Ығысу деформациясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРДЕ БОЛАТЫН ДЕФОРМАЦИЯ ТҮРЛЕРІ
Қатты денелер өздерінің пішінін сақтайды. Бірақ олар өздеріне түсірілген
күштердің әсерінен пішіндерін өзгертеді, яғни деформацияланады. Деформация
неге тәуелді? Олардың қандай түрлері бар?
Қатты дене деформациясы. Дене тшінінің немесе көлемінің өзгеруі
деформация деп аталады. Резеңке бауды ұштарынан тартып көріңдер. Сонда
баудың бөліктері бір-біріне қатысты орын ауыстырады; бау деформацияланған
күйге көшеді, яғни бау ұзарады және жіңішкереді.
Резеңке бауға күш әсері тоқтатылса, ол қайтадан бастапқы қалпына келеді.
Сырпғқы күштер әсері тоқталғаннан кейін толық жойылатын деформациялар
серпінді деформациялар делінеді. Резеңке баудан басқа, серіппе, соқтығысқан
болат шарлар және т.б.лар да деформацияға ұшырайды.
Енді пластилин кесегін алақанымызға салып қысайық. Қолымыздағы пластилин
оп-оңай кез келген пішінге келеді. Ал пластилиннің бастапқы пішінге келуі
жүзеге аспайтыны өзі-нен өзі түсінікті. Бұрын қандай пішінде болғаны
пластилиннің есінде де жоқ.
Сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін жойылмайтын деформациялар
пластикалық деформациялар деп аталады. Тіпті бір шамалы (бірақ қысқа
мерзімді емес) әсерлердің өзінде балауыз, пластилин, балшық, қорғасын
пластикалық дсформацияға ұшырайды.
Созылу деформациясы (сығылу). Егер бір ұшы бекітілген фртекті
стерженьге оның осі бойымен, өзінең тысқары бағытта Ғ күшімен әсер
етсек), онда стержень созылу деформациясына ұшырайды. Созылу
деформациясы абсолют ұзарумен және салыстырмалы ұзарумен сипатталады:
мұндағы о— бастапқы ұзындық, ал — стерженьнің соңғы ұзындығы.
Трос, арқан, көтеру құрылғыларындағы шынжыр, вагондар арасындағы тіркеме
т. б. созылу деформациясына ұшырайды. Аз ғана созылу деформациясында
көпшілік денелердің деформациясы серпінді болады.
Созылғанда немесе сығылғанда дененің көлденең қимасының ауданы өзгереді.
Мұны алдын ала металл сақина кигізілген резеңке түтікті созу арқылы
байқауға болады. Түтікті қаттырақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Серпімді деформация
Қатты денелер жайлы түсінік
Коллоидтық жүйелердің реологиялық қасиеттері
Нүктедегі деформацияланған күй теориясы
Қатты денелерді сынау әдістері
Металды кесу туралы жалпы мәліметтер
Деформация
Көлденең күш пен июші моменттер
Электрлік ығысу
Серпімді деформациялар
Пәндер