Есептеріңді ортаға салыңдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамда информатикаландыру, есептеу техникасы құралдарының кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келеді.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді.
Қазіргі заманғы оқыту баланың интеллектуалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді қажет етеді, әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардың еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени- дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Жалпы, қазақ халқы ойға жүйрік қой. Осыны тағы бір дәлелдейікші. Оның үстіне логикалық есептерді шешкен басқа да пайдалы. Ендеше, іске сәт қыздар мен жігіттер. Білетін есептерімізді ортаға салып, кімнің ойы жүйрік екенін байқайық бір. Жарайды, алғашқы үш жұмбақ менен болсын. 1. Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшықты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырымды құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22-де. Жолаушылар жастары 7 мен 48-дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?
2. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны?
3. Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған сауысқанды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны?
Бауырлар, жауап жазыңдар. Есептеріңді ортаға салыңдар. Қазақ - нағыз қиялы жүйрік халық емес пе?

. . . Осыдан тура 80 жылдай бұрын - 1926 жылы 9 қарашада Американың «Сатердей ивнинг пост» газетінде Б. Э. Уильямстің «Кокос жаңғақтары» атты шағын әңгімесі жарияланады. Әңгіме өз бәсекелесіне кедергі келтіріп, өте құнды тапсырыс алуға қол жеткізген құрылыс мердігері туралы екен. Мердігердің әлдебір тапқыр іс жүргізушісі бәсекелестерінің қызғылықты математикалық есептер шешуге құмар екенін біле-тұғын. Олар есеп десе есі кететін байғұсқа ебін тауып бір қызық басқатырғыны ұсына қоймай ма, содан әлгі әріптестері өз басымен қайғы боп, тапсырыс жайлы мүлдем ұмытып кетеді-дүр. Ал тапқыр мердігер байлыққа белшеден батыпты-мыс. Сондағы есеп мынау екен:

Әлдебір теңізде, әлдебір кеме апатқа ұшырап, әупірімдеп тірі қалған бес матрос пен бір маймыл елсіз-күнсіз аралға тап болады. Күні бойы аралды кезген теңізшілер кешке таман шаршап-шалдығып, күн жарықта тамақ тауып алмақ ниетпен бірігіп, кокос жаңғақтарын жинауға кіріседі. Қас қарая жиған жаңғақтарын барлығы бір жерге үйіп, ертең күндіз тепе-тең беске бөліп алмаққа келісіп, ұйқыға кетеді. Түн ортасында бір матрос оянып, ертең жаңғақ бөліскенде дау туып кетер деп қауіптеніп, жаңғақтардың өзіне тиесілі бестен бір бөлігін бөліп алады. Үйіндіні теңбе-тең беске бөлгенде бір жаңғақ артық қалып, оны әлгі маймылға беріп, өз үлесін тығып тастап, қалған жаңғақты қайта қосып үйіп, ұйқыға кетеді сабазың. Біраздан соң екінші бір «Робинзон» оянып, ол да бірінші матрос құсап, жаңғақтарды беске бөліп, өз үлесін тығып, артық қалған бір жаңғақты маймылға беріп, түк білмегенсіп жата қалады. Осылайша, түн бойы басқа матростар да кезегімен оянып, өз үлестерін білдірмей тығып қойып, әр бөліс сайын артық қалған бір жаңғақты маймылға беріп отырады. Таңертең барлығы оянып, кішірейіп қалған үйіндіге қарап, ешқайсының ары таза болмаған соң дауласпай, жаңғақтарды беске бөліп алады, әрі тағы да артық қалған бір жаңғақты маймылға береді. Сонда матростар жинаған жаңғақтардың жалпы саны қанша?

Уильямстің әңгімесінде қызық есептің жауабы берілмепті. Елдің айтуынша, әлгі тәсіл газетте жарияланғаннан кейінгі апта ішінде редакцияға 2000-нан астам хат келіп түсіпті. «Сатердей ивнинг посттың» сол кездегі редакторы Джордж Х. Лоример Уильямсқа «Құдай үшін, қанша жаңғақ болғанын жазып жіберіңізші. Редакцияда не болып жатқанын біліп болмайды!» деп өтініп жеделхат жолдапты. Ал редакцияға әлгі есептің жауабын талап еткен хаттар аттай 20 жыл (!) бойы келіп тұрған. Есептің математикалық тұрғыда нақты шешуін табумен Кембридж, Оксфорд университеттерінің профессорларына шейін айналысыпты. Әрине, олар әлгі есепті мүлде шеше алмаған деуге болмас, бірақ ешқайсысы да оның қарапайым шешуін таба алмаған . . .

ОЛ ӘЛЕМДІ АУЗЫНА ҚАРАТҚАН «ТЕРІС ЖАҢҒАҚ ӘДІСІН» ТЕРІСКЕ ШЫҒАРДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Натрий сульфаты ерітіндісінін электролизі
Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау
Балалардың мазасыздану себептерінің негіздері
МАЗМҰНЫ МАЗАСЫЗДАНУДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚАЛПЫНА
Мәтінді оқыту әдістемесі
Психикалық даму тежелеуі бар балаларға түзету-дамыту бағдарламасы
Бастауыш сынып математикасын оқытуда ойын элементтерін қолдану
Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда ойын есептердің маңыздылығы
Аммиак және аммоний тұздары жайлы
Химиялық байланыс және зат құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz