шынында, осы күннiң өзiнде де атақты философтардың қай-қайсысы да тәрбие мәселесiн айналып өтпейдi, осының өзi педагогикалық проблемалардың қоғам мен ғылым үшiн аса маңызды екенiнiң дәлелі.

Педагогика ерекше ғылым ретiнде философиялық бiлiмдер жүйесiнен ХII ғасырдың басында бөлектенiп шықты. Ағылшын жаратылыстанушысы және философы Фрэнсис Бэкон /1561-1626/ 1623 жылы өзiнiң «Ғылымның қадiр-қасиетi және жетiлуi» атты трактатын жария еттi. Бұл еңбегiнде ол ғылымдарды сарапқа сала отырып, олардың арасында педагогиканы ғылыми бiлiмдердiң дербес саласы деп бөлектедi.

Джон Локк өзiнiң «Тәрбие жөнiндегi ойлар» деген еңбегiнде тәрбиенiң психологиялық негiздерiне және адамгершiлiк қалыптастыру мәселесiне үлкен мән бердi. Баладағы тума қасеттердi жоққа шығара отырып, ол нәрестенi не сызса, сол болатын «таза тақтаға» теңеумен тәрбиенiң үлкен күш екенiн баса айтты.

Педагогикалық идеялары кейбiр мәселелерде дағдырыс сипатқа ие болғанымен, педагогикалық теорияны өрiстетуде елеулi рөл танытқандардың бiрi - Иоганн Герберт. Ол балалардың өрескел бұзықтықтарын қол жазасымен тойтарып отыру қажет, олардың тәртiбiн үздiксiз қадағалап, арнаулы жорналға жазып отыру керек деп есептедi. Сонымен қатар, оның шығармаларында бiршама пайдалы идеялар да баршылық. Ол алғашқылардың қатарында оқыту мен тәрбиенiң психологиялық негiздерiн жобалап бердi, баладағы адамгершiлiк қасиеттi қалыптастыру үшiн оның саналылығын көтерiп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттiгiн жариялады.

Өзiнiң психологиялық-педагогикалық теориясын прогрестiк-демократиялық бағытта дамытқандардың бiрi - Адольф Дистверг. Ол өрiстеткен аса құнды идеялар: балалрдың оқу жұмысының белсендiлiгiн арттыру, шәкiрттердiң өзiндiк оқуына мән беру, сондай-ақ халық мұғалiмдерiн дайындау.

ХҮIII ғ. Германияда алғашқы рет мұғалiмдердi дайындайтын арнайы оқу орны ашылып, онда ерекше ғылыми пән ретiнде психология оқытыла бастады. Осының бәрi адамның жан тәнін түсіну мақсатында теорияның жедел дамуына себепшi болып, iрi-iрi оқымысты педагог-психологтардың қалыптасуына мүмкiндiк бердi.

Сонымен, ХII - ХIХ ғасырлар аралығы психологиялық теорияның үлкен қарқын ала дамыған, аса құнды тәрбиелiк идеялардың өрбiген заманы болды.

Педагогикалық психологияның дамуына, тәрбие саласының дамуына қазақтың белгiлi философтары, ағартушы-педагогтары, психологтары да айтарлықтай үлес қосты. Олардың ой-пiкiрлерiн қысқаша пайымдау, еске түсiру, ғылыми және әдеби еңбектерiн жоспарлы бiлiм беру саласында, әсiресе, өскелең өмiр жағдайында кең түрде қолданудың қажет екендiгi сөзсiз.

Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердiң бiрi - Ш. Уәлиханов едi. Оның өзiндiк педагогикалық - психологиялық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу мен мектеп iсiн ғылыми негiзде құрып, оқу бiлiмнiң табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениеттi елдердi қуып жетуiн аңсады. Ш. Уәлихановтың ағартушы-ғалым, демократ ретiнде көздеген ой-пiкiрi, негiзгi мақсаты -халқына қайткенде де бiлiм беру, тәрбиелеу, оқыту, оны дүниені тануға жетелеу, сондай-ақ бұл мәселердi реформа арқылы iске асыру болған. Қазақ халқының ағартушы-педагогарының бірі - Ы. Алтынсарин, оның мақсаттары педагогикалық көзқарастарынан айқын көрiнедi. Ол бүкiл өмiр жолын мектеп ашуға арнады, қазақ баласының тәрбиесiне көп мән берiп, қоғамдық өмiрдегi саяси-әлеуметтiк мәселелердi жан-жақты қамтып жазуға тырысты.

Ал қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығының ұлы ойшыл-философы Абай Құнанбаевтың шығармалары тәрбие мәселесiне, педагогикалық ой-пiкiрлерге толы. Абайдың осы бала тәрбиесi мәселесiнiң басты нысанасы «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» гуманистiк ой - пiкiрі үлкен философиялық ой тудырады.

Қазiргi күнi Абай қалдырған iз - өнер - бiлiм, тәрбие, адамгершiлiк, әдеп, мораль мәселелерi - егемендi елiмiздiң рухани қазынасына айналып отыр.

Ұлттық тәлiм-тәрбиенiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi - Шәкәрiм Құдайбергенов, сол Шоқан, Абай, Ыбырай Алтынсариндердiң салған iздерiн, ағартушылық дәстүрлерін әрi қарай жалғастырды. Шәкәрiмнiң жоспарға ұсынған тәлiм-тәрбиесi - адамгершiлiк жолы-адалдық және ғылымды меңгеру. Ол үшiн жастарды адал еңбек етуге, бiлiм мен дұрыс тәрбие алуға шақыру болды. Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов та педагог жастарға үлкен iз қалдырады. Ол өзiнiң барлық саналы өмiрiн қазақ қоғамында бiлiм-ғылымның дамуына, мектеп iсiнiң тәрбие жұмысына көңiл бөлiп, кемелденуiне бағыштады. Ол ауыл мектебiнде бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетiлдiру саласында көп iздендi.

Мағжан Жұмабаев - зиялы қайраткерлердiң бiрi. Ол көптеген оқу-тәрбие жайлы оқу-құралдарын шығарған. Айталық, «Бастауыш мектептегi ана тiлi» (1928), «Сауатты бол» (1926), «Педагогика» (1922) оқу құралының бiрiншi бөлiмi жалпы педагогикалық мәселелерге арналған. Ол тәрбиенi төртке бөлiп қарайды: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi.

«Егер осы төрт тәрбие адам баласына берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны» - дейдi.

Қазақ халқының кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов: «Көпшiлiктi адамшылыққа тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет…» - деген екен.

М. Әуезовті ойшыл, ғалым - педагог ретiнде танытқан iргелi жұмысының бiрi - бастауыш мектеп бағдарламасына сәйкес жазылған «Жеткiншек» атты оқу құралы. Ол 1930 жылы Қызылорда қаласында жарық көрдi. Ұлағатты жазушы әрi ұстаз М. Әуезов өзiнiң үлгiлi шығармаларымен дүние жүзi мәдениетiнiң дамуына өшпестей iз қалдырды, ол -үлкен суреткер, асқан ойшыл да кемеңгер жазушы.

Ол педагогика мен психология проблемаларын сабақтастыра зерттеп, мұғалiмдер мен тәрбиешiлер үшiн ғылыми ұсыныстар жасады. Мысалы: «Ес және есте сақтау мәселерi, » «Ой мәселелерi», «Дағдылану мәселерi» (1936), т. с. с.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк экономикалық өзгерiстер және жүрiп жатқан күрделi жаңғыру процесi жастардың оқу мен тәрбиенiң мазмұнын жетiлдiру мәселелерiн жаңа тұрғыдан қарауды талап етедi. Осы тұрғыдан алғанда тарихтың ақтаңдақ парақтарының қатарындағы ХIХ ғасырдың басындағы зиялыларымыздың бiрi Мiржақып Дулатовтың өмiр жолын, жалпы шығармашылығын жаңаша қарап бағалау болып табылады. Ұлы ағартушымызды жастарға таныстыру өте қажеттi нәрсе. Мiржақып туралы қалай оқыту, сол оқытқанда жас ұрпақты қалай меңгеру, сол оқытқанды жас ұрпаққа қалай меңгерту, сол меңгерткендi қалай жүзеге асыру керек екендiгiне көңiл бөлуiмiз керек.

Жалпы мектеп оқушыларына Мiржақып шығармаларын оқытқанда түсiнiктерiн молайту үшiн ақынның поэзиялық шығармаларымен таныстыру мақсатында «Оян қазақ» өлеңіндегi:

«Көзiңдi аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткiзбей қараңғыда бекер жасты,

Жер кеттi, дiн нашарлап, қол қараш боп,

Қазағым, ендi жату жарамасты», -

- деген төрт жолында халықтың өнер - бiлiмнен мақұрым қалуы, тұрмыс күйiнiң нашарлығы, ел iшiндегi алауыздығы сияқты тағы-тағы әр түрлi қасiреттерден құтқармақ болған Мiржақып өлендерiнде халықтық жақсылыққа жетiп, қамын ойлайтын саналы азаматтар қажет екендiгiн айтып, әсiресе, жас жеткiншектерге көп үмiт артады.

Осындай шығармашылықпен еңбек етiп, оқыту мен тәрбие, проблемаларына елеулi үлес қосқан ұлы ұстаздардың iс-тәжiрибесi мектеп үшiн, келер ұрпақ үшiн зор сүйенiш.

1. 2 Қолайсыз отбасынан шыққан балалардың психологиялық сипаты

Бүгiнгi күнде жас ұрпақ өзiнiң шұрайлы тiлi мен шешендiк өнерiнен, дәстүрiнен, ата тәрбиесiнен айырылып қала жаздады. Ендi ғана тәрбие жөнделiп, ұлттық мектептерiмiз ұлттық қазынамызға, отбасына көңiл бөлуде. Бірақ отбасымен шектелiп қалсақ, мектептерiмiздiң даму аясы да тарылып қалады. Ұлтымыздың парасатты болуы ең әуелi анадан, қыз тәрбиесiнен.

Болашақтың мектебі қандай болу керек, әсiресе жас ұрпаққа iзгiлiктi тәрбие қалай берiледi? Бұл үлкен -ауқымды мәселе.

Тәрбие жұмысын оңға бастыру iс тетiгiне ие мектеп мұғалiмі, сынп жетекшiсі қолында емес, ата-ана ортақтығынан көрiнедi. Өзiн сыйлай бiлген адам өзгенi де сыйлай алады. Сыйласа білу - адамдың асыл қасиетi. Сыйласа алса, ол өзге ұлт адамдармен бiрге әдептi қатынаста бола алады. Балалар мен жастар -әрбiр кезеңнiң, дәуiрдiң жемiсi, олардың iс-әрекетiндегi көрiнiстер-өз заманының дәстүрi. Отбасы тәрбиесiнiң басты нышаны - халық педагогикасы.

Халық педагогикасының мақсаты - өнегелi тәрбие. Дастандардан да, аңыздардан да, мақал-мәтелдерден де осыны көремiз. Мысалы:

Кiшiпейiл болғанмен,Кiшiрейiп кетпейсiң.Өр көкiрек болғанмен,Ұлылыққа жетпейсiң.:
  1. Кiшiпейiл болғанмен,

Кiшiрейiп кетпейсiң.

Өр көкiрек болғанмен,

Ұлылыққа жетпейсiң.

Балаға байқап сөйлесең,Ақылыңа көнер.Байқамай, шайқап сөйлесең,Көрсетер бiр «өнер».:
  1. Балаға байқап сөйлесең,

Ақылыңа көнер.

Байқамай, шайқап сөйлесең,

Көрсетер бiр «өнер».

Бiрiншi мақал балаға қалай керек болса, ата - анаға да солай қажет. Себебi, бұл мақал-мәтел кiшпейiл болуға, өр көкiрек болмауға шақырады. Ал бұл дегенiмiз адамзаттың рухани байлығының, адамгершiлiк қасиетiнiң бастау алар бұлағы емес пе?! Екiншi мақал отбасында бала тәрбиелеп отырған үлкендерге арналған. Қазiргi күнде нарықтық экономикалық қатынас адымдап аяқ басқан кезеңде көптеген отбасын ақша табу мәселелерi көп алаңдатуда. Дәл мәнiне келгенде бұл дұрыс та, өйткенi нарықтық экономика әрбiр адамды жұмыс iстеуге мүдделеп тұрады. Алайда, ата-ананың мандай терiн төгiп тапқан ақшасына сықиып киiнiп алған балалар мен жасөспiрiмдер мұны түсiне ме екен? Үстiнде жылтырған киiмi болып, жан-дүниесi адамгершiлiк қасиеттен жұрдай болса, кiм кiнәлi? Тағы да ата-ана. Олай дейтiнiміз, атам заманнан халық басына қандай қиын-қыстау кезең туса да, бала тәрбиесiн көзден таса қылмаған. Еңбек етiп, отбасын асырай отырып, бiр мезгiл балаларын қасына жиып алып, не ертегi, не аңыз, не қисса айтып бермеген күндерi болмаған. Сондықтан да осы екiншi мақал ата-ананың балаға ерекше сабырлықпен, шыдамдылықпен қарап, дұрыс тәрбие беруiн мiндеттеп отырған.

Бүгiнгi таңда ұлттық сана мен тәлiм-тәрбие алу мәселесi, ең алдымен, әлеуметтiк- экономикалық орталықтармен де тығыз байланысты. Мысалы, баспасөз, кино, радио мен теледидардағы ақпарат ағымдарының көрiнiстерi бiздiң жастарға ұлттық тәрбие мен ұлттық сананы қалыптастыруға қаншама ықпалы ететіні белгiлi. Тәрбие бесiктен басталады. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиенiң негiзгi мақсаты - жасөспiрiмге дұрыс тәрбие беру. Өйткенi баланың алғашқы өмiр тану қадамы үйден басталады. Балаға жақсы iсiн мадақтап, қатесiн түсiндiрсе, ол ересектердi сыйлап, тапсырманы орындауға қарсылық бiлдiрмейдi, оған орынсыз ұрысып, зекiрiп сұрау, талап қоя алмау ата-ананың беделiн жояды. Мұндай жағдай баланың жасқаншақ, ашуланшақ, түйық болып өсуiне соқтырады. Ал отбасында қалыптасқан еңбек сүйгiштiк баланың болашағына жол ашады. Отбасы мүшелерінің арасындағы бiрлiк, ынтымақ, үлкенге құрмет, кiшiге көмек, сыйластық, шыншылдық баланың адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастырады. Бiрiгiп iстеген жұмыс балаларды қуантып, оларды ата-анасына жақындастырады. "Сөзiңмен мазалама, iсiңмен көрсет", "Ережеден өнеге артық», «Сөз шақырады, ал үлгi қызықтырады» деген халықтың даналық сөздерi үлкен педагогикалық шындықты бiлдiредi.

Ал баланың бойында кездесетiн терiс мiнез-құлықтар - нашар тәрбие мен терiс ықпалдың салдары. Бұлар да туа бiткен мiнез емес, оны түзетуге болады. Түзелмейтiн мiнез-құлық жоқ. Уақыт, еңбек, төзiмдiлiк қана қиындықтарды жөнге келтiредi.

«Адам тәрбиесi осы өмiрге келуiнен басталады, сөйлемес бұрын естiмес бұрын, ол тәлiм ала бастайды», - деп жазған болатын француз ғалым Ж. Ж. Руссо. Олай болса, ата-ана мен ұстаздардың бiрлесе қойған талабы- баланың келешегiне жасалған ең үлкен қамқорлық, бұл тәрбиенiң тұтқасы. Сондықтан да «Оңды от басынан, озық ұрпақ тарайды» деуi бекер емес. Салт-дәстүр дегенiмiз - халықтардың кәсiбiне, сенім-нанымына, тiршiлiгiне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкiл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаңалық енгiзiп, оны қоғамдық болмыс көрiнiстерiне бейiмдеп өзгертiп отырады. Халық: «дәстүрдiң озығы бар, дәуренi өткен тоғызы бар», «әдет-әдет емес, жөн - әдет», деп заман талабына сай дәстүрдi дәрiптеп, тәлiм - тәрбиенiң пәрмендi құралы ретiнде пайдаланып келген. Осыған орай оқушыларға тәрбие сабақтарында аталған мәселелердi көп қозғауға тырысу керек. Ол, әрине, тәрбие мәселесi. Оқыту мен тәрбие процестерi бiр-бiрiмен тығыз байланысты, тәрбие болмаған жерде оқу жоқ. Екiншi жағынан, оқыту-тәрбиелеудiң негiзгi құралы екендiгi белгiлi.

Сондықтан да педагогтардың алдында тұрған мiндет - оқушылардың оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруда олардың мiнез - құлқының ерекшелiк-терiн, психологиялық - педагогикалық-физиологиялық ерекшелiктерiн еске-ре отырып, педагогикалық процесте тәрбиелiк әдiс-тәсiлдердi ұтымды қолдану жағын қарастырған жөн. Оқушыны, баланы тәрбиелеу - қоғамды тәрбиелеудiң мемлекеттiк мәселелерiнiң құрамдас бiр бөлiгi болып табылады.

Бұл маңызды мәселе бiздiң Президентiмiздiң бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң II съезiнде сөйлеген сөзiнде қысқаша тұжырымдалған: «Бұл жүйеде оқыту мен тәрбие берудiң бiрлiгi үзiлiп қалды. Сiздер мен бiздер тек болашақ буындағы ғана емес, жалпы адамзаттық қадiр-қасиеттердiң мән-маңызын түсiнiп, жаны да, тәнi де таза бiлiмдi патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге мiндеттiмiз.

Қазақстандық отаншылдық сезiмiн тәрбиелеу бiлiм берудiң мектеп жүйесi, отбасы аралықтарында, барлық ұйымдарда көкейкестi мәселе болып табылады. Балаларды Отанды, туған жердi, өзiнiң халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалiм мен ата-ананың аса маңызды, аса жауапты да қадiрмендi парызы».

Осыдан қорыта келе, бала тәрбиесiн, бiлiм деңгейiн тереңдету моделiн көрсететiн төмендегi кестенi ұсынамыз:

Кесте 1

Бұл арақатынас әрбiр саналы азаматтың педагогтық болмысында бiздiң ортақ болашағымыздың алдындағы борыш пен жауапкершiлiк сезiмiн оятуы тиiс.

Қазақтар «Отан» деген ұғымды бала бойына ерте бастан сiңiруге тырысқан. Мұны ең алдымен, туған жер, атмекен, ел-жұрт деген ұғымдармен барынша кеңiнен байланыстырған. Қазақ баласы үшiн Отан отбасынан, атажұрттан, туып-өскен топырақтан басталады.

Мұның барлығы жастардың бойына туған жер, атамекен туралы түсiнiк ұғымдары өте қасиеттi деген пiкiрдi қалыптастыруға қуатты ықпал етедi. Сондықтан да бiздiң ауыз әдебиетiмiзде, поэзияда, ақындар мен жыраулардың толғаулары мен термелерiнде жер, су тақырыбы жетекшi әрі тұрақты тақырып болған. Бесiк жырынан басталатын бұл тақырып өмiр бойы қоғам мүшесiнiң серiгi болып, қай жерде жүрмесiн сағыныш сезiмiн тұтатып, елге, жерге деген сүйспеншiлiгiн өрiстетiп отырған.

Соншама кең далада өмiр сүрсе де, ата-абаларымыз үшiн атамекен ұғымы әрдайым қастерлi де қасиеттi ұғым. Өйткенi Отан бiреу-ақ, ол- туған жер топырағы, ата-баба сүйегi жатқан жер. Атамекен, жер, су аттары адамның қанын тасытып, мақтаныш сезiмiн тудыратын құрал екендiгiн Баянауыл, Қарқаралы, Аякөз, Арал, Ұлытау, тарбағатай секiлдi атаулардың өзi-ақ дәлелдемей ме? Сондықтан ұрпақты Отаншылдыққа, Отанды, елдi сүюге тәрбиелегенде атамекен тарихымен таныстыру маңызды орын алады. Бұл ең алдымен, тiл байлығы, сосын-тарих, сосын -экология және т. б.

Қазақта қайтыс болған адамды туған жерiне, ата-бабасы жатқан қорымға апарып жерлеу дәстүрi бар. Бұл дәстүр өте ертеде қалыптасып, күнi бүгiнге дейiн жалғасын тауып келедi. Кейбiр жағдайда атақты кiсiлер жатқан қорымға әкеп жерлейдi. Қазақ даласында аты шыққан осындай орындардың бiрi -Әзiрет Сұлтанның, Түркiстандағы Қожа Ахмет Иассауидың кесенесі. Мұнда атақты Абылайдан бастап Тәуекел хан, Есiм хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Бөгенбай батыр секiлдi Қазақстанның әр кездегi мемлекет қайраткерлерi жерленген.

Қазақтың бұл дәстүрiн Шыңғыс Айтматов өзiнiң «Боранды бекет» романында Қазанғаптың сүйегiн оның өтiнiші бойынша Найман ана бейiтiне апарып жерленгенiн әспеттеп суреттеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесінің негізі
Бала тәрбиесінде жанұяның алатын орны
Тәрбие құралдары
Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы
Қоғамдық жəне отбасы тəрбиесi
Отбасы – қоғам тірегі
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығы
ОТБАСЫНДА БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Қалыпты емес отбасындағы бала тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz