Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім

І Тарау. ҚИЯЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕ ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
1.1 Қиялдың физиологиялық негізі
1.2 Қиял түрлері

ІІ Тарау. ҚИЯЛ БЕЙНЕЛЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қиялдағы дара айырмашылықтар
2.2 Қиялды дамыту жолдары
2.3 Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде қиялдың дамуы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына
елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған
бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар
тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял
—тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Жануарлар
дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял — адамның еңбек
әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің
түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда
болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім
қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы
психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін
емес. Ондай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады.
Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады.
Сонымен, қиял дегеніміз — бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен
құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек
адамға ғана тән психикалық процесс. [1;31]
Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынадай етіп
топтастырып көрсетуге болады:
а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне,
алдына қойған мақсат-мүддесіне байланысты болып отырады. Мысалы, жаңадан
машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілдіру
үшін оларды жасап шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын
деп жүрген студенттің іс-әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының
қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айқындауға
болады.
ә) Қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім
дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы, өмір-тіршілігінде көріп білгені мен көкейге түйгені көп білімдар
адамның қиялы мен жеткіншек жастың қиялын бір мөлшермен салыстырып қарауға
болмайды.
б) Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып
жатады. Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әр
түрлі жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік-
жігері, қайраты оның жоспарлаған мүдделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді.
Қиялда ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кеңес психологі А.В.
Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрі деп санайды. Бұл пікірді
қостаушылар қазіргі уақытта да кездесіп жүр. Өйткені, ойлау белсенділігі
адамды шығармашылық істер мен әрқилы әрекеттерге жетелейді.
Физиолог И.М. Сеченевтың қиялға байланысты пікіріне сүйенсек, адамның
басына оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың
келуі мүмкін емес. Ол тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың
өзін бұл ережеден шығарып тастауға болмайды деген пікір айтқан еді.
в) Адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде дамып отырады.
Мұндағы шарттар: саналы мақсат, болашақты болжай білу, оны өңдеп елестете
алу. Адам қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар
психикасынан өзгешелеп тұрады.

І Тарау. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
1.1 Қиялдың физиологиялық негізі
Қиялдың жаратылыстық-физиологиялық негізі — мидағы оңашаланған
орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау
әрекетіне қозу мен тежелудің іздік процестері, иррадиация мен концентрация,
оң және теріс индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен
біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген жүйке процестерінің түйісуі
нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған жаңа образдар мен
елестер туады.
Мұндай жүйкелік байланыстар екі түрлі:
1) сананың қатысуынсыз-ақ, кездейсоқ тітіркендіргіштердің әсерінен ми
қабының жоғарғы бөліктерінің бақылауы бәсеңдеп, әлсірегенде туатын жүйкелік
байланыстар. Мысалы, түс көру, галлюцинациялар.
2) Адамның өз алдына саналы түрде мақсат қоюы мен ми қабығының тиісті
орталықтарындағы қозудың басқа орталықтар қызметімен үйлесуі нәтижесінде
туатын жүйкелік байланыстар. Бұл — ырықты қиял. Осы саладағы қиялға жетекші
болатын нәрсе — екінші сигнал жүйесі. Ол — сөз. Сөз бұрынғы байланыссыз,
уақытша жүйкелік байланыстарды жаңғыртып, заттың сипатын айқын ажыратуға,
жаңадан байланыстар тудыруға, қиялды дамытып, өрістетуге жәрдемдеседі.
Қиялдың бұл түрінің физиологиялық негізі доминанта принципіне бағынады.
[2;1]
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана
тән психикалық процесс: ...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял
ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады (әл-Фараби).
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша
байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып
отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал
жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға
болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен
қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада
суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан
тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген
инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне
де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп,
өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді
ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға
болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне,
табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. Жаратылыстың
құшағында,—деп жазады М. Жұмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында,
хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп,
желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада
тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті.
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын
процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын
іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы
мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау
белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет
қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз
байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап
беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады.
Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны
тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып,
дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы,
болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу,
яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер.
Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада
қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді
бола тұрып, оны белсенді кызметке итермелейді,шығармашылық ісіне күш-жігер
қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның
бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке
басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір
салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан
басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял
арқылы былайша суреттейді: Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы ,
оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі
секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін
тасбақанікі сияқты. Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру
арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас
образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы
бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын
кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі
баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов Үйде
деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген
жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына
әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: Кәрі патшаның
патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты
кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте
жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір
ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек
ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз
қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп,
шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де,
құстар да, қоқыраулар да қалмаған.... Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің
оған күшті әсер еткендігі сонша, бала қараңғы терезеге ойланып сәл қарап
отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...—
деді ...
Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі
адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық
Қыран жетпеген жерге қиял жетеді деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты
орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді.
Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ
ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен
тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

1.2 Қиял түрлері
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік
түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп
берген И. П. Павлов болды.
Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу
жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін күзетші
пункт деп атайды. Осы күзетші пункттердең біздің бұрын қабылдаған,
көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида
қайтадан тіріледі. Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны
белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс
әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді.
Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның
ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсер етпеуі мида
кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде
түске қайдағы кереметтер кіреді. И.М. Сеченов осындай түстерді болған
әсерлердің болып көрмеген қиысулары деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар
мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
[3;20]
Ұйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар
нәрселердің жиынтығынан құралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі
басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-
көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. ұйқыдағы
адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми
клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да,
иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады.
Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жұмысына
бір жайсыздық түссе, бұл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді
кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі
қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған
біреуден қашады, бұдан ол ентігіп, булығады да.
Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас
келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. Егер иттің түсіне сүйек
кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді деген мақал да біздің осы
пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске
кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған
адамның түсіне көзге көрінетін бейнелер кірмейді, оның басқа сезім
мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады.
Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бұрын көзімен
көрген заттарының бейнелері кіре береді. Барлық адамдардың түсі, -деп
жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық
түрде жандануы.
Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте,
жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің,
галымның, композитордың т. б. қиялы шығармашылық қиялга жатады.
Шығармашылық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын.
Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы
оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Шығармашылық қиял ақын-жазушылардың,
суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-
әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем
образ арқылы береді. К. С. Станиславский: Артистің көкірегінде өзі
бейнелеп тұрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады,
нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді,—
дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга
Книппер — Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас
алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың
өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бұл - шығармашылық қиялы өте бай адамның
қолынан келетін касиет. [4;20]
Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін көреді,
олардың мінез-құлықтарын елес етеді, сөзін естиді. Сонымен қатар, ақын-
жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін
сезіп, қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы
О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін
сол адамға ұқсататындығы соншалық,- өз жеңім де жыртық емес пе екен деп,
еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен.
Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала орасан зор
жұмыстар істей білуге қабілеттілік (мәселен, Л. Толстойдың айтуынша, Соғыс
және бейбітшілік романын жазу үшін жинаған материалдары бүкіл бір
кітапхана болған) адамның шығармашылық қиялының самғауына күшті әсер
етеді. Өмірден түйгені шамалы, шығармашылық қиялы жетілмеген адамнан жақсы
ақын шығуы мүмкін емес. Абай мұны өте дұрыс көре білген.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп- тегіс жұмыр келсін айналасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар тандамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұл өлеңіне Абай қиыннан қиыстырар, тілге жеңіл, жүрекке жылы
тиіп, іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын секілді сөз тіркестері арқылы
өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың
психологиясын, олардың шығармашылық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп
отыр.
Ғалым үшін де шығармашылық қиял аса қажет. Шығармашылық қиял ғалымның
шығармашылық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал
жасағанда, эксперимент жұмысын ұйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды
тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми
жұмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғылымның жолы
ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше
берілушілік — нағыз ғалымға тән қасиеттер. К. Маркс айтқандай, ғылымның
сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен
тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады.
Шығармашылық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады.
Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте шығармашылық қиялдың болмауы
мүмкін емес. Қиялдың бұл түрі, әсіресе, мұғалімдік қызметте ерекше орын
алады. А.С. Макаренко айтқандай: жеке адамның келешегін жобалауда мұғалім
шығармашылық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.
Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай, қиял
ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді. Психологиялық әдебиеттерде ырықсыз
қиялды пассив қиял, ырықты қиялды актив қиял деп те атай береді.
Ырықсыз қиял адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің
ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі
төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ояу кезде де ырықсыз
қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс
көруден байқалады. Көрген түстің қисынсыз шым-шытырық болатыны да — осы
ырықсыздықтан. Мұндай қиялдардың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін
босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр
нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан
кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағылып өтіп жатуы. Осы екі мысалдың
бірінші жағдайында — қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда
сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес— қиялдың пассив түрі.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі — ырықты қиял. Бұл — адамның алдына
саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер
тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады.
Ұшқыш, дәрігер, ғарышкер, мұғалім т. б. болып ойнауларына қарап, олардың
ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені, ырықты қиял еңбектену процесінде
дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын-ала көз
алдарына елестетеді. Оларды орындауға, қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде
жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырудың жолдары
бар. Олар — қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.
Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын
болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіштерге
байланысты туындайды. Мұндай қиялдың пайда болуында сөздік тітіркендіргіш
қызметін әр түрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар
атқарады. Ал бұл қиялдың психологиялық құрылысын іздестіріп көретін болсақ,
ол — екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші снгналдық бейнелерге
айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам басқа біреудің сол мұхитты
суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды.
Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы
заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету
болып табылады.
Қайта жасау қиялы — адамның ой-өрісін дамытып отыратын психикалық
процесс. Қиялдың бұл түрінің тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Мысалы,
оқырмандар Мұхтар Әуезовтың Абай жолы эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі
арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетіп,
пайымы кең, ақыл-парасаты терең кісілердің оқымаған адамдардың арасынан да
жиі кездескендігіне көз жеткізеді. Мектепте оқытылатын жеке пәндердің де
қайта жасау қиялын дамытуда мәні зор. Геометрия, сызу сабақтарында сызба
суреттердің мәнісі әрбір машина тетіктері, олардың қызметі, жұмыс принципі
арқылы түсіндіріледі. Қайта жасау қиялы адамның барлық қызметі мен іс-
әрекетіне қатысты. Өйткені, әрбір адам өзі істеген жұмысының нәтижесі мен
пайдасын күнілгері көз алдына келтіріп, қиялы арқылы оларға шолу жасайды.
Қайта жасау қиялы адамның білімі мен бұрынғы тәжірибелеріне сүйенеді.
Сөйтіп, қиялдың бұл түрі арқылы пайда болатын елестер алға қойған мақсат
пен тілекке сай екшеледі, бұрынғы қабылданған процестерді болмыстағы
шындықпен жақындатады.
Балалардың қайта жасау қиялын дамытып, нәтижелі іс-әрекеттеріне күшті
әсер ететін жайт — олардың алдына белгілі практикалық міндеттерді қоюы.
Айталық, заттың суретін салу немесе түрлі материалдардан сол заттардың
бейнесін жасау т. б. Мұндай істер балаларды сөзбен айтылған объектілерді,
нақты нәрселерді ұсақ-түйегімен қоса түгел елестетуге баулиды.
Қиялдың ең жоғары түрі — жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы
жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта
жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді. Адамның
шығармашылығы, ол жасаған туындылар — қоғаммен бірге дамуда рух беріп,
жігерлендіріп отыратын күш. Жасампаздық қиял — қоғамдық мәні бар жаңа, соны
өнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс!
Машиналардың жаңа түрлерін ойлап табу, бұрынғы машиналарды
реконструкциялау, мал тұқымын асылдандыру, өсімдіктердің жаңа түрлері мен
сорттарын өсіріп шығару, ғылымда, өнер мен әдебиетте, құрылыс пен халық
шаруашылығының басқа салаларында жаңалық ашу — мұның бәрі де шығармашылық
қиялға жатады. Мұндағы процеске тек қиял ғана емес, тұрақты зейін, әр түрлі
ойлау әрекеттері, ерік процестері т. б. әрекеттер де қатысады. Дегенмен,
ырықты қиял жетекші рөл атқарып, адамның барлық процестері мен істеріне жол
сілтейді.
Шығармашылық қиял арқылы жасалатын жаңа туындылар мен өнімдер әрқилы
жорамалдар жасап, көп ізденуді талап етеді. Алға қойған міндеттерді шешуде
көпке дейін нәтиже шықпай, іздеген образ жасалмайды, зат тетіктері
үйлеспейді. Шығармашылық қиялдану үстінде адамның іздегені күтпеген жерден,
кенеттен тууы да мүмкін. Адам басында көптен бері жүрген мәселенің
кенеттен, күтпеген жерден шешімін табуы, оған тиісті жауап алынуы
психологияда интуициялық процесс деп аталады. Интуиция латын сөзі —
шұғылданып қарау деген мағынаны білдіреді. Кертартпа психологтар интуицияға
іштен жарқырау не құдыреттің күшімен тану деген анықтама береді.
Дегенмен, бұл шындыққа жанаспайды. Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ,
дүниені интуиция арқылы танып білу — ми қабығының белгілі түрде атқаратын
қызметі. Бұл мәселені ғылыми-табиғи негізде дәлелдеп берген — И.П. Павлов
зерттеулері. Ол Ми алқабы көлемінің белгілі дәрежеде тежеліп жатқан
орталықтарында да синтездеу процесі жүріп жатады. Кезінде мұндай әрекет
адамға сезілмесе де, оның болып өткені — ақиқат. Сондықтан қолайлы бір
жағдай туа қалса, қайдан келгені белгісіз сияқты болып, даяр күйінде ол
шыға келуі мүмкін деген болатын.
Ғылыми жаңалықтарды, келелі мәселелер мен істерді шешуге керекті жаңа
байланыстар адам өзінің рухани қуатын сол проблемалар төңірегіне
шоғырландырғанда ғана туады. Міне, осындай жағдайда адамда шабыт пайда
болады. Шабыт билеген адам әрқашан да жемісті нәтижеге жетпек. Осы орайда,
ғылым тарихынан бірнеше мысалдар келтірейік:
Ерте заманда өмір сүрген ғалым Архимед заттардың салмағын ажыратып
білуді үйіндегі астауға шомылып жатқанда ашады. Сөйтіп, таптым — эврика
деп айқайлап, көшеге жалаңаш жүгіріп шығады. Ал ағылшын инженері Дж. Уатт
жаңа машина жасап шығаруды қиялдап жүргенде, пештің үстіндегі шәйнек
қақпағының қайнаған судың буынан діріл қағып, орнынан қозғалғанын аңғарып
қалады да, бұл не деген күш! деп таңданады. Осыдан кейін Дж. Уатт бу
машинасын ойлап тапты деген сөз бар. [5;31]
Кибернетика ғылымының негізін қалаушылардың бірі, атақты американдық
оқымысты Н. Вимер электрондық-есептеу машинасын адам миының қызметіне
негіздей отырып ойлап тапқан. Жалпы алғанда, ғылым мен техника, өнер мен
білім жаңалықтарының ашылуы адамның шығармашылық қиялының жемісі болып
табылады. Сондай-ақ, әрқилы құрал-саймандардың да адамның әр алуан іс-
әрекеттері нәтижесіндем жасалғаны белгілі. Мәселен, тырна — қолдың бес
саусағының бірігіп әрекет жасауының, ожау екі қолды қосып сұйықтықты ішудің
жемісі деуге болады.
К. Э. Циалковский: менің ғарышқа сапар шегу талабым фантастикалық
шығармаларды оқудан пайда болды. Ынта соңынан ақыл-ой әрекеті туды. Егер
ғылым тарапынан көмек келмегенде, тек ақыл-ой еш нәтиже бермеген болар
еді,— дейді.
Қазақ халқының ертедегі қиялы да ұшқыш кілем, таусоғар, көлтауысар,
желаяқ тәрізді басқа да кереметтер жөнінде қиял-ғажайып ертегілер туғызды.
Сол арман-тілектің көпшілігі бүгінде нақты шындыққа айналып отыр.
Қазіргі таңда ел қажеттілігін, мұқтаждығын өтеп отырған пойыздар мен
автокөліктер, ұшақ типтерінің сан алуан түрі – адамның жасампаздық және
шығармашылық қиялының жемісі.
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша
жаңа образдар жасау. Мұның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман
өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман шығармашылық
әрекетпен тікелей байланысты емес, ол шығармашылық қиялдың бірінші дайындық
сатысы.
Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты
ескерілуі қажет.
Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840-1868) шындық
пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның арманның іске
талпындыратын пайдасы туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені
адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бұл келешектің қиялы болмай,
бос лағу, құрғақ қиял болар еді. Мәселен, А. И. Куприннің Жекпе-жек
повесіндегі подполковник Ромашовтың қиялы дәл осындай, сүреңсіз, құрғақ
қиял: Ромашов өзінің бұл дүниеде өмір сүргеніне қапаланатын. Ол
офицерлердің өктемдігінен қорланатын, солдаттардың қорғалақтаған кейпін,
бастықтардың ақырып-жекірген жүзін көргенде, жаны түршігетін. Тек қайдағы
бір жоқ қиял басын айналдыратын кезде ғана оның жаны біраз тыншитын. Түк
те емес! Өмір әлі алдымда! деді ішінен Ромашов, сүйтті де өз ойына
масаттанған ол аяғын нығырақ басып, кеудесін кере дем алып, ілгері қарай
жүріп кетті. Ерегістіргенде ертеңнен бастап кітапқа отырамын да, дайындалып
академияға түсемін. Еңбек! О, еңбек етсең ойың алғаныңа қолың жетеді, тек
өзіңе-өзің берік болсаң болғаны. Күні-түні жаттаймын демей, жынданған
адамша жаттаймын. Жұрт ойламаған жерден емтиханды үздік тапсырамын.Сонда
жұрттың бәрі- ақ: таң қалатын несі бар бұған? Мұның өнері осындай
болатынын күні бұрын-ақ білгеміз. Өте қабілетті, сүйкімді, өнерлі жас жігіт
емес пе? — дер. Ромашов қолма-қол өзін бас штабтың келешегі мол, оқымысты
офицерімін деп санады, оның аты академиядағы алтын тақтаға жазылған.
Профессорлар оның келешегі зор деп үміттенеді, академияда қалуды ұсынады,
жоқ, ол қалғысы келмейді, ол стройға бармақшы. Ротаға командашы болу
мерзімін бітіруі керек, әрине, өз полкына баратынына да сөз жоқ- Міне, ол
полкқа келді - тамаша, кішіпейіл, ақ жарқын, сүйкімді, әдепті, өткен
жылдағы маневрде бас штабтан келген, болмаса суретген көрген офицерлерге
ұқсайды...
Бас штабтың жанып тұрған офицері Ромашов қызмет бабымен біртіндеп
өрлей береді. Подпоручиктің қиялында маневрлер көрінеді, ереуілдерді басуға
қатысады, соғыстағы ерлік істері елестейді... үйіне қалай келіп қалғанын
өзі де сезбей қалды, қызу қиялдан есін жинап алып, өзіне таныс қақпаға,
сиректеу өскен жеміс бақшасына, оның ар жағыңда, бақшаның түкпіріңде тұрған
кішкене ақ үйге таң қала қарады:
—Адамның басына неше түрлі ой келе береді екен-ау!— деді ол, өзіне-
өзі ұялғандай сыбырлап. Мойнын созып, кеудесін керіп, иығын көтеріп келе
жатқан бетте, басын мойнына тыға қойды .
Осы үзіндіде енжар селсоқ адамның психологиясы өте шебер суреттелген.
Мұндай адам жарқын болашақ үшін күреспейді, тек мойнына су кеткен кісідей
мүлгіп отырады да кояды. Қиыны да, қызығы да мол өмір ондайларды
қызықтырмайды, олар күрес ауыртпалықтарын, қайғы-қасірет дегендерді
білмейді, қиялдағысын тілегі орындалғанға ұқсатып жүре береді. Ромашов
секілді адамдарды құрғақ қиялдаушылар деп атайды.
Әрбір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай білу
қажет. Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске
талпындырады. Сондықтан да халық: Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ деп өте
тауып айтқан.

ІІ Тарау. ҚИЯЛ БЕЙНЕЛЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қиялдағы дара айырмашылықтар

Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып
отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі
схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін
жасау) тәсілдері жиі кодданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың
қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық
бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің,
машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңіл танк,
аэрошана — суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады.
Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка
үндістерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.
Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола .
Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп
көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада
белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады.
Ертегілерді, киял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады.
Мәселен, Д. Свифтің Гулливердің саяхатындағы ергежейлілердің, В.
Маяковскийдің 150000000 поэмасындағы капиталистердің көсемі В. Вильсонның
бейнелері гипербола әдісімен жасалған. Мұнда, сондай-ақ, тұтас заттың жеке
бөліктерінің саны өзгертіледі, олардың орны ауыстырылады. Мәселен, үнді
мифологиясындағы көп қолды құдайлар мен жегі басты айдаһардың бейнелері
осылайша құрастырылған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі нәрсенің
бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша
жасалынады. Егер заттардың айырмашылықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына
көбірек көңіл бөлінетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Сурет
өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.
[6;15]
Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік
образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі:
Бір жұмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дұрыс суреттеп жазу
үш жүз, екі жүз шамалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиял – психикалық процесс ретінде
Қиялдың түрлері
Қиял анықтамасы
Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік
Қиял процесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту
Жеткіншек жастағы балалардың қиял ерекшеліктері
Бала қиялын дамыту
Бала қиялын дамытудың маңызы
Пәндер