Сөз құдіреті
Қоғамдық орында өзінді ұстай білу.
1. Казақ халқының сәлемдесу және амандасу рәсімдері.
Халқымыздың сәлемдесу, амандасу рәсімдері алуан түрлі. Әсіресе,
айрықша көзге түсетіні адамдардың жүз көріскендегі сәлемдесу, амандасу
рәсімдері. Оған жататыны: Дауыстап сәлем беру (Ассалаумағалейкум, армысыз,
сәлеметсіз бе, амансыз ба, сау-саламатсыз ба, халыңыз жақсы ма, үй-іші,
бала-шағаңыз аман ба, күйлі-қуаттысыз ба, мал-жаныңыз аман ба, т.б.).
Қолдасып амандасу, кеуде түйістіріп амандасу, құшақтасып амандасу, сүйісіп
амаңдасу, иіліп сәлем беру, алыстан қол көтерісіп амандасу, қимыл іс-
әрекеттермен сәлем жоралғыларын жасау, қас-қабақпен, ыммен сәлем ізетін
көрсету, т.с.с.
1. Қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты сәлемдесу рәсімдері.
Жеке адамдардың бір-бірімен амандасуы, жеке адамнын топты адаммен
амандасуы, жас ерекше-ліктеріне байланысты кішінің үлкенге сәлемдесуі,
үлкеннің кішіге кол беруі, жеке адамның топты адам-мен амандасуы,
үлкендердің өзара амаңдасуы, ерлер мен әйелдердің, ұлдар мен қыздардың
сәлемдесуі, күйеу мен келіннің арнайы сәлемдері, нағашы мен жиеннің
базыналық амандасулары, жаңа жыл наурыздағы туысқандардың аман-есен
көрісулері, лауазымды адамдарға сәлем беру, арнайы сәлем беру (сұр сәлем),
ауылға, әулетке арнайы сәлем беру, шаңыраққа дара сәлем беріп кіру, т.б.
Сәлемдесу кезіндегі тиімді іс-әрекеттер: аяқ-қол, дене, бет-әлпет,
көзқарас, т.б. Сәлем беруді тоқтату немесе сәлем беруге болмайтын жағдайлар
(қазалы шаңырақта, үлкендер сәлемдесіп жатқанда тыйылып, тоқтай тұру,
сәлемнің қадірін кетірмеу, күту, т.б.) Амандық сұрасуды кейінге қалдыру
жағдайлары. Сәлемдесуші адамдардың ізеттілігі, ілтипаты, құрметі,
сыйласымдылығы, дауыс ырғақгары, эмциясы, т.б.
Сәлемдесудің және амандасудың ауыз әдебиетіндегі, фольклорлық
музыкадағы, қолданбалы қолөнердегі кездесетін формалары: айтыскер
ақыңдардың өзара өлеңмен амандасуы, халықпен амандасуы, әншілердің, сал-
серілердің елмен амандасуы, сазгерлердің күймен амандасуы, зергерлік
бұйымдар арқылы сәлемдеме жолдау, серттескен, андаласқан адамдардың бір-
біріне арнайы сәлемдері, т.б.
Сәлемдесуге, амандасуға байланысты шешендік сөздер, мақал-мәтелдер,
әңгімелер. Сәлемдесудің ұлттық психологиялық, философиялық мазмұны.
2. Сөз, сөйлеу, әңгімелесу және сұхбаттасу әдебі.
Өнер алды — кызыл тіл - деп, халқымыз тіл өнеріне айрықша маңыз
аударған. Өз ұрпағын құйма құлақтыққа, әңгіме тыңдай білуге, сөз парқын
ажырата алуға, сөз астарын аңғаруға, шешендік сөздің нарқын бағалай білуге
үйретіп, ой қорытып, сөз түйе білуге, тындай біліп, — кезек күтуге, шешен
сөйлеп - шешімді уәж айтуға, От ауызды, орақ тілді азаматтар болуға
баулып отырған.
Халықтық педагогиканың ең негізгі бағыттарының бірі — сөз өнері
екенін, бірақ бұл бағытта мектептерде мардымды іс атқарылмай отырғандығын
ескеріп, әдеп сабағында басты тақырыптың бірі ретінде сөз өнерін алып
отырмыз. Бұл сабақтардың басты мақсаты ең алдымен жас өспірімнің тіл
тазалығына маңыз аударып, шұбарламай сөйлеуін қадағалап, ойлау мен
сөйлеудің алшақтығын болдырмауға баса назар аударып, сөйлеу үстінде
қыстырма сөздерді қоспай, бұралқы және қыңыр сөйлеу әдетінен арылтуға күш
салу қажет. Өтірік айтуға, мылжыңдыққа, кысыр сөзге, кекету мен мұқатуға,
даттау мен ғайбаттауға жол бермей, сөз мәдениетіне үйрету керек.
Сөз зерін зерделей білуге, мақалдап-мәтелдей сөйлеуге баланы жас
кезінен-ақ үйрете білген жөн. Үлкендермен, кішілермен, ерлермен,
әйелдермен, қыздармен, ұлдармен, бейтаныс кісілермен, тіпті құрбы-
құрдастарымен де арадағы диалогтарда бей-берекет сөйлеуден арылтып, әдепті
де әдемі сөйлеуге, сөз маржанын тере білуге, шебер де шешен сөйлей білуге
баулыған дұрыс. Даңғазалык, даңғойлық, лепірмелік, есіріктік, т.б.
әдеттерден сақтандыру қажет.
Андамай сөйлеген ауырмай өледі - демек-ші, бейберекет сөйлеушілік,
алаңғасарлык, бет-тен алып - төске шабу, шайпаулық, бейшаралык,
бетпақгық, т.б. көргенсіздік екендігін, осы сөздердің мән-мағынасын
ұғындырған абзал.
Отбасындағы, әулеттегі, ауылдағы, коғамдағы, адамдар қарым-
қатынасындағы бұл әдепсіздіктердің теріс ықпалы мен моральдық кереғар ахуал
тудыратындығын түсіндіру қажет.
Сөз құдіреті. Көз жетпегенді — сөз жеткізеді. Сөз арқылы адамдарға
ақыл айтылып, көңіл жұбатылады.
Бірін – бірі сүйген адамдар жақсы көретіндерін сөз арқылы
сүйіспеншілік жүрек сезімін білдіреді жас нәресте анасына еркелесе — анасы
балаларын сөз арқылы аймалап, аялайды. Адамдар бір-біріне еркелейді,
өкпесін сөзбен жеткізеді. Көңіл кірі айтса кетеді, жүрек жарасын сөз
жазады. Жауды жанынан түңілдіретін де сөз. Ақымаққа ақымақтығын ұғындыратын
да - сөз. Жақсыны жақтайтын да, жаманды даттайтын да - сөз. Сөз арқылы
адамдар бір-бірімен жарасады, пәтуәмен тарасады. Сөз — ауыл іргесін
ажыратады, әулеттерді жауластырады. Басқа пәле тілден дегеніміз осы.
Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды - дейді халық даңалығы.
Сөз сүйектен өтеді - жауынды достастырып, досынды қастастырады. Қаһарлы
сөз қамал бұзады. Жақсы сөз — жарым ырыс — адамдарды қанағаттандырады,
үмітке жетелейді. Тіл — білімділіктің, акылмандықтың, данышпандықтың,
кепілі. Міне, жоғарыда айтылғандардың барлығы да шәкірт жүрегінен жол табуы
керек. Әр шәкірт зердесіне тоқып, зейініне түюі тиіс. Сөйтіп, қарапайым
сөздің құдіретін бағалай білуді үйрету әдептіліктің негізгі мұраты болмақ.
Сөздің әсерлігі(эмоциялылығы). Адамның дауыс ырғағына, әуезділігіне,
үнінің саздылығына және сол адамның психологиялық ахуалы мен мінез-құлқына
байланысты болады. Әдеп сабағының сөз әсерлілігі тақырыптарын ән-музыка,
театр өнері, актерлік шеберлік, ораторлық шеберліктер т.б. өнер салаларымен
сабақтастыра жүргізген дұрыс. Нәресте кезінен адам даусының әуезділігі мен
үн саздылығының алуан түрлі формаларын тындап өскен бүлдіршіннін есту
сезімімен үн жасаушы органдарының калыптасуы әлдеқайда тез және дұрыс
жетілмек.
Әсерлі сөйлей білудің түрлері: мақпалдай майда — жұмсақ сөйлеу, сылбыр
сөз (аузынан сөзі түсіп, қойнынан бөзі түсіп), жасанды сөз, жасық сөз,
адуынды - арынды сөз, даңғаза - даңғай сөз, лепірме - көпірме сөз, шаптықпа
— шайпау сөз, дауылды
— дабылды сөз, қаһарлы сөз, байсалды — басытқы сөз, аталы сөз, төрелік сөз,
келісім — бітім сөз, шешендік — шешім сөз, әруақты сөз - тілек — ниет сөз,
есіркеу — еркелету сөздері, аддау-арбау сөздері, аярлы — жазғыру сөздері,
айыптау — жаза сөздері. Жұбату, қайрау, мақтау, қайрат беру, көтермелеу,
марапаттау, даттау, жамандау, мазақтау, т.б. әртүрлі мағынада айтылатын
сөздермен балаларды таныстырып, мағыналылық, әсерлілік реттерін түсіндірген
абзал.
Жасөспірімдерді құрбыларының арасында, үлкендер жиынында,
маслихаттарда, той-мерекелерде, салтанатты жиындарда, айыптау-сот
процестерде, уәде беру, ант беру, уәзиқалы сөз айту, салиқалы пікір
тастау, қүлтықтау, сынау, өз ойын шешен де шебер тұжырымдай білуге баулыған
жөн. Қарапайым сөз әдебін қалыптастыру, оны өмірде пайдалана білу, сөз
әдебінің әдептілік көрсеткішін сактай білу қажет.
Елеусіз әдептілік сөздері — ғафу етіңіз, кешіріңіз, рұксатетіңіз,
макұл көрсеніз, жөн көрсеңіз, қаласаңыз, т.б. кішірею және ізет сөздер -
ағай, апай, ата, әжетай, жеңеше, ағатай, көке, көкешім, кұда, құдағи,
құдаша, құда бала, жездеке, балдызжан, нағашы, жиенжан, шырағым, қарағым,
қарындас, інішек, айналайын, күнім, айым, жұлдызым, ақылдым, арайлым,
ботам, кұлыным, қозым, қошақаным, жаным, жарығым, көзайым, көзнұрым,
көгершінім, асылым, т.б.
Сіз және Сен сөздері айтылу формаларының әдебі мен психологиялық
әсері. Адамдар қарым— қатынасындағы әлеуметтік және қоғамдық мәні мен
мазмұны. Моральдық. этикалық, эстетикалык негіздері. Пайдалану рәсімі мен
жоралғылары, т.б.
Қазақ халқының адамдарға жанама ат қою салтының ұлттық әдептілік
нормаларындағы көрінісі - еркежан, төрем, бикеш, тетелес, кенжем, молда
бол, тетем, ұстам қайынға, кіші апа, жорға жеңешем т.б.
Адам ойы мен сөзінің сабақтастығы жөнінде-түйсіну қабылдау, сезімдік
таным, ойлаудың психикалық процесс екендігі туралы. Ойлаудың танымдық
сатылары, ойлау процесі (түсіну, тану, түсіндіру). Адамның пікірі арқылы
оның мінез-құлқын анықтау. Ой қорытудан тұжырымдауға жету. Индуктивік және
дедуктивтік ой қорытындылары (индуктивтік-жалпы тұжырым, дедуктивтік-жеке
жағдайға тұжырымдау). Ойлау формалары (пікір және ой қорыту). Ойдың күші—
білімділік, тәжірибе, үйлесімділік және жүйелілік. Ойдың түрлері —
практакалық ойлау. Ой саналылығының көрінісі — білімқұмарлық,
ізденімпаздық, ақылдың терендігі, икемділік, тапқырлық, дәлелділік және
сыншылдық.
Ұлттық ойлау жүйесінің ұлттық салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, тұрмыстық,
кәсіптік ережелерге, ұлттық мінез-құлыққа байланыстылығы. Ойдың қуаты тіл
арқылы айқындалып дәлелденеді. Тіл — ойдың құралы. Ал, тілдің бейнесі —
сөз. Сөздің бейнелілігі көңіл-күйден, сезімнен, шабыттан, сергектіктен,.
әсерленуден көрінеді.
Ой, ойлау, тіл және сөз әсерлілігі тақырыптарын неғұрлым жасөспірімнің
кәмелетке толар кезінде оқып үйренгені жөн. Жалпы ойлау мен сөйлеудің
психологиялық негіздерін тереңірек талдап оқытқан абзал.
3. Қимыл, іс-әрекет әдебі.
Жас адамның тыныс-тіршілігі үнемі үздіксіз қозғалыста, қимыл, іс-
әрекетті қажет етеді. Баланың физиологиялык ержетуі оның психологиялық
ділінің дамуымен әрдайым сай келе бермейді. Тәннің дамуы жанның дамуынан
әлдеқайда тез жүретін процесс екендігі белгілі. Тән дамуы әр алуан
қозғалыс, қимыл, іс-әрекетгерді қажетсінеді. Ал бұл қажетгілік халықтық
әдептіліктің қалыптасқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz