Қимақ тайпаларының конфедерациясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қимақ тайпаларының конфедерациясы

2. Қимақ қағанатының құрылуы

3. Қмақтардың мәдениеті

4. Шаруашылығы

ІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Күйреген Батыс түрік қағанатының орнында көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар қазіргі Қазақстан аумағында құдіретті үш мемлекет: Жетісуда - қарлұқ этникалық-әлеуметтік бірлестігін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларында - Оғыз державасын, ал Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанда - Қимақ қағанатын құрды.

Қимақтар тарихының ертедегі кезеңі қытай деректемелерінде VII ғасырдағы батыс түрік ортасында болған оқиғаларға қатысты атап өтілген яньмо тайпасымен байланысты айтылған. Синояогтар яньмоны йемек (имек) тайпасына балайды, ол, зерттеушілердің көпшілігі шамалайтындай, қимақ атауының фонетекалық бір түрі болып табылады. Зерттеушілердің қимақтар мен қыпшақтарды бір халыққа балап жүрген пікірі қате, өйткені орта ғасырлардағы жазбаша деректемелердің мәліметтері оларды екі жеке, бірақ туыс түркі тілдес этнос ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар VII ғасырдың бас кезінде Қобда алабында, солтүстік-батыс Монғолияда мекендеген. Олардың шығысында оғыздар болып, ал оңтүстігінде түргештер мен қарлұқтар қоныстанған. VIІ ғасырдың ортасына таман имектер (қимақтар) Алтай тауларынан солтүстігірек жатқан аудандар мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Бұл тайпа 656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін оқшауланған еді. Шынына келгенде, қимақ тайпалық одағының ұйытқысы нақ осы кезде пайда болады. Қимақтар тайпасы басшысының «шад-түтік» деген атағы болғану. «Шад» және «түтік» деген атақтар түріктер арасында кеңінен мәлім және VІІ-ІХ ғасырлардағы ертедегі түріктердің руналық жазбаларында талай рет айтылады.

VIІІ ғасырдың екінші жартысы - IX ғасырдың басында қимақ тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста, Оңтүстік Оралға (негізінен, қыпшақтар), оңтүстік-батыста Сырдария аңғары мен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүстік-Шығыс Жетісу шегіне қарай көшеді. 766 және 840 жылдар ара-лығында қимақтар Батыс Алтай, Тарбағатай және Алакөл ойпаты аумағы-на ірге теуіп, Шығыс Түркістанда мекендеген тоғыз-ғұздардың солтүстік шектеріне дейін және олардың арасындағы шекара Жоңғар жотасының бойымен өткен.

840 жылы Орталық Монғолиядағы Үйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған кірген тайпалардың бір бөлігі (эймур, байандұр, татар) қимақ бірлестігінің ұйытқысына қосылады. Жеті тайпа құрамындағы қимақ федерациясы нақ сол кезде қалыптасады. Енді қимақ тайпаларының басшысы «байғу» (ябғу) атымен атала бастады. Ябғу атағы өзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған. Түркі тілдес түрлі халықтардың - қарлұқтардың, оғыздардың, ұйғырлардың және басқаларының билеуші үстем топтарының ябғу атағы болғаны мәлім.

Қимақ тайпаларының конфедерациясы полиэтникалық құрылым болды, оған түркі тілдес тайпалармен қоса, сірә, татарлардың түріктеніп кеткен топтары да кірген болса керек, ал татарлардың бірлестігі (тоғыз-татар) соның алдындағы уақытта Орталық Азия тоғыз-оғыздарының құрамында олармен тығыз саяси және мәдени байланыста болған еді. Қимақ тайпаларының одағы қандас-туыстық байланыстарға негізделген құрылымға айна-лған жоқ, қайта аумақтық-әкімшілік қатынастар принциптеріне негізделді. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, қимақтар бірлестігі рулық-тайпалық құрылымдардан жоғары түрды, өйткені ондағы тайпалар бір-бірімен иерархиялық және вассалдық қатынастармен, қоғамның қатаң регламенттелген негіздерімен байланысты болды.

IX ғасырдың басында қимақтар Сырдарияға қарай жылжыды, сонан соң қарлұқтармен одақтаса отырып, оғыздардың кангар-печенег тайпаларын жеңіп, оларды Сырдария мен Арал өңірінен ығыстырып шығаруына көмектесті.

Қимақ қағанатының құрылуы. VIII ғасырдың екінші жартысы - IX ғасырда қаулаған оқиғалар қимақтардің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды. Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір-бірімен соғысып жатады. » Ибн әл-Факихте (X ғ. ) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлықтүріктердің ең күштілері - оғыздардың, тоғыз-ғұздардың және қимақтардің патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді» деп хабарлайды.

Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басында қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған - түріктердің ең басты патшасы. Қаған - хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», - дейді X ғасырдағы ортаазиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.

Сонымен, қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (ұлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.

Қимақтар қағанының қолында нақты билік болды, ол өз мемлекеті шегінде билеушілерді тағайындаған, ал олар тайпа шонжарларының өкілдері болған. Қағанның билігі ғана емес, сонымен қатар оның айналасындағы тайпа ақсүйектерінің билігі де мұрагерлік бойынша өтіп отырды. Қимақ қағанының он бір басқарушысының үлестері мүра бойынша сол басқарушылардың балаларына беріліп отырған.

Тайпалық бірлестіктер құрылған кездегі сияқты қимақ қағанатының құрылу үрдісінде де әскери институттар зор рөл аткарды. Басқарушылар сонымен қатар әскери жетекшілер де болып, олар қағаннан қызметі үшін үлестер алып отырды. Үлестік иеліктер әскер жасақтап отырды. Бұл үлестердегі этникалық орта, негізінен алғанда, көбінесе белгілі бір тайпаның өкілдерінен құралды. Үлестік-тайпалық жүйе қоғамдық құрылыстағы ірі өзгерістердің салдарынан туды. Әдетте, үлестердің иелері қимақ қағанына бағынышты болды. Әскери және әкімшілік негіздердің біріктірілуі салдарынан ірі тайпалық бірлестіктерді басқарып отырған билеуші көсемдер көшпелі жеке шаруашылығын нығайтуға және өздерінің саяси салмағын орнықтыруға үмтылып отырды. Олардың кейбіреулері қолайлы жағдай туғанда мемлекеттегі жоғарғы билікті басып алуға ұмтылған жартылай тәуелді «хандарға» айналды. Қимақтар елін суреттеген кезінде Шығыс Қазақстан даласында туған, қимақ қағанының ұлы Жанақ ибн Хакан әл-Қимақи (X немесе XI ғғ. ) жазған кітапты пайдаланған араб географы әл-Идриси (XII ғ. ) қимақтарде осындай «хандар» басқаратын бірқатар дербес иеліктер бар екенін жазады. Олардың ордалары айнала дуалмен қоршалған қалалар, мықты бекіністі сарай-қамалдар болған, олар көбінесе биік жерлерге орналасқан. Бұл қалалар мен бекіністерде «хандар» көптеген әскер үстаған. Олардың байлықтары мен қоймалары қалаларда және адам жете бермейтін таулы аймақтарда орналасқан, «ханның» (малик) нұсқауы бойынша мұқият қорғалатын бекіністерде сақталды. Қимақтар қағанының орталығы, оның ордасы Имекия (немесе Қимақия) қаласында болды, ол темір қақпалы дуалмен бекітіліп, қоршалды. Қалада оның сансыз көп әскері мен қазынасы болды. Шынына келгенде, қаған билігі мен мемлекеттік өкімет арасында айырмашылық болған жоқ.

«Худуд әл-аламның» (X ғ. ) он бір басқарушысы туралы мәліметтері, сондай-ақ әл-Идрисидің «қимақтар қағанында хаджиб, уәзірлер, әділетті және жақсы мемлекеті бар» деген хабары қимақтарде мемлекеттік басқару аппараты болды деп айтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік өкімет қаншалықты қарапайым болғанымен, алайда, ол ең алдымен қоғамның әлеуметтік жіктелуінің нәтижесі. Орта ғасырлардағы деректердің жанама деректері қимақ құрылымындағы әлеуметтік саралануды айқын дәлелдейді. Парсы тарихшысы Гардизи (XI ғ. ) қимақтар арасындағы көшпелілер «өз мырзаларының малын бақты» дейді, сондай-ақ «қысқа арнап олар (яғни қимақтар) әрқайсысы өзінің шама-шарқына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады» деп атан көрсетеді. Әл-Идрисидің жазуынша, тек шонжарлары ғана қызыл және сары жібектен киім кие алған, сол арқылы олар өздерінің қатардағы көшпелілерге қарағанда артықшылық жағдайын көрсеткен. Нақ сол авторлардың мәліметтеріне қарағанда, қимақтардың қалаларында атты әскермен қоса жаяу әскер де болған. Жаяу әскерлер контингентінің әдетте адамдардың екі тобынан: күйзеліске ұшыраған көшпелілер мен тұтқындардан тұрғаны күмәнсіз. Қимақ тайпаларының қабірлерінен табылған археологиялық материалдар да жерленген адаммен бірге салынған құрал-сайманның құндылығы мен көлемі әр түрлі екенін айқын дәлелдейді.

Қимақ қоғамындағы мал-мүлік теңсіздігінің әбден дендеуі, бір жағынан көшпелі аристократияны шығарса, екінші жағынан - қарапайым көшпелілердің қалың бұқарасын күйзеліске ұшыратты. Сірә, малынан айрылған көшпелілердің бірқатары Махмұд Қашғаридің айтқанындай отырықшылыққа (ятұқ) көшуге мәжбүр болса керек.

Ятұқтар қолөнерін, балық аулауды кәсіп етті, қыстауларға орнығып қоныстанды, көшпелі ордалардың төңірегіндегі шағын мекендерде тұрды, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналды.

Қимақ мемлекетінде алым-салықтың болғанын түріктердің өндірген алтынынан билеушінің міндетті түрде үлес алу фактісіне қарап топшылауға болады.

Қимақтарде жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулаф-тың мына сөзінен көреміз: «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жаза-ды. » Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мүнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған болуы керек. Мүны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар - мезгілі IX-X ғасырларға қатысты түрік жазулары бар қола айналар да көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қимақтар Қазақстан аумағында
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
ҚЫПШАҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІРЛЕСТІГІ
Қыпшақ дәуіріндегі Қазақстан
Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру
Қыпшақ мемлекетінің саяси-әкімшілік орталығы
Қарлүқтар батыста
Қазақстан түркілер дәуірінде X - ХІІІ ғғ
Түркі қағанаты
Қыпшақтардың этникалық және әлеуметтік - саяси тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz