Дене дайындығы
ҚОҒАМҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ
Дене шынықтырудың атқаратын әлеуметтік қызметі Қоғам мен адамның элементі
есебінде қазіргі кездегі дене шынықтыру көптеген және түрліше әлеуметтік
функцияларға ие. Бұл бәрінен бұрын тұрғындардың әр түрлі топтарын бірінші
кезекте өсіп келе жатқан жас ұрпақты сауықтыру қызметін атқару. Қазіргі
кезде бұл қызмет (функция) ерекше маңыздылыққа ие болып отыр, өйткені
адамдар қозғалысының азаюы мен оңтайлы тамақтанбаудың нәтижесінде
Республикада атеросклероз, артериальды гипертония, диабет сияқты және басқа
да аурулардың проценті өсуде. Денсаулық министрлігінің анықтауы бойынша 14
жасқа дейінгі жеткіншектердің 15% әр түрлі науқастарға шалдыққандығы,
балалардың 35%-інде, денсаулық жағдайында ауытқушылық бар екендігі
алаңдатып отыр. Өлімнің проценті де артуда, өлімнің 50%-і жүрек-қан
тамырлары сырқатынан болып отыр, оның басты себебі қозғалыстың аздығынан
екендігі белгілі.
Қозғалыстың жетіспеуі ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі мен есте сақтаудың
төмендеуіне себепші болады, эмоционалдық тұрақсыздыққа, стресске, жүректің,
ет дистрофиясының функциональды жағдайының нашарлауына әкеп соғады,
иммунологиялық және аллергияға қарсы организмнің тұрақтылығын төмендетеді.
Қозғалыстың азаюынан көңіл-күй, белсенділік нашарлайды, мазасыздық,
сенімсіздік, жасырын өшпенділік пайда болады. Денсаулық факторларының 90%-
тен астамы медицинаға, әсіресе денсаулық сақтау органдарының бүгінгі
жағдайында, оған тәуелді еместігіне (генетика, салауатты өмір салты,
экология т.б.) ғалымдар қортынды жасап отыр. Осыған байланысты дене
шынықтырудың сауықтыру функциясы және оның маңызы әлі де арта түспек,
өйткені дене шынықтыру құралдары тұрғындар үшін ең оңтайлы болып табылады
және тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілсе және саналы түрде түсінгенде
ол көпшілікті қамтитын болмақ. Қазақстан Республикасьшың Президенті
Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан — 2030" атты стратегиялық Жолдауындағы "Қазақстан
азаматтарының денсаулығы, білім алуы, аман-саулығы" атты тарауда былай деп
жазуы кездейсоқ емес: "Экономиканың өсуі өзінен-өзі біздің азаматтарымыздың
амандық-саулығын қамтамасыз ете алмайды. Ластанған қоршаған орта мен өз
денсаулығына дұрыс қарамау нәтижесінде адамдар жылдан жылға аурушаң болып
бара жатқандағы гүлденген экономиканы көз алдыңа елестету қиын емес". Әрі
қарай ол қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігін атап
өтеді: "Салауатты өмір салтына ынталандыру біздің әрқайсымыздың дене
жаттығуларымен айналысуымызға бағытталған...".
Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық министрлігінің
кеңейтілген алқасының шешімімен бекітілген дене шынықтыру құралдары мен
тұрғындарды сауықтырудың арнайы бағдарламасында шешуге тиісті проблеманың
негізгі бағыттары айқындалған. Соңғы екі жылдан бері жұмыс жасап келе
жатқан Дене тәрбиесінің Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тұрғындардың
түрліше жас топтары мен әлеуметтік-демографиялық топтары үшін дене
шынықтыру құралдары мен сауықтыру формаларын ғылыми тұрғыдан негіздеуге
ерекше назар аударып келеді.
Дене шынықтырудың келесі бір функциясы адам денесінің жағдайын (дене
дайындығын) оңтайландырудан тұрады. Тұрмыстық және еңбек қызметінің
түрлерін кез келген жастағы адамдарда қамтамасыз ету үшін дене даярлығының
жағымды рөлін көптеген зерттеушілер дәлелдеген. Біздің қоғамның еңбек
потенциалының негізін студент жастар құрайды, алдағы уақытта оларға
экономикалық және өзге де проблемаларды шешуге тура келеді. Алайда,
студенттердің денсаулық жағдайы мен дене дайындығы төмен және жыл сайын
төмендеуде, мұның өзі таңдап алған мамандығын меңгеруді, еңбек және әскери
міндетін орындауға қиындық келтіретіндігін атап кеткен жөн.
Адамның функциональды дамуы толық мәнінде дене шынықтыру құралдары
арқылы қамтамасыз етіледі, өзге жарамды және жаппай қолданылатын құралдар
жоққа тән (тұрмыстық және еңбек процестері, жүру және жүгіру түріндегі
табиғи қозғалыстардан бөтен). Организмнің негізгі жүйелерінің функциональды
жағдайына дене жаттығуларымен айналысудың жағымды әсері талас туғызбайды,
ол дене шынықтыру және медицина өкілдері тарапынан дәлелденген.
Қоғамдағы салауатты өмір салтын қалыптастыруда – дене шынықтыру
қызметінің әсерін ештеңемен алмастыруға болмайды.
Жастарды өмірлік практикаға, кәсіби еңбек қызметіне, Қарулы күштер
қатарында қызмет етуге дайындау барлық оқу орындары үшін дене тәрбиесі
бағдарламаларында қарастырылған кәсіби-қолданбалы дене даярлығы (КҚДД)
арқылы дене шынықтырудың жәрдемімен жүзеге асырылады. Одан бөтенде КҚДД-ын
ғарышкерлер, өрт сөндірушілер, су астындағы теңізшілер, десантшылар және
құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оның ішінде спорттың әр түрімен
айналысқанда пайдаланады.
Тұрмыс пен демалыс мәдениетін жетілдіру, бос уақытты тиімді пайдалану
- бұл да дене шынықтырудың әлеуметтік функциясына жатады.
Дене шынықтыру қызметі барысында адамдардың бір бірімен қарым-қатынас
жасап, сөйлесуі арқылы коммуникативтік функциясы, әсіресе командалық
ойындарды және бұқаралық дене шынықтыру-спорттық шараларды ұйымдастырғанда
қамтамасыз етіледі. Өзара жарасушылық қызмет жоғары жетістіктер спорты
(халықаралық жарыстар) және сауықтыру спортының барысында (әр түрлі
қалалардың арасындағы жарыс, мүгедектердің спорттық жарыстары, көпшілік
спорты және басқалар) жүзеге асырылады.
Адамгершілік қызмет біріккен дене шынықтыру қызметінде адамдарға
өзгеше адамгершілік қатынастарда болуға тура келетіндікті көрсетеді.
Қоғам мен адам мәдениетінің элементі есебінде дене шынықтырудың да
кез келген қоғамдық құбылыс есебіндегі әлеуметтік мәнін түсінгенде, оның
жалпы мәдени қызметінде (функциясын да) ерекше атап өткен жөн. Бұл адам
денесінің мәдениеті, қозғалыс режимі мен гигиена мәдениеті, әртүрлі
сырқаттардан немесе өндірістік-тұрмыстық зақымданудан кейін (қалыпқа
келтіру функциясы) организмді қалыпқа келтіру біліктілігі.
Жоғарыда атап өткендей дене шынықтырудың түрлері мен оның адамға әсер
етуі көп қырлы.
Олар төмендегідей ерекше функцияларды атқарады:
1. Сауықтыруды.
2. Денені дамытуды.
3. Кез келген жастағы организмнің негізгі функцияларының дамуы мен жетілуі.
4. Дене дайындығы.
5. Қолданбалы дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.
6. Белсенді демалыс.
7. Жарақаттану мен кәсіби ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz