Этикалық тәрбие істері
Жоспар:
І. Кіріспе:
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы
2.2. Тәрбиенің комплекстігі
2.3. Тәрбиелік істер
2.4. Әлеуметтік бағдарлық тәрбие істері
2.5. Этикалық тәрбие істері
2.6. Эстетикалық және дене шынықтыру тәрбие істері
2.7. Экологиялық және еңбектік тәрбие істері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
І. Кіріспе
Тәжірибеде теория технология көмегімен іске асады. "Технология" сөзі
"техно" - өнер, шеберлік және "логос" - ғылым деген сөздерден құралған.
Технологияның өндірістік процестегі мәні — бұл қолдану кезінде алдын-ала
белгіленген нәтижеге жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар
алуға керек болар ғылыми-өндірістік әдістер, құралдар мен алгоритмдер
жүйесі. Қазіргі өндірістер осы технологияға негізделеді. Технология – бұл
өндірістің қол жеткізер деңгейінің шоғырлы көрініс белгісі, ғылыми
жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нәтижесі. Кез-келген іс-әрекет негізінде
технология немесе өнерлік сипат бар. Өнер интуицияға негізделеді, ал
технология ғылымды арқау етеді.
Технология әзірге жасалынбаса, онда жеке шеберлік үстем алады. Бірақ
ерте ме, кеш пе "ұжымдық шеберліктің" жинақты көрінісі технологияға
айналады.
Соңғы кезге дейін "ой шығармашылығы", оның ішінде адам тәрбиесі де
технология түсінігінен тыс болатын. Қазіргі педагогикалық теория
технологияның мақсаттылығын рационалды, яғни ұтымды екендігін мойындайды,
бірақ мектеп өндірісіндегі технологияның механикалық түрде өтуімен ешбір
келіспейді.
Мектеп тәрбиесі мен өндіріс түсінікгері бір-бірінен алыс емес. Өндіріс
сияқты мектепке де қоғам өзінің әлеуметтік тапсырысын жасайды, өндірістегі
сияқты мектептің де алдына қойылған міндеттеріне сәйкес белгілі материалдық
базасының болуы көзделеді. Осы міңдеттерді шешуге өндірістегідей тәрбие
процесіне бағытталады. Бұл процестің негізі – жоспарланған нәтижеге жету
тәсілдерімен, сол тәсілдердің моделъденуімен, адамдар іс-әрекет және
қылығын басқарумен байланысты педагогтардың тәрбиелік іс-әрекеті. Мұндағы
педагогтардың басқару іс-әрекеті өндірістегідей жүйенің жағдайы және оның
жүргізілу пәрменділігін сипаттайтын ақпараттар негізінде іске асырылады.

Мектептегі тәрбие жүйесі сонымен бірге өндіріс секілді қоғамдық
мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді
шешуге, педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын түзеді, яғни әртүрлі
іс-әрекеттерін басқару ұйымдастырып, сонымен бірге оларды орындаушыларды
қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін коммуникативті желіні іске қосады.
Бірақ адам тәрбиелеу технологиясының өзіндік ерекшеліктері болатынын
ескеру қажет. Өндірістегі қарапайым да анық жұмыс барысына қарағанда
мектептегі технологияның күтілмеген күрделі жәйіттері мен белгілері сан
қилы, олар:
1. Тәрбие процесінің өндірістік процестен айырмашылығы оның біртұтас
болуында. Тәрбие процесін жеке операцияларға бөліп-жаруға, жеке қасиеттер
қалыптастырып, педагогикалық ықпалдарды кішігірім қадамдар ретінде іске
асыру қиынға соғады. Тәрбиелік ықпал бірізді — параллель схемада емес,
комплекс түрде орындалады.
2. Сапаларды қалыптастыру әдістемесін, яғни "технологиялық операцияларды"
игеруші тұлғаларды тәрбиеге тарту мәселесін ете байыппен, салмақты шешу
керек. Тәрбиеші алдында технологиялық процесті басынан аяғына дейін жүргізу
қажеттілігі тұрады, яғни тәрбие жалпы технологияға негізделген жеке
шеберлікпен ұштасады.
3. Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ, ол тұлганы жан-жақты
қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезендерімен толық қабылдануы
тиіс. Оларды анықтап, нәтижеге жету бағыт-бағдарын көрсету педагогика
ғылымының міндеті. Тәрбие мәселелерін технологиялық шешуде әрбір тәрбиеші
мақсатқа қол жеткізудің мехнатты жолын алдын-ала белгіленген өзекті
нүктелердің арасында әрбір тәрбиеші өз мүмкіншілігіне және нақты
жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады.
Қазіргі тәрбие тәжірибесі өзінің өтпелі кезеңінде тұр. Тәрбиешілердің
көбі ғылыми технология бойынша жұмыс істеуді әлі де мойынсынбайды, бірақ
тәрбие міндеттерін шешудің жекелей интуитивті жолынан жалпы бұрылыс көрініс
бере бастады. Пайдасы көп, сарапталған технологиялық жаңалықтарды енгізуге
педагогтар қауымы ыңғай танытуда.
2. 2. Тәрбиенің комплекстігі
Тәжірибелік технологиядағы біртұтас тәрбие процесі оның құрылым
бірліктерін комплексті түрде қабылдау арқылы іске асырылады. Комплексті
ықпал тәрбиелік мақсаттардың, міндеттердің, мазмұнның, әдістер мен
формалардың бірлігін білдіреді.
Комплексті қажеттік тәрбие теориясы мен мектептегі тәрбие жұмысы
тәжірибесінің соңғы 10 жылдықта жетекші процестердің бірігейі ретінде
танылуына байланысты болды. Бұл процестер уақытында өз бетінше
ұйымдастырылатын, сонымен өзінше жетілетін құбылыс деп есептелінді. Осыдан
бұл процесте біртұтас тұлғаны қалыптастыруға емес, сол тұлғаның жеке-дара
қасиеттерін қалыптастыруға көп көңіл бөлінді. Тұлғаны жан-жақты, үйлесімді
дамыту принципі бұзылды.
Қазіргі тәрбие технологиясы комплексті бағыт мәселесін шеше отырып
мынадай талаптарды орындайды:
1. Тәрбиеленушілерге үш бағытта, яғни санасына, сезіміне және қылықтарына
әсер ету.
2. Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.
3. Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі — тәрбиеге
комплексті түрде қараудың кезек күттірмес шарты.
4. Тұлғада берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі арқылы қалыптасады.
Бұл істер бір арнаға бағытталып, процестегі ой, дене, адамгершілік,
эстетикалық және еңбек тәрбие міндеттерінің бір мезетте орындалуын талап
ететін нақты комплексті сипатта болуы қажет.
5. Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны басқарудың
жүйелілігін талап етеді. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар мен олардың
өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бұл
факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы педагогтың айқын түсінігі
болуы шарт.
Негізгі факторлар қатарына жататындар:
1) оқушының өмір сүру қалпы;
2) әртүрлі аймақтардың өмір сүру жағдайлары мен дәстүрлері;
3) бұқаралық ақпарат және насихат құралдары;
4) ұжымның өмір сүру жағдайы мен даму деңгейі;
5) оқушының ұжымдық қатынас жүйесіндегі жағдайы;
6) тәрбиеленушінің жеке және тұлғалық ерекшеліктері.
Тұлғаны толық қалыптастырудағы комплекстік осы жағдайлардың біріккен
сипаты ретінде ескерілгені жөн.
Тәрбие комплекстігінің маңызды шарты — тәрбие мақсаттарының,
мазмұнының, формалары мен әдістерінің бірлігі. Мұндай бірлікке келген ой
мен әрекеттің қара-қарсылықсыз орындалуы және алға қойған мақсат, міндеттің
нәтижелерімен сәйкес келуі комплекстіліктің жоғары деңгейде іске асқаны.
2.3. Тәрбиелік істер
Тәрбиенің жүйелілігі, комплекстілігі, бірізділігі, үздіксіздігі
"тәрбие ісі" деген түсінік береді. Бұны соңғы кезде теоретиктер мен
практиктер көп қолданып жүр. Тәрбие ісі – тәрбиеленушілердің нақты іс-
әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың бір түрі (формасы). ТІ ең басты
ерекшеліктері – қажеттілігі, пайдалылығы, міндетті орындалатындығы.
Тәрбие процесі үздіксіз жалғасты ТІ-нен тұрады. ТІ ұжымдық және
шығармашылық сипатта болатындықтан және ұжымдық тәрбие істері (ҰТІ) немесе
ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады. ТІ-де тәрбиеші мен
оқушылардың өзара әрекеттерінің формасы, құралы және тәсілдері үйлесіп
келеді.
ТІ өз құрамында адамгершілік, эстетикалық, саяси, ақыл-ой әсерлерін
топтастырады. Іс-әрекеттік тұрғыдан ТІ тәрбие бағытын көрсетсе, комплексті
қолдаудан тәрбие сипаты мен мазмұнын анықтайды.
ТІ білім жүйесіне сәйкес, негізінен сабақтас құралады. Кез келген ТІ
кезеңдері:
1) мақсат анықтау;
2) жоспарлау;
3) дайындық және ұйымдастыру;
4) жұмыстың міндетті түрде іске асуы;
5) нәтижелерді талдау.
ТІ-нің мақсаты мен жоспарлауының негізгі көздері:
1) қоғамдық жағдайларға негізделген әлеуметтік ситуациялар;
2) белгілі бір кезеңге арналған оқу-тәрбие мекемесі жұмыстарының
бағыты;
3) тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама.
Осындай негізгі көздердің бәрі ТІ-нің өмірлік күшін толықтырады, оның
нақты бағыты мен көкейтестілігін айқындауға кемектеседі. Осының арқасында
төмендегі сұрақтарға оңды жауаптар беріледі:
а) Тәрбиелік ықпал бағытталатын ұжым сипаты қандай?
б) Оның осы бағыттағы даму деңгейі қай дәрежеде?
в) Істерді орындау барысында неге қол жеткізу керек?
г) Жоспарланған нәтижеге қандай тәрбие құралдар жүйесі арқылы жетуге
болады.
ТІ педагогикалық тәжірибесін жалпылау арқылы келесі әдістемелік
ережелерді ұсынуға болады:
1. ТІ-нің міндеттерін терең түсіну.
2. ТІ педагогикалық іс-әрекетке нақты және комплексті назар сала білуден
құралады.
3. Процесте ТІ-нің міндеттері шешімінің баламалылығын қолдау қажет.
4. ТІ-нің міндеттері мен жағдайларына қарай мазмұнын анықтап алу өте
маңызды.
5. ТІ әр кезеңіндегі істер мен құралдар рационалды түрде жобаланады.
6. ТІ дайындық кезінде мейлінше ұйымдастыру сапасына мән беру керек.
7. ТІ көптүрлілігі міндетті.
8. ТІ оқушылар көңілінің ең әсерлі қозғаушы күші ретінде қабылдануы тиіс.
9. ТІ "сіңірлі" дәстүрге көнбейді, икемділік және тапқырлықтың кендігі – ТІ-
нің өзіндік ерекше белгілері.
Жоспарлау кезеңі мақсаттық кезеңнен кейін келеді. Ол мақсаттық
кезеңнен теориялық жағынан бөлінгенімен, практикалық жағынан үздіксіз
процестің құрамды бірлігі. Бұл кезеңде педагог алдында тұрған маңызды
міндет — тәрбиеленушілермен бірге барлық бөлшектердегі жұмыс бағытын
белгілеу, оқушылардың жеке міндеттерін айқындау, орындалған істің қалай
өткенімен бірге, енді істелінетін істің қалай жасалатынын көрсету.
Тәрбие істерін жоспарлауда оқушылар да ат салысып, жұмыс жоспарын
ұйымдастыру мектебінен өтеді. Сол үшін жұмыс жоспарының тәжірибелік мәнін
жете түсіндірудің маңызы зор.
ТІ ұйымдастыруда мұғалімдер басшылыққа алатын 6 теориялық кезеңі
ұсынылады, олар:
1) мақсатты айқын түсіну;
2) әрбір оқушының міндетін дәл анықтау;
3) мақсат пен нәтижеге қол жеткізу үшін барлық қажеттікті дайындау;
4) нәтиже өзгерісіне орай орындалатын қосымшаларды белгілеу;
5) ТІ-не жауапкердің есеп беру сәтін белгілеу;
6) орындаушыларға түсініктеме-нұсқау беру.
ТІ – ұйымдастыруға қатысу тұлғаның төмендегідей маңызды қасиеттерін
тәрбиелейді:
а) мақсатқа жетуде шаршап-шалдықпау;
б) жауапкершілік;
в) бастаған жүмысын аяғына дейін жеткізу;
г) тәртіптілік;
д) орындаушылық.
ТІ-нің барлық процестерін орындау кезінде, ескерілетін жәйттер:
1) тәрбиеші бастаған ісін оның аяғына дейін назардан тыс қалдырмауы
міндетті;
2) ТІ-і кезінде тәрбиеші дұрыс бағыт-бағдар ұстануы қажет;
3) байқалған қателіктер дер кезінде түзелуі шарт.
Істің қорытындылау кезеңі ұжымдық талқылау мен жеке педагогикалық
сарапқа бағытталады. Қойылатын мақсат — жетістік пен кемшіліктердің
себептерін анықтау. ТІ талдау схемасында ескерілетін мәселелер:
1. Жоспарда ТІ дайындау мен өткізудің барша бағыт-бағдары ескерілген бе?
2. Ұйымдастыру деңгейі көзделген мақсаттар мен міндеттерге жауап бере ме?
3. Мазмұн мақсаттарына сәйкес келе ме?
4. Жоспарланған істерге сәйкес қор жеткілікті ме?
5. Істің қай бөліктері жақсы нәтиже берді, не себепті?
6. ТІ жоспарлы уақыты сақталды ма?
7. Орындалу мерзімін кім және неліктен өзгертті, не бұзды?
8. ТІ жүйелі болды ма, әлде кездейсоқ байланысқан бөліктермен шектелді ме?
9. Жаңалықты енгізудің пайдасы қаншалықты болды?
10. ТІ-нің эмоциялық жағы оның бастау ниетіне сай ма?
11. ТІ-нің сапасы қанағатанарлық па, оқушылардың оған қатынасы қандай және
толғандыра ма?
12. ТІ қатысқан ұжымның әрбір мүшесі қандай бағаға лайық?
13. Оқушылардың әрекет-қылығы ТІ-ге қаншалықты сәйкес болды?
14. Педагогтың кейбір әрекетіне оқушылар қарсылығы неліктен туындады?
15. Кезекті ТІ-де неден аулақ болған жөн?
16. Келесі ТІ-ге қандай жаңалықтар енгізу қажет?
2.4.Әлеуметтік бағдарлық тәрбие істері
ТІ мақсаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: этикалық, әлеуметтік
бағдарлы (ӘБ), эстетикалық, танымдық, спорт және дене тәрбиесі, экология,
еңбек және т.б. Қоғамдық маңызы бар қасиеттерді тәрбиелеу мақсатындағы ТІ-
ін ӘБ деп атайды. Бүл бағыттағы ТІ-дің негізгі мақсаты – оқушыларда
әлеуметтік қатынастар жүйесін қалыптастыру: қоғамға, мемлекеттік басқару
және құқық мекемелеріне.
Тұлғаның негізгі қоғамдық сапаларының мазмұны қандай? Маңыздысы -
қоғамда, мемлекетте, әлемде болып жатқанның барлығына жеке азаматтық бағам
білдіре алу. Азаматтық борыш қазіргі жағдайда аса көкейкесті мәселе. Бұл
сапа тәртіптілікпен, яғни тұлғаның маңызды әлеуметтік-адамгершілік
қасиетімен тікелей байланысты.
Тәртіп негізінде ғана әлеуметтік қатынасты ұғута болады. Тәртіптілік
әр адамның қоғам нормалары мен қылық ережелерін саналы орындау
әрекеттеріңде көрінеді.
Саналы тәртіпті үйретудің негізгі жолы - ТІ-ін ұйымдастыру.
Бұл жұмыстың мақсаты - оқушылардың мінез-құлық ережесін, күн тәртібі
талаптарын сақтауын, өмірлік іс-әрекеттер тәртібін орындауға үйрету. Сол
үшін әрбір оқу орнында мінез-құлық ережелері белгіленеді. Ал бұл ережелер
бір жағынан — қоғамдық мораль принциптерін танытса, екінші жағынан — сол
оқу орнының жұмыс ерекшелігін білдіреді.
Оқушылардың өмірі мен іс-әрекетінің тәртібін күн ережесі деп атайды.
Күн ережесі – бұл үздіксіз орындалатын ТІ. Ереже талаптарын орындау —
тәрбиенің нәтижелілігі, ол тұлғаның тұрақты әдеттерін тез дамытады.
Қажет болған жерде ереже өзгереді. Ереже сипаты:
1) тәрбиеленушінің өмір жағдайына сай әрі үйлесімді, оның
мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне сәйкес болуы керек;
2) дәл белгіленген мерзімде барлық іс-әрекеттің бірге орындалуын
міндеттейтін болуы қажет;
3) нақты;
4) шынайы орындалатын әрекеттерді қамтуы шарт.
ТІ табысты болуына арқау тәртіптілік бағытындағы жалпы талаптар:
1) әрбір жаңа іс бұрынғыға негізделе отырып, сапалы тәртіп дайындығы
процесін жоғары деңгейде жалғастыруы міндетті;
2) олар жалпы принциптерге сәйкес, бірақ стандартқа қатып қалмай, орын
және уақыт жағдайларын ескеруі шарт;
3) тұлға тәрбие бөлшектеліп емес, біртұтас жүретіндіктен, тәрбие
істері де белгіленген нақты, жинақы жүйеде орындалуы қажет.
Егер тәртіптілік сапасы үнемі өзгеріп жатса, онда педагог мінез
ауысуларының қайда, қашан басталғанын зерттеп үйренуі керек. Педагог
шеберлігі ТІ белгілі кезеңде жаңа сапаға бағыттай алуынан көрінеді.
ТІ-ін дұрыс ұйымдастыруға кедергі жасайтын себептер:
1) Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының нашар құрылуы.
2) Тәрбие жұмысының бір жақтылығы, яғни тәртіптілік басқа сапалардан
бөлініп қалады немесе оларды кезекпен дамыту ұстанымы белең алады.
3) Тәрбие жұмыстарында науқаншылдықтың жеңіп, бірізділіктің болмауы.
4) Тәрбиешінің оқушылармен қатынасындағы мәдениеттің кемдігі.
5) Формализм, педагогтың тек әсіре көрсеткішке көңіл бөлуі.
6) Тәртіпке шақыру жолдарын пайдаланудағы қателік: орынсыз төмен не асыра
бағалау.
7) ТІ-де әрекеттердің келісімді жүйелі болмауы, басты проблема тасада
қалып, елеусіздеріне үміт арту.
Өмірлік ұстаным (позиция) — бұл ішкі наным, тұлғаның қоғамға
субъективті қатынасын көрсететін, оның дүниетанымдық, моральдық,
психологиялық сапаларынан шығатын сана-сезім бағдары. Адамның өмірлік
ұстанымы белсенді (активті) және енжар (пассивті) болып келеді. Белсенді
тұлға болып жатқан жағдайға немқұрайлы қарай алмайды. Ал енжар бағдарлы
адам дайын көзқарас, құндылықтар мен әдет-қылық үлгілерін қабылдайды,
оларды сана талдауына салалайды, қайшылықтары аз, тіпті жоқ жолды таңцайды.
Әлеуметтік белсенділігі бар тұлға болып жатқан жағдайды түбегейлі
шектемейді, бірақ сын сарабына салады. Елде, әлемде болған жағдайларға өз
бетінше баға беріп, өмірді жақсартуға ат салысады.
Енжар ұстаным мәні — жаңалықтан қорқу, өз белсенділігінен қашу,
әрқашан қауіпсіздікке бола, бағынышты халде жүру, жауапкершіліктен бас
тарту. Мектеп ықпалы отбасы тәрбиесін реттеп, оның қалыпқа түсуіне
көмектеседі. Қоғамдық белсенділік танытпайтын оқушылар тек үлгерімі мен
жеңіл жұмысты ғана істеуін қадағалайтын отбасылардан шығады.
Әлеуметтік бағдарлы тәрбие істері оқушылардың өмір позициясын
қалыптастыруда қажетті жағдайлар жасайды. Олар арасында берілген
тапсырмалар ойын түрінде емес, нағыз жауапты жұмыс сипатында бала тарапынан
қабылдануы тиіс.
2.5. Этикалық тәрбие істері
Адамгершілік тәрбиесі — бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль
талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі
түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері:
1) ізгілік сана қалыптастыру;
2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту;
3) адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы:
➢ адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен
сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру;
➢ адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру;
➢ тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру;
➢ адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен
адамгершілік әдеттерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz